Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
Заңымен 147-8-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

147-8-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы

Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы – дара кәсіпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-9-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

147-9-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы

Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы – тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 147-10-баппен толықтырылды

147-10-бап. Қазақстан Республикасы­ның биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу

1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квоталар нормаларын асырып жіберуі – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – асырып жіберілген квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биотынды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу әрекеті алты айға дейінгі мерзімге тоқтататыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Биоотынды өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъекті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Құрамы техникалық регламенттермен бел­гіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъек­ті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіру зауытына немесе биоо­тын­ның басқа түріне қайта өңдеу үшін мұнай өң­деу зауытына жеткізу жағдайларын қос­па­ғанда, айналымға шығару – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табы­ла­тын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіп­керлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көр­сет­кіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Белгілі бір биоотын өндіру зауытында екі және одан да көп биоотын өндіруші­лердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіріс паспортынсыз, биоотын өндірісінің көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында өндіруі – осы кезеңде өндірілген өнім тәркі­лене отырып, шағын немесе орта кәсіп­кер­лік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ға­ларға жеті жүз отыз айлық есептік көрсет­кіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Биоотын өндірушілердің генетикалық жағынан түрлендірілген көз (объекті) болып табылатын немесе генетикалық жағынан түрлендірілген көздерді (объектілерді) қам­титын тамақ шикізатын олардың қауіп­сіз­дігін ғылыми тұрғыдан негізделген растау­сыз және мемлекеттік тіркеуден өткізусіз қабылдауы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлға­ларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей сатуы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорт­тау­ын қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлға­лар­ға биоотынды сатуы – биоотынның сатыл­ған партиясына тең көлемін тәркілей оты­рып, шағын немесе орта кәсіпкерлік су­бъек­тілері болып табылатын заңды тұлға­ларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорт­тау­ды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі – биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы – биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөлікте­рін­де көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – биоотынның тиісті көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 151- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы

Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды

151-1-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қаты­су­шы­лары мен ұйымдастырушыларын сатып алу

1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтыру­шы­лар­ды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жа­рыс­тарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдас­тыру­шыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурс­тарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүше­лерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында сатып алу –

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

3. Спортшылардың өздеріне жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдас­тырушыларының немесе жюри мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

153-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу

1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;

5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;

6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объекті­лерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын­да көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;

8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзім­дерінен асып кету;

9) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Заңы 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;

10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;

11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;

12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау, –

лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 154- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

154-бап. Жалған кәсіпкерлік

1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, –

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,–

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүлік­тік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.

 

2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды

154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіп­керлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмі­лелер) жасасуы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсат­тарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, –

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01.