Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество

Вид материалаОбзор

Содержание


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумына қатысты
"Ядросыз әлем үшін" форумына қатысушылар Астана декларациясын қабылдады
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумына қатысты


Қазақпарат: 12.10.2011

Бүгін Астанада ашылған Халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЯСЖТКҰ (ОДВЗЯИ) сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, әлемдік саяси топтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі сарапшылар мен ғалымдарды қоса есептегенде, әлемнің әр елінен 400-ден астам қонақ қатысты,
деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгінде ядролық қауіпсіздік мәселесі әлемдік саясатта жетекші орынның бірін иеленетінін атап өтті. Астанадағы бүгінгі форум - саясаткерлер мен көпшілік жұртшылықтың күш-жігерін ядролық қауіпсіздіктің кең ауқымды проблемасы бойынша біріктірудегі маңызды қадам.
Президент бұдан 20 жыл бұрын, Семей ядролық полигонын жауып, одан кейін ядролық мәртебеден бас тарта отырып, Қазақстан жаңа мемлекеттің күші мен қуаты әрдайым ядролық күшті көрсетуге емес, ал оны қолданбауға және одан толық бас тартуға жұмсаған жөн деп шешті. Бұл қазақстандық мемлекеттіліктің өзегіне - жалпыұлттық идея дәрежесіне көтерілген жалпыхалықтық даналыққа айналды.
- Ядросыз әлем - бұл қиял емес. Бұл планетаның едәуір бөлігі қолдап отырған шындық. Ядролық қарудан азат етілген аймақтар Оңтүстік және Орталық Америкада, Австралия мен Океанияда, Оңтүстік-Шығыс пен Орталық Азияда құрылды - бұл іс жүзінде әлемнің тең жартысы. Бүгінде барлық ядролық мемлекеттер тарапынан оларға қатысушыларға халықаралық-құқықтық кепілдіктің тиімді тетіктері қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелерінде ең сенімді серіктес болғанын, болатынын және бола беретінін атап көрсетті.
Форумға қатысушылардың алдында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун бейне-үндеу жолдады. Ол Астанадағы Форум Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық көшбасшылығының тағы бір дәлелі болып табылатынын атап көрсетті.
- Мен өткен жылы Семейге жасаған сапарымды ешуақытта ұмытпаймын. Ол ондаған жылдар бойы «қырғи-қабақ» соғыстың эпицентрі болды. Қазақстан Президентінің бұдан 20 жыл бұрын қабылдаған батыл шешімінің арқасында, Семей сенімнің жарқын үлгісіне айналды. Ол - барлық ядролық сынақтардың біржолата тоқталуына деген сенім, ядролық қарудан азат әлемге деген сенім. Мен бұдан үш жыл бұрын ядролық қарусыздану және таратпау жөнінде бес тармақтан тұратын бағдарламаны ұсындым. Келісті жағдай күллі әлемде қалыптасып, үкімет пен азаматтық қоғам топтарында ашық қозғалуда. Біз осы рухта жалғастыра беруіміз керек. Бұл қарудың қорқынышты қауіп-қатері туралы біздің бәріміз білеміз. Және біз сондай-ақ қауіп-қатерден құтылудың жолы - ядролық қарудан бас тарту екенін де білеміз. Прогресс жаһандық ынтымақтастыққа байланысты. Міне, сондықтан бұл кездесу шешуші мәнге ие. Менің тарапымнан толық қолдау болатынына сіздерді сендіремін. Бәріміз біздің балаларымыз бен біздің болашағымыз үшін ядролық қарудан азат әлемге бірге өтелік, - деді БҰҰ Бас хатшысы өзінің бейне-үндеуінде.
Форумның ашылуында АҚШ Энергетика министрі Д. Понеман сөз сөйлеп, АҚШ Президенті Барак Обаманың форумға қатысушыларға үндеуін оқып берді.
- Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығында, мен ядролық қауіп-қатердің келешекте қысқарту және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігердің кеңеюі үшін негіз қалауға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін жоғары бағалаймын. Бүгінгі іс-шара ядролық сынақтардың аяқталуы халықаралық қоғамдастық үшін жоғары басымдық болып қалуы тиістігін еске салады. Жиырма жылға жуық уақыт бойына АҚШ пен Қазақстан биологиялық қаруды қысқарту және жою саласында бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Біздің серіктестігіміз өзіміз қол жеткізген мүмкіндіктерге дәлел болып табылады. Егер халық ынтымақтастық рухында бірге жұмыс жүргізетін болса, онда олар жауапкершілікке ортақ болып, қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұра алады. Мен ағымдағы жылдың желтоқсанында биологиялық қару жөніндегі конвенция бойынша 7-шолу конференциясында барлық елдер өзара іс-қимылдың осындай деңгейін көрсетеді деп сенемін. Қазақстан ұзақ уақыт бойы таратпау және ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы, сондай-ақ АҚШ-тың досы болып табылады. Осы саладағы біздің бірлескен жобаларымыз жалғасын табатынына сенемін, - деп атап өткен Б. Обама өз үндеуінде.
Мінберде сонымен бірге МАГАТЭ Бас директоры Ю. Амано, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының (ЯСЖТЛҰ) Атқарушы хатшысы Т. Тот, АҚШ Конгресінің мүшесі Э. Фалеомаваег сөз сөйледі.

"Ядросыз әлем үшін" форумына қатысушылар Астана декларациясын қабылдады


Қазақпарат: 12.10.2011

Автор: ҚАНАТ МӘМЕТҚАЗЫҰЛЫ

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Ядросыз әлем үшін" форумының қорытындысына орай қатысушылар Астана декларациясын қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЯСЖТКҰ (ОДВЗЯИ) сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, әлемдік саяси топтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі сарапшылар мен ғалымдарды қоса есептегенде, әлемнің әр елінен 400-ден астам қонақ қатысты. Астанадағы бүгінгі форум - саясаткерлер мен көпшілік жұртшылықтың күш-жігерін ядролық қауіпсіздіктің кең ауқымды проблемасы бойынша біріктірудегі маңызды қадам.
Жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н. Назарбаев бұдан 20 жыл бұрын, Семей ядролық полигонын жауып, одан кейін ядролық мәртебеден бас тарта отырып, Қазақстан жаңа мемлекеттің күші мен қуаты әрдайым ядролық күшті көрсетуге емес, ал оны қолданбауға және одан толық бас тартуға жұмсаған жөн деп шешкенін атап өткен болатын. Бұл қазақстандық мемлекеттіліктің өзегіне - жалпыұлттық идея дәрежесіне көтерілген жалпыхалықтық даналыққа айналды.
Бұл ретте Президент форум ашылуындағы сөзінде: «Ядросыз әлем - бұл қиял емес. Бұл планетаның едәуір бөлігі қолдап отырған шындық. Ядролық қарудан азат етілген аймақтар Оңтүстік және Орталық Америкада, Австралия мен Океанияда, Оңтүстік-Шығыс пен Орталық Азияда құрылды - бұл іс жүзінде әлемнің тең жартысы. Бүгінде барлық ядролық мемлекеттер тарапынан оларға қатысушыларға халықаралық-құқықтық кепілдіктің тиімді тетіктері қажет, - деп атап өткен болатын.
Күні бойы жалғасқан панельдік сессияларда «Ядролық қарудан азат әлемдегі жетістіктер», «Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісімдер - келісімнің күшіне енуі үшін үкіметтер мен қауымдастықтардың рөлі» атты тақырыптар талқыға түсті. Сондай -ақ сарапшылар Ядролық қарудан азат аймақтар құру - проблемалары мен перспективалары туралы пікір алмасты. Жиын қорытындысына сәйкес, «Ядролық қарусыз әлем құру туралы» Астана декларациясы қабылданды.
Форумның екінші кезеңі ертең Семей қаласында жалғасып, қатысушылар ондағы полигон қасіретін көрсететін мұражайларды аралап көреді. Бұл ретте 13 - қазанда Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов жиынның жалғасы ретінде Семейде ядролық сынақ полигоны жабылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылғалы отырған митингіге қатысатыны күтілуде.