Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
Курстың /пәннің/ юниттің атауы
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Бағалау әдісі
Курстың /пәннің/ юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді ) сипаттау.
Бағалау әдісі
3 курс Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Курстың /пәннің/ юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді ) сипаттау.

Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Жер асты суларын іздеу және барлау.

Пәннің коды: ZhASIB 2208

Пәннің типі: базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шонбаева Г.А- т.ғ.к., аға оқытушы, Сұлтанова Г.С.- оқытушы

Курстың мақсаты: Жер асты су кен орындарының теориялық ғылыми негізімен студенттерді таныстыру. Бұл теория, жер асты суларының жіктелуі және оның жалпы пайда болуы, қозғалыс заңдылықтарында, олардың су теңдестігі алмасуында, су қорлары және олардың пайдаланылуы, қорғауы, химиялық құрамымен және жіктелуінің қалыптасуымен негізделген. Жер асты суының пайдалы қазба түріндегі басты ерекшеліктерін бағалау, ауыз суын, техникалық, шипалы, т.б суларды пайдалану үшін жерасты суы кен орындарының негізгі типтерін үйрету,гидрогеологиялық зерттеулердің құрамын, оларды жерасты суының іздеу және барлау сатыларында жүргізуді дәлелдеу, жер асты суының пайдалану қорын бағалаудың негізгі принциптерін білу және осы қорды әртүрлі әдістермен есептеді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: гидрогеология, химия, физика, математика, климатология и метеорология.

Курстың/пәннің мазмұны: Курстың мәнін және зерттеу нышандарын анықтау. Жер асты суының пайдалы қазба-байлық ретіндегі ерекшеліктері. Жер асты суының кен орны туралы ғылыми түсініктеме. Жер асты су кен орындарын типизациялау. Жер асты суының ресурстарын (қорын) жіктеу. Жер асты суының пайдалану қорларын бағалау әдістері. Гидродинамикалық, гидравликалық, баланстық, біріктірілген және сәйкес әдістері. Суармалы жерлер үшін жерасты суының пайдалану қорын ерекшеліктері. Дала жұмыстарының негізгі түрлерін сипаттау және гидрогеологиялық сатыларының жалпы жағдайлары.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Боревский Б.В., Дробноход Н.И., Язвин Л.С. Оценка запасов подземных вод. 2-е изд.-Киров: Высшая школа, 1989.

2.Завалей В.А.Поиск и разведка подземных вод:Учебное пособие – Алматы: Каз.НТУ, 2001. – 165 с.

3. Завалей В.А.Поиск и разведка подземных вод. Учебник – Алматы: КазНТУ, 2002 -259с.

4.Плотников Н.И.Поиск и разведка пресных подземных вод – Москва:Недра, 1985.

5.Башкатов Д.Н и др. Специальные работы при бурении и оборудовании скважин на воду.- Москва, Недра, 1988.

6. Классификация эксплуатационных запасов и прогнозных ресурсов подземных вод.ГКЗ, Алматы, 1997. С.7.

7. «Месторождения подземных вод Казахстана». Справочник Института гидрогеологии и гидрофизики им.У.М.Ахмедсафина. Алматы, 1999. Т. 1,2,3.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Су ресурстары және сумен қамтамасыздануы

Пәннің коды: SRSKE 2204

Пәннің типі: Базалық, таңдау компонент

Оқу жылы: 2 – оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шонбаева Г.А - т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Әлемдегі және республикамыздағы табиғи байлығымыз су қорлары туралы және оны тиімді пайдалану жөнінде түсінік беру, еліміздің су шаруашылық бассейндерінің су қорын анықтау.

Деректемелері/Пререквизиттері: гидравлика, экология, геология және гидрогеология негіздері, геодезия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Су қорлары туралы жалпы түсінік. Әлемдік су қорлары. Қазақстан Республикасының сумен қамтамасыздануы. Қазақстан Республикасының су қоймалары. Тоғандар мен бөгендер туралы мағлұматтар. Көл суы және оның қасиеттері. Қазақстан Республикасының өзендері туралы жалпы мағлұмат.

Су шаруашылық бассейндері бойынша жер беті су қорларының көлемі. Су ресурстарының су шаруашылық бассейндері бойынша таралуы. Қазақстадағы ірі өзендерінің гидрометриялық сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Ә.С. Бейсенова. Экология. Алматы, 2001

2. А.К. Бродский. Краткий курс общей экологии. Санкт-Петербург,1999

3. Қ.Б. Балтаев. Қызылорда облысының табиғаты. Алматы, 2000

4. А. Нұрғызарынов. Арал өңірінің экологиясы. Алматы,1997

5. Ж.Жатқанбаев. Экология терминдернің түсіндірме сөздері. Алматы, 2000

6. Ж. Әділов. Қала және қоршаған орта. Алматы, 1991

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: AutoCAD және Credo негіздері

Пәннің коды: AutoCrN 2207

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3, 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жақапбаева Д.-оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге жрбалау-сызу жұмыстарын автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу.

Деректемелер/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: AutoCAD – кез келген техникалық коструктивті жобалармен және графикалық пакет. AutoCAD-тың көркем графикалық редакторлармен (Мысалы: Photoshop, Pointbrush). айырмашылығы - AutoCAD бейнемен емес, объектінің геометриялық сиптталуымен жұмыс істейді. Бұл жүйе тек шетелдерде ғана емес, біздің елімізде де клмпьютерлік жобалауды болашақта дамытуға жасалған қадамдардың жаңа бағыттарымен таныстырады. . AutoCAD екі өлшемді координаттар жүйесіндегі сызбаларды жасауға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ғылыми техникалық салалардағы конструкцияларды модельдеуге, геометриялық кеңістіктегі модельдер мен масштабталған және символдардан құралған байланыс жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Финкельштейн Э. AutoCAD 2000. Библия пользователя.: Пер. с англ.- М.: Издательский дом “Вильямс”, 2000
  2. Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998
  3. Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD II Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998
  4. Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1999
  5. Чигарев Ю.Н, Мезин.Д.Г Справочник команд AutoCAD LT 2000,Consistent Software 2000

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді ) сипаттау.

Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Пәннің коды: TSSZh 2209

Пәннің типі: базалық, таңдау компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шонбаева Г.А т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарды Қазақстанның су қорларымен, су шаруашылығының негізгі салаларымен және су қорларын кешенді пайдалануымен, ауыз су спасына қойылатын талаптармен таныстыру.Сонымен бірге су сапасын жақсартатын құрылғылармен жете таныстырып, үйрету. Қазіргі су тазарту ғимараттар туралы мағлұматтар негізінде және нақтылы мысалдар арқылы олардың жобалау және есептеу мәселелерін шешу әдістері туралы білім беру болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, су қорларын сақтау және оларды тиімді пайдалану мәселелері қазіргі таңда ең маңызды мәселелерінің бірі.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, география.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстанның су қорлары. Пайдаланатын судың сапасына қойылатын талаптар. Су тазарту ғимараттары. Табиғи суды өңдеудің негізгі және арнайы әдістері. Суды тазарту станциясының негізгі технологиялық схемалары. Суды тазарту станциясының биіктік схемасын құру. Суды тазарту станциясының өнімділігін анықтау. Суды коагуляциялау және реагенттер туралы туралы жалпы мәліметтер. Ауыз судың сапасына қойылатын талаптар. Техникалық судың сапасына қойылатын талаптар. Өндірістік суға қойылатын талаптар. Тазарту қондырғыларының құрамын анықтау. Судың бактериялық ластануын анықтау. Суды пайдалану нормасы.Табиғи сулардың сапасын жақсартуда пайдаланатын реагенттердің түрлері, оларды таңдау жөні және сақтау дайындау, мөлшерлеу әдістерімен қажетті жабдықтарымен таныстыру жүктеледі.
  1. Тоғабаев Е.Т. Судың сапасын жақсарту.- Алматы, ҚазМСҚА, 1995 ж.
  2. Мырзахметов М.М, Тойбаев К.Д. Ластанған суды тазарту. Алматы.ҚазМСҚА, 1996ж.
  3. Тогабаев Е.Т. Егембердиева Г.А. Сидорова Н. В. Лабораторной практикум по улучшению качества воды. Алматы 1999.
  4. Кожинов В. Ф. Очистка питьевой и технической воды. Примеры и расчеты М., 1971.
  5. СаНП и Н РК-3.01.067-97 «Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем водоснабжения».
  6. Тогабаев Е.Т. Водопроводные очистные сооружения. Методические указания. г. Алматы , 1999.
  7. СНиП РК 4.01.-02-2001(СНиП 2.04.02.-84) Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. Алматы 2002.
  8. Отраслевая программа РК «Питьевые воды» на 2002-2010.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


3 курс

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Ағынды реттеу

Пәннің коды: AR 3209

Пәннің типі: Базалық циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Өмірзақов С.И. – техника ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Қазақстан өзендеріндегі жылдық ағындардың едәуір ауытқуы және суы мол және суы аз жылдардың топталуының нәтижесінде циклдылықтың құралуы, сонымен қатар әр түрлі халық шаруашылықтарын сумен қамтамасыздандыруға талаптардың күшейуі өзендердегі ағынды реттеуді қажет етеді. Су шаруашылық және су энергетикалық есептеулердің теориялық негізі туралы қажетті білімді беру. Жобаланатын нысан ауданының топографиялық және гидрогеологиялық жағдайларын талдауды үйрету. Өзен ағынын су қоймасымен реттеу бойынша жалпы әдістемені білуі және есептеулерді жасауды игеру. Ағын реттеу бойынша шаралардың халық шаруашылық мәнін және экономикалық, тиімділігін бағалай білуі керек.

Деректемелер/Пререквизиттері: математика, геология және гидрогеология негіздері, экология және тұрақты даму, информатика, геодезия, гидрология.

Курстың/пәннің мазмұны: Ағынды реттеудің түрлері және мақсаттары. Су қоймалары туралы жалпы түсінік. Ағынды мезгілдік (жылдық) және көп жылдық реттеу. Құрлықтың жылу және су баланстарының арасындағы байланыс. Су ағынының өлшем бірліктері. Өзеннің алабы және аңғары. Көлдің су балансы, шығу тегі, классификациясы. Беттік ағынның жасақталуы. Көктемгі тасқынның факторлары. Ағын мен арна арасындағы өзара әсерлері. Жер асты суларының қалыптасуы және режимі. Мұхиттар мен теңіздер табанының бедері және шөгінділер. Мұхиттар динамикасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Железнияков Г.В., Неговская Т.А., Овчаров Е.Е. «Гидрология, гидрометрия и регулирование стока» М., Колос, 1984г. 432стр.

2. Достайұлы Ж. Жалпы гидрология Алматы, Білім. 1996ж. 255б.

3. Көпбасаров Ж. «Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар». Алматы. Ана тлі. 1993ж. 164б.

4.Омаров Қ.Ә. «Инженерлік гидрология». Қызылорда. Қорқыт Ата ҚМУ. 2003ж. 88б.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Су күшінің қоңдырғылары

Пәннің коды:SKK 3210

Пәннің типі: базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: г.ғ.к.,профессор Қ.Ә.Омаров, оқытушы Ы.С.Жиембай

Курстың мақсаты:

Білімгерлерге су күшілік қоңдырғылар, су электр станцияларының гидротехникалық ғимараттары мен құбыр желілері туралы тиянақты білім беру болып табылады.Гидроэлектрстанцияның негізгі және қосалқы қоңдырғылармен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: гидравлика, инженерлік геодезия жоғарғы математика, сызба геометрия, гидрология, гидрометрия және ағынды реттеу.

Курстың/пәннің мазмұны:

Білімгерлерге су күшілік қоңдырғылар, гидроэлектростанцияның Гидроатомстанциясының ғмараттары, суалғыш және сужібергіш құрылымдармен таныстырып, оларды жобалауды үйрету міндеті жүктеледі.

Ұсынылатын әдебиет:

1 Д.В.Козлов,Э.С.Беглярова, А.П.Гурьев, Д.С.Бегляров, В.Ф.Чебаевский, И.А.Фаталиева, Р.А.Хайруллин Гидроэнергетические установки и их оборудование

2. Э.С.Беглярова, А.П.Гурьев, Д.В.Козлов, С.А.Соколова, А.М.Бакштанин Турбинное оборудование ГЭС и системы автоматического управления гидромашинами Учебно-методическое пособие и лабораторный практикум М.2002г. МГУП

3. В.М.Потапов, Ткаченко П.Е., Юшманов О.Л., Использование водной энергии М, Колос, 1972г.

4.Гидроэнергетические установки Под ред. Д.С. Щавелева Л. Энергоатомиздат 1987

5. Комплексное использование водных ресурсов и охрана природы М. Колос 1994ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Су ресурстарын кешенді пайдалану

Пәннің коды: SRKP 3206

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шонбаева Г.А. – т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ инженерлердің кәсіби қызметіне үлкен ықпалын тигізетін қажетті білім беру. Табиғи қорларды пайдаланудың үздіксіз өсу жағдайында экономиканың дамуы тек қана табиғи ортаны ғылыми негізде үнемді пайдаланғанда және оны қайта өңдеп, байытып қорғағанда ғана мүмкін. Бұл қағида су қорларын пайдаланғанда өте қажет. Қазіргі жағдайда су шаруашылығының іс-шаралараның шешетін міндеттері халық шаруашылығының бір тармағымен шектелмейді. Су шаруашылығы іс-шаралары көптеген салалардың мақсатына тиісті табиғи кешендерге тигізер әсері мол.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, гидрология, гидрогеология, ағынды реттеу, геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны:

Су ресурстары,олардың ерекшеліктері, басқа табиғи ресурстарынан айырмашылығы. Өзендер, көлдер, мұздықтар және жер асты су қорларын тиімді пайдалану мүмкіншілігін анықтауға арналған су тепе-теңдік теңдеуін пайдалану. Су ресурстарын пайдалануды жоспарлау, ерекшеліктері. Су ресурстарын кешенді пайдалану және оларды қорғаудың нұсқалары. Су шаруашылық тепе-теңдігі. Су шаруашылық кешенінін қатысушылары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Зарубаев Н.В. КИОВР.-Л.: Стройиздат, 1976.-224с.
  2. Маслов Б.С., Минаев И.И. Мелиорация и охрана природы. – М.: Россельхозиздат, 1985.-270с.
  3. Юшманов О.Л. и др. КИОВР.-М.: Колос, 1994.-318с.
  4. Шабанов В.В. и др. КИВР и ОП.-М.: Колос, 1994.-318с.
  5. Водный кодекс Республики Казахстан.-Алматы: Юрист, 2004.-69с.
  6. Маркин В.Н. Учет качества водных ресурсов в уравнении водохозяйственного баланса // Мелиорация и водное хозяйство.-1994.-№4.
  7. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области (Монография). Алматы: Бастау, 2002.-512с.
  8. Авакян А.Б., Шарапов В.А. Водохранилища.-М.: Мысль, 1987г.
  9. Сыроежкин М.И. Обоснование ВХК.-Л.: Энергия, 1974г.
  10. Шабанов В.В. и др. «КИОВР». Методическое указание по изучению дисциплины.-М.: ВСХИЗО, 1985.-86с.
  11. Омаров К.А., Шомантаев А.А. Методическое указание для выполнения КП на тему: «Обоснование участников ВХК по дисциплине КИОВР и ОЭ».-КПТИ, кафедра «ГГиМС», 1995.-86с.
  12. Тестовые задания по дисциплине: «КИВР». КГУ им. Коркыт Ата, 2006г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың /пәннің/ юниттің атауы:

Гидрометрия

Пәннің коды: Gid 3201

Пәннің типі: міндеті компонент

Оқу жылы: 3 - оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: оқытушы Ы.С.Жиембай

Курстың мақсаты:

Білімгерлерге өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтарын, өзен және көл режимдері, суағарлар мен суаииардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлщеу мен анықтаудың әдістерімен техникалық құралдары туралы қажетті білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: экология, физкалық география, физика, химия, геология және гидрогеология негіздері, информатика, геодезия математика, гидравлика, жер асты суларын барлау және іздеу, суғармалы егіншілік және егін шаруашылығы.

Курстың/пәннің мазмұны:

Білімгерлерге өзен ағынынң пайда болу заңдлықтары мен өзендердің, көлдердің, батпақтардың қоректенуі, су режимдері мен арна процестерінің су эрозиясы туралы толық мағлұмат алуы қажет. Өзендер мен гидромелиоративтік жүйелердегі негізгі гидрометриялық өлшеу жұмыстар мен қолданылатын құралдарды және есептеу әдістерін оқып білуі қажет. Гидромеириялық өлшемдер мен гидрологиялық ақпараттардың дұрыстығын, оларды талдап бағалауды барысында және өңдеу әдістерімен тәсілдерін білуі қажет. Гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылымдарды жобалау олардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеуді үйренуі қажет.

Ұсынылатын әдебиет:

1Железняков Г.В. Неговская Т.А. Овчаров Е.Е. Гидрология, гидрометрия және регулирование стока М.Колос 1984

2. Ж.Достайұлы Жалпы гидрология А.Білім 1996

3. Быков В.Д. Васильев А.В., Гидрометрия Л. Гидрометеоиздат 1977г.

4. Көпбасаров Ж. Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар А. Ана тілі, 1993ж.

5. Омаров Қ.Ә. Инженерлік гидрология Қызылорда Қорқыт Ата ҚМУ 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.