Содержание обсе 3

Вид материалаДокументы

Содержание


«Iran Dailu» (Иран), №3867, 10.01.2011, «The OSCE and Global Security»
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

«Iran Dailu» (Иран), №3867, 10.01.2011, «The OSCE and Global Security»


ЕҚЫҰ және жаһандық қауіпсіздік

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

2010 жылы 10 желтоқсанда өткен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті теңдессіз оқиға болды.

ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу бастамасын көтеруде бірнеше мәселені басшылыққа алған едім:

Біріншіден, осы ұйым ХХI ғасырда, Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі, Солтүстік Мұзды мұхиттан Үнді мұхитына дейінгі ұлан ғайыр кеңістікте, тұтас Еуропада қауіпсіздік жүйесінің жаңа құрылымын құру үшін бұрынғы тәжірибелерін қолдана алады әрі қолдануы тиіс деген сенім;

Екіншіден, ЕҚЫҰ-ны дағдарысты жағдайдан шығару аса маңызды еді;

Үшіншіден; ЕҚЫҰ мемлекеттері басшылары арасында тікелей диалогтың маңызын қайта қалпына келтіру керек болатын.

ЕҚЫҰ-ға мүше және серіктес барлық мемлекеттер мен негізгі халықаралық ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысқан Астана саммиті олардың осы ірі халықаралық қауіпсіздік құрылымына өзгерістер енгізуге қатысты диалогты жалғастыруға әзір екенін дәлелдеп берді.

Біз ЕҚЫҰ-ны басқарып, шын мәнінде барлық серіктестеріміздің кең көлемді қолдауымен ЕҚЫҰ-ны жаңарту жоспарын көтеріп, оны іске асырдық.

Қазақстан төрағалығының басты міндеті қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша тіл табыса білуді арттыру еді.

ЕҚЫҰ форматы шеңберінде «созылмалы» дағдарыстарды реттеуге бағытталған келіссөздер барысы жаңа сипатқа ие болды.

Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ағымдағы төрағасы ретінде осы ұйымның дағдарыстарға жол бермеу, оның алдын алу, дағдарысты басқару және дағдарыстан кейінгі жағдайды реттеу салаларындағы әлеуетін арттырды.

Минск тобының Таулы Қарабах келіспеушілігін реттеу бағытындағы талпыныстары күшейтілді.

БҰҰ, Ресей, АҚШ және өзге мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық аясында біз Қырғызстандағы сяаси дағдарысты шешуге қатыстық. Қазақстан осы елде тұрақтылық орнатуда, ішкі келіспеушілік салдарынан туындаған экономикалық шығындарды қалпына келтіруде маңызды рөл ойнап отыр.

Біз ЕҚЫҰ-дағы серіктерімізді Ауғанстанда бейбітшілік орнату үрдісіне, оның экономикасын көтеруге белсене қатысуға шақырдық.

Біз Қазақстанның ауған дағдарысын шешудегі үлесі ЕҚЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге үлгі бола алады деп есептейміз.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы серіктестеріміздің Орталық Азия қауіпсіздігі мәселелеріне баса назар аударуына себеп болды.

Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялық мемлекет ретінде мәдениетаралық және дінаралық диалог идеясын белсенді түрде көтерді.

Қазақстанның төрағалығымен 2010 жылы маусым айында Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Төзімділік және кемсітуге жол бермеу жөніндегі конференциясы ұлттар және конфессиялар арасындағы тату-тәтті келісім салаларында тәжірибе алмасудың маңызын көрсетіп берді.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанда ойдағыдай жүзеге асырылған 140 этнос пен 46 конфессияның татулығы мен келісімі үлгісін аса жоғары бағалады.

Олар ұлтшылдық, діни төзімсіздік, нәсілшілдік, ксенофобия және антисемитизм мәселелерін шешу үшін ЕҚЫҰ әлеуетін толық қолдануды баса айтты.

Жалпы алғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы осы ұйымның жұмысына жаңа серпін берді. Біз осы үлкен миссияны орындауға аса жауапкершілікпен қарап, алдымызға қойған барлық мақсатты орындадық.

Астана саммитінде баяндама жасаған мемлекеттер басшылары мен делегация жетекшілері біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі нақты, батыл қадамдарына жоғары баға берді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары-ақ Семей ядролық сынақ алаңын жауып, ядролық қарудан толық бас тартқан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) құру идеясын іске асырған, Евразияға интеграциялану идеясын Қазақстан тағы да өзін әлемдік қауымдастықтың жауапты қатысушы ретінде көрсете білді.

Геосаясатта екі нүкте аралығындағы қысқа арақашықтық үнемі тура бола бермейді. ЕҚЫҰ-ның Стамбұлдан Астанаға дейінгі жолы тұтас 11 жылға созылды.

Сондықтан ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіз қоғамдастыққа жол» атты Астана декларациясының тарихи құндылығының орны бөлек.

Біріншіден, онда Ұйымның өзекті қағидалары мен ұйымға мүше 56 мемлекеттің Хельсинк қорытынды акті, Париж хартиясы, Еуропалық қауіпсіздік хартиясы және өзге құжаттар шеңберіндегі нормалары мен міндеттері қамтылған.

Екіншіден, алғаш рет ЕҚЫҰ-ның ервразиялық векторы бекітілді.

Үшіншіден, құжатта ЕҚЫҰ-ны нығайтуға бағытталған барлық бастамалар, ұйымның ХХI ғасыр талаптарына дер кезінде және тиімді жауап беруі қабілетін арттыру қолдау тапқан.

ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінде барлық мүше мемлекеттердің Ұйымды жаңа сапалы деңгейге көтеруге қызығушылығы, мүдделілігі баса айтылған көптеген ұсыныстар айтылды.

Бұл Астана саммитінің ашық пікірталасқа жол ашқан қуаты болып табылады.

Өз кезегінде, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны нығайту бағытында ұсыныстар жасады әрі осы ұсыныстар Астана саммитіне қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

Біздің пікірімізше, ХХI ғасырда ЕҚЫҰ-ның жаһандық геометриясы келесі бағыттарды қамтитын нақты іс-әрекеттерге негізделуі керек.

Біріншіден, Қазақстан Евразиялық құрлықтың интеграциялық құрылымдарын жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде өзара ықпалдастыққа шақырды.

Екіншіден, Біз ЕҚЫҰ-да қаржы-экономикалық қауіпсіздік мәселелерін жеке бөліп қарастыруды ұсындық.

Үшіншіден, Біз әскери-саяси өлшемдерді күшейту орайында қарусыздану ісінде жаңа келісім-шарт нормаларын жасау үшін ЕҚЫҰ-ның арнайы форумын шақыруды ұсындық.

Төртіншіден, Біз ашық және адал конфесссияаралық диалогқа шақырдық.

Бесіншіден, ЕҚЫҰ аясында ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік институтын құрып, қауіпсіздіктің түрлі мәселелерін болжау бойынша жұмыстарды қолға алуға болады.

Айтпай кетуге болмайтын нәрсе, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті Қазақстанға оң ықпал етті. Самммит халқымызды жұмылдыра түсті, аса күрделі мәселелерді шешуге әрі ең жоғары мақсатқа қол жеткізуге деген сенімді нығайтты. Біз әлемдік қауымдастық алдында жауапты екенімізді, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті нығайтуға белсене араласуға әзір екенімізді көрсеттік.

ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті ЕҚЫҰ тарихындағы күрделі кезеңді артқа ығыстырды. Ол Ұйымға болашақ есігін ашып, жаңаруына бірегей мүмкіндіктер ашып берді.

Жаһандану түрлі мемлекеттер мен халықтардың тағдырын етене байланыстырды. Біз ортақ мақсатқа иеміз, ол – әлемде бейбітшілік пен келісімге, даму мен өркендеуге қол жеткізу. ЕҚЫҰ-ның ХХI ғасырдағы басты жаһандық міндетіне шын мәнінде осындай жоғары мақсаттарға қол жеткізу кіреді.