Аманжолов к. ҚАзақстанның Әскери тарихы
Вид материала | Документы |
СодержаниеҚазақстан қарулы күштерінің құрылуы және оның негізгі проблемалары |
- 2008–2009 оқу жылындағы «Археология» пәні бойынша студентке арналған бағдарлама (Sillabus), 1915.22kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Диссертация қорғаған мамандығының шифры аталып, 2403.71kb.
- Қазақстан тарихы кафедрасы, 3205.92kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, 983.92kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, 7501.29kb.
- 2012 жылы Қазақстан бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі, 110.85kb.
Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихы-нан айрықша орын алады. Жау Ленинград қаласына бір мил-лионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың ұшақ болды2. Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашар-шылық күндерінде және қоршаудағы суық қьіс кезінде көз жұмды.
Қызыл Армияның Ленинградты қорғаудағы ерлігі Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны талқандауда үлкен рөл атқарды. Өйткені, Ленинградты тікелей шабуылмен ала алмайтынына көзі жеткен неміс-фашист командованиесі оны қорғаушыларды аштан қырамыз, алыстан атқылап, ты-нымсыз бомба жаудырып, жігерін құм қыламыз деп ойлады. Сөйтіп, ұзаққа созылған қоршау басталды. Халықтьщ қолда-уымен, жауынгерлер мен қала тұрғындары кескілескен шай-қас пен ауыр еңбек үстінде, қаланы жанқиярлықпен қорға-ды. Олар ауыр жағдай мен аштық азабын табандылықпен жеңіп отырды. Осындай қиын-қыстау күн таяп, Ленинград қаласына қара бұлт төнген кезде, ленинградтықтарға Қазақ-станда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барды. 1) 310-атқыштар дивизиясы
1941 ж. тамызында майдан шебіне қарай жол тартқан құрамалардың бірі - қазақстандық 310-атқыштар дивизиясы еді.
Бұл шақ неміс-фашист әскерлері "Солтүстік" армия тобы-ның Лениградқа шабуыл жасап, оны қоршауға алу әрекетін жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлер командованиесінің "Барбаросса" жоспары бойынша жүргізілген жазғы стратеги-ялық операциясы сәтсіз, аяқталды, сөйтіп, жаз айларында-ақ Ленинград пен Мәскеуді басып алып, оларды жермен-жексен ету керек деген Гитлердің бүйрығы орындалмады. Жау әскерлері Қызыл Армияның мықты қарсылығына тап болып, Мәскеу мен Ленинградтың шалғай шептерінде үлкен шығынға ұшырады. Жоғарғы Бас Командованиенің Ставкасы Мәскеу мен Ленинград бағытын жаңа резервтермен толықтырып, жауға қарсы соққыны үдете түсті. Міне, осындай резервтер қатарындағы 310-атқыштар дивизиясы шілде — тамыз айла-рында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында жасақталып, жауынгерлері қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтті. Оның қатарында Ақмола маңының тұрғындарынан басқа Қостанай, Қарағанды облыстарынын еңбекшілері болды. Дивизияның командирлігіне полковник Н.М.Замировский, комиссарлығы-на С.И.Шаманин, штаб бастықтығына полковник М.И.Круж-ков тағайындалды: Жаңа жасақталып жатқан дивизияның кіші командалық құрамы Ташкент пен Алматының әскери училищелерін бітірген жас командирлерден тұрды1.
Дивизияның басшы командирлері мен саяси қызметкер-лері бұрын әскери қызметте ысылған, тәжірибелі адамдар, ал саяси жетекшілердің қалған құрамы Орта Азия әскери округіне қарасты әскери саяси училищелерде тәрбиеленгендер немесе партия, кеңес органдарында істеген, саяси және өмір мектебінен өткендер еді.
310-дивизия құрамының 40 проценті — қазақтар, 30 проценті — орыстар, 25 проценті - украиндар, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. Олардың 30 проценті — жүмысшы-лар, 60 проценті - колхозшылар, 10 проценті зиялылар еді. Дивизияның командалық құрамының 15 проценттен астамы коммунистер мен комсомол мүшелері болды2.
1941 ж. 18 тамызда 310-дивизияның алғашқы бөлімдері май-данға жол тартты. Ақмоладан аттанған бұл эшелондар 28 тамызда Тихвин қаласына келіп, онда дивизия Ленинфад майданы әскерлерінің құрамына қосылды.
Қару-жарақтармен тоЛьІқ жабдықталғаннан кейін 310-ди-визия 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап, Ленинград, Волхов және Карель майданының түрлі учаскелерінде шайқастарға қатысты. 1941 ж. қазанның аяғына дейін дивизия, 54-армия-ның басқа да құрамаларымен бірге, қаһарман қаланың блока-дасын бұзып өтуге ұмтылды. Ал жау қоршаудың екінші шеңберін тұйықтау үшін Волхов өзенінің орта ағысынан Тих-вин қаласына қарай шабуылға шыққан кезде 310-дивизия же-дел түрде осында жіберілді. Дивизия мен оған көрші құрама көп шығынға ұшыраса да, Кириши ауданындағы Пчевжа село-сы түбінде жаудың шабуылына бір апта бойы тетеп берді. Бұл аптаны біздің командование жаңа күштер жеткізу, сөйтіп, жаудың жоспарын біржолата іске асыртпай тастау үшін пай-даланды. Аса маңызды торап — Волхов қаласы біздің қолы-мыздатұрды1.
Неміс басқыншьілары өлермендікпен үнемі алға ұмтылып, қысқы суық түскенше, қайткен күнде де Ладога көліне жетуді көздеді және солтүстіктен шабуыл жасап келе жатқан фин әскерлерімен қосылуды көздеді.
Волхов қаласы үшін жау айдан астам арпалыса ұрыс жүргізгенімен, одан ешбір нәтиже шығара алған жоқ.
Ленинград майданындағы дивизия бөлімдерінің көрсеткен ерлік істері жайлы Кеңес информбюросының 1941 ж. 23 қара-ша күні берген хабарында былай делінді: "Ленинград майда-ны учаскелерінің бірінде қимыл жасаған Замировский жолдас-тың бөлімі екі ай бойы жүргізген ұрыстың нәтижесінде, толық емес мөлімет бойынша, 3000-нан астам немістің солдаты мен офицерін жер жастандырды. Екі айдың ішінде Замировский жолдастың жауынгерлері 11 неміс танкісін, екі қару-жарақ қоймасын, екі ұшағын жойды, сонымен бірге жаудың 9 зеңбірегін, 22 минометін, 26 станокты жөне 104 қол пулеметін, үш полкінің туын, көптеген винтовкаларды, сна-рядтарды, автоматтарды, мина мен патрондарды қолға түсірді"2.
1941 ж. күзде Ленинград қорғанысы үшін маңызы зор шепті қолда ұстаған қазақстандық құраманың бұл табыстары-ның Кеңес информбюросының мәліметтерінде көрсетілуі жайдан-жай емес. Әрине, шығынсыз ұрыс та, жеңіс те бол-майды. Дивизия қатары Ленинград маңынан келген бөлімдермен, Балтық флотының теңізшілерімен толықтыры-лып отырды. Шалғайдағы Қазакстаннан толықтыру күтіп жату-ды ұрыс жағдайы көтермейтін еді. Дегенмен, ұрыс даласында шыныққан дивизия жауынгерлерінің арқауы қазақстандықтар бодып қала берді.
Майдан шебінен шалғайда жатқан Ақмола облысының еңбекшілері өздері жасактап, майданға аттандырған құрамы-ның жауынгерлерін үнемі қамқорлыққа алып, арңайы делега-ция жіберіп тұрды. Ақмола облыстық партия комитетінің сек-ретары И.И.Цветков бастаған Ақмола еңбекшілерінің делега-циясы майдан шебіне 1942 ж. 4 наурызда келді.
Кеңес өскерлерінің Тихвин түбіндегі шабуылында 310-ди-визияның бөлімдері маңызды рөл атқарды. Бұл құрама 1941 ж. 19 желтоқсанда Сорокина, Бор, Усадище деген елді пункттердің маңайындағы дұшпайның қарсыласу торабын ба-сып алып, Тихвин-Волховстрой темір жолының соңғы учаскесін гитлершілерден тазартты. Кеңес өскерлерінің бұл ойдағыдай шабуыл жүргізуі фашистердің Ленинградты толық қоршап алмақ болған үмітін күл етті.
Ленинград пен Новгород түбіндегі фашистердің қорғаныс шебін бұзуға қатыскдн қазақтың батыр ұлдарының бірі, рота-ның партия ұйымдастырушысы, аға сержант Сұлтан Байма-ғамбетов Александр Матросовтың ерлігін қайталап, оқ ша-шып тұрған дзоттың амбразурасын өз денесімен жапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берідді.
Дивизия 3 жыл бойы Ленинград, Волхов, Карель майда-нында ұрыс жүргізіп, Ленинградтың оңтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін жаудан толық тазартуға қатысты.
Волхов майданында шабуылға шыққан әскерлердің құра-мында 310-дивизия да болды. Екі күн бойы жүрген кескілескен ұрыстан кейін дивизия бөлімдері дұшпанның қорғаныс шебін бұзып өтті. Сөйтіп, 1944 ж. 20 қаңтар күні Новгород қаласын азат етті. Осы ұрыстардағы ерлігі үшін құрама Ленин орденімен наградталды. Қала тұрғындарының өтініші бойынша, қазақстандықтарға "Новгород дивизиясы" деген құрметті атақ берілді.
1944 ж. жаз айларында дивизия Карелияны жаудан азат етіп, 1945 ж. ақпанында жаудың Померания тобын талқан-дауға қатысты, сондай-ақ Польшаны фашистерден тазарты-сып, Берлин бағытында жаппай шабуыл жасап бара жатқан кеңес әскерлерінің оң қанатында болды. Ақырында құрама өзінің жауынгерлік жолын Балтық теңізіндегі Узедом ара-лында аяқтады. 2) 314-атқыштар дивизиясы
310-атқыштар дивизиясымен бір мезгілде жасақталып, 1941 ж. күзіне таман Ленинград маңына жөнелтілген құрамалардың бірі — 314-атқыштар дивизиясы. Бұл құрама соғыстың қаһарлы күндері Петропавл қаласында жасакталды. Мұның құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қос-танай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғында-ры болды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді.
Дивизия штабын - полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін — А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжірибелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықган өткен жандар еді.
Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды, ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси болімінде және басқа да әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға рес-публиканың солтүстік облыстарындағы партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомол мүшелері ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсрмол мүшесін жіберді1. Бұлар әскери тәртіпті нығайтып, жауынгерлерді пат-риоттық жөне интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орасан зор жұмыстар жүргізді. Кеңестік Отанды қорғаудағы өр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр сынға төтеп беруге баулыды. 1941 ж. 4 тамызда дивизия жасақтальш болды. Ендігі жерде жауынгерлерді әскери өнерге үйрету, соғыс жағдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды.
Ставканың бұйрығы бойынша, бұл дивизия да Солтүстік-батыс бағытқа женелтіліп, тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шыкты.
314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле каласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтың 7-армиясының құрамына қосыл-ды2.
Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жал-ғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып, қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс өскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега — Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде, Ресейдің көп жерін олжалағысы келіп, әжептәуір дәмеленді.
Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жа-сап келе жатқан өздерінің одақтасы — неміс әскерлерімен қосылғысы келді. Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін кеңес командованиесі шүғыл шаралар қолданды.
Свирь өзеніне таяу жердегі Заостровье станциясында эше-лоннан түскен 314-дивизияның бөлімдері өзеннен өтпек болған фин өскерлерімен шұғыл түрде шайқасқа түсті. Ұрысқа кіріскен осы күндерде дивизияның полктеріне ұзындығы 130 километрлік щепте қорғаныс ұрыстарын жүргізуге тура келді. Кейіннен, қыркүйектің аяқ кезінде, өздеріне кемекке келген 21 және 114-дивизиялардың арқасында, 314-дивизияның қор-ғаныс шебі 30 километр ғана болып қалды1.
Свирь өзенінің бойында кеңес жауынгерлерінің фин әскерлерімен жүргізген табанды ұрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі жоспарын жүзеге асыртпай тастады. Сөйтіп, финдерге қарсы бағытта, яғни Ладога көлінің оңтүстігінде ұрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь өзені маңында қайткенде де біздің әскерлердің шебін бұзып өтуді талап еткен неміс командованиесінің дегені орындалмады. Дивизия бөлімдерінің бәрі бұйрықты бұлжытпай орындай отырып, ерекше табандылық көрсетті.
Құрама басшьшарының Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілеріне жолдаған есебінде көрсеткеніндей, алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен офицерін шайқаста айрықша көзге түскені үшін үкімет награ-даларына ұсынды. Олардың ішінде 1941 ж. 16 желтоқсанда өз денесімен жау пулеметінің үнін өшіріп, өз өмірін құрбан ету арқылы қарулас жолдастарын құтқарып қалған атқыштар бөлімінің командирі Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықба-ев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин бар еді.
Басқа да құрамалардағы сияқты, 314-дивизияда да 1941 ж. күзінде мергендер Козғалысы кеңінен өрістеді. Оны бастаған Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрңнғы колхозшысы, 1074-ат-қыштар полкінің қатардағы жауынгері Г.П.Зубков болды. Ол 1942 ж. наурызына қарай 67 фашистің көзін жойды. Саяси жетекші Н.Батыревтін, қолдауымен патриот мергендер бөлімшесі құрылды, көп кешікпей, полк құралайды көзінен ататын мергевдер мектебіне айналды1.
Бұдан кейінгі ұрыстарда да құрама жауынгерлері ерлік көрсетіп отырды. Мысалы, бір жау шабуылына тойтарыс беру кезінде аға сержант Нарутдинов, жауынгерлер Жүсіпов, Қали-акпаров, капитан Мұхамедиянов және басқа да ондаған жауын-герлер ерекше көзге түсті. Олар өз өмірлерін қия отырып, фашистердің шепті бұзып етуіне мүмкіндік бермеді2.
Міне, бұл жөнінде соғыстан кейін неміс генералы К.Тип-пельскирх "Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы" атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын орьш-дай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда айтылғандарды қуаттай келіп: "Жазғы науқанның ортасында Свирь өзеніне қарай финдердің шапшаң жылжығанына қарамастан, бұл маңда неміс әскерлерімен қосылуының сәті түспеді"3, — деп жазады.
1944 ж. Ораниенбаунның оңтүстігінде 2-Екпінді армия-ның құрамывда 314-дивизияның полктері шабуыл жүргізді. Дұшпанның табан тірескен қарсылыган баса отырып, диви-зияның бөлімдері 1944 ж. 1 ақпанда Кингисепп қаласын азат етіп, Нарваға шықты. Құрамаға "Кингисепптік дивизия" де-ген құрметгі атақ берілді.
1944 ж. жазында Ладогадан Фин шығанағына дейін Ле-нинград майданы әскерлерінің шабуылы кең қанат жая түсті, бұл өскерлердің құрамында 314-дивизия да шайқас жүргізді.
314-атқыштар дивизиясы Ленинград қаласын қоршаудан азат еткен соң 1944 ж. күзінде Полыиа жеріне аяқ басты. Ол мұнда 1-Украина майданы әскерлерінің құрамында ұрысқа түсті.
1945 ж. 14 қаңтарда 314-атқыштар дивизиясы шайқаса отырып, 248 километр ілгері кетіп, Нида, Бяла, Черна Пшем-ша, Брыница, Одер өзендерінен өтті, 18 қаланы, 26 темір жол станциясын және басқа да 263 елді мекенді жаудан тазартты. 1945 жылдың наурыз айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчице) шабуылмен алып, гитлершілердің Оппельн тобын талқандауға қатысты. Осы ұрыстан соң қазақстандық қүрама II дөрежелі Кутузов орденімен наградталды.
II дәрежелі Кутузов орденді 314-кингисепптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның солтүстік аудандарында жорык. жолын аяқгады.
Қорыта айтқанда, бұл дивизияның жауынгерлері Ленинг-рад қоршауын бұзу, Ленинград — Новгород және Прага бағы-ты сияқты шешуші операцияларға қатысты. Құрама бөлімдерінің бұл шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһарман-дығы Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында жеті мәрте атап көрсетілді. Соғыс жылдары дивизияның 12 мыңнан астам жауынгері Кеңес Одағының ордендерімен және медальдары-мен нафадталды.
* * *
Бұдан 55 жылдай бұрын, Ұлы Отан соғысы ұрыстарының соңғы гүрсілінің үні өшті. Кеңес халқы жөне Кеңес Қарулы Күштері адамзаттың зұлым жауын — герман фашизмін тал-қандац, тарихи жеңіске жетті.
Көп ұлтты Кеңес халқымен бірге Қазақстанның еңбекші-лері де Ұлы Жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Қазақстандық құрамалардың майдандағы ерлік жолы, өшпес даңқы мезгіл озған сайын тұлғалана бермек.
§5. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ
Соғыс жылдарында республика аумағында ең бірінші болып Аліііатыда атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940 ж. маусым айында ашылды. 1941 ж. бұл училище 5-рет өз түлек-терін шығарып, армияны 2.429 жас офицерлермен толықтыр-ды. Училище барлығы 6.333 офицер куәлігін берді.
ЧГоғыс кезінде Қазақстанға орталықган көптеген училище-лер көшірілді, олардың қатарында Алматының 22-өскери авиа-ция мектебі командир, конструктор, ұшқыш, инженер-техник мамандарын және майданға түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады. Бұл училище майданға 662, 991, 992-ұшқыш полктерін дайындап жіберді. 1942 ж. акланынан 1943 ж. сөуіріне дейін Атырауда жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. 1942 ж. желтоқсанньщ 6-сыңда оның алғашқы түлектері бітіріп шықгы.
Кеңес Одағының маршалы В.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941 ж. күзінде Семейге көшіп кедді. 1943 ж. шілдеге дейін 6 айлық, сосын 1 жыддық оқыту бағдарламасымен 2725 адамды оқытып шығар-ды. 1944 ж. сәуірінде Тамбовқа қайта оралды. 1942 ж. қарашасынан 1945 ж. ақпанына дейін Талғарда Ря-зань атқыштар училищесі орналасты. 1943 ж. наурыз айында 141 офицерді дайындап шығарды. Бітірушілердің 64-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының грамотасымен наград-талды. Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және өскери десанттық мамандар дайындайтын өуе училищесі 1941 ж. қазанның 6-сынан соғыстың аяғына дейін 2444 ұшқыш оқытып шығарды. 26 адам Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен нафадталды.
Чугуев (Харьков) облысынан келген әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға, Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі Қызылордаға көшіп келді.
1941 ж. Петропавловскіге Новгород облысынан әуе механиктерін даярлайтын әскери училищенің курсанттары мен командалық оқытушылар ұжымы келіп орналасты.
1941 ж. қыркүйегінен 1946 ж. шілдесіне дейін Оралда Одессаның әуе атқыштарын даярлайтын училищесі, 1941 ж. қараша — 1944 ж. мамыр айы аралығында әуе атқыштарын да-ярлайтын Ворошиловградтың 22-әскери әуе училищесі орна-ласты.
Алматыда Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харь-ков шекара кавалериялық атты әскер училищесі орнығып қалды. Ол қазір көп салада әскери мамандар дайындайтын әскери институтқа айналды. Бұлардан басқа Қазақстанға Баку жаяу өскер училищесі (Жамбыл), Моздоктан ұшқыштар және теңізшілер дайындайтын мектеп (Ақтөбе), Одессаның барлаушы-ұшқыштар мектебі (Жамбыл облысы, Құлан — Лу-говое ст.), 6-Воронеж және 16-Харьков арнаулы әуе мектебі, НКВД әскерлерінің Ленин орденді Жоғарғы мектебі (Алматы), НКВД әскерлерінің Ленинград әскери училищесі, Комы-шенск танк, 2-Бердичевск жаяу әскер училищесі, Ленинград-тың байланыс өскери училищесі (Орал), 14-Харьков артилле-рия арнаулы мектебі, т.б. көшіп кедці.
Сонымен, барлығы біздің республикада 1941-1945 жж. 27 әскери оқу орындары орналасқан. 1941-1945 жж. бұл учили-щелерде 16000 офицерлер, 10,5 мың сержант оқып, 10 000-нан аса түрлі мамандар дайындалып, майданға аттандырылды.
Жоғарыда аталған әскери мамандарға қоса, Қазақстан майданға 14 952 запастағы офицер жіберді. Оның 8146-сы қазактар.
Сонымен, фашизмді талқандау жолындағы жеңіске қазақ-стандықтар өзге республикалармен бірге әскери құрамалар жасақтап, өскери мамандар дайындауға үлес қосты. Қазақтар туралы жазушы Илья Эренбург "Соғыс" деген атпен шығарылған жинағында екі мақала жариялады. 1942 ж. қазанның 18-інде жарияланған мақалада: "Бір офицер маған мынадай бір әңгіме айтты, - дейді автор, - Сұмдық бір қорқынышты солдаттар бізге қарсы шабуылға шықты, олар бораған оқты елемейді, бізді басып-жаншып өтетіндей, атой салып келе жатты. Олар-дың қазақтар екенін кейін естідім, өлемде мұндай халық бар екенін бұрын білмеуші едім", — депті.
И.Эренбург Ленинградты қорғаушы қазактар жөнінде 1942 ж. шілденің 18-індегі мақаласында: "Қазақгар далада жел жет-пес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса еңбектей де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады. Саз батпаққа мал-шынып та жата береді. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата ал-майды", — деп жазады.
1941-1945 жж. ұрыс даласындағы қаһармандығы, батыр-лығы үшін наградталғандардың ішінде 99 мың қазақстандық бар, 500-дей қазастандық Кеңес Одағының Батыры атағын ал-ған, оның 99-ы қазақ. Әлікбай Қосаев, Сұлтан Баймағамбе-тов, Нұркен Әбдіров, Мөншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қарсыбай Сыпатаев, Боран Нысанбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты жолбарыс жүректі батырлар-дың ерлігі халқымыздың аузында жыр болып кетті.
Ұрыс даласындағы жеңіс тылдағы қажырлы еңбекпен шындалды. Миллиондаған жүмысшылар мен шаруалар фаб-рикалар мен зауыттарда металды, әскери техниканы еселеп берді, колхоздар мен совхоздарда бітік егін өсіріп, мал санын көбейтті, сөйтіп, майданды не керектің бәрімен жабдықтап отырды.
Қазақстан Ұлы Отан соғысының аса маңызды арсеналда-рының біріне айналды. Қаһарлы кезеңде қазақ даласынан майданға әскер, қару-жарақ, азық-түлік тиеген эшелондар үсті-үстіне жөнелтіліп жатты. Қарағанды көмір комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту зауыты, Ле-ниногор полиметалл комбинаты, Ембі мұнай кәсіпшіліктері майдан тапсырмаларын мұлтіксіз орындап отырды. Қазақ-станда түсті металлургияның сан алуан жаңа салалары пайда болды. Вольфрам жөне молибден өнімдерін, сурьма, висмут, т.б. түсті прокатты өндіру ісі бастадцы.
Неміс-фашист басқыншыларымен кескілескен шайқастар кезінде Қазақстан бүкіл одақта өндірілген қорғасынның 80%-ін, молибденнің 50%-ін берді. Бұған қосымша, өндірілген вольфрам, мырыш пен қалайы қоспалары, мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдар ез аддына бір тізбе. Гитлершілерге атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасыны, жезі мен мысынан жасалғаны мәлім. Сын сағатта майдан мен тылдың, армия мен халықтын бірлігі еңбекшілердің патриоттык қозғалысынан да айқын көрінді. Майданға республиканың делегациялары барып-қай-тып түрды. Жауынгерлерге сыйлықтар, сәлемдемелер жіберілді. Госпитальдар, майдангер отбасылары камқорлыққа алынды. Отан қорғау қорына жылы киім, қаржы жиналды. Төрт жыл ішінде Қазакстан еңбекшілері ерікті түрде майдан мұқтажыңа өткізген жарна 94 миллиард 500 миллион сом бол-ды.
Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың қаһармандық дәстүр-лерін әр уақыт қастерлеп, сақтайды, ілгері дамыта береді. Со-ғыс жыдцарындағы қазақстандықтардың ерлік салты бүгінгі Қазақстанның қарулы күштері қатарында қызмет етіп жүрген жас ұрпақтың азаматтық ары мен асыл арманында мәңгі сақ-талады.
§6. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция күштерінің және ең алдымен Кеңес Одағы жеңісінің нөтижесінде, Германияда гитлерлік төртіп жойылып, Жапон милитаризмі құлатылды. Өткен соғыс халыққа, соның ішінде неміс халқына да адам айтқысыз құрбандық әкелді. Фашистік Германияның кеңес-герман майданындағы адам шығыны 6923700-ге жетті. Австрия, Люксембург, Эльзас, Лотарингия, Судет немістерін, басқа да мемлекеттердің ерікті қүрамала-рын қосқанда және оның одақтастарының шығынын (Венгрия, Италия, Румыния жөне Финляндия - 1725000 адам) қоса есептегенде, Германия мен оның одақтастарының орны толмас шығындары 8645500 адам санын құрады. Егер оған 1941 ж. 22 маусымынан 1945 ж. 9 мамырына дейінгі уақытта Кеңес армиясы түтқындаған қарсыласының 3777300 солдаты мен офицерлерін қоссақ (бұл санның ішінде немістер — 2389500, австриялықтар - 156800, венгрлер - 513800, румындар -201800, итальяндықтар - 48900, финдіктер - 2400 адам бодды. Қалған 46400 әскери тұтқындар - КСРО-ға карсы соғыста немістерге қызмет еткен ерікті құрамалардың құрамындағы басқа ұлттар — француздар, словактар, чехтар, поляктар, ис-пандыктар, хорватгар, бельгиялықтар, голандықтар және бас-қалары), Германия мен оның одақтастары өлген және тұтқындалған 12422800 адамынан айырылды, оның ішінде 8313200-і немістер болды. Фашистік Германияны жеңудегі антигитлерлік коалиция мемлекетгерінің қүрбандығын үмытуға, есептен шығарып тас-тауға болмайды. Англияның шығыны 370 мың, АҚШ-та 300 мың адамға жетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны — қаза тапқандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпаған-дар, Жапониямен соғысты қоса есептегенде 8668400-ге жетгі.
Демографиялық баланс әдісімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі барлық адам шығыны 27 млн. деп есептеледі.
Сонымен, фашизмді құрту жолындағы жеңіс - халық пен антигитлерлік коалиция армиясының ортақ жеңісі, алайда онда шешуші рөл атқарған Кеңес Одағы болды.
Еуропадағы фашистік Германия мен Италияның талқанда-луы бүкіл өлемдік тарихи маңызды оқиға бодды.
Германия мен Италия фашизмі Еуропа мен Африкада үстемдік етуге тырысып, жаулап алған елдердің халқының мәдениеті мен мемлекеттік тәуелсіздігін айуандықпен құртып, сол елдерде жауыздық саясатын жүргізді. Еуропа-дағы ең агрессивті күш Германия мен Италия фашизмінің тал-қандалуына байланысты, Еуропаның барлық халқы үшін де-мократиялық дамудың кең мүмкіншіліктері ашылды. Одактас-тар өскерлерінің милитаристік Жапонияны жеңуінің нәтижесінде, Кеңес Одағы 1904-1905 жж. орыс-жапон соғы-сында жапондықтар жаулап алған өзінің байырғы жерлері Оңтүстік Сахалинді және Курил аралдарын қайтарып алды. Бұл жерлер Кеңес Одағына Жапониямен соғысқа түсу шарты жөніндегі Ялта келісіміне сай қайтарылды. Сөйтіп, Кеңес Одағы Тынық мұхитына еркін шығуға мүмкіншілік алды. КСРО-ға шабуыл жасау үшін жапон милитаристері салған барлық плацдармдар мен әскери базалар жойылып, оның Қиыр Шығыс шекараларының қауіпсіздігі қамтамасыз етідді.
Жапонияның тізе бүгуі мен Қиыр Шығыстағы соғыстың аяқталуы Қытай, Корея және Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы к.үрес үшін қолайлы жағдайлар жасады, олар жапон милитаристерінің бірнеше жыл бойғы аяусыз қанауынан қүтылды.
Антифашистік коалицияның және шығыс еддерінің Жапо-ниямен соғыстағы жеңісі Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт-азатгык қозғалыстың өрбуін туғызды. Вьетнамда көтеріліс бұрқ фті. Жапон басқыншылары елден куылып шығарыдды. 1945 ж. Іфя,-мызында демократиялық күштер Хо-Ши-Миннің басшылііғы-мен уақытша өкімет құрды. 2 қыркүйекте Ханойда Вьетна|> Де-мократиялық Республикасы жарияланып, тәуелсіздік Дер арациясы қабылданды. 1945 жылдың 17 тамызында Индонезия Рес-публикасы жарияланды. Бирмада және Филиппинде ұлт-азат-тық қозғалыстар күшейді. Сонымен, Жапонияның тізе бүгуінің бүкіл әлемдік тарихи маңызы болды. Әлемде көптен күткен бейбітшілік орнады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия едцерінің алдында демократиялық даму жолы ашылды. Вьетнам Демократиялық Республикасы мен Индонезия Республикасы-ның жариялануы отаршылдық жүйенің жойылуының бастама-сын көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қалыптасқан антигитлерлік коалиция тәжірибесі — маңызды да шешуші келісім жасау тәжірибесі - қазіргі күнде де көп нәрееге үйретеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі сабақтары қандай?
Бірінші басты сабақ - бұл бұдан әрі қырғын соғысты бол-дыртпау үшін күресу.
Екінші сабағы - үздіксіз қырағылықтың қажеттігі, елдердің қорғаныс қабілетін нығайту керектігін ескертеді.
VIII тарау
ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ