Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Вид материала | Документы |
- Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы, 9897.47kb.
- ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы, 326.34kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- 5B042300 «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша қабылдау талаптары, 29.33kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Программа дисциплины ф. 8 Общая физика Разделы «Механика», «Колебания и волны», «Молекулярная, 113.79kb.
- Ылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы, 1195.19kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- 6М010300- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша элективтік модульдер каталогы, 207.15kb.
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сымсыз желілерді ұйымдастыру негіздері
Пәннің коды: SZhYN 4309
Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті
Оқу жылы: 4-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 7
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Мұратова Г. -информатика магистрі, оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерді сымсыз байланысты ұйымдастыру принциптері және сымсыз байланыс технологияларын оқыту (СБ), арналарды бөлу әдістерін көрсету; оптикалық және радиобайланысты қолдана отырып, сигналдарды кеңіту әдістеріне, СБ жүйелерін құрудың техникалық концепцияларына үйрету; спектрі кеңейтілетін жүйелерді, сонымен қатар сымсыз локалдық желілерді құрастыру принциптерін қарастыру.
Деректемелері/Пререквизиттері:
Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін, есептеу жүйелері, желілер және телекоммуникация және схемотехника негіздері пәндерін меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны СБ технологияларының дамуының тенденциялары туралы, арнаның сапалық көрсеткіші, энергетикалық сипаттамалары, жиілік жолағы мен қуатының нәтижелі қолдануының көрсеткіші, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтайтын заңдылықтар туралы ұсынуды білу қажет; сымсыз желілерді ұйымдастыру технологиясы жүйелерді құрудың техникалық концепциясын, радиоарналардың негізгі сипаттамаларды және осы сипаттамаларды анықтау әдістерін, сымсыз желілерді ұйымдастыру технологиясы жүйелерінің энергетикалық сипаттамаларын және желілердің техникалық сипаттамаларын санаудың негізгі әдістерін, сымсыз желілерді ұйымдастыру технологиясы орталықтарының тағайындау мен функционалдық сұлбаларын, желілік басқару жүйесін құру принциптері, көпстанциялық рұқсат ету әдістері мен оның қолдану облысы, сымсыз желілерді ұйымдастыру технологиясы жүйелерінің стандарттарының техникалық сипаттамалары, сигналдарды кеңіту әдістері, спектрі кеңейтілетін жүйенің құрылымдық сұлбасы, арналардың негізгі сипаттамаларынын өлшеу әдістерін, құрал мен жүйелер, сымсыз локалдық жүйелерді құру принциптерін білу қажет; жабдықтардың келесі негізгі энергетикалық сипаттамаларын бағалау және таңдау білу: ұяшық радиусын, қабылдағыштың сезгіштігі және т.б., СБ трассаның нақты сипаттамаларына және арналардың сапасы нормалары туралы, СБ жүйесің стандартына сәйкес жиілікті-жергілікті жобаны құрастыру, СБ желісі сәулетіне сай, жоба барысында кешендік критериялары бойынша оптимизациялау/тиімдендіру.
Ұсынылатын әдебиет:
- Усев Д. Технологии беспроводного доступа. Справочник, 2002г.
- Олифер В. Новые технологии и оборудование IP-сетей, BHV- СПб, 2001г.
- Пролетарский А.В., Баскаков И.В., Чирков Д.Н., Федотов Р.А., Бобков А.В., Платонов В.А. Беспроводные сети Wi-Fi .БИНОМ.
- Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ. 2007г
- Столлингс В. Беспроводные линии связи и сети. М.: Издательский дом "Вильямс", 2003
Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапханақоры
5В010900 – «Математика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В010900 – «Математика» мамандығы бойынша математика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат.
Бағдарламаларға қабылдау жөніндегі талаптар: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.
Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.
5В010900 – «Математика» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы - 129 кредит + 20 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-240 кредит)
Пәннің коды, шифры | Пән атауы | Қазақстандық кредит саны | ECTS бойынша |
| Жалпы білім пәндері –кредит | 33 | 50 |
| Міндетті компонент | 33 | 50 |
КТ 1101 | Қазақстан тарихы | 3 | |
Inf1102 | Информатика | 3 | |
OKN2103 | Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері | 2 | |
Ale1104 | Әлеуметтану | 2 | |
Etd1105 | Экология және тұрақты даму | 2 | |
K(O)t1106 | Орыс тілі | 6 | |
ETN2107 | Экономикалық теория негіздері | 2 | |
Sht2108 | Шетел тілі | 6 | |
KN2109 | Құқық негіздері | 2 | |
Saya1110 | Саясаттану | 2 | |
Fil2111 | Философия | 3 | |
| Базалық пәндер | 64 | 96 |
| Міндетті компонент | 20 | 30 |
РМК1201 | Педагогикалық мамандыққа кіріспе | 1 | |
Ped2202 | Педагогика | 3 | |
Etn2203 | Этнопедагогика | 2 | |
KK (O) 2201 | Кәсіби орыс тілі | 2 | |
PAD1204 | Психология және адамның дамуы | 3 | |
ООТ2205 | Өзін-өзі тану | 2 | |
ZhFMG2206 | Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы | 2 | |
K-bsht3208 | Кәсіби қазақ (орыс) тілі | 2 | |
K-bsht 3202 | Кәсіби бағытталған шетел тілі | 2 | |
MОА 3209 | Математиканы оқыту әдістемесі | 3 | |
| Таңдау компоненті | 44 | 66 |
МТ 1(2)205 | 1. Математикалық талдау | 9 | |
EKSIKBP1(2)201 | 2.Еселі және қисық сызықты интегралдардың қолданылуы бойынша практикум | ||
AST1(2)202 | 1. Алгебра және сандар теориясы | 6 | |
MMKKZN1(2)202 | 2. Мектеп математика курсының қазіргі заман негіздері | ||
Gem3203 | 1.Геометрия | 6 | |
IT3203 | 2.Интегралдық теңдеулер | ||
DT3204 | 1. Дифференциал теңдеулер | 3 | |
MBBAZh3204 | 2.Математикалық білім беруді ақпараттандыру жүйелері. | ||
EZhMM3210 | 1. Экономика мен жаратылыстанудағы математикалық модельдеу. | 3 | |
GTE3210 | 2.Графтар теориясының есептері | ||
MEShP3206 | 1. Математикадан есептер шығару практикумы | 5 | |
AABTO3206 | 2. Алгебра және анализ бастамаларын тереңдетіп оқыту | ||
GS3207 | 1. Геометриялық салулар | 3 | |
SG3207 | 2.Сфералық геометрия | ||
MMKSEE4208 | 1. Мектеп математика курсындағы стандартты емес есептер | 3 | |
FAKP3207 | 2.Функционалдық және абстрактілі кеңістіктер практикумы | ||
ShKMMOOM1209 | 1. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқытудың өзекті мәселелері | 3 | |
MSONTO1209 | 2.Математиканы саралап оқыту негіздерін тереңдетіп оқыту | ||
MOTA3205 | 1.Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі | 3 | |
TTShA3205 | 2.Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістері | ||
| Кәсіби пәндер | 32 | 48 |
| Міндетті компонент | 5 | 8 |
TZhTA3301 | Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі | 3 | |
EM3302 | Элементар математика | 2 | |
| Таңдау компоненті | 27 | 41 |
Fiz2301 | 1. Физика | 3 | |
EShAN2301 | 2.Есептерді шешудің әдістемелік негіздері | ||
ITMS3302 | 1.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика | 3 | |
MPODA3302 | 2. Математикадан пән олимпиадаларына дайындау әдістемесі | ||
MTM4303 | 1.Математика тарихы және методологиясы | 3 | |
MFKEShA4303 | 2.Математикалық физиканың кері есептері шешу әдістері | ||
MLDM4304 | 1.Математикалық логика және дискреттік математика | 3 | |
MMKDE4304 | 2. Мектеп математика курсындағы дәлелдеу есептері | ||
SA3305 | 1.Сандық әдістер | 3 | |
DTDT3305 | 2.Дербес туындылы дифференциал теңдеулер | ||
BSMTK4306 | 1. Бағдарлы сыныптардағы математикадан таңдау курстары | 3 | |
KITMSE4306 | 2. Комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептері | ||
MPB4307 | 1. Математиканың пәнаралық байланыстары | 3 | |
MPB4307 | 2. Математиканың пәнішілік байланыстары | ||
MKTZh4308 | 1. Математикадан кластан тыс жұмыс | 3 | |
DTKEP4308 | 2. Дифференциал теңдеулер курсының есептер практикумы | ||
MMKLK4309 | 1. Мектеп математика курсының логикалық құрылымы | 3 | |
MOIT4309 | 2. Математиканы оқытудағы инновациялық технологиялар | ||
| Жалпы кредит саны | 129 | 194 |
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды - КТ1101
Пәннің типі – жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы – 1-оқу жылы
Оқу семестрі - 1 семестр
Кредиттер саны – 3 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні: Тайман С.Т., т.ғ.к., доцент
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.
Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.
2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.
3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992
5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992
6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993
7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.
9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992
10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990
11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.
12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж
13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г
14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж
15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г
16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).