Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Вид материала | Документы |
- Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы, 9897.47kb.
- ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы, 326.34kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- 5B042300 «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша қабылдау талаптары, 29.33kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Программа дисциплины ф. 8 Общая физика Разделы «Механика», «Колебания и волны», «Молекулярная, 113.79kb.
- Ылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы, 1195.19kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- 6М010300- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша элективтік модульдер каталогы, 207.15kb.
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
Ұсынылатын әдебиет:
- Inside out Grammar companion (Elementary), 2007
- А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005
- К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003
- Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000
- Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000
- Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.
Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.
Бағалау әдісі: Баллдық-рейтинг жүйесі (ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан)..
Оқу тілі: ағылшын тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу-әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері.
Пәннің коды - KN2109
Пәннің типі – базалық, міндетті компонент
Оқу жылы – 2-оқу жылы
Оқу семестрі - 4 семестр
Кредиттер саны – 2 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні - Мурзагулова Б., аға оқытушы
Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;
Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;
Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)
Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория
Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.
Ұсынылатын әдебиет:
- Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
- Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.
- Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
- Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.
- Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,
- Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
- Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
- Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.
- Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.
Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.
Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану.
Пәннің коды - Saya2110
Пәннің типі – базалық, міндетті компонент
Оқу жылы – 2-оқу жылы
Оқу семестрі - 4 семестр
Кредиттер саны – 2 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні - Оспанов Б.Е., оқытушы-магистр.
Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.
2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.
3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.
4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.
6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.
7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия.
Пәннің коды - Fil2111
Пәннің типі – базалық, міндетті компонент
Оқу жылы – 2-оқу жылы
Оқу семестрі - 3 семестр
Кредиттер саны – 3 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні - Оспанов Б., оқытушы-магистр.
Цель курса: Формирование у студентов основ философского мировоззрения, единой картины мира, представлений о месте и роли в нем человека. Осмысление проблем бытия, мышления, познания, происхождения человека, сущности и развития мира как целостного образования. Понимание роли философского знания в самоутверждении человека, определение социальных и этических проблем, связанных с информатизацией и глобализацией современности. Раскрытие смысла свободы и ответственности личности в современном обществе, развитие способности к критической оценке исторических событий и фактов.
Пререквизиты: История Казахстана, политология, культурология, человек и общество
Содержание предмета:
Статус и структура, роль и место философии среди других дисциплин, краткий очерк развития философской мысли в культурно-историческом контексте. Проблема бытия и небытия, основные черты материи, философские проблемы сознания. Проблемы теории диалектики, ее законы и основные категории. Философское понимание познания. Проблемы человека, основные подходы к пониманию сущности человека, понятие личности. Феномен общества, факторы и модели систематизации социального развития. Понятие ценности. Философия культуры, культура в условиях глобализации. Философские перспективы ХХI века.
Список литературы
1. Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. - М.,2006.
2. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия. История философии -Алматы, 2007
3.Габитов Т. Философия. Алматы, - 2005.
4. Кишибеков Д. Философия. Алматы, - 2005
5. Любутин К. Н., Саранчин Ю. К. История западноевропейской философии. Учебное пособие для вузов, 2004.
8.Сегизбаев О.А. Казахская философия XY – начала XX века.- Алматы, 2001.
Электронные учебники
1. Зотов М. Философия.- Алматы, 1999.
2. Канке В.А. Философия.- М.,2001 (Электронная версия учебника).
Методика преподавания: объяснение, беседа, дискуссия, описание, вопрос-ответ, компаративистический, визуальные методы и др.
Форма оценки: буквенно-рейтинговая 100-балльная система, текущий контроль, рубежный контроль, экзамен, итоговая аттестация.
Язык обучения: русский, казахский
Необходимые условия для обучения по специальности: материальная база, книжный фонд, учебные кабинеты, электронные учебные залы и др.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе.
Пәннің коды - PМК1201
Пәннің типі – базалық, міндетті компонент
Курс/пән деңгейі - 1 курс
Оқу жылы – 1-оқу жылы
Оқу семестрі - 1 семестр
Кредиттер саны – 1 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні - Ыдырысов С., аға оқытушы
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): “Педагогикалық мамандыққа кіріспе” пәні педагог мамандығының мәнін, маңызын, заңдылықтары мен қағидаларын көрсете отырып, болашақ мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру, жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.
Деректемелер/пререквизиттері: “Мектепке дейінгі педагогика”, “Мектепке дейінгі педагогика тарихы”, “Педагогикалық шеберлік” пәндерінің байланысында оқытылады. Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында университет қабырғасында оқытылып отырған «Математика», «Психология», және т.б. пәндермен тығыз байланысты.
Курстың/пәннің мазмұны: Мұғалім мамандығына жалпы сипаттама. Педагог кәсібі және оның қоғамдағы орны. Педагогикалық кәсіптің дамуы мен қалыптасуы Педагог әрекет субъектісі ретінде. Тәрбиеші қызметінің педагогикалық құрылысы. Педагогикалық процесс-мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші әрекеті. Педагогтың кәсіптік белгілері: балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі сезіну, байқағыштық, педагогикалық құбылысты дұрыс түсіну, ұжымшылдық, шығармашылық, ашықтық және т.б. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік жағдайы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттер. Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Мұғалімнің жеке басының шығармашылық мүмкіншілігі және психикалық денсаулығы. Педагогикалық қарым –қатынас – шығармашылық ретінде. Педагогикалық маман дайындау жүйесі. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптар. Өз бетімен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу педагог кәсібінің басты құралы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана.- 2003 ж
4. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж
5. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.
7. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж
Сабақ беру әдістері - СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адамның дамуы .
Пәннің коды - Psi1202
Пәннің типі – базалық, міндетті компонент
Оқу жылы – 1-оқу жылы
Оқу семестрі - 2 семестр
Кредиттер саны – 2 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні: Бакенова Г. Ә., оқытушы
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Фундаменталды және психологиялық түсініктердің негізінде адам тұлғасы мен әрекеттеріне тұтас көзқарастарды қалыптастыру. Психикалық процестердің заңдылықтары мен адамның қасиеттері туралы білімдер негізінде жастардың әрекеттері мен мінез-құлықтарына саналы түрде талдау жасай білу дағдыларын дамыту. Адам дамуын психологиялық негіздеу. Бұл курс 1 курста өткізілетін болғандықтан теориялық дайындық талап етілмейді. Тек, кәсіби өзіндік анықталуда мотив, қызығушылық, ниет терең қалыптасуы қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: «Психология және адам дамуы» курсы педагогика және психология мамандығының бірінші курс студенттеріне арналған. Бұл курста студенттер адамды танымдық пен қарым-қатынас және белсенді әрекеттестік субъектісі ретінде психологиялық талдауға үйренеді. Студенттер психология ғылымының негізгі ұғымдарымен және тұжырымдарымен, категорияларымен таныса отырып, даму психологиясының қазіргі таңдағы зерттеулері туралы білімдермен қарулданады.
Ұсынылатын әдебиет:
- Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы.// Жауапты редакторы пс.ғ.к. профессор С.М.Жақыпов. Алматы «Қазақ университетіт», 2007 ж.
- Гальперин П.Я. Введение в психологию.- М., 1996
- Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1996
- Выготский Л.С.. Проблема возраста. Собр. Соч.Т.4, М.1984 ж.
- Возрастная и педагогическая психология // Под. Ред. А.В. Петровского. М.1986
- Возрастная психология // под. ред. Л.Ф. Обуховой. М.1986
- Грэйс Крайг Психология развития. М-С-П-Р-на-Д. 2003
- Мухина В.В.. Возрастная психология. М.1998
- Люблинская А.А.. Детская психология. М.1971
10. Немов Р.С.. Психология. Кн.2 М.1995
- Райс Ф. Психология подрасткового и юношеского возраста. Сп.б.2000
Сабақ беру әдістері: дәстүрлі дәрістік, тренинг сабақтар.
Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математикалық талдау
Пәннің коды - МА 1(2)205
Пәннің типі – базалық, таңдау компоненті
Оқу жылы – 1-оқу жылы
Оқу семестрі - 1-2 семестр
Кредиттер саны – 5 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні: Б.Е.Тұрбаев, ф.-м.ғ.к., доцент
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) – Студенттерді айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен, дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясымен, қатарлар теориясымен таныстыру. Математикалық анализ функциялар теориясының, дифференциалдық теңдеулер теориясының және басқа да пәндерді оқып-үйрену үшін негізгі қызмет атқаратынын түсіндіру.
Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық игеру үшін мектеп курсының «Алгебра», «Геометрия», «Алгебра және анализ бастамалары» пәндерін жақсы меңгерген болуы қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: нақты сандар, сандық тізбектер, бір айнымалыдан тәуелді функциялар, бір айнымалыдан тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеулері, бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулері, көп айнымалыдан тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеуі, қатарлар, көп айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеуі, Фурье қатары.
Ұсынылатын әдебиет
Зорич В.А. Математический анализ, 2 тома, М., «Наука», 1981.
- Ильин В.А., Позняк Э.Г. Основы математического анализа, 2 тома. М., «Наука»,2000 г.
- Кудрявцев Л.Д. Курс математического анализа, 3 тома. М., «Высшая школа», 1988 г.
4. Никольский С.М. Курс дифференциального и интегрального исчисления, 2 тома. М., «Наука».
5. Темиргалиев Н.Т. Математикалық анализ, 3 тома. Алматы, 1984 г.
6. Фихтенгольц Г.М: Курс дифференциального и интегрального исчисления, 3 тома. Изд. «Лань», 1997 г.
7. Демидович Б.П. Сборник задач и упражнений по математическому анализу. М., «Наука», 2002 г.
8. Никольский С.М. Курс математического анализа, М., 2001 г.
Сабақ беру әдістері – дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.
Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі – қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:
Еселі және қисық сызықты интегралдардың қолданылуы бойынша практикум
Пәннің коды - EKSIKBP 1(2)205
Пәннің типі – базалық, таңдау компоненті
Оқу жылы – 1-оқу жылы
Оқу семестрі - 1-2 семестр
Кредиттер саны – 5 кредит
Дәріс берушінің аты-жөні - Тұрбаев Б.Е., ф.-м.ғ.к., доцент
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеу жолдарын үйрету. Олардық геометриялық, физикалық қолданыстарын есептер шығару. Сонымен қатар, студенттердің математикалық анализдің негізгі тарауларын оқып-үйренуіне көмектесу, математикалық әдістерді қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін «Жоғары алгебра», «Геометрия» «Математикалық талдау» пәндерін толық меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: Өлшемді жиын. Жиынның өлшемді болу шарты. Риманның еселік интегралы. Еселік интегралдың бар болуы және оның қасиеттері. Еселік интегралдың қайталама интегралға келтірілуі. n- еселі интегралда айнымалыны ауыстыру әдісі. Қисық сызықты координаталар. Полярлық, сфералық, цилиндрлік координаталар.
Меншіксіз еселік интегралдар. Оң функция үшін меншіксіз еселік интегралдар. Салыстыру әдісі. Абсолютты жинақты меншіксіз интегралдар. Бірінші және екінші түрдегі қисық сызықты интегралдар және оның қасиеттері. Грин формуласы. Интегралдау жолынан тәуелсіз қисық сызықты интегралдар.
Ұсынылатын әдебиет
- Фихтенгольц Г.М. Основы математического анализа. Т. 1, 2, 3. М., Наука, 1967.
- Давыдов Н.А. и т.д. Сборник задач по математическому анализу. М., Просвещение, 1973 г.
- Берман Г. Сборник задач по курсу математического анализа. М., Наука, 1978 г.
- Кудрявцев Л.Д. Курс математического анализа. Т. 1, 2.
- Темірғалиев Н. Математикалық анализ курсы. Т. 1, 2. 3. Ана тілі, Алматы, 1991 ж.
- Ильин В.П., Позняк Э.Г.. Основы математического анализа. Ч. 1.
- Демидович Б.П.. Задачи и упражнения по курсу математического анализа. М., Наука.