Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары
Вид материала | Документы |
СодержаниеСейтен сауытбеков жєне халыќ педагогикасы |
- С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат, 6313.58kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Э40 дамуы": халықаралық ғылыми-практикалық конференция = "Современные проблемы экологии, 289.52kb.
- Программа международной научно-практической конференции «независимости казахстана, 406.39kb.
- Iii халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы, Павлодар, 412.06kb.
- «Болашақ» халықаралық стипендиясына ғылыми тағлымдамадан өтетін үміткерлер тапсыратын, 92.29kb.
- А. А. Аскаров Жетекші ұйым: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды, 1312.01kb.
- А. А. Аскаров Жетекші ұйым: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды, 1211.8kb.
СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВ ЖЄНЕ ХАЛЫЌ ПЕДАГОГИКАСЫ
Жұмажанова З.Ә.,- Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл кентінің мектеп-гимназия мұғалімі
Қазақ халқының тәлім-тәрбиесінің түп-төркіні халық педагогикасы. Ол сан ғасырлардан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан тәрбиенің жинақталған тәжірибесі. Халық тәжірибесін жинақтап, өмірде қолдануда ұстаз-жазушы Сейтен Сауытбековтың өмір жолы, еңбектері кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Оның еңбектерін іңгәлаған баладан бастап, есейген шақта да, адам өмір бойы тәлім-тәрбие нәрін халықтан алатыны һақ. Адам қоғамы жаратылысынан бастап, жақсы өмір сүруі үшін болашақтан зор үміт күтіп, сол үшін еңбек етіп қиыншылықтармен күресіп келеді. Жақсы өмір сүру үшін қазақ баланы еңбек етуге тәрбиелеген.
Тәрбие жұмыстары кейде нәтижелі, кейде нәтижесіз болады. Сондықтан қоғамдағы ең жоғары сатыда тәрбие тұрады. Тәрбие мәселесімен Абай да, Ыбырай да, Мағжан да және басқа ағартушы азаматтар айналысқан. Бірақ қоғамның әр дәуірінің өзіне тән ұғымы, қасиеті және тәрбиесі болатыны анық. Бала тәрбиесі өмір талабына сай өзгеріп отырады. Негізінен үлгі-өнеге қабылдауға балалық шақ үлкен әсер етеді. Балалар айналасындағы үлкен-кіші, туыстарының, достарының қарым-қатынастарына көздері қанады, керегін өздерінше алады. Осы байқағыш, қабылдағыш қасиеттер негізінен олардың бойында адамгершілік қасиеттер арқылы қаланады. Ал, адамгершілік қасиет – халық тәрбиесінде. Ендеше, баланы нағыз азамат ететін күш осы – халықтық тәрбие.
Балалар бойындағы тежеуге келмейтін қасиет – еліктегіштік. Олар көбінесе үлкендердің ісін, жүріс-тұрысын қайталайды. Мысалы, жаңа жыл кешінде бір қарт ұстаз өзінің туыстарына, көршілердің балаларына шырша орнатып, оларға сыйлықтар алған. Балалар қуанышында шек болмаған. Соңында әр бала өз үлесін ала келгенде, екі сусын, екі нан жетпей қалған. Қарт ұстаз сұрастыра келе оның «иелерін» тапқан. Сөйтсе, үш бала рұқсатсыз сыртқа апарып жеп-ішкен екен. Осы жағымсыз істің сырын ашқанда олар: «тойда үлкен кісілер қораның сыртына апарып ішеді ғой, біз де солар сияқты қызық көріп ішіп-жедік» ,- депті ағынан жарылған балалар.
Қазақ халқында неше түрлі ырым-сырымдар бар. Мысалы, қыз қоштасу ретінде «сыңсу» айтса, үлкендер оған басу айтып, ақыл беріп «жұбату» өлеңін айтқан. Шашу шашылып, ақ тілек айтылған. Ол дәстүр бүгінде өз мәнін жойған емес. «Сыбаға асу деген бар». «Есіңе алсаң ескіден сақта»,-деп сүр етке жас етті қосып асқан. Мүшенің болуы шарт. Әр мүшенің бір дәлелді ырымы бар.
Бірде бір ғалым-ұстаз қазақ тілінен дәріс беріп тұрғанда, бір студент: «Қазақтар асық жілікті неге құрметтейді»,- деп сұрапты. Сонда ғалым жауапқа 1,5 сағат уақытын жіберген екен. Осыдан-ақ халықтық тәрбиенің маңызы зор екендігін байқауға болады.
Халықтық педагогика өмірден алынады. Өмір –тірек. Тірек біз үшін ауыл адамдары, қарттар, білікті азаматтар. Сондықтан мейірімді аналардан, қайырымды қарттардан ақыл-кеңес алу, тәлім-тәрбие алу еш уақытта өшпейді. Соның бір дәлелі – Шал ақын ауданы, Балуан ауылында өткен «Сейтен тағылымдары» атты семинар.
Мектебімізде «Тағылымды тәрбие» айлығы өткен еді. Онда «Негізгі тағылым – ел үшін емірене еңбек ету өнеге», «Сырласайық, жаным», «Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама» атты мазмұнды іс-шаралар өтті. Халық педагогикасы айдай анық, жұлдыздай жарық ата-бабалар салған ізбен өскелең ұрпақты болашаққа жетелеріне сеніміміз мол.
«Ел ішінде сау келсең, тағылым айтпас ер ме едің
Жол көрсетіп сонда өлсең, арманым бар дер ме едің»,-деп дана Абай тегін айтпаса керек. Әр халықтың тағылымы өзіне асыл мұра екендігін естен шығармай, бала тәрбиесінде қолдануды жетілдіре түссек А.Байтұрсыновтың: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»,- деген сауалына нақты жауап табылары сөзсіз.
Жалпы, Сейтен Сауытбековтың өмір жолы, еңбектері бүгінгі ұрпақ үшін ең маңызды тағылым жолы деп білеміз. Атамыз қазақтың «әке балаға сыншы», «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөздері – осындай ұлағатты істерден бастау алса керек. «Жақсы – жан сүйсіндіреді» деген мақал бар. Жақсы деген сөз – жақсы іс кімнің болсын мерейін өсіреді. Соған жету үшін балалық шақ тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Жас шыбық қалай иілсе, бала тәрбиесін де солай июге болады. Сондықтан болар С.Сауытбековтың: «үйренбесең жасыңда, түк те болмас басыңда» деп, жас кезді нақтылай «атың жақсы болса - дүниенің пырағы, балаң жақсы болса – екі көздің шырағы»деп, бала тәрбиесіне ерекше мән бергеніне көз жеткіземіз.
Халық педагогикасында баланың үлкенін өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы, өнегелі, үлгі болатындай етіп «ағаға – іні қарап өседі», «ағасы бардың жағасы бар», «ағаның үйі ақ жайлау» деген тәлімдік қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбиелегенін білеміз. Қазақ дәстүрі жалпы адам сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын және жол беру, үйге келсе төрге шығару, жөн сұрау, қайырымды болу, сондай-ақ: көп жаса, таудай бол, Алланың нұры жаусын деген сөздермен тілек-ілтипат білдірудің де көп мәні бар.
Халық өлеңдерінде, мақал-мәтелдерінде, жұмбақ-жаңылтпаштарда, жырларда тәрбиенің қамтылмайтыны жоқ. Халық педагогикасының сан қырын ұстаз-жазушы Сейтен Сауытбеков еңбектерінің көмегімен шешуге болады. Сейтен мұраларынан әр оқиғаның, заттың, әр адамның жас ерекшелігіне қарай жақсы-жаман, пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтауға болатын: аңыз әңгіме, ертегі, өсиет-нақылдарын кездестіруге болады. Әділ іс, әділ шешім ғана халық педагогикасына жол ашатынын байқауға болады. Ардагер ұстаздың «Поэмалар, өсиеттер» жинағында, мысалы «ата-анадан басқаның, дүниеден бәрі табылар»,- деуі, әр адам үшін ең қымбаты да, асылы да өз ата-анасы. Сондықтан ата-ананы қадірле деп ақыл қосса, мына бір жерде: «өмір сені білсе де, сен өмірді біліп болмассың», яғни, адамның білгенінен білмейтіні көп, тек талпыну, іздену керек деп үміттендіріп қояды.
Сондай-ақ, бала болса да даналардай ой тастайтын, келешегі зор балаларға сенім арту керектігін мына жолдар арқылы көз жеткізуге болады:
«Адам болар баланың, айтқан сөзі оң болар» десе, ал ізгілікке және кішіпейілділікке тәрбиелеудің бір белгісін: «ұстаз барда тіліңді тый, ұстаз барда қолыңды тый» деп білдірген.
Сейтен Сауытбеков халық тағылымының маңыздылығын тіпті, сәбиге арналған батасында анық көрсетеді. Автор:
«Ары адал жаны жаз – құрбысынан қалмасын
Қаныш пенен Мұқандай – тасқа бассын таңбасын»,- деп қазақ тәрбиесіне тән ардың, адал жанның тазалығына мән бергендігінің өзі өнеге. Сондай-ақ:
«Бала тілін білмеген, ана тілін білмейді
Ана тілін білмеген, дана тілін білмейді» деуі, жас сәби өзін туған анасының тілінде сөйлеуі керек. Ал туған анасы өз ұлтының ана тілінде сөйлемесе, бала қайдан сол ұлттың даналарын біледі деп, өкінішін білдіреді.
Ал мына өлең шумағында екі қарама-қайшы ұғымды салыстыра көрсеткен:
«Білімдімен бір жүрсең, білмегенді білерсің
Ноқайменен бір жүрсең, ұяттан болар үлесің»,- деп білімнің керектігін, оның өмірден өз жолыңды табуға себепкер болатындығын айта келе, балаѓа жаман жолға түсуге жол бермеу керектігін нұсқаған.
«Адам туа жаман емес, жүре жаман болады» деуі, немесе «білмесең де ұқсап бақ» деп, бала өміріне әр адам үлкен үміт артады. Сол үміттің тамыры Сейтен Сауытбековтың еңбектерінде ақыл, кеңес, өсиет, баланың жауапкершілігін нақтылай түсуде тапсырма ретінде жеңіл мазақтамалармен, сұрақ-жауаптармен берілуі – халық тағылымының бала тәрбиесінде маңызы зор екенін айқындайды. Ұлттық салт-дәстүрлер де халық педагогикасының негізін құрайды. Оның жақсы жақтарының өзін бір жақты алмауымыз қажет. Мысалы, киіз үйді баспана дейміз, көшіп қонуға ыңғайлы дейміз, сонымен бірге архитектуралық мұра деп білуіміз керек. Өткені, оның әр бөлігі бір жақсылықты, бір ырымды білдіреді деп санаймыз.