С. Торайгырова Региональный центр политических исследований политическая реальность в разнообразных ее проявлениях павлодар 2008 ббк 66(5Каз)
Вид материала | Документы |
СодержаниеХ. Арендтің Г.И. Деминнің А.В. Шулепов Г.Р. Нұрымбетова |
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25) Ббк 63. 3(5Каз), 6238.86kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар 2007 удк ббк 63. 3(5Каз), 8203.42kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25)(075. 8) Ббк 63. 3(5Каз)я73, 3259kb.
- С. Торайгырова Институт истории и права Муратбай Тасбулатов Становление и развитие, 6201.31kb.
- Учебное пособие Павлодар удк 94(574+470. 4/. 5+571. 1)(075. 8) Ббк 63. 3(5Каз+2Рос)5я73, 3633.95kb.
- Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова, 537.91kb.
- История зарубежной социологии Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей, 725.22kb.
- Министерство образования и науки Республики Казахстан Павлодарский государственный, 2226.3kb.
- Габит Нажмединович Иренов. Павлодар: Павлодар гос ун-т, 2008. 285 с. Isbn 9965-08-323-1:, 414.13kb.
- Терроризм явление не новое: вся история человечества сопровождалась насилием и террором, 130.24kb.
Литература: 1. См. Дегтияров А.А. Основы политической теории – М. 1998. - С.100 – 101 2. Цит.по: Современных политическая наука: прьлемы государства и демократии ( Под ред. Г.Х.Шахназарова. - М: Наука. 2982, С.9) 3. Цит.по: Общая и прикладная политология. – М., 1997, - 992с. 4. Цит по: Власть: очерки современной политической философии Запада. – М., 1989, С. 136.
6. Цит. По: Джунусова Ж. Х., Булуктаев Ю.О., Козелецкая Г.В. Политология. Курс лекций. – А., 1998. - С.35. 7. Finer H.Theory and Practice of Modern Government.London:Methuen, 1954. - P. 10. 8. Шмит К. Понятие политического // Вопросы социологий, 1992, №1. 9. Дювержье М. Политические институтиты и конституционное право. Антология мировой политической мысли в 5 томах. Т. 2. - С.657. 10. Dunleavy P.J. Intpoduction to Politics University of London, 1995.Р.7-8. 11. Дмитриев Ю.А. Соотношение понятии политической и государственной власти в условиях формирования гражданского общества.// Государство и право, 1994, №7. - С. 30. 12. См. Байдильдинов Л.А. Казахстан как политическая реальность. – А.2000, - С.169. 13 См. Ершов А.Д. Международные таможенные отношения, - СПб., 2000,С.22-23. 14. Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990,С.646. 15. Советская Россия, 14 марта. 16. вебер М. Политика как призвание и профессия // Антология мировой политической мысли. В 5т. Т.11.М.,1997, С.11. 17. См. Якобсон В.А. Регулирование международной торговли по законам Хаммурапи // Древний Васток и мировая культура.- М., 1981; Дьконов И.М.Общественный и государственный строй Двуречья Шумер.- М.,1959; Артхашастра или Наука политики (пер. с санскрита. М.-1993). Азаматтық қоғам ұғымының мәні мен мазмұны Мұсатаев С.Ш. Азаматтық қоғамның демократиялық үлгідегі саяси жүйеде алатын орны мен рөлі туралы пікірталас саяси ғылымда бүгінге дейін жалғасуда, бұл өз кезегінде осы ұғымға қатысты ортақ пікір қалыптаспағандығын көрсетеді. Сәйкесінше қазіргі саясаттануда азаматтық қоғамды түсіндірудің түрлі-түрлі нұсқаларын кездестіруге болады. Солардың бірі М. Хайдеггердің “азаматтық қоғам деген азаматтардың құрған қауымы” деген қарапайым анықтамасы болып табылады. Азаматтық қоғам “біз азаматпыз және бізде қоғам бар” деген ұстаныммен түсіндіретін зерттеушілер азаматтық пен қоғамның қалыптасуын жеке-дара қараудың нәтижесінде “азаматтық қоғам қалыптасқан жағдай емес, ол процесс” деп түсіндіреді [1]. В. Гавел ұсынған азаматтық қоғамның анағұрлым күрделі анықтамасы өзегінде адам мен азаматтың барлық құқықтарына толық әрі әмбебап түрде ие, барша адамдармен теңқұқықты азамат тұрған саяси жүйеге келіп тіреледі. “…Басқаша айтқанда, - дейді ол, - мұндай жүйеде қандай да бір рассаның, ұлттың, жыныстың немесе діннің өкілі өзгелерден ерекше құқықты иелене алмайды. Осындай, мен жақтайтын жүйе азаматтық қоғам деп аталады” [2]. Сондай-ақ, азаматтық қоғамда мемлекеттік мүдденің орнына қоғамдық және жеке меншік мүдделер жоғары тұрады деген көзқарастар да кездеседі. Мұндай жүйеге өту тек тәуелсіз кәсіпкерлік экономиканы мемлекеттік аппараттың қол астынан шығарып алғанда ғана мүмкін болмақ. Азаматтық қоғамның мұндай тұжырымдамасы оны модернизация негіздерінің бірі деп көрсетеді [3]. Көптеген саясаткерлер мен саясаттанушылар азаматтық қоғам ұғымын заңды негізде қызмет етіп, өз қызметінде мемлекетке тәуелді емес азаматтардың ерікті ассоциациялары мен одақтарының жиынтығы деп түсіндіреді. Біздің ойымызша, бұл анықтама ақиқатқа өте жақын болғанымен мазмұны жағынан азаматтық қоғамның мәнін толық аша алмайды. Бұл бір жағынан аталған ұғымның қоғам өмірінің көптеген салаларын және түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін қамтитын кең ауқымдылығынан болса керек. Осыдан келіп азаматтық қоғамның мәнін ашу теориялық және қолданбалы бағыттардағы кешенді саясаттанулық талдауды қажетсінетіндігі тағы да бір дәлелденеді. Осыған байланысты біз азаматтық қоғам ұғымының мәні мен мазмұнын қарастырамыз. Адамзат тарихында “азаматтық қоғам” категориясы ақыл-ой, бостандық, игілік пен әділеттілік салтанат құратын идеалды қоғамдық құрылыс моделін табуға түрлі ойшылдар ұмтылғанын алдында қарастырдық. Бұл - азаматтық қоғамның мемлекеттік органдарға жалтақтамай, социумның өзін-өзі ұйымдастыруының шынайы деңгейін көрсететін әлеуметтік белсенділіктің түрлі формаларын сипаттауымен байланысты [4]. Азаматтық қоғам ұғымымен сипатталатын қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жай-күйі қандай да бір ел тұрғындарының азаматтық өзіндік іс-әрекетінің сапалық көрсеткіші мен әлеуметтік саладағы мемлекет пен қоғам арасындағы қызмет бөлінісінің негізгі талаптары болып табылады. Сол үшін де азаматтық қоғамда алдыңғы орынға қоғамдық саясат шығады. Х. Арендтің тұжырымы бойынша қоғамдық саясаттың негізін іс-әрекет құрайды. Нақтырақ айтқанда, бұл өзара іс-әрекет, бірақ оның тіршілік етуін тек билік қана қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде Х.Арендт билікті уәде етілген және орындалатын аманат, келісім-шарт пен өзара міндеттеме негізіндегі іс-әрекет деп түсіндіреді. Билік өзара мойындау мен ынтымақтастыққа негізделген коммуникациядан күш алатын іс-әрекеттің белгілі бір нормативтік принциптерге сай болуымен легитимді [5]. Қоғамдық саясат азаматтық қоғамның тұрақты атрибуты ретінде ортақ қоғамдық игілік үшін ел азаматтарының бір-бірімен жұмыс істесуін қамтиды. Ол «Саясат - үкімет пен саясаткерлер ғана айналысатын қызмет», - деген бұқара халыққа ортақ түсініктен өзгеше. Қоғамдық саясаттың қатысушылары азаматтық қоғамның институционалдық негізін құраушы ерікті ассоциациялар мен азаматтардың одақтарын қалыптастырып қана қоймай, саясат ұғымына: “саясат дегеніміз – азаматтар жүзеге асыратын қызмет” деген жаңа мазмұн енгізе отырып, билік жүйесін өзгертетіндіктерін байқамай да қалады. Саясатты бұлайша түсіну азаматтардың өз болашақтарына деген бақылауды тереңдетуіне бағытталған азаматтық іс-қимылды туғызады. Ал демократия халық билігі ретінде азаматтардың осы халықтық басқару процесіне белсенді де саналы қатысуына тікелей тәуелді болғандықтан, оның тағдыры азаматтық іс-қимылмен тығыз байланысты. Яғни, азаматтық қоғамның негізінде саясаткерлер мен бюрократтар емес, керісінше, билікке ие халық заң күшін өздерінің бостандықтарын өмірде іске асыруға пайдаланатын нағыз демократиялық басқару түрі жатыр деп батыл тұжырым жасай аламыз. Демократия мен азаматтық қоғамның осындай тығыз өзара байланысынан біз өзгермес аксиома тұжырымдадық: тек демократиялық мемлекет қана шынайы азаматтық қоғам құра алады және де азаматтық қоғам ғана демократияның мызғымас негізі болмақ. Осы аксиома контексінде ресейлік саясаттанушы Г.И. Деминнің азаматтық қоғамды жоғары қоғамдық мәртебеге ие азаматтар мен өмірдің бар саласында құрылған мемлекеттік емес құрылымдардың жиынтығы, олардың арасындағы қатынас деген пікірімен келісуге болады. Оның айтуынша, мұндай құрылымдардың жиынтығы мемлекеттің шектен тыс күшеюі мен қоғамдағы экстремистік процестерді тежеуге қабілетті [6]. Бұл анықтамадан шығарған қорытындымыз: демократия жағдайындағы азаматтық қоғамның тіршілік етуінің негізгі саяси алғышарты – жеке тұлға құқығын қорғай отырып, бұл құқықтарды жүзеге асыру барысында бір адам екіншісінің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетіндей жеке және ұжымдық бостандықтарды құқықтық және заңдық қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай тепе-теңдік пен серіктестік жүйесі түптің түбінде жаппай бостандықтарды бекітудегі анархияға жол бермеу арқылы билікті нығайтады. Тәртіп болса адамдардың бойында билеуші режимге деген соқыр бас ұрушылықты емес, өзінің жеке абырой-намыс сезімін, жеке тұлғаның құқықтық саналылығын, өз ісіне деген азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеп, оның әлеуметтік-саяси шығармашылығы мен бастамашылдығын қолдайды. Нәтижесінде, мемлекет өзінің күнәсіз әрі әлеуметтік үстемдіктің шексіз билігіне ие емес екенін сезініп, заңды басшылыққа алып, азаматтардың жасампаздық идеяларымен санасып, оларды қолдайтын, өкілеттігі шектеулі басқару институты екенін үнемі есте ұстайтын болады. Сонымен қатар, мұндай қоғамның қалыптасуына меншік әр-алуандылығы, экономикалық қызмет еркіндігі мен оның ортақ игілікке бағытталуы, адамның өмірі мен дамуын қамсыздандыру, еңбек еркіндігі, кәсіп таңдау сияқты т.б. азаматтық қоғамның маңызды белгілері болып табылатын экономикалық қатынастардың негізін салушы нормалар да ықпал етеді. Г.И. Демин азаматтық қоғаның қалыптасуына қажет саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлар мен рухани құндылықтарды көрнекілікпен мынадай схема түрінде көрсетеді: Азаматтық қоғамның негізінде жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлар мен рухани құндылықтар саяси әлеуметтік-экономикалық рухани 1. Адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кең әрі тең болуы; 2. Демократиялық саяси жүйе; 3. Құқықтық мемлекет; 4. Саяси плюрализм; 5.Жеке тұлғаның саяси белсенділігіне қолдау жасау. 1. Көп салалы экономика, жеке меншік қасиеті; 2. Нарықтық қатынастар, шыншыл бәсекелестік; 3. Экономиканың әлеуметтік бағытта жүруі, азаматтардың әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуы; 4. Қоғамның басым бөлігін құрайтындай орта таптың орнықты дамуы. 1. Өркениетті қоғам; 2. Адам құқығы мен бостандығы, оның құндылықтары, қоғамдық санада басымдық болуы; º 3. Демократиялық саяси сана; 4. Идеологиялық және дүниетанымдық плюрализм; 5.Белсенді саяси мәдениет. Сурет 1. Азаматтық қоғамның қалыптасуына қажет саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлар мен рухани құндылықтар. Г.И. Деминнің көзқарасы бойынша азаматтық қоғамға тән негізгі белгілер оның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі реттеуі, азаматтар мен олардың бірлестіктерінің еркін бастамалары, принциптері негізінде құрылуымен анықталады. Жалпы алғанда, азаматтық қоғамға тән негізгі белгілер:
Көріп отырғанымыздай, мұндай ерекше белгілер азаматтардың түрлі сипаттағы ерікті ассоциацияларының құрылуына түрткі болатын халықтың горизонтальды байланысына тікелей тәуелді. А.Токвильдің: «Үкімет кейбір ең ірі американдық ассоциациялардың міндеттерін өзіне алар еді, жекелеген шаттарда мұндай әрекеттер жасалуда. Бірақ американдық азаматтар өз одақтары мен бірлестіктерінің көмегімен күнде жүзеге асырып жатқан сансыз көп ұсақ істердің үйіндісін айтарлықтай тиімді шешуге қандай саяси биліктің әйтеуір бір қауқары келер екен?», – деген көкейкесті сауалынан да ассоциацияларға берілген жоғары бағаны байқауымызға болады [7]. А. Токвильді таңдандырған нәрсе – ассоциациялардың қызмет салалары бойынша, қолдарында бар қаражаттары мен ықпал ету дәрежелері сан алуандылығы. Көбінесе мұндай ассоциациялар пайда табуды көздемейді, олар қоғамдық игілікке бағытталған. Осыдан келіп олардың “коммерциялық емес” деген жалпытанылған атауы туындайды. Мемлекеттік емес бейкоммерциялық ұйымдар азаматтық қоғамның іргетасы болып табылады, олардың жиынтығы «үшінші сектор» деп аталады (алдыңғы екеуі мемлекет және бизнес саласы). Ресейлік саясаттанушы А.В. Шулепов азаматтық қоғамның құрылымын үш қабатқа бөледі: төменгі - өндіріспен байланысты ұйымдар (кәсіби және кәсіпкерлік одақтар мен бірлестіктер); ортаңғы-әлеуметтік және тұрмыстық жалпы мүдделер негізіндегі ассоциациялар (саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар); жоғарғы-рухани негіздегі бірлестіктер (БАҚ) [8]. Қазақстандық ғалым Ә. Қалмырзаев та “үшінші сектордың”, яғни, азаматтық қоғамның құрылымы күрделі екенін көрсете келе, ол негізінен үш салада көрініс береді деп тұжырымдайды. Біріншісі, экономикалық салада азаматтық қоғамның құрылымдық элементтеріне мемлекеттік емес кәсіпорындар – кооперативтер, арендалық ұжымдар, ассоциациялар, корпорациялар және тағы басқа шаруашылық саласындағы, азаматтардың өз бастамаларымен ұйымдасқан еркін бірлестіктері жатады. Екіншісі, әлеуметтік-саяси саладағы азаматтық қоғамның құрамына: отбасы, қоғамдық, саяси-әлеуметтік ұйымдар мен қозғалыстар, тұрғын жайдағы қоғамдық өзін-өзі басқару органдары (ПИК) немесе еңбек және басқа ұжымдардағы өзара көмек беру кассалары, әлеуметтік шиеленістерді шешетін тетіктер, мемлекеттік емес БАҚ және т.б. Үшіншісі, азаматтық қоғамның рухани өмірдегі көріністері: сөз, жиналыс бостандығын, өз пікірлерін емін-еркін жеткізу, шығармашылық, ғылыми және басқа бірлестіктердің мемлекеттен және саяси жүйеден тәуелсіз өз еркін білдіруі болып табылады. Азаматтық қоғамның бұл үш салада бірдей өз құрылымына ие болуы оның қоғамдағы орнын әрі маңыздылығын көрсетеді [9]. Бұл жіктеме жалпылама берілгенімен, азаматтық қоғам негізінде жатқан құрылымдық элементтердің нобайын дөп басқан. Біз үшінші сектордың құрылымын барынша айқындауға тырысып, оны мынадай құрамдас сегменттерді құрайтын элементтер түрінде көрсеттік:
Азаматтардың мемлекетпен қатынасына араағайындық жасаушы (конспонсор) мұндай саяси институттардың жиынтығы саясатта “мүдделік топтар” деген атпен кең танымал. Американдық оқымысты А. Бентли “Басқару процесі” деген кітабында мүдделік топтарды “…ұзын саны тек бір ғана көрсеткішпен - құрылуы мен қызмет етуіне түрткі болған мүдделермен шектелетін” белгілі бір бірлестіктер деп анықтайды [10]. Қоғамдағы топтардың өзіндік мүдделерін сезінуі мен олардың саяси қатысуына бастамашылық жасауға қабілетті әлеуметтік әртектіліктен туындайтын әлеуметтік страталардың мынадай типтерін бөліп көрсетуімізге болады:
Саясаттанушы-әріптесіміз Г.Р. Нұрымбетова ҮЕҰ азаматтардың бастамашылдығына негізделетіндіктен, оларды мүдделік топтар қатарында қарастырады. Ол бірлескен мүдделік топтардың басты функциясы түрлі қоғамдық мүдделерді білдіру дей келе, оның төрт түрін айқындаған: біріншіден, бірлескен мүдделік топтар әлеуметтендіру мен әлеуметтік саяси іріктеудің тиімді құрылымы болып табылады. Екіншіден, бірлескен мүдделік топтар мемлекеттік басқару құрылымдарындағы саяси партиялардың қоғамдық мүддені білдіру және оны жүзеге асыру жолындағы қызметін толықтыра түседі. Үшіншіден, мүдделік топтар ресми өкілеттілікті толықтырады. Төртіншіден, олар қоғамдағы дау-жанжалдарды шешудің тиімді құралы бола алады. Олар қоғамдық ынтымақтасудың ұйымдық формасы іспетті [11]. Көріп отырғанымыздай, қазіргі кездегі саяси ғылымда мүдделік топтарды әлеуметтік қауымдастықтармен теңестіру кездеседі, және де Ж. Мейноның көрсетуінше, оларды талап-тілектері бірдей субъектілердің мүддесін қамтитын азаматтардың бірлестігі ретінде айқындауға болады [12]. Алайда көптеген зерттеушілер өз бірлестіктерінің мүддесіне сай келетін әдіс-тәсілдер арқылы үкіметке ықпал етуді мақсат тұтатын әлеуметтік топтар мен индивидтердің ассоциациясы арасында айырмашылық бар екенін айтады. Мысалы, ресейлік саясаттанушы А.И. Соловьев саяси ғылымдағы басымдыққа ие зерттеу нәтижелерін ескере отырып, мүдделік топтарды “негізінен алғанда мемлекетпен және басқа да саяси институттармен қатынасында биліктік мәнге ие өз мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында адамдардың бейімдеген немесе арнайы құрған ерікті бірлестіктері” деп анықтайды [12, 209]. Азаматтардың саяси қатысуын тудыратын себептер олардың саяси кеңістікке шынайы кірігуін қамтамасыз етуге қажетті механизмдер мен институттардың құрылуына алып келеді. Бұл күрделі де көп қырлы процестің негізгі құрамдас бөліктері мүдделерді артикуляциялау мен агрегирлеу технологиялары, сондай-ақ өкілдік құрылымдар құру болып табылады. Мүдделерді артикуляциялау процесі жоғарыда жіктеп көрсеткен қандай да бір стратаға, топқа жататын азаматтардан шыққан әлеуметтік эмоцияларды, мұң-мұқтаждар мен үміт-армандарды белгілі бір нақты саяси мақсаттар мен талаптарға айналдыруды білдіреді. Артикуляция мемлекеттік маңызы бар саяси шешімдер қабылдайтын тұлғаларға тұрғылықты халықтың түрлі бөліктерінің талап-тілектерін жеткізуге, сол арқылы оларды саясат субъектілері ретінде саяси процеске тартуды көздейді. Соның нәтижесінде әлеуметтік топтар елде қалыптасқан саяси қатынастарға төменнен жоғары қарай тартыла бастайды. Өзін-өзі ұйымдастыру деңгейіне қарамастан барлық әлеуметтік топтардың өз мүдделерін артикуляциялауға қабілеті бар. Әдетте артикуляцияның субъектілеріне макроәлеуметтік топ ретінде бүкіл тұрғылықты халық, халықтың ерекше бөлігі ретінде азаматтар корпусы, делдалдық құрылым ретінде компетентті топ, сондай-ақ жеке лидер жатады. Бұлардың әрқайсының да топтық мұқтаждықтарды саяси трансформациялау ісінде өзіндік мүмкіндіктері бар. Дегенмен, ол топтық мүдделердің келісіміне – агрегирленуіне тәуелді. Өйткені, қандай әлеуметтік топ болмасын, оған мүше адамдардың дүниетанымы, өмірлік құндылықтары әртүрлі болғандықтан сәйкесінше топ ішінде жекелеген шағын топтар мен әр-алуан көзқарастар пайда болады. Бұл артикуляцияланған мүдделердің ішкі қайшылығын туғызып, топтың іштей ыдырауына әкеледі, олардың саясат саласындағы мүмкіндіктерін тежеп, саяси салмағын азайтады. Консенсусқа негізделген ішкі консолидациясы жоқ топтың саяси аренада табысқа жетуі неғайбыл. Міне, сол үшін де ішкі ынтымақты күшейту міндеті, топты интеграциялау артикуляция механизмін агрегирлеу рәсімімен толықтыруды қажетсінеді. Агрегирлеу (ағылшынша agree - келісемін) – топтың ішкі, жекелеген талап-тілектерін үйлестіру мен келісімдеу процесі, олардың арасында белгілі бір иерархияны орнату мен келісім негізінде топтың тұтастығын және олардың билікке саяси ықпалын арттыруды қамтамасыз ететін біртұтас жалпытоптық мақсаттарды әзірлеу ретінде көрінеді. Агрегирлеуге тән тәсілдерге ұстанымдарды анықтау мен компромистік “дөңгелек жозы” басында дискуссиялар өткізу, консенсустық технологиялар әзірлеу т.с.с. Агрегирлеу процесінде топтың саяси талаптарының тәжірибелік икемділігін арттыруға бағытталған іріктелу, ой таразылау жүзеге асады. Ал артикуляция мен агрегирлеу процестерін қамтамасыз ететін ерекше механизм - өкілдік органдар немесе құрылымдарынан көрінеді. Бұл принципиалды тұрғыда жалпытоптық талап-тілектер мен мақсаттарды қорғауға және алға жылжытуға қосымша құқықтары топ тарапынан легитимделген азаматтардың жекелеген өкілдерін ұсыну нәтижесінде қалыптасатын арнайы бірлестіктер. Қоғамдық бірлестік - заңдарға қайшы емес, ортақ мақсаттарға жету мақсатымен азаматтардың ерікті бірлесуі нәтижесінде құрылған ұйым. Яғни, өкілдік құрылымдар топтық мүдделерді артикуляциялауға байланысты және оны жүзеге асыру барысында қалыптасады. Мұндай өкілдік құрылымдардың одан әрі институциялануы азаматтық қоғам институттары болып табылатын әрі билік пен қоғам байланысын дәнекерлейтін түрлі ассоциациялардың құрылуына ықпал етеді. Басқаша айтсақ, әлеуметтік топтар саяси субъектілер ретінде мемлекеттік билікпен қатынасқа медиаторлардың (делдалдардың) ерекше қабатының қызметі арқылы түседі. Делдалдар ретінде түрлі мүдделік топтар, партиялар, БАҚ пен өзге де үкіметтік емес ассоциациялар көрінеді. Осылайша, мүдделік топтар азаматтардың саяси белсенділігін қоздырушы өзіндік бір генератор іспетті. Мүдделік топтар әлеуметтік мұқтаждықтарға өкілдік етуді кеңейткен сайын қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланыс жан-жақты, ал билік институттары тұрғылықты халықтың әлеуметтік сұраныстарына сезімтал бола түседі, адамдардың саяси шешімдерге деген ықпалы артады. Азаматтық қоғамның даму деңгейін де анықтайтын бірден бір көрсеткіш осы. Мысалы, АҚШ азаматтық қоғамның дамуы жөнінен бірінші орында екені жалпытанылған факт: ондағы түрлі коммерциялық емес азаматтық бірлестіктер мен ассоциациялардың ұзын саны 1 миллионнан асып жығылады [13]. Бұл туралы алдағы тараушада тереңірек қарастырамыз, сондықтан тақырыптан ауытқымай, ойымызды ары қарай жалғастырайық. Қоғамдық секторды жалпытанылған халықаралық саяси терминологияда көбінесе үкіметтік емес немесе үшінші сектор деп аталады. Бұл жерде түсіндіре кететін бір жәйт: бірінші сектор болып мемлекеттік билік жүйесі есептелсе, екіншісіне – бизнес, немесе жеке меншік секторы жатады. Үкіметтік емес деген ұғым – оны құрайтын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мемлекеттік билік жүйесіне кірмейтінін білдіреді. Олардың құрылуы мен қызметі дербес, бірақ серіктестік негізде билікпен өзара әрекеттесуге әрдайым дайын. ҮЕҰ табыстарынан өздерінің иелері мен басшыларына ақы төлеуге құқығы жоқ, егер табыс болса, оны ұйымның мақсатына сай жұмсауы қажет. ҮЕҰ өзін-өзі басқаратын, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс [14]. Сонымен қатар ҮЕҰ-ды коммерциялық емес ұйым деп те атайды, бұл негізгі мақсаты ретінде табыс түсіруді көздемейтін және түскен таза табысты қатысушылар арасында бөліске салмайтын заңды тұлға деген мағына береді. Әлеуметтік мүдделерді білдірудің мақсаты мен әдістеріне, пайдаланатын ресурстары мен билікке ықпал ету тәсілдеріне қарай және қызмет түріндегі өзге көрсеткіштерге байланысты ҮЕҰ-дар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оларды қызмет сипаты бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады: 1. Бір мақсаттық топтар – мұндай ҮЕҰ-дар тек қандай да бір мақсатқа жету үшін құрылып, қызмет етеді. Мысалы, «Невада-Семей» қозғалысы осы топқа кіреді: атомдық сынақ полигонын жабу мақсатымен пайда болып, мақсатқа жеткеннен кейін өзектілігі жоғалады. 2. Көп мақсатты - қызмет түрі жекелеген мақсат-міндеттің ерекшелігімен шектелмейтін ҮЕҰ. Француз саясаттанушысы М.Дюверже мұндай ассоциациялардың екі типін бөліп көрсетеді [15]: а) арнайы мамандандырылған ассоциациялар – тек саяси қызметпен айналысады; ә) жекелеген - бизнесті ұйымдастыру, экологиялық мәселелерді шешу, қайырымдылық көрсету сияқты т.б. әлеуметтік қызметтердің анағұрлым кең ауқымын атқаратын ҮЕҰ. Кешенді анықтаушы критерийлер қолдануды қажетсінетін ҮЕҰ топтарының бұдан да күрделі, жүйеленген жіктемесін батыстық саясаттанушы П. Шаран жасады. Оның жіктемесі бойынша ҮЕҰ төрт үлкен топтамаға бөлінеді [15, 68]: 1. Аномиялық - бұл қандай да бір жағдайға аяқ астынан реакция жасау нәтижесінде (мысалы, топырласып жедел митинг, пикет, демонстрациялар өткізу) туындайтын бірлестіктер. Олар тұрақты ұйымдасқан қызметі жоқтығымен, мемлекетпен саяси қатынасқа түсудегі әлсіздігімен ерекшеленеді. Ішкі құрылымдары да жоқ. Ұйымдық мүмкіндіктерінің жетіспеушілігі олардың қызметінің тиімділігін төмендетіп қана қоймай, ақылдан гөрі күшке көп сүйенуді туындатады. 2. Институционалды - бұл белгілі бір ұйымдық құрылымы, қалыпты қызметі мен кәсіби кадрлық аппараты бар формальды бірлестіктер болып табылады. Олардың бірізді әрі мақсатқа сай жүретін қызметі анағұрлым тиімді. Бірақ мұндай типтегі ҮЕҰ-дар (діни қауымдар, автономиялардың өкілдері және т.б.) мамандандырылған саяси құрылымдар емес, сол үшін олар әдетте басқа мақсат үшін құрылған өздерінің құрылымдарын билікке ықпал етуге бейімдейді. 3. Ассоциативті – мүдделерге өкілдік етумен және саяси міндеттерді шешумен айналысатын ерікті бірлестіктер (кәсіподақтар, азаматтық құқықтар үшін күресетін түрлі ассоциациялар және т.с.с.). Олардың ұйымдық және кадрлық құрылымдары, қаржы қаражатты пайдалану тәртібі арнайы мақсаттарға жетуге ынталандырады. Олар саяси жүйеге органикалық түрде ене отырып, қызметтерін нәтижелі жүргізуге қабілетті. 4. Ассоциативті емес – мұндай ұйымдардың құрылуына туыстық, діни, әлеуметтік-мәдени негіздегі (ғылыми және студенттік қоғамдар, діни секталар, сексуалды азшылықтар және т.б.) адамдардың формальды емес және ерікті түрде бірігуі себеп болады. Бұлардың қызметі аномиялық топтардың қызметі сияқты, яғни тұрақсыз, нашар құрылымдалған және тиімділігі төмендеу. Әлемдік демократияның саяси тарихы көрсеткендей, қоғамдық ассоциациялардың белсенділігі артуы мен мүшелерінің саны өсуіне көбінесе мынадай факторлар ықпал етеді:
Мұндай саяси ассоциациялар мемлекеттің тұрғылықты халықпен қатынасында делдал бола отырып, әлеуметтік, ұлттық, аймақтық және басқа да адамдар қауымының мүдделерін білдіреді әрі олардың мүшелерінің ұжымдық іс-әрекет формасы ретінде қызмет етеді. Міне дәл осылармен азаматтық қоғамның атқаратын қызметі де анықталады:
Кейбір ресейлік саясаттанушылар азаматтық қоғамның қызмет түрлерін былайша жіктейді: аутореттеушілік, тәрбиелік, гомеостатикалық, консолидациялық, мәдениеттанулық, құқық қорғаушылық, сублимативтік [16, 66-68]. Енді осы қызмет түрлеріне кеңірек тоқтала кетейік. Азаматтық қоғамның аутореттеушілік қызметі бұқара халық тарапынан, яғни, “төменнен” туындайтын әлеуметтік бастамаларды өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану қабілетін білдіреді және де осы арқылы өркениетті жүйе ішіндегі өзін-өзі реттеу процесін қамтамасыз етеді. Өзара әрекеттесу өркениетті конвенциальды қатынастар негізінде, өз жемісін беретін бәсекелестік пен шынайы ынтымақтастық жағдайында жүреді. Формальды және формальды емес азаматтық қоғам институттарының тәрбиелік қызметінің маңызы өте зор, себебі, саяси әлеуметтендіру мен моральдың тиісті деңгейін қамтамасыз ете отырып, бұқара халықтың, оның ішінде жастардың азаматтық сана-сезімі мен саяси қатысу белсенділігін арттырады. Мұндай нәтижеге жетудің басты шарты – алдымен азаматтық қоғам институттарының өзі әлеуметтік-саяси жағынан пісіп жетілген, өркениет талаптарына сай болулары тиіс. Егер де азаматтық қоғам институттары, әсіресе отбасы мен мектеп тәрбиелік қызметті дұрыс атқармаса, қоғамдағы рухани және адамгершілік құндылықтар арзандап, деградациялану қаупі төнеді. Азаматтық қоғамның гомеостатикалық қызметін талдағанда, оның мемлекетпен қатынасы тең қарсысалмақ сипатында болатынын ескеру қажет, сәйкесінше бұл қызмет түрі әлеуметтік жүйені динамикалық тепе-теңдік – гомеостаз жағдайында ұстап тұруға көмектеседі. Азаматтық қоғам қоғамдық ынтымақтастық, келіссөз, келісімдеу кеңестері сияқты тактикаларды ұстанады, осы арқылы мемлекет пен жеке тұлғаның бір-біріне қоятын талап-тілектерінің өзара бейімделуін жүзеге асыру жөніндегі легитимді, әлеуметтік-мәдени құралдарды тауып, қолданысқа енгізеді. Бұл қоғамдық диалогтың классикалық үлгісі іспетті. Консолидациялық қызметі арқылы азаматтық қоғам органикалық ынтымақтастық принципін кеңінен таратады. Азаматтарды мемлекеттік емес ассоциацияларға, бейформальды ұйымдарға топтастырып, олардың тарыдай шашырамауын қамтамасыз етеді, бір-бірінен бөгделенуіне тосқауыл қояды. Өзара ерікті конвенциялар ерік-жігерді ықпалдастыруға мүмкіндік береді және позитивті әлеуметтік-саяси мақсаттарға тез қол жеткізуге жәрдемдеседі. Азаматтық қоғамның мәдениеттанулық қызметіне сәйкес мемлекеттік иерархия жүйесінде мансап мен биліктен өзге, жеке өмірді байытатын табиғатты тамашалау, махаббат, отбасы, өнер-ғылыммен және спортпен айналысу сияқты көптеген құндылықтар бар. Азаматтық қоғам шығармашылық еркіндікке, индивидтердің рухани дамуына қажетті әлеуметтік-мәдени кеңістік жасап, оларға жасампаздық әлеуеттерін арттыруға жағдай туғызады. Тарихи даму барысында қалыптасқан азаматтық қоғамның құқық қорғаушылық қызметі оны жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде анықтайды. Адамның туа біткен, ажырамас құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әрине басты міндет. Сондай-ақ азаматтық қоғам осы қызметі аясында түрлі легитимді құралдар арқылы жекелеген азаматтар мен бірлестіктердің құқықтарын мемлекеттік-бюрократиялық аппараттың диктаты мен әкімшілік озбырлығынан қорғайды. Мемлекеттік органдардың құқық нормалары талаптарына сай қызмет етуін қадағалайды, басқарушылық қызметтердің монополияландырылуына жол бермейді, яғни биліктің шектен тыс орталықтандырылуы мен бюрократиялануына тежеуіш болады. Сонымен қатар, азаматтық қоғамның құқық қорғау қызметінің басты бағыты мемлекеттің заң шығарушылық бастамаларын кең қоғамдық талқылаулардан өткізуден де көрінеді. Бұл - қоғамдағы түрлі мүдделердің ескерілуін, келісімделуін, қорғалуын қамтамасыз етеді. Психоанализде сублимация дегеніміз аффектілі еліктеу энергиясының әлеуметтік іс-әрекет пен мәдени шығармашылық мақсатына өзгеру немесе ауысу процесін білдіретін түсінік. Ал азаматтық қоғамның сублимативтік қызметі болса, адамның пайдаланылмай жатқан әлеуетін, әлеуметтік артық энергиясын өркениетті үнқатысудың легитимді арнасына бағыттайды. Индивидтердің позитивті энергияларын шығаруына мүмкіндік беретін әлеуметтік-мәдени “клапандар”, өркениетті “арналар” ұсынады. Бұл энергияның адам ішінде шектен тыс жинақталып, қылмысқа ұрындыратын, оның деструктивті, дүлей күшке айналмауын қамтамасыз етеді. Бұл қасиет, әсіресе жастардың болашағы үшін аса маңызды, өйткені олар эмоцияға тез берілгіш, еліктегіш, әлеуметтік жағынан өмірдегі өз орнын табуға ұмтылыстары күшті. Мұны түрлі экстремистік, террористік және т.б. күштер теріс мақсатқа пайдаланып кетпесі үшін де сублимативтік қызмет қажет. Жастардың қайда қолданарын білмей, іште жинақталып қалған энергиясын азаматтық қоғам жүйесі арқылы игі мақсаттарға аталған қызмет көмегімен бағыттасақ, бұл әлеуметтік өмірдің өркениеттілігін арттыруға ықпал етеді. Осы жерде Қазақстандағы азаматтық қоғамды тежеуші факторлар бар екенін ұмытпауға тиіспіз. Ең бірінші фактор рухани сипатта - біздің посттоталитарлық саяси санамыз бен саяси мәдениетіміздегі азаматтық қоғам туралы қалыптасқан пікірдің жаңғыртумен тікелей байланысты. Кеңестік тоталитарлық идеология мен әкімшіл-әміршіл жүйеден қалған стереотиптерден толық арылып, азаматтық қоғам жайлы демократиялық, құқықты, әлеуметтік мәндегі пікір қалыптасқан сайын оның даму қарқыны өсе бермек. Себебі, авторитарлық немесе тоталитарлық билік жүйелерінде азаматтық белсенділік билеуші режимге қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан таңылып, идеологиялық қондырғы шеңберінде өрбиді. Мұндай жүйелердегі азаматтардың саясатқа қатысуы мен саяси белсенділігі жеке тұлғаның қоғамдағы иерархиялық құрылымда алатын орны мен мәртебесімен анықталады. Оның өзінде жеке тұлға ұжым шеңберінде іс-әрекет етеді, сәйкесінше, азаматтың жеке белсенділігі қолдау таба қоймайды. Саяси белсенділік танытудың барлық формалары формальды институттар мен билеушілердің басқарушылық қондырғыларына сай келетін ресми қоғамдық пікір шеңберінде жүзеге асып отырды. Ресми идеологиялық ұстанымға сәйкес келмейтін қоғамдық қызмет бөгдеше ойлаушылық (диссиденттік) немесе ауытқушы (девианттық) мінез-құлық ретінде танылып, түрлі жазалар мен шектеулерге ұшырап отырды. Нақты айтқанда, демократиялық емес саяси жүйелер мен билік режимдерінде мемлекет адамдардың азаматтық белсенділіктерін толық бақылауға алып, ресми шеңберде ғана жүзеге асырып отырады. Әлеуметтік қайраткерліктің дербес объектісі болып танылатын қоғамның өзі мемлекет тарапынан “жұтылып” кетеді, қоғам өзін-өзі ұйымдастыру мен басқару қызметтерінен айырылады. Оған қоса, қоғамдық пікірге ашық қысым жасалады. Мұндай жағдайда азаматтық қоғам қалыптасуы туралы сөз қозғау мүмкін емес [17]. Бірақ, бұл тұжырымдамадан тоталитарлық режим жағдайында қоғамдық сектор мүлде болмайды деген ой тумауы тиіс. Кеңестер Одағында кәсіподақтар, комсомол, тарихи-мәдени орталықтар, мүгедектер қоғамы сияқты т.б. “үшінші сектор”, яғни, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қызмет еткені белгілі. Алайда, бұл қоғамдық ұйымдар өздерінің мүдделерін коммунистік идеологиямен суарып, қызметтерін ресми қондырғы шеңберінде ғана атқара алды. Ал демократиялық құрылыста жағдай мүлде бөлек. Демократиялық қоғамның өмір сүруінің негізгі алғышарты жеке және ұжымдық құқықтар мен бостандықтарға заңды кепілдік берілуі болып табылады. Сонымен қатар, бұл құқықтыр мен бостандықтарды жүзеге асыруда бір субъектінің екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбайтындай тәртіп қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекеттік биліктің әлсіздігі емес, керісінше, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекіту барысындағы бассыздыққа (анархияға) жол бермейтіндіктен, оны нығайта түспек. Демократиялық тәртіп адамдардың бойында басқарушы режимге деген санасыз адалдықты емес, өзіндік абыройды, жеке тұлғаның құқықтық саналылығын, өзінің іс-әрекетіндегі азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеп, әлеуметтік шығармашылық пен бастамашылықты дамытады. Нәтижесінде, бұқаралық санада мемлекет әлеуметтік үстемдік етуге бағытталған, билігі шексіз саяси институт ретінде емес, азаматтардың жасампаздық идеяларын басшылыққа алатын, өкілеттілігі шектеулі басқару институты ретінде қабылданады. Азаматтық қоғамның дамуына тежеуіш болып отырған келесі маңызды фактор билеуші элитаның социумдағы өз позицияларын күшейту мен өкілеттіктерін асыра пайдалануға ұмтылуы болып отыр. Сондай-ақ азаматтық қоғамға қауіп төндіруші факторлардың қатарында түрлі корпоративті-бюрократиялық, кландық құрылымдардың қызметі де бар. Бұл аталғандардың бәрі азаматтардың өзіндік дербес белсенділіктерін өшіріп, мемлекеттік биліктің қарапайым халықты “ашса алақанында, жұмса жұдырығында” ұстауына алып келеді. Қазақстандық қоғамда бұл факторларға қосымша жершілдік пен жүзге-руға бөлінушілік сияқты тежеуіштер бар. Қоғамның саяси жүйесіндегі вертикальды байланыстар мемлекеттік билік органдары мен халық бұқарасына дейінгі аралықты қамтып, иерархиялық сатылы сипатта жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай өрбіп отырады. Нәтижесінде, азаматтар өздерінің проблемаларын ұжымдық шеңберде өзара ынтымақтасып шешуге жүгінбейді, жоғарыдан қабылданатын шешімдерге алақан жайып, мойын ұсынады. Горизонтальды байланыстар болса мүдделес әлеуметтік қабаттар ауқымында өрбитіндіктен, азаматтарды белгілі бір қауымдастықтарға ұйыстыруға ықпалы зор. Бұл түрлі ассоциациялар, қоғамдық қорлар мен ұйымдар, үкіметтік емес құрылымдар түрінде көрініс табады. Тақырыпты қорыта келе, біз екінші аксиоманы шығарамыз: адамдар өз құқықтары мен бостандықтары үшін күреспейтін, өздерінің саяси ерік-жігерін пайдаланбайтын жерде азаматтық қоғам ешқашан гүлденбейді. Бұған қоса азаматтық қоғамды либералды-демократиялық идеологияның қоғам өміріне тереңдеп енуімен де шатастыруға болмайды. Азаматтық белсенділік нашар немесе мүлдем жоқ демократия жағдайында автократия дамиды, осылайша, мұндай “демократияда” авторитаризмге негіз салынады. Біз – демократиялық даму жолын таңдаған егеменді Қазақстанның толыққанды әрі теңқұқықты азаматтары ретінде азаматтық қоғамды қоғамдық организмнің өмір сүруінің демократиялық принциптерін өндіруге тұрақты ықпал етуші фактор, яғни, демократияның тіршілік ететін табиғи ортасы деп түсінуге тиіспіз. Мұндай күрделі қарым-қатынастарды тиімді реттестіріп, шешудің сара жолы еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Себебі, азаматтық қоғам мемлекеттік органдардың қызметінен тәуелсіз жүретін әлеуметтің өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін сипаттап, тұрғылықты халықтың түрлі формадағы (мемлекеттік емес экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни, адамгершілік және басқа) саяси-әлеуметтік белсенділігінің жиынтығын білдіреді. Ал азаматтық қоғамның біз ұстанатын түйінді әрі нақты анықтамасы мынадай: құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. |