Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
№ 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 634 -бап өзгертілді

634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары­ның көрсеткіштері себеп болып табылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.

2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қа­дағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижесі кәсіпкерлік қызмет саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.

 

 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 635-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 635-бап өзгертілді

635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi , сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.

4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.

4-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жазады.

5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.

 

12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара);2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 311- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07