«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Вид материалаДокументы

Содержание


Қорытынды жасау және женімпаздарды марапаттау
1. Жалпы ереже.
3. Байқауды өткізу мен ұйымдастыру
4. Байқау материалының мазмұны
5. Байқау қазылары
6. Қорытынды жасау
«білім беру үрдісіндегі іt технологиялары»
Ii. байқаудың міндеті
Iv. байқаудың жұмыс органдары
V. байқаудың өткізілу мерзімі мен тәртібі
Vi. байқау мазмұны
Сайыс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі.
Мұғалімдер төмендегі оқытудың негізгі қағидаларын жүзеге асыра алады
Мұғалімдер ұсынған оқытудың әдістемесі мен әдісінің пайдалану технологиясы
Жоспарлау жүйесі
ЭБК ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іріктеу сайысының крийтериялары
Vii. байқауға берілетін материалдардың ұсынылу тәртібі
DVD дискілерде
Viii. жеңімпаздарды марапаттау тәртібі
Өткізу туралы
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36


Тақырыптар мен тапсырмалар барлық оқу жылына алдын ала дайындалынады. Ойын айына бір рет өткізіледі, 15 сұрақ ойналады (5 түрлі тапсырмаға 3 тақырып). Іріктеу ойынында барлық топтар жас ерекшіліктері мен білім деңгейлеріне қарамастан бірдей шартта қатысады. Содан кейін топтар сұрақтардың күрделілігі мен әр түрлі санына қарай лига бойынша құрылады.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕНІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

«Эрудит» ойының женімпаздарын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады. Ең жоғары балл жинаған ойыншы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады.


«ҚАЗАҚСТАНЫМ, ДЕП ӘН САЛАМЫН!» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.

«Қазақстаным, деп ән саламын!» қалалық музыкалық байқау қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін өткізіледі.


2. МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:

а) музыка мұғалімдерін өз шеберліктерін іске асыруға деген оңды құлшыныстарын қалыптастыру;

б) өскелең ұрпақты вокал өнеріне деген өзіндік іске асыру мен өз ойларын білдіруге түрткі болатын орта құру;

в) өз халқының мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүрі мен наным-сенімдеріне деген қызығушылықтарын дамыту;

г) оқушылар дарындылығын анықтау.


3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ:

Байқау екі айналымнан тұрады.

1 айналыммектептік жасерекшеліктеріне байланысты топтар бойынша 2010 жылдың 8 қазанына дейін.

1-4 сыныптар; 5-8 сыныптар; 9-11 сыныптар.

Бір үздік қатысушыны қалалық байқауға қатыстыру мектептік қазылар шешімімен іске асырылады.

2 айналымқалалық, 2010 жылдың 21-22 қарашасы аралығында.

Байқауға оқушының аты-жөні көрсетілген өтініш, сынып, мұғалім, автор және музыкалық шығарманың атауы ұсынылады. Өтініштер 2010 жылдың 15 қазанына дейін №306 Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне жіберіледі.


4. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Байқау материалы «Қазақстаным деп ән саламын!» музыкалық байқаудың атауымен үндесуі қажет. Музыкалық материалды дискіде немесе аудиокасетада тапсырған жөн. Музыкалық материал минус фонограммасында орындалады.


5. БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ

Қалалық байқау қазылары төрағадан және 3 қазылар мүшесінен тұрады.

Қалалық байқау қазыларының төрағасы:

- байқау бағдарламасын жасайды және құрайды;

- қазылар жұмысын ұйымдастырады және бағалау критерияларын анықтайды.

Қазылар дайындық деңгейін, вокалдық шеберлігін, идеяның іске асырылуын бағалайды. Номинациялар бойынша үздік орындаушыларды белгілейді және байқаудағы орындарды анықтайды.


6. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ

Музыкалық байқау жеңімпаздары мен олардың педагогтары 1, 2, 3 орындар мен номинациалары үшін Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.


ҚАРАША

НОЯБРЬ


«БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ІT ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»

ҚАЛАЛЫҚ САЙЫС ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


І. БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ
  • Мұғалім мен сынып жетекшілердің АКТ кәсіби дамытуға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби қатынас ауқымын кеңейту мен себеп беру және шұғыл критериялары бойынша басқарудың сапасын арттыруға арналған ақпараттық-коммуникативтік технологияларын (АКТ) пайдалануға ынталандыру;
  • Басқарудың сапасын арттыруға әсер еткен АКТ пайдалану арқылы енгізілген ең үздік жобаларды анықтау;
  • АКТ-дарынды жетекшілерін, АКТ-педагогтарын анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру;
  • АКТ пайдаланудың ең нәтижелі үлгілерін тарату және таралымдау;
  • Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және түсіндіру;
  • Педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру;
  • Мұғалімдер мен оқытушылардың білім беру үрдісінде қазіргі заманға сай ақпараттық-каммуникативтік технологияларды қолдануға ынталандыру,
  • Сабақта АКТ пайдаланудың әдіс-тәсілдерін, жаңа стратегияларын іздеу

II. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТІ
    • Білімді дамыту мен басқарудың сапасын жақсартуға арналған АКТ пайдаланудың ағымдағы деңгейін анықтау;
    • Есеп беру және шұғыл критериялар негізінде басқарудың сапасын арттыру үшін АКТ пайдаланатын сынып жетекшілер рейтингісін анықтау.
    • Білім беру ұйымдары АКТ пайдалану саласында шешім қабылдауға әсер етуші факторлар жайлы ақпараттар жинағы;
    • Басқарудың сапасын арттыруға әсер еткен АКТ пайдалану арқылы енгізілген ең үздік жобаларды анықтау және бағалау.

ІІІ. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Байқауға барлық түрдегі білім беру ұйымның жетекшілері,мұғалімдері педагог ұйымдары қатыса алады.мектептен ұсынылған жұмысшылар шектелмейді.

IV. БАЙҚАУДЫҢ ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫ

4.1. ҚалББ бұйрығының негізінде «Білім беру үрдісіндегі IТ-технологиялары» қалалық сайысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырылған жұмысты үйлестіру және жүзеге асыру үшін әділ қазылар құрамы анықтайды.

4.2. Байқаудың қалалық ұйымдастыру комитеті:

- байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- «Білім беру үрдісіндегі IТ-технологиялары» қалалық байқауының қорытындысын талдайды және жалпылайды.

- ақпараттық жарнаманы білім беру бөлімінің қалалық сайты арқылы жүзеге асырады.

4.3 «Білім беру үрдісіндегі IТ-технологиясы» қалалық байқаудың қазылар алқасы:

- инновациялық жобаларды бағалаудың критерияларын әзірлейді;

- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөліп таратады.

V. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

Байқау 2010 жылы қарашасының 1-26-сы аралығында екі кезеңде өткізіледі:
  1. кезең – сырттай, іріктеу

Сырттай кезеңде оқу орындарының саны шектеусіз жұмысты көрсетеді және 2010 жылы қарашаның 1-19 аралығында өткізіледі.
  1. кезең -күндізгі

Күндізгі кезең 2010 жылы қарашаның 22 мен 26 аралығында өткізіледі. Күндізгі кезеңде секция (номинация) бойынша сайыстық жұмыстар өткізіледі.

Ұйымкомитеті номинация бойынша секция жұмысының басталу уықытын белгілейді және көпшілік алдында қорғау үшін іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша сайыстық жұмыстың жеңімпаз-авторларын шақырады.

Қорғау кезінде білім беру мекемесінің өкілдері қатысуына болады. Қорғау жұмыстары секцияның (номинацияның) барлық қатысушыларының қатысуымен өтіледі.

Сайыскер сайысқа келмей қалған жағдайда оның жұмысы қаралмайды,өйткені қорғау жұмысы сайыс рәсімінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

Байқаудың қатысушысына ауызша әңгіме мен жұмысты көрсетуге 7 минут регламент беріледі.

Секцияға қатысып отырғандардың барлығы қазылар мүшелерімен бірге қатысушыға сұрақ қоя алады.

VI. БАЙҚАУ МАЗМҰНЫ

Байқау барысында ұжым аралығында білім беру ұйымдарында жоғары кәсіби рейтингі бар шығармашыл жұмыс істейтін педагог ұжымдары, жетекшілер, педагогтар анықталады.

Байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы талапкерлерді төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

- АКТ негізіндегі кәсіби шеберлігі, ақпараттық құзіреттілік және жеке қасиеттер шығармашылығы және т.б

- мұғалімдер мен жетекшілердің жұмыс жүйесі және оның АКТ арқылы басқару;

- АКТ негізінде басқару әрекетінің тиімділігі мен нәтижелілігі.

Сайыс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі.

1. «Интерактивті құралдарды пайдалану арқылы өткізілген ең үздік сабақ номинациясы.

«Интерактивті құралдарды пайдалану арқылы өткізілген ең үздік сабақ »

номинацияларда оқушыларға білім беру және тәрбиелеу жұмыстарында интерактивті құралдарды пайдалану және инновациялық технологияларды қолданған Қостанай қалаларындағы білім беру мекемесінің барлық түрінде жұмыс істейтін педагог- қызметкерлер, оқытушы-мұғалімдер қатыса алады.

Мұғалімдер төмендегі оқытудың негізгі қағидаларын жүзеге асыра алады:

-ғылыми;

-қол жетімді;

-көрнектілік;

-жас және жеке ерекшеліктерді ескеру;

-өмір және практикамен байланыс;

-жүйелілік.

Мұғалімдер ұсынған оқытудың әдістемесі мен әдісінің пайдалану технологиясы:

-сабақта жаңа әдістеме мен технологияларды пайдалану ;

-қарастырылған нақты мақсаттар мен міндеттердің болуы;

-іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін оңтайлы таңдау;

-оқу үрдісінің әр сатысының нәтижелі болуы;

Қызметкерлік даму сипаттамасы:

-әр оқушының белсенді танымдық іс-әрекетке қосылуы;

-тиімді жағдай жасау;

-мұғалім мен оқушылар және оқытушының өзара бірлестігін қамтамасыз ету.

2. «Ең үздік IТ-менеджр» номинациясы.

«Ең үздік менеджр» номинациясында ұжымдар аралығындағы білім беру ұғымдардағы жоғарғы кәсіби рейтінгі бар шығармашылық жұмыс істейтін жетекшілер анықталады.

Талапкер іскерлігі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

-АКТ негізіндегі кәсіби шеберлігі, ақпараттық құзіреттілік және жеке қасиеттер (шығармашылық және т.б)

-Мұғалім мен жетекшінің жұмыс жүйесі және оның АКТ арқылы басқарылуы.

-АКТ негіздеріндегі басқару әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігі.

Байқау жұмысының мазмұны:

-презентация және авторлық тұжырымды (авторлар бағдарламалар мен жобалар, әдістемелер, технологиялар, АКТ негіздеріндегі басқару жұмыс жүйесі, құжаттаманы электрондық түрде жүргізу) қорғау.

Іс жүргізу жүйесі мектеп басқармасының бағдарламалық құралы үшін:
  • мекеменің қызметтері мен оқушының жеке іс-қағаздарын жүргізеді;
  • мекен жай және алфавиттік кітапты қалыптастыруы;
  • іздеу,динамикалық есеп және есеп берудің әрлеу жүйесін пайдалана отырып, есеп берудің кез-келген түрін ұйымдастырады;
  • ОШ стандарттық есептермен,мектеп паспортын сыныптың оқушының жынысы мен құрамы жайлы толықтыруын қалыптастырады;
  • Оқушының карточкасы мен қызметінің жеке іс-қағазын баспаға шығарады;
  • Оқу орындары бойынша бұйрықтың жобаларын жасайды;оқу орнының бұйрықтарының циклограмасын қалыптастырады; мектептегі оқушылар мен қызметкерлер жөніндегі бұйрықтардың электрондық кітабын және оқушының қозғалысын жүргізеді; тағайындалған деректемешілер мен қатысушылар жөніндегі бұйрықтарды тағайындауларды жүзеге асырады;

Жоспарлау жүйесі:
  • Қалыптастырылған мектеп құрылымының негіздерінде оқу және базистық жоспарлар мен сағат сандардан,сыныптың,базалық және мектеп құрылымының тізімін есептейді;
  • Мұғалімнің негізгі және қосымша жүктемелерін бөледі;
  • Атақты және талап етуші фирма кестесін құратын бағдарламалармен бірлесіп, жұмыс жасау барысында сабақ кестесін қалыптастыруға арналған деректерді ұсынады.

Оқушылардың үлгеріміндегі үлгерімді бағалау жүйесі ескеріледі:
  • Мекемеде қабылданған шкаланы баға түрінде;
  • Пайдаланыммен тапсырылған көрсеткіштер негізінде жалпылау көрсеткіштер түрінде ;

Мектепшілік бақылау және аттестатау жүйесі оқу үрдісінің талдауын төменгі критериялар бойынша жүргізеді:
  • Білім мен үлгерімнің сапасын;
  • Оқушы үлгерімінің пайызын;
  • Орташа ұпайларды;

Алынған деректерді пайдалана отырып, оқушының жұмысын кез келген сыныпта, кез келген пән бойынша бақылауға болады. Бұл талдауды сызба және кесте түрінде жүргізуге болады және оны оқушыны сипаттау барысында және мектептегі оқу үрдісі жағдайларын анықтауда пайдалануға болады.

3. «Ең үздік электрондық білім беру кені» номинациясы

Электрондық білім беру кені (ЭБК) арқылы оқыту-әдістемелоік кешендерді (ОӘК) түсінуге болады;олар;

-тәртіп бойынша теориялық материялдар (электрондық оқу құралы, бейнеколекция, ақпараттық-анықтама материялдар)

-практикалық (сарамандық және есептегіш практикалар, практикалық құрал және жетекшілік);

-өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық материалдар (практикалық семинар және сарамандық сабақтарға арналған тапсырмалар жинағы, бақылау жұмысы, өзін-өзі бақылауға арналған тест жұмысы)

-тәртіпке үйретуге, әр түрлі сабақтармен аттестаттауға дайындалту жөнінде оқушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар;

-ОӘК қолдану арқылы сабақтағы ұйымдар бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар;

Оқыту әдістемелік кешен өзіне оқушының қашықтық және басқа да технологияларды қолдануға арналған арнайы әзірленген және өңделген оқу материалының жұмыс жасайтын бағдарламасын ұсыну жолдарымен білімнің бақылау және тренинг жүргізуді қоса оқушының жұмысын ұйымдастыруды және әдістемемен қамтамасыз ету керек.

ЭБК ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іріктеу сайысының крийтериялары:

-ЭБК әзірлеуге берілген сайыс өтінішінің мазмұны атап өтілген жағдайда ОӘК талаптарына сәйкес басқарылуы;

- ұсынылған оқыту-әдістемелік кешеннің оқу-тәртібінің жұмыс бағдарламасының талаптарына сай болуы;

- сайысқа берілген өтініштің ақпараттық-коммуникативтік технологияларын дамыту стратегиялары және олардың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолдануына сай болуы.

4. «Білім беру және ғылыми қызметті қолдану мен қамтамасыз етудің ең үздік автоматтандырылған құралы» номинациясы.

Білім беру және ғылыми қызметті қолдану мен қамтамасыз етудің автоматтандырылған құралы аясында мыналарды түсінуге болады:
    • автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ);
    • оқытудың сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;
    • деректердің электрондық қоры.

Білім беру және ғылыми қызметті қолдану мен қамтамасыз етудің автоматтандырылған құралын ұйымдастыру жөніндегі жобалардың іріктеу саласының критериялары:
    • білім беру және ғылыми қызметті қолдану мен қамтамасыз етудің автоматтандырылған құралын жасауға сайысқа берген өтінімнің мазмұны жоғарыда көрсетілген білім беру және ғылыми қызметті қолдану мен қамтамасыз етудің автоматтандырылған құралының түрлеріне сай болуы;
    • сайысқа берген өтінімніңақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту стратегиясы және олардың білім берук бағдарламаларын жүзеге асыруда қолдануына сай болуы болып табылады.

5. «Ең үздік диагноститкалық құрал» номинациясы

Сайысқа мыналар ұсынылады:
    • электрондық білім беру қорларының ұсыныстары және оларды қолдану негізінде өлшемдік-бақылау материалының топтамасы;
    • оқушының тәрбиелік, даму деңгейін анықтайтын электрондық тест жұмыстары және сауалнамалар.

Материалдарды бағалаудың критериялары:
    • оқытудың мақсатына арналған әзірлемелердің практикалық маңызы;
    • әдістемелік өңдеу деңгейі;
    • материал мазмұнының стилі мен түсініктілігі.

6. «Мұғалімнің ең үздік сайты» номинациясы

Сайттарды бағалау барысында төмендегі критериялар ескерілуі тиіс:
    • әрлеу: өзіндік безендіру, сайтты оқуға болатындай, сайттың барлық стилистикалық толық болуы;
    • интерактивті: адамдармен кері байланыстың әр түрлі формаларының болуы;
    • ақпараттық: ақпараттың өзектілігі, жаңартудың шұғыл және үнемі болуы, сайттардың көрнекілік және мәтіндік материалының сапасы, материалды орналастырудың қисындылығы;
    • инновациялық: жаңа интернет-технологиясын пайдалану (мыс:WEB 2.0)
    • нормативтік, құрылымдық, ақпараттық материалдың, сондай-ақ мұғалімнің қызметін суреттейтін фотографиялық материалдың болуы;
    • мұғалім әзірлеген оқыту-әдістемелік материалдың, пайдалы ақпаратты іздейтін сайттар (оқу жоспарлары, тәртіп бағдарламасы, оқыту-әдістемелік құралы, сарамандық практикумдар, мәтіндік тапсырмалар және т.б)

7. «Мұғалімнің ең үздік портфолиосы» номинациясы

Портфолио – жеке жетістіктің портфелі. Портфолио талап қоюшының нақты кезеңде әр түрлі іс-әрекетте қол жеткізген нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік)

Байқау материалдарын бағалау критериялары:
  • мазмұнның қисындылығы мен кезеңділігі;
  • портфолионың құрылымға сәйкестігі;
  • білім жүйесінің басымдық бағыттарының өзектілігі және сәйкестілігі;
  • ұсынылған материалдың әдістемелік құндылығы;
  • тұлғаның кәсіби өсуін жоспарлау жүйесінің, мақсаттылық орнатудың, жеке және кәсіби тұжырымының болуы;
  • іс-әрекет нәтижелілігі;
  • көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі.

8. «Оқушының ең үздік портфолиосы» номинациясы

Байқау материалдарын бағалау критериялары:
  • мазмұнның қисындылығы мен кезеңділігі;
  • портфолионың құрылымға сәйкестігі;
  • білім жүйесінің басымдық бағыттарының өзектілігі және сәйкестілігі;
  • ұсынылған материалдың әдістемелік құндылығы;

VII. БАЙҚАУҒА БЕРІЛЕТІН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУ ТӘРТІБІ

Байқауға қатысуға берілетін өтінімдер төмендегі көрсетілген нысан бойынша электрондық түрде 2010 жылдың 4 қарашасына дейін Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің пән бойынша әдіскеріне тапсырылсын:

Реттік №

Мектептің



Қатысушының аты-жөні

Пән

Атауы

Номинация

Қажетті құралдар






















Мектептердің сайысқа қатысуға берген жұмыстарының саны шектеусіз. Басқа сайыстарда көрсетіліп, сондай-ақ жүлдегер болып табылған материалдар «Білім беру үрдісіндегі IT-технология» қалалық сайысында қаралмайды.

Байқауға ұсынылатын материалдар баспа түрінде, сайыскердің ақпараттық картасымен бірге CD және DVD дискілерде 2010 жылдың 4 қарашасынан кешіктірілмей пән бойынша әдіскерге тапсырылуы тиіс:

Сайысқа қатысушының ақпараттық картасы

Автордың (авторлардың)аты-жөні




Білім беру мекемесінің атауы




Лауазымы




Педагогикалық өтілі




Біліктілік санаты, оқу дәрежесі (егер бар болса)




Телефон, e-mail




Жұмыстың толық атауы




Номинация




Соңғы 3 жылдағы АТ аясында біліктілігін көтеру (оқыған жері мен уақытын көрсету)





VIII. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

Барлық қатысушыларға сайыскер сертификаты беріледі. Қалалық байқаудың жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.


«Эрудит»ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫН

ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

    1. МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
  • Ойыншылардың кең ой өрісін, білімдарлығын дамыту.
  • Үлгіден тыс жағдайларда мектеп білімін қолдана білу.
  • Қисынды тізбектерді тез құрып, ақпаратты талдап, нәтиже шығара білу.
  • Энциклопедиялық және басқа әдебиеттермен жұмыс жасай білу, негізгісін, тезистерін, аннотацияларын таба білу.
  • Тез тіл тапқыштықты, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
  • Сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білу, өз ойынды логикалы дұрыс жеткізе білу.



  1. МАЗМҰНЫ:

Қатысушыларға әртүрлі алғашқы дерек көздерімен (анықтамалар, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, Internet және т.б.) жұмыс істей отырып, шешуі керек болатын мәселелер аясы беріледі.

Сұрақтарға мектеп курсында оқытылатын барлық пәндер спектрларымен қатар басқа ғылымдарды енгізіледі: медицина, экономика, космос, өнердің, мәденеттің әр түрлі бағыттары және т.б.

  1. ҚАТЫСУШЫЛАР:

Зияткерлік ойынға 5-11 сынып оқушылары қатысады. Топ құрамында 4 оқушыдан 6 оқушыға дейін болады.

  1. ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

Ойын ай аралық жарыстарды өткізуге ұйғарылған. Финалға (мамыр) барлық жарыстар қортындысы бойынша жоғары балл алған топтар шақырылады.


  1. ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:

1.Топта 4–тен 6 оқушыға дейін қатысады (жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптары).

2.Топтар ойын үстелінің белгіленген нөмір тәртібімен сұрақтарды (тапсырманың тақырыбы мен түрі) таңдайды.

3.Ойын үстелдерінің нөмерлері топтардың алдыңғы ойында алған орындарына сәйкес болады.

4.Ауызша (мезгілінен бұрын) жауапты тапсырманың тақырыбы мен түрін таңдаған топ бере алады. Қалғандары фирмалық қағазда жазбаша береді.

5.Жазбаша жауапта–сауаттылық, ал ауызшада сөйлеуі бағаланады.

6.Жауапты сұрақты талқылауға уақыт жібергеннен кейін беруге болады.

7.Сұрақты талқылау уақыты – 1 минут, қалған 10 секунд дыбыс сигналымен қоса беріледі, ол аяқталғаннан кейін жауап қабылданбайды.

8.Фирмалық қағаздар ойыншыларға дұрыс жауап пен осы сұрақтың бағасы хабарлағаннан кейін қайтарылады.

9.Сұрақ құны ойынға қатысқан топ санына және сәйкесінше олардың жауаптарының дұрыстығына қарай бағаланады.

10.Сұрақты талқылаған уақытта өзінің терілген немесе қолдан жазған конспектсін қолдануға болады. Кітап, журнал және тағы басқа басылымдарды қолдануға қатаң түрде тиым салынады.

11.Жауап тапсырманың тақырыбы мен түріне, грамматикалық ережеге сәйкес болуы керек.

12.Бұл ережелерді бұзған үшін жаза қолданылады. Жоғарыда көрсетілген бір ереже бұзылған уақытында сұрақ бағасына қарай айып салынады. Ережені қайта бұзғаны үшін маусымның соңына дейін дисквалификация жүргізіледі.

13.Аудиторияда әрқашан тәртіп пен тыныштық болуы керек.

  1. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Сұрақ тақырыбы жауап іздейтін жауап аясын белгілейді, ал тапсырма түрі жалғыз дұрыс жауапты айыруға көмектеседі. Жалпы сұрақ бірнеше сөйлемнен тұрады:

1 тапсырма тақырыбына негіз болған оқиға;

2 тапсырма түріне қарай қисынды операция туралы бір-екі сөз;

3 жауап беруді талап ететін нақты сұрақ.

Осының бәрін есепке алып, қатысушылар нақты дұрыс шешімді табады. Адамзаттың барлық білімі жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша 37 тақырыпқа бөлінеді. Қисынды ойлау немесе жақсы білім негізі болса жауап алуға болатын осы тақырыптар бойынша сұрақ дайындалады. Сұрақтың барлық 26 түрі болады: ауызша тапсырма, білім мен қисынға қатысты сұрақтар.

Тақырыптар:

Астрономия

Спорт

Табиғат

Экономика

География

Ән,

би

Өсімдіктану

Мемлекет

Информатика

Кино, TV

Зоология

Әскери іс

Тарих

өнер

Жыртқыштар

Дін

Әдебиет

Коллекция

Жәндіктер

Әдеп

Математика

Адам тұрмысы

Өрмекшілер

Жантану

Физика

Техника

Балықтар, амфибия

Экология

Химия

Ғарыш

Рептилия

Медицина

Тіл




Құстар

Адамтану







Бауырмен жорғалаушылар

Адам