Аманжолов к. ҚАзақстанның Әскери тарихы
Вид материала | Документы |
- 2008–2009 оқу жылындағы «Археология» пәні бойынша студентке арналған бағдарлама (Sillabus), 1915.22kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Диссертация қорғаған мамандығының шифры аталып, 2403.71kb.
- Қазақстан тарихы кафедрасы, 3205.92kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, 983.92kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, 7501.29kb.
- 2012 жылы Қазақстан бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі, 110.85kb.
Қазақстанның мемлекетгік тәуелсіздігін алуына байланысты, алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет - өзінің қару-лы күштерін құру қойылды. Жаңа қағидалы зандық негіздерді жасау армияның механизмін еске ала отырып, республиканың ерекшелігіне жөне географиялық жағдайына байланысты қайта құруды, айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етті. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығы бойын-ша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрыдды, кейіннен республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз бетімен дербес шешуге өтуіне байланысты, Қазақстан Респуб-ликасының Қорғаныс министрлігі болып аталды. Тәуелсіз рес-публиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасын-дағы қол жеткен келісімдерге байланысты, 1992 ж. 7 мамырыңца Президенттің Жарлығы шықты, бұл Жарлық бойынша, Қазақ-стан аумағында орналасқан Қарулы Күштер өздерініц мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы БаЪ Қрлбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өзіне алды, ал тікелей басқаратын Қорғаныс министрі бодды. Қазақстанның тұнташ Қорғаныс министрі болып генерал-пол-ковник С.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына, негізінен, 40-жалпы әскерлік армияның әскерлері кірді. Бұлар бұдан бұрын, 1979 жыл 27 желтоқсанда, генерал-майор А.Тохариновтың басшылығымен Ауғанстанның шекарасына кірген болатын. 9 жылдан аса мыңдаған моджахеттердің қарулы оппозициясына қарсы қарулы операци-яларға қатысты.
1989 ж. 15 ақпанда Женева келісімі арқылы бекітілген мерзімінде 40-армияның әскерлері Ауғанстаннан шығарыл-ды. Содан кейін әскери бөлімдер тәртіп бойынша таратылды, мерзімді кызметтің солдаттары запасқа шықты. Ал офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға қай жерден барса (отбасы-ның тұратын жеріндегі), сол жердің әскери бөлімшелеріне * кетті. 40-армияның штабы Ташкентте орналасты.
Құрлықтағы әскерлердің Бас штабына, КСРО Қорғаныс министрлігіне "ауғандық" офицерлердің және әскерлердің үлкен легінің үндеуіне орай, 1991 ж. 7 маусымда 40-жалпы ескерлік армия кайта құрылып, Қазақстан жеріндегі қарулы күштерге енді. 40-Армиядан басқа ВВС (әскери әуе күші), ПВО . (әуе қорғаныс күштері) әскерлері және оларды қамтамасыз ететін бөлімдер мен қүрамалар енді. Қорғаныс министрлігінің бұл мемлекеттік институтты материалдық ұйымдастыру мәселелерін шешуіне тура келді. Әскери техникалардың қажетті жерге орналасуын, қару-жарақты және материялдық техникалық мүлікті бақылау қажет болды, өйткені жаңадан . құрылу кезінде әскери арсеналдарды әр түрлі талан-таражға түсірудің қорқынышты тенденциялары көрініс берді. Әскери 1 техникаларды ұйымдастыру кезеңінің мерзімдері қатаң анық- талды. Үш айдың ішінде КСРО-дан қалған әскери мұраны қабылдау жүзеге асырылды, өскерлерді тікелей басқарудың жүйесі мен ТМД-ньщ қорғаныс министрліктерінің ведомоство-ларымен өзара байланыстар құрыдцы. Қазақстан Республикасы әскерлерін қаржылық, материалдық-техникалық және медици- : налық қамтамасыз ету мәселелері шешілді.
Осыдан кейін Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күщтерін құруды 1992 ж. 7 мамырда занды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өзінің азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін өз бетімен анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін
шешеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66- бабында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеумет-тік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетініқ, қауіпсіздігігінің, қоғамдық төртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуың , ұйымдастырады делінген, ал 36-бапта (1-пункт) Қарулы Күштердің қағидалы міндеттерін анықтайды. "Қазақстан Рес публикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті боры- шы және парызы" деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы КонСтитуциясының 20-бабында 5 (3-пункт) Қарулы Күштердің мақсатын көрсете келе, Респуб-ликаның Конституциялық қүрылысын күштеп өзгертуге, әлеуметгік, нөсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбы- лыққа бас үруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді деп айтылған.
Қоғамның қорғалуының тағы бір кепілі Конституциянын 23-бабы (2-пункт) болып табылады, онда арнайы түрде әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау . органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қол-дап сөйлеуге тиіс еместігі айтылған. Осыдан барып қарулы күштер, ішкі әскерлер, республикалық гвардия және арнайы қызмет тарапынан мемлекеттік билікке қарсы бағытгалған сая-си әрекеттер Конституциялық емес деп бағаланды. Ел ішінде армия қоғамдық патриотизм мен бірлікті қолдаудың бастауы ретінде маңызды рөл атқаруы тиіс. Республика Қарулы күштерінің қорғаныс доктринасы мен тұжырымдамасының жалпы жөне ең басты белгісі Қазақстанньің өзінің мүмкіндігінен шығады және де айналадағы әлемнің шынды-ғына байланысты, оларға, қажеттілігіне қарай, түзетулер енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих сабақтары және қазіргі заман" деген баяндамасында былай деді: "Біздің тәуелсіздігіміздің бес жылдығында Қазақстан халқының көп жылдық тарихындағы миллиондаған ата-бабаларымыздың бос-тандық үшін күресі мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерін қиып, құрбан болған жүз мындаған отандастарымызды ұмыта алмаймыз".
Қазақстан Республикасы өзінің қарулы күштерін құру арқылы соңғы кездері армияны құрудағы біраз проблемалар-ды шешіп алды. Біріншіден, қарулы күштердің саны, құрамы және әскери қызмет атқарудың мерзімі аныкталды. Екіншіден, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның жөне ТМД елдерінің де мүддесіне жауап беретін бірлескен әскери тұжы-рымдама мен доктринаны білдіретін әскери келісімге қол қойылып, 1994 ж. 29 наурыздағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы достық, өзара көмек, бір-бірімен қарым-қатынас туралы шарт бойынша, әскери-стратегиялық кеКістікті сақтауды, республикалар арасындағы шекаралар-дың бүзылмауын толық түрде мойындай отырып, әскери ба-зарларды, полигон және басқа да объектілерді бірлесіп пайда-лануға қол жеткізді. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс одағы орыс және қазақ халқының көп жылдық достық қатынасына негізделеді.
§2. ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстанның халқы, еңбекшілері біздің қарулы күштеріміздің алдында тұрған барлық мәселенің маңызын түсіне отырып, олардын әскери әл-ауқатының нығаюы үшін бәрін істеуде. Олар армиянын күнделікті өмірін, әскери шеберлікті игеруін, әскердегі барлық болып жатқан жағдайды үлкен қызығушылықпен бақылап отыр. Бұл занды да. Отан қорғауға дайындалу үстінде, жастар қарулы күштердің және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникаларды, солдаттар мен матростар игеруі керек болатын мамандықтар-ды, республиканың қарулы күштерінің өзін қалай дайындау керектігін білгісі келеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және ұлттық гвардия мен ішкі өскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлері бөлімдерден жөне өр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
I. Жалпы мақсаттағы күштер
Соңғы он жыл ішінде жер шарының әр түрлі аудандарын-да қарулы дау-жанжаддардың тұтануы қүрлық әскерлерінің маңызының төмендемегенін көрсетеді. Ракета, авиация, корабльдердің көмегі арқылы дұшпандардың шабуылын той-таруға жөне оған шешуші соққы беруге болады. Бірақ құрлықтағы жауды толық түрде талқандауда құрлық өскерлері мен мобильдік топ күштері шешуші рөл атқарады. Жалпы мақса-гтағы күштер құрамына құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамын-да бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздерінде біршама әр түрлі қаруларды және басқа да техника-ларды біріктірді.
Әскер түрлеріне моторлы атқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы өскерлерге - инженерлік, химия байла-ныс, радио жөне радиотехникалық, автомобиль және басқала-ры жатады. Моторлы атқыштар әскерлеріне моторлы атқыш-. тар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторлан-дырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранспортерлерімен қозғалады және ұрыс жүргізеді. Бұл орамды жылдам қозғала-тын және маневрлік әскер түріне айналдырады. Сонымен бірге, моторлы атқыштар әскерлері өз құрамында танкілердің үлкен бөлігін иемденеді, бұл дегеніміз олардың күшін артты-рады. Танкіге қарсы жіберілетін және басқарылатын реактивтік снарядтармен (ПТУРС) қаруланған моторлы атқыштар бөлімшелерінің бөлімдерінің күрамына түгелдей мо-торландырылған артиллерияның инженерлік, химия, байланыс автомобиль және басқа бөлімшелері енген.
Моторлы атқыштар — жаяу әскерлердің мұрагерлері, әскердің өте ежелгі түрі. Қазақстан жаяу әскерлері Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіңце жөне Ленинград, Сталинград шайқа-старында, Днепрден өтуде өшпес даңққа бөленді. Бұл айбынды жаяу өскерлердің әскери батырлық салттарын Қазақстанның қарулы күштерінің моторлы атқыштар әскерлері жүректерінде ардақтап берік сақтайды және жауынгерлік еңбектерімен көбейтеді.
Танк әскерлері — салыстырмалы түрде жас әскер тарихы бірінші дүниежүзілік сбғыс жылдарынан басталды. Танк әскерлері - құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар көбінесе ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарын-да қодданылады.
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларының қару-жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар жоғары жылжымалы броньдық қорғаныс - қазіргі заманғы қару-жарақ. Түнде көретін при-борларының жөне су түбінде жүзуге арналған жабдықтары-ның болуы танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа тиімді құрал етеді. Өте мықты бронның болуына байланысты, олар ядро-лық жарылыстың зақымдаушы факторларына, танкінің ішіне кіретін радиацияның, радиоактивтік жұқтырулардың өсеріне қарсы үлкен беріктікке ие болады. Жан-жақты дайындығы бар жастар жақсы танкист бола алады.
Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, күрделі жүйелер мен агрегаттар, жетілдірілген приборлар мен при-цельдер - бұлардың барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана билігінде болады.
Қүрлық әскерініц артиллериясы
Артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің болуы құрлық әскерлерін дереу күшейтті. Олар өз соққыларымен қысқа уақыттың ішінде қарсыластардың бөлімшелері мен бөлімдерін түгел жойып жіберуі мүмкін. Біздің армиямыздың артиллериялық бөлімдері мен бөлімшелерінің қару-жарағын-да артиллериялық зеңбіректердің әр түрі мен калибрлері, реактивтік артиллерия және түрлі мақсатқа қарай, снарядтар мен миналар болады. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік қондырғылар, жойғыш танкіге қарсы қолданылатын зеңбіректер, минометтер және ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Бұл қысқа уақыт ішінде дайындалып, барлық құралдары моторландырылған, оқ атуға қабілетгі, әскерлер мен танкілерге еріп жүреді.
Қүрлық әскерлерінін арнайы бөлімшелері мен бөлімдері
Ғылыми-техникалық прогреске байланысты, қазіргі жағ-дайда арнайы өскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, бұлшық еттің жақсы дайындығын талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жарақганған.
Арнайы әскерлер
Инженерлік әскерлер — құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған. Бірде-бір әскери мөселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдардан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасай-ды, минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскер-лер қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды.
Химиялық әскерлер
Жаппай қырып-жоятын ядролық қарулардың және басқа да қүралдардың пайда болуына байланысты, бұл қару қолда-нылған жағдайда әскерлерді қорғайтын шаралар қажет бола-ды. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық әскерлер маңыз-ды рөл атқарады. Осыған байланысты, олар арнайы машина-лармен және приборлармен жабдықталған, бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы материалдармен қамтамасыз етілген.
Байланыс әскерлері
Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақ-ты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және ұзақ қашықтықта үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделіп құралған радио және радиорелелік, желілік құралдарды пайдаланады.
Автомобильдік әскерлер
Автомобильдік әскерлердің бөлімшелері мен бөлімдері ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құрал-жаб-дықтар жеткізуге, жаралыларды алып кетуге, істен шыққан қару-жарақтарды және басқа жүктерді тасуға арналған әске-ри тылдың құрамындағы, әскерлерді соғыста және басқа уақытта барлық қажеттілермен қамтамасыз ететін әр түрлі мақсаттағы көптеген бөлімшелер мен бөлімдер болады.
Мобильдік күштер тобы
Құрлық әскерлерімен тығыз байланыста мобильдік күштер тобының бөлімдері мен бөлімшелері қолданылады. Бізде десантшыларды "қанатты жаяу әскер" деп атайды. Ол әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскер-лер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге, қарсыластардың штабтары мен тьщдағы бөлімдерін жоюға арналған. Өз міндеттерін орындау-да мобильдік топтар жоюдың әр түрлі қүралдарын, өр түрлі жаңа техниканы, қажетті қорларды иемденеді. Тасуға және аспаннан тастауға әскери тасымаддық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтары пайдаланылады.
П. Әуе қорганыс күштері
Қазақстанның өуе қорғаныс күштері мемлекеттің өуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қор-ғайтын маңызды құрал болып табылады, олардың құрамына қарсы әуе қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Қарсы әуе қорғаныс әскерлері тіпті бейбіт күндері елдің әкімшілік және экономикалық орталықтарын, қарулы күштердің топтарын жаудың әуе шабуылынан қорғауда жа-уапты әскери міндеттерді дереу орындауға қабілетті болуы ке-рек. Қарсы әуе қорғаныс әскерлері (ПВО) нашар ауа райында және қатты радиоэлектрондық кедергілерде, алыстағы және жақындағы, әр түрлі биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылынан ескертетін қазіргі заманғы құралдармен, мықты зениттік ракеталық, авиациялық және радиолокациялық тех-никамен жарақгалған.
Қарсы өуе қорғаныс әскерлері (ПВО) зениттік ракеталық әскерлерден, өуе қорғаныс авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.
Зениттік ракеталық әскерлер әр түрлі мақсаттағы ракета-лық қондырғымен қаруланған. Зениттік ракеталар нысананы кез келген қашықтықта, биіктік пен ұшу жылдамдығына, жылдың төулігі мен мезгіліне, ауа райының жағдайына және радио кедергілерге қарамастан, жоя алады.
Әуе қорғаныс авиациясы барлық ауа райында қалыпты ұшатын истребительдермен (жойғыш ұшақтармен) іздеудің жаңа навигациялық аппаратураларымен және радиолокация-лық құралдармен, дыбыстан жоғары жылдамдықты, жетілдірілген қару-жарақпен жарактанған.
Радиотехникалық әскерлер
Үздіксіз өуе кеңістігін бақылап отырады, жаудың нысана-ларын, олардың координаттарын, жылдамдығын, ұшу бағы-тын анықтайды жөне зениттік ракеталық әскерлер мен авиа-цияға жаудың шабуылын қайтаруға, оларға тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.
Әскери өуе авиациясы
Әскери өуе авиациясының негізін күшті ракеталық пулеметтік қару-жарақпен жөне радиоэлектрондық қондыр-ғылармен жабдықгалған реактивтік, дыбыстан жоғары авиа-ция құрайды.
Әскери өуе авиациясы өз міндеттерін орындау үшін өр түрлі мақсатгағы үшақтарды: истребительдерді, истребитель-бомбардировщиктерді барлаушы, транспорттық жөне басқа да ұшақтарды пайдаланады. Сонымен бірге әскери әуе авиа-циясы қазіргі заманғы жаудың шабуыл құралдарын зақым-дауға, жердегі әскерлерге қолдау көрсетуге, әуеде үстемдік етуге жөне басқа да біраз қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Ш. Шекараны қорғау күштері
Шекара әскерлері құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері әрдайым мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға жөне жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілетті. Шекарашы әскерлердің жоғары өскери шеберлігі Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қам-тамасыз етеді.
Шекарашылардың қару-жарағында атыс қаруларының бар-лық түрі, танкіге қарсы құралдар және қазіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс, бақылау құралдары бар.
Бүгінгі көптеген қазақстандық шекарашылар ТМД сыртқы шекараларын қорғауда өздерінің міндеттерін атқаруда.
Жағалық қорғау күштері Каспий теңізіндегі шекараны қорғауда ауыр қызмет атқарады. Олардың басты міндеті — Қазақстанды теңізден болатын агрессорлардың шабуылынан қорғау. Бүгінде жағалық қорғау күштері кұрылу сатысында тұр.
Олар жаңа катерлермен, қару-жарақтардың жаңа түрімен толықтырылуда, Қазақстанның теңіз шекаралары өнімді қор-ғалуь; үшін барын істеп жатқан қазақстандық теңіз әскери шеберлігі бүгінде шындала түсуде.
Ұлттық ұлан
Қазақстан Республикасы Үланының қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет. Ұлттық Үлан шетелдік де-легацияларды қарсы алғанда, шығарып салғанда және басқа да маңызды шараларды орындайды, үлан әскерлері өздерінің саптық бой түзеулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқы-лы біздің төуелсіз мемлекетіміздің айбындылығын анықтай-ДЫ.
Ішкі өскерлер
Әзірге Республикамызда қылмыстық жөне басқа да құқық бұзушылдық сақталып отырғанда, ішкі өскерлердің қажеттілігі маңызды болып қала береді. Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік-өскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі өскерлердің әскері жоғары сана-лылық пен жанкештілік көрсетуде. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңның негізінде жинақталды. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері Қазақ-стан Республикасының қарулы күштерінің солдаттарына, сержанттарына, прапорщиктеріне, офицерлеріне тағайындал-ған барлық жеңілдіктер түрі мен құқықтарын пайдаланады. Қазақстанда әр заманда епті және батыл, ер жүрек сарбаз-дар болған, олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге кабілетті.
Бүгінгі Қазақстан әскерлері Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан "даңқты өткенімізден күш ала отырып", өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екенін көреміз.
§3. ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫНДАҒЫ НЕПЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғаннан кейін Прези-дент пен үкімет Қазақстан армиясын реформалаудың өзара байланысты басымдық жиынтығын жасады. Бұл дегеніміз — өскерлердің құрылымын өзгерту, әскери кадрларды дайын-дау, армияны қаруландыру, еуропалық қауымдастықтың ар-мияларымен қарым-қатынас жасау, әскери қызметтің мәртебесін көтеру, әскери ұжымдардағы ұлтаралық қатынас-тың проблемаларын шешу.
Армиядағы реформаларды айтар алдында, бірінші, басты проблеманы белгілеп алу қажет. Қарулы күштер - бұл мобильдік, жаттыққан, жабдықталған, елді қорғау міндетін. атқаруға қабілетті өскерлер.
Екінші проблема әскери кадрлар болып табылады. Тарих-тың жүздеген жыдцарынан бері мемлекеттердің әскер ұстау-ының екі әдісі болды: өз еркімен жалдамалы тәртіптегі жөне әскери міндет түріндегі. Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, мерзімнен тыс қызметтегі өскери қызметшілер және әскери қызметші өйелдер құрамын жинақтаудың аралас тәсілі қолданылады: өз еркімен, жалдамалы түрде, шартпен (контрактімен) және мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңға сәйкес шақырылады. Соңғы кездері "жалдамалы армия" термині "кәсіпқой армия" терминінің баламасы болып жүр, сонда да Қазақстан Респуб-ликасының Қарулы Күштерінің негізі кәсіпқой кадрлардан тұрады деп айтуға болады.
Сонымен бірге, бұл проблеманың өзіндік ерекшеліктері бар және оларды әскери мамандықгардың санын еске түсіру арқылы түсінуге болады. 1990 ж. КСРО Қарулы Күштерінің тізіміне 4 мыңнан аса мамандықтар кірді. Қазақстанның ал-дында номенклатура бойынша қажетті шамада әскери маман-дар даярлауды қамтамасыз ету тұр. Жоғары кәсіпқой армия құру үшін жеткілікті шамада әскери мамандар болуы керек және әскерлерді мамандармен қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді нұсқасы контрактілік жүйеге өту болып табылады. Әрбір өз еркімен келгендер мемлекетпен шарт жасасады, онда қызмет ететін уақыты, ерекше жағдайдағы қызметі үшін өтема-қысының тәсілдері көрсетілуі керек. Армияға, сонымен бірге, қаржымен және басқа да материалдық ресурстармен қамтама-сыз етудің толықтырылған жүйесі қажет, әскери қызметтің мәртебесін халық арасында көтеру керек.ІБұл үшін бағдарлама-лық саясат қажет және армиялық қызметтің баспасөзде, кино-да, теледидарда, видеороликтерде және т.б. жарнамасы болуы керек.
Үшінші проблема - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қару-жарақпен, техниканың жаңа түрлерімен жаб-дықтау. Қанша дегенмен, әзірге Қазақстанның өзінің жеткілікті қорғаныстық өндірісінің болмауы оны бірінші ке-зекте Ресейдің әскери рыногынан алынған қару-жарақпен, әскери техникамен байланыстырады. Өйткені, бұрынғы КСРО-ның барлық қорғаныстық өндірісі, сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздіктің ғылыми-өндірістік потенциалы Ресей Федерациясының аумағында жинақталған. Сондықтан Қазақстан қару-жарақ сатыгі алу саясатын жасағанда және ұлттық саясатын анықтағанда Ресейге бет бұруы керек, өйткені, ол қару-жарақ пен техниканы әлемдік стандарт дәрежесінде шығарады. Бірақ Қазақстанның қорғаныс қабілеті, қаншалықты достықта болса да, басқа мемлекетке тәуелді болмауы керек.
Төртінші пробяема - Қазақетанның әскери кадрларын даярлаудағы Ресеймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Беларусыіен, Украинамен және әлемдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттерімен өзара тәуелді қарым-қатынаста болуы. Жас егеменді Қазақстанның қарулы күштерінің құрылу және қалыптасу кезеңінде ұлттық офицер мамандардың жетіспеуі бірден-бір өткір проблема болды. Бірақ бүгінде, Қарулы Күштердің сегіз жыддық өмірінде бұл проблема күн тәртібінен алынып тасталды. Қазақстан Рес-публикасының құрылған және табысты жұмыс істеп жатқан жоғары әскери оқу мекемелерінің, азаматтық оқу мекемеле-ріндегі кең тармақты әскери кафедралардың жұйесі қарулы күштерді жыл сайын кажетті мөлшерде билікті әскери маман-дармен толықгыруға мүмкіндік береді. Әскери және ғылыми-пе-дагогикалық кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, 1997 ж. 11 ақпанында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-лығымен Қарулы Күштердің өскери Академиясы құрылды.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері даму және жетілу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы" деген халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздіктің және қарулы күштердің дамуы мен жетілуінің бағытын, әсіресе кәсіптік даярлықтың мелшері көтерілуінің қажеттілігін және армияны қазіргі заманғы қару-тжарақ-құралдарымен қамтамасыз етуді ерекше атап айтты. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді тәсілі көрші мемлекет-термен қарым-қатынасты жақсарту болып табылады.х
Әскери кадрларды даярлаудағы мәселеде маңызды орын-ды өзінің мықты әскери экономикалық және ғылыми потен-циялымен, мүмкіндігімен Ресей Федерациясы алады. Қазақ-стан Ресеймен әскери-экономикалық және стратегиялық ты-ғыз байланыста. Бұған дәлел жоғарғы дәрежеде әскери деле-гациялардың алмасуы жөне Қазақстан мен Ресейдің бірігіп, Самарада болған "Редут-97" сияқгы жаттығулар өткізуі. 1992 ж. бастап, Ресейдің жоғарғы әскери орындары мен абыройлы әскери академиялары Қазақстан азаматтарынан курсанттар мен тындаушылар қабылдап келеді. Және қарулы күштерге өте қажет мамаңдықтар бойынша кадрлар даярлайды. ,
Бұл салада жан-жақты қарым-қатынас Украинамен, Бе-ларусыіен, Қырғызстан және Өзбекстанмен орнатылуда. 1997 ж. ғана осы мемлекеттердің президенттері әскери маман-дарды өзара даярлауға, әскери техника мен қару-жарақты жөндеуге және өзара тасымалдау туралы шартқа қол қойды. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың әсакери саласының тең құқықты мүшесі ретінде танылған.
/Әлемнің басқа да мемлекеттерінде офицерлік кадрларды білікті түрде дайындау жүргізіліп жатыр. Бұл процесс тек тео-риялық түрде ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік салаДа да өтіп жатыр. Бұл 1997 ж. Қазақстан мен Өзбекстан аумағында, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ,УРесей және Түр-кияның құрамаларының қатысуымен өткізілген "Центразбат — 97 және 98" біріккен бітімгершілік жаттығуынан көрініс тапты.
Жоғарыда көрсетілген шарттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қүрылымын жетілдіруге, ұйымдастыруға, оның әскери даярлығын арттыруға және қауіпсіздікті, егемендікті, аумақтық біртұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың көтерген
бесінші пробле-масы — бұл әскери киімдегі адамның мәртебесін көтеру. Әскери қызмет көптеген қиындықтар мен мүқтаждыктарға кездесіп отыр. Мемлекет оларға жеңілдіктер беру, ақшалай үлесін көтеру, әлеуметгік-тұрмыс жағдайы арқылы өтемакы береді.
1997 ж. 1 қаңтарынан бастап, Қорғаныс министрлігі арқы-лы әскери кызметшілерге, запасқа шыққан адамдарға санаторийліқ, курорттық емделудің орнына, ақшалай өте-мақы төлеу қалпына келтірілді. Әскери гарнизонда әскери қызметшілердің қоғамдық көліктің барлық түрінде жүру мәселесі дұрыс шешімін тапты.
1997 ж. 26 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті басқа да мемлекеттердің басшыларымен бірге "ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде әскери қызметшілерді, әскери қызметтен босаған азаматтарды жене олардың отба-сыларын тұрғын үйлермен қамтамасыз ету туралы" шартқа қол қойды.
Қазақстан Республикасының "Әскери кьізметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау" туралы заңында және Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 1995 ж. 28 сәуірдегі "Соғысқа қатысу-шылар мен мүгедектерді және оған теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктері" туралы зандық күші бар Жарлығында баяндалған әскери қызметшілер мен әскери қызметтен запасқа шыққан азаматтар үшін көптеген жеңілдіктердің мөселелері зейнетақымен қамсыздандыру ту-ралы занда дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді.
Алтыншы проблема — командалық тіл проблемасы. Респуб-ликаның ұлттық егемендігі мен мемлекетгік тәуелсіздігін ал-уына байланысты, мемлекеттік тіл өндірісте, шаруашылықта, тұрмыстық және әскери салада қатынас құралы ретінде қолда-нылды. Қазақстан Конституциясының 7-бабында (1, 2-пунктінде) былай делінген: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі, мемлекеттік үйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде казақ тілімен тең қолданылады".
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 ж. 11 шілдеде қабылданған занда былай делінген: "Қазақстан Рес-публикасының Қарулы Күштерінде, сонымен бірге әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымдарында, азамат-тарды құқықтық қорғау және құқық қорғау органдарында мемлекеттік және орыс тілдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі". Осы заңға сәйкес, Қарулы Күштерде нақты қадамдар жасалып жатыр:
— жоғары әскери-оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың сағаттары көбейді; — жоғары әскери-оку орындарында, "қазақ тілі" қоғамы құрылды және команда біртіндеп қазақ тілінде беріле баста-ды;
— іс жүргізу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіле баста-ды.
Қазақ тілін Қарулы Күштерге енгізгенде Қызыл Армияның ұлттық белімдерінің Азмат және Ұлы Отан соғысындағы жұмыс тәжірибесі қолданылады.
Көптеген себептері бар әскери ұжымдардағы ұлтаралық кдтынас жетінші проблема болып табылады. Көп жылдардан бері ұлттық сана-сезім үстемдік етуші марксистік-лениндік идеологияның дөрекі түрдегі немқұрайдылық нұсқасының қысымында болып келді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі көп ұлтты әскери ұжымдарда өзара қарым-қатынас нағыз достық пен бауырмалдықта құрылуына объективтік жағдайлар бар.
Бірақ бұл мүмкіндіктер өзінен-өзі зандылық пен құқық төртібінің сақгалуына кепіл бола алмайды. Көп ұлтты әскери құрамаларда төртіп бұзушылықтың болуының бірден-бір себебі аумақтық нышандарына қарай заңсыз құрылымдардың құрылуына байланысты.
Әскерлерде бұл мөселені шешу үшін нақтыланған ұйым-дастыру шаралары жүргізілді. Жастармен жұмыс жүргізетін офицерлер лауазымы қалпына келтірілді. Әрбір құрамада қайтадан қоғамдық лауазым — "ұжым жетекшісі" енгізілді. Қарулы күштердің бөлімдерінің түрлерінің, олардың құрама-лары мен бөлімшелерінің штаттарына социалогтардың лауа-зымы қосыдцы. Құрамалар мен бөлімдерде реабилитациялық бөлімшелер құрылып, ойдағыдай қызмет істеп жатыр, бөлімдерде бірінші рет әлеуметтік делдалдар лауазымы кіргізілді.
Сегоінші проблема - Қарулы Күштерде Жарғыға қарама-қайшы өзара қатынастар бүгінгі күнде актуальді болып отыр. Оны шешудің бірнеше жолдары бар:
— Армияны шарттық-профессионалдық негізге көшіру.
— "Дедовщинаға" (әлімжеттілікке) айыпты солдаттың қызмет мерзімін ұзарту.
— Жарғыға қарсы қарым-қатынасқа қылмыстық жауап-кершілікті арттыру.
— Баламалылық қызметгі енгізу.
— Бұрын сотталған адамдарды әскери қызметке шақыру-дан бас тарту.
- Командирлердің жарғыны бұзуына жол бермеу. Болашақта сапалы жаңа концептуальді негізде құрылып жатқан Қазақстан Армиясының әскери түжырымдарында ұлта-ралық қарым-қатынасқа баса назар аударуды қажет етеді. Мы-надай жағдайларға ерекше көңіл бөлу керек:
1. Мұнан былай армия құрамын, әсіресе командалық және әскери-техникалық кадрларды интернационализациялау.
2. Офицерлік кадрлардың жалпы мәдени, материалдық деңгейін көтеру, офицерлердің өлеуметтік қорғалуын, түрмыс-тық проблемаларын шешу.
3. Республиканың демографиялық жағдайларына және көші-қон саясатына әрдайым талдау жасап отыру, армияның бөлімдері мен құрамаларын ұлттық құрамына қарай тепе-тең
жасақгау.
4. Бөлімдерді, қүрамаларды жаңадан әскерге шақырушы-лармен толықтырғанда, төменгі және орта буындағы офицер-лерді тәжірибелілер қатарынан, тексерілген адамдардан, қазақ жөне орыс тіддерін білетін, белгілі жағдайларда жаза-сыз жібермейтін, әскери тәртіптің бұзылуына жол бермейтін-дерден тағайындау керек.
5. Әскерлерде арнайы тілдік және техникалық білімді бағ-дарламалар құру арқылы жұмысты жетілдіру (қазақ, ағыл-
шын).
6. Офицерлерді және түрғылықты емес халықтың өкілдерін әскер қатарына шақырылғандармен жүмысқа кең ауқымда тарту.
7. Жастарды ңақты моральдық-психологиялық дағдылан-дыру керек. Армия - бұл қатаң тәртіп, бірақ адамның ар-ож-данын әрбір уақытта және абсолюттік кепілдікте сақтау ке-
рек.
Бүгінде өскери-саяси жағдай әлемдік, аумақтық, сонымен бірге мемлекеттік дәрежеде жеңіл емес, қиын жағдайда цалыптасып отыр. Әрбір өскери қызметші осы өтіп жатқан жағдайлардың негізіи терең түсініп қана қоймай, сонымен бірге оны қамтамасыз етуде өзінің орнын анық көре білуі
тиіс.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері болашақта кәсіптік және білікті болады. Бұл соған қоса жеке құрамның патриоттық тәрбиесінің маңызын бұрынғыдан да жоғары көтеруі тиіс, өйткені, профессионал — бұл қару мен техника-ны жетік меңгерген маман ғана емес, сонымен бірге өзінің еңбегінің маңызын жақсы түсінетін, өзінің патриоттық пары-зы неден тұратынын түсінетін адам.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазакстан Республикасынын Конституциясы. Алматы, 1998.
2. Указ Президента РК Н.А.Назарбаева о внесении изменений и допол-нений в Закон РК "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" — "Казахстанская правда". 22 ноября 1995 г.
3. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития суверенного Ка-захстана. - РГЖИ "Дөуір". Алматы. 1992 г.
4. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. — Алматы. "Казахстан", 1996 г.
5. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. - Алматы. "Өнер". 1996 г.
6. Назарбаев Н.А. Послание Презвдента народу Казахстана. "Казахстан- І ская правда". 30 ноября. 1997 г.
I. Мүрағаттық қорлар
1. Томск Мемлекеттік университетіндегі ғылыми кітапханада сақталган 18- дөптер. Зюнгар шежіресі мен материалдары, 15-73-беттер.
2. Ресей сыртқы саясатының мұрағаты (АВПР) Қырғыз-кайсак. істері коры, 1743, 3-іс.
3. Фонд Зюнгарские дела, оп 113-1, 1752—1753 гг. Д. 5 лл 3-42.
4. АВПР. Фонд Зюнгарские дела, оп 113/1, 1753 год. Дело 2. лл 6-11.
5. АВПР. Фонд Сибирские дела, оп 130/2, 1746-1754 гг. Д. 1, лл 4-80.
6. АВПР, Ф. Зюнгарские дела, Д. 4, 1756 г, лл 17-235;
7. АВПР. Қыргыз-қайсақ істері, бас мұрағат, 1—9 корлар;
8. АВПР. Ф. Киргиз-кайсацкие дела, 1758., Д. 4 лл 110-200;
9. Ежелгі актілер орталык мемлекеттік мүрағаты (ЦНАДАРФ), 119-құжат, кдлмак істері; Қырғыз-кайсак істері; 349, 1100, 1267, 1274;
10. Омбы облысының мемлекеттік мұрагаты, фонд 3, 19, 67, 270, 366, 662, 1089.
11. АВПР. фонд Зюнгарские дела, оп 113/1, 1758 год. Д "4 лл 2-32.
П. Қүжаттар мен материалдар
1. Аммиан Марцелин. История. Вып. III. Кивв, 1908.
2. Арриан. Анабазис Александра, СПБ. 1912; Он не индия. Журнал "Ве-стник древней истории" №2, 1940.
3. Аристотель. Политика., пер. Жабелева. СПБ, 1911; Политика, Афинс-кая политика. — М., 1997.
4. Геродот. История в девяти книгах., пер. Мишенко. Т.4, СПб, 1913.
5. Казахско-русские отношения в XVI—XVIII вв., Сборник доісументов и материалов. А., 1961.
6. Курции Квинт. История об Александре Македонском, ч. 1-2, СПб 1819.
7. Казахско-русские отношения в XVI—XVIII вв. (Сборник документов и материалов). Алматы, 1961.
8. Материалы по истории казахских ханств Х-ХҮІІІ вв., извлечения из персндских и тюркских сочинении. А., 1969.
9. Материалы по истории Сюнну по китайским источникам. М., 1968.
10. Образование Казахской ССР; Сборник документов и материалов. А., 1948.
11. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 1 СПб, 1885.
12. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 2. М.-Л., 1941.
13. Юстиан. Всеобщая история. ч. 1., глІІІ. СПб., 1911.
. 14. Хроника Дацинской династии годов, правления императора Гао-Цзу-на Токио., 1937., Цзюнь (глава) с. 512: (Да цин Гао-Цзюн Чинь Хуанди Шилу (цз 548 ЛЛ4-13; цз 780 ЛЛ14-35; "Цинь дин пин дин Чжуньгер фан-люс Чжанбень" цз 27. лл 21-216; цз 28., лл. 5-66; 76., "Да цин Гао Цзун Чунь Хуанди Шилу" Цз 520, л 8.
III. Монографиялар, жинактар, естеліктер, окулыктар
15. Аманжолов К. Әкенің жолы — үлға үлгі. Алматы, 1988.
16. Аманжолов К. Екінші дүниежұзілік соғыс. Алматы, 1995.
17. Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері. Алматы, 1987.
18. Аманжолов К. Жауынгерлік туы астында. Алматы, 1991.
19. Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халыктарының тарихы. 2-кітап. Алматы, 1997.
20. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 3-кітап. Алматы, 1999.
21. Аннинский С.А. Известия венгерских миссионеров ХІІІ-ХІ вв. о татарах и Восточной Европе. т. З.М. -Л., 1940.
22. Аристов Н.А. Түркі тайпалары мен халыктарының этникалык кұра-мы жөне олардың саны туралы ескертпелер. СПб, 1887.
23. Археологическая карта Казахстана. Алматы, 1960.
24. Ахынжанов С.М. Кыпчаки в истории Средневекового Казахстана. Алматы, 1989.
25. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1992.
26. Әбілдаев Б. Аңыракай шайқасы. Қазақ батырлары.
27. Бабыр Захир ад-дин. Мухамед. Бабырнама. Қазакша сөйлеткен Б.Қо-жабекұлы. Алматы, 1993.
28. Бартольд В,В. Очерки истории Семиречья. Фрунзе, 1953.
29. Бартольд В.В. Собрание сочинении. т. 1. М., 1963.
30. Бартольд В.В. Собрание сочинении. т. З.М., 1965.
31. Бартольд В.В. Собрание сочинении. т. 5. М., 1968.
32. Бичурин М.Я. Историческое обозрение ойратов и калмыков с XV столетия до настоящего времени. С-Петербург, 1834.
33. Бичурин М.Я. Собрание сведения по исторической географии Вос-точной и Средней Азии. Чебоксары, 1960.
34. Большаков О.Г. К истории Таласской битвы 751 г // Страны и наро-ды Востока. М., 1980. Вып. 22. кн. 2.
35. Бор—Раменский Е.Г. Феодально-рыцарское ополчение. М., 1947.
36. Валиханов Ч.Ч. Избранное произведение. Алматы, 1955.
37. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении. т. 1. Алматы, 1961.
38. Васильев В.П. История и древности восточной части Средней Азии отХдоХІУвв. СПб, 1859.
39. Витевский В.Н. Неплюев и Оренбурский край в прежнем его составе до 1758 г. Историческое монография. Вып. 2. Казань, 1890.
40. Владимирцов Б. Общественный строй монголов. Л., 1934.
41. Воробьев М.В. Чжуржени и государство Цзинь. М., 1975.
42. Вяткин М. Қазақ ССР тарихынын очеркі. 1941.
43. Греков И.Б. Шахмогоно Ф.Ф. Мир истории. М., 1986.
44. Греков И.Б. Якубовский. Золотая Орда. Л., 1937.
45. Гурьевич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII пер. полов. XIX века. М, 1983.
46. Дельбрюк Г. История военного искусства в рамках политической ис-тории. т. 2. М., 1937.
47. Довженко В.И. Землеустройство Древней Руси. Киев, 1967.
48. Дьяконов И.М. Методические исследования по этнической истории киммериицы-этническое проблемы истории Центральной Азии в древности. М., 1981.
49. Златкин И.Я. История джунгарского ханства (1635-1758 гг). М., 1983.
50. Златкин И.Я. Русские архивные материалы об Амурсане. Филология и история монгольских народов. М., 1958.
51. Иакинов. История первых 4-х ханов из домов Шингизова. СПб, 1829.
52. Иванин М.И. О военном искусстве и завоеваниях монголо-татар и среднеазиатских народов. СПб, 1875; Алматы 1998.
53. Кадырбаев М.К. Новое в археологии Казахстана. Алма-Ата, 1968.
54. Қазак ССР тарихы. 1-т. Алматы, 1957.
55. Қазак ССР тарихы. 2-т. Алматы, 1981.
56. Кдзақ ССР тарихы. 3-т. Алматы, 1982
57. Кдзак тарихи жырларының мөселелері. Алматы, 1979.
58. Каргалов В.В. Внешнеполитические факторы развития феодаль-ной Руси. М., 1967.
59. Карамзин И.М. История государства Росийского т. 5. М., 1993.
60. Кдсымбаев Ж. Жоңғар-казақ тартысындағы саяси және әскери мөсе-лелер // "Қазак тарихы" кітабында, 1993.
61. Козин. Сокровенное сказание. М., 1941.
62. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячеле-тий. Алматы, 1992.
63. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей, СПб, 1932.
64. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии. М. - Л., 1959.
65. Марко Поло. Путешествия. Л., 1940.
66. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. т. 14.
67. Маркс К., Энгельс Ф. Шығармалар. 11-т.
68. Мұканов М. Қазак жерінің тарихы. Алматы, 1994.
69. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII—XVIII вв. Алма-ты, 1991.
70. Оссон Д. История монголов. т. 1. Иркутск, 1937.
71. Очерки истории Китая с древнейших до опиумных воин. под. ред. Шан Юа. М., 1959.
72. Очерки по истории Русской деревни X—XIII вв. М., Л., 1967.
73. Пашуто В.Т. Героическая борьба русского народа за независимость XIII в. М., 1956.
74. Пашуто В.Т. Очерки по истории Галицко-Волынской Руси. М., 1950.
75. Плано Карпини. История монголов. М., 1957.
76. Плано Карпини, Гильома де Рубрук. Путешествия в Восточные стра-ны. Алма-Ата, 1993.
77. Тихомиров М.Н. Древнерусские города. М., 1956.
78. Толочко П.П. Древний Киев. 1983.
79. Тынышбаев М. История казахского народа. Алматы, 1993.
80. Уөлиханов Ш.Ш. Шыгармалар жинагы. 4-т. Алматы, 1985.
81. Урланис Б.Ц. Рост населения в Европе. М., 1941.
82. Қазыбек бек Тауасарұлы. Тұп-тұқияннан өзіме шейін. Алматы, 1993.
83. Щербина Ф.А. Материалы по киргизскому землепользованию, со-бранные и разработанные экспедицией по пользованию степных областей Семипалатинской области Павлодарского уезда. т. 4. 1923.
84. Ар-Рашид ибн аз-Зубаир. Китаб аз-заха, ир ва-т-Тухив ш-л. Кади ар-Рашнд ибн аз-Зубаир. Ал-Кувайт, 1959. т. 2; т. 4.
85. А1-Ма8йі8і. Ье Ііүге ёе 1а сгеаііоп Нйе Ь'ҺІ5Іоіге йе Үоіаһһаг бен Таһіг еі Ма§сіІ8І, рцүііе ...раг С1 Ниаті т. 6, р. 1919.
86. Да Цин Гао-Цзун Чунь Хуанди шилу ("Хроника Дацинской динас-тии цзуна") Токио, 1937, гл. 512.
87. Циньдин пин дин чжунгер фанлюс, чженбянь. цз. 27, цз. 28. Да Цинь Гао-цзун Чунь хуанди шилу, цз 520, 548, 780.
88. Сун Юнь Цинь дин Синьцзян Шилгос. Б.М. 1821, Цз. 7, л 1 с.
IV. Аныктама, энцнклопеднялар
1. Военная энциклопедия Т. 9. СПб, 1913.
2. Қазак Совет Энциклопедиясы. 1, 2, 4, 6, 8, 9, 10, 11-томдар. Алматы, 1972.
V. Мерзімді басылымдар
1. Вилинбахов В. Источники требуют критического подхода. // Военно-исторический журнал. 1961. №4.
2. Көкішев Т. Шындыкты бүрмаламай, жүлмаламай айтайыкшы. "Қазакстан коммунисі". №5, 1990.
3. "Кдзакстан коммунисі". 1991. №2.
4. Сүлейменов Р. Абылай: Аныз бен акикат. " Кдзакстан коммунисі" 1991. №2.
5. Көшеев В.Б. Еще раз о численности монгольского войска в 1237 г. Вопросы истории. 1993. №10.
6. Нұрпейісов Ы., Мектеп А. Халел ДосмұхамедҰлы және оның өмірі мен шығармалары. "Акикат". 1998, №3.
7."Вестник Каз МУ. 1999. №1-2.
8. Шалекенов У.Х. Ертедегі және орта гасырдағы казак. жеріндегі қала-лар. " ҚазМУ хабаршысы". Тарих сериясы, 1999. №2.
9. Хасенов А. Жүз жылдык жосын., Тарихымызды таразыласақ. "Қазақ әдебиеті". 1990, 12 кдзан.
10. "Социалистік Қазакстан". 1991, 16 акпан.
11. Орынтаев К. Абылайкит бүтханасы. "Дидар". 1991,4 казан.
12. "Қазақ өдебиеті". 1991,1 караша.
13. РысбайҰлы К. Қойгедді батыр. "Егемен Қазакстан", 1992, 21 караша.
14. "Егмен Қазақстан", 1993, 27 ақпан.
15. "Қазақстан сарбазы". 1993, 13 маусым.
16. Көрібаев Б. Қасым хан. "Егемен Қазақстан". 1996, 24 желтоқсан.
17. Кәрібаев Б. Жөнібек хан. "Егемен Қазақстан". 1997, 14 маусым.
18. Кәрібаев Б. Бурындық хан. "Егемен Қазақстан". 1998, 16 кдзан.
19. "Егемен Қазаксган" 1998, 11 қараша.
20. "Егемен Қазакстан" 1998, 25 қараша.
21. "Егемен Қазақстан" 1998, 2 желтоқсан.
22. "Егемен Қазакстан" 1998, 10 желтоқсан.
23. "Егемен Кдзақстан" 1999, 27 наурыз.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................3
I тарау. Сақтар, Сақтардын парсы патшасы Кирді жекуі және
Александр Македонскиймен свғысы (б.з.д. 529,330-328 жж.).....7
§1. Сақтардың мекендеген жерлері...........................7
§2. Сақтардың каруы, өскери енері және парсы патшасы
Кирді жеңуі (б.з.д. 529 ж.)..................................9
§3. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысы
(б.з-д. 330-328 жж).......................................12
II тарау. Хүн, Түрік империялары. Олардың өскери құрылымы,
соғыс өнері жөне жорык жолдары (б.з.д. III ғ. - VIII ғ.).........17
§1. Хүн империясындағы өскери өнердін дамуы және
олардын жорыктары......................................17
§2. Түрік империясының ескери қүрылымы мен соғыс өнері
(VI-VIII ғғ.)............................................25
§3. Түргеш қағандығы жөне оның Талас шайкасында
Қытай армиясын жеңуі (751 ж.).............................27
III тарау. Шыңғыс хан империясы және монғол-татар қарулы
күштерінің ұлттык кұрамы, соғыс өнері, жорык жолдары........31
§1. "Монғол" жөне "татар" атауларының калыптасуы...........31
§2. Шыңғыс хан өскерінің ұлттык қүрамы мен саны............33
§3. Монғол мемлекеті және оның кдрулы күші................37
§4. Монғол-түріктердін соғыс өнері.........................44
§5. Сүбедей жорыгы және Қалқа бойындагы шайкдс............48
§6. Монғол-түріктердін Еуропага жорығы....................50
§7. Монғол-түрік эскерінің тактикалық және стратегиялык
ерекшеліктері мен командалык күрамы......................55
§8. Темірлан армиясы және оның соғыс өнері.
Монғол-түрік мемлекетінің ыдырауы •........................59
§9. Темірлан кезіндегі әсксри енердін дамуы..................64
§10. Монгол-түрік өскерінің барлау ісі жөне кдрсыластарына
іріткі үйымдастыру тэсілдері...............................71
IV тарау. Кдзақ хандыгы және кдзак. хандарынын соғыс өнері, әскери
жорықтары. Жалпыға бірдей өскери міндет (1466-1718 жж.).....73
§1. "Казак" атауының хаткд түсуі...........................73
§2. Қазак хандығының күрылуы мен қалыптасуы..............7
§3. Кдзак хандарынын әскери жорыктары жөне олардын казак
мемлекетж нығайтуға коскан үлесі..........................83
§4. Қазақ хандығындағы жалпыға бірдей әскери міндет және
әскери өнердің дамуы (XV ғ. 2-жартысынан XVIII ғ.
1- жартысына дейін),. .•..................................102
V тарау. Кдзақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жонғар
хандығының күйреуі (1635—1758 жж.).......................110
§1. Кдзак-жонгар соғысының кыскдша тарихнамасы..........110
§2. Жоңғар, ойрат, калмак сөздерінін калыптасуы мен
жонғар хандығыныц қүрылуы және сырткы саясаты..........121
§3. Қазак жеріне шабуыддаушы жонгар өскери тобының стратегиялық мақсаты жөне соғысушы екі жақтын әскер
саны (1723-1727 жж.)....................................126
§4. Қазақ-калмак соғысындағы түбегейлі бетбұрыс жөне
Аңыракай шайқасы (1730 ж.)...........................133
§5. Анырақай шайкасынан кейінгі жонғарлар жөне Абылай
басшылығындағы кдзак өскері (1731-1745 жж.)...............140
§6. Казактардык азаттық шабуылы және жоңгар хандығының
күйреуі (1746-1758 жж.).................................."146
§7. Казак-жонғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар . . . 154
VI тарау. Қызыл Армияның Қазақстанда күрылған ұлттык,
бөлімдері (1918-1940 жж.).................................166
§1. Түркістан Автономйялы Кеңестік Республикасы қүрган
казактың әскери бөлімдері................................167
§2. Қазак өлкелік өскери комиссариаты жаныңда кұрылған
Қызыл Армияның ұлттық бөлімдері........................181
§3. Қазақтың 48- ұлттық атты әскер полкі (1925-1938 жж.).....208
VII тарау. Екінші дүниежүзілік соғыста кдзакстандык күрамалардың
жеңіспен өткен жолдары (1941-1945 жж.)...................211
§1. Жорықжолын Мөскеуден бастаған қүрамалар.............211
§2. Мөскеуді корғаған кдзактын ұлттық қүрамалары...........244
§3. Сталинградты коргаушы қазақстандықтар................254
§4. Ленинград каласын қорғаған казақстандық қүрамалардын
ерлік жолы.............................................284
§5. Кдзакстан аумағында орналаскан әскери оқу орындары.....291
§6. Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі қорытындылары......294
VIII тарау. Қазақстан Қарулы Күштерінің күрылуы жөне онын негізгі
проблемалары..........................................297
§ 1. Қазакстан Қарулы Күштен қүрудын занды'КТйгіздері.....297
§2. Қазакстан армиясынын түрлері.........................299
§3. Қазакстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды
шешу жолдары..........................................306
Пайдаланылғанөдебиеттер...........................312