Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары

Вид материалаДокументы

Содержание


Список литературы
Ертегі—баланың ең жақын досы
К¤ркем проза аудармасындаѓы ырѓаќ
Білім ж‡йесін аќпараттандырудыњ ¤зекті мєселелері
Подобный материал:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Александрова Ю.В. Смысл жизни и потенциал нравственно-психологического развития личности // Психологические, философские и религиозные аспекты смысла жизни (Матер.III-V симпозиумов). М., 2001.
  2. Франкл В. Человек в поисках смысла. М.: Прогресс, 1990.
  3. Чудновский В.Э. К проблеме адекватности смысла жизни // Мир психологии, 1999. №2.



СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВ ЕРТЕГІЛЕРІНІЊ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫЊ ЌАЛЫПТАСУЫНА ЫЌПАЛЫ


Болатбекова Н.Ж. “Көкше”

университетінің аға оқытушысы


Ертегі—баланың ең жақын досы



Сейтен ата ертегілерінің тақырыбы—туысқандық, бауырмалдық, мейірімділік туған еліне жеріне деген адалдық, жақсылыққа жақсылық, жануарларға деген аяушылық. Ертегілерінің мазмұны және мәтіні жағынан тартымды, тілі орамды. Ол кісінің ертегілеріне психологиялық-педагогикалық тұрғыдан көз салмай тұрып, ең алдымен “ертегі сөзінің мағынасына, шығу тарихына көз жіберсек.

Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрінің бірі-ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ертегінің шығуы ХІХ ғ/ң ІІ-нші жартысынан басталады. Ғажайып қал, қиял әңгімелері орасан зор уақиғалы қызық әңгімелер, салт тарихпен байланысты оқшау әңгімелер, бәрі де ертегінің түрлері.

“Ертегі деген аты ертедегі, ертеде ерте күндегі деген сөзден туған. Содан ертедегі, ертеде ерте күн дегі деген сөден туған. Содан ертегі айтушыны дегі деген сөзден туған. Содан ертегі айтушынын “ертекші”-дейді. Аталарымыз бен әжелеріміз немерлеріне ертегілерін былай деп бастайтын: “Ертеде бір бай болыпты, ертеде кемпір мен шал болыпты”, деп немесе “ерте-ерте ертеде”—деген сияқты көпке ортақ ерекше, өлеңше бастаумен келеді. Кейде “ертеде үш ағайынды жігіт болыпты”—деген сөздер ертегінің басын бастайды.

Осылайша ертегінің алдында үнемі айтылып отыратын дағдылы сөздер ертегінің жолын ашады, жөнін аңғартады. Ертегі, өзге сөзден бөлек, өзіне тән айшығы, өрнегі бар. Бұндағы мақсат, балалар соны аңғарсын да тыңдар ертегісінің ерекшелігіне бейімделе берсін демен. Ертегіні жұрт қолы боста, қыстың ұзақ кештерінде айтқыш, тыңдағыш болады. Бірақ, бұған қарап “ертегі” еріккеннің ермегі деп ойламау керек. Ертегі де фольклордың ішіндегі қоғамдық тәрбиелік маңызы зор халық шығармасы.

Қазақ ертегітану ғылымының тарихы 20-ншы жылдардан бастап ертегілерді жинап, оларға анықтама беріп, жарыққа шығару ісін бастады. Ертегі үлгілерін жинаушы, халыққа танытушы, фольклор ғылымын зерттеуші--Әубәкір Диваев (1832—1956) болды. Өзінің жиған ертегілерін “Этнографиялық материалдар” деген атпен шығарды.

Сонымен бірге ертегілерді алғаш топтастыруда еңбек сіңірген ғалымдарымыздың бірі—М.О. Әуезов.

Ертегі—ауыз әдебиетінің асыл мұраларының пікірлерін тыңдайтын болсақ, - ертегінің бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды орын алатынын байқаймыз.

Ұлы кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаевтан бастайтын болсақ, ол кісі бала тәрбиесінде—ауыз әдебиетінің маңызды орын алатынын айтады. “Әне оны берем, міне мұны берем деп бастап балаңды алдағыныңа мәз боласың, соңыра балаң-алдамшы болса кімнен көресің? “Боқта” – деп біреуді боқтатып “Кәпір қияңқы осыған тимесеңші”—деп оны масаттандырып, “пәленшенің баласы сенің сыртыњнан сатып кетеді”—деп тірі жанға сендірмегі жат мінез қыласың”—деп теріс тәрбие берген ата-аналарды сынға алып, былай дейді:

“Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім, қандай адам баласы болсын, ол кішкене күнінде ауыз әдебиетімен сусындаса, онда ол адам өз тілін, елін, жерін сүйеді”.

Кемеңгер ойшылдарымыздың—бірі—Шоқан Уәлиханов өзінің. Ұлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары”, “Шамандықтың қазақтағы аңыз-әңгіме, ертегілер құрымысы мен мазмұнына, шығу тарихына тоқталып, ғылыми мағлұмат берді. Ол “Халықтың ақыл-ойынан және қалың бұқараның сана сезімі, өмірі мен алға басуы негізінде туған бұл шығармалар ауызша айтылу түрінде бірден-бірге, содан бүкіл халыққа жетті. Онда халықтың мәдени рухы, қөзқарасы, әдеті, мінез-құлқы, тұрмыс тіршілігі суреттелген. Сондықтан да ауыз әдебиеті жырларының тарихи, тәрбиелін жағынан да маңызы зор.

Балалар әдебиетінің негізін салушы—Ыбырай Алтынсарин. Ол “Бағып-қағуда үлкен мән бар. Бала тәрбиесі жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға сіңеді”. Ол өзінің “Қырғыз хрестоматиясы” еңбегіне ертегілер жинағын енгізді.

Ұлы жазушымыз М.О. Әуезов ертегі туралы былай деп сыр толғайды: “Табиғатты баурап, танып алғанша адам қиял мен танып, меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ол ертегі, аңыз, әңгіме түрінде туып таралған… Ертегілерде қоғамдық тартыс та, күштілердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық зомбылығы және халықтың арман, әділет туралы ұғым нанымы түгел жинақталған.

“Гректер атақты храмдарын, египеттер пирамидаларын, қытайлар фарфор бұйымдары мен мәрмәрларын, италиядықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, француздар сурет өнерін үміт етсе, көшпелі қазақ елі аса бай--өлең жыр мұрасын қалдырады”.

Қазақ халқы ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, өсиет-бата, нақыл-сөз, ертегілер арқылы бере білген. Олар өздерін қоршаған табиғат құбылысын өмірлік тәжірибеден тұсініп, жолсыз жерлерде жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жөн тапқан. Әрбір бала кеш бата әжесінің алдына отырып, ұйып ертегі тыңдаған. Әжелерінің ертегілерін бала жастайынан ести келе бойына жақсы қасеттер сіңіре білген. Олардың жастайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны тегбатын ізшіл әрі мерген болған. Оқу болмаса да жастайынан әжелерінің ертегілерін бойына сіңірген балалардың есте сақтау қабілеттері өте жақсы болған. Сондықтан да олар ұзақ-ұзақ өлең жолдарын, батырлар жырларын, қиссаларды, небір аңыз әңгімелерді жатқа айтатын болған. Расында бұны бізге өмір тәжірибесі көрсетуде.

Сейтен ата ертегілері де--өмір шындығын баяндайтын көркем шығарма. Мысалы “Қара қауырсын және асыл қасиет”—ертегісінде Сәуір-деген батыр арқылы-балаларды табиғат тамашасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тобан аяқ, шолақ қол қарттың әңгімесі арқылы-қандай қиыншылықты бастан кешсе де адамгершілік қасиеттен арылмауды жеткізген. Ертегі соңында Сәуір батыр меніңше адамгершіліктен асқан асыл қасиет жоқ!—деп қорытындылайды. Ертедегі адамгершілік бейнесіндегі тобан аяқ, шолақ қол қарт-кейіпкер-балаларды қайырымды, ақылды, қиындықта оңай жол тауып кететін, ақкөніл, ержүрек кейіпкерге еліктеу--әрбір баланың ойында. Олар осы ертегілердегідей ғажайып кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Ертегілері балалар үшін өте нанымды. Олар ертегіні ұйып тыңдайды. Себебі, айтылатын оқиға қызық, ойды бірден жетектеп жетеді, қиялын ұштайды.

-Баяғы ерте заманда бір шал мен кемпір болыпты, олардың жалғыз баласы болыпты. Осы бір сиқырлы сөздерді бастауы мұң екен, балалар айқай-шулы ойынын доғарып, әлденеге өкпелі бала жылдауын қоя қояды. Сөйтіп ертегі басталып та кетеді. Түрлі-түсті әсем ойыншықтар күңгірттеніп, еденге шашылған екінші кезекке ысырылады да, бөлменің іші сиқырлы әлемге айналғандай болады.

Ертегі-әрқашан да біздің балаларымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып бір сыйлық, ал ата-аналар, үлкендер, ұстаздар, тәрбиешілер үшін аса қажетті педагогтық көмекші құрал болып табылады. Бала әрқашанда өзіне ұнаған ертегілерін ешқашан ұмытпайды, өзінің ең сенімді досындай-ақ есінде сақтайды. Байқап көріңіздерші! Бала әріп танымайтын кездің өзінде-ақ кітап бетін аударыстырып, суреттерді қарап, ондағы өзінің сүйікті кейіпкерлерінің суретін тауып алып, солармен сөйлескендей күбірлеп, олардың ертегідегі істеген кейбір қимылдарын еске түсіріп, өзінің сүйікті кейіпкерімен тілдесіп, сонымен сөйлескендей болып отырады ғой. Бала үшін өзінің ертедегі сүйікті кейіпкері дүниеде бар сияқты, әйтеуір бір күндердің-бір күнінде келетіндей, кездесетіндей болып көрінеді. Баланың бұл ұшқыр қиялы-ертегідегі өзінің сүйікті кейіпкеріне деген бір ыстық сүйіспеншіліктен туған ойы - қиялы.

Сейтен ата ертегілерінің басымы-балалардың жақсы көретін үй жанауарлары мысық, ит, құстар, орман ањдары кейіпкерлерінде болып келеді. Мысалы “Тік мұрт Раббік”, “Қарға қалай ала болған?”, “Жылан мен сүлік”, “Қасқыр соққан маймыл”, “Қораз бен түлкі”, “Қомағай қасқыр”.

Балалар әуесқой, бірақ олар ертегілердегі түрлі жауыздарға ұқсағысы келмейді. Ата-ана балаларға әрқашан: Қозғама! “Болмайды”-деп тыйым салып жатады. Соњын айқаймен бітіреді. Ата-ана баламен мұндай қаталдыққа асықпауы керек. Әрбір ескертуді, әсіресе ызалы ескертпені естігенде бала ащы дәрі жұтқандай тітіркенеді. Бұл баланың келешегіне зиянын тигізетін жарамсыз әсерден басқа ешбір педагогикалық пайда жоқ. Мұндай қатал ескертпелерді бала-бақшадағы тәрбиешілер де, жанұядағы ересектер де көбірек қолданады. Балаларға әсер етудің тиімді әдістерінің бірі-баланы еліктіре отырып ертегі оқып беру. Сейтен атаның “Ақ көңіл мен ақ марал”—ертегісінде Ақкөңіл дейтін кедей шаруа кейіпкері арқылы мейірімділік, қайырымдылықты бейнелесе ал Сараң бай арқылы дүниеқоңыздық, өтірін алдау сияқты жарамсыз қасиеттерді баланың көз алдына елестете сипаттайды. Бұл арқылы балалардың мінез-құлық негіздері туралы ойлануға, өз әрекеттеріне баға бере білуге үйретеді: Сейтен ата ертегілерінің тақырыбы баланың қызығушылығын оятады, баланың жасы, неге көбірек көңіл бөлетіні, оның мінез-құлқындағы ерекшеліктері еске алынған. “Қосбармақ” ертегісі арқылы ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін көрсетеді: “Қыран құс құндақта жатқан баланы көтеріп әкетіпті: -Құлыным, Қосбармағым!—жүректері өртеніп, көздің жасы көл болып қала беріпті”.

Бала неғұрлым кішкентай болса, ата-аналарының өнегелі сезімін, мінезіндегі әдеттердің тұрақтылығын қалыптастыруына мүмкіндігі мол болады. Адамның бала күнінде естіген, оқығанынан алған әсері көп жағдайда, оның ойында өмір бойы қалып қояды. Қорыта келе, бала психологиясының дамып жетілуінде және тәрбие беруде—Сейтен ата ертегілерінің алатын орны ерекше.

Бүгінгі заман баласына үлкенді сыйлау, кішіне құрметтей білу, мейірімділікті сіңіре білуде ертегінің әсері өте зор.

Болашақ ұрпаққа тәрбие беруде ертегі арқылы көптеген мәселелерді талдап, ұсынуға болады. Мысалы, Сейтен ата ертегілерін түрлі-түсті суреттер арқылы көркемдей отырып жарыққа шығару.


Қолданылған әдебиеттер:
  1. С. Сауытбеков “Ақазу арлан”

Көкшетау 2003.
  1. С. Сауытбеков “Тағылым тегі”

Көкшетау 2003.
  1. С. Сауытбеков “Поэмалар, өсиеттер”

Көкшетау 2003.
  1. Қазақтың тәрбиелін ой-пікір антологиясы”

І-том Алматы Рауан 1994.
  1. Қ. Жарықбаев. С. Қалиев. Қазақ-тәлім тәрбиесі”

Алматы санат-1993.
  1. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі

көрінісі Алматы-1997.
  1. “Бес ғасыр жырлайды” Алматы “Жазушы” 1985.



К¤РКЕМ ПРОЗА АУДАРМАСЫНДАЃЫ ЫРЃАЌ


А.Әбілов.,- филология ғылымдарының кандидаты,

доцент, Қызылорда


Қыры мен сыры көп күрделі көркемсөз өнерінде бірімен бірі сабақтас, бірімен бірі байланысты толып жатқан көкейтесті проблемалар бар екені және солардың бірі – сөз өнеріндегі ырғақ, ырғақ болғанда поэзиядағы ырғақ емес, қара сөзбен жырланған көркем шындықтағы – прозадағы ырғақ екені белгілі. Қазақ әдебиеттану және тілтану ғылымдарында поэзиядағы ырғақ мәселесі біршама зерттелгенмен, көркем прозадағы ырғақ мәселесіне қатысты зерттеу еңбектер жоқ деуімізге де болады.

Көркем шығармада жазушының қолданған әдіс-тәсілдері оның стильдік ерекшелігімен, стильдік қолтаңбасымен тұтаса, ой мен сезімнің жарасымдылығын таныта шығарманың идеялық, көрекмдік сапасын мазмұн мен пішін бірлігінде анықтайды десек, осы эстетикалық критерий талабына жауап беруде, яғни шығарманың эстетикалық сипат алуында ырғақ та аз роль атқармайды. Осыған орай ең алдымен «ырғақ» - дегенді анықтап алуға тура келеді.

Ырғақ мәселесіне қатысты қазақ филологиясында тек поэзиялық шығармалар төңірегінде пікірлер болып, прозаға қатысты әңгіме айтылмауы да «қазақ прозасында ырғақ жоқ па, бар болса қарастырылмауына не себеп» деген сауалдарды күн тәртібіне қояры анық. Қазақ көркем аудармасы мәселелеріне де қатысты «түпнұсқа ырғағы сақталған» немесе «ырғақ сақталмаған» деген сияқты пікірлер айтылғанмен, сол «ырғақ» дегенді қалай анықтаймыз, ол қалай сақталуы керек, ырғақтың бұзылу себебі неде – деген сұрақтарға жауап ала алмаймыз. Сондықтан мәселені жан-жақты қарауға тура келеді.

Ырғақ деген не ? Ырғақ, яки ритм – қимылдың, құбылыстың, үннің, жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес,- дейді З.Қабдолов – табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе, мезгілімен келіп, мерзімінен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы,- Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы... – бәрі ырғақ. Ырғақ өнерге де қатысты дейтін болсақ, сонымен қатар, көркемөнердегі жаратылыс – қашан да көңіл-күй қатынасымен ғана жүзеге асатын бейнелі, образды, эмоциональды ұғымдар қорытпасы болса, онда көркем проза ырғақтан тыс бола ма? Әрине, жоқ.

Өлеңнің әр сөзі – ырғақты сөз. Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену – бәрі ырғаққа байланысты. Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешелігі де ырғақта жатыр.

Көркем әдебиеттің тілі екі түрлі жүйеде: не көркем қара сөз – проза, не өлең – поэзия түрінде жазылатындығы ықылым заманнан белгілі жәйт. Екі үлгінің араласып келетін тұстары да бар болғанмен, бұған дау тумасы анық және сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешелігі – ырғақта екендігі, ырғақ - өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты екендігі де ақиқат.

Шещендік сөздерді, жұмбақтарды, мақал мен мәтелдерді поэзияға тән деп кім-кімнің де айта алмасы ақиқат және бұл байланыстың, бұд жалғастықтың да арқауы ырғақ екені анық. Проза ырғағы өз алдына томаға-тұйық, жеке тұратын құбылыс емес, керісінше, өмір шындығының көркем бейнелеуінде тілдік-көркемдік құрылымның тұтаса жарасымдылық табуы процесімен бірлікте қарастырылады. Сонымен қатар, көркем проза ырғағының аясында сөздердің мағыналық тобы – синтагманың ролі айқын сезіледі және поэзиядағыдай анық көрініп тұрған ұйқас та, шумақ та, тармақ та болмағанмен, олардың өзгерісті түрдегі белгілері, ұшқындары ұшырасып отырады.

Бұлай болуының себебі де ұйқасты, шумақ пен тармақты өлеңге айналдыратын негізгі қуат – ырғаққа байланысты екені анық. Егер ырғақты жалпы алғанда тең өлшемдер бітімдерінің заңды түрдегі қайталамасы дейтін болсақ, ол поэзиядағыдай айқын да анық көрінбесе де, прозада аралық толастардың (пауза) және мағыналық бітімдердің артық-кем кезектесуінде ырғақ барлығы байқалады.

Бұл ырғақтардың байқалуы – оқырман сезіміне тікелей қатысты. Сондай-ақ, шығарма желісінде автордың не айтқысы келгеніне орай іс-әрекет пен қозғалыстың, бояу, айшықтың, фразалар үні мен ой екпінінің лезде өзгеруіне қатысты проза ырғағы да тез өзгергіш. Міне, бұл жәттер оның нәзік қырларының мол екенін аңғартады. Оның сюжет пен композицияға қатыстылығы, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, абзацтың, бөлімнің өзіндік ырғақтары барлығы, автор тілі мен кейіпкерлер тілі ырғақтарының бөлектігі, образдар ырғағы мен пейзажға қатысты ырғақтардың болуы, тіпті дыбыстардың да ырғақ туғызуға әсері болуы, көркем прозадағы ырғақтың күрделілігін көрсетсе, аллитерация, ішкі ұйқас, ой екпіні, ассонанс, инверсия, сөздер қайталамалылығы мен қосарламалылығы, одағайлар, қыстырмалар мен қаратпа сөздердің, парцелляциялық прозалық шығармада ырғаққа қатыстылығы оның сан қырлылығын көрсетеді.

Проза ырғағы поэзиядағыдай біркелкі тең бітімдердің заңды түрдегі қайталамасы арқылы емес, мағыналық екпіндердің қайталамасы арқылы, үн екпіндерінің дәйектілікпен жоғарлатылуы не төмендетілуі арқылы, сөйлемдердің өлшемдестік құрылымы – синтагмалардың орналастырылуы арқылы және осыдан бұрын ырғақтың көп қырлылығына байланысты біз атап өткен жағдайларға қатысты жасалады.

Проза ырғағындағы осы нәзіктік пен күрделілік, маңыздылық пен сан қырлылық тұтаса келіп, автордың негізгі ойы мен өзі суреттегелі отырған өмір құбылысына берген бағасына ой өзегі – идеясына келіп тіреледі.

Жоғарыда айтылған жәйттер проза ырғағының бір жағынан тілдік материалды ұйымдастырудың белгілі бір формасы болумен қатар, екінші жағынан эстетикалық қызмет атқаратын сапа екендігін де көрсетеді. Қорыта айтар болсақ, көркем прозадағы ырғақ – шығарманың тілдік-көркемдік құрылымының үндестігі, оның тыныс-тіршілігінің қан айналысы, жүрек соғысы, өмір бейнесінің көркем шындыққа айналуындағы ерекшеліктердің түпкі қазығы, көркем шығарма эстетикалық сапасының өзегі.

Ырғаққа қатысты, ырғақ аясында зерттелуі тиіс жекелеген жәйттер сөз болды, бірақ олар мазмұн мен пішін бірлігіне, сюжет пен композицияға, көркем шығарманың тіліне байланысты жалпылай қарастырылды. Стиль төңірегінде жазушының ерекшелігіне, сөйлем құрылысына байланысты жәйттер, әдіс-тәсілдер әңгіме болды да, суреткердің сөйлемдегі әлгідей құруының негізі, жазушы ойының, сөз бен сөз тіркестерінің, сөйлемдері мен бөлімдерінің, абзацтары мен тарауларының ырғақтары, олардың арасындағы ырғақтық байланыс, прозадағы үн мен ой екпіні және ырғақтың тұтасып, көркемдік арқау деңгейіне көтерілуі терең талданбады.

Сол себепті, біздің көркем прозадағы ырғақ мәселесіне жалпы түрде болса да тоқталып өтцімізге тура келді. Ал, бұл мәселе көркем аудармаға қатысты бұрынғыдан да күрделілене түседі, өткені аударма өнеріндегі ырғақ мәселесі әдеттегідей бір қаламгердің шығармашылық ерекшелігіне тән, бір ұлт тіліндегі бір көркем шығармаға байланысты ғана емес, екі ұлт тіліне, шығарманың екі нұсқасына, екі қаламгер ерекшеліктеріне байланысты зерттелуі, яғни ырғақтар үндестігі зерттелуі қажет.

Ырғақтар үндестігі – жазушы мен тәржімашы шығармашылық даралықтарына, олардың стильдік ерекшеліктеріне тікелей қатысты, сондықтан кейбір жәйттер алдыңғы бөлімдерде әңгіме де етіледі. М.М.Гиршманның ырғаққа байланысты әр тілдің өзіндік ерекшеліктері бар деген жоғарыда айтылған пікіріне қосыла отырып, бұл бөлімде, табиғаты бөлек екі тілдегі ырғақтардың көркем прозадағы көрінісіне, қазақшаға аудару кезінде орысша нұсқа ырғағының сақталуы мәселелеріне назар аудармақпыз, тілдің грамматикалық құрылымының ұлт тілдеріндегі әр түрлілігі аударма жағдайында прозадағы ырғақ пен интонацияның түрлілігіне әкелетіндігін ескере отырып, аударма нұсқа ырғағының түпнұсқа ырғағымен үндесуін қарастырмақпыз.

Бұл орайда аудармашы Ә.Жұмабаев қазақшалаған шығармаларды түпнұсқаларымен салыстыру – аудармашы жетістігі мен олқылықтарының сыр себебін ашпақ, біздің пікір қорытып, ой түюімізге негіз болмақ.
  • Подумав, он продолжал так:

Не знаю, сколько пройдет лет, только в Каперне расцветет одна сказка, памятная надолго. Ты будешь большой, Ассоль. Однажды утром в морской даль под солнцем сверкнет алый парус. Сияющая громада алых парусов белого корабля двинется, рассекая волны, прямо к тебе. Тихо будет плыть этот чудесный корабль, без криков и выстрелов; на берегу много соберется народу, удивляясь и ахая; и ты будешь стоят там. Корабль подойдет величественно к самому берегу под звуки прекрасной музыки; нарядная, в коврах, в золоте и цветах, поплывет от него быстрая лодка.

- Енді неше жылдан кейін болатынын білмеймін, бірақ Капернеде кереметтей бір аңыз туады, оны жұрт ұзақ жылдар жыр ғып айтады әлі. Сен ол кезде бой жетесің, Ассоль. Бір күні ертеңгілік алыстан, шалқар теңіз төсінен күн нұрына малынған алқызыл желен көрінеді. Ақ кеменің алқызыл желкендері алаулап ерке толқынды тіле тура саған қарай беттейді. Бұ ғажайып кеме қару кезеп, қаһар төкпей, у-шусыз жәйімен жүзіп келе жатады. Теңіз жағасы таңдай қағып, таңырқасқан халыққа толып кетеді, солардың ішінде сен де жүрсің. Тамылжыған ғажайып бір күй ойнаған кеме кереметтей сән-салтанатпен жиекке жақындап келіп тоқтайды, сосын одан түрлі-түсті кілемдер мен алтындатқан асыл жиһазға малынған гүл жасаулы қайық бөлініп шығады.

Үзінді аудармасы біршама деңгейде сәтті шыққан, тәржімашының тіл байлығы да, сөз кестесі де мол екенін көреміз. «Әрі жатық, әрі сырлы, әрі сырмінез сөйлем»- дейді осы үзіндінің аудармасы жөнінде Т.Жұртбаев.

Қазақша нұсқа сөйлемдерінің сырлылығына, жатықтығына ешкімнің шүбә келтірмесі белгілі, алайда сөйлемдердегі ой епкіндерін, паузаларды (кідіріс, толастар), сөйлемдер өлшемдестігін, синтагмаларды салыстыра көрсек, кейбір олқы тұстар да байқалады. Бірді-екілі синтагмалық ауытқу болмаса, жалпы алғанда синтагмалар сөйлемде көп ретте сай түсіп жатады. Алдайда, ой екпіндері мен сөйлем өлшемдестігінің бөлектігі ырғаққа да әсер еткен.

Бұл пікірлердің қай-қайсысы да көкейге қонады десек те, ойлануды қажет ететін тұстары да бар. Егер ырғақты тек үзіндіге қатысты қарастырып, сөйлем, сөз тіркесі, сөз, дыбыс тұрғысындағы мәселелер назардан тыс қалса, немесе ырғақты сөз тіркестер ұзынды-қысқалығымен байланыстыра қарасақ біржақтылыққа ұрынар едік, ал егер сөздік компоненттердің симметриялы түрде орналасуы жетекші орынға шықса, онда схематизмге жол ашуымыз да мүмкін. Міне сондықтан жоғарыда айтылған жәйттердің тілдің синтаксистік құрылымы жағдайында ой, интонация және ырғақтың байланыстылығы тұрғысынан тұтаса қарастырылуы дұрыс жол болмақ. Сонымен қатар бұл байланыс, осы тұтастық шығармадағы көркем шындық пен бейнелеудің, ұғынудың, яғни мағынасына бойлаудың және өмір шындығына авторлық бағаның мағыналық бірлігі – мазмұнмен байланысты ізделінуі тиіс.


Әдебиеттер:

Қабдолов З.,- Сөз өнері, А, Мектеп, 1976, 374 бет

Қаратаев М.,- Әдебиет және эстетика, А, Жазушы, 1970, 351 бет

Жұртбаев Т.,- Көркем аударма, А, Жазушы, 1986, 170 бет

Гришман М.,- Ритм художественной прозы, М, Сов. Писатель, 1987, 362 стр.

Бельгер Г.,- Гете мен Абай.,- А. Жалын, 1989, 104 бет


БІЛІМ Ж‡ЙЕСІН АЌПАРАТТАНДЫРУДЫЊ ¤ЗЕКТІ МЄСЕЛЕЛЕРІ


Жиенбаева Б.С.,- ғылыми-ізденуші, Көкшетау


«¦лттыќ бєсекелестік ќабілеті бірінші кезекте оныњ білімділік дењгейімен айќындалады.

...єлемдік білім кењістігіне толыѓымен кірігу ... он екі жылдыќ білім беруге кµшу ќажет...

...м±ѓалімдердіњ біліктілігін неѓ±рлым сапалы дењгейге кµтеру ќажет...»