Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
№ 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 272-бап өзгертілді

272-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша

тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу

Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 273-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына

минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден бас

тарту немесе жалтару

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 274-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты

қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын

нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi

Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 275-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 275-бап өзгертілді

275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу

ережелерін бұзу

1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 275-1-баппен толықтырылды

275-1-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу

Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен мемлекеттiк жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және мо­лық­тырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, –

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 276-бап өзгертілді

276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу

1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, және Қазақстан Республикасының су заңнамасында тыйым салынған қызмет түрлерін су қорғау аймақтары мен су белдеулері шекаралары шегінде жүзеге асыру -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 277-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен

жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды

пайдалану ережелерiн бұзу

1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 278-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

278-бап. Су айдындарының жай-күйіне әсер ететін заңсыз

құрылыс

1. Өзендердің және басқа да су айдындарының жай-күйіне әсер ететін ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді заңсыз салу, -

ескерту жасауға немесе заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн

бұзу

Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 280-бап өзгертілді

280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн бұрмалау

Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 281-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау

Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 281-1-баппен толықтырылды

281-1-бап. Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу

1. Ортақ су пайдалану ережелерін:

тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу;

жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдала­нудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет бекеттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуі түрінде бұзу, –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдар­ға, дара кәсіпкерлерге – оннан он беске дейінгі мөл­шерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­тілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъекті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден ал­пыс­қа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 281-2-баппен толықтырылды

281-2-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу

1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 282-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану

Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 283-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 283-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау

1. Ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -

ескерту жасауға немесе заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3.