Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Заңымен 700-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу

1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.

2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.

5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне өздерi жөнiнде шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбiрленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхаты алып берiледi. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.

5-1. 2009.10.07 № 174-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 701-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

701-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейінге қалдыру және созу

Әкімшілік қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндіріп алуды қоспағанда) түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгіленген мерзімде мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бір айға дейінгі мерзімге кейін қалдыра алады. Әкімшілік жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеуді үш айға дейінгі мерзімге созуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 702-бап өзгертілді

702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату

Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):

1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;

2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған;

3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;

4) осы Кодекстің 703-бабында белгіленген салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.

5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 703-бап өзгертілді

703-бап. Салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіруі

1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.

2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.

4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 704-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

704-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнінде іс жүргізудің аяқталуы

1. Жаза толық жүргізілген қаулыны орындаған орган әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.

2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

 

705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау

1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.

2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.

3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.

4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.

6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.

 

44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі

 

706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы

Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 707-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 707-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау

1. Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы заңды күшіне енген, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған не осы Кодекстің 701-бабында көзделген кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап әкімшілік жазаны қолданған орган әкімшілік жауапқа тартылған адамды айыппұл сомасын ерікті түрде төлеу туралы тиісінше хабардар етеді. Әкімшілік жауапқа тартылған адам өзі хабардар етілген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей айыппұлды төлеуге тиіс.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.

 

2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 708-бап өзгертілді

708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Айыппұлды өндiрiп алу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.

4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 709- бап өзгертілді

709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сот, уәкілетті орган айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.

Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметінің органдары орындайды.

3. Банк немесе өзге де кредит мекемесi айыппұл сомасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.

4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот, уәкілетті орган заңнамаға сәйкес өндіріп алуды заңды тұлғаның мүлкіне айналдыру үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы қаулыны мемлекеттік сот орындаушысына жібереді.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 709-1-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі

1. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу кезінде оған адамның айыппұлды ерікті түрде төлеуі туралы тиісінше хабардар етілген фактіні растайтын құжаттың көшірмесі және айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы салық органының анықтамасы міндетті түрде қоса беріледі.

2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.

3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару олардың кемшіліктерін жоя отырып, қайтадан мәжбүрлеп орындатуға жіберу үшін кедергі болмайды.

 

710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау

1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi. Түбiртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбiртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбiршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы

Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР