«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша жасалынған жұмыстардың жылдық есебі

Вид материалаДокументы

Содержание


VІІІ. Эстетикалық тәрбие
1. Сынып сағаттары
2. Ашық тәрбие сағаттары
7. Дөңгелек үстел
9.Дәрігермен кездесу
Подобный материал:
1   2   3   4   5

VІІІ. Эстетикалық тәрбие


Мақсаты:

Рухани – адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.

1. Қыркүйек айында Барлық оқушыларға бірыңғай мектеп ережесі, мектеп формасын сақтау жөнінен бұйрық шығарылды. Осы бұйрықпен әр сынып жетекшілері оқушыларын және ата-аналарын таныстырды.

2. Қазан айында «Мектеп формасы-2012» дизаинерлер сайысы өтті. Қатысқан – 18.

3. Қараша айында «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында пікірталас өтті. Қатысқан – 28 оқушы.

4. Желтоқсан айында «Адам әдептілігімен әдемі» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан – 85 оқушы.

5. Сынып сағаттары: «Әсемдік дегеніміз не?», «Сыпайы сөйлеу-сыйласу», «Сұлулық сыры неде?», «Менің жақсы қасиеттерім», «Киіне білу де өнер», «Мінез-құлық мәдениеті», «Сыпайының сыйы мол»,«Әсемдік дегеніміз не?», Балалық шағым бал шағым»,

6. Ашық сабақтар: «Ән көңілдің ажары», «Сұлулық сыры неде?», «Киіне білу де өнер», «Сыпайы болу – үлкен өнер»

7. Қаңтар: «Мектеп формасымен киіне білейік!» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларына баяндама оқылды. Қатысқан: 150 оқушы, 7 мұғалім.

8 сынып оқушылары арасында «Қыс аруы-2011» сайысы өтті. Қатысқан: 9 оқушы, көрермен-280. Жүлделі орындар:

«Қыс аруы-2011» - 8 «б» с/о Мұхаммединова Жазира

«Биші ару» - 8 «ә» с/о Энепияева Қырмызы

«Өнерлі ару» - 8 «е» с/о Бердіқұл Құралай

«Шебер ару» - 8 «г» с/о Болатбаева Жазира

8. Ақпан: 7 сыныптар арасында «Қазақи тыйымдар мен ырымдар» тақырыбында сайыс өтті. Қатысқан: 54. І орын – 7 «а» сыныбы, ІІ орын – 7 «в» сыныбы, ІІІ орын – 7 «б» сыныбы.

6 сыныптар арасында «Маңғыстаудың көне мәдениет мұралары» тақырыбында саяхат сабақ өтті. Қатысқан: 214.

9. Наурыз: 8-9 сыныптар арасында «Гүлдер әлемінде» атты тақырыпта танымдылық сабақ өтті. Қатысқан: 521.

7 сыныптар арасында 27 наурыз-Театр күніне орай: «Театр-мәдениет ошағы» деген тақырыпта сайыс өтті. Қатысқан: 90. І орын – 7 «в» сыныбы, ІІ орын – 7 «а» сыныбы, ІІІ орын – 7 «б» сыныбы.

1 сыныптар арасында «Ән - көңілдің ажары» тақырыбнда ән байқауы өтті. Қатысқан: 15.

16.03.2011ж. күні 9 сынып ұлдары арасында «Қолөнер-мол өнер» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Қатысқаны-16 оқушы. Жүлделі орындар:

І орын – 9 «в» сыныбы

ІІ орын – 9 «ғ» сыныбы

ІІІ орын – 9 «д» сыныбы

10. Сәуір: 15 сәуір-«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орай 8 сыныптар арасында «Жігіт пен қыз арасында достық бола ма?» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 294 оқушы.

2 сыныптар арасында «Менің жақсы қасиеттерім» тақырыбында сұрақ-жауап өтті. Қатысқан: 11 оқушы.

11. Мамыр: Мектеп оқушылары «Театр актері қандай болу керек?» тақырыбында облыстық мәдениет үйінің режесерімен кездесу өтті. Қатысқан: 152.

3 сыныптар арасында «Дөрекілік қайдан шығады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 25.

4 сыныптар арасында «Сұлулық сыры неде?» тақырыбында сұрақ-жауап сабағы өтті. Қатысқан: 15.

9 -10 сыныптар арасында «Жігіттер бойға таққан бір гауһар тас» жігіт байқауы өтті. Қатысқан: 5 оқушы, көрермен – 258.


ІХ. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

Мақсаты:

Жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.


2010-2011 оқу жылында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру күресінің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасына сай мектебімізде наркобекет бұрышы жасақталып, құрамы бекітілді.


5 орта мектепте 2010-2011 оқу жылында құрылған «Наркологиялық бекет» құрамы:

  1. ДТЖО: Каримова Асылзада
  2. Психолог: Самендирова Нұргүл
  3. Әлеуметтік педагог: Қондыбаева Айгүл
  4. Ата-ана: Оразова Сұлушаш
  5. Мектеп инспекторы: Еділбай Баян
  6. Сынып жетекшілер: Темиркасова Шекер, Кошанова Аманбибі

Осы бағдарламаға сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

Наркологиялық бекет бұрышы жасақталды.

Акция: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 15.12.2009ж. № 850 бұйрығына сәйкес, «Салауатты өмір салты-2010» бағдарламасындағы оқушылар арасында вирустық «А» гепатитінің алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында мектебімізде төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

Осы акцияны өткізу үшін арнайы топ құрылып, жоспары жасақталды.

1.Ықыласова Н – мектеп медбикесі

2. Әли Р. Махатова Т. – ДТЖО

3. Ирсалиева Н. – сурет пәні мұғалімі

5-6 сыныптарда «Тазалық-денсаулық кепілі» сурет байқауы. Қатысқан оқушы саны-16.

Мұғалімдер мен оқушылар арасында «Вирустық «А» гепатитінің алдын алайық!» тақырыбында жиналыс өткізілді. Қатысқан-50 мұғалім, 30 оқушы.

1. Сынып сағаттары: «Жағымсыз әдеттерге «Жол жоқ!» деп айт», «Ішімдіктің, нашақорлықтың, темекі шегудің адам өміріне зияны», «Зиянды әрекеттерден аулақ бол», «Өз-өзіңе ор қазба!», «Нашақорлықпен күрес», «Сенің өмірің - сенің таңдауың». Қатысқаны: 31 мұғалім, 1165 оқушы.

«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!», «Салауатты болашақ», «СӨС қалаймыз!», «Нашақорлық – ХХІ ғасыр індеті», «ЖҚТБ-ны тоқтат! Уәдеңді орында!» «СПИД-ғасыр дерті», «Өз-өзіңе ор қазба!», «Ішімдіктің, нашақорлықтың,темекі шегудің адам өміріне зияны». Қатысқандар: 1683 оқушы.

«Спорт-денсаулық кепілі», «Шынықсаң, шымыр боларсың», «Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың. Жаны сау», «Денсаулыққа зиянды заттар», «Денсаулығың - бақытың», «Тұмаудан сақтан!», «Дені сау ұрпақ – ел болашағы», «Жұқпалы аурулар», «Қарамықтан сақ болайық!», «Жаттығу-жанның тынысы», «Темекінің зияны», «Есірткіге жол бермейміз!», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Денсаулық кепілі-салауаттылық», «Денім сау болсын десең, дұрыс тамақтан», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Салауаттан бастау алған, денсаулық пен бақытқа ие болар», «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның» (АҚТБ және ЖҚТБ), «Есірткіге тосқауыл», «Есірткіге қарсы насихат», «Есірткіден бас тарт». Қатысқан: 2665

2. Ашық тәрбие сағаттары: «Белгісіз хандықта болған оқиға», «Нашақорлыққа әкелетін жол», «Жауапты мінез–құлық – нашақорлықтан қорғану». Қатысқан: 812 оқушы, 36 мұғалім

«Зиянды әрекеттерден аулақ бол!»,«Белгісіз хандықта болған уақиға», «Нашақорлыққа әкелетін жол»,«Жауапты мінез-құлық- нашақорлықтан қорғану»«Жыныстық жолмен жұғатын аурулар. ЖИТС (СПИД) – ғасыр індеті». Қатысқаны: 812 оқушы, 36 мұғалім.

«Денсаулығы сәбидің-қуанышы әр үйдің», «Денсаулығың-бақытың», «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ», «Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер», «Тіс және қол күтімі», «Ауырмау үшін не істеу керек?», «Ас – адамның арқауы».

«Нашақорлыққа жол жоқ!», «СПИД-тен қорғану жолдары», «Жауапты мінез–құлық – нашақорлықтан қорғану», «Есірткі бақылауының тарихы», «Қазақстандағы есірткі бақылауының тарихы», «Қазақстан есірткі саудасымен күресте алдыңғы шепте». Қатысқан: 1745

3. Пікірталастар: Қараша айында «Нашақорлық және ВИЧ», «Нашақорлық туралы ашық сөйлесейік». Қатысқан: 355 бала

9 сыныптар арасында «Ауруды әлеуметтік жағдай ауыздықтайды» пікірталас өтті. Қатысқан:18.

Қаңтар айында 9-11 сынып оқушылары арасында «Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастар» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 135.

Сәуір айында 9-11 сынып оқушылары, ата-ана, сынып жетекшілері арасында «Бүгінгі күннің талабы және ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 31 оқушы, 15 ата-ана, 10 мұғалім.

4. Сауалнама: Қазан айында «Нашақорлықтың зияны» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Қатысқан бала саны – 868 оқушы.

7 сыныптар арасында «Теңдесіз жау – темекі» тақырыбында сауалнама алынды. Қатысқан: 285.

Ақпан айында 5-11 сынып оқушыларына «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында психолог мамандар трининг сабақ өткізді. Қатысқан: 1685.

5. Кездесулер: Қараша айында 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық жасөспірімдер дәрігері Г.Суханбердиева және СӨС педагогы Сундетовамен кездесу өтті. «ХХІ ғасыр індеті – ЖҚТБ» және «Нашақорлықтың азабы» тақырыбында баяндама оқыды. Қатысқан: 338 оқушы, 26 мұғалім.

Қаңтар айында 2 сыныптар арасында «Денсаулығы ғаламның, денсаулығы адамның» тақырыбында мектеп медбикелерімен кездесу өтті. Қатысқан: 250 оқушы, 12 мұғалім.

10-11 сынып оқушыларына «Жыныстық қатынас мәдениеті мен гигиенасы» тақырыбында СӨС қалыптастыру орталығы дәрігері Сухамбердиевамен кездесу өтті. Қатысқан: 132 әңгіме

15.01.2011ж. 8-9 сынып оқушылары аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу өтті. Қатысқан: 348.

25.02.2011ж. күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Есірткі мен ішімдік-бұл тажал» тақырыбында мектебіміздің наркопост мүшелерімен кездесу. Қатысқан: 385.

23.05.2011ж. күні «Есірткісіз болашақ» акциясына орай 5-11 сыныптарда мектеп инспекторы Б.Еділбаймен кездесу өтті. Қатысқан: 1428

Аудандық емхана дәрігері Суханбердиева Гүлмира Ердаулетовна, медбике Султангалиева Амангуль Абдугалиевна, Разова Құралай Дюсенбаевнамен 4-8 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Қатысқан: 879.

6. Сайыстар: 7 сыныптар арасында «Нашақор - өмірдің азабы» тақырыбында

көрініс сайысы өткізілді. Қатысқан – 72 оқушы, 18 мұғалім.

5 сыныптар арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында буклет сайысы өткізілді. Қатысқан – 22 оқушы, 11 мұғалім.

6. сыныптар арасында «Көңілді старт» өткізілді. Қатысқан – 9 топ, 90 оқушы.

5-6 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан – 35 оқушы.

8-9 сыныптар арасында «Есірткі-адамзаттың соры» тақырыбында шығарма сайысы өткізілді. Қатысқан – 16 оқушы.

04-09.04.2011ж. күндері 8-11 сыныптар арасында «Бір сәт күлкі өмірді ұзартады» тақырыбында көңілтапқыштар клубы КВН өткізді. Қатысқан – 380 оқушы.

07-13.04.2011ж. күндері 7 сәуір-Әлемдік денсаулық күніне орай жеңіл атлетикадан жарыстар өтті. Қатысқан-210.

10-11 сыныптар арасында әскери-спорттық ойындардан қоғамдық ұйымдар арасында жарыс өтті. Қатысқан: 51 оқушы.

15 мамыр-Халықаралық жанұя күніне орай 5 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Қатысқан: 14 оқушы, 14 ата-ана

5 сыныптар арасында аудандық «Біз-көңілді отбасы» тақырыбында көңілді старт эстафеталық жарысы өтті. Қатысқан: 50 оқушы. І орын - № 5 орта мектеп оқушылары.

Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылды.

Қатысқан – 12.

Дайындық тобы мен 1 сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті. Қатысқан: 51.

Қаңтар айында 8 сыныптар арасында баскетболдан жарыс. Қатысқан: 42 оқушы.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық меморияльдық музейі ұйымдастырған пневматикалық мылтық атудан «Мерген Ару-2011» атты республикалық жарыстың аудандық кезеңінде сайыс өтті. Қатысты: 4 оқушы. 10 «б» сынып оқушысы Кочербаева Эфиза ІІ орын, 9 «ғ»

сынып оқушысы Ахметова Жансая ІІІ орынға ие болды.

2011 жылдың 25 ақпанында өткен Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығуына 22 жыл толуына арналған «Мерген-2011» оқпен мылтық атудан облыстық жарысында мектеп командасы қатысты. Ахметова Жансая 9 «ғ» сынып оқушысы І орынға ие болды.

«Отан Қорғаушы-2011» облыстық слеті өтті. Қатысты: 10.

2 сыныптар арасында «Денсаулығың- бақытың» тақырыбында сурет сайысы өтті. Қатысқан: 26.

5 сыынптар арасында «Ұлттық ойын ой сергітер» ойын сағаты тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Қатысқан: 15.

Қаңтар айында «Ал, кәне, жігіттер!» тақырыбында әскери-спорттық сайыс өтті. Қатысқан: 25 оқушы. І орын – 10 «а» сыныбы, ІІ орын – 10 «ә» сыныбы, ІІІ орын – 11 «а» сыныбы.

Ұлыстың ұлы күніне орай 7 сыныптар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Қатысқан: 54, көрермен ретінде – 281 оқушы, 50 мұғалім, 5 қонақтар.

Асық ойыны:

І орын – 7 «д» сынып оқушысы Абілхайыров Жасдәурен

ІІ орын – 7 «а» сынып оқушысы Абдуллаев Жолдас

ІІІ орын – 7 «е» сынып оқушысы Қытайбай Ерқанат

Кір тас көтеру:

І орын – 7 «б» с/о Базарбаев Мырзабек, ІІ орын – 7 «е» с/о Дайрабеков Қайрат

ІІІ орын – 7 «ә» с/о Әбдімағанбет Қайрат

Қол күрес: І орын – 7 «б» с/о Раев Ықлас, ІІ орын – 7 «ж» с/о Кайров Бейбарыс,

ІІІ орын – 7 «ә» с/о Атагузов Қазбек

Итеріспек: І орын – 7 «ә» с/о Тлепова Әлия, ІІ орын – 7 «б» с/о Адисова Ақбала,

ІІІ орын – 7 «ғ» с/о Сисенбай Қаламқас

Қазақша күрес: І орын – 7 «е» с/о Өмірбеков Аққанат, ІІ орын – 7 «а» с/о Пайпақов Болатбек, ІІІ орын – 7 «б» с/о Барақ Азамат

Арқан тартыс: І орын – 7 «б» сыныбы, ІІ орын – 7 «ә» сыныбы, ІІІ орын – 7 «ж» сыныбы.

Тоғызқұмалақ: І орын – 7 «д» с/о Масатаева айман, ІІ орын – 7 «ж» с/о Қошар

Әсемгүл, ІІІ орын – 7 «ә» с/о Сұлтан Айдана

7. Дөңгелек үстел: «АҚТҚ және есірткі» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел. Қатысқан бала саны – 51.

3 сынып оқушылары арасында «Ауырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан: 26.

4 сыныптар арасында «Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер» тақырыбында пікірлесу өтті. Қатысқан: 30

8. Айлық: 01.11-01.12.2010ж. күндері аралығында «Нашақорлықпен күрес» айлығы өткізілді. Осы айлық барысында сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары, сурет көрмесі, шығарма-реферат, көріністер байқауы, дөңгелек үстел, көңілді старт өткізілді.

«ЖҚТБ және қоғам» деректі фильмдер, қысқа митражды роликтер көрсету. Қатысқаны: 1873 оқушы.

Мектеп жағдайында ЖҚТБ-ның алдын-алу мақсатында стенд жасақтау.

«ЖҚТБ-ға жол жоқ!» буклеттер, брошюралар жасақтау. Қатысқаны: 22 оқушы.

15.11.2010 ж. Жасөспірімдер дәрігері Суханбердиева Г және СӨС педагогы Сүндетовамен кездесу. «ЖҚТБ- ХХІ ғасыр дерті».Қатысқаны: 198 оқушы,17 мұғалім.

16.11.2010 ж. «ЖҚТБ-ға қарсымыз!» сурет байқауы.Қатысқаны: 48 оқушы.

19.11.2010 ж. «Қазақстандағы АҚТҚ мен ЖҚТБ. Аңыз бен шындық» лекция. Қатысқаны: 361 оқушы, 41 мұғалім.

22.11.2010 ж. «Нашақорлық- қоғамдық дерт», «СПИД-тен қорғану жолдары» ашық тәрбие сағаты. Қатысқаны: 57 оқушы.

27.11.2010 ж. «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!». Толағай жанұялық спорттық ойыны ата-ана мен балалар арасында ұйымдастырылды. Қатысқаны: 4 топ.

30.11.2010 ж. «ЖҚТБ-ға жол жоқ!» баскетболдан оқушылар арасындағы сайыс. Қатысқаны: 6 топ, 65 оқушы.

01.12.2010 ж. «ЖҚТБ-ға қарсымыз!» Жас мамандар арасындағы көңілді старт. Қатысқаны: 40 жас маман, көрермендер 75.

9.Дәрігермен кездесу: 26.10.2010 ж. 8-11 сынып оқушы қыздарымен гениколог «Жасөспірім қыздар арасында жыныстық сауаттылықты,мәдениетті арттыру» тақырыбында баяндама оқып,сұхбат өткізді.

Қараша айында 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық жасөспірімдер дәрігері Г.Суханбердиева және СӨС педагогы А.Сундетова «ЖҚТБ- ХХІ ғасыр індеті » тақырыбында баяндама оқыды.Қатысқан: 338 оқушы. 26 мұғалім.

10. 2010 жылдың 01 қазанынан бастап жедел респираторлы вирусты жұқпасымен (ЖРВЖ) тұмау дертінің маусымының басталуына орай және алдағы уақытта мектеп оқушыларының арасында ЖРВЖ, тұмау ауруларының алдын алу мақсатында барлық сыныптарда «Мектептег грипп профилактикасы» тақырыбында 15-16.10.2010ж. күндері аралығында диктант алынды.

«Тұмаудың таралуынан сақтанайық!», «Тұмаудың алдын алу шаралары», «Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Қаңтар айында 1 сыныптар арасында «Тіс және қол күтімі» тақырыбында мектеп медбикесімен кездесу өтті. Қатысқан: 325.

11.Апталық: Облыстық білім басқармасының 12.10.2010ж. № 01-16/10577 шығыс хаты негізінде Дүниежүзілік тамақтану күніне орай өткізілген іс-шаралар:

1. 19.10.2010ж. «Денсаулыққа зиян тағамдарға сіздің көзқарасыңыз?» 8 сыныптар арасында пікірталас өткізілді. Қатысқан – 60.

2. 20.10.2010ж. 5 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында буклет сайысы өтті. Қатысқан -33 оқушы.

І орын – 5 «г» сыныбы

ІІ орын – 5 «е» сыныбы

ІІІ орын – 5 «ә» сыныбы

3. 21.10.2010ж. 9 сыныптар арасында «Үй тағамдары» жәрмеңкесі өтті. Қатысқан-35 оқушы.

4. 22.10.2010ж. 6 сыныптар арасында «Мен – анамның көмекшісімін» сайысы өтті. Қатысқан-10 бала.

І орын – 6 «ә»

ІІ орын -6 «ж»

ІІІ орын -6 «а»

5. 22.10.2010ж. 7 сыныптар ұлдармен бірге «Ас үйге арналған бұйымдар» көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан-25 оқушы.

6. 23.10.2010ж. 5-7 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулыққ кепілі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан-30 оқушы.

7. 23.10.2010ж. 10 сынып оқушылары арасында «Артық салмақтан арылу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан-25 оқушы.

8. Медбикенің санбюллетень, қабырға газеттері шығарылды.

9. 5-11 сыныптар арасында көңілді старт өткізілді. Қатысқан-80 оқушы.

14 қараша-Халықаралық қант диабетімен күрес күніне орай мектебімізде 13-17.11.2010ж. күндері аралығында сынып сағаттары өтті. Қатысқан бала саны-2621

15.11.2010ж. күні «Қант диабетінің алдын алу» мектеп медбикесімен кездесу. Қатысқан бала саны – 80.

«Қант диабетінің алғашқы кезіндегі белгілері» тақырыбында санбюллетень шығарылды.

13-17.11.2010ж. күндері аралығында «Қант диабетінің алдын алу» тақырыбында ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Қатысқан - 40 ата-ана.

30 қаңтар күні VII қысқы Азиаданың өтуіне орай мектебімізде спорттық жарыстар өткізілді.

31.01.2011ж. күні Қ.Мұңайтпасовтың туғанына 140 жыл толуына орай қазақша күрестен сайыс өтті. Қатысқан: 12 оқушы. Мектеп палуанына Каракулов Ырзабек иеленді.

5.02.2011ж. күні 9 сыныптар арасында (ұлдар) арасында шағын футболдан жарыс өтті. Қатысқан: 80 оқушы. Нәтижесінде: І орын – 9 «в» сыныбы, ІІ орын – 9 «ғ» сыныбы, ІІІ орын – 9 «г» сыныбы.

7-8.02.2011ж. күндері 6 сынып арасында (қыздар) шағын футболдан жарыс өтті. Қатысқан: 54 оқушы. Нәтижесінде: І орын – 6 «ә» сыныбы, ІІ орын – 6 «б» сыныбы, ІІІ орын – 6 «ғ» сыныбы қыздары ие болды.

08.02.2011ж. күні 8 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті.

Қатысқан: 72 оқушы. Нәтижесінде: І орын – 8 «ә» сыныбы, ІІ орын – 8 «в» сыныбы, ІІІ орын – 8 «а» сыныбы.

08.02.2011ж. күні мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ ойыны өткізілді. Қатысқан: 21 оқушы. Нәтижесінде: Ұлдар арасында

І орын-8 «г» сынып оқушысы М.Сериков

ІІ орын – 5 «в» сынып оқушысы Қ.Сақтағанов

ІІІ орын – 8 «ғ» сынып оқушысы А.Қалбаев

ІV орын – 6 «в» сынып оқушысы А.Аманбаев

Қыздар арасында:

І орын – 7 «д» сынып оқушысы А.Масатаева

ІІ орын – 7 «д» сынып оқушысы Ж.Сакиева

ІІІ орын – 6 «е» сынып оқушысы Г.Сүгірбаева

ІV орын – 7 «а» сынып оқушысы А.Сабытаева

09.02.2011ж. күні 7 сыныптар арасында «Көңілді старт» эстафеталық жарысы өтті. Қатысқан 72 оқушы. Нәтижесінде:

І орын – 7 «е» сыныбы, ІІ орын – 7 «г» сыныбы, ІІІ орын – 7 «ә» сыныбы.

12.02.2011ж. күні мектеп мұғалімдері және кіші қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті. Қатысқан: 60.

1 наурыз – Халықаралық Азаматтық Қорғау күніне орай төмендегідей іс- шаралар өткізілді.

25.02.2011ж. күні 10-11 сыныптарда «Әйелдердің азаматтық қорғау жүйесіндегі орны мен рөлі» тақырыбында конференция өтті. Қатысқан – 130 оқушы.

25.02-01.03.2011ж. күндері 1-11 сыныптар арасында «Кенеттен болатын апатты жағдайлар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қатысқан-2654 оқушы.

26.03.2011ж. күні 9 сыныптарда «Жеке адамның қорғаныс құралдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқан– 234 оқушы.

25.02-27.02.2011ж. күндері 4-6 сыныптарда «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан-43 оқушы.

25.02–01.03.2011ж. күндері 5-11 сыныптарда «Қолданыстағы авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарды көпшілікке көрсету» тақырыбында

практикалық дәріс сабағы өткізілді. Қатысқан - 1357 оқушы.

25.02-01.03.2011ж. күндері «Өрт кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушыларды эвакуациялау» тақырыбында практика жасалды. Қатысқан – 1258 оқушы.

28.02.2011ж. күні 6 сыныптар арасында «Өрттің пайда болу себептері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысқан–389 оқушы.

9 сыныптарда «Ақыл ісі – ел дауы» төтенше жағдайлар туралы ашық тәрбие сағаты. Қатысқан- 80 оқушы.

01.032011ж. күні 10-11 сыныптар арасында «Әскердегі арулар» тақырыбында қыздар байқауы өтті. Қатысқан-18 оқушы, көрермен ретінде -128 оқушы.

І орын – 10 «а» сыныбы

ІІ орын – 10 «ә» сыныбы

ІІІ орын – 10 «б» сыныбы

Сәуір айында жеңіл атлетикадан сайыс өтті. Қатысқан: 1258.

17.05.2011ж. Дүниежүзілік күретамыр гипертониясының алдын алу» күніне орай апталық өтті. Апталық барысында:

9-11 сынып оқушыларына «Қан тамыр гипертаниясының шығу жолдары» тақырыбында баяндама оқылды. Қатысқан:132.

5-8 сыныптарда «Қан қысымынан жүрек ауруы басталады» тақырыбында дөңгелек үстел, кездесу өтті. Қатысқан: 1245.

5-11 сыныптарда «Гипертония деген не?» тақырыбында сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Қатысқан: 1586.

8-9 сыныптарда «Ас-адамның арқауы» тақырыбында шығармалар жазылды. Қатысқан: 512

9 сыныптар арасында «Қазіргі құнарсыз тағамдар» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысқан: 25.