Работа выполнена в Казахской национальной академии искусств имени Т. Жургенова Научный Мухамбетова А. И

Вид материалаАвтореферат

Содержание


Аханова Ләззәт Музарафовна
Зерттеу нысаны
Зерттеу пәні
RESUMEAkhanova Lazzat Muzarafovna
The actuality
The Object of the study
The purpose of the study
Scientific originality
The 1 section
The second subsection
The second section
The first subsection
The third subsection
The fourth subsection
The 3 section
Подобный материал:
1   2   3

ТҮЙІНДЕМЕ


Аханова Ләззәт Музарафовна


Сейдулла Бәйтерековтың қазақстанның музыкалық мәдениетіне қосқан Шығармашылық мұрасы

17.00.02 – Музыка өнері

Зерттеу, соңғы отыз жыл ішінде Қазақстанның аты әйгілі, әрі сүйікті композиторларының қатарына кірген, композитор Сейдулла Байтерековтың (1945-1998 ж.) шығармашылық мұрасына арналады. Өмірден ерте кеткенімен, композитордың артынан қалған аз да болса, өте мағыналы мұрасы қазақ ұлттық музыка байлығын толтыра түсті.

Композитор Сейдулла Байтерековтың шығармалары әртүрлы музыка жанрында – вокальды музыкадан бастап, күрделі оркестрлік, вокальды-симфоникалық, хорға, балаларға арналған шығармалар, сонымен қатар спектакльдер, кинофильмдер мен мультфильмдерге арнап музыка жазылған.

Тақырыптың өзектілігі - Сейдулла Байтерековтың шығармаларына деген қызығушылық деңгейі арта түскенімен, композитор туралы отандық музыка біліктілігінде толық монографиялық зерттеудің болмауымен айқындалып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру, зерттеу жұмысын жазудағы басты мақсат болып табылады.

Зерттеу нысаны: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениетінде композитор Сейдулла Байтерековтың жеке тұлға ретінде қалыптасу жағдайлары мен оның туындыларының тарауы.

Зерттеу пәні: Сейдулла Байтереков шығармалары жанрлық-стилистикалық әртүрлілік бейнесінде қарастыру.

Зерттеу мақсаты: Композитор, өнер қайраткері, өзінің шығармашылық бейнесін құру негізінде тәуелсіз Қазақстанның мәдени-құрылысына өз үлесін қосқан, Сейдулла Байтерековтың шығармашылық мұрасына толық, тарихи-музыкалық және мәдени тұрғыдан баға беру.

Зерттеу материалдары етіп композитор С.Бәйтереков ерекше ықылас танытқан және оның стилінің өзіндік қолтаңбасы айқын көрінетін, аспаптық және вокалды жанрдағы шығармалары алынды. Жұмыста ауқымды болып келетін материалды және материалды емес дерекөздер алынды, олар келесіні қамтиды:

- С.Бәйтереков шығармаларының орындалуының үндік және бейне жазбалары (студиялық және концертте жазылған);

- сұхбаттары мен шеберлік кластары;

- оның баспадағы жарияланымдары ( сұхбат және естелік, мақалалары);

- баспа беттерінде жарық көрген С.Бәйтерековтың шығармаларына берілген рецензиялар;

- жарияланған және зерттеу авторы жинақтаған, С.Бәйтереков туралы естеліктер;

- композитордың жеке мұрағатынан алынған, біздің қорымызда сақталған материалдар, соның ішінде әуесқойлық бейнежазбалар, оның орындаушылығының күндері мен бағдарламалары жазылған дәптерлер, белгілер қойылған және тиісті шығармалармен жұмыс кезінде көмекші болған, Сейдолланың жеке кітапханасындағы ноталар (көбінде дайын партитуралар);

- отбасылық 15 жылдық өмірде композитормен тікелей қарым-қатынас кезінде жинақталған, композитордың өзі айтқан және шығармашалығын бақылауына берілген пікірлер.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы отандық музыка тануда С.Бәйтерековтың шығармашылығын алғаш рет толық көлемде зерттеумен көрінеді, бұнда ауқымды материал негізінде биографиясы мен композитордың шығармашылығы жан-жақты қамтылады, сонымен байланысты көптеген фактілер (репертуар, дискография және т.б.) жүйеленіп беріледі.

Композитордың шығармашылық биографиясы алғаш рет беріліп отыр. Сейдолла Бәйтерековтың –композитор және мәдениет қайраткерінің шығармашылығы дәуірдің аясында көрсетіледі.

С.Бәйтерековтың музыкалық мұрасын сипаттайтын материал алғаш рет біріктіріліп, зерттеліп, қорғауға жіберілді. Бұл зерттеу бұрындары белгісіз болған музыкалық мәтіндердің болғанын көрсетеді. Сонымен қатар осы шығармаларға мәтіндік және музыкалық-аналитикалық талдау жасалды.

1 тарау. «Композитордың дүние танымдық және эстетикалық көзқарасының қалыптысуы» композитордың шығармашылық тұлғасының қалыптасу және дамуына арналған.

Тараудың бірінші бөлімі «Композитордың өмірлік және шығармашылық жолдарының кезеңдері» С.Бәйтерековтың қысқа да жарқын, толыққанды өмірлік жолына арналған. Оның шығармашылық эволюциясы жүйелілігімен және тұтастығымен ерекшеленеді: композитордың шығармашылығы «жоғары нотадан» басталып, «crescendo» дамып, кульминация кезінде, уақытынан бұрын үзіліп кетті.

Екінші бөлімі «Композитордың шығармашылық тұлғасының қалыптасу факторлары», композитордың шығармашылық тұлғасының қалыптасуы дәстүрлі қазақ мәдениетімен, тұрмысымен және ұлттық көзқараспен тығыз байланыстылығы көрсетіледі. Психологиялық-тұлғалық аспектіде С.Бәйтерековтың даралығы өмірге деген оптимистік көзқарасымен, биік азаматтығымен, биік романтикалығымен және музыкалық эмоциялық тонусымен айқын көрінеді.

2 тарау «Композитор шығармашылығының музыкалық сипаттамасы», композиторлық принциптердің жүзеге асуы, шығармашылық критериі және дәстүрлі қазақ музыкалық мәдениеті мен әлемдік классикалық музыкалық мұра әсер еткен, С.Бәйтерековтың әдістері қарастырылады.

Тараудың бірінші бөлімі «Композитордың ән жазу шығармашылығы», композитордың кейбір кең танымал ән шығармаларын музыкалық талдай отырып композиторлық қолтаңбасының әдістері қарастырылады.

Екінші бөлім «С.Бәйтерековтың хорға арнап жазған шығармалары», оның классикалық-романтикалық жанр қырын жалғасы ретіндегі хорға арнап жазған шығармаларының стилдік ерекшеліктері анықталады.

Үшінші бөлім «С.Бәйтерековтың эстрадалық-симфониялық шығармалары», халықтық дәстүр мен музыкалық мәнерліліктің заманауи құралдарының жарқын синтезі болып келетін, эстрадалық-симфониялық шығармаларына талдау жасалады. Шығармашылықтың ұлттық сипаты музыкалық бейнеде және ойлаудың логикалық сипатында, оның музыкасының эмоциялық тонусының барлық қырында айқын көрінеді.

Төртінші бөлім «С.Бәйтерековтың белгісіз музыкалық мұрасы», бұрындары жарияланбаған шығармалары беріледі, алғашқы нұсқалары С.Бәйтереков шығармашылығының ішкі процесіне, оның ойлау және шығарманы жүзеге асырудағы жұмыс әдістеріне жақындауға мүмкіндік береді.

3 тарау « ХХ-ХХІ ғғ. отандық музыкалық мәдениеттегі С.Бәйтерековтың музыкасы», композитор шығармашылығының қазіргі кезеңдегі музыкалық мәдениетпен байланысы көрсетілген.

Бірінші бөлімі «С.Бәйтереков музыкасындағы дәстүр мен сабақтастық», компоративтік талдау негізінде оның шығармашылығында халық музыкасының кәсіби классикалық принциптермен үндестігі көрсетіледі. Олар қарама-қарсы қойылмайды, керісінше, жақындастырылады, бір-біріне бойлай еніп, бірін-бірі күшейтіп тұрады.

Екінші бөлім «Композитор музыкасының түрлі орындаушылығын «Әлия» әні мысалында түсіндіру», С.Бәйтереков шығармаларының Қазақстандағы музыкалық мәденеттегі ғана емес, одан тысқары аумақтағы сахналық өмірі туралы материалдар келтірілген.

Үшінші бөлім «Композитордың мұрасы және қазіргі заман», алдыңғы ұрпақтың классикалық қазақ әндерінің сабақтастығы анықталады, онда көркемдік кескіндеудің дәстүрлі жүйесінің қуатты өмірлік күші туралы, оның ұлттық ерекшелікті және тереңдікті сақтай отырып, музыкалық шығармашылықтағы жаңа және бұрыннан келе жатқан формалармен өзара әрекеті негізіндегі даму қабілеті туралы айтылады.

Қорытындыда зерттеудің қорытындысы беріледі, оның ең бастысы- ұлттық дәстүрдің, ұлттық континиумның көптеген құбылысын енгізе білген, дәуірдің мәдени-саяси шынайылығын, және композиторлық қолтаңбаның еуропалық принциптерінің біріктірген композитор С.Бәйтерековтың өзіндік стиліне баға беріледі.


RESUME


Akhanova Lazzat Muzarafovna


creative heritage of seidulla baiterekov in music culture of kazakhstan


17.00.02 – Music Art


The study is devoted to the creative heritage of the composer Seidulla Baiterekov (1945-1998), who has been among the most well-known and favorite composers of Kazakhstan during more than last thirty years. He died early having left not so large but very substantial heritage comprising the part of Kazakhstan national music treasury. The creations of the composer Seidulla Baiterekov are written in most various genres of music ranging from vocal to complex orchestral, vocal-and-symphonic, choir and part songs for children as well as music for performances, films and cartoons.

The actuality of the chosen project has been determined by the contradiction between the high level of interest to the creative work of Seidulla Baiterekov and the absence of integral monographic analysis of the composer’s creative work in the present domestic musicology. The main reason for writing this works has become a desire to fill this gap in some measure.

The Object of the study is the musical culture of Kazakhstan of the second part of XX century as complex of personal becoming and creative realization of the composer Seidulla Baiterekov.

The Subject of the study is the creative phenomenon of Seidulla Baiterekov being reviewed in the context of genre-and-stylistic diversity of his creatures.

The purpose of the study is the integral musical-and-historical and cultural assessment of creative heritage of Seidulla Baiterekov as the composer, artist and organizer of cultural development of independent Kazakhstan, based on creation of the integral creative portrait of the composer.

Materials of the study have been the works of the composer represented by instrumental and vocal genres preferred by S. Baiterekov and where the features of his style are expressed the most strikingly. In the work we also were based on the vast material and non-material sources comprising:

- audio and video records of execution of works of S.Baiterekov (studio and concert recordings);

- recording of his interviews and master-classes;

- his speaking in press (interviews and articles);

- reviews of S. Baiterekov’s works, published in press;

- memoirs about S. Baiterekov, both published and collected by the author of the work;

- materials of the personal archive of the composer stored by us including unprofessional video tape records, copybooks containing the dates and programs of his performances as well as sheet music from the personal library of Seidulla Baiterekov (mostly ready scores) containing his marks and served him during his work over the relative creations;

- statements of the composer himself and observations of his creative activity drawn upon the personal dialogues with the master during 15 years of family life.

Scientific originality of the work has been determined by the first in the domestic musicology the most complete study of S. Baiterekovs’s creative work where different sides of biography as well as creative activity of the composer have been highlighted and a great collection of facts (such as repertory, discography etc.) related to his biography has been represented and arranged on the basis of the vast material information.

For the first time there has been presented a creative biography of the composer. The creative work of Seidulla Baiterekov, a composer and artist, has been put in the context of the epoch.

Material describing musical heritage of S. Baiterekov has been first collected together, studied and presented for defense. This study reveals the existing of musical texts of creatures unknown earlier. Also, a textological and musical analytic analysis of these creative works has been first performed.

The 1 section, “Forming of ideological and esthetic views of the composer” is devoted to the issues of becoming and development of the creative personality of the composer.

The first subsection “Stages of life and creative way of the composer” reviews a short but bright and rich life way of S. Baiterekov. His creative evolution is distinguished by consistence and integrity: the creative work of the composer started from the “high note”, was developing at “crescendo” and ended up untimely, at the culmination point.

The second subsection “Forming factors of the composer’s creative personality” shows that the development of the creative personality of the composer is inextricably connected with traditional Kazakh culture, life and national perception of the world. Under the psychological and personal aspect the individuality of S. Baiterekov is expressed in the optimistic perception of the world, high level of public spirit, romantic elevation and emotional tone of his music.

The second section “Musical characteristics of the composer’s creative work” reviews the realization of the composer’s principles, creative criteria and methods of S. Baiterekov, which have been influenced by the traditional Kazakh musical culture and the world musical classical heritage.

The first subsection “Songs the composer” envisages the methods of the composer’s style by means of musical analysis of some popular songs of the composer.

The second subsection “Choir works of S. Baiterekov” reveals the style peculiarities of his choir works as the extension line of classic-and-romantic genre.

The third subsection “Popular-and-symphonic works of S. Baiterekov” provides the analysis of popular-and-symphonic works distinguished by the bright synthesis of national traditions and popular means of musical expression. The national character of his creative work appears in the character sketches and thinking logic, in the whole structure and emotional tone of his music.

The fourth subsection “Unknown musical heritage of S. Baiterekov” represents unpublished before compositions of the writer, the analysis of drafts of these works allows to come closer to the inner process of S. Baiterekov’s creative work, his methods of works at the stage of consideration and design of a musical composition.

The 3 section “Music of S. Baiterekov in the national musical culture of the end XX – beginning of XXI century” presents the relation of the composer’s activity with the popular musical culture of this period.

The first subsection “Tradition and succession in the music of S. Baiterekov” on the basis of comparative analysis shows how in his creative work the tonality of the folk music goes together with the professional classical principles. They are not opposed but rather brought together, interpenetrated and enhance each other.

The second subsection “Different performance interpretations of the composer’s music in terms of the song “Aliya” presents the actual material about the scene life of S. Baiterekov’s creatures not only in the musical culture of Kazakhstan but also beyond it.

The third subsection “Heritage of the composer and contemporaneity” reveals its ability to develop on the basis of the active interaction with other original and new forms of musical creation, thereat saving national singularity and depth.

The Conclusion resumes the study; the main result of the study is the assessment of the original style of the composer S. Baiterekov as connection of national traditions comprising multiple facts of national continuum.