«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Вид материала | Документы |
- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі государственное учреждение, 872.88kb.
- Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мм гу «отдел образования акимата города костаная», 1765.39kb.
- Тәсілімен өтететін төмендегі мемлекеттік сатып алуға заңды-құқықтық қабілеттілігін, 656.79kb.
- «организация предпрофильного и профильного обучения иностранному языку», 300.33kb.
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- Программа августовского совещания работников образования, 1912.07kb.
- «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі», 23.57kb.
- План работы центра информатизации и оценки качества образования на 2012 год қостанай, 516.22kb.
- М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі, 254.54kb.
- Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік білім беру мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, 270.54kb.
ЖАРЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУГЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТУ
Жарысты жалпы дайындауға және өткізуге Қостанай облысы білім басқармасы мен төтенше жағдай жөніндегі Департамент басшылық етеді.
Жарыстың өткізілуін әділқазылар алқасы басқарады.
- ЖАРЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Жарысқа қатысу үшін Қостанай қаласы жас өрт сөндірушілер достастығының командасы шақырылады.
Жарысқа ЖӨД командасынан 7 адам қатысады.
Жарыстың қатысушылары төмендегі ересек топтарына бөлінеді:
- орта жастағы ұландар тобы – 1995-1996жж 3 қатысушы
- ересек жастағы ұландар тобы – 1993-1994жж 4 қатысушы
Команданың ішінде осы бекітілген ережеге сай келмейтін жастағы қатысушылар болса, онда жарысқа жіберілмейді.
Жарыс жаттықтыруға жататын және дәрігердің рұқсаты бар адамдар қатыса алады.
Қатысушы жарыс туралы ережелерді, жарыстың әр бағдарламасын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ережелерді білуге және сақтауға міндетті, сондай-ақ жарыстың қатысушыларына арнайы бекітілген ішкі тәртіп ережелерін, қазылар алқасының барлық бұйрықтарын орындауы керек.
Жас ұландар жарысқа жаттығуда киетін белбеуі, кеды мен каскасы бар киім үлгісін (ұзын жеңді күрте, трико) киеді.
Жарыстың қатысушыларының сол жақ жеңінде команданың атауы және қатысушының аты-жөні 3х4 тускен фотосы болу керек.
- ЖАРЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жүгірудің әр айналымы жеребі тастау арқылы анықталады, қатысушылардың саны жол саны бойынша анықталады.
Жүгіру мен жол санын анықтауға жереби тастауды әділқазылар команда өкілдерінің қатысуымен алдын ала өткізеді.
Қатысушы кез келген жаттығуды орындау барысында қару-жарақтары мен саймандарын жоғалтқан жағдайда, кейін оралып жоғалтқанын тауып алу керек, ал мұны орындамаса, нәтижесі есептелмейді.
Өрт сөндіру құралдары мен спорт саймандарын сындырып алған жағдайда, сондай-ақ бұл қатысушының кінәсі болмаса, онда ол қатысушының осы жаттығуды қайта орындауына рұқсат беріледі.
Жарыс кезінде нақты уақытта қатысушыларға жарыс бағдарламасының барлық түрлері бойынша құрал-саймандарын (оғы барынан басқасын) қолданып көруге рұқсат беріледі.
Жарыстың өтілу кезеңінде қатысушылар мен әділқазылар алқасынан басқа біреудің болуына рұқсат етілмейді.
Егер қатысушы дәл мәре жетіп, бүкіл денесімен құлаған жағдайда қашықтықты аяқтады деп есептеледі.
- ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жас ұландарға арналған өрттен сақтандыру спорты бойынша жарыс төмендегі ережелер бойынша өткізіледі:
- жүз метр жолақшаны кедергімен өткеру;
- оқу орнының 2-ші қабатына арнайы баспалдақпен міну;
- өрт автоцистернасын айналып өту.
Бағдарлама төмендегі жарыстар мен сайыстардың өтілуін қарастырады:
- «Сапқа тұру» - командасының көрсетілімі
Жас ұландар толық түрде қатысады. Достастық командирінің рапорт беру, формасы мен экипировкасы ескеріледі.
Рапотр беру үлгісі: Әділқазы мырзасы, Қостанай қаласының № мектебінің өрт сөндіруші жас ұландар достастығы өрттен сақтандыру спорты бойынша жарысқа қатысуға дайын. Достастықтың командирі баяндайды....
- 100метр жолақшаны өткеру (7 қатысушы, 6 ең жақсы нәтиже есептеледі) мына кезеңдермен өткізіледі:
- қаруы бар қатысушы сөренің алдында сызықты баспай тұрады (қаруды кез келген жағдайда ұстауға болады)
- қашықтыққа жүгіруде шартақтан секіреді, қолын түріп бөренеден өтеді, сосын сызыққа келіп қолын тірейді. Шартақтан секіргенде аяқтары тимеуі керек. Қолын әр түрлі әдіспен ұстауға болады. Қашықтықта қозғалуда қолын немесе тұрған жерінде қолын қаруға айқастырып қоюға болады. Бөренеден жерге қарғу кезінде шектеулі жерге дейін жетпей қалған жағдайда қатысушы оралып, қайтып қарғуы тиіс;
- мәре: қатысушы мәреге қаруын қолын қабыстыру арқылы жетеді. Мәре сызығынан өтер кезінде қаруды қолымен ұстауға болмайды.
- Оқу орнының 2-ші қабатына арнайы баспалдақпен міну төмендегі кезеңмен өткізіледі:
- қатысушы сөреге сызықты баспай тұрады; баспалдақта қолын өзіне ыңғайлы етіп ұстауға болады;
- сигнал берілген кезде қатысушы баспалдақты ұстап жүгіреді;
- қатысушы баспалдақты сөреден оқу орнына дейін кез келген әдіспен апарады, бірақ ол келесі қатысушыларға кедергі болмауы керек; баспалдаққа кез келген аяқпен мінуге борлады.
- Мәре: қатысушы екі аяғын қабатқа тигізген кезде.
- Күрес айналымы тегіс алаңшада өткізіледі. Қашықтық ұзындығы – 100м. Сөреден 10метр қашықтықта өрт автоцистернасы бекітілген және өрт сөндіру техникалық құралы орналастырылған 2х2 м ағаш төсеніш орнатылады. Оның құрамына 66 м диаметрлі 3 ірзеңке жеңдері, 51 мм диаметрлі 4 ірзеңке жеңдері, 77 мм диаметрлі сорып алушы жеңдер, сорып алушы торлар, еекі жүрістік айналым, 2 КРБ қаруы және сызықты қосатын екі кілт.
Қашықтықтың оң және сол жағында сөреден орталық арқылы бір –бір нысанадан орнатылған. Нысананың 50х50см сауыты бар. Сауыт жерден 135см қашықтықта орнатылады. Оның келесі жағында 15л ыдыс бекітілген. Сол және оң нысананың арасы 4,5м құрайды.
Құрамында 7 адамы бар команда сөренің сызығына сапқа тұрады. Әділқазылардың сигналы бойынша спортшылар төсенішке қарай жүгіріп, өрт автоцистернасын ашады, сорып алғыш сызықтарды қосады, екі қол жеңдерін киіп, айналым арқылы екі қаруды береді. Қару ұстанымын қабылдаған екі спортшы нысанаға су толтырады. Ыдыс суға толтырылған уақытта ғана нысана атылды деп есептеледі. Ыдыс 10л толған кезде сигнал беріледі.
Ескерту. 100-метрлік жолақты кедергімен өткеру, өрт болып жатқан қабатқа баспалдақпен міну бойынша жарыста екі кешірім беріледі, нәтижесі бойынша жеіңмпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін ақтық жүгіріс жарысы қалыптасады, ақтық жүгірістің нәтижесі командалық біріншілікте есептелмейді. Өрт болып жатқан қабаттың терезесіне баспалдақпен екі рет мініп көру рұқсат етіледі.
Күрес айналымында 7 спортшы күрес есебімен өрт автоцистернасынан өткізіледі.
- НӘТИЖЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ
Жалпы біріншілік командасы жарыстың әр бағдарламасында ең көп ұпай санын жинаған қатысушылар алады.
Жалпы командалық есепте бірдей ұпай жинағандардың күрес айналымында жақсы нәтиже көрсеткені таңдалады.
Спортшылар арасындағы жеке біріншілік қатысушылардың көрсеткен жақсы нәтижелерінің біреуі таңдалады. Нәтижелері бірдей болған кезде кімнің уақыт саны аз, соған орын береді.
- ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталады.
Бірінші, екінші және үшінші орын алған командалар мақтау қағазбен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 1 орынға ие болған команда облыстық жарысқа аттанады.
- ӨТІНІШ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ
Жарыс өткізілетін күні сағ 9.00-де әділқазылар алқасына төменде көрсетілген құжаттар тапсырылады:
- бекітілген нысан бойынша медициналық қызметкердің келісімі берілген өтінім;
- команданың тізімі бар қалалық жарысқа жіберу туралы мектеп бұйрығының көшірмесі;
- қатысушының туу куәлігі мен жеке құжатының көшірмесі;
- баланың жарысқа қатысуына болатын ата-ананың жазбаша рұқсаты.
«КЕМПІРҚОСАҚ БОЙЫНША САЯХАТ» КІШІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОНЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
(3-4 сынып)
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» зияткерлік марафоны бастауыш мектептегі зияткерлік аясында оқушылар тұлғасының оқу-қисынды қабілеттерін және дағдыларын дамытуға бағытталған.
МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық зияткерлік марафоны өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін анықтау және қолдау;
- бастауыш мектеп оқушыларының жалпы білім беру деңгейлерін арттыру;
- өз білімдерін оқу пәндерінің түрлі шеңберінде қолдану қабілеттерін дамыту;
- қабілеттерін көрсету мүмкіндіктерін ұсыну;
- бастауыш мектеп оқушыларының қисынды ойлауларын дамыту бойынша оқу орындарының іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
- оқушылардың оқу пәндеріне деген танымдық іс-әрекеттерін белсендіру және қызығушылықтарын арттыру;
- коммуникативті сапаларын арттыру;
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафоны төрт кезеңде ҚБШМ-де өтеді (1 рет бейсенбі сайын).
МАРАФОНДЫ ӨТКІЗУ ЖЕТЕКШІЛІГІ.
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» марафонын өткізудегі жалпы жетекшілік «Дарын» қалалық орталығымен жүзеге асырылады.
БАҒА КРИТЕРИЯСЫ
Тапсырмаларды дұрыс орындалу саны бойынша бағалау жүргізіледі.
Тапсырмаларды орындау барысында балалар келесідей білім мен қабілет көрсетуге тиіс:
- Салыстыру, сараптау, тарату, түйін жасау;
- Қисынды байланыс және заңдылық орнату;
- Жаңаша жағдайдарда пәндік білім көрсету;
- Қоршаған әлем туралы жеткілікті білім көрсету.
МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафонына «Дарын» қалалық орталығында №1 нысан бойынша (қоса беріледі) 2009 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей өздерінің қатысатындары туралы өтініш білдірген 6 адамнан тұратын оқушылар командасы қатысады. Өтініштер daryn@goruo.kostanay.kz электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.
БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ
Марафон қазылары негізгі сұрыптаушы орган болып есептелінеді. Ол бағалар критериясын жасайды және балалармен орындалған тапсырмалар нәтижесін бағалайды, марапаттау ұсыныстарын дайындайды. Мектеп тарапынан жіберілетін бақылаушылар. Қазылар құрамына «Дарын» қалалық орталығының мүшелері, Қостанай қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімінің өкілдері, сонымен қатар ғылым өкілдері кіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ
Марафон қорытындысын жасау және жеңімпаздарды марапаттау марафонның 4 кезеңі бойы жинаған балл көлемінде өткізіледі (1, 2, 3 орын).
Жеңімпаз командалар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «Дарын» қалалық орталығымен марапатталады.
Барлық командаларға қатысушы сертификаты табысталады.
ЖЕҢІСТІҢ 65-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СУРЕТТЕР МЕН ПЛАКАТТАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ САЙЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
- Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған суреттер мен плакаттар сайысын өткізу туралы ереже сайыстың мақсаты мен міндетін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, іріктеу критерияларын, қатысушылар құрамын анықтайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттайды.
- Суреттер мен плакаттар сайысы «Жеңіске дейін 65 күн бар» еске алу кезегінің шеңберінде өткізіледі.
- Сайыстың ұйымдастырушысы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып табылады.
- Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған суреттер мен плакаттар сайысын өткізу туралы ереже сайыстың мақсаты мен міндетін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, іріктеу критерияларын, қатысушылар құрамын анықтайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттайды.
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
- Байқаудың мақсаты фашист халқымен күресу үлгісінде азаматтылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.
- Байқау төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:
- Байқаудың мақсаты фашист халқымен күресу үлгісінде азаматтылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.
- балаларды еліміздегі тарихи оқиғаларды шешуге қатыстыру;
- сезімтал ортаны дамыту, Ұлы Отан соғысының ерлерімен бірге сезінуді қалыптастыру;
- балалардың оқиғаларға, құбылыстарға, адамдардың іс-әрекеттеріндегі руханилылыққа, Республика азаматы мен қазақстандық халықтың ерлік әрекеттеріне танымдық қызығушылықпен қарауға ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
- Байқауға бастауыш мектеп оқушылары және негізгі мен орта мектеп оқушылары қатыса алады.
- Байқау үш ересек топтарында өткізіледі:
- Байқауға бастауыш мектеп оқушылары және негізгі мен орта мектеп оқушылары қатыса алады.
- 7-ден 10 жасқа дейін
- 11-ден 14 жасқа дейін
- 15-тен 18 жасқа дейін
- БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ
- Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
- Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – Байқау білім беру мекемесі деңгейінде өткізіледі. Өткізілу мерзімі 2010 жылдың 1 мамырына дейін. Байқаудың өткізілу тәртібі 1 кезеңде білім беру мекемесінің әкімшілігі анықталады.
2 кезең – қалалық. Әр білім беру мекемесі әр жас санатына қарап ең үздік 1 жұмысты (сурет және плакат) шығарады. Өткізілу мерзімі 2010 жылы мамырдың 3 мен 6-на дейінгі аралық.
4.2. Шығармашылық жұмыстар 2010 жылдың 3 мамырынан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
5. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘРЛЕНУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1. Жұмыстар патриоттықты қалыптастыруға, өз Отанын, халқын мақтаныш етуге, Қазақстан Республикасының маңызды тарихи оқиғаларына қатысуға, әлемге насихат жүргізуге бағытталуы тиіс. Сайыстық жұмыстарды қарастыру барысында авторлық идея ескеріледі. Ойлап шығарылған мөртабандардан аулақ болу ұсынылады.
5.2. Байқауға қатысушылар гуашь, акварель, жапсыру, аралас техникасында орындалған суреттер мен плакаттарды көрсетеді. Плакаттын көлемі – А2, А3. Суреттер А4 көлеміндегі сурет салуға арналған қалың ақ қағазға салынады.
5.3. Жұмыстың келесі жағының жоғары оң жақ бұрышында автор жайлы ақпарат жазылады. Яғни, білім беру мекемесінің атауы, сынып, автордың аты-жөні (толығымен), жасы, мұғалімнің аты-жөні (толығымен) көрсетіледі.
5.4. Шығармашылық жұмыспен бірге бекітілген өтінімнің үлгісі (ереже, 1 форма) беріледі.
5.5. Жұмыстарды бағалау барысында шығармашылық әдістердің қолданылуы, өзіндік ойдың болуы, орындау техникасы, композиция, тақырыптың атауы, түрлі-түсті гамма, орындалу сапасы ескеріледі.
5.6. Байқауға ұсынылған материалдар ережеге сәйкес келмеген жағдайда сайысқа жіберілмейді.
- ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
6.1. Байқау жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталады.
6.2. «Ең ашық сурет», «Ең әдемі әрленген плакат» номинациялары бекітілген.
6.3. Байқауда жеңімпаз атанған, сондай-ақ номинант болған оқушыларды дайындаған педагогтар білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталады.
6.4. Байқаудағы жеңімпаздардың жұмыстары алдағы уақытта сатылмайтын көрме суреттері (байқауды жарнамалау мақсатында, әдістемелік және ақпараттық басылымдарды, катологтарға жиын ақпараттарының құралы ретінде орналастыруға, полиграфиялық өнім ретінде қолдануға) мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
6.5. Жеңімпаздарды анықтау жайлы шешім 2010 жылдың 9 мамырына дейін қабылданады.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ЖӘНЕ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
7.1. Байқаудың комиссиясы ұйымдастырушылар және қатысушы мамандар – көркемөнер және әрлеу саласындағы тәуелсіз сарапшылар ішінен қалыптастырылады.
7.2. Сайыстың ұйымкомитеті мына мекенжай бойынша орналасқан: 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 154, 314 каб. (Қостанай қ. әкімдігінің юілім бөлімі). Жауапты адам – тәрбие ісі жөніндегі білім беру бөлімінің әдіскері. Байланыс телефоны: 50-42-97, e-mail: ivanova@goruo.kostanay.kz
«ЖЕҢІС, САЛЮТ!»
МӘНЕРЛЕП ОҚУ ҚАЛАЛЫҚ САЙЫСЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Мәнерлеп оқу сайысы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшылығымен және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 65 жылдығына орай өткізіледі. Әңгімені оқу барысында міндетті түрде бейне-музыканың және әрленген киім үлгісінің болуы тиіс.
- САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
- Азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, өз елінің өткен өміріндегі тарихи оқиғаларына қатынасуды қалыптастыру.
- Мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Әдеби шығармашылықта өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі ұғынуды оятатын орта ұйымдастыру.
- Азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, өз елінің өткен өміріндегі тарихи оқиғаларына қатынасуды қалыптастыру.
- САЙЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ
Сайыс 2 кезеңде өтіледі: 1 кезең – мектептік, 12.04-24.04.2010 ж
2 кезең – қалалық, 03.05-07.05.2010 ж
Сайыстың қалалық кезеңі Қалалық балалар шығармашылық мектебінде өткізіледі.
- САЙЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
Сайыс ересек топтар бойынша мектептерде өткізіледі: 5-6, 7-8, 9-11 сынып арасында.
Әр мектеп сайысқа ересек тобынан мектептің әділқазылар мүшесінің шешімімен бекітілген ең жақсы мәнерлеп оқитын 1 оқушыны жібереді.
- БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЯЛАРЫ:
- көркем сөз оқу деңгейі;
- әңгіменің идеясын іске асыру;
- музыка мен костюм үлгісінің болуы.
- ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
Сайыстың жеңімпаздары ҚалББ мақтау қағазымен марапатталады.
Ресми өтінішдер төмендегі нысанда мекенжай бойынша жіберілсін: Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі, әдістемелік кабинет, әдіскер В.Г.Михайленкоға, 28.04.2010 ж дейін.
«Жеңіс, солют!» атты мәнерлеп оқу қалалық сайысына қатысуға арналған өтінім
Оқушының аты-жөні | Мектебі, сыныбы | Мұғалім | Әңгіменің атауы және авторы | Қажетті құралдар, бағдарламалар |
| | | | |
Мектеп директоры:
Тамыз
август
«МЕКТЕП АУЛАСЫ - 2010» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
- оқушылардың еңбектік, эстетикалық мәдениеті мен экологиялық санасын дамыту және қалыптастыру;
- қоршаған ортаны қорғау ортасында оқушылардың ғылыми және практикалық білімдері мен дағдылар жүйесін қалыптастыру, мектеп жанындағы аймақты жасылдандыру және көріктендіру жөніндегі іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы экологиялық салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- оқушының экологиялық көзқарасы мен азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;
- оқушылардың экологиялық және денсаулық сақтау құзырылықтарын қалыптастыру.
- БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Байқауға жалпы білім беру мектептері, бөбек-жай бақшалары қатыса алады.
3. ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ
Қалалық байқау 2010 жылы тамыздың 2 мен 6 аралығында өтіледі.
Байқауға қатысу өтінімін 2010 жылдың 18 маусымына дейін ҚалББ әдістемелік кабинеті З.Н.Садвакасова әдіскеріне баспа түрінде және bio@goruo.kostanay.kz электрондық поштасы арқылы жіберілсін.
- БАЙҚАУ МАЗМҰНЫ
Байқау барысында:
а) жоспарлаудың үнемі түрінің элементтері: гүлбақшалар, жиектер;
ә) гүлдер мәдениетінің қосындысы;
б)безендірудегі ландшафт түрінің элементтері: альпі таушасы, су қоймасы, тігінен жасылдандыру;
в) аймақтың санитарлық-экологиялық жағдайы;
г) композициялық безендіру;
ғ) безендірудің әдемілілігі;
е) мекеме орнының сыртқы түрі;
ж) мектеп аймағындағы қорщаулардың сыртқы түрі;
з) отырғызылған ағаштардың түрлері.
- ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
- Байқау жеңімпаздары «Мектеп ауласы» қалалық байқау-сайысы туралы ережесіне қойылатын талаптарға сай анықталады.
- ҚалББ мақтау қағазымен, сондай-ақ «Инвент-плюс» демеулік фирмасымен марапаттау рәсімі биология және химия мұғалімдерінің секциясында өтіледі.
- БАЙҚАУДЫҢ ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
З.Н.Садвакасова – Қостанай қаласы әкімдігінің ББ әдіскері, қазылар алқасының төрайымы.
А.Б.Сұлтанова – Қостанай қаласы әкімдігінің ББ әдіскері.
Л.М.Музычко – ҚМПИ биология кафедрасының доценті.
Т.Г.Мусина – биология мұғалімдерінің қалалық ӘБ жетекшісі.
«Инвент-плюс» фирмасының өкілдері
- ӨТІНІШТЕРДІ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
Байқауға беретін өтініш пен байқау материалдарын (мектеп жанындағы аймақтың электрондық презентациясы СD дискісінде болуы керек) төмендегі нысан бойынша (ҚалББ әдіскері З.Н.Садвакасоваға 18.06.2010 жылға дейін) тапсырылсын:
«Мектеп ауласы - 2010» қалалық сайысына қатысуға берілетін өтінім
Білім беру мекемесі | Мектеп жанындағы аймақ жетекшісінің аты-жөні, білімі мен қызметі | Мектеп жанындағы аймақ жайлы қысқаша сипаттама |
| | |
Мектеп директоры:
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СТАНДАРТТЫҢ ОЙЛАУ-ҚИСЫНЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІ ЕҢ ҮЗДІК ДИДАКТИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік жалпы міндетті жаңа стандартына көшуде мектепке дейінгі мекеменің мазмұны мен өмірдегі іс-әрекеттерін түрлендіруді талап етеді.
Көрме-жәрмеңкесі педагог ұжымдардың, мектепке дейнгі мекемелердің қызметкерлері, әдіскерлері және басқа да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің өзін-өзі жүзеге асыруына әрекет етуге, олардың Жаңа стандартының қазіргі заманға сай базасын дайындау бойынша қызықты табыстарын, идеяларын көрсету мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шығарылған.
- МАҚСАТТАРЫ:
а) мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогикалық үрдісін қазіргі заманға сай дидактикамен қамтамасыз ету жөніндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен шағын-орталық педагогтарының инновациялық тәжірибесін көрсету және түсіндіріп тарату;
б) мектепке дейінгі білім берудің мәртебесін жаңа МЖМС-2008 енгізу жағдайында талап етліген зияткерлік-шығармашылық өнім – дидактикалық материалды көрсету арқылы көтеріледі.
- МІНДЕТТЕРІ:
- Мектепке дейінгі білім беру педагогтарын МЖМС-2008 талаптарына жауапты, жаңа дидактикалық базаны жасауға қызығушылықтарын арттыру;
- Шағын-орталық, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық үрдісін дидактикамен қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымары қызметкерлерінің инновациялық тәжірибелерін анықтау және тарату;
- Мектепке дейінгі тәрбиеде және оны арттыру сапасында инновациялық тәжірибе мен идеяны анықтайтын жаңашыл мектепке дейінгі білім беру кені ретінде көрме технологиясын дамыту.
- Мектепке дейінгі білім беру педагогтарын МЖМС-2008 талаптарына жауапты, жаңа дидактикалық базаны жасауға қызығушылықтарын арттыру;
- КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
а) мектепке дейінгі ұйымдар, шағын-орталықтар;
б) мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталықтардың педагогтары
- БАЙҚАУ МАТЕРИАЛЫН КӨРСЕТУ НҰСҚАЛАРЫ (ТАҢДАУ БОЙЫНША):
5.1. Мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық деңгейінде:
- «Денсаулық» білім беру саласында 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі;
- «Коммуникация» білім беру саласында 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі;
- «Таным» білім беру саласында 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі;
- «Шығармашылық» білім беру саласында 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі;
- «Әлеумет» білім беру саласында 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі;
5.2. Мектепке дейінгі және шағын-орталық педагогының деңгейінде:
- 1-ден 3 жасқа дейінгі аралықтағы 5 білім беру саласындағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»)
- 3-ден 5 жасқа дейінгі аралықтағы 5 білім беру саласындағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»)
- 5-ден 6 жасқа дейінгі аралықтағы 5 білім беру саласындағы педагогикалық үрдісті дидактикамен қамтамасыз ету жүйесі («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»)
- КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Көрме-жәрмеңкенің мазмұнында мектепке дейінгі білім беруді жетілдірудің идеялары айқындалуы, жаңа мемлекеттік стандарттар, «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ», «ЗЕРЕК БАЛА», «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» жаңа мемлекеттік білім беру бағдарламалары негізінде жаңаруы тиіс.
- БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дидактикалық материалдар (кестелер, картинкалар, сызбалар, пиктограммалар, үлестірмелі карточкалар, картиналар, үлестірмелі материалдар) қағазға жазылған және электрондық түрде көрсетіледі.
- КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ШАРТТАРЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
8.1. Көрме-жәрмеңкеге қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық топтары, сондай-ақ қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық топтарының педагогтары қатыса алады.
8.2. Қалалық көрме-жәрмеңкесі 2 кезеңде өтіледі:
1 кезең – іріктеу (мерзімі: 2010 жылы тамыздың 9 мен 13 аралығы)
2 кезең – қортыныдылау, тамыздық кеңестің шеңберінде болады (мерзімі: 2010 жылы тамыздың 23 мен 27 аралығы)
8.3. Қалалық көрме-жәрмеңкесіне қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:
- көрме-жәрмеңкесіне қатысу жайлы өтінім қалалық білім беру бөліміне беріледі (мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық немесе мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық топтарының педагогтары)№
8.4. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар қалалық білім беру бөлімінің сарапшылар кеңесі мен БҚБА және ҚДИ сарапшылар кеңесінен қорытынды шығаруға және рұқсат қағазын алуға ұсыныс алуға құқылы.
- КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУДІҢ ТҮРЛЕРІ
9.1. Көрме-жәрмеңкесі дидактикалық материалдың көрме-жәрмеңкесін қарастырады;
9.2. Презентацияның уақыты – 7 минутқа дейін
- МАТЕРИАЛДАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЯЛАРЫ:
10.1 Дидактикалық материалдарды бекіту үшін төмендегі критериялар бекітілген:
- Жаңалық;
- өзіндік;
- этномәдениеттілік;
- жүйелілік;
- технологиялық;
- полифункционалдық;
- практикалық құндылық;
- эстетикалық.
- КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҚОРТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
11.1. Көрме-жәрмеңкесінің қазылар құрамына Қостанай қаласының ЖОО-ның оқытушылары, білім беру бөлімінің қызметкерлері кіреду.
11.2. 1,2,3 орынға ие болған ең әдемі дидактикалық материалмен қамтамасыз еткен авторлар (мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық топтарының педагогтары) білім бөлімінің мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
11.3. 1 орынға ие болған ең әдемі дидактикалық материалмен қамтамасыз еткен авторлар (мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын-орталық топтарының педагогтары) облыстық көрме-жәрмеңкесінің қатысушысы болып табылады.
қыркүйек
сентябрь
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАРУСЕЛЬ»
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
7-8 сыныптар
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
Математикалық карусель – бұл екі немесе одан да көп топтардың математикалық есептерді шешу жарысы. Әр топқа екі үстел беріледі: біріншісі-бастапқы және екіншісі-есеп беру. Барлық топ мүшелері өзінің бірінші (алғашқы) үстелдеріне отырады және карточкадағы №1 есептің шартын алады. Есепті шығарған топ, карточканың келесі жағына есеп жауабын жазып, оны топтың бір мүшесі қазылар алқасына ұсынады. Әділ қазылар ұсынылған жауапты дұрыс жауаппен тексеріп, жауаптың дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, жауапты ұсынған топ мүшесіне есеп берудің №1 есебін береді, топ мүшесі есепті алып екінші (есеп беру) үстеліне отырады, ал алғашқы столда отырған қалған топ мүшелеріне №2 есеп беріледі. Сонымен қатар жауап ұсынған топ мүшесі бірінші немесе екінші столдың (өзіне қатысты топтың) барлық мүшелерінен кейін шешімді беруге құқылы. Яғни іс-әрекет карусельдегі сияқты бірінен соң бірі болып жалғасып отырады. Есеп беру үстеліне түскен қатысушылармен де ойын осылай жүргізіледі (дұрыс жауап берілгеннен кейін). Есеп беру үстелінде дұрыс жауап бермеген топ мүшелері алғашқы үстелге қайтып келеді. Әрі қарай «карусель» бойынша...... Алғашқы үстел (бастапқы тапсырмалар) саны-14. Есеп беру тапсырмаларының саны-20.
- МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАРУСЕЛЬДІҢ АЯҚТАЛУЫ.
Карусельге 2 сағат жұмсалады. Егер алғашқы тапсырмалар аяқталса, онда бірінші үстел мүшелері үшін карусель аяқталады. Сәйкесінше екінші топ үшінде (бұл өте сирек болып тұрады).
- БАЛЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУ.
Әр шешімін тапқан есеп үшін 3 балл беріледі. Егер қатарынан бірнеше дұрыс жауаптар ұсынылса, онда әр қатарынан берілген дұрыс жауаптар үшін 1 балл қосылады. Ұқсасынша, әр қате жауап үшін 1 (қосымша) балл алынады. Мысалы, қатарынан ұсынылған дұрыс жауаптар үшін: №1 есеп– 3 балл, №2 – 4 балл, №3 – 5 балл, №4 – 0 балл (қате жауап), №5 –4 балл (болған саннан бір балл төмен),жауаптың дұрыстығы мен қателігін байқап балл қойылады. Сондықтан да дұрыс шешімін тапқан есеп саны үшін әртүрлі балл санын жинауға болады. Есеп беру үстелінен баллдар тек дұрыс жауапқа беріледі.
- ҚАЗЫЛАР.
Әділ қазы матеметикалық карусельдің ережелерін талқылайтын жоғарғы жақ болып табылады. Ережелерде қарастырылмаған жағдайда, шешімді өздері қабылдайды. Қазылар алқасының қабылдаған шешімі топ мүшелері үшін міндетті болып табылады.
Әділ қазы тәртіпті қадағалайды. Ол топты тартіпсіздіктері үшін, басқа үстел топтарының мүшелерімен қарым-қатынас жасағаны үшін жазалай алады.
- КӨРЕРМЕНДЕР.
Әділ қазылар рұқсатымен жарыс барысы көрермендердің қадағалауына болады: оған ойындағы топ мүшелері мен әділ қазылардан басқасы жатады. Көрермендердің топтармен қарым-қатынас жасауға, жарыс барысын өзара талқылауға немесе ойынның өткізілуіне кедергі жасайтын әрекеттер жасауға құқысы жоқ. Бұл ережелерді сақтамаған көрермен әділ қазы шешімімен математикалық карусель орналасқан жерден кетуі тиіс.
- ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ.
Орын жинаған балдарға байланысты анықталады. Балл саны бірдей болған уақытта көп есеп шешкен топ женімпаз атанады. Жоғарыда келтірілген белгілермен орынды анықтай алмайтын жағдайларда орынды бөледі.
- КОМАНДАДАҒЫ МҮШЕЛЕР САНЫ – 6 АДАМ.
7-8 сыныптардан 3 қатысушыдан. Жоғарғы сынып қатысушыларын төменгі сынып қатысушыларымен алмастыруға болады (керісінше болмайды). Егер топ алты мүше жинай алмаса, қазылар алқасы топты ойынға кіргізбеуге құқылы.
қазан
октябрь
«КЕМПІРҚОСАҚ БОЙЫНША САЯХАТ» КІШІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОНЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
(3-4 сынып)
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» зияткерлік марафоны бастауыш мектептегі зияткерлік аясында оқушылар тұлғасының оқу-қисынды қабілеттерін және дағдыларын дамытуға бағытталған.
- МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық зияткерлік марафоны өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін анықтау және қолдау;
- бастауыш мектеп оқушыларының жалпы білім беру деңгейлерін арттыру;
- өз білімдерін оқу пәндерінің түрлі шеңберінде қолдану қабілеттерін дамыту;
- қабілеттерін көрсету мүмкіндіктерін ұсыну;
- бастауыш мектеп оқушыларының қисынды ойлауларын дамыту бойынша оқу орындарының іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
- оқушылардың оқу пәндеріне деген танымдық іс-әрекеттерін белсендіру және қызығушылықтарын арттыру;
- коммуникативті сапаларын арттыру;
- ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафоны төрт кезеңде ҚБШМ-де өтеді (1 рет бейсенбі сайын).
- МАРАФОНДЫ ӨТКІЗУ ЖЕТЕКШІЛІГІ.
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» марафонын өткізудегі жалпы жетекшілік «Дарын» қалалық орталығымен жүзеге асырылады.
- БАҒА КРИТЕРИЯСЫ
Тапсырмаларды дұрыс орындалу саны бойынша бағалау жүргізіледі.
Тапсырмаларды орындау барысында балалар келесідей білім мен қабілет көрсетуге тиіс:
- Салыстыру, сараптау, тарату, түйін жасау;
- Қисынды байланыс және заңдылық орнату;
- Жаңаша жағдайдарда пәндік білім көрсету;
- Қоршаған әлем туралы жеткілікті білім көрсету.
- МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафонына «Дарын» қалалық орталығында №1 нысан бойынша (қоса беріледі) 2009 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей өздерінің қатысатындары туралы өтініш білдірген 6 адамнан тұратын оқушылар командасы қатысады. Өтініштер daryn@goruo.kostanay.kz электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.
- БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ
Марафон қазылары негізгі сұрыптаушы орган болып есептелінеді. Ол бағалар критериясын жасайды және балалармен орындалған тапсырмалар нәтижесін бағалайды, марапаттау ұсыныстарын дайындайды. Мектеп тарапынан жіберілетін бақылаушылар. Қазылар құрамына «Дарын» қалалық орталығының мүшелері, Қостанай қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімінің өкілдері, сонымен қатар ғылым өкілдері кіреді.
- ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ
Марафон қорытындысын жасау және жеңімпаздарды марапаттау марафонның 4 кезеңі бойы жинаған балл көлемінде өткізіледі (1, 2, 3 орын).
Жеңімпаз командалар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «Дарын» қалалық орталығымен марапатталады.
Барлық командаларға қатысушы сертификаты табысталады.
«Эрудит»ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫН
ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
- МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
- Ойыншылардың кең ой өрісін, білімдарлығын дамыту.
- Үлгіден тыс жағдайларда мектеп білімін қолдана білу.
- Қисынды тізбектерді тез құрып, ақпаратты талдап, нәтиже шығара білу.
- Энциклопедиялық және басқа әдебиеттермен жұмыс жасай білу, негізгісін, тезистерін, аннотацияларын таба білу.
- Тез тіл тапқыштықты, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
- Сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білу, өз ойынды логикалы дұрыс жеткізе білу.
- МАЗМҰНЫ:
Қатысушыларға әртүрлі алғашқы дерек көздерімен (анықтамалар, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, Internet және т.б.) жұмыс істей отырып, шешуі керек болатын мәселелер аясы беріледі.
Сұрақтарға мектеп курсында оқытылатын барлық пәндер спектрларымен қатар басқа ғылымдарды енгізіледі: медицина, экономика, космос, өнердің, мәденеттің әр түрлі бағыттары және т.б.
- ҚАТЫСУШЫЛАР:
Зияткерлік ойынға 5-11 сынып оқушылары қатысады. Топ құрамында 4 оқушыдан 6 оқушыға дейін болады.
- ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
Ойын ай аралық жарыстарды өткізуге ұйғарылған. Финалға (мамыр) барлық жарыстар қортындысы бойынша жоғары балл алған топтар шақырылады.
- ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:
1.Топта 4–тен 6 оқушыға дейін қатысады (жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптары).
2.Топтар ойын үстелінің белгіленген нөмір тәртібімен сұрақтарды (тапсырманың тақырыбы мен түрі) таңдайды.
3.Ойын үстелдерінің нөмерлері топтардың алдыңғы ойында алған орындарына сәйкес болады.
4.Ауызша (мезгілінен бұрын) жауапты тапсырманың тақырыбы мен түрін таңдаған топ бере алады. Қалғандары фирмалық қағазда жазбаша береді.
5.Жазбаша жауапта–сауаттылық, ал ауызшада сөйлеуі бағаланады.
6.Жауапты сұрақты талқылауға уақыт жібергеннен кейін беруге болады.
7.Сұрақты талқылау уақыты – 1 минут, қалған 10 секунд дыбыс сигналымен қоса беріледі, ол аяқталғаннан кейін жауап қабылданбайды.
8.Фирмалық қағаздар ойыншыларға дұрыс жауап пен осы сұрақтың бағасы хабарлағаннан кейін қайтарылады.
9.Сұрақ құны ойынға қатысқан топ санына және сәйкесінше олардың жауаптарының дұрыстығына қарай бағаланады.
10.Сұрақты талқылаған уақытта өзінің терілген немесе қолдан жазған конспектсін қолдануға болады. Кітап, журнал және тағы басқа басылымдарды қолдануға қатаң түрде тиым салынады.
11.Жауап тапсырманың тақырыбы мен түріне, грамматикалық ережеге сәйкес болуы керек.
12.Бұл ережелерді бұзған үшін жаза қолданылады. Жоғарыда көрсетілген бір ереже бұзылған уақытында сұрақ бағасына қарай айып салынады. Ережені қайта бұзғаны үшін маусымның соңына дейін дисквалификация жүргізіледі.
13.Аудиторияда әрқашан тәртіп пен тыныштық болуы керек.
- СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Сұрақ тақырыбы жауап іздейтін жауап аясын белгілейді, ал тапсырма түрі жалғыз дұрыс жауапты айыруға көмектеседі. Жалпы сұрақ бірнеше сөйлемнен тұрады:
1 тапсырма тақырыбына негіз болған оқиға;
2 тапсырма түріне қарай қисынды операция туралы бір-екі сөз;
3 жауап беруді талап ететін нақты сұрақ.
Осының бәрін есепке алып, қатысушылар нақты дұрыс шешімді табады. Адамзаттың барлық білімі жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша 37 тақырыпқа бөлінеді. Қисынды ойлау немесе жақсы білім негізі болса жауап алуға болатын осы тақырыптар бойынша сұрақ дайындалады. Сұрақтың барлық 26 түрі болады: ауызша тапсырма, білім мен қисынға қатысты сұрақтар.
Тақырыптар: | |||
Астрономия | Спорт | Табиғат | Экономика |
География | Ән, би | Өсімдіктану | Мемлекет |
Информатика | Кино, TV | Зоология | Әскери іс |
Тарих | өнер | Жыртқыштар | Дін |
Әдебиет | Коллекция | Жәндіктер | Әдеп |
Математика | Адам тұрмысы | Өрмекшілер | Жантану |
Физика | Техника | Балықтар, амфибия | Экология |
Химия | Ғарыш | Рептилия | Медицина |
Тіл | | Құстар | Адамтану |
| | Бауырмен жорғалаушылар | Адам |