Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
357-2 (екінші бөлігі), 346-352-баптар);

банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (155-1 (төртінші бөлігі), 356-баптар);

монополияға қарсы органның (147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;

медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау ор­гандарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);

2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттік сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi ( 158, 168-3 (бірінші - төртінші бөліктері) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиаттары жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 179, 179-1, 183, 188 (екінші бөлігі) 357-1, 357-5-баптар).

4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).

2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:

көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);

түзеу мекемелерiндегi немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);

орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);

жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.

 

09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 637-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы

1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 158-5, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1 513, 516-1,521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.

3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.

 

ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара ); 2007.09.01. № 213-III ; 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 638-бап өзгертілді

638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, монополистік қызметті жүзеге асыру кезінде - тергеу немесе тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы , сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.

3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.

3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.

 

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 639-бап өзгертілді

639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар

1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, және осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беруді соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.

1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автомат­ты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралда­рымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді,

бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.

2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметте­меушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.

3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданы­латын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 640-бап өзгертілді

640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.

2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.

3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.

641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту

Осы Кодекстiң