«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша жасалынған жұмыстардың жылдық есебі

Вид материалаДокументы

Содержание


11. Мерекелік шаралар
16.Кезекті отырыс
Осы бағыт бойынша төмендегідей іс шаралар өткізілді
6. Сынып сағаттары
VІ. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Осы бағыт бойынша төмендегідей іс шаралар өткізілді
2.Дөңгелек үстел
3.Танымдық сабақ
5. Сынып сағаттары: «
6. Ашық сабақ
VІІ. Экологиялық тәрбие
1.Сынып сағаттары
2. Ашық сабақ
2.Қоғамдық жұмыс
5.Дөңгелек үстел: «
8. Практика сабақ
Подобный материал:
1   2   3   4   5

ІV. Өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

Мақсаты:

Өзін өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп адам толысуын өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

1.Қыркүйек айында: «Мен-көшбасшымын!» өзін-өзі басқару қоғамдық ұйымдары «Болашақ», «Мектеп Парламенті», «Жас ұлан», «ЖЖИ», «Жас полиция», «Қызғалдақ» қыздар ұйымы, «Ұландар», «Еріктілер» құрылды.

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарының жылдық жоспары жасақталып, жоспар бойынша іс-шаралар өтуде.

2. Қазан айында: Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз-мектептің жүрегі» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында мұғалімдердің орнына сабақ беріп, мерекелік концерт ұйымдастырды. Мұғалімдер өздері 11 сынып оқушылары болып, сабаққа қатысты.

Әр қоғамдық ұйымның ай сайын кезекті отырысы өтті. Сол отырыстарда өздерінің жасаған жұмыстарын және де алдағы уақытта жоспар бойынша жасалынатын жұмыстардың ақпаратын береді.

3. Қараша айында «Болашақ» қоғамдық ұйымының өткен жылғы есебі тапсырылып, 2010/2011 о/ж «Болшақ» ұйымына жаңадан оқушылар қабылданды. Қатысқан-80 оқушы.

4.Желтоқсан айында Қоғамдық топтардың арасында «Жас саясаткер» сайысы өтті. Қатысқан – 16.

Өзін-өзі басқару ұйымдарының І жарты жылдық есебі тапсырылды. Қатысқан – 321 оқушы.

5. Ашық сабақ: «Мен және менің достарым». Қатысқан бала саны – 28, мұғалім-15.

6. Қаңтар: Театр актерімен «Сахна мәдениеті дегеніміз не?» тақырбыында кездесу өтті. Қатысқан: 125 оқушы.

Өз-өзін басқару ұйымдары арасында «Армысыздар, бұл-менмін!» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 6 оқушы, көрермен ретінде-258 оқушы.

21.01.2011ж. күні оқушыларды ұқыптылыққа, күнделікті таза ұстап, уақытылы толтырып отыруға дағдыландыру мақсатында бастауыш және жоғары сыныптар арасында «Ең бағалы күнделік», «Ең таза күнделік» сайысы өтті. Қатысқан: бастауыштан 250 оқушы, 17 мұғалім, жоғары сыныптардан 1275 оқушы, 51 сынып жетекші. Жеңімпаз: 9 «В» сыныбы. Сынып жетекшісі: Қондыбаева А.

7.Ақпан

7-8.02.2011ж. күндері 6 сыныптар арасында (қыздар) шағын футболдан жарыс өтті. Қатысқан: 54 оқушы. Жеңімпаздар қатарында «Ұлан» тобының қыздары болған 6 «Б» сыныбы жүлделі ІІ орынды, 6 «Ғ» сыныбы ІІІ орынды иеленді.

08.02.2011ж. күні 8 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті. Қатысқан: 72 оқушы. Жеңімпаздар: І орын – 8 «Ә» сыныбы

(команда құрамында «Болашақ» ұйымының мүшелері ),

ІІ орын – 8 «В» сыныбы, ІІІ орын – 8 «А» сыныбы.

08.02.2011ж. күні мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ ойыны өткізілді. Қатысқан: 21 оқушы. Жеңімпаздар: Ұлдар арасында: І орын – 8 «Г» сынып оқушысы Сериков Манас «Ұлан» тобының топ басшысы

ІІ орын – 5 «В» сынып оқушысы Қ. Сақтағанов

ІІІ орын – 8 «Ғ» сынып оқушысы А.Қалбаев

ІV орын – 6 «В» сынып оқушысы А.Аманбаев

Қыздар арасында:

І орын – 7 «Д» сынып оқушысы А.Масатаева

ІІ орын – 7 «Д» сынып оқушысы Ж.Сакиева

ІІІ орын – 6 «Е» сынып оқушысы Г.Сүгірбаева

ІV орын – 7 «А» сынып оқушысы А.Сабытаева

14-19.02.2011 ж. күндері дені сау ұрпақ тәрбиелеу, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, шымыр болып өсуге дағдыландыру мақсатында бүкіләлемдік спорт күніне орай апталық өткізілді. Қатысқан: бастауыш сыныптардан 60 оқушы, 8 мұғалім. Жоғары сыныптардан 143 оқушы, 38 сынып жетекші.

8.Наурыз:

06.03.2011ж. күні «Қызғалдақ» қыздар ұйымы мүшелері «Бақыт деген не?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан- 197 оқушы.

04.03.2011 ж. күні оқушы қыздарды көркіне ақылы сай болып, әдептілік пен инабаттылықты бойына сіңіру мақсатында

5-сыныптар арасында «Көктем аруы» сайысы ұйымдастырылды.

Қатысқан: 275 оқушы, 18 мұғалім.

Жеңімпаздар: Бас жүлде – 5 «Ә» сыныбы Алибекова Камила

«Шебер қыз» номинациясы – 5 «Е» сыныбы Ахметова Мариям

«Биші ару» номинациясы – 5 «Б» сыныбы Орынбекова Жамила

«Ажарлы ару» номинациясы – 5 «Ә» сыныбы Алибекова Камила

05.03.2011 ж. күні оқушыларды қазақ қызына тән инабат пен ибалылыққа тәрбиелеу мақсатында 8-сыныптар арасында «Қыз сыны» сайысы ұйымдастырылды. Қатысқан: 225 оқушы,

19 мұғалім. Жеңімпаздар:

«Мектеп аруы - 2011» – 8 «Б» сыныбы Мұхамединова Жазира

«Өнерлі ару» – 8 «Ә» сыныбы Энепияева Қырмызы

«Биші ару» - 8 «Е» сыныбы Бердіқұл Құралай

«Шебер ару» - 8 «Г» сыныбы Болатбаева Жазира

9. Сәуір: 12.04.2011 ж. ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр – 2011» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 205 оқушы, 13 мұғалім.

Жеңімпаздар: І орын – «Жұлдыз» тобы

ІІ орын – «Жер» тобы

ІІІ орын – «Күн» тобы

ІV орын – «Ай» тобы

10. Мамыр: 04.05.2011 ж. күні 1-мамыр халықтар достығы мерекесіне орай оқушыларды елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен ынтымақ пен бірлікте болуға тәрбиелеу мақсатында «Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында мерекелік сайыс болып өтті. Қатысқан: 258 оқушы, 24 мұғалім.

07.05.2011 ж. күні 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ер балаларды елінің патриоты, қорғаны, білімді де білікті азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында «Мұрагер» тобының атсалысуымен 10-11 сынып оқушылары арасында «Жігіттің жампозы» атты жігіттер сайысы бөлып өтті. Қатысқан: 102 оқушы, 34 мұғалім.

Жеңімпаздар: Бас жүлде – 11 «Ә» сынып Жұмабаев Ерлан

І орын – 10 «А» сынып оқушысы Алмағамбетов Азизбек

ІІ орын - 10 «Ә» сынып оқушысы Жұмағұлов Ыбырай

ІІІ орын – 10 «Б» сынып оқушысы Сүлейменов Нұрсұлтан

11. Мерекелік шаралар:

Қыркүйек. «Ана тілім - ардағым» концерттік бағдарлама. Қатысқан: 223 оқушы.

«Ұлан» тобы «Ел иесі, жер киесі – Пір Бекет» атты сахналық көрініске қатысты. Қатысқан: 6 оқушы.

Қазан. Мұғалімдер мерекесіне орай «Мұрагер» тобының оқушылары мұғалімдер орнына сабақ беріп, концерттік шара ұйымдастырды. Қатысқан: 9-11 сынып оқушылары.

«Иса, Досан көтерілісіне 140 жыл» толуына орай аудандық көлемде өткізілген семинарда сахналық көрініске қатысты. Қатысқан: 12 оқушы.

Қараша. «Күзгі бал» кеші. Қатысқан: 4-11 сыныптар

50 оқушы.

«Балдырған» тобы «Күз кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Қатысқан: 25 оқушы.

«Аңыз адам» атты Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай аудандық көлемде өткізілген семинарда «Қалыптасу қайнары» тақырыбында «Балдырған» тобы сахналық көрініске қатысты. Қатысқан: 10 оқушы, 6 мұғалім.

Желтоқсан. «Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгіліктер, концерттік кештерді ұйымдастыруға атсалысты. Қатысқан: 4-11 сыныптардан 40 оқушы.

«Қош сүйікті, Әліппем!» ертеңгілігіне «Балдырған» тобы атсалысты. Қатысқан: 23 оқушы.

Қаңтар. VІІ қысқы Азиада ойындарының өтуіне байланысты мектебімізде шағын концерт өткізілді. Қатысқан: «Болашақ» ұйымының 6 оқушысы.

10.02.2011 ж. күні «Мұқағали – бақытты ақын» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында шығармалар сайысы өтті. Қатысқан: 25 оқушы. Жеңімпаздар: ІІ орынды «Ұлан» тобының 7 «А» сыныбының оқушысы Н. Сабытаев иеленді.

12.02.2011 ж. күні «Өлең-өмір» тақырыбында Мұқағали шығармаларынан 10 сыныптар арасында сахналық көрініс сайысы өтті. Қатысқандар: 75 оқушы.

Жеңімпаздар:

І орын – 10 «А» сыныбы («Мұрагер» тобының мүшелері)

ІІ орын – 10 «Ә» сыныбы

ІІІ орын – 10 «Б» сыныбы

30.04.2011 ж. күні 1-мамыр Ынтымақ күніне орай оқушыларды өзге ұлттарды жатсынбай, өз ұлтын сыйлауға деген ойларын жетілдіру,

көптеген ұлттардың салт-дәстүрімен, ұлттық киім және ұлттық тағамдарымен таныстыру мақсатында «Болашақ» ұйымының топ басшыларының атсалысуымен сыныптар арасында «Бірлік бар жерде- тірлік бар» тақырыбында мерекелік шара өтті.

12.Кездесулер: қыркүйек айында «Жасөспірімдер қылмысқа барса, қандай жауапкершілікке тартылады?» тақырыбында ІІБ қызметкерлерімен кездесу өтті. Қатысқан – 50 оқушы.

Қыркүйек айында «Жас жол инспекторы» тобымен бірігіп, «Назар аударыңыз, балалар!» тақырыбында МАИ қызметкерлерімен кездесу өтті. Қатысқан – 52 оқушы.

Ақпан айында топ мүшелері арасында МАИ қызметкері М.Дәріғұлмен кездесу өтті. Қатысқан: 25.

Наурыз айында «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында «Полицияның жас көмекшісі» тобы мүшелерімен кездесу өтті. Қатысқан: 20.

Топ мүшелері арасында ІІБ қызметкері, мектеп инспекторы Б.Еділбаймен кездесу өтті. Қатысқан: 25.

Сәуір айында 8 сынып оқушыларымен «Біз-Отан қорғаушылармыз!» тақырыбында аудандық военкомат қызметкерлері лейтенант Каниев Саламат Хайроллаевичпен кездесу өтті. Қатысқан: 285.

13.Сайыстар: қараша айында «Мемлекеттік нышандар тарихын білесің бе?» тақырыбында мектепішілік қоғамдық ұйымдар мүшелері арасында сайыс өтті. Қатысқан – 60 оқушы.

«Менің Қазақстаным!» сурет байқауы. Қатысқан – 20 оқушы.

«10 желтоқсан –Адам құқығы күні» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Қатысқан – 30 оқушы.

Ақпан айында «Ұлы тұлғаға тағзым» тақырыбында рөлдік ойындардан сайыс өтті. Қатысқан: 285.

Өз-өзін басқару ұйымдарының арасында «Жауынгерлер ән шырқайды» тақырыбында әскери әндер байқауы өтті. Қатысқан: 12. І орын – «Жас жол инспектор» тобы, ІІ орын – «Еріктілер» тобы, ІІІ орын – «Полицияның жас көмекшісі» тобы, Қатысқаны үшін – «Болашақ» тобы.

Наурыз айында мектепішілік «Жас жол инспекторы» слетін өткіздік. Қатысқан: 90 оқушы. І орын: 7 «в» сыныбы, ІІ орын – 7 «а» сыныбы, ІІІ орын – 7 «б» сыныбы, Қатысқаны үшін – 7 «е» сыныбы.

14.Сауалнама: «Адамның әлеуметтік құқықтары» сауалнама алынды. Қатысқан: 20 оқушы.

15.Апталық: «Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған» тақырыбында апталық өтті. Қатысқан бала саны- 868.

16.Кезекті отырыс: Айына 1 рет өз-өзін басқару топтарының кезекті отырысы өткізілді. Желтоқсан айында І жарты жылдық есебі тапсырылды. Маыр айында жылдық есеп қабылданды.

17.Пікірталас: Қаңтар айында өз-өзін басқару ұйымдарының арасында «Адамға құқық не үшін қажет?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 40.

Наурыз айының 12 –де «Қылмыскерлік тұқым қуалайды ма?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 8 оқушы, көрермен ретінде – 125.

07.02.2011ж. 7 сыцныптар арасында «Мен және менің достарым» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 45.

18.Саяхат: ақпан айында Адай Ата Отпан тау кесенесіне саяхатқа шықты. Қатысқан: 180 оқушы, 21мұғалім.


V. Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Мақсаты:

Тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестілікті дамытуға, қоғамдық өзгерістерден деру және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.


Осы бағыт бойынша төмендегідей іс шаралар өткізілді:

1.Жиналыс: қыркүйек айында барлық мектеп оқушыларына «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында жиналыс өтті. Қатысқан-2635.

Сәуір айында ерекше назардағы оқушыларға «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында баяндама оқылды. Қатысты: 58.

Мамыр айында 10-11 «Оқушы мінбесі» тақырыбында конференция өтті. Қатысқан: 123 оқушы.

2.Пікірталас: «Біз - батыр ұрпағымыз» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында пікірталас өтті. Қатысқан: 59.

8 сынып оқушылары арасында «Жақсы мінез жан азығың» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан – 234

11 сынып оқушылары арасында «Өзіміздің айналамызды өзгерте отырып, өзіміз де өзгереміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 20.

3 сыныптар арасында «Мен және достарым» пікірлесу өтті. Қатысқан: 28.

4 сыныптар арасында «Адамның асыл қасиеттері» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 25.

3.Сауалнама: 9-11 сынып оқушыларынан суицидті алдын алу мақсатында «Жарқын өмір» тақырыбында сауалнама алынды.

Мамыр айында 7-11 сынып оқушыларынан «Мұғалім оқушы көзімен» тақырыбында сауалнама алынды. Қатысты: 1425 оқушы.

4.Сайыс: «Мен-Көшбасшымын!» тақырыбында өз-өзін басқару ұйымдары арасында сайыс өтті. Қатысқан: 60.

5. Ашық сабақ: «Менің болашақ арманым», 27 наурыз-театр күніне орай «Театр мәдениеті», «Шыдамдылық-асыл қасиет», «Атаның сөзі-ақылдың көзі». Қатысқан: 547 оқушы.

6. Сынып сағаттары: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Мен және мені қоршаған орта», «Адамның асыл қасиеттері», «Мен нені ұнатамын?», «Менің болашақ арманым», «Жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық!».

«Мен нені жақсы көремін?», «Мен және мені қоршаған орта». Қатысқан: 1475 оқушы.


VІ. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Мақсаты:

Тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.


Осы бағыт бойынша төмендегідей іс шаралар өткізілді:

1.Сайыс: Бекет Атаның 260 жылдығына орай мектебімізде оқушылар арасында «Пірдің соңы -Бекет» тақырыбында «Жас ақын» сайысы өткізілді. Қатысқан-3. Осы оқушылардың бәріне «Жас ақын» номинациясы берілді.

Қазан айында 7-8 сыныптар арасында «Шешендік сөздер» сайысы өткізілді. Қатысқан -8.

Желтоқсан айында 8-11 сынып оқушылары арасында «Мен - тележүргізушімін» байқауы өтті. Қатысқан – 15

Мамыр айында 8 сыныптар арасында «Өз беделің өз қолыңда» тақырыбында ситуациялық ой қозғау сайысы өтті. Қатысқан: 16 оқушы.

2.Дөңгелек үстел: 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі ортада мұғалімнің рөлі қандай?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан-25

4 сыныптар арасында «Сыйласаң сый көрерсің» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 28.

Сәуір айында 9 сыныптар арасында «Адам өміріндегі тілдесудің қандай маңызы бар?» тақырыбында дөңгелек үстел. Қатысқан: 18 оқушы, 8 мұғалім.

3.Танымдық сабақ: «Сахна мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында оқушылар арасында танымдық сабақ өтті. Қатысқан: 325.

4. Кездесу: Ақпан айында «Театр актері қандай болу керек?» тақырыбында облыстық мәдениет үйінің режесерімен кездесу өтті. Қатысқан: 152.

1 мамыр –Бірлік күніне орай облыстық мұражайда «Татулық – достықтың кілті» тақырыбында әр ұлт ассамблея өкілдерімен кездесу өтті. Қатысқан: 25 оқушы, 5 мұғалім.

9 мамыр-Жеңіс күніне орай облыстық қарттар үйіне концерттік бағдарламамен және мерекелік сыйлықтармен барып, қарттармен кездесті. Қатысқан: 34 оқушы, 6 мұғалім.

5. Сынып сағаттары: «Көмектесе білейік», «Кешірімді бала кіші пейіл бала», «Қайырымды болғым келеді», «Менің досым кім?», «Жылы жұрек жақсы тілек», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Сыйласаң сыйлы боларсың», «Күлме досыңа, келер басыңа», «сәлемдесе білейік», «Менің досым», «Жылы жүректе жақсы тілек» Қатысқан: 1478 оқушы.

6. Ашық сабақ: «Көмектесе білейік!», «Қайырымды болғым келеді», «Сыйласаң сый көрерсің», «Көз-бұлақ, көңіл-сынап», «Тіл табыса білейік», «Көңіл-күйге ортақтасу» жаттығу сабағы. Қатысқан: 980 оқушы.

7. Пікірталас: 10 сыныптар арасында «Ең үлкен байлық – бұл адам қарым-қатынасы» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 18.

8. Баяндама: сәуір айында 11 сынып оқушыларына «Сені түсінсе-сол бақыт» тұжырымға қосыласың ба? ғылыми баяндама оқылды. Қатысқан: 54


VІІ. Экологиялық тәрбие

Мақсаты: Адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.


Осы бағыт бойынша төмендегідей іс шаралар өткізілді:

1.Сынып сағаттары: «Табиғат-адам өмірінің негізі», «Түтінге тұншыққан ұрпақ», «суда жүзіп білесің бе?», «Құстар біздің досымыз», «Экология бүгінгі таңның өзекті мәселесі», «маңғыстау-майлы қияным», «тазалық-саулық негізі», «туған өлкем-табиғатым», «Жер Ана жыламасын», «Күзгі әрекет-Қысқы берекет», «Туған жерді таза ұста», «Құстар-біздің досымыз!», «Алтын күз», «Табиғаттағы күзгі берекет», «Алтын күз -мереке», «Берекелі күз, мерекелі күз», «Табиғат-жан саясы», «Туған жер –алтын бесігім», «Табиғат-тіршілік бесігі», «Біз табиғатты сүйеміз», «Аулаңды таза ұста», «Тал ексең, көгерерсің», «Бір тал кессе, он тал ек», «Шыбық көрсең, шанши жүр», «Табиғатта бір кітап», «Табиғат және адам», «Қорықтарды қорғай жүр», «Каспийдің тірі алтындары», «Туған жердің табиғаты тамаша», «Тазалықты сақтай біл!», «Көктем сәні», "Жер- адамның бесігі, ел- бақыттың есігі". Қатысқан-2665.

2. Ашық сабақ: «Мен табиғатты сүйемін», «Табиғатты аялайық!», «Табиғат-туған үйіміз», «Туған өлкем-қандай көркем», «Табиғаттың тарылтпайық тынысын», «Тіршіліктің тірегі сен-Жер ана», «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ», «Қыстағы ақ қар, жаздағы жаңбыр –жерге жауған нұр», «Табиғат- адам тағдары», «Құстар-біздің досымыз», «Адам-табиғат перзенті», «Ақыл ісі-ел дауы». Қатысқан: 1124.

2.Қоғамдық жұмыс: Айына 1 рет мектеп ауласын тазартып, сынып кабинеттерінің тазалады.

Қараша айында Нұр Отан ХДП-ның «Жасыл бақ» үндеуімен ата-аналардың демеушілік көрсетуімен әр сынып өзіне бөлінген жер учаскесіне 206 тал екті.

15 наурыз-15 мамыр айлары аралығында «Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен мектеп алаңына және Маңғыстау селосының Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарына сенбілік жүргізілді. Қатысқан: 1589 оқушы, 120 мұғалім

1-4 сынып оқушылары мектеп ауласына 200 роза гүлін, 184 түп ағаш отырғызды.

3.Апталық: «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай» тақырыбында апталық өтті. Қатысқан-1564 оқушы, 51 мұғалім.

4.Сайыс: сыныптар арасында «Табиғатпен үндес мектеп» тақырыбында сайыс өтті. Сынып кабинеттері арасында гүлдің саны, экологиялық бұрыштың бар болуы, экологиялық тәрбиенің берілу деңгейі байқауға түсті.

Қаңтар айында 8 сыныптар арасында «Менің туған өлкемнің табиғаты» тақырыбында сайыс сабағы өтті. Қатысқан: 45. І орын – 8 «ә» сыныбы, ІІ орын – 8 «ж» сыныбы, ІІІ орын – 8 «а» сыныбы. Қатысқаны үшін – 8 «е», 8 «г» сыныптары.

Ақпан айында 1 сыныптар арасында «Көктемді қондырып қанатына» тақырыбында сұрақ-жауап сабағы өтті. Қатысқан: 15.

Наурыз айында 2 сыныптар арасында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

25.02-27.02.2011ж. күндері 4-6 сыныптарда «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан:43 оқушы.

08.04.2011ж. күні 5 сыныптар арасында «Байлық көзі-жерде» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 55 оқушы, көрермен – 258.

І орын – 5 «ә» сыныбы, ІІ орын-5 «ж» сыныбы, ІІІ орын – 5 «д», 5 «ғ» сыныптары, 4 орын – 5 «е» сыныбы.

11 сынып оқушылары арасында «О, табиғат, тамылжыған жырмысың!» тақырыбында мүшәйра өтті. Қатысқан: 20. І орын: Үкібаева Ұлжан, ІІ орын-Қиянов Ермек, ІІІ орын – Надирханов Бердібек.

5.Дөңгелек үстел: «Экология және балалар» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан – 15.

29 желтоқсан – Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай дөңгелек үстел, танымдық сабақтар өткізілді. Қатысқан – 55 оқушы, 20 мұғалім.

28.01.2011ж. күні 6 сыныптар арасында «Өрттің пайда болу себептері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 45.

Ақпан айында «Семей қасіреті» тақырыбында 10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 20.

4 сыныптар арасында «Адамдардын табиғатсыз куні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 28.

6. Қайырымдылық акциясы: Сәуір айында «Жер анаға мың тағзым» тақырыбында қайырымдылық акция ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектеп алаңына әр сынып 6 түп талдан екті. Жалпы: 2676 оқушы.

7. Саяхат: Сәуір-маусым айлары аралығында әр күн сайын барлық 5-10 сынып оқушылары «Адай ата- Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешеніне саяхат жүргізілді. Қатысқан: 1425 оқушы.

1 сәуір-Халықаралық құстар күніне орай 7 сынып оқушылары облыстық өлкетану мұражайына барып келді. Қатысқан: 240 оқушы.

8. Практика сабақ: 25.02-01.03.2011ж. күндері «Өрт кезіндегі мектеп қызметкерлерімен оқушыларды эвакуациялау» тақырыбында практика жасалды. Қатысқан: 1258 оқушы.

9. Пікірталас: сәуір айында 10 сыныптар арасында «Туған елдің тағдыры толғанта ма, жас ұлан?!» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 8.