Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
№ 506-II Заңымен 163-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

163-1-бап. Темекі бұйымының маркасын пайдалану

1. Темекі бұйымдарының өздерін немесе темекі бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзінде темекі бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 163-2- баппен толықтырылды

163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу

1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерін­де, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан он бес­ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын не­ме­се орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-3-баппен толықтырылды

163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу

1. Осы Кодекстің 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу, –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіп­кер­лерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­ті­ле­рі болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкер­лік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс ай­лық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге – отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, дара кәсіп­керлерге – бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге – сегіз, ша­ғын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табы­ла­тын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъек­ті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-4-баппен толықтырылды; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 163-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу

1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –

жеке тұлғаларға – бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):

жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,

демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу –

жеке тұлғаларға – бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 164 бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  164-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

1. Осы Кодекстің 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу

Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 167-бап жаңа редакцияда; 2009.29.12. № 233-IV ҚР Заңымен  167-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, —

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін уақтылы жібермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімін, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгерту, — лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сауал салуды жіберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өті-німді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты іс-әрекеттер, – лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушіні және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай емес деп негізсіз тану, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді конкурстық құжат­тамаға енгізбеу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,-лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-2. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің салыстырмалы мәнін баға ұсыныстарына қолданбау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама­сының талаптарын бұзу,-

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негізінде конкурстық комиссияның заңсыз шешім қабылдауы, — жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы уақтылы хабарламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді бермеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергені туралы көрінеу жалған ақпарат беру, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Осы баптың бірінші, төртінші, 6-1 және 6-2-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың екінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, — жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Осы бапта лауазымды адамдар деп:

бірінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;

екінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

үшінші бөлікте — тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды;

төртінші және бесінші бөліктерде — конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;

алтыншы бөлікте – конкурстық комиссияның мүшелерін;

6-1-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты­рушының бірінші басшыларын;

6-2-бөлікте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;

сегізінші және тоғызыншы бөліктерде — тапсырыс берушінің немесе сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.

 

ҚР 06.07.04 ж. № 572-II