Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
№ 123-III ҚР Заңымен 251-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 251-бап өзгертілді

251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз

пайдалану немесе пайдаланбау

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 252-бап өзгертілді

252-бап. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын

орындамау

1. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, (әрекет­сіздік) -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 253-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 253-бап өзгертілді

253-бап. Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау

Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 254-бап өзгертілді

254-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау

Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау,-

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 255-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз

жүргiзу

Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 256-бап өзгертілді

256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi қараудың белгiленген

мерзiмдерiн бұзу

Жеке және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 257-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы

ақпаратты жасыру

Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -

жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 258-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

258-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау

мәлiметтерiн бұрмалау

Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 259-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

259-бап. Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу

жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу

Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу

Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 261-бап өзгертілді

261-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу,

сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу";

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 262-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi

ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде ережелердi бұзу

Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 263-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi

ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер

қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу

Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 264-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

264-бап. Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық

шешiмдердi сақтамау

Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi пайдалы қазбаларды және компоненттердi алудың толықтығы мен пайдаланудың кешендiлiгi, өндiрiс қалдықтарын бөлек жинау және сақтау бөлiгiнде сақтамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 265-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

265-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу

кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу

Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

266-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 267-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

267-бап. Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының

бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу

Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу, -

Лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 268-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

268-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу

жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау

Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

269-бап. Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi

мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу

Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 270-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

270-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және

залалсыздандыру ережелерiн бұзу

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 271-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

271-бап. Кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын олардың сақталуын және

халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге

келтiру ережелерiн бұзу

Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе уақытша тоқтатылған кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру жөнiндегi ережелердi, сондай-ақ уақытша тоқтатылған кезде кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын сақтау жөнiндегi ережелердi бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01.