«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша жасалынған жұмыстардың жылдық есебі

Вид материалаДокументы

Содержание


Х. Еңбек және экономикалық тәрбие
ХІ. Кәсіби-шығармашылық тәрбие
ХІІ. Интеллектуалды мәдениетті дамыту
Подобный материал:
1   2   3   4   5

Х. Еңбек және экономикалық тәрбие

Мақсаты:

Балалардың, жасөспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.


1.Қыркүйек айында «Оқу орындары шақырады» стенд жасақталды.

Мектепішілік сенбілік өткізілді. Қатысқан бала саны – 1524.

2.Қазан айында 17 қазан – Халықаралық қайыршылыққа қарсы күрес күніне орай дөңгелек үстел, танымдық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді. Қатысқан – 985 оқушы.

3. Қараша айында 15 қараша-Ұлттық валюта күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Қатысқан – 2612 оқушы.

4. Желтоқсан айында 9-11 сынып оқушылары арасында «Менің бірінші еңбекақым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті: Қатысқан: 48.

5. Қаңтар айында 5-11 сыныптар арасында «Ең таза, ең ұнамды сынып» сайысы ұйымдастырылды. І орын – 5 «а», 6 «в», 7 «в», 8 «б», 9 «в», 11 «а».

ІІ орын – 5 «б», 6 «ә», 7 «а», 8 «а», 9 «а», 10 «а», 11 «ә»

ІІІ орын – 5 «ә», 6 «г», 7 «б», 8 «ғ», 9 «г», 10 «ә»

Ынталандыру – 5 «е», 6 «а», 7 «г», 8 «ә», 9 «д», 10 «б»

Қаңтар айында «Нарық еліне саяхат» тақырыбында 6 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Қатысқан: 45.

7 сыныптар арасында «Нарық және біз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

өтті. Қатысқан: 214.

6. Ақпан айында 8 сыныптар арасында «Ақшаны тиімді жұмсай аламыз ба?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 18.

9 сыныптар арасында «Аңшылық-ата кәсіп» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Қатысқан:51.

7. Наурыз айында 15 наурыз-15 мамыр айлары аралығында «Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен мектеп алаңына және Маңғыстау селосының Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарына сенбілік жүргізілді. Қатысқан: 1589 оқушы, 120 мұғалім

1-4 сынып оқушылары мектеп ауласына 200 роза гүлін, 184 түп ағаш отырғызды.

8. Сәуір айында «Жер анаға мың тағзым» тақырыбында қайырымдылық акция ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектеп алаңына әр сынып 6 түп талдан екті. Жалпы: 2676 оқушы.

10-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім балалардың жұмыс жасауы дұрыс па?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 132.

9. Мамыр айында

«Менің қуанышымды менімен бөліс» атты қол өнер сайысы өтті. Мектепішілік сайыста жүлделі орын алған оқушылар Аудандық сайысқа жолдама алды. Аудандық сайыстан Басшыбекованың жұмысы «Бас жүлдеге» ие болды.

«Бастапқы техникалық моделдеу» қол өнер сайысы болып өтті. Мектепішілік жүлделі орындарды аудандық сайысқа жолдама берілді.

10.Сынып сағаттары: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» «Ас атасы нан», «Еңбек түбі береке», «Ексең егін ішерсің тегін», «Байлықтың атасы еңбек, Анасы-Жер», «Бала тәрбиесі басынан еңбекке баулу», «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын», «Нан байлықтың көзі», «Нан Отан байлығы», «Ас атасы - нан», «Нан болса, ән де болады», «Ас -адамның арқауы», «Еңбек түбі береке», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбекпен тапқан нан тәтті», «Нан дастархан құты», «Құсбегі туралы түсінік», «Байлықтың атасы еңбек, анасы жер», Қатысқандар :1857

11. Ашық сынып сағаттары: «Еңбекпен тапқан нан тәтті», «Жері байдың –

елі бай», «Еңбек үйренем десең, ерінбе» «Ексең егін ішерсің тегін», «Жері байдың елі бай», «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан», «Ас атасы нан». Қатысқандар: 875 оқушы.


ХІ. Кәсіби-шығармашылық тәрбие

Мақсаты:

Кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуады, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.


Қыркүйек айында әр сыныптың оқушыларына портфолио жасақтау тапсырылды.

Аудандық «Жас мамандар» слетіне қатысып, «Ізденімпаз» номинациясына ие болды. Қатысқан: 5 мұғалім.

Қазан айында 8-9 сыныптар арасында аудандық СӨС дәрігерімен кездесу өтті. Қатысқан: 287 оқушы.

Қараша айында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай 5 сыныптар арасында «Төрт түлік» сайысы өткізілді. Қатысқан: 22 оқушы.

Желтоқсан айында «Менің болашақ мамандығым» Ш.Есенов атындағы университеттің мамандарымен кездесу өтті. Қатысқан: 53 оқушы.

Сынып сағаттары: «Мектептегі ұстазым», «Ауыл медбикесі», «Мен ұнатқан мамандық», «Менің ардақ тұтар кәсібім», «Ұстазым менің ұстазым», «Сенде бір кірпіш дүниеде, Кетігін тапта бар қалан», «Арайлы ұстазым», «Мерекеңмен асыл ұстаз», «Құсбегі туралы түсінік», «Ең басты жұмыс», «Зергерлік өнері», «Алдымен істі тындыр, содан кейін қыдыр», «Ауыл шаруашылығы жұмыстары», «Еңбек түбі береке», «Кәсіптің бәрі жақсы», «Мамандық таңдап үйренейік», «Кәсібің-берекең». Қатысқандар: 1850 оқушы

Ашық сынып сағаттары: «Менің ардақ тұтар кәсібім», «Кәсіп түбі нәсіп», «Ақылшым -ұстазым», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Менің ата-анамның мамандығы», «Ақылшым-ұстазым», «Алуан-алуан кәсіп бар» мамандықтар әлеміне саяхат, «Алау маңында мамандар сөйлейді»

Қаңтар айында 9 сыныптар арасында «Шешендік сөздер» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 16. І орын – 9 «в» сыныбы, ІІ орын – 9 «а» сыныбы, ІІІ орын – 9 «г» сыныбы.

1 сыныптар арасында «Менің ата -анамның мамандығы» тақырыбында әңгімелеу сайысы өтті. Қатысқан: 30.

2 сыныптар арасында «Ақылшым -ұстазым» тақырыбында эссе жазылды. Қатысқан: 15.

8 сыныптар арасында «Кәсіптік бағдар – болашаққа жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 18.

Ақпан айында 9-11 сынып оқушыларымен «Қайнар» колледжінің мамандарымен кездесу өтті. Қатысқан: 386.

8 сыныптар арасында «Қазақстан жастары дарынды» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 9 оқушы, көрермен-258.

9 сыныптар арасында «Аңшылық-ата кәсіп» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Қатысқан: 18. көрермен – 264

11 сыныптар арасында «Мамандық таңдауда қателікке ұрынба» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 53

Наурыз айында 9, 11 сынып оқушылары «Мамандықтар жәрмеңкесі» тақырыбында оқу орындарының мамандары Маңғыстау гуманитарлық колледжінің өндірістік практика жөніндегі орынбасары Нұрмұхаммедова Клара Қайрулиевна және Шет тілдер колледжінің директорының міндетін атқарушы Дүйсенбаев Баймұхаммед Мәдиұлымен кездесу өтті. Қатысқан: 385.

4 сыныптар арасында «Менің ардақ тұтар кәсібім» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан: 42.

10 сыныптар арасында «Мамандықтың бәрі де маңызды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 15.

Сәуір айында 9-11 сынып оқушылары РМҚК «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті» «Экономика және құқық» институты мамандары Қожахмет Қосарбай Абдірахманұлымен кездесу өтті. Қатысқан: 357.

Мектеп түлектерінің «Таңдаған мамандықтар презентациясы» тақырыбында психолог мамандар тренинг өткізді. Қатысқан: 53.

5 сыныптар арасында «Тазша бала» байқауы өтті. Қатысқан: 22. І орын – 5 «з» сыныбы, ІІ орын – 5 «ә» сыныбы, ІІІ орын – 5 «а» сыныбы. Қатысқаны үшін – 5 «б» сыныбы.

Мамыр айында 9-11 сынып оқушылары арасында С. Бәйшиев атындағы Ақтөбе университеті мамандарымен кездесу өтті. Қатысқан: 322

Аудандық емхана дәрігері Суханбердиева Гүлмира Ердаулетовна, медбике Султангалиева Амангуль Абдугалиевна, Разова Құралай Дюсенбаевнамен 4-8 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Қатысқан: 879.


ХІІ. Интеллектуалды мәдениетті дамыту

Мақсаты:

Білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.

1.Қыркүйек айында 25.09.2010ж. 8-10 сыныптар арасында «Ғұмыр дерек» атты тақырыпта ағылшын, орыс тілінен аудармашылар сайысы өтті. Қатысқан – 25.

ІІ орын - 9 «в» сынып оқушысы Жұбатханова Кәмшат

ІІІ орын – 10 «а» сынып оқушысы Абдашева Махаббат

ІІІ орын – 9 «в» сынып оқушысы Орынбаева Жансауле

Орыс тілінен: ІІ орын – Кенжебаев Ерлан

2.Қазан айында Иса, Досан батыр көтерілісіне 140 жылдығына орай «Ерлер

елдігі – құнды қазына» тақырыбында «Пікірталас» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен дебат сабағы өтті. Қатысқан: 325 оқушы, 45 мұғалім.

3.Қараша айында ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған мектепішілік «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Қатысқан – 60 оқушы, 4 ата-ана, 15 мұғалім.

4.Желтоқсан айында Қоғамдық ұйымдар арасында «Біз –болашақ Отан қорғаушылармыз!» тақырыбында интеллектуалдық ойыны өткізілді. Қатысқан - 30 оқушы.

5. Қаңтар айында 5 сыныптар арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» тақырыбында сайыс өтті. Қатысты: 22. І орын: 5 «б» сыныбы, ІІ орын – 5 «з» сыныбы, ІІІ орын – 5 «ә» сыныбы, Қатысқан үшін – 5 «а» сыныбы.

9 сыныптар арасында «Қазақтың жеті кереметі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Қатысқан: 212

6. Ақпан айында 6-7 сыныптар арасында «Полиглот» білім сайысы өтті. Қатысқан: 18.

10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр жастары қандай болу керек?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 76

6 сыныптар арасында «Білім тамшыдан басталады» тақырыбында ойын сабағы өтті. Қатысқан: 18.

7. Наурыз айында 8 сыныптар араыснда «Полиглот» білім сайысы өтті. Қатысқан: 9.

1 сыныптар арасында «Білім көзі кітапта» тақырыбында кітапханаға саяхат сабағы өтті. Қатысқан: 375

9 сыныптар арасында «Бар білімді өмірде пайдалана біл» тақырыбында ойталқы өткізілді. Қатысқан: 9.

8. Сәуір айында 9-10 сынып оқушылары арасында «Полиглот» білім сайысы өтті. Қатысқан: 11.

4 сыныптар арасында «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 12.

9. Мамыр айында 10-11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті. Қатысқан: 5.

2 сынып-тар арасында «Оқулықты кірлетпе» тақырыбында оқулықтарға рейд

жүргізілді. Қатысқан: 420.

10. Сынып сағаты: «Кітап-білім бұлағы», «Оқулықты таза ұста»,«Оқулықпен достасайық», «Кітап біздің досымыз», «Білім өмір шырағы», «Тілашар», «101 жұмбақ, мың бір мақал», «Білімді мыңды жығар», «Кітапханамен байланыс», «Оқулықты құрметте», «Кітап білгенге маржан», «Білім көзі кітапта», «Мектеп-кеме, білім-теңіз», «Қош сүйікті әліппем» «Бастауышым- балбұлағым», «Білімді ұрпақ ел болашағы», «Білім инемен құдық қазғандай», «Білім керек бәріне». Қатысқан: 1125

11.Ашық сабақ: «Білім мен парасат», «Білікті бірді, білімді мыңды жығады», «Жұлдызды сәт», «Оқулықты кірлетпе», «Білім өмір шырағы». Қатысқандары: 151оқушы, 7 мұғалім



Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;

Интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік және кадрлар, т.б. ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру;

Ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және

тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;

Тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;

Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;

Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

Кәсібі бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.

Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;

Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тірбиенің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді;

Балалардың,

жасөспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;

Салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;

Қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;

Барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.