Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество
Вид материала | Обзор |
Инвестиции, кредиты Экология и охрана окружающей среды Елімізге капитал тартудың жаңа мүмкіндігі |
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 273.32kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 267.63kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 254.89kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 241.9kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 282.7kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 237.41kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 311.39kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 1405.65kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 107.83kb.
- Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество, 1687.97kb.
Инвестиции, кредиты
Инвестиции успешно осваиваются
Звезда Прииртышья (Павлодар): 08.10.2011
Автор: А. СЕЙТАЛИНА.
С начала года отмечаются положительные тенденции в инвестиционной деятельности предприятий Экибастуза. Инвестиции в основной капитал экибастузских предприятий за восемь месяцев превысили прошлогодний показатель в 1,9 раза и составили 41 миллиард тенге, из которых более 20 миллиардов тенге - по проектам, реализуемым в рамках Карты индустриализации.
По словам акима города Александра Вербняка, по программе форсированного индустриально-инновационного развития Казахстана на 2010-2014 годы в регионе реализуется 29 проектов на общую сумму 615 миллиардов тенге. На сегодня завершена реализация девяти проектов, из которых четыре были запущены в этом году. Речь о проектах по производству грузовых вагонов с проектной мощностью до 2500 вагонов в год общей стоимостью 7,6 миллиарда тенге, реализуемых ТОО «Казахстанская вагоностроительная компания», и проектах ТОО «Ангрессор LTD» по восстановлению станции «Погрузочная» и строительству станции «Атыгай», что необходимо для своевременной и качественной отправки и погрузки угля потребителям. Начато строительство третьего энергоблока Экибастузской ГРЭС-2.
Экология и охрана окружающей среды
Неведающие отведали яда
ИнфоЦес (Астана): 07.10.2011
Автор: ДУЛАТ ЖУМАГАЗИН
Завершился республиканский конкурс школьных сочинений «Мир без ядерного оружия».
Проходил он по инициативе Министерства иностранных дел, Министерства образования и науки, Министерства связи и информации РК и Международного антиядерного движения «Невада — Семей». Конкурс был приурочен к 20-летию закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона.
3 октября были подведены его итоги. Выявилась тройка победителей. Это ученица 9-го класса Акмарал Манапова, ученик 11-го класса Динислам Беккалиев и ученица 10-го класса Жайнар Назымкызы. Торжественная церемония награждения победителей состоится 11 октября в преддверии форума за безъядерный мир.
Все участники конкурса очень осознанно подошли к теме и прочувствовали ее. В этом вы и сами сможете убедиться, прочитав фрагмент из сочинения Акмарал Манаповой, занявшей на конкурсе первое место:
«Ядерный взрыв. До чего жутко звучит. Уверена, что каждый второй знает о том, что и выглядит он не менее страшно. На страницах газет об этом пишут много, и еще больше показывают по телевизору. Ну а если представить на минуту это самим, то в сознании возникла бы картина уродливого гриба. Однако если мы можем это только представить, то жители Семея во времена ядерных испытаний не раз видели это своими глазами и даже восхищались невиданной ранее мощью. «Неведающий отведает яда», — сказано не зря. Местным жителям власти объяснили, что это испытания на животных. Однако последствия остались навсегда. Выжженная земля, загубленные посевы и искалеченные люди. Неужели в то время власть имущие мужи смогли промолчать и не просветить простой народ?»
Разное
Елімізге капитал тартудың жаңа мүмкіндігі
Егемен Қазақстан: 08.10.2011
Гонконгтағы инвестициялар жөніндегі бірінші қазақстандық форум табысты өтті
Дағдарыстан кейін жылына 7-8 пайыздық даму деңгейін қайта қалпына келтіріп отырған Қазақстан экономикасы айдан-айға өсе түсуде. Өсімнің осы деңгейін одан әрі тереңдету үшін біздің жас мемлекетімізге көп қаржы қажет болатындығы түсінікті. Сондықтан елімізде инвестициялық саясатқа ерекше мән берілуде. Оның жолдары айқындалып, нығайтылуда.
Қазақстанның ірі компаниялары соңғы жылдардан бері өздеріне тиімді инвестиция тартудың үлкен көзі ретінде дүние жүзінде қаржы капиталы неғұрлым көбірек шоғырланған әлемдік ірі қор биржаларына шыға бастады. Осының сәтті мүмкіндігі ретінде қазақстандық бірқатар ірі компаниялардың Лондон қор биржасына тіркелгендігін айтуға болады.
Алайда мына өзгеріске толы өмірде соңғы жылдар ішінде азиялық қор рыногының жедел даму үстінде екенін байқаймыз. Жуықта ғана Гонконгта өткен «Инвестициялар мен капитал тартудың қазақстандық форумына» қатысу барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжановтың бізге берген шағын сұхбатында атап көрсетілгеніндей, қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, соның ішінде Сингапур мен Қытайдың қор биржаларындағы қаржы көлемі Лондон, Нью-Йорк қор биржаларымен теңесе бастады. Егер үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында шыққан облигациялар мен бағалы қағаздар санының орналасуына назар аударатын болсақ, Шанхай, Гонконг, Сингапур қор биржаларында олардың неғұрлым көбірек шығарылғандығын көруге болады. Әрине, жедел даму үстіндегі Қазақстан компаниялары бұл факторды назардан тысқары қалдыра қоймайтыны анық.
Сөйтіп, осы уақытқа дейін Батыс елдерінен инвестициялар тарту мүмкіндігіне бірінші кезекте назар аударып келген Қазақстан енді Оңтүстік-Шығыс Азияның қор рыноктарына да өз қолын соза түсті. Соның сенімді бір куәсі ретінде жуықта ғана Гонконг қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының қатысуымен өткен жоғарыдағы инвестициялық форумды айтуға болады.
Сөз арасында келтіре кететін бір жәйт, бұл форумның өтуіне Қазақстанның Гонконг пен Макаодағы бас консулы Нұржан Әбдімомынов та өз тарапынан барынша үлес қосқан. Бас консул бұл бағыттағы өзінің жүргізген жұмыстарын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайтындығын бізбен әңгімесінде айтып өткен еді. Ал «Самұрықтың», жалпы Қазақстанның азиялық кеңістіктегі қор рыногы бойынша алғашқы инвестициялық форумын өткізетін орын ретінде дәл осы Гонконгты таңдап алуы бекерден-бекер емес секілді. Бізге келтірген деректер бойынша, Гонконг қор биржасы өзінің көлемі жағынан қазіргі күні әлемде жетінші орында тұрса, Азия құрлығында бірінші орынды иеленеді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы Ұлыбритания секілді еркін рынокты жақтайтын елдің еншісінде болып келген Гонконгта қор биржасының жұмысы неғұрлым демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді деп айтуға болады. Бұл жағдай да Қазақстанның оң жамбасына дөп келіп отыр.
Қазақстан компанияларының Гонконг қор биржасына келуіне бұл елдің іскер топтары да аса ықыласты. Біз мұны форум барысында айқын аңғардық. Осыдан бірқатар жылдар бұрын, яғни тәуелсіздіктің елең-алаң шағында қазақстандық ірі банктердің бірінің басшысы болып жұмыс істеген Берлин Иришевтің айтуы бойынша, Қазақстан мен Гонконг арасында алғашқы келісімге қол қойылған тұста Гонконг үшін Қазақстанның бейтаныстығы сондай, бұл елдің іскерлері Қазақстанның атын қате жазған екен. Ал бұл жолғы басқосу басқа рәуіште өтті. Форум жұмысына Гонконгтың қаржы министрінен бастап қор рыногында қызмет ететін ірі тұлғалар тегіс қатысты деп айтуға болады. Себебі олар Қазақстанның қандай елге айналып келе жатқандығын көріп отыр. Енді бұл жағдайды қор акционерлерінен бастап қарапайым халқына дейін жеткізу қалған секілді. Сол кезде осы қор биржасына алдағы уақытта тіркелуді ниет етіп отырған Қазақстан компанияларының акциялары неғұрлым құнды бағаланатындығы айқын болмақ.
Гонконг жеріндегі алғашқы инвестициялық форумның өтуіне әлемдік банктік және қаржылық қызметтің еуропалық көшбасшысы болып табылатын, әлемдегі аса қуатты 6 банктің қатарына кіретін BNP Paribas (Париба) банкінің мұрындық болғандығын айтуға болады. Бұл банктің штаб-пәтерлері Париж, Лондон, Женева қалаларында орналасқан. Енді Оңтүстік-Шығыс Азияның қор рыногына белсенділікпен шығып отыр. Global Finance журналының қорытындысы бойынша 2010 жылғы әлемдегі ең сенімді деген 20 банктің қатарына кіреді. Міне, осындай әлемдік деңгейдегі ірі қаржы институтының қолдау білдіріп, қызмет етуінен-ақ Қазақстанның әлемдік қаржы рыногында қандай тартымдылыққа ие бола бастағандығын анық байқауға болады.
Осы банктің Азия-Тұнық мұхит елдеріндегі қаржыландыру корпорациясының басшысы Кристиан де Шарне форумдағы беташар сөзінде еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық жетістіктерін жақсылап таныстырды. Қазақстанның Азиядағы стратегиялық орталықтарының біріне айнала бастағандығын айта келе, көне Жібек жолының бойында орналасқан бұл мемлекет бірте-бірте Ресей мен Қытайды, Үндістан, Еуропаны байланыстыратын басты буын болады деген сенімін жеткізді.
Қазақстанның Гонконг пен Макаодағы бас консулы Нұржан Әбдімомынов Қазақстан атынан Гонконг жерінде өтіп отырған осынау алғашқы үлкен бизнестік басқосуға құттықтау сөзін жеткізіп, үстіміздегі жылдың соңында өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетін елде соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық салада үлкен өзгерістер жүріп жатқандығын, бұған ел басшылығының халықаралық деңгейде жүйелі де жан-жақты саясат жүргізуінің нәтижесінде Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстанға 120 миллиард доллар көлемінде шетелдік тікелей инвестицияның тартылуы өз ықпалын тигізгендігін, елдің жағдайының жақсаруына байланысты зейнетақының 4,5 есе, жалақының ондаған есе көтерілгендігін, соңғы жылдардың өзінде Қазақстанға шеттен мыңдаған адамның көшіп келгендігін тілге тиек етті.
Гонконгтың қаржы министрі Джон Тцанг форумға қатысушыларға Қазақстанның қандай ел екендігін, оның экономикалық жетістіктерін әдемілеп жеткізуге тырысты. Екі елдің ара қашықтығы 4 мың шақырымды құрағанымен, сауда-саттықтың жылдан-жылға артып келе жатқандығын, ең бастысы, екі елдің арасында бір-бірімен ынтымақтастыққа деген үлкен мүдденің барлығын атап көрсетті. «Қазақстанның қандай ел екендігін түсінулеріңіз үшін мына бір жәйтті атап көрсетейін. Бұл елдің жер көлемі біздің Гонконгтан 2,5 мың есе артық. Бізде өндіріс жоқ десе де болады, шикізатқа аса зәруміз. Ал бұл елде осының барлығы бар. Экономикасының жылдық дамуы әлем елдері ауыр қаржы дағдарысынан есеңгіреп қалған қазірдің өзінде 7 пайызға көтеріліп отыр», дей келе Гонконгтың өз тарапынан алғанда қаржысы арқылы мықты екендігін, мұнда өткен жылы ғана 17 миллиард доллар кіріс алынғандығын айтып өтті.
Гонконг қор биржасының басшысы Рональде Аркуле өз биржаларында күніне 5 миллиард доллардың сауда-саттығы жасалатындығын, оның сауда ауқымы жылдан-жылға артып келе жатқандығын, осыған орай батыстық компаниялармен қатар, Ресей мен Қазақстанның бұл рынокқа қатысуы пайдалы болып табылатындығын жеткізді. «Былтыр бізге Ресейдің «Русал» компаниясы келіп тіркелді. Қазақстан тарабынан «Қазақмыс» тіркеліп отыр. Біз өз жұмысымызды ағылшын дәстүрі бойынша жүргіземіз. Қытай экономикасы дамыған сайын юань бойынша капиталдың артуы біздің дамуымызға үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр», деді.
Форумға қатысушылар осында қазақстандық іскерлерді бастап келген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжановтың сөзін аса бір ықыласпен тыңдады. Ол өз сөзінде Қазақстан мен оның басты мемлекеттік компаниясы «Самұрық-Қазына» қорының инвестициялар бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын жан-жақты әңгімелей келе, бұл қордың құрамына табиғи ресурстық, энергетикалық және инфрақұрылымдық аса ірі компаниялардың кіретіндігін айтты. Қазақстанда қазіргі күні өнеркәсіптік сектордың, өңдеу саласының дамуына инвестициялық үлкен мүмкіндіктердің тудырылып жатқандығын, елдің ауыл шаруашылығы саласында, оны әртараптандыру бағытында көптеген жұмыстардың жүргізілгендігін, Қазақстанның мұнай, газбен қатар, астық пен мал өнімдеріне бай екендігін, ендігі мақсат оларды өңдеп, экспортқа шығару үшін инвестицияларды молынан тартуға жол ашылғандығын жеткізді. Кезінде Жібек жолы арқылы Қытай мен Батыс аралығында үлкен сауда жолы болған Қазақстанда ол өз тәуелсіздігіне ие болған сәттен бастап ел аумағы арқылы Қытай мен Ресей аралығында экономикалық қарым-қатынасты күшейтуге ықпал ететін үлкен инфрақұрылымдар пайда болу үстінде екендігін, бұл дәліз арқылы Батыс елдеріне шығуға да болатындығын айтып өтті.
«Қазіргі күні Қазақстан экономикасында үлкен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Міне, осы үшін бізге қаржы керек. Осы қаржы арқылы біз өз экономикамыздың әлеуетін одан әрі аша аламыз. Инвесторлар үшін Қазақстанда назар аударатын жәйттер өте көп. Тіпті, басқаны былай қойғанның өзінде, Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың өндірістерін ұйымдастырудан да үлкен пайда табуға болады. Сондықтан бізге қазіргі күні әлемнің көптеген компаниялары назар аударуда және олардың келуіне қолайлы жағдайлар жасалыну үстінде» дей келе, еліміздің заң бойынша берілетін жеңілдіктеріне, басқа да көрсетілетін қолдауларына тоқталып өтті.
Форумда «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін бірқатар компаниялардың басшылары мен өкілдері сөз алды. Солардың бірі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілі Дастан Абдулғапаровтың айтуынша, компанияның акциялары батыстық қор рыногында тіркелген. Ол қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» құрамындағы іргелі компания соңғы жылдардың өзінде мұнай өндіруді 60 пайызға дейін арттыруға қол жеткізе алды. Компанияның акцияларына келетін дивидендтер 2 миллиард долларды құрап отыр. Компания газ өндіру жөнінен Қазақстанда екінші орынға ие. Оның кен орындарындағы барланған газ қорының көлемі 25 жылға еркін жетеді. Компанияның қаржы жағдайы күшті және тұрақты деп есептелінеді. Рыноктағы капиталдану деңгейі 1 баррель – 1 доллар деп есептегенде, 7 миллиард долларды құрайды. Компанияға барлау, өнімді өңдеу жұмыстарымен шұғылдану үшін жаңа инвестициялар қажет
Форумға қатысушылар еліміздің тағы бір іргелі ұлттық компаниясы «КЕGОC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің сөзін ынтамен тыңдады. Еліміздің магистралды электр желілеріне мемлекет атынан иелік етіп келе жатқан бұл компания электр қуатының Қазақстан аумағы арқылы мемлекетаралық және өңіраралық тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Компаниядағы жаңғырту жұмыстары 2000 жылдан бастау алған болатын. Содан бері активтерді жаңарту, қажетті электр қуатын тарату желілерін салу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы мақсатқа халықаралық қаржы институттарынан 1 миллиард доллардан астам инвестиция тартылып отыр. Сонымен қатар «КЕGОC» АҚ қазақстандық электр рыногын реттеудің үкіметтік операторы болып табылатындықтан, оған деген мемлекеттік қолдау да күшті. Мемлекет компанияны қаржыландыру ісіне қатысумен қатар, мемлекеттік кепілдікті беру секілді көмектер көрсетеді.
Форумда Қазақстан жағынан «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры Салтанат Шунаева, «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ атқарушы директоры, Астаналық дербес қызмет көрсету орталығының директоры Салтанат Елшібекова, «Жайық мұнай» компаниясының басшысы Франк Монстрей, SB Capital компаниясының әріптесі Берлин Иришев және басқалар сөз алып, елімізде қажет етілетін инвестициялық көздер мен оның жұмсалу бағыттары жайында әңгіме қозғады.
Жалпы, Гонконг жерінде Қазақстанның бірінші рет өткізіп отырған инвестициялық форумы өте табысты өтті деп айтуға болады. Оған еліміз жағынан барған әр қатысушы өз компаниясына қажетті мәселелер туралы тың идеялар мен пайдалы мәліметтерге ие болды. Мәселен, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы директоры Салтанат Елшібекова форумнан кейінгі бізбен әңгімесінде бұл жиын өзіне форумда сөз сөйлеп, Қазақстандағы зейнетақы қорының жұмыс тәжірибесін ортаға салумен қатар, алдағы уақытта еліміздегі осы жүйені жетілдіруге қатысты бірқатар жаңа істерді назарға алуына мүмкіндік бергендігін атап көрсетті.
– Өздеріңіз білесіздер, соңғы уақыттардан бері әлемдік қаржы жүйесінде жаңа орталықтар пайда болып, олардың жұмысы қайнап жатыр. Гонконг құрамына кіретін ұлы көршіміз Қытай мемлекеті экономикасының көлемі жөнінен әлемде екінші орынға берік табан тіреді және қаржысының молдығы мен капиталдануы жөнінен әлем назарын аударып, Оңтүстік-Шығыс Азияны үлкен инвестициялық көзге айналдырып отыр. Ол өз саясаты бойынша Шанхай, Гонконг, Сингапур қор биржаларының қанат жаюына үлкен ықпал етіп келеді. Қазақстан қалыптасқан тарихи-экономикалық факторлар бойынша өзінің инвестиция тарту саясатында бірінші кезекте Батыс елдеріне үлкен мән берсе, енді Шығыс елдерінің күшеюіне байланысты бұл өңірдегі қор рыноктарына шығу мәселесін ойластыруда. Жалпы, бұл жұмыс бүгінгі күні ғана басталып отыр деуге келмейді. Жұмыс бірте-бірте жүйелі жүріп жатыр. Мәселен, біздің осы Гонконгта инвестициялық форум өткізуіміздің қарсаңында «Самұрық-Қазына» қоры экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырған болатын. Гонконгтағы қор биржасына Қазақстан жағынан бірінші болып «Қазақмыс» АҚ тіркелді. Енді біз осы биржаға «Самұрық-Қазына» қорына қарайтын ұлттық компанияларымызды кіргізу мәселесімен шұғылдану үстіндеміз. Менің ойымша, енді біраз уақыттардан кейін мұндай жұмыстар елімізде жүйелі сипатқа ие болады деп ойлаймын. Әрине, біз бірінші кезекте таяудағы уақыттың ішінде бірқатар ұлттық компаниялардың акцияларын қарапайым халық арасында таратуға бағытталған мемлекеттік маңызды шараны жүзеге асыруға кірісеміз. Мұндағы мақсат ұлттық компаниялардың қолындағы игіліктерге халықтың қолын жеткізу. Дегенмен, халыққа таратылған бағалы қағаздар арқылы компаниялардың серпінді дамуы үшін көп қаржы келе қоймас. Сондықтан мұнан кейінгі уақыттарда дамуға қажетті мол қаржыны тартуда қор биржаларына шығатын боламыз. Біздің бүгінгі сапарымыз осының алдындағы қажетті бір қадам болды. Бұл қадам арқылы біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Гонконг, Сингапур, Шанхай қор биржаларының (олардың өкілдері осы форумға қатысты), сондай-ақ жекелеген инвесторлардың Қазақстанмен жұмыс істеуге мүдделі екендігін байқап қайттық. Сондықтан алдағы уақытта бұл шараның өзіндік нәтижесі зор болады деген сенімдемін, – деді осы форумға қазақстандықтарды бастап келген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов форум соңынан журналистерге берген шағын сұхбатында.
Памяти ликвидаторов
Вечерний Алматы (Алматы): 08.10.2011
Сквер с памятником жертвам ядерных катастроф и аварии на Чернобыльской АЭС открылся в Петропавловске. Из областного бюджета на строительство памятника и благоустройство прилегающего сквера затрачено порядка 9 миллионов тенге. В центре сквера установлена архитектурная композиция, которую венчают парящие журавли, символизирующие души тех, кто пострадал от ядерных катастроф.