«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Вид материала | Документы |
СодержаниеМектеп оқушылары арасында өткiзiлетiн 4. Сайысты өткiзу шарты 5. Редакторлық топ 6. Ктк өткізу мерзімі Наурыз март |
- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі государственное учреждение, 872.88kb.
- Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мм гу «отдел образования акимата города костаная», 1765.39kb.
- Тәсілімен өтететін төмендегі мемлекеттік сатып алуға заңды-құқықтық қабілеттілігін, 656.79kb.
- «организация предпрофильного и профильного обучения иностранному языку», 300.33kb.
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- Программа августовского совещания работников образования, 1912.07kb.
- «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі», 23.57kb.
- План работы центра информатизации и оценки качества образования на 2012 год қостанай, 516.22kb.
- М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі, 254.54kb.
- Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік білім беру мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, 270.54kb.
Тақырыптар мен тапсырмалар барлық оқу жылына алдын ала дайындалынады. Ойын айына бір рет өткізіледі, 15 сұрақ ойналады (5 түрлі тапсырмаға 3 тақырып). Іріктеу ойынында барлық топтар жас ерекшіліктері мен білім деңгейлеріне қарамастан бірдей шартта қатысады. Содан кейін топтар сұрақтардың күрделілігі мен әр түрлі санына қарай лига бойынша құрылады.
- ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕНІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:
«Эрудит» ойының женімпаздарын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады. Ең жоғары балл жинаған ойыншы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКIЗIЛЕТIН
«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» САЙЫСЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
- А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтiң шығармаларын насихаттау;
- Жеке тұлғаның эмоционалдық, эстетикалық сезiмiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту;
- Абай мұраларына, поэзиясына деген сүйiспеншiлiгiн тәрбиелеу;
- Тарихи ойлауын, тұрақты өмiр ұстанымын, адамгершiлiкке бағдар жасауын, азаматтылығын қалыптастыру.
2. САЙЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТIБI:
Сайыс үш номинация бойынша жүргiзiледi:
- «Асыл сөздi iздесең...» Абайдың, Шәкәрiмнiң шығармаларын оқу сайысы.
- Сайысқа қатысушы сайыс басталғанға дейiн жаттаған шығармаларының тiзiмiн берулерi керек. (он тақпаққа дейiн)
- «Құлақтан кiрiп бойды алар» - Абайдың, Шәкәрiмнiң әндерiн, күйлерiн орындау.
- «Сәулең болса кеудеңде» - жас дарындылар сайысы (өз шығармаларын, күйлерiн орындау)
3.ӨТЕТIН ОРНЫ, КҮНI:
2009 жылдың ақпан айында , №2 орта мектеп
Қалалық сайыстың жеңiмпаздары облыстық сайысқа қатыса алады.
4. САЙЫСТЫ ӨТКIЗУ ШАРТЫ:
Сайысқа қазақ тiлiнде оқытылатын жалпы бiлiм беретiн метептердiң 5-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.
Сұраныстар көрсетiлген нысанда 2010жылдың 15 ақпанынна дейiн қалББ қабылданады.
Мектебi | сыныбы | Қатысушы оқушының Т.А.Ә. | Дайындаған мұғалiмнiң Т.А.Ә. | Номинацияның атауы | Шығарманың авторы |
| | | | | |
Мектептен әрбiр номинацияға 1 ғана оқушы қатыса алады, сондай-ақ таңдауы бойынша 1 дана номинацияға қатысуға да болады.
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КТК МЕКТЕП ЛИГАСЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 КТК мектеп лигасы ойыны Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
1.2 Ұйымдастыру комитетінің орналасқан жері – Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі, т. 540711.
1.3 Қаржылық қор демеушілер қаражаты есебінен құрылады.
1.4 Өткізу орны: Қостанай қаласы балалар шығармашылық үйі.
2. МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
2.1 КТК қозғалысының дамуы.
2.2 КТК ойынын оқушылардың шығармашылық іс-әрекет түрлерінің бірі ретінде тарату.
2.3 Шығармашылық ұжымға өз әлеуеттілігін іске асырудың мүмкіндіктерін ұсыну.
2.4 КТК командасының кәсіби деңгейлерін арттыру.
3. ҚАТЫСУШЫЛАР
Қостанай қаласы орта мектептерінің командалары.
4. КОМАНДАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1 Шарттарды бұзғаны үшін қазылар байқаудың жалпы нәтижесіне балл шегереді.
4.2 Қазақстан Республикасы Заңын бақылау, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті мен оның отбасы мүшелерінің ар-намысы мен құндылықтарын қорғау туралы бапты, Тілдер туралы Қазақстан Республикасы Заңын сақтаулары қажет.
4.3 Фонограммалар шағын-дискілерде тапсырылады және қолдану ретімен жазылуы қажет.
4.4 Командалардың өздерін таныстырулары келесі талаптарға сәйкес келулері қажет:
- мәдени сахналық деңгейі (сөйлеу мәдениеті, сахнада өз-өздерін ұстаулары);
- қолданған жанрлардың әртүрлілігі;
- жайдарлылық, тапқырлық, әзілшілдік;
- актерлік шеберлік;
- көрініс және әуендік;
- жеке авторлық, әдебие материал.
5. РЕДАКТОРЛЫҚ ТОП
Қатысушы командаларды іріктеу мен тамашалау үшін ұйымдастыру комитеті редакторлық топ құрды. Қатысушы командалар 20 күн ішінде ойын күніне дейін ұйымдастырушылар мекенжайына (білім бөліміне, №314 каб.) терілген және электронды тұрғыда қойылым әзірлемесін жіберуге тиіс.
Ескерту: Ұйымдастыру комитеті қатысушы командалардың қойылым әзірлемесіне өзгеріс енгізуге құқылы.
6. КТК ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
I жарыс - іріктеу – 2010 жылдың қарашасы;
II жарыс - жартылай сайыс – 2010 жылдың ақпаны;
III жарыс - ақтық сайыс –2010 жылдың сәуірі.
НАУРЫЗ
МАРТ
«ЕСТЕЛІК ПЕН ДАҢҚ БІЗГЕ МҰРАҒА ҚАЛДЫРЫЛҒАН»
АКЦИЯСЫН ҮЗДІК ӨТКІЗУДІҢ
ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫНЫҢ
ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
«Естелік пен даңқ бізге мұраға қалдырылған» акциясын үздік өткізудің облыстық сырттай байқауының қалалық кезеңін өткізу ережесі оның өткізілу тәртібін белгілейді.
Байқауды білім бөлімі өткізеді. «Естелік пен даңқ бізге мұраға қалдырылған» акциясын үздік өткізудің облыстық сырттай байқауының қалалық кезеңі «Жеңіске дейін 65 күн» облыстық вахта естелігін іске асыру шеңберінде өтеді.
- БАЙҚАУ- САЙЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
- патриоттық сезімдерін дамыту, өскелең ұрпақты Отанды қорғауға дайындау;
- соғыс ардагерлеріне деген құрмет және алғыс сезімдерін ұластыру;
- Отанды қорғаушы солдаттар ерлігін бағалауға үйрету;
- Қаһармандық, борыш, күш-қайрат, еркіндік, әріптестік, өзара көмек көрсету, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы адамзаттық құнды сапаларды кеңінен көрсету;
- Ұлы Отан соғысы тарихын меңгеруге көңіл аударту;
- батырлар мен оқиғалар туралы білімдерін тереңдетуде қызыгушылықтары мен ниеттерін қалыптастыру;
- балалардың шығармашылық өзіндік қабілеттерін дамыту;
- соғысқа, озбырлыққа, қатыгездікке, тәуелділік етуге қарсы тәрбиелеу.
3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
«Естелік пен даңқ бізге мұраға қалдырылған» акциясын үздік өткізудің облыстық сырттай байқауының қалалық кезеңі екі кезеңде өткізіледі:
1 жарыс – мектептік
2 жарыс – қалалық
Байқаудың мектептік жарыстарын өткізу мерзімін байқауды өткізу жөніндегі мектептік ұйымдастыру комитеті белгілейді.
Байқау материалдары қалалық жарысқа 2010 жылдың 27 наурызына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 154.
4. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Барлық типтегі білім ұйымдары, балалар бірлігі, балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары. Ұжымдық және жеке жұмыстар тапсырылады.
5. БАЙҚАУ-САЙЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қатысушыларды ұйымдастырушы комитетке тіркеу үшін келесі құжаттар таныстырылады:
- облыстық байқау-сайысына қатысуға өтініш (5 аудандық білім ұйымдарынан кем емес);
- аталған тақырып бойынша білім ұйымдарының жұмыстары таныстырылатын акция материалдары. Белсенді ұжым-қатысушылары буклет, альбом, фотография, суреттер, плакаттар түрінде безендірілген материалдар таныстырылатын түрлі іс-шаралар бойынша анықталады. Акция кезеңдері келесі нысандардан тұрады: денсаулық күндері, эстафеталар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгімелер, плакаттар, шығармалар, үгіт бригадаларының байқаулары, концерттер, видео, тақырыптық кинофильмдік көрсетілімдер және т.б. терілген жасалымдар, фотографиялар; акцияны өткізу жөніндегі видеоматериалдар (ұзақтығы 10 минуттан көп емес).
Байқау-сайысының материалдары терілген күйінде тапсырылады.