Аманжолов к. ҚАзақстанның Әскери тарихы
Вид материала | Документы |
Содержание1) 29-атқыштар дивизиясы 2) 38-атқыштар дивизиясы 3) 8-атқьгаггар дивизиясы |
- 2008–2009 оқу жылындағы «Археология» пәні бойынша студентке арналған бағдарлама (Sillabus), 1915.22kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Диссертация қорғаған мамандығының шифры аталып, 2403.71kb.
- Қазақстан тарихы кафедрасы, 3205.92kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, 983.92kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, 7501.29kb.
- 2012 жылы Қазақстан бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі, 110.85kb.
Сталинград майданының операциясы Ұлы Отан соғысын-дағы және екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі өзгерістің басталғанын көрсетті. 1942 ж. 28—30 маусым аралығында фашистер оңтүстік-ба-тыс бағытта кең көлемді шабуылға шыкты. Бұл шабуылдың мақсаты Қызыл Армияның Донның батыс жағындағы бөлімдері мен құрамаларын ығыстырып, Кавказдың мұнайлы аудандарын басып алу, Сталинград-Астрахань бағыты арқылы жеделдетіп Еділге шығу еді. Жау бұл максатта біраз алға жыл-жып, Дон өзеніне жетті. Сөйтіп, Сталинград пен Солтүстік Кавказға зор қауіп төнді. Сталинград бағытында қару-жарақ-тың барлық түрлерімен жақсы жарақтанған, Еуропадағы со-ғыста көп тәжірибе жинақтаған 6-далалық армиядан құралған фашистің 14 дивизиясы тұрды. Оларда 270 мың адам, 3 мың зеңбірек пен миномет, 500-ге жуық танк, 1200 ұшақ болды. Жауға қарсы 62, 63 және 64-армияның 12 дивизиясы (160 мың адам, 2 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 400-ге жуық таню, 452 ұшақ) түрды1.
Жоғарғы Бас Командование 12 шілдеде Сталинград бағы-тында тұрған 62, 63 және 64-армиялардан Сталинград майда-нын құрды. Оның құрамына жоғарыда аталғандардан басқа бес жалпы әскери және бір әуе армиясы енді. Сталинград майданында жауға қарсы соққы бере отырып, 520 километрлік аралықта қорғаныс белдеуін құру мақсаты көздедді. Ал фашистердің біздің күштен адам саны жағынан 1,7 есе, зеңбірек пен танктен — 1,3, ұшақтан — екі еседен ас-там артық болғанын ескерсек, бұл міндетті жүзеге асыру оңай болған жоқ2.
КСРО халыісгарының берік топтасқандығының, олардың жауды жеңуге деген сенімдерінің үлгісі Сталинград шайқасы болды.
Волга үстіндегі ірі шайқас 1942 ж. шілдеде неміс-фашист әскерлерінің екпінді бөлімдерінің Донға шабуылынан басталып, 6,5 айға созыдды3. Бұл фашист стратегтерінің 1941-1942 жж. қысқы жеңілістерінен кейінгі Шығысқа карай жасаған аса қуатты шабуылы болды. Мәскеуге шабуыл жасау кезінде жүзеге асыра алмаған өскери-саяси мақсаттарын алға қоя отырып, Гитлер мен оның маңындағылар өз әскерлерінің 1942 ж. жазда жеңіске жететіндіктеріне сенімді еді. Бірақ олардың бұл есебі тағы да жүзеге аспай қалды.
...Ауыр қорғаныс шайқастары күндерінде әскерлердің ру-хын көтеру үшін әр жауынгердің бойында Сталинград үшін, Отан тағдыры үшін жауапкершілікті тәрбиелеуде Мемлекет-тік Қорғаныс Комитетінің 1942 ж. 28 шілдедегі Директивасы-ның маңызы зор болды. Онда кеңес-герман майданындағы ауыр жағдай туралы қатал шындық айтылды, "шегіну" көңіл-күйі ай-ыпталды. Кез келген әдіспен неміс-фашист әскерлерінің алға жылжуын тоқтату керектігі атап көрсетілді. Ұрыс алаңында қорқақтық көрсеткендерге ең жоғары шаралар белгіленді. Жауынгерлердің әскери рухы мен тәртібін нығайтудың прак-тикалық шаралары көздедді1.
Директивада Отанға төнген аса қауіпті жағдай туралы, партия, кеңес, кәсіподақ, комсомол ұйымдарын соғыс жағ-дайына орай тез арада қайта құру жайлы айтылды. Әрбір жауынгерді жаумен шайқаста бір тамшы қаны қалғанша күресуге, әр қала, әр село үшін ұрыста батырлықтың, қаһар-мандықтың үлгісін көрсетуге шақырды.
Волгадағы шайқасқа қатысқан кеңес жауынгерлерінің қүрамы көп ұлтты болды.
"Біз бұл Волга жағалауына Отанымыздың түкпір-түкпірінен: шексіз орыс қыратынан, Украина жазығынан, Бе-лоруссия ормандарынан, Кавказ тауларынан, Қазақстан дала-сынан, алыстағы Сібірден келдік"2, - деп жазды Сталинград майданының жауынгерлері.
Көп ұлтты Кеңес мемлекеті халықтарының ұлдары тығыз топтасқан жауынгерлік сапта Сталинградты ерлікпен, жауға деген ашу-ызамен бір кісідей қорғады.
1942 ж. казан айында даңқты 62-армия құрамында Сталин-градты қорғауға қатысқан орыс емес халықтардың саны 49,4 процент3 болды.
Тек Қазақстанның батыстағы үш облысы (Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан) 1942 ж. маусым - қараша айларында Ста-линград майданына 26225 ұл-қызын жіберді4.
Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың негізгі кіндігі болған қазақстандықтар Сталинград майданына атта-нып бара жатып былай деп жазды: "Біздін әскери жаттығула-рымызды отпен сынаудың кезі келді... деп қазак халқына ант етеміз"5.
1942 ж. 9 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы, Халық Комиссарлар Кеңесі және Қазақстан КП(б) Ор-талык, Комитеті Сталинград шайқасына қатысушы майдангер қазақстандықтарға "Бір қадам да шегінбендер!" деген үндеу жолдары.
Сталинград шайқасында майдан жолын қазақстандық 5 дивизия, 1 бригада бастады. Олар 29, 38, 8, 102-атқыштар ди-визиялары, 81-атты әскер дивизиясы және 152-атқыштар бри-гадасы еді.
1) 29-атқыштар дивизиясы
1942 ж. көктемінде Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыс майданына женелтілген 29-атқыштар дивизиясы да Сталинг-рад бағытын қорғайтын әскерлердің құрамында болып шық-ты. Бұл құрама Орта Азия әскери округінің 1941 ж. 4 желтоқ-сандағы бұйрығы бойынша құрылып, 18 қаңтардағы бұйрығы бойынша 458-атқыштар дивизиясы деген алғашқы аты өзгертіліп, оған 29-атқыштар дивизиясы деген ат берілді. Ди-визияны жасақтау ісі 1941 ж. 15 желтоқсанында басталды1.
29-атқыштар дивизиясының құрамында үш атқыштар, бір артиллерия полкі жөне басқа да қосымша бөлімдер болды. Олар, негізінен, сапер, санитарлық, байланыс батальондары, танк жойғыш артиллериялық дивизион, барлаушылар ротасы, авторота сияқгы арнайы бөлімдерден құралды.
Дивизиянын құрамында барлығы 11840 адам болды. Бұл, әрине, адам құрамы жағынан сол кездегі штат бойынша то-лық қалыптасқан құрама еді. Ал сол кездегі осындай құрама-лардың жалпы жағдайы туралы маршал К.К.Рокоссовский соғыстың алғашқы жылдарындағы жағдайды еске ала отырып, былай деп жазды: "Дивизияда 8 мың жауынгер болатынын біз ұмытқалы көп болған. Біздің құрамаларымызда адам саны 3,5, тіпті 2 мың адамнан аспады. 4 мың адамы бары сирек еді, ол да бір-екі ұрыстан кейін негізгілермен шамаласа қалатын". Осы айтылғандардың тұрғысынан қарағанда, 29-атқыштар ди-визиясы өзінің саны жағынан да, сапасы жағынан да командованиенің тапсырмасын орындауға әзір тұрған тың әскери құрама болды.
Дивизияның командирлігіне полісовник Н.Ф.Шабрев, ко-миссарлығына И.В.Шурша, штаб бастықтығына подполков-ник Д.С.Цалай, саяси бөлімнің бастықтығына А.С.Киселев тағайындалды. Бірнеше ай әскери дайындықтан өткеннен кейін 29-атқыш-тар дивизиясы 1942 ж. наурыз айында Тула маңына орналасқан резервтегі 1-армияның құрамына барып қосыдды.
Майдан шебіне дивизия 10 шілдеде жөнелтілді де, 17 шілдеде Сталинград темір жолының бойындағы Жутово станциясында пойыздан түсірілді. Бұдан кейін дивизияның бөлімдері 64-армия1 штабьшың бұйрығы бойынша, жорық тәртібімен 60 километрдей жер жүріп, Дон өзенінің шығыс жағасындағы Суворов және Верхне-Курмоярская станция-ларының арасында қорғаныс шебін құрды. Дивизияның міндеті - неміс әскерлерінің Доннан өтуіне мүмкіндік берген 29-атқыштар дивизиясы бөлімдерінің Дон бойындағы бекінген жері екі армиянын (64 және 51) аралығы ғана емес, екі майданның да түйіскей жері болатын, өйткені 51-армия Солтүстік Кавказ майданына қарайтын еді. Шілденің 19-ы күні кешке қарай дивизия бөлімдері белгіленген учаскеге орналасып та алды.
Армия қолбасшысынын бұйрығы бойынша, 19 шідде күні дивизия құрамынан танк батальонымен күшейтілген бір бата-льон бөлініп, одан жылжымалы, яғни алдыңғы шептік отряд құрылды. Бұл отряд Цимлянская станциясының маңына, Донның сол жағалауына өтіп кеткен фашист әскерлерінің бөлімдерін жоюға жіберілді Сөйтіп, 29-дивизияның жылжы-малы отряды 20 шілдеден бастап Дон өзенінің бойында шай-қасқа кірісті. Міне, осы күннен бастап, дивизия жауынгерлері үшін Сталинград шайқасы басталды.
1942 ж. 20 шілдеден бастап, Дон өзенінің шығыс жағала-уында қорғаныс ұрыстарыяа қатысқан 29-дивизия Сталинград шайқасы аяқталғанға дейін дамылсыз ауыр ұрыс ортасында бодды. Тамыз айының ішінде дивизия бөлімдері Ақсай өзені бойында және Абганерова станциясының түбінде жау танктерінің шабуылдарыиа тойтарыс беріп, бекініс шебін қорғап тұрды. Бұл шайкастарда дивизия бөлімдері жау әскерлерін орасан зор шыгынға ұшыратты. Бірақ күші басым жаумен бетпе-бет шайқаста дивизияның өзі де әлсіреп, қата-ры қатгы сетінеді. Соған қарамастан тылға жарып өткен 6-неміс армиясының шабуыды шілденің аяқ кезінде тоқтатыл-ды. Кеңес әскерлерінің Донның батыс жағалауында табан тіресіп жүргізген қорғаныс ұрыстары фашист командование-сінің Сталинградты жедеЛ алмақшы болған жоспарын іске асыртпай тастады. Сол кезде өзінің шабуылын күшейте түсу үшін фашистер командованиесі Сталинфадқа карай 4-танк ар-миясын жіберді, бұл армияның авангарды 5 тамызда Абганеро-ва маңына шықкан еді. Мавданның осы учаскесінде 29-дивизия-ның жауынгерлері жаумен табан тіресе ұрыс жүргізді1. Қазақстандықтар халықтың: "Өліспей, беріспең-дер!" деген тапсыр-масын адал орындап, жаппай ерлік көрсетті.
Қазақстан жауынгерлері өз позицияларын берік ұстап тұрды. Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс барлаумен, қарсы шабуылдармен ұштасып отырды. Дивизияның бөлімдері жау-ды Волганың жағалауына өткізбеді. "Волганың ар жағында біз үшін жер жоқ!" дегён, мерген Василий Зайцевтің сөздері бүкіл майданға тез тарап кетті, қаланы қоршаушылардың бар-лығының да, соның ішінде қазақстандық жауынгерлердің де теңдесі жоқ ерлігі мен бұрын-сонды болып көрмеген табан-дылығы осы сөздерден-ақ білініп тұрды.
Қазақстандық дивизияның жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттері, әсіресе тамыз айының бас кезінде Ақсай өзенінің шығысында ерекше айқьін көрінді. Бұл ұрыста дивизия дұшпан-ның танк және моторлы дивизияларының шабуылына тетеп берді. Неміс генералы Г.Дерр кейінірек осы жолғы сәтсіздіктерін ақтап: "Жанармайдың жеткіліксіздігі танкілердің ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді" деп жазды. Бірақ фактілер жағдайдың бұдан керісінше болғанын дәлелдейді. Неміс танкілерінің жанармайы 29-дивизияның жауынгерлік шептеріне басып кіруіне де, кейін шегінуіне де жетіп жатты. Бірақ олардың танкілерінің бәрі бірдей шегініп кете алмады. Жаудың 17 танкісі өртелді немесе қиратылды, со-ның ішінде бір танк дивизия командирінің жертөлесі жанында өртелді2.
Юркин совхозы жерінде (Абганерово станциясының ма-ңында) дивизия жауынгерлеріне жаудың танкілерімен табан тірескен ауыр шайқасқа шығуына тура келді. "Дивизияның бір де бір жауынгері, — деп көрсетеді 64-армия командирінің жазған рапортында, — орнынан жылжымады, олар жаудың броньдалған керемет күшімен қасық қандары қалғанша шай-қасты".
Сталинградтың оңтүстігіндегі Абганерово станциясының түбінде жүргізілген ұрыстарда дивизия бөлімдері жаудың екі полктей жаяу әскерін, 17 танкісін, 18 артиллерия және мино-мет батареясын, 150-ден астам автомашинасын жойды1.
Алайда жау өзінің танк және жаяу әскерлер күшін біріктіре отырып, авиацияның қолдауымен 29 тамызда дивизи-яны қоршауға алуға, сөйтіп, жойып жіберуге тырысты. Бірақ тамыздың 30-ына қараған туні дивизия бөлімдері күші басым жаумен, соның ішінде 100-ге жуық танкілермен де, ұрыс жүргізе отырып, қоршауды бұзып шықты. Осы күндердегі ауыр шайкдстарда дивизия өзінің кептеген адамдары мен өскери тех-никасынан айрылып, небәрі 1828 адамы ғана қалды. Осы құра-маның ардагері А.Дубицкийдің мөліметі бойынша, 29 тамызда дивизияның құрамында 8 мың адам болған2. Дивизияның қор-шаудан шықкан бөліщері 1 қыркүйекте Сталинград маңындағы Бекетовка, Купоросное поселке-леріне жиналды да, Елха де-ревнясы маңыңца қорғанысқа көшті.
Бұл қорғаныс шебінде де дивизия жауынгёрлері 64-армия-ның басқа да құрамаларымен бірге немістердің 4-танқ армия-сы бөлімдерінің шабуылдарына тойтарыс беріп, Сталинградқа оңтүстігінен бірде-бір фашисті өткізбей түрды.
Кейіннен дивизияның құрамы қайта толықтырылды, сөйтіп, ол Сталинград түбіндегі шайқастың барлық кезеңдеріне қатысты. Дивизия командирі полковник А.И.Колобутиннің оқуға кетуіне байланысты, оның ориына 1942 ж. карашада подполковник А.И.Лосев командир болып тағайындалды, дивизия штабының бастығы да өзгерді, оған майор Г.К.Володкин бекітілді.
64-армия құрамындағы 29-атқыштар дивизиясы да, жау қоршауын талқандауға қатысып, Сталинград түбіндегі ұлы жеңіске өз улесін қосты.
Қазақстаннан құрылған 29-атқыштар дивизиясының кұра-мы да көп ұлтты болды. Дивизия Сталинградтың түбіндегі шайқасқа қатысып, қаланы ерлікпен қорғады. Неміс-фашист әскерлерінің қоршауын бұза отырып, дивизияның бір бөлігі ғана 18389 жау содцаты мен офицерін, оның ішінде 3 генера-лын тұтқынға түсірді. 1 544 жауынгері мен офицері осы шай-қастағы ерлігі үшін наградаларға ие болды3.
29-атқыштар дивизиясының Сталинград шайқасы кезіндегі жауынгерлік қимылдарын сипаттай келіп, 64-армия командирі оған гвардиялық дивизия деген атақ беруді сұрап, былай деп жазды:
"Неміс фашистерімен ұрыста 29-атқыштар дивизиясы тари-хи Сталинград шайқасының өн бойында ерліктің, жаппай ба-тырлықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықіын, бөлімдерге үзбей басшылық ете білудің үлгісін көрсетті, Шабуыл жасау-шы күші басым жауға қарсы ауыр ұрыстар үстінде дивизия табандылықтың, белсенді қорғаныс ұйымдастыра білудің үлгісі болды.
Сталинград маңында қоршауға алынған неміс-фашист әскерлерін жою жөніндегі қарымды ұрыстарға қатыса оты-рып, командирлер мен саяси қызметкерлер пәрменді шабуыл жасауда инициатива көрсетіп, аз қолмен күші өзінен бірнеше есе басым жауды жеңе алатындықтарын танытты.
29-атқыштар дивизиясының бүкіл жауынгерлік жолы — неміс-фашист басқыншыларына қарсы қажырлы күрес жүргізу жолы, бұл жолда дивизия бөлімдерінің жауынгерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз артып отырды, бұл жағдай маған дивизияны Қызыл Армияның тандаулы кұрамаларының қата-рынан санап, оған гвардиялық атақ беруді сұрауға құқық береді"1.
Сөйтіп, 29-атқыштар дивизиясына Сталинград шайқасын-да көрсеткен ерлігі үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялық дивизия деген атақ берілді. Кеңес гвардиясы деген құрметті атақты дивизия жауынгерлері әрдайым жоғары ұстап, Отан соғысының өн бойында өздерін даңқты істерімен көрсете білді.
Сталинград түбіңдегі шайқастан кейін 64-армия 7-гвардия-лық армия деп аталды да, еңдігі жерде Дон майданына кдрасты әскерлердің бәрі Курск теңірегіне топтастырылды.
1943 жылғы наурызда дивизия Воронеж майданының қүрамына келіп қосылды. Жазда Курск шайқасына, онан соң немістердің Белгород — Харьков плацдармын жоюға қатысты.
72-гвардиялық атқыштар дивизиясының қорғаныс шебі Бел-городтан оңтүстік шығысқа таман жерде болып, Северский, Донецтің оң жағалауы бойындағы Нижний Ольшанец селосы-нан осы өзенге Нежеголь келіп құятын тұсқа дейін созыдды. Дұшпан бұл учаскеге шабуыл жасауға екі жаяу әскер дивизия-сы мен бір танк дивизиясын бағыттаған еді. Алты күн ішінде жау 7 мындай солдаты мен офицерінен, 46 танкісінен, 30 зеңбірегінен айрылды. Осындай ойсыраған шығынмен жау дивизия орталығынан және оң қанатта бар болғаны 20 километр-дей ғана ілгері жылжи алды1.
Жауды тоқтатқан біздің бөлімдер шабуылға шықты. 24 шілдеде 72-гвардиялық дивизия өзінің бұрынғы позициясына жетіп, түнде солтүстік Донеитен өтіп, Нижний Ольшанец, Кар-науковка, Топменка селоларынан фашистерді қуып шықты. ¥рыс шиеленісе түсті. Жау күніне 10—12 қарсы шабуыл жасап тұрды.
Бірақ жаудың қарсылығы тойтарылып, Белгород қаласы мен оның маңындағы аудандар азат етілді. Воронеж және Да-лалық майданның әскерлері-Харьковке ұмтылды. 72-гвардия-лық атқыштар дивизиясы ұрыста мыңдаған гитлершілердің көзін жойьш, оларды орныққан елді мекендерден қуып, Харьковтің орталық аудандарын азат етуге қатысты.
1943 ж. 19 қыркүйегі қазақстандық 72,-гвардиялық атқыш-тар дивизиясының тарихында есте қалатын айрықша күн бол-ды. Бұл күні қүрамаға Красноград қаласын жаудан азат еткені үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығымен "крас-ноградтық дивизия" деген құрметті атақ берілді.
Қыркүйектің аяғында дивизия бөлімдері Днепрден етіп, жау бекіністерін талқандауға қатысты. Днепр үшін болған кескілескен ұрыстарда ерекше ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 ж. 26 қазандағы Жар-лығымен 72-гвардиялық дивизияның 26 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың арасында дивизия командирі генерал-майор А.И.Лосев те бар еді2. 1943 ж. аяғында 2-Украина майданының қарамағында болған 72-гвар-диялық дивизияның бөлімдері Кировоград қаласын жаудан азат етуге қатысты. Осы шайқастағы қаһармандығы үшін ди-визия 1944 ж. қаңтарда Қызыл Ту орденімен наградтадцы.
1944 ж. сәуір-мамыр айларында 72-гвардиялық дивизия Қырымды азат ету жолында ұрыс жүргізді. Бұдан соң құрама Яссы - Кишинев операциясы қарсаңында Пашкани қаласы-ның солтүстік-шығысына таман жердегі шепте түрды. Жауға бірінші болып артиллеристер соққы берді. Артиллерия дай-ындығы аяқталуына 5 минут қалған кезде жаяу әскер шабуы-лға көтеріліп, алғашқы сәттен-ақ барлық траншеялар мен қатынас жолдарын алды. Бірақ осы төңіректің ортасы іспеттес жота әлі алынбаған еді: жау көптеген доттар мен дзоттарды қолында ұстап, қарсы шабуыл үйымдастыруға тырысты. Соған қарамастан, 1944 ж. 22 тамызда жаудың бекінісі толық талқандалды. Жотаның түбіндегі ұрыстар арқылы диви-зия мен оның көршілері жаудың ірі күштерін тықсырып, май-данның екпінді тобының басты бағытта дұшпан корғанысын бұзып етуін және Кишинев ауданында жаудың 18-дивизиясын қоршауға алуын жеңілдетті.
1945 ж. 5 мамырда Прагада қарулы кетеріліс басталды. Бар-рикадаларда 30 мың патриот өздерінен анағұрлым күші басым жауға қарсы аянбай шайқасты. Гитлер командованиесі Прагаға "Орталық" әскери тобынан ірі әскери күш жібере бастағанда, көтерілісшілердің жағдайы тіпті қиындап кетгі.
"Орталық" армия тобының командашысы генерал Шернер: "Прагадағы көтерілісті барлық құралдармен жаныштап тастау керек" деп бұйрық берді. Қалаға солтүстіктен - "Рейх" танк дивизиясы, шығыстан - "Викинг" танк дивизиясының күшейтілген полкі ұмтылды. Чехословакиядағы жау тобының жалпы саны 900 мыңнан астам адамға жететін. Чехтың ұлттық кеңесі радио арқылы одақтастар армиясының көмек беруін сұрады. Кеңес командованиесі көтерілісшілердің өтінішіне қызу үн қосып, Берлин түбінде шайқасып жатқан 1-Украина майданының 3, 4-танк армиясын Прагаға қарай бұрды. Тар жол, тау асуларын басып өткен Кеңес армиясы Прага патри-оттарына көмекке жетіп үлгерді. Іле-шала майданның ал-дыңғы бөлімдері де жетті. Прага жаудан азат етілді. Қазақ-стандық 72-гвардиялық дивизия жеңіс күнін осылай чехосло-вакияның астанасы Праганың оңтүстігінде мерекеледі.
2) 38-атқыштар дивизиясы
38-атқыштар дивизиясы 1941 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласында құрылды (дивизия командирі подполковник Доценко Н.П., комиссары Орманов А.К.). Құрама өздерінің жорық жолын Харьковтен бастады1. Қазақстанда құрылған өзге де құрамалар сияқты дивизия құрамы көп ұлтты болды, онда 30-дан аса ұлттың өкілі болды.
Дивизияға командир болып алғашқыда генерал-майор В.И.-Найденов тағайындалған еді, бірақ ол 1942 ж. каңтарында кенет-тен қайтыс бодды да, оның орнын подполковник Н.П.Доценко басты. Дивизияның комиссары болып бұрын майданда жүріп жараланған,/енді госпитальдан емделіп жаңа ғана шыққан аға батальондық комиссар Ахмет Кәрімұлы Орманов тағайындал-ды, штаб бастығы полковник А.В.Казимиров болды. Дивизия қүрыла бастаған кезден оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Пре-зидиумы кдмқорлыққа алды.
1942 ж. 16 ақпанында 38-атқыштар дивизиясы Алматыдан ат-танып, Воронеж облысындағы Кантемировка станциясының маңына орналасты. Наурыз — сәуір айларында жауынгерлік дайындықты жүргізе отырып, дивизия қару-жаракпен, әскери техникамен жабдықталды. Содан 20 сәуірден бастап құрама Оңтүстік-Батыс майданы 28-армиясының қарамағына көшті. Сөйтіп, дивизия бөлімдері 1942 ж. мамыр айының ішінде Оңтүстік-Батыс майданы әскерлерінің құрамында Харьков түбівдегі ұрысқа катысты.
Майдан әскерлері шегінген кезде дивизия екі армияның түйіскен жерін қорғап тұрды. Сол ұрыстың бірінде 38-диви-зия Кеңес Армиясының басқа құрамаларымен бірге шабуыл-ды өрістете отырып, Совет селосында тұрған немістің үлкен бір гарнизонын қоршауға алды. Бұл селоның стратегиялық маңызы зор еді. СондыКтан да фашистер мұнда қорғаныс жұмысын өрістетіп, .әрдайым жаңа күштер жіберіп отырды. Қоршаудан шығуға тырысқан дұшпан барлық күшін сала ұрысты. Фашиетер қосымша жаяу өскер, танкілер мен үшақ-тарды іске қосты. Бірақ шабуылдың бөрі де нбтижесіз аяқтал-ды. Осы ұрыста 38-дивизияның жауынгерлері асқан ерлік көрсетті1.
Күн өткен сайын шабуыл шиеленісе түсті. 1942 ж. 22 ма-мыр күні жау селоға кіріп, броньды машинамен ездерінің қалдықтарын алып кетуге мүмкіндік алды. 38-дивизия бөлімдері жаудың 600-ге жуық солдатын, 12 танкісін, 6 броньды машинасын құртып жіберді және көптеген қару-жа-раган қолға түсірді2.
Оскол өзенінің бойында, Уразово қаласының түбінде, Терновая станциясында кескілескен ұрыс болды, бұл шайқас-тарда қазақстандық жауынгерлер 13 тәулік бойы қорғанысты ұстап түрды. Осы уақыттың ішінде 214-артиллерия полкі жау-дың 50-ге тарта танкісін, көптеген басқа техникасы мен ада& күшін жойып жіберді.
Терновая станциясы үшін ұрыста жауынгерлер, командир-лер мен саяси қызметкерлер бай әскери тәжірибеге ие болды Ерекше көзге түскен жауынгерлер Веселов, Қалымбетов, Мах мүгов, Смирнов, Ткаченко Ленин орденімен наградталды.
Айдар өзенінің жағасында Ровенька селосының түбінде гитлершілер дивизияны қоршап алды. Алайда дивизия бөлімдері, майдан шебі шығысқа қарай 180 километрге шегініп кетсе де, өз позицияларын ұстап тұра берді. Тек бүйрық алған-нан кейін ғана қазақстандықтар қоршау шеңберін бүзып өтті. Жаңа Ростоши түбінде жау дивизияны тағы да қоршауға алды, бірақ 38-атқыштар дивизиясы бұл жолы да ажал құрсауынан сытылып кетті.
Дивизия белімдері жүргізіп жатқан осындай ауыр ұрыс-тардың кезінде 1942 ж. 13 маусым күні оның командирі под-полковник Н.П.Доценко қаза тапты, ал дивизия комиссары А.К.Орманов ауыр жараланды. Осындай қиын кезде диви-зияға полковник Ғ.Б. Сафиуллин басшылық жасады.
Дивизия бөлімдері Харьков маңынан шегінгеннен кейін, қоршаудан шыға жүріп, Курск, Воронеж, Ворошиловград, Ро-стов облыстары жерінде жаумен жағаласа отырып, Сталинг-рад маңына — тарихи шайқас болғалы тұрған жерге қарай ойы-сты. Осы кездегі қорғаныс ұрыстарын еске ала келіп, Ғ.Сафи-уллин былай деп жазды: "Бірақ бұдан біз беталды кейін сырғ-ып барамыз деген ой тумаса керек, тіпті де олай емес. Жаудың қайнаған ортасында, өз армиямыздың негізгі күштерінен жүздеген километр қашықта жүріп, дивизияның бөлімдері немістерге соққы үстіне соққы берумен болды. Біз итальян жаяу әскерін, венгер атты өскерін, сондай-ақ эсэстік жауын-герсымақгарды талай рет тым-тырақай еттік"1. Міне, осылай-ша ұрыс сала отырып, дивизия бөлімдері Сталинград маңына қарай шегініп, жылжумен болды. Шегініс ұрыстары кезінде жеке полктерге бөлініп, Доннан еткен дивизияның бөлімдері Сталинград түбіндегі Рынок поселкесі маңына жиналды. Қүрама қару-жарақтарын тәртіпке келтіріп, жаңа шайқасқа әзірленді. Шілденің 29-ы күні жинақталып болған дивизия бөлімдері 57-армияның қолбасшысы генерал Ф.И.Толбухиннің бұйрығы бойынша, Сталинград қаласының оңтүстігіндегі Абганерово станциясы маңына шұғыл түрде жетті. Дивизия бөлімдері бұл манда қорғаныс шебін құрып, Сталинградқа оңтүстіктен ентелеп келе жатқан немістердің 4-танк армиясының бөлімдерімен қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Бұл қорғаныс ұрыстары тамыз-қыркүйек айларында одан бе-тер қыза түсті. Әйтсе де, барлық қиындықтарға төзе білген қазақстандық 38-атқыштар дивизиясы Сталинградтың оңтүстік-батыс бағытын қорғап, осы ауданда тапжылмай ұрыс жүргізіп жатты.
1942 ж. 31 шілдеде 38-дивизияның бөлімдері Сталинград бекіністерінің сыртқы қоршауында, Васильевка - Абганерово - Тунгутан орманы маңында қорғаныс шебіне орналасты.
Фашистер 1942 ж. 6 тамызда Цимлянск маңында Доннан өтіп, танкілер мен моторлы бөлімдердің екпіндей соққы беруі арқылы Тингутан орманы маңында шепті бұзып, Волгаға қарай өтпек болды. 38-дивизияның белімдері қорғаныс шебін табан тіреп қорғап тұрды. Бірақ немістер 74-разъез учаскесінен қорғ-аныс шебін бұзып өтті. Сол кезде дивизңя артиллерия мен танк бөлімдерімен бірге гитлершілерді разъезден қуып шықты, сөйтіп, оның адам күші мен техникасын көп шығынға үшырат-ты. Біздің әскерлердің қорғанысГ шебі қайта қалпына
келтірідці1.
Сталинградты жаудан қорғау жолында болған талай-талай кескілескен ұрыстарда осы дивизияның жауынгерлері асқан ерлік көрсетгі.
Арнаулы бұйрық бойынша дивизия 4 тамыздан бастап ге-нерал М.С.Шумиловтың 64-армиясына қарады.
Әсіресе осы дивизияның Тингутан орманшылығы орналас-қан 214-гвардиялық артиллерия полкі қайсарлықпен қарсылық көрсетіп, ең соңғы оғы қалғанша жаумен атысты. Олар дұшпанның 60 танкісін, 8 автомашинасын, 4 минометін, 6 зеңбірегін, 5 броньды машинасын, 3 жаяу әскер батальонын жойып жіберді. Полк дұшпанның танк, артиллерия, жаяу өскерлерімен 3 күн бойы шайқасты. Қазақстан -артиллеристерінің табандылығы, батырлығы арқасында ғана ; жау тоқгатылды, танкілер жалынға оранды. Ұрыс даласында жүздеген солдаттары мен офицерлерін, көптеген қару-жара-ғын қалдырып, басқыншылар кейін шегінді.
21 тамызда дұшпан 62-армияның шебіне қарай жасаған шабуылын күшейте түсті. Ақыры қорғаныс шебінің сыртқы бөлігін бұзып етіп, Гитлер әскерлері 23 тамызда Ерзовка Рынок учаскесінде Волгаға шықты. Мұнымен бірге олардың танк бөлімдері мен моторлы жаяу әскерлері 38-дивизияның сол жағындағы көршісінің қорғаныс шебін бүзып өтіп, Тин-гута станциясы - Тингутан орманшылығы маңындағы тылға өтіп кетгі. Дивизия қоршауда қалып, ауыр ұрыс жүргізе берді. Бұл ұрыстарда қүрама дұшпанның ондаған танкісін, мында-ған солдаты мен офицерін жойып, 28 тамызға қараған түні со-ғыса отырып қоршауды бұзып етіп, 64-армияның әскерлеріне барып қосылды.
1942 ж. қыркүйектен қарашаның бірінші жартысына дейін қазақстандық 38-дивизия бөлімдері Сталинградтың кіре берісінің оңтүстік-батыс жағын берік қорғап тұрды.
Байланыс үздіксіз істеді. Байланысшылар Өміров пен Шәкіров кабельдің үзілген жері болса, жалғап, өне бойы ар-тиллериядан жауған оқтың астында болды. Міне, әскери бүйрықты қазақстандықгар осылай орындады1.
Бұл кезде Сталинград майданының әскерлері қаланың ішкі қорғаныс шептеріне орналаса бастаған еді.
Неміс басқыншылары 38-дивизия орналасқан қорғанысты бүзып өту мақсатын алға қойып, бұл ауданға шабуылды жиілете түсті. Бірақ жаудың ол мақсаты жүзеге аспады. Қазақстан жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Ең қиын күндердің өзінде қазақстандықтар өздері қорғап тұрған шеп — Киров ауданына бірде-бір дүшпанды өткізбеді. Жауынгерлердің өжеттігіңен, патриотизмінен, халқына, Отанға деген зор сүйіспеншілігінен туған асқан ерлігінің нәтижесінде, каланың бұл аудандарында Қызыл Ту әрдайым желбіреп тұрды. Мұндағы зауыттар мен шеберханалар бір қалыпты жұмыс атқарып, майдан мұктажын өтеп жатты.
Сталинград майданының ауқымы күн өткен сайын крңейе түсті. Әр қадам жер үшін кескілескен ұрыстар жүргізілді.
Қаланы басып алмақ болған ниетпен фашистер 38-атқыш-тар дивизиясының бөлімдері орналасқан Сталинградтың оңтүстік шетінде, Бекетовка жөне Сталинград ГРЭС-і аудан-дарын тағы да бомбалап, артиллерия мен минометтен атқылай бастады. Дивизия жауынгерлері бұл ұрыстарда да ерлікпен күресті. Олар, өсіресе 74-километр разъезі маңындағы опера-цияда асқан батырлық көрсетгі.
Сол ерлігі үшін дивизияның көптеген жауынгерлері мен командирлері наградаларға ие болды. Олардың арасында ди-визия командирі Ғ.Б.Сафиуллинге Қызыл Ту ордені берілді2. Осы кезеңнің бір көрінісін еске ала отырып, Кеңес Одағының Маршалы Ф.И.Голиков Ғани Сафиуллин жөңінде былай деп жазған еді: "Тингутан орманшылығы 3 фермасы ауданындағы тамыз айында болған ұрыс кездерінде мен 64-армияның 38-дивизиясының командирі полковник Ғани Бекенұлы Сафиул-линмен жиі кездесіп тұрдым. Ол кезде оның дивизиясының жауынгерлік даңқы тек өзінің армиясы ғана емес, бүкіл май-данға әйгілі болатын. Жау талай рет бұлардың соққысынан ойсырай жеңідді. Сафиуллин тамаша командир, қара жүмысқа әбден көндіккен, білгір, инициативалы, соғыс ісін шебер білетін адам еді. Қарапайым, турашыл, шыншыл, өте салмақгы, ұстамды, қарамағындағы жауынгерлердің беделі мен сүйіспеншілігіне бөленген командир болды"1.
1942 ж. 20 қарашада Сталинград майданының құрамында қазақстандық 38-атқыштар дивизиясы да шабуыл бастады. Жаудың күшті қорғанысын бұза отырып, дивизия бөлімдері Ма-ңызды биіктікті адцы. Фашистік комавдование бұл шептің Пау-люс әскерінің барлық тобының қорғанысы үшін өте манызды екенін ескере отырып, биіктікті қайтарып алу үшін талай рет әрекет жасады.
Әскерін көбейте отырып, жау Қазақстан әскерлеріне қар-сы дивизиядан көп жаяу әскер, 80 танк пен бірнеше үшақ
жіберді.Қан төгіс шайқастар басталды. Полковник Ғ.Б. Сафиул-лин бастаған 38-атқыштар дивизиясының бөлімдері неміс-фа-шист әскерлерінің барлық қарсы шабуылдарының бетін қай-тарып, өз позициясын ұстап тұрды.
Жау бұл жерде 3 500 соддаты мен офицерінен, 22 танкісі мен көптеген техникасынан айрылды2. Гитлерлік әскерлердің Сталинград түбіндегі қоршауынан кейін дивизия оларды тал-қандау үшін белсенді әрекеттер жүргізді.
Осы 20—21 қарашада болған ұрыстарда тек қазақставдық 38-дивизияның ғана қол жеткен жетістігі мынадай бодды:
1) 20-румын жаяу өскер дивизиясының қорғанысы бұзы-лып, 82-жаяу әскер полкінің 1-батальоны, 83-жаяу әскер полкінің екінші батальоны жөне 91-полктің бір батальоны то-лығымен жойылды. 20-жаяу әскер дивизиясының, 39-артил-лерия полкінің бірінші, үшінші дивизиондары талқандалды;
2) дұшпанның 3000-нан астам солдаты мен офицері жер
жастаңцырыдды;
3) 160 адам түлқынға алынды, 128,2 биіктігі маңындағы оқ-
дәрі қоймасы жарылды;
4) 21 танк, 1 броньды машина қиратылды, үш зеңбірек, әр түрлі калибрлі үш миномет, т.б. көптеген қару-жарақ қолға түсірілді немесе жойыдды3.
1942 жыддың 22 қарашасында 38-дивизия Бекетово селосы-ның оңтүстік-шығыс жағына топтасты. Осы күні жауынгерлер Глубокая сайының оңтүстік жағасындағы үлкен қорған-ға дивизияның Сталинград үшін болған шайқаста халқы үшін жанын пида еткен жауынгерлерін қастерлеп жерледі. Полк командирінің орынбасары еврей Борис Злобинский, батальон кОмандирі аға лейтенант армян Хачатуров, мергендер ротасы-ның командирі, аға лейтенант қазақ Әбдібай Құрбантаев, сегізінші рота комаңдирі, аға лейтенант орыс Николай Тимофе-ев бауырластар қабіріне қойылды.
1943 ж. 10 қаңтардан 2 ақпанға дейін екі арада қоршауға алынған Гитлер әскерлері толық жойылып жіберілді. Осы ұрыс қимылына Дон майданының құрамында 38-дивизия бел-сегіе катысты. Қаланың кіре беріс іргесінде тұратын Воропае-во станциясының тактикалық маңызын ескере отырып, дұшпан бұл араға өзінің 297-жаяу әскер дивизиясының таң-даулы полктерінің бірін бағыттады. Табан тірескен ұрыстар бірнеше тәулік бойы жүрді. 22 қаңтарда дивизияның бөлімдері Воропаевоның су шығаратын мұнарасының төбесіне қызыл жалау тікті. Жаудың әскер бөлімдерінің қал-дықтары сарай ауданына қарай шегініп кетті. 23 қаңтардан 26 қаңтарға дейін 38-дивизия Сталинфадтың батыс шет аймағын-да шабуыл жүргізді.
Сталинградты қорғаушылардың қатарында«38-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің қаһармандықпен даңқы шықты. "Полковник Ғ.Сафиуллин басқарған 38-атқыштар дивизиясы-ның терттен үш бөлігі қазақ жігіттері еді. Олар геңерал фон Дреббердің 297-дивизиясын талқандап, жаудың танк корпу-сын тізе бүктірді. 8 мыңға жуық гитлершілерді 1-ұтқынға адды"1.
Гитлер армиясының 297-жаяу әскер дивизиясының командирі Мориц фон Дреббер тізе бүгер алдында былай деді: "Бұдан былайғы қарсыласуды пайдасыз деп білемін, қарауымдағы солдаттар мен офицерлердің өміріне жауапты болғандығымнан, ең болмаса қалғандарын сақтап қалғым кеп, мен дивизияның барша адамдарымен бірге Қызыл Армияның 38-дивизиясының командиріне тұтқынға берілуді ұйғардым. Дұшпан болсақ та, сонау Харьковтан Волгаға дейін ерлікпен соғысып келе жатқан бұл дивизияның жауынгерлік ісін жақ-сы бағалауға тура келеді, оған бас иеміз".
Волга үшін ұрыстарда, яғни 1942 ж. тамызынан бастап, қор-шалған гитлершілерді талқандағанға дейін қазақстандық 38-ди-визияның бір өзі жаудың 12 мыңнан астам солдаты мен офицерін, сонын ішінде 8 полковнигін, 2 генералын тұтқынға алды. 68 танкісін, 22 ұшаган, 3 броньды пойызын, 400-ден астам зеңбірегі мен минометін, көптеген вагондары мен паровозда-рын, мыңнан астам автомашинасын, үш мың автоматын, 800 пулеметін, жүздеген қару-жарақ қоймаларын және басқа мүліктерін қолға түсірді. Фашистің 15 мыңнан астам солдаты мен офицерін, 108 танкісін, 5 ұшағын жойды.
Сталинград шайқасындағы жауынгерлер мен командирлердің ерлігі, батылдығы үшін 1943 ж. 1 наурызда 38-дивизияға 73-гвардиялыҚ дивизия деген құрметті атақ берілді. Осы 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 2882 адамы ордендермен және медальдармен наградталды. Құра-маның полк штабының бастығы, капитан Талғат Алмеев, ба-тальон командирі Досжан Әлімжанов, жауынгерлер — Мол-дағұл Ералиев, Камшал Омаров жөне т.б. ерліктің тамаша үлгілерін көрсетіп, Отан наградаларына ие болды.
73-гвардиялық "сталинградтық дивизияның" командирі Ғани Сафиуллинге генерал-майор әскери дөрежесі берілді.
1943 ж. 1 кантарда дивизия қатарында 36 ұлт өкілдері: орыс-тар, украиндар, белорустар, қазақгар, ұйғырлар, өзбектер, та-тарлар, армяндар, грузиндер, әзірбайжандар, тәжіктер, түрк-мендер, қырғыздар, еврейлер, чуваштар, мордвалар, башқұрт-тар және басқалары болды. Сталинградтағы қаһармандық — осы ұлттардың достығының, қоян-қолтық әрекет етуінің
нәтижесі.
Кеңес Қарулы Күштерінің таңдаулы құрамаларының біріне айналған 73-гвардиялық дивизия біраз тынығып, құрамын толықгырып алғаннан кейін, 1943 ж. 5 наурызында батысқа қарай жол тартты. Енді ол Врронеж майданына келіп түсіп, генерал-лейтенант М.С.Шумиловтың 7-гвардиялық армиясы-ның (бұрынғы 64-армия) құрамына қосыдды. Наурыз айының аяғына қарай дивизия бөлімдері Солтүстік Донец өзенінің шығыс жағалауындағы шепте қорғанысқа көшті. Бұл — Бел-город қапасының шығыс жағалауындағы аудан болатын.
1943 ж. қысында 73-гвардиялық дивизия Қазақстаннан келген жауынгерлермен толықтырылды да, құраманың полктері Воронеж майданының құрамында Белгородтың ма-ңындағы қорғаныс шебіне орналасты.
1943 ж. сәуірінде генерал-майор Ғ.Б.Сафиуллин 25-гвар-диялық атқыштар корпусына, ал 73-гвардиялық дивизияға гвардия полковнигі С.А.Козак командир болып тағайындал-ды. Дивизия Воронеж майданындағы 25-гвардиялық атқыш-тар корпусының құрамына кіріп, атакты Курск шайқасына қатысты. Бұл жерде ол күші басым жауға қарсы жүргізген қорғаныс ұрыстарында асқан табандылық көрсетті. Кейін осы Курск-Белгород бағытында жүргізілген кеңес әскерлерінің ша-буылына қатысып, Харьков, Белгород, Мерефа, Красноград, тағы басқа қалаларды азат етті.
Курск шайқасында 73-гвардиялык дивизия Қазақстанның даңқын арттыра түсті. Бұл кезде құрама Солтүстік Донецтің шығыс жағалауында — Белгородтың түбінде қорғаныс шебінде тұрған еді. 1943 ж. 5 шілдеде неміс-фашист әскерлері қорғаныс-тың бірінші шебін бұзыті өткен кезде, 73-гвардиялық дивизия жаумен қоян-қолтық ұрысқа кіріп, оларды одан әрі алға бас-тырмай қойды. Дивизия бес күн бойына жаудың басым күшіне қарсы ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Кейбір күндерде . гвардияшылар 4-11 танк шабуылын, өсіресе "Тигр" танкілерінің атакасын тойтарып отырды1.
6 шілдеде жау қүраманың бақылау пунктіне таяп келіп қалған кезде дивизияның командирі полковник Козак диви-зияның гвардиялық туын қорғаныс шебінің алдыңғы жағына алып шығуыға бұйрық берді. Бұл жауынгерлерді жігерлендіріп, қарсы шабуылға көтерді. Осы ұрыстарда ка-питан Бельгиннің басқаруындағы батальрн ерекше ерлік көрсетті. Батальонның қорғап тұрған шебіне қарай гитлершілердің 100-ге жуық танкісі, көптеген жаяу әскері өршелене ұмтылды. Бұлардың арасында немістің ұрыс тех-никасының жаңа құрамалары да, "Тигр" танкілері және өздігінен жүретін "фердинанд" зеңбіректері де болды. Жау танкілері 11 рет шабуыл жасағанмен, бәрі де сәтсіз аяқтал-ды: көптеген қираған танкілері мен зеңбіректерін және оққа ұшқан солдаттары мен офицерлерінің өліктерін қалдырып, тым-тырақай кейін қашты. Түс кезінде гитлершілердің 70 танкісі гвардияшылардың окоптарына лап қойды, бірақ гвар-дияшылар саспады. Капитан Бельгин ерлік өліммен қаза тап-ты. Капитан Ильясовтың "Сүйікті комбатымыз үшін кек алайық!" деген үндеуі жауынгерлердің жігерін қайрай түсті. Байланысын телефонмен басқара білген рота командирі, ка-питан Ильясовтың окобын неміс танкілері бір сағат бойына таптай берді. Бірақ ерлер бір адым да кейін шегінбеді, арыс-танша алысып, қасық қандары қалғанша танкілерді өртей берді.
1943 ж. 6 шілдедегі осы ұрыс қимылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 7-гвардиялық армияның команда-шысы генерал-лейтенант Шумилов 73-гвардиялық дивизияның барлық жауынгерлері мен офицерлеріне алғыс жариялады. Белгород қаласының маңындағы кескілескен ұрыстарға қатыс-қан дивизияның 1040 гвардияшысы үкімет нафадасына ие бол-ды. Кдзақстанның 4 қаһарман ұлына Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.
1943 ж. 30 шілдеде 73-гвардиялық дивизияның жауынгер-лері мен командирлері, Қазақстан жастарына хат жолдады: "біз, сталинградтық 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен командирлері сіздерге, жерлестерімізге, гвардиялық сөлемімізді жоддаймыз.
Он бес ай бойы біздің бөлім неміс басқыншыларымен кескілескен күрес жүргізіп келді. Біз немістерді Харьков түбінде ойсырата жендік. Батыр қала Сталинградқа ұмтылған немістің тандаулы дивизиясын талқандадық. Осы ұрыстарда гвардияшы деген құрметті атаққа ие болдық... Белгород түбіндегі қорғаныска белсене қатыстық. Біз әрбір минутымыз-ды бос жібермей, осы заманғы соғыс тактикасын және жауды талқандаудың жолдарын үйренуге пайдаландық... Неміс әскерімен күресте ерекше көзге түскен 617 жас жауынгер на-градаларға ие болды. Біз сіздердің аманаттарыңызды ойдағыдай орындадық. Неміс басқыншыларының бар азабын шеккең ке-ңес адамдарының әр тамшы қаны үшін, әр ананың көз жасы үшін фашистерден кек алдық"'.
Неміс-фашист әскерлерінің Курск мен Орелдің түбінде та-лқандалуы Ұлы Отан соғысының барысындағы басты бет-бұрыс болды. Қызыл Армия Кеңес жерін фашист басқыншы-ларынан толық азат ету жолындағы шабуылды майданның өн бойында өрістете түсті. 23 тамызда Харьков азат етілді. Осы Харьковті, ал одан кейін Красноградты азат етуге 73-гвардия-лық дивизияның жауынгерлері де қатысты. Жау өскерлерінің осы маңызды стратегиялық тораптан қуылуы бүкіл сол жақ Украинаны гитлершілерден толық тазартуға қолайлы жағдай туғызатын еді.
Днепр өзенінен кеңес жауынгерлері асқан шеберлікпен жүзіп өтгі. Өзеннің оң жағынан бірінші болып 73-гвардиялык дивизия плацдарм алды. Осы Днепрден өту операциясына Жоғарғы Бас командование қатты назар аударып, бұл маң-дағы әскери құрамалардың, танк, авиация күштерінің санын 2 есеге жуық артгырды.
25 қыркүйекке қараған түні 73-гвардиялық дивизиянын бөлімдері Старо-Орлик селосының маңынан Днепрдің оң жа-ғына өтіп, мүнда Бородаев селосындағы маңызды шепті жаудан босатты. Дивизия жауынгерлері күніне дұшпанның талай кдрсы шабуылын тойтарып отырды.
Іле-шала Кировоград бағытында ірі шабуыл басталды. Осы шайқастарда аскан ерлік көрсеткен дивизияның бір мың жауынгері КСРО ордендерімен және медальдарымен наградтал-ды. Бұлардың арасында дивизия командирі С.А.Козак бастаған 13 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді1.
Украин жазушысы Петро Понч 1945 ж. 1 қаңтарда қазақ халқына жолдаған Жаңа жылдық құттықтауында былай деп жазды: "Достар басқа қиындық түскенде танылады. Украин халқы фашистік тобырлармен соғыста Украинаға төнген қауіпті, бақытсыздық жылдарында өзіне көрсеткен сол бір туысқандық көмекті ешқашан ұмытпайды. Қазақтар біздің ағайындарды өз туыстарындай қарсы алды, оларға ез ошағы-ның басынан орын берді. Алайда украиндықтарға көрсетілген көмек бұл ғана емес: қазақ халқы өзінің тандаулы ұлдарын украин жерін неміс басқыншыларынан азат етуге жіберді. Енді достық халықтар туысқандығы жолында төгілген қасиетті қанмен бекіді.
Біз қазақтың азат етілген украин жерінің өр метрін сүйгені туралы хабарды көңіліміз елжіреп, көзімізден жасы-мызды төге отырып қарсы алдық. Иә, оның есімі даңққа бөле-не берсін. Қазақтар ұйытқысы болған 73-гвардиялық Сталинг-рад дивизиясы гитлершілерді бүкіл Украина арқылы өкшелей куды.
Днепрде бүкіл Украинаның тағдыры шешілді. Қазақтар өзеннің арғы жағалауына от-жалын арқылы алғашқылардьщ бірі болып жол салды. Осы тендесі жоқ ерлігі үшін еліміз 20 гвардияшыны Кеңес Одағының Батырының жоғары атағымен наградтады. Украин халқы бізге қымбат есімдерді — қызыл әскер, Жамбыл облысы, Талас ауданының колхозшысы Сәду Шәкіровті, мерген, Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданы-ның колхозшысы Әбдібай Құрмантаевты, капитан Владимир Савваны, Балмағамбетовті, Садық Жақсықұловты және басқа көптеген жолдастарды әрдайым шынайы алғыспен және сүйіспеншілікпен есіне алады. Олар Днепрдің қаһармандары атанды, олардың есімдері мәңгі өшпейді"2.
Днепрден еткеннен кейін генерал-майор С.А.Козак басқар-ған 73-гвардиялық дивизия жауды Оңтүстік Украина мен Мол-давия жерінде талқандасып, Яссы - Кишинев операциясына қатысты. Ал бұдан кейін ол 37 және 57-армиялардың қарама-ғында бола жүріп, Румыния, Болгария мен Югославия жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат етісті.
1944 ж. қазан айында қазақстандык 73-гвардиялық дивизия Югославияның астанасы Белградты жаудан тазартқан соң, Қызыл Ту орденімен наградталды. Белградты азат етудегі ерлігі мен батырлығы үшін 2 мың кеңес жауынгері мен офицері Югославия ордендері мен медальдарынын иегері атанды. 13 кеңес жауынгеріне Югославияның халық батыры атағы берілді. Солардың ішінде қазақстандық Үйсінбай Қалыңбаев та бар.
Осы жылдың қараша айында кеңес жауынгерлері Югосла-вияны азат етуді аяқтап, Венгрия жеріне аяқ басты. Будапешт қаласының оңтүстігіне таман Дунай өзенінен өтіп, оның ба-тыс жағалауындағы маңызды шептерге ие болғаны үшін құра-ма "дунайлық дивизия" деген құрметті атақ адды.
1945 ж. ақпан-наурыз айларында 73-дивизия Будапешт бағы-тындағы ұрыстарға қатысып, немістердің Балатон көлі маңын-даш тобын талқандады. 1945 ж. наурыз айының орта кезінен бастап, дивизияны полковник В.И.Шербенко басқарды, өйткені бұл кезде С.А.Козак 21-гвардиялық атқыштар корпусына командир болып тағайындалды. Василий Иванович Шербен-коға 1945 ж. маусым айында генерал-майор атағы берілді, ол бұл дивизия таратылғанға дейін оған басшылық жасадЬІ.
Соғыстың соңғы айларында, яғни наурыздың аяғынан бас-тап, соғыс біткен күндерге дейін, дивизия бөлімдері 3-Украина майданының сол қанатында болып, Вена маңындағы операция-ларға қатысты. Венгрияның, Югославияның, Австрияның көптеген қалаларын жаудан азат етгі. Соғыс жорығын дивизия 1945 ж. 9 мамырда Австрияның Грац деген қаласының оңтүстік-батысындағы Альпі тауларының бөктерінде аяқтады.
Дивизия 3 жылдан астам уақыт, яғни 1942 ж. 10 сәуірінен 1945 ж. 9 мамырына дейін үздіксіз майданда болды. Дивизия ардагері, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Н.И.Ящен-коның сөзімен айтқанда, "осы үш жыддың ішінде бір рет қай-та жасақталып көрген емес".
Соғыс жылдарында шайқаста көрсеткен ерліктері үшін дивизияның 36 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал дивизия командирі генерал С.Козак бұл атаққа екі мәрте ие болды. Кеңес Одағының ордендерімен — 5514 адам, медальдарымен - 10884 адам наградталды. Бұл күндері 73-гвардиялық дивизияның жауынгерлік туы Мәскеудегі Ресей Қарулы Күштерінің Орталық әскери мұра-жайында сактаулы.
3) 8-атқьгаггар дивизиясы
1941 ж. аяғында республикада жасақталған құрамалардың бірі - 8-атқыштар дивизиясы. Құрама 1941 ж. 11 желтоқсаннан бастап құрала бастады да, 1942 ж. 1 қаңтарына қарай, негізінен, жасақталып бітті. Дивизия штабы мен оның негізгі құрамЪІ Се-мей қаласына орналасты, тек бір атқыштар полкі мен дербес миномет батальоны ғана кала сыртында болды.
Дивизия, негізінен, Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының еңбекшілерінен құралды. Құрама коман-дирлігіне полковник Г.А.Зверев (1942 ж. 2 ақпаннан бастап полковник И.И.Иванов) тағайындалды, комиссарлығына -И.А.Кохновский, штаб бастықтығына — Л.Н.Лозанович
бекітілді.
Жасақталған атқыштар дивизиясында: үш атқыштар полкі, бір артиллерия полкі, бір т,анк жойғыш дивизион, сон-дай-ақ миномет, байланыс, медициналық, санитарлық баталь-ондары, артиллерия батареясы, барлаушылар ротасы, авторо-та, жеке химиялық қорғану ротасы, т.б. болды.
8-атқыштар дивизиясын жасақтауға жергілікті партия, ке-ңес органдары барынша қамқорлық жасады. Дивизияның орта командалық құрамы, басқа құрамалардағы сияқты әске-ри оқу орындарында дайындықтан өткен, жаяу әскер және артиллерия училищелерін бітірген жас офицерлерден жасақ-талды. Құраманың партия және комсомол ұйымдарын нығай-ту мақсатымен Семей облыстық партия комитеті дивизия бөлімдеріне 300 коммунист пен комсомол мүшесін жіберді1.
Дивизия құрылып болғаннан кейін жауынгерлер арасында әскери дайындық жұмыстары жүргізілді. Семей өңірінің қатал қысына қарамастан, дивизия бөлімдері қаңтар-наурыз айлары ішінде, яғни үш ай бойына тыңғылықты жауынгерлік даярлық жасады.
"Дивизия қатарына келгендердің дені бұрын әскери дайын-дықтан өтпеген, орыс тілін нашар білетін адамдар болды"2, — деп жазады ВЛупшев.
Дивизияға алынған әскер жасындағылардың көбі алыстағы ауылдардан келгендер, көбінің білім дәрежелері төмен, орыс тілін де нашар білетіндер еді. Міне, сондықган да олармен өскери дайындық ісі және саяси-тәрбие жұмысы ана тілінде жүргізілді, ал бұл олардың жауынгерлік даярлығын шындай түсті.
Наурыз айында дивизия белімдерінін әскери дайындығын тексерген Қызыл Армияның әскери кұрамаларды жасақтау жөніндегі бас басқармасының өкілі полковник Якушев баста-ған комиссия жақсы бағамен кабылдады.
Әскери даярлықтан өтіп жаткан 8-атқыштар дивизиясы-ның бөлімдеріне облыстық партия, кеңес және комсомол ұйымдары ерекше қамқорлық жасап, олардың материалдық-техникалық жағынан дұрыс жабдықталуына ерекше назар аударып отырды.
Дивизия майданға аттанардың алдында 1942 ж. 21 наурыз-да Семей облыстық партия комитеті мен еңбекшілер депутат-тарының облыстық кеңесі әскери және саяси дайындықтын озаттарына сыйлықтапсырды.
1942 ж. 1 сәуірде дивизияның бөлімдері майданға аттавды. Құрама эшелондары Алматы - Орал - Саратов арқылы өтіп, сәуірдің 24-і күні Сталиногорск (қазіргі Новомосковск) қала-сы маңына жетті. Құрама осы маңға шоғырландырылып, Брянск майданындағы 24-армияның қарамағына берілді. Бұл майдан резервіндегі армия еді. Ал енді бірер күннен кейін 8-атқыштар дивизиясы 3-армияның, іле-шала 48-армияның құрамына косылды. Жау әскерлерінің Воронеж бағытында шабуыл жасауына байланысты, 1942 ж. 8 шілдесінен бастап, дивизия 13-армияның қарамағына өтіп, алғашқы шайқастарға катысты. Сөйтіп, дивизия бөлімдері майданның басқа да құрамаларымен бірге, бес ай бойы қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Бұл шайқастарда дивизия жауынгерлері жаудың 5 мыңдай адамын, 22 артиллерия батареясын, 12 танкісін жой-ды1.
1942 ж. 4 желтоқсаннан бастап, дивизия майдан қолбас-шысының резервінде болды.
1943 ж. басында кеңес әскерлері үшін қолайлы стратегия-лық жағдай туды. Сталинград түбіндегі жау әскерлері талқан-далды. Сталинград маңынаң басталған шабуылдар Солтүстік Кавказды, Донның төменгі сағасын, тағы басқа аудандарды жаудан азат етумен жалғасты. Міне, осы кезде немістердің Воронеж — Касторное әскери тобы талкандалды. Оны талқ-андауға Воронеж майданының 40-армиясы қатысты. Генерал Н.Е.Пухов басқарған 13-армияның құрамында 8-атқыштар дивизиясы ұрыс жүргізді. 1943 ж. 26—28 қаңтар аралығында дивизия бөлімдері темір жолдын торабы Касторное қаласы бағытында шабуыл жасай отырып, 60 километрдей алға жылжыды. Жаудан 48 елді мекенді азат етті, бұлардың ішінде Урицкое селосы, Набереж-ное темір жол станциясы, Касторное қаласы бар. Жаудың 5320 адамы жойылып, 3522 адамы тұтқынға алынды. Көптеген қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешек қоймалары, бір мыңнан аса ат, 2700 автомашина, т.б. қолға түсірілді. Ұрыс кезіндегі ерліктері үшін дивизияның 2071 адамы КСРО ордендерімен және медаль-дарымен наградталды.
Үздіксіз ұрыстардың нәтижесінде дивизия қатары да сиреді. Дивизия резервте болған кезде батальондардың құра-мы тыл бөлімшелерінің және госпитальдардан сауығып қайт-қандардың есебінен толықтырылды. Алда Курск шайқасы тұрды. Бұл 1943 жылдың шілдесінде болды.
Курск шайқасының аяғына дейін ауыр ұрыстар жүргізген құрамалардың бірі — 8-атқыштар дивизиясы. Ол Орталық майданға қарайтын 13-армияның құрамында Курск шайқасы басталған күннен жау шабуылының бел ортасында болды.
Курск шайқасы басталардан бірнеше күн бұрын' 8-диви-зияға командир болып гвардия полковнигі Порфирий Марты-нович Гудзь келді. Ол 1943 ж. 16 кдзанда Кеңес Одағының Ба-тыры атанды. Бұл дивизияның оған дейінгі командирі геке-рал-майор И.И.Иванов 3 маусымда басқа бөлімге ауысқан еді. Жаңа командир келгенде дивизияның бөлімдері ұлы шайқас-тың қарсаңындағы барлық инженерлік жүйемен өзірленген өздерінің қорғаныс шебінде тұрды. Полковник Гудзь өзінің естелігінде былай деп көрсетеді: "8-дивизияға мен 1943 ж. 25 маусымында таң ата келдім... Дивизияның аддында қорғаныс-та немістердің 78-Вюртемберг-Бадендік жаяу әскер дивизия-сы тұрды, оның командирі генерал-лейтенант Фолькерс бол-ды. Бізге күшті жаумен шайқасуға тура кедді"1.
Бұл гитлерлік дивизия 1941 ж. 7 қарашада Мәскеуде Қызыл аланда еткізілмекші болған әскери шеруге қатыспақ екен, бірақ Мөскеу түбіндегі шайқастың барысында оның өзінің талқаны шықты. Мәскеуде шеру жасамақ болған "са-баздар" кеңес әскерлерінің берген соққысының нәтижесінде, Мөскеудің қар жамылған даласында қырғынға ұшырады. Ал бұл Курск маңына келіп, 8-дивизиямен бетпе-бет шабуылға шыққалы тұрған фашистердің 78-жаяу әскер дивизиясының қайта жасақталып келген беті екен. Курск шайкасы 5 шілде куні басталды. Қаптаған неміс танктері мен автоматшылары алға ұмтылды, оларды неміс авиа-циясы қолдап, біздің әскерлер бекінген шептерді көктен де, жерден де атқылады.
Осы жойқын шайқас кезінде, жау шабуылына касқая қарсы тұрған 8-дивизияның ер жүрек жауынгерлері өз қорғаныс шептерінен бір адым да кейін шегінген жоқ. Жаудың броньды күшіне ойсырата соққы беріп, оларды алға жылжытпай қойды. Дивизия жауынгерлерінің ерлігіне сүйсінген дивизия командирі П.Гудзь: "1941 ж. желтоқсанында 8-дивизияны жасақтаған Қазак КСР-і неміс-фашистерінің тісі батпайтын мықгы жаңғақ дайындаған... Курск доғасында Қызыл Армияның басқа да құрамаларымен бірге 8-дивизия, оның адамдары жауынгерлік міңцетгі абыроймен орындады және өз позицияларынан тапжыл-ған жоқ. 8-дивизияның 400-ден астам жауынгері мен офицері укімет нафадасына ұсыныдды"1, - деп еске алады.
Қарсы шабуылға шыққан қазақстандық құрама жауынгерлері жаудың Орел тобына аяусыз соққы берді. Ол Неручь өзені жағалауындағы қорғаныс шебінен Кромы қала-сына дейін жүріп өтті, осы қаланы, сондай-ақ Глазуновка станциясын және басқа да 70 елді мекенді фашистерден боса-тып, 2400-ден астам гитлершінің көзін жойды.
Қыркүйектің соңғы күндерінде кеңес өскерлері шайқаса отырып, Днепрге таяп келді. Орталық Воронеж және Оңтүстік-Батыс майдандарының әскерлері өзенді бір мезгілде төрт жерінен: Гомельдің онтүстігінен Киевтің, Кременчугтің жөне Днепропетровскінің маңынан өтті. Днепр үшін болған шайқасқа мыңдаған қазақстандықтар қатысты. Днепрді бірінші болып өткен құрамалардың арасында 8-атқыштар ди-визиясы да болды.
Курск шайқасы кезінде қорғаныс ұрыстарын жүргізген 8-атқыштар дивизиясының тәжірибесіне "Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Армиясы тактикасының дамуы" атты еңбекте де ерекше мән берілді. Бұл еңбекті М.В.Фрунзе атындағы әскери академияның авторлар ұжымы жоғары өске-ри оқу орындарының тыңдаушылары үшін оқу құралы ретінде дайындаған болатын2. Жау Десна, Днепр және При-пять өзендері бойында қорғаныс шептерін құрып, осы су тос-кауылдары арқылы Қызыл Армияның батысқа қарай жыл-жуын бөгемек ниетте еді. Бірақ кеңес құрамаларының тегеурінді шабуылына ешнәрсе кедергі бола алған жоқ.
Дивизия бөлімдері 1943 ж. қыркүйектің 22-сінен 23-іне қараған түні Днепрден өте бастады. Олар бір тәуліктің ішінде өзеннен өтіп болып, белгіленген бағытпен ұрыс жүргізе берді.
Днепр өзенінен өту ұрыстары кезінде көптеген қазақстан-дық жауынгерлер ерлік көрсетті. Олардың есімдері Кеңес Ода-ғының Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жа-зылды. Олардың арасында 8-атқыштар дивизиясының батальон командирі, капитан Н.Н.Силин, рота командирі, аға лейтенант Әбу Досмұхамбетов, т.б. бар еді.
Дивизия 1943 ж. күзіндең жағалаудағы Украинаны азат етуге байланысты 1-Украина майданы жүргізген шабуылдарға да қатысты. Оның жауынгерлері кейін Чехословакияны да азат етісті. 1944 ж. наурызда Каменец-Подольск облысының Ямполь қаласын азат етудегі көрсеткен ерлігі үшін дивизия "ямпольдық дивизия" деген құрметті атақ алды. Чехословакия-ның көптеген калаларын азат ету жолындағы ұрыстарға қатысқаны үшін дивизияның туына Қызыл Ту және II дөрежелі Суворов ордендері тағылды. Дивизия жауынгер-лерінің арасынан 46-сы Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды1.
4) 102-аткыштар дивизиясы
102-дивизия 1941 ж. аяғы — 1942 ж. басында Шымкентте құрылып, 5 мамырда Ворошилов облысының Славяносербск қаласы ауданына жөнелтілді.
Дивизияны генерал-майор П.Е.Ловягин басқарды, ал ко-миссары А.Т.Мусатов болды. Оның 410, 467, 519-атқыштар және 346-артиллерия полктері, 240-артиллерия және 162-ми-номет дивизиондары, 196-саперлік, 211-байланыс, 163-сани-тарлық батальондары және басқа бөлімшблері толығымен жабдықталды. Құрама жауынгерлерінің 8,5 проценті партия мүшесі немесе партия мүшелігіне кандидат, 13,3 проценті комсомол мүшесі және әрбір алтыншы адам бұған дейін со-ғысқа қатысқандар еді2.
1942 ж. шілдеде дивизия полковник Н.Г.Сыроваткиннің және комиссар М.С.Шевляковтың басқаруымен майданға ат-танды.
102-атқыштар дивизиясы 37-армия құрамында Оңтүстік майданында, негізінен Лисичанск, Пролетарск маңында ұрыс-қа 7 шілдеде кіріп, төрт тәулік ішінде 11 шабуылға тойтарыс берді. Бірақ уақыт өте келе, дивизия армияның өзге құрамала-рымен бірге ауыр ұрыстармен шығысқа шегіне отырып, 1942 ж. 14 тамызда таратылды. Осы дивизияның қатарындағы жерлестеріміз — капитан П.Рамазин, рота саяси жетекшісі М.Беличенко, жауынгерлер Алтынов, Жигалин, Ярославцев, Яцуна лажсыз шегініс кезінде ерліктің үлгісін көрсетті1.
5) 81-атты өскер дивизиясы
81-атты өскер дивизиясы 1942 ж. жазында Жамбыл қала-сында құрылып, қазанда Сталинград майданының 28-армиясы құрамына жіберілді. Сталинградта қарсы шабуыл басталған-ша Волганың 80—100 километр жағасында, Астраханьның солтүстігінде бұл дивизия қорғаныс шебін құрды. Қараша ша-буылында генерал Т.Т.Шапкиннің 4-атты әскер корпусының құрамында болды2.
1942 ж. 21 қараша күні таңертең дивизия Сталинград — Ростов темір жолын кесіп, екпінді топты оңтүстіктен қорғау міндетімен Цаца келі мен Симкин хуторы учаскесіне бұзып өтті. Атты әскерлер мен олардың көршілері өздеріне жүктел-ген міндетті орындап, бұл ұрыстарда қаһармандық көрсетті.
Абганеровоны, Ақсайды, Громославканы және басқа да бірнеше едді мекендерді босата отырып, дивизия Котельнико-во қаласы үшін тоғыз күнге созылған ұрысты бастады.
1942 ж. 27 қарашадан 14 желтоқсанға дейін дивизия жауынгерлері 60 танкіні, 40 автомашинаны, басқа да көптеген техниканы жойды, жүздеген басқыншыларды жер жастан-дырды. Майдан қолбасшысының бұрынғы орынбасары гене-рал М.М.Поповтың атап айтқанындай, басты қорытынды "қараша айының аяғында-ақ осында (Котельниково түбінде) Паулюс армиясымен қосылу мақсатын көздейтін Готтик неміс өскерлерінің қанша күші бар екендігін байқап, анықтау болды"3.
Котельниково бағытындағы ұрыстарда 4-атты әскерлер корпусының басқа бөлімдерінде қызмет атқарған қазақстан-дықтар да көзге түсті. Солардың бірі Шымкент облысының Шаян ауданындағы "Көктөбе" колхозының бұрынсы бригадирі, минометші Қ.Сыпатаев "Красный герой" колхозы-ның түбінде 23 қарашада болған ұрыста саптан шыққан көздеушінін орнына тұрып, жаудың бір взводтай жаяу әскерін жойды. Екі күн өткен соң Шорнутов хуторының іргесінде Қ.Сыпатаев өзінің соңғы ерлігін жасады. Минометшілер қолдаған бөлім бекініп үлгергенше жау қарсы шабуыл жасап, кеп ұзамай қоршап алды. Миномет тобынан жалғыз Қ.Сыпатаев қана тірі қалған болатын. Бірнеше рет үсті-үстіне мина жаудырып, ол неміс жаяу әскерін танкілерден бөліп тастап, олардың қатарына ажал оғын сёпті. Батареяның атыс позициясын орағытып өткен танкілердің бірі ер жүрек жауынгерге тақап келіп қалды. Тізбектен келесі бір минаны көтеріп алған жауынгер танкінің астына қүлады. 1943 ж. 17 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы қазақ халқының ер жүрек Ұлына Кеңес Одағының Батыры атағын берді1.
1943 жылы майданда атты әскер саныньщ азаюына байланы-сты, 4-атты әскер корпусы таратылды. Бұл корпустың қалған жауынгерлері 7-гвардиялық атты әскер корпусын толыкгыруға берілді2, олардың қатарында қазақстандық 81-атгы өскер диви-зиясының калған бөлімдері де болды.
Бұл 7-гвардиялық атты әскер корпусының жауынгерлік жолы даңкты болды. Құраманың жауынгерлік жорық жолы Сталинградтан басталып, Украинаның, Белоруссияның аудандарында, Люблин - Брест - Варшава — Познань, шығыс Померан және Берлин операцияларына қатысуымен аяқтал-ды. Корпус жауынгерлерінің Берлинді алудағы ерлігі мен ба-тылдығы үшін 1945 ж. сәуірде "бранденбургтік корпус" деген құрметті атақ берілді. Корпус шайқастарда кеңес гвардиясы-ның даңқын асырып, соғыс жылдары Ленин, Қызыл Ту және II дәрежелі Суворов ордендерімен наградталды. 143 жауынгері Кеңес Одағынын Батыры атағын алды3.
6) 152-атқыштар бригадасы
Қазақстан жерінде қүрылған атқыштар бригадаларының бірі Оралда құрылған 152-атқыштар бригадасы (командирі — полковник Рогаткин, комиссары - С.Мартынов). Бұл бригада 1941 ж. соңы мен 1942 ж. басында құрылып, Сталинград май-данындағы 28-армия қатарында соғысты. Қүрама 1942 ж. та-мыздың ортасында Астраханьның солтүстік-батысында 90 ки-лометр жерде, Волга мен Каспийдің төменгі ағысы бойында шабуылға шыккан жау әскерімен бетпе-бет кездесіп, алғаш рет шайқасқа түсті, әрбір қүдық үшін кескілескен ұрыстар жүрді. Бригада мен оның көршілеріне Қалмақ АКСР-інің барлық оңтүстік-шығыс бөлігін ұстап ,тұрудың және жаудың Астра-ханьды басып алу жоспарын іске асырмай тастаудың сәті түсті. Жергілікті тұрғындар қазақстандық бригадаға Астрахань қала-лық комитеті мен Қалмақ обдыстық партия комитетінің ескерткіш туын тапсырды. 20 қарашада, яғни шабуылдың алға-шқы күні-ақ 152-атқыштар бригадасы 6-танк бригадасымен біріге отырып, Хулхута поселкесінің солтүстіқ-батысындағы жау қорғанысын бұзып, штурммен Сянцик елді мекенін алды. Жауды қуа отырып, армия бөлімдері 1943 ж. қарсаңында Қал-мақ АКСР-інің астанасы Элиста қаласын жаудаһ босатты1, қаңтардың ортасына қарай Маньч өзеніне шықты, ал 22 қаңтарда басқыншыларды Сальскіден қуды. 8 ақпанға қараған түні 152-бригаданың жауынгерлері мен офицерлері алғашқы-лардың бірі болып Дондағы Ростовқа қарай шабуылға шыкты. Осы ұрыстарда Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында көрсетілген ерекше көзге түскен бөлімдер мен құрамалардың ішінде 152-бригада да аталады.
Қазақстандық 152-атқыштар бригадасымен болған ұрыс-тарда 2 мыңнан астам солдаты мен офицерінен және 18 танкісінен айрылған жау Астраханьға шабуыл жасау әрекетінен бас тартты.
1943 ж. мамырдың аяғында аз уақытқа орнаған тыныштық кезінде бригада резервке шығарылып, Ростов облысының Мясников ауданының Ленинаван селосына жеткенде бригада өзінің қатарын толықтырып, 118-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды2. 1943 ж. тамыз-қыркүйек айларында Солтүстік Таврия мен Мелитопольді азат етуге 118-атқыштар дивизиясы ат салысты. Құрама Миустағы неміс қорғанысын ауыр шайқастардан соң бұзып өтіп, олардың Сармат, сулы және құрғақ Еланшық өзендері бойындағы аралық шептерге бекінуіне мүмкіндік бермеді. Дивизия Мелитополь, Днепрден Молочная езені бойымен Азов теңізіне дейін өтетін шептердегі ұрыстарда ерекше көзге түсті. Он бес күннің ішінде дивизия фашистердің шабуылын тойтарып, Молочная өзеніндегі қаһармандық шайқасы үшін "Мелитополь дивизия-сы" құрметті атағын алды3. Ерлік көрсеткен жауынгерлер арасында қатардағы жауынгер А.Найманбаев, сержант Ж.Сәдуақа-сов, тағы басқалар болды.
4-Украина майданының Никополь — Кривой Рог операция-сына 5-Екпівді армияның құрамында — 118-Мелитополь атқыш-тар дивизиясы да қатысты. 1944 ж. 7 ақпанда дивизия гитлершілердің қорғанысын бұзып өтіп, басқа дивизиялармен бірге жаудың Днепрдің оң жағалауындағы Никополь плаццар-мын жойды, сөйтіп, 10 ақпанда Днепрден өте бастады...
Наурыз айында 118-дивизия 57-армияның қарауына берілді, сөйтіп, енді оның құрамында шайқасқан дивизия 12 сәуір күні таңертең Тираспольдің солтүстік. жағын алды, ал бір күн өткен соң Варница станциясының іргесінен Днестр-ден өтті.
1944 ж. шілдеде 118-дивизия Висланын батыс жағалауын-дағы Львов - Сандомир плаццармын ұстап қалу және кенейту үшін болған шайқастарға қатысты.
1944 ж. 18 шілдеде 1-Белорус майданының әскерлері жау-дың қорғаныс шебін бұзды, ал 20 шілдеде Батыс Бугті азат етіп, Полыпа территориясына шықты.
118-атқыштар дивизиясы екпінді ұрыс қимылдарын Олоу (Олова) қаласы түбінде, Бреслаудан (Вроцлав) оңтүстік-шы-ғысқа таман бастады. Оның полктері 1945 ж. 31 қаңтардан бастап Одер өзенінің батыс жағалауындағы шепке шығу жөне оны кеңейту үшін табандылықпен ұрыс жүргізді. 398-атқыш-. тар полкі осы ұрыстарда "Одер полкі" құрметті атағына ие болды. 463-Вислан атқыштар полкі Қызыл Жұлдыз орденімен, ал 527-атқыштар полкі II дәрежелі Богдан Хмель-ницкий орденімен наградталды1.
Соғыстың соңғы күндерінде 118-атқыштар дивизиясы 34-гвардиялык атқыштар корпусының құрамында Прага опера-циясына қатысты. Берлин және Прага операциясы кезінде ауыр шайқас үстінде Нейседен Эльбаға және Богемак тауы-ның орта етегіне дейінгі шайқастарда жаудың 7 мың солдаты мен офицерін жойып, мыңнан астам фашисті тұтқынға алды. Дивизияның 1200 жауынгері ерлігі мен батырлығы үшін ор-дендермен және медальдармен наградталды. Жеңіс күнін ди-визия Чехословакия астанасының солтүстігіндегі Будине Ко-стелец ауданында қарсы алды.
Жоғарыда аталған құрамалармен қоса, республикадан тыс жерлерде жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамына да қазақстандықтар кіріп отырды. Мысалы, 1942 ж. басында Чкалов облысында құрылған 196-атқыштар дивизия сының құрамында алғашқы армияға шақырылғандардың 80 проценті қазақтар, ал кдлғандары орыстар мен басқа ұлт өкілдері болды. 1942 ж. наурызда Чкалов облысында құрылған 195-атқыштар дивизиясы құрамының жартысынан көбі, яғни 4129-ы қазақгардан тұрды' •
196-атқыштар дивизиясы Сталинградты ерлікпен қорғауға қатынасты, 3 айға созылған қанды шайқастарда дивизияның жеке құрамасы жаудың 7 жаяу әскер батальонын, 87 танк, 5 ұшақ жөне т.б. техникасын талқандады. Сталинградты қорғау-дағы ерлігі үшін 196-дивизия Қызыл Ту орденімен наградталды. Олар ұлттық болып құрылмаса да, іс жүзінде қазақстандық адам ресурстарымен толықтырыдцы.