«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Вид материалаДокументы

Содержание


Қорытынды жасау және женімпаздарды марапаттау
Қалалық турнирін өткізу
Раунд барысы.
Баяндамашы міндетті
Сұрақ түрінде оппонент
5. Қазылардың пікір-таласқа қатысуы.
6. Баяндамашылар мен топ.
7. Рольдердің алмастырылуы. ыңғайсыз шақырту. шақыртудың тәртібі.
Рольдердің қайта ауыстырылуы ешқандай жағдайда болмайды!
Шақырудан бас тарту. шайқастың аяқталуы.
Бірінші шақыру. капитандар сайысы.
Ұпайды есептеу
11. Топ басшысы
12. Қазылар алқасы
14. Турнирдің жеңімпазын анықтау
15. ТОПТАҒЫ МҮШЕЛЕР САНЫ – 6 адам.
«менің отаным қазақстан» балалар суреттерінің
2. Байқаудың мақсаты мен тапсырмалары
3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу.
4. Байқау қазылары және оқушылар жұмыстарын бағалау.
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36


Тақырыптар мен тапсырмалар барлық оқу жылына алдын ала дайындалынады. Ойын айына бір рет өткізіледі, 15 сұрақ ойналады (5 түрлі тапсырмаға 3 тақырып). Іріктеу ойынында барлық топтар жас ерекшіліктері мен білім деңгейлеріне қарамастан бірдей шартта қатысады. Содан кейін топтар сұрақтардың күрделілігі мен әр түрлі санына қарай лига бойынша құрылады.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕНІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

«Эрудит» ойының женімпаздарын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады. Ең жоғары балл жинаған ойыншы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады.


9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ ШАЙҚАС»

ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРІН ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

Математикалық шайқас – ол математикалық есептерін шығаратын екі топтың жарысы. Ең алдымен топтар есеп ережелерін алады және белгілі уақыт ішінде белгілейді. Есептерді шығарған кезде кез-келген әдебиетті қолдануға болады, бірақ есептерді шығару барысында қазылар алқасынан басқа ешкіммен ақылдасуға болмайды. Осы уақыт ішінде шайқас басталып кетеді де топтар бір-біріне есептің шығару жолын айтады. Бір топ өз шешімін айтып тұрған кезде, екінші топ жіберген қателіктерін тауып, өз жауабтарын ұсынады. Оппонент пен баяндамашы баяндамаларын қазылар алқасы ұпай санымен бағалайды (шығарған есебі мен қарсы шыққанына). Егер екі топтың екеуі де, ақылдасқаннан соң да есепті шығара алмай немесе қателерін таба алмайтын болса, ұпай санының бір бөлігі (немесе барлық ұпайды) қазылар алқасына кетеді. Егер шайқастың аяғына дейін екі топтың алған ұпай саны 3 ұпайдан артық не кем болса, шайқастың аяғы тең ұтылған болып саналады. Керісінше ұпай санын көбірек жинаған топ жеңіске жетеді. Егер ойын ережеге сай тең ұтысқа келмесе, қазылар алқасы топтарға жеңген топты шығару әрекетін атап өтеді. Топ капитандары қазылар алқасынан ойын барысында 5-10 минуттық үзіліс сұрауларына болады. Үзіліс тек екі есептің шешуін талқылаған кезде ғана бола алады (раунд арасында). Шайқасқа шақырған топ жазба түрінде алдында жасайды да қазылар алқасына тапсырады, қазылар алқасы шақыруды бірден үзілістен кейін айтады.
    1. ШАҚЫРУЛАР.

Шайқас бірнеше раундтан тұрады. Әр раундтың басында топтың біреуі екінші топты шығарылмаған бір есепке шақырады. (мысалы, «Біз қарсылас топты № 8 есебін шығаруына шақырамыз». Одан кейін шақырылған топ шақыруды қабылдайтынын, не қабылдамайтынын айтады, демек есептің шешімін айтуға (жауабын 1 минуттан астам ойлауға болмайды) келісетін болса, өзінің баяндамашысын тағайындайды, ол есеп жауабын айтып береді, ал қарсылас топтар өз оппонентін қояды, оның міндеті – жауаптан қатені табу. Егер дайын болмаса баяндамашыны шақырған топ ұсынады, ал бас тартқан топ оппонентті. Тақтаға шығуын сақтап қалғысы келген топ оппонентті ұсынудан бас тарта алады. Онда бұл раундқа қатыспайды (және өз шешімінен бас тарта алмайды).
    1. РАУНД БАРЫСЫ.

Баяндама. Раунд басында баяндамашы өз жауабын айтады. Баяндаманың мазмұнында есепте берілген барлық тапсырмаларды орындап, оларды дәлелдеу ережелері толық болуы тиіс. Жеке айтқанда, баяндамашы өзінің орындаған тапсырмаларын дәлелдеу керек, немесе жалпы түсінікті ереже ретінде сүйену керек. Баяндамашының жұмысы ашық түрде болуы тиіс, оппонент пен қазылар алқасының сұранысы бойынша жауабтың кез-келген жерін қайталайды. Баяндамаға 15 минут беріледі, одан кейін қазылар алқасы әрі қарай жалғасуы мен тоқтатылуы туралы шешеді.


Баяндамашы өзімен бірге жазғанын алып шығуға құқығы бар, бірақ қазылар алқасына жауапты қағаздан оқып жатқанын көрсе, оған қарауға тиым сала алады.

Баяндамадағы есептер калькулятор арқылы есептелген болса, ол дұрыс жауап қатарына жатқызылмайды.


Баяндамашы құқылы:
  • сөзінің алдында тақтаға дайындаған ақпаратын іліп қоюға;
  • пікір-талас алдында оппонентпен қойылған сауалға жауап бермеуге;
  • оппоненттен қойған сауалын қайталауын сұрауға /жеке айтқанда баяндамашы өз жауабын ұсынады: «Мен сізді дұрыс түсінсем, Сіздің айтқыңыз келгені...»/
  • жауап беруден бас тартуға: а/ бұл сұраққа жауап жоқ; б/ ол бұл сұраққа жауап берген /қашан, қалай екенін түсіндіріп/ в/ ыңғайсыз сұрақ немесе ғылыми тұрғыдан шығып отыр. Оппонент б/ мен в/ сұрақтарымен келіспесе, арбитр болып қазылар алқасы болады.


Баяндамашы міндетті:
  • шешімін тапқан амалдарын ашуға немесе жауабын табу басқа амалдарын қолдануын атап шығуға;
  • шешімін табу әдісін басқа әдістерімен салыстыра отырып, жауап берудің қысқа және дәлдігін, әсемдігін бақылап отыруға;


Баяндамашы өзінің жауабын сыпайы, ыңғайлы жауап беруі тиіс, оппонентін сынап, оның жеке қасиеттерін қозғамауға, оппонентке тек қана «Сіз» деп отыруы қажет.
    1. ҚАРСЫЛАСТАНУ.

Баяндама аяқталмай тұрып, баяндамашының рұқсатымен ғана сұрақ қоюға болады, бірақ шешімнің бір бөлігін қайталауын сұрайды және оппонентке түсінікті жерін тоқталмай-ақ қоюына болады. Баяндама аяқталғаннан кейін оппонент өз сауалдарын коя алады. Егер бір минут ішінде оппонент сұрағын қоймаса, сұрақ «жоқ» деп есептелінеді. Егер баяндамашы бір минут ішінде жауап бермесе, жауабы «жоқ» деп есептелінеді.


Сұрақ түрінде оппонент:

1. баяндамашыдан баяндаманың кез келген жерін қайталап беруін сұрауға;

2. баяндамашының айтқан сөзін дәлелдірек айтуын сұрауға а/ кез келген терминге анықтама беруге; б/ шешімінің жауабын өз сөзімен айтуын сұрауға /«Мен сізді дұрыс түсінсем, Сіздің айтқыңыз келгені...»/
    1. баяндамашыдан ешкім көрмеген, бұрын білмеген тәсілмен өзінің тұжырымдамасын дәлелдеу; (атлас болған жағдайда жариялау мен анықтауды қазылар өздері шешеді; кез-келген жағдайда дәлелді болып жалпы білім беру мектептерінде оқытылатын мәліметтер саналады);
    2. жауапты алғаннан кейін қанағаттанғаның немесе дәлелімен қанағатсызданбағаның айту

Егер оппонент, бяндамашы есептің шешімін тақтаның жанында шешіп, уақытты созып тұрғанын түсініп қалса немесе баяндаманың негізгі бөлімі есептің шешімін толығымен ашпайтынын көрсе, ол баяндамашыдан есептің жауабын немесе келесі әрекетінің жоспарын сұрауға толық құқығы бар./бірақ баяндама басталғаннан кейін 10 минут өткеннен кейін/.

Оппонент міндетті:
  1. сұрақтарын тек сыпайы түрде, ыңғайлы мәнерімен қойып, тек «Сіз» деп атауы тиіс;
  2. баяндаманы сынаған кезде баяндамашыны сынауға тиым салынады;
  • баяндамашы немесе қазылар алқасының сұрауымен сұрағын қайталауы тиіс.

Баяндаманың қорытындысы мен сұраққа жауаптары бойынша оппонент баяндамаға өз бағасын төмендегі түрлер арқылы бере алады: а/ есеп шешімін дұрыс деп санау; б/ есептің шешімінің негізгісі дұрыс, бірақ кемшіліктері бар және сол кемшіліктерді атап өту; в/ жауап дұрыс емес деп санап, баяндама бойынша негізгізінде немесе дәлелдемесі мен жоспарында жіберген қателерін атап шығу.

Егер оппонент бақылау есебін шығарып беріп, сол бақылау есебі есептің шешімі болатын болса, оппонент «Мен жаубымен келіспеймін, менде бақылау есебі бар» деп айта алады, бірақ есептің өзін баяндамашыға көрсетпейді /қазылар алқасы бақылау есебінің жауабын көру үшін жауапты сұрай алады/. Ондай жағдайда баяндамашы бір минут ішінде немесе топтың алған үзілістен кейін өзінің шешімін өзгертпесе, оппонент өзінің бақылау есебін ұсынады, ондайда не баяндамашы, не топ есептің шешімін, немесе жауабын өзгерте алмайды.


Осы сияқты, егер шешімі жағдайды қайта жасауы керек етсе оппонент «Мен шешіммен келіспеймін, барлық жағдайлары қарастырылмаған» деп арыздануына болады, бірақ қандай жағдай екендігін атамайды. Баяндамашының, қазылар алқасының келесі әрекеті бақылау есеппен істеген сияқты болады.


5. ҚАЗЫЛАРДЫҢ ПІКІР-ТАЛАСҚА ҚАТЫСУЫ.

Баяндамашы мен оппоненттің диалогі аяқталған соң қазылар алқасы өздерінің сауалдарын қояды. Қажетті жағдайда одан ертерек те араласа алады.

6. БАЯНДАМАШЫЛАР МЕН ТОП.

Баяндамашы мен оппонент капитандарынан орын аумастыру немесе кеңес алу үшін үзілісті сұрай алады. Топ пен басшы арасындағы қатынасына тек жарты минуттық үзілісте рұқсат беріледі, оны әр топ кез-келген жағдайда сұрай алады. /қарсылас та осы уақытты үнемдей алады/. Әр топ бір шайқас үстінде 6 жарты минуттық үзілісті ала алады. Қарсыластар алған жартыминуттық үзілісті топ толығымен алады, алған топ уақытына жеткізбей аяқтаса да.

7. РОЛЬДЕРДІҢ АЛМАСТЫРЫЛУЫ. ЫҢҒАЙСЫЗ ШАҚЫРТУ. ШАҚЫРТУДЫҢ ТӘРТІБІ.

Егер пікір-талас барысында оппонент баяндамашыда жауап жоқ екендігін дәлелдей алса және шақырудан бас тартса, екі жағдай қарастырылады. Егер бұл раундқа шақыруы қабылданса, оппоненттің өзінің есебін ұсынуына құқығы бар. Егер оппонент өзінің шешімін айтуды бастағаннан кейін рольдердің толық ауысуы болады: баяндамашы болған оппонент болады да, оппонент ретінде ұпай санын жинайды. Егер шақыртуы қабылданбаса, онда ол шақырту қолайсыз деп саналады. Ондай жағдайда рольдердің аумастырылуы болмайды, ал қолайсыз шақырған топ қарсыласын келесі раундта шақырады. Басқа жағдайдың барлығында келесі раундтқа болып жатқан раундтта шақырылған топ шақырады.

Қабылданған шақыру әркезде қолайлы болып саналады!

Егер оппонент баяндамашыда жауабы жоқ екендігін дәлелдей алмаса, бірақ жауабында кеткен кемшіліктерін тауып алса, және егер осы раундтқа шақырудан бас тартпаса, оппонент жіберілген барлық кемшіліктерін дұрыстауға /«тесіктерін жамауға»/ құқығы бар /бірақ міндетті емес/. Дәл осындай құқықты оппонент баяндамашыда жауап жоқ дегенді дәлелдеп, бірақ өз шешімін айтудан бас тартады. Егер оппонент «тесіктерін жамауға» кіріссе, онда рольдердің толықсыз ауыстыруы болады: оппонент алдын ала жасайтын әрекеті туралы таныстырып кетуі тиіс, ал бұрынғы баяндамашы оппонент болып дәледері арқылы ұпай санын жинанйды. Шақырудың қолайлылығын тексерген жағдайдарольдердің өзгеруі мүмкін емес.

Рольдердің қайта ауыстырылуы ешқандай жағдайда болмайды!

Тақтаға шығу саны. Топтың әр мүшесі бяндамашы және оппонент болып шайқас бойы екі рет қана шығуына болады. Топ шайқас бойы үш рет қана баяндамашыны немесе оппонентті шығаруға болады, әр шығуы орын ауыстырғанына және ауыстырған адамға сияқты ұпай саны есептелінеді. Сонымен қатар, уақытты ауыстыру кезінде, топқа үзіліске берілген уақыты 1 минутқа кемейді. /ол уақытты орын ауыстырудың алдында беріледі, қолданбауға да болады, соңғы жағдайда қарсылас топ ол уақытты ала алмайды/.
  1. ШАҚЫРУДАН БАС ТАРТУ. ШАЙҚАСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ.

Кез келген уақытта шақыратын топ одан бас тарта алады, егер ол шақырғысы келмесе /ондай жағдай топта шешімі табылған есеп болмаса, егер ол шқырғысы келмесе, ондай шақыру қолайсыз болып есептелінеді./ онда басқа топ есеп шешімдерін айтуға құқық алады. Шақырудан бас тартқан топ осындай жағдайда оппонент жағына шығып, ұпайларды жинайды, бірақ шешімнің жауабын айта алмайды. Пікірге салынбаған есептер қалмаса, бір топ шақырудан бас тартып, басқа топ қалған есептердің шешімін айтудан бас тартса шайқас аяқталады.
  1. БІРІНШІ ШАҚЫРУ. КАПИТАНДАР САЙЫСЫ.

Капитан байқауында жеңіске шыққан топ, шақыруды кім бірінші бастайтынын анықтайды. Ол ойын басында өткізіледі. Капитандарға есеп беріледі. Қазылар алқасына жауап беруге бірінші дайын болған капитан жауап бере алады. Егер оның берген жауабы дұрыс болса, ол жеңді, ал егер дұрыс болмаса – оның қарсыласы жеңді. Дұрыс жауапқа: дәлелімен берілген дұрыс жауап, немесе тағы басқаны жатқызады, оны қазылар алқасы байқау басында атап кетеді.

Есептің жауабын табуға капитандарға уақыт белгіленеді. Егер осы уақыттың ішінде бірде бір капитан жауап бермесе, қазылар алқасы есепту ауыстырады немесе жребий арқылы жеңімпазды анықтайды. Есептің орнына қазылар алқасы ойын ұсынады. Капитан байқауының басқа да түрлерін ұсынуға болады. Қазылар алқасы ойын амалын алдын ала ойластырып қояды да, оны шайқас алдында атап шығады.

Өздерінің ұсынысы бойынша капитан орнына топтың кез-келген топ мүшесі шыға алады.

  1. ҰПАЙДЫ ЕСЕПТЕУ.

Әр есеп 12 ұпай санымен саналады, раунд қорытындысы бойынша баяндамашы, оппонент, қазылар алқасы арасында таратылады. Егер баяндамашының жауабы толық, дәл және дұрыс болатын болса бар 12 ұпай саны соған беріледі. Егер шешімді айтқан кезде «тесіктері» көрінсе қазылар алқасы оның бағасын анықтайды. Осыдан кейін оппонент кемшіліктерін келтіргеннен кейін ұпай санының жартысы оған тиесілі. Егер талқылау кезінде кейбір тесіктері жамалған болса, алынған барлық ұпай саны баяндамашы мен оппонент арасында бөлінеді. Сонымен қатар оппоненттің тесіктерді жабуы ғана саналмай, сонымен бірге баяндамашыға баяндама соңында берген көмегі де саналады. Қалған ұпайды қазалар алқасы өздеріне алады.

Егер рольдердің толық өзгеруі болмаса оппонент 6 ұпайдан астам ұпай ала алмайды.

Егер баяндамашының өзімен табылған қателерді топ түзеу салмаса оппонент жағына ұпай саны сол қате өзі тапқандай болып саналады.


11. ТОП БАСШЫСЫ

Шайқас уақытында тек топ басшысы ғана топ атынан қазылар алқасына және қарсыластарға өтініш білдіре алады: шақыру немесе қабыл алмау туралы, үзіліс сұрау т.б. Ол өз тобы өкілінің баяндамасын немесе қарсы шығып сөйлеуін кез келген уақытта тоқтатуға құқығы бар. Егер топ басшысы тақта алдында болса, ол өз орнына сол уақытта топ басшысының міндетін атқаратын өзінің орынбасарын қалдырады.

Топ басшысының және орынбасарының аттары тапсырмаларды шешу басталғанға дейін хабарланады.

Тапсырмаларды шешу кезіндегі топ басшысының басты міндеті – топ мүшелерінің қызметін бар күштерімен анағұрлым көп тапсырма шешуге үйлестіру. Ол үшін топ басшысы топ мүшелерінің арасында тапсырмаларды шешу үшін бөліп береді, әр тапсырма біреумен шешілуін бақылайды, табылған шешімдердің тексерілуін ұйымдастырады. Топ басшысы сол немесе басқа да тапсырмалар бойынша кімнің баяндаушы немесе қарсы шығып сөйлеуші болатандаған еретерек анықтайды және топтың алдағы шайқастағы барлық әдістерін анықтайды.


12. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Қазылар алқасы ереженің жоғарғы түсіндірушісі болып табылады. Ережелермен қарастырылмаған жағдайлар болғанда, ол өз қарауы бойынша шешім қабылдайды. Қазылар алқасының шешімі топтар үшін міндетті болып табылады. Топтармен тапсырманы шешу кезінде топтардың біреулеріне берілген тапсырма шарттарының түрлі түсіндірулері аз уақыттың ішінде қазылар алқасына, барлық топтарға хабарлануы қажет.

Қазылар алқасы қарсы сөйлеушінің мәселесін алып тастай алады ( мыс: егер ол істің мәнісі бойынша болмаған болса), егер көпке созылып кетсе, баяндаманы немесе қарсы шығып сөйлеуін тоқтата алады. Егер қазылар алқасы тапсырманы тез арада түсіне алмаса, ол екі топ басшысының келісімімен тапсырма талқылауды баяндаушы немесе қарсы сөйлеушімен бірлесе отырып басқа жайда жалғастыратын өз өкілін бөліп шығарады. Бұл кезде шайқас басқа тапсырмалар бойынша жалғасады, ал алдыңғы тапсырма бойынша ұпай саны кейінірек есептелінеді.

Қазылар алқасы шайқас хаттамасын жүргізеді. Егер топтардың біреуі тапсырманы шешу бойынша қазылар алқасымен қабылданған шешімге келіспесе, бұл жағдайды лига бойынша үлкеннің қатысуымен шешу үшін тез арада бірнеше минутқа үзіліс талап етуге құқылы. Келесі раунд басталғаннан кейін алдыңғы раундтың есебі өзгертілуі мүмкін емес. Бір ғана ерекшелік, лига бойынша үлкен жағдайды түсіндіру нәтижесі бойынша бұл туралы мәселені турнирдің әдістемелік комиссиясының отырысында қарастыруға шешім қабылдаған жағдайда өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда ӘК осы мәселе бойынша шешімді сол күні қабылдауы қажет. Шақырудың сыпайылығы туралы мәселе ӘК отырысында шығуы мүмкін емес және лига бойынша үлкеннің рұқсат етуімен шешілуі қажет.

Қазылар алқасы тәртіпті бақылайды: ол топтарға шу шығарғандығы, дөрекі тәртіптері, тақта алдында тұрған өзінің өкілдерімен қатынаста болғандықтары үшін айып сала алады. Қазылар алқасы шайқас ережесінен тікелей асып шықпайтын өз шешімін дәлелдеуге міндетті.


13. КӨРЕРМЕНДЕР

Шайқастың өту барысын қазылар алқасының келісім беруімен көрермендер бақылай алады: оларға ойнаушы топтың, қазылар алқасының және турнирдің әдістемелік комиссиясының мүшелерінен басқаларының бәрі кіреді. Көрермендер топтармен қарым-қатынаста болуға, шайқас барысына дауыстап түсініктеме беруге немесе басқа да түрде оның өткізілуіне кедергі келтіруге құқығы жоқ. Осы тәртіптерді бұзған көрермендер қазылар алқасының шешімі бойынша шайқас өтіп жатқан жайды босатуы керек.


14. ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ

Орын жинаған балдар бойынша анықталады. Балдар тең болған жағдайда басымдылық жеке кездесуді жеңген топта болады. Қалған жағдайда, жоғарыда келтірілген параматр бойынша орынды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, орынды бөлу өтеді.


15. ТОПТАҒЫ МҮШЕЛЕР САНЫ – 6 адам.

9, 10 және 11 сыныптардан 2 қатысушыдан. Жоғары сынып оқушыларының қатысушыларын төменгі сынып оқушыларының қатысушыларына ауыстыруға болады (керісінше болмайды). Егер топ топ мүшелерінің 6 адамын ұсына алмаса, онда қазылар алқасы бұл топқа жеңіліс есептеу құқығын өзіне қалдырады.


«МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН» БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІНІҢ

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.

«Менің Отаным Қазақстан» балалалар суреттерінің қалалық байқауы өскелең ұрпақты халықтық-қолданбалы шығармашылық дәстүр өнеріне бейімдеу мақсатында өтеді.


2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
  1. Балалар дарындылығын дамыту.
  2. Өнерде өзіндік іске асыруларын және өзіндік ойларын оятатын орта құру.
  3. Эстетикалық мәдениетке, төзімділікке және патриотизмге тәрбилеу.


3. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ.

Байқау дәстүрлі түрде наурыз айында ҚБШМ базасында өтеді. Ұйымдастыру комитеті қазылар құрамын анықтайды және олардың жұмыстарын ұйымдастырады, айқындылық пен өткізу тәртібін қамтамасыз етеді. Қазылар ұжымдардың таныстыру рәсімін бағалайды, ведомосттарды толтырады, орындарды береді.

Байқауға келесі жастар шамасындағы балалар қатысады:
  1. 5 жастан 7 жасқа дейін
  2. 8 жастан 14 жасқа дейін
  3. 15 жастан 17 жасқа дейін


4. БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ.

3.1 Қалалық байқау қазылары төраға және қазылар құрамының 3-5 мүшелерінен тұрады.

3.2. Байқау қазыларының төрағасы:
  • жұмыс бағаларының критериясын әзірлейді.
  • қазылар жұмысын ұйымдастырады.
  • Қостанай қаласы әкімдігінің ББ байқау қорытындысы бойынша есепті таныстырады.


5. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ

5.1 Ашылу және қорытынды жасау салтанатты, мерекелік тұрғыда өтеді.

5.2. І, ІІ, ІІІ дәрежедегі жеңімпаздар Қостанай қаласы әкімдігінің мақтау қағаздарымен марапатталады, номинациялар беріледі.

6. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНЫСТЫРУ ТӘРТІБІ

Қатысушыларды тіркеу үшін келесі нысанда өтініштер беріледі:

Мектеп

Қатысушының аты-жөні

жас ерекшелігі

сынып

жұмыс атауы

мұғалімнің аты-жөні




















Өтініштер байқауды ұйымдастыру комитетіне жіберіледі: Қостанай қаласы әкімдігінің ББ., № 306 каб., 2010 жылдың 15 наурызына дейін.

ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1.Қалалық экологиялық форумның осы ережесі форумның мақсаты мен тапсырмаларын және оның өткізу тәртібін анықтайды.

1. 2.Форумның негізгі мақсаты мен тапсырмалары болып:

- балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білім аясындағы белсенді нысандарына тарту, қатыстыру;

- зерттеушілік дағдыларын, балалар шығармашылығын дамыту;

- қоршаған орта мен денсаулыққа қатысты жауапкершілік, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

- оқушылардың кәсіби бағдары.

1.3. Қалалық экологиялық форум Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімімен өткізіледі, «Жасыл ел» облыстық штабы.

2. ҚАТЫСУШЫЛАР

Форумға 6-11 сынып оқушылары қатысады (5 оқушы, 1 жетекші) – жас экологтар, табиғатты зерттеушілер, мектептік орамшылар мүшелері, жалпы білім беру мектептерінің экологиялық патрульдері. Әрбір делегацияның біркелкі киім үлгісі мен шартты белгілері болуы керек.

3. ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ, ОРНЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

Қалалық экологиялық форум 2010 жылдың 25 наурызында Қалалық балалар шығармашылық мектебінде өтеді, оқушылардыды жеткізу мен тіркеу сағат 10.00-ге дейін.

4. ФОРУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қалалық экологиялық форумның өлшеулі бағдарламасы:

а) экологиялық клуб қызметі туралы көрме жұмыстарын ұйымдастыру (материал планшет түрінде де тапсырылады) (екеуден көп емес) және стендтік материалдар (альбомдар, брошюралар, рефератар). Планшет өлшемі 80 см. х 80 см;

б) «Жерді болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз, жер сұлулығын құтқарамыз» үгітбригадасының сөз сөйлеуі (5-7 минут);

в) «Экология – Қауіпсіздік - Өмір» видеороликтер байқауы (мақсаты – экологиялық қозғалыстарды насихаттау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру; уақыт – 3 минутқа дейін);

г) зияткерлік казино (барлық команда қатысады).

Форумды ұйымдастырушылар арнайы қосымша дайындықты талап етпейтін байқауды қосуға құқықтары бар (2-ден көп емес).


5. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ, ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ.

5.1. Форум қорытындысы бойынша жалпы есепте жүлделі орын алған командалар, байқау бағдарламаларының жеңімпаздары білім бөлімінің және «Жасыл ел» штабының мақтау қағаздарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

5.2. Форум жүлдегерлерін дайындаушы жетекшілер білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.

«МЕЙІРІМІМІЗ БЕН АДАМГЕРШІЛІГІМІЗ МОЛ БОЛсын» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӨНІНДЕ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАСАЛЫМНЫҢ СЫРТТАЙ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
    1. Қостанай қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің тәрие жұмыстарын ұйымдастырушылар арасындағы «Мейіріміміз бен адамгершілігіміз мол болсын» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жөнінде үздік әдістемелік жасалымның сырттай қалалық байқауын өткізу туралы осы ереже (әрі қарай - Байқау) – Байқау мақсаты мен тапсырмаларын, ұйымдастыру мен өткізуді, критерияларды іріктеуді, қатысушылар құрамын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапатауды анықтайды.
    2. Байқауды ұйымдастырушы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ.


2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
  • мектеп және мектептен тыс мекемелер педагогтарының шығармашылық қабілеттерін іске асыруға арналған мүмкіндіктерді таныстыру;
  • тәжірибе алмастыру және қызықты идеяларды тарату.


З. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

31.1. Байқау 2010 жылдың 24-27 наурызы аралығында өтеді.

З1.2. Байқау материалдары 2010 жылдың 20 2010 наурызынан кешіктірілмей Қостанай қаласының білім бөліміне тапсырылсын (314 каб., тәрбие ісі жөніндегі әдіскер).

31.3. Байқауға қатысу үшін материалдармен бірге келесі нысанда өтініш беріледі:

мектеп

Қатысушының аты-жөні

лауазымы

Пед.өтілі

(санаты) іс-шара нысаны

Іс-шара нысаны

Жасерекшелік бағыт




















4.БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға директордың тәрбие ісінің меңгерушілері, сынып жетекшілер, қосымша білім беру педагогтары, үйірме жетекшілері қатыса алады.

5. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

33.1. Байқау жұмыстары адамгершілікке, төзімділікке және рухани қалыптастыруды тәрбиелеуге бағытталуы қажет.

33.2. Байқау материалдары келесі санаттар бойынша бағаланады:

- тақырыптың терең қозғалуы – автордың шығармашылық тәсілі, әдістемелік жетекшілік;

- тиімді ықпал жасау – жұмыс оқушылардың қызығушылықтарын оятады және оны өмірде қолдана білулерін қалыптастырады;

- қолжетімділігі – іс шараның негізгі идеясын түсіну мен қабылдау үшін жеткіліктілігі;

- жеткізу нысаны – шығармашылық тәсілдің нақтылығы, іс шараларда жаңа дәлелді нысандар мен жұмыс әдістерін қолдану;

- безендіру мәдениеті.

6.ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ


Байқау материалдарын бағалау нәтижелері бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталатын жеңімпаздар анықталады.


«ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілердің кәсіби келешегін арттыру; білім ұйымдары тәрбиешілерінің шығармашылық әлеуеттерін және олардың кәсіби құзырлықтарын ашу; шығармашылық жұмыс жасайтын тәрбиешілерді анықтау.


2. БАЙҚАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ – бала бақша тәрбиешілерінің кәсібі туралы қоғамдық оңды көзқарас қалыптастыру, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша инновационды педагогикалық тәжірибелерді тарату.


3. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Байқауға Қостанай қаласы білім ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайтын бөбекжай-бақша, мектепке дейінгі шағын-орталықтар қатыса алады. Қатысушының өтілі мен жасерекшелігіне шектеу қойылмайды. Үміткерлерді ұмтылдыру келесі жағдайларда іске асырылады: өзіндік ұмтылыс құралдарымен, білім ұйымдарымен, үміткердің педагогикалық іс-әрекетімен және оның нәтижелерімен.


4. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

Байқауды ұйымдастырушы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің қалкәсіподақ комитеті сөз сөйлейді. Байқауды өткізу үшін байқаудың өткізу нысанын анықтайтын ұйымдастыру комитеті құрылады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – іріктеу (сырттай), 2010 жылдың 17-18 наурызы аралығында. Таныстырылған материалдардың сараптамасы, қатысушы сайыскерлерді анықтау келесі кезеңде.

2 кезең күндізгі, 2010 жылдың 24-26 наурызы аралығында. «Шебер-сынып» - қатысушының өтініші бойынша жоғары топ балаларымен қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында практикалық сабақтар өткізу. Келесі ақтық сайыстарда қатысушы сайыскерлерді анықтау.

3 кезең – ақтық сайыс, 2010 жылдың 31 наурызы. Кезең өзіне келесіні қосады:

- «Мен – өз ісімнің шеберімін» (өзіндік презентация), ұзақтығы – 5 минут.

- сайыскердің кәсіби және шығармашылық құзырлығын ашатын тапсырмалар.

Қатысушыларды тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар ұсынылады: байқауға қатысу өтініші, сайыскер сауалнамасы, «Менің шығармашылық жинағым» - шығармашылық жұмысты сипаттау. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2010 жылдың 15 наурызына дейін мектепке дейінгі тәрбие секторына (№307).

5. БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ

Байқаудың барлық кезеңіндегі жеңімпазды анықтау мақсатында қазылар құралады. Оның міндетіне: жасалымдарды және бағалау критерияларын анықтау, қатысушылары ұсынған материалды сұрыптау, сайыскер балалардың кәсіби дағдыларын бағалау, қатысушыларды бағалау нәтижелерімен таныстыру.

Қазылар құрамына Қостанай педагогикалық институтының, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің өкілдері кіреді.


6. БАЙҚАУ МАЗМҰНЫ

Байқауды өткізу барысында балалар мен ата-аналар арасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жоғары кәсіби рейтингке ие шығармашылық жұмыс жасайтын тәрбиешілер анықталады. Байқауда бағаланады:
  • тәрбиешінің жұмыс жүйесі;
  • тәрбиешінің заманауи педагогикалық технологияларды қолдану дәрежесі;
  • педагогикалық қызметкерлікті балалармен жұмыс жасауда қолдана білу;
  • тәрбиешінің мәдени көзқарасы.


7. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Байқау сынақтары нәтижесінде қазылар алқасы дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаталатын жеңімпаздарды анықтайды.


СӘУІР

АПРЕЛЬ


«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП»

ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

«Педагогикалық олимп» байқауы (әрі қарай - Байқау) Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімімен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты:
  • Дарынды жас педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру;
  • Жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық іскерліктің жаңа нысандарын іздеуге ынталандыру және қызығушылықтарын арттыру;
  • Жас педагогтардың ой-өрісі мен тәжірибесін, кәсіби ұштасу ортасын кеңейту;
  • Қазіргі заманға сай жас педагогтар жайлы қоғамның жақсы пікірлерін қалыптастыру;



  1. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Сайысқа Қостанай қаласындағы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін кем дегенде 3 жылға дейін педагогикалық өтілі бар педагогтар қатыса алады.

Бұл жас мұғалімдер:
  • қазақ тілі мен әдебиеті
  • орыс тілі мен әдебиеті
  • физика
  • математика
  • инфоматика
  • тарих
  • география
  • химия
  • биология
  • шет тілдері
  • дене шынықтыру
  • технология
  • бастауыш сынып
  • педагог-психолог



  1. БАЙҚАУДЫҢ ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Байқаудың барлық кезеңде ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастыру комитеті ұйымдастырылады. Байқаудың қазылар мүшесі мен ұйымдастыру комитетінің құрамын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бастығы бекітеді.

Байқау барысында қазылар алқасы қатысушының іскерлігін төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
  • Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыруда педагог жұмыстарын, технологиялық әдістер мазмұнын, жаңа тәсілдерді;
  • озық және жаңа тәжірибені пайдалана білу, әдістемелік шеберлік, өзіндік зеректік;
  • жеке кәсіби қасиеттер: шығармашылық қабілеті, жеке шығармашылық жазуы, педагогикалық ойлау тереңдігі, гуманизм, демократизм, ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалары;
  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ



    1. 4.1. Сайысқа қатысу үшін 2010 жылдың 5 сәуіріне дейін Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне (Баймағамбетов к-сі, 154, Г.Ж.Елешова., тел: 50-47-13) сайысқа қатысу өтініші қағаз түрінде директордың қолы үшін келесі нысанда тапсырылуы қажет:
        1. Мектеп

      қатысушының аты-жөні (толығымен)
        1. пән
        1. білімі

      санаты

      өтілі

      байланыс телефоны









4.2. Байқау келесі байқау іс-шараларынан құралған бір іштей кезеңнен тұрады:


  • «Сәлеметсің бе, бұл мен!» визит карточкасы (регламент 3 минут)
  • «Менің кәсіптегі алғашқы қадамдарым» тақырыбы бойынша шығармашылық есеп беру (регламент 5-7 минут)

4.3. Байқау 2010 жылдың 19-30 сәуірі аралығында пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестіктер деңгейінде өтеді.

  1. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯСЫ

Байқау барысында қазылар оқушылар іс-әрекетін келесі критериялар бойынша бағалайды:

«Сәлеметсің бе, бұл мен!» визит карточкасы
  • Түпнұсқалық (жеке үлгі)
  • Жалпы интеллектуалдық және мәдени деңгейі;
  • Педагогикалық шеберлік
  • Регламент


«Менің кәсіптегі алғашқы қадамдарым» тақырыбы бойынша шығармашылық есеп беру

2. Жүйенің ұтымдылығы пен шыншылдығы — осындай мақсаттар мен тиімді жолдар арқылы жетістіктерді анықтау, көрсетілген кешендегі мәселелерді шешу мен жоғарғы нәтижесі;

3. Жүйенің тұтастығы — қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті мазмұн мен іс-әрекеттің толықтығы, сонымен қатар олардың келісімділігі.

4. Материалдың жеткізілу мақсаттылығы мен қисындылығы.

5. Презентация мәдениеті


6. САЙЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

Байқаудың қорытындысы бойынша пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік деңгейіндегі «Педагогикалық олимп» жас педагогтар байқауының жеңімпаздары анықталады.

Ең жоғары балл жинаған байқау қатысушылары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.


ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ 35 ҚАЛАЛЫҚ СЛЕТІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
    1. Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының қалалық слеті Қостанай қаласының білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасындағы командалық біріншілік болып табылады.
    2. ҚЖИ слетінің мақсаттары: балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік жарақаттарын ескерту және балалардың жол-көлік апаттарынының алдын алу мәселесіне мүдделі ведосмстволар, ұйымдар мен қауымдастықтардың көңілін аудару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру.
    3. ҚЖИ слетінің тапсырмалары:
  1. Жолда жүру ережелері бойынша оқушылар білімінің сапасын арттыру;
  2. Оқушылардың жолдағы қауіпсіз тәртіп ережелерін насихаттау жөніндегі ҚЖИ жасақтары мен білім беру органдарының озық тәжірибесін жалпылау;
  3. ҚЖИ слеті Мүдделі ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің қатысуымен Қостанай облысы ІІД Жол полициясы басқармасы ұйымдастырады және өткізеді.
  1. ЖАРЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
    1. ҚЖИ слетінің қатысушылары ҚЖИ мектеп жасақтары болып табылады.
    2. Команда орта мектеп, гимназия, лицейдің 14 жасқа толмаған оқушыларынан құралуы тиіс.
    3. Команданың құрамына 10 адам кіреді, сондай-ақ:
  1. жасақтың командирі - 1 адам
  2. реттеуші - 1 адам
  3. велосипедші - 4 адам
  4. санитаршы - 2 адам
  5. ойсана - 1 адам
  6. жас тілші - 1 адам
    1. Команданың бір жетекшісі болады.
    2. ҚЖИ слетіне келген әр команда ҚЖИ слетінің жұмыс жасайтын тобына төмендегі құжаттарды көрсетеді.
  1. жүру уақыты мен тәртібі (көлік түрі, күні, уақыты) туралы ақпараты бар жарысқа қатысуға берілетін рұқсаты бар өтінім;
  2. туу туралы куәліктің көшірмесі;
  3. Жарысқа қатысу үшін дәрігерден алынған рұқсаты бар анықтама (әр қатысушыға берілу керек)
  4. Мектеп директорының қолы қойылған балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы ақпараттық анықтама.
  1. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЫНЫҢ АТРИБУТИКАСЫ
    1. ҚЖИ жасағының әр мүшесі міндетті:
  1. «Қозғалыстың жас инспекторы» белгісі (эмблемасы);
  2. Жасақ мүшесінің куәлігі;

Ескерту: реттеушіде жезл, санитаршыда – медициналық қорабы болу керек.
    1. формалық киім:
  1. насихаттау: погондары бар көк түсті жемпір, шалбар (юбка), пилоткасы да көк түсті, ақ белбеу, жемпірінің сол жақ иығында үш түсті бағдаршамның суреті, пилоткасында (ақ қоршауы бар қызыл шеңбер) белгісі бар, кеудесінде ҚЖИ белгісі бар;
  2. парадтық: пилотка ақ беретке ауыстырылады, белбеудің орнына ақ бант және ақ биялай;
  3. командирдің сол жақ иығында бір алтын түсті жұлдызша болады.



  1. ҚЖИ слетінің бағдарламасы.
    1. Слеттің бағдарламасына 10 сайыскер қосылады:
  1. Сапқа тұру
  2. Жолда жүру ережелерінің білгіштері
  3. Жас насихатшылар
  4. Велосипедті мәнерлеп жүргізу
  5. Жас реттеуші
  6. Жас тілші
  7. Жас санитаршы
  8. Командирлер сайысы
  9. Үгітбригада сайысы
  1. ҚЖИ слетін өткізудің шарттары.
    1. Сапқа тұру
  1. ҚЖИ жасақтары сапқа тұру дайындығын төмендегі тәртіп бойынша көрсетеді:
  2. Командалар «Бөлін!», «Бір қатарға тұр!», «Реттік санағын сана!»;
  3. Командирдің рапорт беруі: «Әділқазылар төресі! ...қаласы қозғалыстың жас инспекторлар жасағы сапта тұр! Жасақ командирінің аты-жөні. Командир қазылар алқасының қасына тұрады. Қазылар төрайымы ҚЖИ-на : «Сәлеметсіңдер ме, қозғалыстың жас инспекторлары!». Жасақ жауап береді: «Сәлеметсіз бе!» Төрайым команда береді: «Сап, еркін тұр!» Төрайым: «Командир сапқа тұр!». Командир: «Құп болады!»;
  4. жеке құжаттың сыртқы түрін тексеру
  5. «Сапқа тұр!», «Түзу тұр!», «Тік тұр», «Еркін тұр!», «Дұрыстал», бір қатарға, екі қатарға командаларын орындау
  6. 3 қатарға тұру, орнында айналу
  7. сапқа тұру әдістерін қимылмен орындау
  8. салтанатты марш

2. Ең көп ұпай саны – 13, оның 9 – сапқа тұруға (2-команда мен командирдің берген рапортына, 2- осы тараудың 2,5,6 п орындағаны үшін, 2-салтанатты марш үшін, 3-сапқа тұру әдістерін қимылмен орындағаны үшін) беріледі, ҚЖИ формасы, осы әдістемелік ұсыныстарға сай болуы 2 ұпаймен бағаланады. Қате болған жағдайда әр кезеңнен 0,5-1 ұпай шегеріліп отырады. Саптың қосымша элементтерін көрсеткені үшін 1-1,5 ұпай беріледі.

5.2. ЖЖЕ білгіштері

1. Жасақ ЖЖЕ жөніндегі билеттерді толық түрде шешеді.

2. Билетке ЖЖЕ жөніндегі келесі сұрақтар кіреді: 1 тарау, жолда жүрудің 3-23 дейінгі ережесі, барлық жолда жүру белгілері. Әр билетте 8 сұрақтан, әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан (ең көп ұпай-16) беріледі. Есепке жасақтың орташа ұпайы саналады.

3. Билетті шешу үшін 15 минут уақыт беріледі.

5.3. Жас реттеуші.

1. Сайыс 2 кезеңде өтіледі (2 кезеңге 1 қатысушы)

2. Қатысушыға 3 сұрақтан тұратын билет беріледі. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Ең көп ұпай – 6.

3. Екінші кезеңде қатысушы практикалық тапсырмаларды орындайды: реттей білуін, бағдаршамның дабылдарына сәйкес реттеушінің ымдарын түсіндіруді көрсетеді. Ең көп берілетін ұпай – 4.

Сайысқа берілетін ұпайдың жоғары шектеулігі – 10 (6+4)№

5.4. Жас насихатшылар.

1. Аталған сайыс плакаттар презентациясының сайысы түрінде өткізіледі.

2. Қатысушылар командасы А1 формат ватман қағазында (басқа көлемді плакаттар қабылданбайды) алдын ала орындалған плакатты көрсеттеді.

3. Мәтін плкаттың тақырыбына сай болуы тиіс, оның мазмұны қысқаша, айқын, ұран түрінде болуы керек.

4. Плакаттың презентациясын қатысушылар командасы кез келген қойылым түрінде өздерінің көркем шығармашылықтарымен өткізеді (үгітбригада, мюзикл т.б), қойылым 5 минутқа созылады. Фонограмма арқылы жазылған дауыстар қабылданбайды, рөлдер тек «жанды» дауыспен ойналуы керек. Сайыс алдында қазылар алқасына қойылым қағаз бетінде және электрондық түрде тапсырылады.

5. Сайыс төмендегі критериялар бойынша бағаланады:

1) плакат бойынша – тақырып плакаттың мазмұнына, плакаттың мазмұнын айқындаудағы кәсіби деңгейге, композициялық сауаттылық және плакаттың қорытындысына сай келуі керек;

2) плакатты қорғау бойынша – команданың шығармашылық бастамшылығы, орындау шеберлігі, материалды беруі, әндер мен өлең шумақтарын пайдалануы, музыкамен безендіруі.

6. Плакатты қорғау және оны безендіру әр критерия бойынша 5 баллдық жүйемен бағаланады, нәтижелер есептеліп, орташа нәтиже шығады. Жоғары шектеулі ұпай саны – 10.

5.5. Велосипедті мәнерлеп жүргізу

1. Сайысқа 4 велосипедші: 2 қыз, 2 ұл қатысады. Есепке барлық қатысушының жалпы ұпайы кіреді. Жоғары шектеулі ұпай саны – 12 (әр кезеңде 6 ұпайдан).

2. Сайыс 2 кезеңде өткізіледі: велосипедті мәнерлеп жүргізу.

1) бірінші кезең «Велосипедшінің мінерлеп жүргізуі»

Жарыс алаңшада өткізіледі, онда бір-бірінің ара қашықтығы үш метрден және әртүрлі кедергілер кезекпен орналасқан («S-түріндегі жол», «тура жол», «бірінші жолақтан екіншіге ауысу»).

Айыптық ұпайлар мыналар үшін беріледі:
    • кедергілерді өткізіп алу; -10
    • жерді екі аяқпен басу (велосипедтен құлау); -10
    • жерге бір аяғын тигізу; -10
    • кедергіден толығымен жүріп өтпеу; -5
    • кедергі орналасқан трасса жолына шығу; -5

Жоғары шектеулі ұпай саны – 6.

Айыптық ұпайлар алғаны үшін келесі сызба бойынша ұпайлар алынады:

5-10 айыптық ұпайлары – жоғарғы 6 ұпайдан алынады

15-20 айыптық ұпайлары – 2 ұпай алынады

25 айыптық ұпайдан жоғары – 3 ұпай алынады.

5.6. Жас санитаршы

1. Сайысқа 2 қатысушы қатысады.

2. Сайыс билеттер бойынша өтіледі. Билет 8 сұрақтан тұрады, онда 7 теориялық сұрақ және 1 практикалық тапсырма.

3. Қатысушы мынаны білуі тиіс:

1) жарақаттың түрлері оны өңдеу әдістері;

2) ораманың түрлері және орау әдістері;

3) артериалдық,тамыр және капиллярлық қанды тоқтату әдістері;

4) сынған, күйген, қатып қалған, талып қалған жағдайда алғашқы көмек көрсетуді білу;

5. дем жасауды және жүректі уқалауды білу;

6) зардап шегушіні тасымалдаудың әдіс-тәсілдерін білу.

4. Тапсырманы орындау мен жауап беруге дайындалуға жалпы 15 минут беріледі. Егер қатысушы берілген уақытты жеткізе алмаса, онда жауап берілген әр сұрақ дұрыс емес деп есептелінеді.

Тапсырма балдық жүйеде теорияға және практикалық тапсырмаға бір бөлек баға беріледі. Теориялық сұрақтан (ең көбі 7 ұпай), практикалық тапсырмадан (ең көбі 3 ұпай) ең жоғары ұпай санын жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

5.7. Жас тілші

1. Қатысушы таңдалған билеттің тапсырмасына сәйкес 30 минут ішінде ұсынылған тақырыптар бойынша мәтіндер жазуы керек.

2. «Жас тілші» сайысына арналған тақырыптардың тізімі.

1) «Үлкендер, біз сіздерге айтамыз!»

2) «Қымбатты жүргізуші – достым!»

3) «Жол полициясының инспекторы – деген мамандық бар!»

4) «Мен үлкен болғанда, мен де машина жүргіземін»

5) «Жолдағы сыйластық – қауіпсіздіктің белгісі»

6) «Мен ҚЖИ слетінде жаңа достарды қалай жинап алдым»

7) «Жолда жүру ережелерін, көбейту кестесіндей білгейсің!»

8) «Кішкене жүргіншіге үлкен қауіп төніп тұр»

9) «Абай бол, көктайғақ!»

10) «Неге мен –қозғалыстың жас инспекторымын»

11) «ҚЖИ – бұл мақтанышпен айтылады!»

12) «Жүргіншіні сүю керек...»

13) «Жүгіріп өтпей, жүріп өт!»

14) «Жолда жүру ережелері – барлығына да заң»

15) «Әркім қозғалыс инспекторы болғысы келеді»

16) «Достар, біздің ҚЖИ атты жасағымыз өте тамаша!»

17) «Неге БЖА болады?»

18) «Жүргіншілер, абай болыңдар, өзіңізді және жүргізушіні сақтаңыздар!»

19) «Балалар неге ЖЖЕ бұзады:»

3. Бағалау критериялары:

1) тақырыптың толық ашылуы (5 ұпай)

2) материалдың эмоционалдығы мен жетімділігі (5 ұпай)

4. Ең жоғары ұпай саны – 10.

Айыптық ұпайлар орфографиялық қателерге беріледі:

1-2 қатеге - 1 ұпай

3-4 қатеге - 2 ұпай

5 қатеге - 3 ұпай

5.8. Командирлер сайысы

1. Командир сайысқа жасақтың күнделігін (өткен оқу жылына жасаған ҚЖИ жасағының жұмысы жайлы есеп беру папкасы) көрсетеді.

2. Сайыс әңгіме түрінде өтеді. Онда әділқазылар алқасы жасақтың күнделігі, «Жолдағы оқиға» тақырыбы бойынша (қатысушы апат болған бір оқиғаны баяндайды) және ҚЖТ жасағы туралы ереже жөнінде сұрақтар қояды.

3. Сайысты өткізу кезінде есеп беру папкасына 4 ұпай, әңгімелесуге 6 ұпай беріледі. Сайысқа берілетін ең жоғары ұпай – 10.

5.9 Үгітбригада сайысы

1. Сайысқа жасақ толығымен қатысады, өздерінің үй тапсырмасы –қозғалыстың жас қатысушыларын жолда тәртіпті жүруіне тәрбиелеуге бағытталған ҚЖИ жұмыстары жайлы және жолда жүру ережелері бойынша музыкалық бағдарламаларын көрсетеді.

2. Музыкалық бағдарлама алдымен үгіттеуші сипатта орындалуы керек. Бағдарламаның ұзақтылығы 10 минуттан аспауы тиіс (уақыттан ұзап кеткен жағдайда айыптық ұпайлар қосылады). Сондай-ақ фонограмма пайдаланылмайды, қатысушылар рөлдерді өз дауысымен «жанды» түрде орындайды. Сайыс басталмай тұрып, қойылым қағаз бетінде және электрондық түрде әділқазыларға тапсырылады.

3. Сайысты бағалауда тақырыптық бағыт (3 ұпай), команданың шығармашылық бастамшылығы, орындау шеберлігі, материалды жеткізуі (3 ұпай), авторлық әндер мен өлең шумақтарын пайдалануы (2 ұпай), музыкамен безендіру (3 ұпай) ескеріледі.

4. Ең жоғары ұпай саны – 11. Өзіндік ойларға қосымша 1 ұпай қосылуы мүмкін.

5.10. Ой-сана жарысы

1. Ой-сана жарысына 1 адам қатысады.

2. Жарыс тест түрінде төмендегі тақырыптар бойынша өткізіледі: ҚЖИ, ЖЖЕ тарихы (дамуы), жолдың даму тарихы, МАИ-жол полициясының тарихы.

3. Тест 20 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 3 жауап нұсқасы бар. Әр дұрыс жауапқа 0,5 ұпайдан беріледі. Жарыстың уақыты: 20 минут. Егер қатысушы осы уақытта тәмәмдамаса, онда әр жауап берілген сұрақ есептелмейді.

4. Ең жоғары ұпай саны – 10.
  1. НӘТИЖЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ
    1. ҚЖИ слетінің қорытындысын Ұйымдастыру комитеті шығарады.
    2. Нәтижелер жарыстың әр түрінен алынған ұпайларды санау арқылы анықталады. Ұпайлары тең болған жағдайда, жеңіс бәйгесі «ҚЖИ білгіштері» сайысында жақсы нәтиже көрсеткен жасаққа беріледі.
    3. Слеттің жеңімпазы ең көп ұпай жинаған ҚЖИ-дің 3 жасағы атанады.
    4. Сайыстың ең жоғары ұпайлары мынаны құрады:

1) Сапқа тұру -13

2) ЖЖЕ білгіштері -16

3) Жас насихатшылар -10

4) Велосипедті мәнерлеп жүргізу -12

5) Жас реттеуші -10

6) Жас тілші -10

7) Жас санитаршы -10

8) Командирлер сайысы -10

9) Үгітбригада сайысы -12

10) Ой-сана жарысы -10

Барлығы: 113 ұпай
  1. ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ
    1. Жеңімпаз-команда диплом және кубокпен, команда мүшелері – бағалы сыйлықтармен марапатталады. 2-3 орынға ие болған командалар дипломмен, команда мүшелері – бағалы сыйлықтармен марапатталады.
    2. Барлық қатысушылар ескерткіш кәде сйыларымен марапатталады.
    3. Ұйымдастырушы комитет ҚЖИ слетінің қатысушыларына қосымша ынталандыру сыйлықтарын беруге құқылы.
  2. ҚЖИ СЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
    1. ҚЖИ слетін қаржыландыру заңнамамен бекітілген тәртіпте мүдделі заң және жеке тұлғалардың қаражатының есебінде жүзеге асырылады.
    2. ҚЖИ слетін велотехникамен (40см «Аист», «Салют» типті велосипедтермен) қамтамасыз ету жұмыс жасау тобына тапсырылады.
    3. ҚЖИ слетінің өткізілетін жерін қоғамдық тәртіп сақтау күзетімен қамтамасыз ету ІІД ҚҚБ тапсырылады.



«Эрудит»ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫН

ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


1.МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
  • Ойыншылардың кең ой өрісін, білімдарлығын дамыту.
  • Үлгіден тыс жағдайларда мектеп білімін қолдана білу.
  • Қисынды тізбектерді тез құрып, ақпаратты талдап, нәтиже шығара білу.
  • Энциклопедиялық және басқа әдебиеттермен жұмыс жасай білу, негізгісін, тезистерін, аннотацияларын таба білу.
  • Тез тіл тапқыштықты, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
  • Сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білу, өз ойынды қисынды дұрыс жеткізе білу.



  1. МАЗМҰНЫ:

Қатысушыларға әртүрлі алғашқы дерек көздерімен (анықтамалар, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, Internet және т.б.) жұмыс істей отырып, шешуі керек болатын мәселелер аясы беріледі.

Сұрақтарға мектеп курсында оқытылатын барлық пәндер спектрларымен қатар басқа ғылымдарды енгізіледі: медицина, экономика, космос, өнердің, мәденеттің әр түрлі бағыттары және т.б.

  1. ҚАТЫСУШЫЛАР:

Зияткерлік ойынға 5-11 сынып оқушылары қатысады. Топ құрамында 4 оқушыдан 6 оқушыға дейін болады.

  1. ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

Ойын ай аралық жарыстарды өткізуге ұйғарылған. Ақтық сайысқа (мамыр) барлық жарыстар қортындысы бойынша жоғары балл алған топтар шақырылады.


  1. ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:

1.Топта 4–тен 6 оқушыға дейін қатысады (жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптары).

2.Топтар ойын үстелінің белгіленген нөмір тәртібімен сұрақтарды (тапсырманың тақырыбы мен түрі) таңдайды.

3.Ойын үстелдерінің нөмерлері топтардың алдыңғы ойында алған орындарына сәйкес болады.

4.Ауызша (мезгілінен бұрын) жауапты тапсырманың тақырыбы мен түрін таңдаған топ бере алады. Қалғандары фирмалық қағазда жазбаша беріледі.

5.Жазбаша жауапта–сауаттылық, ал ауызшада сөйлеуі бағаланады.

6.Жауапты сұрақты талқылауға уақыт жібергеннен кейін беруге болады.

7.Сұрақты талқылау уақыты – 1 минут, қалған 10 секунд дыбыс дабылымен қоса беріледі, ол аяқталғаннан кейін жауап қабылданбайды.

8.Фирмалық қағаздар ойыншыларға дұрыс жауап пен осы сұрақтың бағасы хабарлағаннан кейін қайтарылады.

9.Сұрақ құны ойынға қатысқан топ санына және сәйкесінше олардың жауаптарының дұрыстығына қарай бағаланады.

10.Сұрақты талқылаған уақытта өзінің терілген немесе қолдан жазған мәтінін қолдануға болады. Кітап, журнал және тағы басқа басылымдарды қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.

11.Жауап тапсырманың тақырыбы мен түріне, грамматикалық ережесіне сәйкес болуы керек.

12.Бұл ережелерді бұзған үшін жаза қолданылады. Жоғарыда көрсетілген бір ереже бұзылған уақытында сұрақ бағасына қарай айып салынады. Ережені қайта бұзғаны үшін маусымның соңына дейін дисквалификация жүргізіледі.

13.Аудиторияда әрқашан тәртіп пен тыныштық болуы керек.

  1. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Сұрақ тақырыбы жауап іздейтін жауап аясын белгілейді, ал тапсырма түрі жалғыз дұрыс жауапты айыруға көмектеседі. Жалпы сұрақ бірнеше сөйлемнен тұрады:

1 тапсырма тақырыбына негіз болған оқиға;

2 тапсырма түріне қарай қисынды операция туралы бір-екі сөз;

3 жауап беруді талап ететін нақты сұрақ.

Осының бәрін есепке алып, қатысушылар нақты дұрыс шешімді табады. Адамзаттың барлық білімі жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша 37 тақырыпқа бөлінеді. Қисынды ойлау немесе жақсы білім негізі болса жауап алуға болатын осы тақырыптар бойынша сұрақ дайындалады. Сұрақтың барлық 26 түрі болады: ауызша тапсырма, білім мен қисынға қатысты сұрақтар.

Тақырыптар:

Астрономия

Спорт

Табиғат

Экономика

География

Ән,

би

Өсімдіктану

Мемлекет

Информатика

Кино, TV

Зоология

Әскери іс

Тарих

өнер

Жыртқыштар

Дін

Әдебиет

Коллекция

Жәндіктер

Әдеп

Математика

Адам тұрмысы

Өрмекшілер

Жантану

Физика

Техника

Балықтар, амфибия

Экология

Химия

Ғарыш

Рептилия

Медицина

Тіл




Құстар

Адамтану







Бауырмен жорғалаушылар

Адам