Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество

Вид материалаОбзор

Содержание


Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық антиядролық қозғалыс құру туралы бастама көтерді
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық антиядролық қозғалыс құру туралы бастама көтерді


Хабар (ТВ): 12.10.2011

Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты іргелі форумда мәлім етті.
Семей сынақ алаңының жабылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған іргелі басқосуда әлемнің әр қиырынан келген белді саясаткерлер қазақ елінің әлемдік ядролық қауіпсіздік ісіне қосқан өлшеусіз үлесіне баға берісті.
Нұрлан ОКАҰЛЫ, ТІЛШІ:
-Қазақ елінің әлемдегі ең ірі сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонын жабуы, сондай-ақ, қуаты жөнінен жер бетінде 4-ші орын алатын ядролық қаруынан өз еркімен бас тартуы әлемдік ядролық қауіпсіздік ісіне теңдессіз бетбұрыс әкелген оқиға. Бұл әлемнің қай түкпірінде өтсе де, ядролық қауіпсіздік ісіне арналған кез-келген басқосуда алдымен айтылатын талассыз шындық.
Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігін қолына алысымен бірінші кезекте полигонның көмейіне құм құюын оның ұлтының ұлы тұрғысынан ел қасіретін, адамзаттың перзенті тұрғысынан жаһандық қауіпті бек түйсінуі деп қабылдаған ләзім. Дегенмен, «ядролық қауіпсіздік» деп өңеш созып, ауызбен орақ орған өзгелер қазақтан үлгі алса, кәні?! Түйіні тарқатылмаған түйткілді тұстар әлі де баршылық. Ядролық қауіптің таралу ауқымы кеңейе түсті. Алпауыттар мен «ядролық клубтың» табалдырығында тұрғандардың текетірестері басылар емес. Жаһандық ядролық қарусыздану ісіне «ядролық клуб» мүшелерінің өздері толыққанды атсалысып отырған жоқ. Президент барша адамзат баласын осынау күрмеуі қиын күрделі құбылыстарды бірлесіп шеше отырып, ядролық қаруға қарсы тұруға шақырды.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Ядролық қарусыз әлем – орындалмайтын арман емес. Бұл жер шарының ауқымды бөлігінде орнығып үлгерген шындық. Дегенмен, түбегейлі ядролық қарусыз әлемге жол салу жер ананың барлық саналы азаматтарының бірігуінсіз, яғни жаһандық қажыр-қайратсыз мүмкін емес. Бүгінгі таңда беделді де қуатты жаһандық антиядролық қозғалыс құру айрықша маңызды. Бұл бастаманы жаһанға жар етіп, оны құруға кірісу керек. Қозғалыстың басты мақсаты ядролық қауіппен күрес қана болмауы тиіс. Ядролық қарудың кез-келген түрінен бас тартатын, барша адамзаттың антиядролық санасын табанды түрде қалыптастыруымыз қажет.
Өзге емес, дәл қазақ елі басшысының мұндай бастама көтеруі заңдылық та. Себебі, қазақ даласы тажал қарудың зардабын әбден тартқан, өз қолы аузына жеткеннен кейін ғана одан құтылған ел. Сынақ алаңының жабылғанына 20 жыл өтсе де оның зардаптары толық жойылды деуге болмайды. Ядролық қарудың алапат «құдіреті» де сонда, оның зардаптарын түп-тұқияныңмен, ұрпақ жұрағатыңмен тартасың.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Қолдарында ядролық қарулары бар мемлекеттер одан бас тартқылары келмейді. Оларға алапат қарусыз күн кешу мүмкін еместей көрінеді. Біреулер оны қарсыластың арынын тежейтін күшке баласа, келесілері тажал шоқпарын әлем алдында бұлғақтатып, сес көрсетеді. Сіздер ертең Семей полигонына барасыздар, сынақ алаңының орынын көресіздер. Мұражайларда тажал қарудың қаншама қасірет әкелетініне куә боласыздар. Сынақтан кейін 3 буын алмасса да, мүгедек ұрпақ дүниеге келіп жатыр. Қатерлі ісік ауруының құрбандары да қисапсыз көп. Сондықтан, барша адамзаттың қияметіне айналар осынау тажалдың көзін жойып, біржола құтылу үшін, кезінде біздің халқымыздың ядролық сынақтарға қарсы тұрғанындай, енді біз күллі әлем халқын осы мақсатқа тік тұрғызуымыз керек.
Астана форумына күллі әлем қауымдастығы жаһандық ядролық қауіпсіздік ісінің белді белесі ретінде көз тігіп отыр. Басқосуға телесәлемін жолдаған БҰҰ-ының бас хатшысы Пан Ги Мун президент бастамаларын барынша қолдайды.
Пан Ги МУН, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
-Құрметті президент мырза, бұл басқосу сіздің жаһандық ядролық қауіпсіздік ісіндегі сөзсіз көшбасшылығыңызды тағы бір рет дәлелдеп отыр. Мен өзімнің Семей сынақ алаңына сапарымды ешқашан ұмытпаймын. Сіздің батыл шешіміңіз Семейді шынайы үміттің нышанына айналдырды. Сіздің бастамаларыңыз ядролық қарусыздану ісінде бетбұрысты маңызға ие. Мен оны толығымен қолдаймын.
Дэниэл ПОНЕМАН, АҚШ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
-Президент Барак Обаманың жолдауын оқып беруге рұқсат етіңіздер. «Мен ядролық қарусыз әлем үшін» форумының қатысушыларына сәлем жолдаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ алаңын жабу туралы шешімі аса жоғары бағаға лайық. Ядролық сынақтарға біржола тыйым салуға бастау болған қадам біздің ядролық қарусыз болашаққа «дат» айтуымызға мүмкіндік берді. Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік жолын таңдауы арқасында Қазақстан ядролық қауіпсіздік ісінің талассыз көшбасшысына айналды. Сондықтан да, Қазақстан бүгінде әлемдегі ең қауіпсіз ел болып отыр». Осылай Барак Обама Қазақстан басшысының бастамалары мен ұстанымына толығымен қолдау білдіреді.
Юкио АМАНО, МАГАТЭ БАС ДИРЕКТОРЫ:
-Астана – осы тақырыпта басқосу өткізуге ең лайық жер. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Семей сынақ алаңын жапты, ядролық қаруынан бас тартты, Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құрды. Бұл барша адамзатқа үлгі. Бүгінгі басқосу да әлемдік қауіпсіздік ісіне сүбелі үлес қосарына сенемін.
Тибора ТОТА, ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ТЫЙЫМ КЕЛІСІМ-ШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
-Қазақстан көрсеткен, одан өзге ешкімнің қолынан келмеген бейбітшілік үлгісі бізді қанаттандыруы тиіс. Қазақстан ядролық қарусыз әлем құрудың мүмкін екенін барша адамзатқа дәлелдеді. Тек оған асқан көрегендік керек. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық ядролық қарусыздану идеясын жүзеге асырудың нақты жолын ұсынып отыр.
Эни ФАЛЕОМАВАЕГА, АҚШ КОНГРЕСІНІҢ МҮШЕСІ
-Осыдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев тұтас әлемді түбегейлі бетбұрысқа бастайтын шешім қабылдады. Сондықтан, мен Нобель сыйлығының комитетін Қазақстан басшысының еңбегін лайықты бағалауға шақырамын.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы оны басқалардың да істей алатынын көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаев бізді ядролық қарусыз әлемге жетелеуде.
Мінбеге жарыссөзге шыққан шешендердің ғана емес, әлемнің әртүрлі елдерінен, белді халықаралық ұйымдардан келген 400-ден астам саясаткердің, белді сарапшылар мен ғалымдардың пікірлері де осы тақылеттес бір арнаға тоғысты.
тес бір арнаға тоғысты.