«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Вид материалаДокументы

Содержание


Қорытынды жасау және женімпаздарды марапаттау
«аттестатталушы мұғалімдер фестивалі»
2. Байқауды өткізу тәртібі
Материалдарды байқауға ұсыну тәртібі
Қалалық байқауына қатысушының
4. Материалдарды бағалау критериясы
Байқау қорытындысын жасау
Қостанай қаласы мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында жее бойынша қалалық олимпиадасын өткізу туралы
2. Өткізу мақсаты
3. Ұйымдастыру және өткізу
Қорытынды жасау және марапаттау
«кемпірқосақ бойынша саяхат» кіші оқушылардың қалалық зияткерлік марафонының
Мақсаты мен тапсырмалары
Өткізу мерзімі мен орны
Баға критериясы
Марафонға қатысушылар
Байқау қазылары
Қорытынды жасау
Өткізу туралы
Өткізу мерзімі
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


Тақырыптар мен тапсырмалар барлық оқу жылына алдын ала дайындалынады. Ойын айына бір рет өткізіледі, 15 сұрақ ойналады (5 түрлі тапсырмаға 3 тақырып). Іріктеу ойынында барлық топтар жас ерекшіліктері мен білім деңгейлеріне қарамастан бірдей шартта қатысады. Содан кейін топтар сұрақтардың күрделілігі мен әр түрлі санына қарай лига бойынша құрылады.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕНІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

«Эрудит» ойының женімпаздарын Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады. Ең жоғары балл жинаған ойыншы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен дарынды балаларымен жұмыс жасау жөніндегі «Дарын» қалалық орталығының мақтау қағазымен марапатталады.


АҚПАН

ФЕВРАЛЬ


«АТТЕСТАТТАЛУШЫ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ»

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. «Аттестатталушы мұғалімдер фестивалі» қалалық байқауы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімімен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – аттестатталушы мұғалімдер жұмыстарының презентациясын және олардың өтініштерін білдірген білікті санаттарға сәйкестігін анықтау.

Байқаудың тапсырмалары:
  • Мұғалімнің кәсіби келешегін арттыру;
  • Қала мұғалімдерінің белсенділіктерін, өзіндік іске асыруын, шығармашылық ізденістерін арттыру;
  • Бірлескен шығармашылық, ынтымақтастық аясын құратын нәтижелерге бағдарланған оқыту әдістерін, тәрбие және дамытудың тиімді технологияларын іздестіру;
  • Қала деңгейінде нәтижелі педагогикалық және инновационды тәжірибелерді насихаттау және тарату;

1.2. Байқауға 2009-2010 оқу жылдары жоғары және бірінші біліктілік санатына аттестатталуға жататын мектеп педагогтары міндетті түрде қатысатын болады.


2. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

2.1.Байқауды дайындық пен өткізуді ұйымдастыру комитеті іске асырады.

2.2. «Аттестатталушы мұғалімдер фестивалі» қалалық байқауы екі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезең – сырттай – 2010 жылдың 25 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында аттестатталушы мұғалімнің портфолиосын таныстыру нысанында өткізіледі. (электрондық және мәтіндік нұсқада)

Портфолио бағыттар бойынша әдіскерлерге ұсынылады.

Портфолио материалдары келесі бөлімдер бойынша жүйеленуі тиіс:

1.мұғалім туралы жалпы мәлімет

2.шығармашылық өсу картасы

3.оқу-әдістемелік жұмыс:

- сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар әзірлемелері мен сараптамалар

- ШТ, ЖММ жұмысы

- бағдарламалар, авторлық әзірлемелер

4. Мұғалім іс-әрекетінің мониторингі

5. Әдістемелік мәселелерді іске асыру бойынша мұғалімдердің жұмыс жүйесі.

Үздік портфолио таныстырған байқау қатысушылары қазылар алқасының шешімімен мерзімінен бұрын екінші кезеңге қатынаспай-ақ байқаудың жеңімпазы және жүлдегері атана алады.


Байқаудың басқа қатысушылары келесі екінші кезеңге шақырылады – күндізгі кезең, ол әдістемелік тақырып бойынша презентациялық-шығармашылық есеп нысанында өтеді.

Екінші кезеңді өткізу мерзімі 2010 жылдың 15-27 ақпаны аралығында. Екінші айналым материалдары ұйымдастыру комитетіне қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде тапсырылады. Бірінші (сырттай) және екінші (күндізгі) қорытындылары бойынша байқау жеңімпазы анықталады.

  1. МАТЕРИАЛДАРДЫ БАЙҚАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі кесте бойынша жұмысымен бірге өтініш береді:


«АТТЕСТАТТАЛУШЫ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ»

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫНЫҢ

ӨТІНІШІ

1.

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)




2.

Мекеменің толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық поштаның мекенжайы




3.

Лауазымы




4.

Біліктілік санаты




5.

Өтініш қандай санатқа берілді




6.

Білім жүйесіндегі жұмыс өтілі





Мектеп директоры: қолы, мөр


4. МАТЕРИАЛДАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯСЫ


Портфолио:
  • Мазмұнның қисындылығы мен жүйелігі;
  • Портфолио құрылымына сәйкестігі;
  • Білім жүйесінің бастапқы бағыттарының өзектілігі мен сәйкестігі;
  • Таныстырылған материалдың әдістемелік құндылығы;
  • Жеке кәсіби өсудің жоспарлау жүйесі, мақсатты белгілері, жеке және кәсіби тұжырымдамалар;
  • Іс-әрекет нәтижелігі.

Шығармашылық есеп:
  1. Жүйенің өзектілігі мен болжамдылығы – мектептің бүгінгі және болашағы үшін көптеген маңызды мәселелерді шешуді бағдарлау:
  2. Жүйенің ұтымдылығы пен шыншылдығы — осындай мақсаттар мен тиімді жолдар арқылы жетістіктерді анықтау, көрсетілген кешендегі мәселелерді шешу мен жоғарғы нәтижесі;
  3. Жүйенің тұтастығы — қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті мазмұн мен іс-әрекеттің толықтығы, сонымен қатар олардың келісімділігі.
  4. Таныстырылған жүйенің тиімділігі мен нәтижелілігі.
  5. Материалдың жеткізілу мақсаттылығы мен қисындылығы.
  6. Презентация мәдениеті.



  1. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАУ


Байқауға қатысу нәтижесі мен қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушыларға 2009-2010 оқу жылындағы біліктілік өтініштеріне сәйкес ұсыныстар беріледі. Байқау жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталатын болады.


ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ЖЕЕ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.

Қалалық олимпиадаға Қостанай қаласының 1-4 сыныптарынан 2 оқушыдан қатысады – ЖЖЕ бойынша мектептік олимпиаданың жеңімпаздары және біреуі мектеп атынан шығатын өкіл (БДД бойынша қоғамдық инспектор).


2. ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ:

- оқушылармен өмір қауіпсіздіктері негіздерін меңгеру және балалар жол-көлік жарақатын ескерту бойынша жұмыстарды белсендіру.

- ЖЖЕ насихаттау бойынша тәжірибе алмастыру жұмыстарын тарату.

- балалар мен жасөспірімдерді көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын оқытудың түрлі нысандарын және практикалық әдістерін меңгеру.

3. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ.

Олимпиада екі кезеңде өтеді.

1 КЕЗЕҢ. «Мектеп шағынауданының макеті» байқауы.

Макетте мектеп бейнесі, балалардың мектепке баратын жақын маңдағы көшелері, бағдаршам, жол белгілері мен сәйкес жол белгілерін қою, мектепке жақын орналасқан нысандар бейнеленуге тиіс.

Қиылыс макетінің көлемі – 0,5 шаршы метр.

«Мектеп ғимараты» макетінің жоғарғы жағында мектеп номері көрсетіледі.

Макетті бағалау барысында төмендегілер ескеріледі:

- байқау шарты - 10 балл

- ресімдеу - 10 балл

- түпнұсқалық - 5 балл

Ең жоғарғы балл саны – 25.

2 КЕЗЕҢ. – Тестілеу.

Әрбір байқауға қатысушы жаяу жүргінші мен жолаушыларға арналған ЖЕЕ бойынша 15 сұраққа жауап беруі қажет.

Сұрақтар күрделі санаттарға бөлінетін болады:

- 9 қарапайым сұрақ - 1 балл (9 балл);

- 5 күрделі сұрақ - 3 балл (15 балл);

- 1 өте күрделі сұрақ - 5 балл (5 балл).

- 3 жол белгісін бояулары қажет–3 балдан (9 балл).

Барлығы: 38 балл.

Қалалық олимпиаданың әрбір қатысушысы – 1-4 сынып оқушылары – 38 балдан жинаулары қажет.


Барлық байқау бойынша жиналған ең жоғарғы балдар саны – 177.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ.

ЖЖЕ бойынша жүргізілген қалалық олимпиаданың қорытындысын ұйымдастыру комитеті жасайды. Нәтижелер, жеке, сондай-ақ командалық есептеуде әрбір номинация бойынша балдар есебін шығару жолдарымен анықталады (1-4 сыныптар).

ЖЖЕ бойынша жүргізілген қалалық олимпиаданың жеңімпаздары болып ең жоғары балл жинаған 3 команда саналады.

Ұйымдастыру комитеті Олимпиада қатысушыларына арналған қосымша жүлделерді белгілеуге құқықтары бар.


«КЕМПІРҚОСАҚ БОЙЫНША САЯХАТ» КІШІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОНЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

(3-4 сынып)


«Кемпірқосақ бойынша саяхат» зияткерлік марафоны бастауыш мектептегі зияткерлік аясында оқушылар тұлғасының оқу-қисынды қабілеттерін және дағдыларын дамытуға бағытталған.

    1. МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық зияткерлік марафоны өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
  • бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін анықтау және қолдау;
  • бастауыш мектеп оқушыларының жалпы білім беру деңгейлерін арттыру;
  • өз білімдерін оқу пәндерінің түрлі шеңберінде қолдану қабілеттерін дамыту;
  • қабілеттерін көрсету мүмкіндіктерін ұсыну;
  • бастауыш мектеп оқушыларының қисынды ойлауларын дамыту бойынша оқу орындарының іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
  • оқушылардың оқу пәндеріне деген танымдық іс-әрекеттерін белсендіру және қызығушылықтарын арттыру;
  • коммуникативті сапаларын арттыру;



    1. ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

 «Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафоны төрт кезеңде ҚБШМ-де өтеді (1 рет бейсенбі сайын).

    1. МАРАФОНДЫ ӨТКІЗУ ЖЕТЕКШІЛІГІ.

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» марафонын өткізудегі жалпы жетекшілік «Дарын» қалалық орталығымен жүзеге асырылады.

    1. БАҒА КРИТЕРИЯСЫ

Тапсырмаларды дұрыс орындалу саны бойынша бағалау жүргізіледі.

Тапсырмаларды орындау барысында балалар келесідей білім мен қабілет көрсетуге тиіс:
  • Салыстыру, сараптау, тарату, түйін жасау;
  • Қисынды байланыс және заңдылық орнату;
  • Жаңаша жағдайдарда пәндік білім көрсету;
  • Қоршаған әлем туралы жеткілікті білім көрсету.
    1. МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

«Кемпірқосақ бойынша саяхат» қалалық марафонына «Дарын» қалалық орталығында №1 нысан бойынша (қоса беріледі) 2009 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей өздерінің қатысатындары туралы өтініш білдірген 6 адамнан тұратын оқушылар командасы қатысады. Өтініштер daryn@goruo.kostanay.kz электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.

    1. БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫ

Марафон қазылары негізгі сұрыптаушы орган болып есептелінеді. Ол бағалар критериясын жасайды және балалармен орындалған тапсырмалар нәтижесін бағалайды, марапаттау ұсыныстарын дайындайды. Мектеп тарапынан жіберілетін бақылаушылар. Қазылар құрамына «Дарын» қалалық орталығының мүшелері, Қостанай қаласы әкімдігінің қалалық білім бөлімінің өкілдері, сонымен қатар ғылым өкілдері кіреді.

    1. ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ

Марафон қорытындысын жасау және жеңімпаздарды марапаттау марафонның 4 кезеңі бойы жинаған балл көлемінде өткізіледі (1, 2, 3 орын).

Жеңімпаз командалар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен «Дарын» қалалық орталығымен марапатталады.

Барлық командаларға қатысушы сертификаты табысталады.


«Эрудит»ҚАЛАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫН

ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

    1. МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
  • Ойыншылардың кең ой өрісін, білімдарлығын дамыту.
  • Үлгіден тыс жағдайларда мектеп білімін қолдана білу.
  • Қисынды тізбектерді тез құрып, ақпаратты талдап, нәтиже шығара білу.
  • Энциклопедиялық және басқа әдебиеттермен жұмыс жасай білу, негізгісін, тезистерін, аннотацияларын таба білу.
  • Тез тіл тапқыштықты, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
  • Сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білу, өз ойынды қисынды дұрыс жеткізе білу.



  1. МАЗМҰНЫ:

Қатысушыларға әртүрлі алғашқы дерек көздерімен (анықтамалар, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, Internet және т.б.) жұмыс істей отырып, шешуі керек болатын мәселелер аясы беріледі.

Сұрақтарға мектеп курсында оқытылатын барлық пәндер спектрларымен қатар басқа ғылымдарды енгізіледі: медицина, экономика, космос, өнердің, мәденеттің әр түрлі бағыттары және т.б.

  1. ҚАТЫСУШЫЛАР:

Зияткерлік ойынға 5-11 сынып оқушылары қатысады. Топ құрамында 4 оқушыдан 6 оқушыға дейін болады.

  1. ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

Ойын ай аралық жарыстарды өткізуге ұйғарылған. Ақтық сайысқа (мамыр) барлық жарыстар қортындысы бойынша жоғары балл алған топтар шақырылады.


  1. ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:

1.Топта 4–тен 6 оқушыға дейін қатысады (жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптары).

2.Топтар ойын үстелінің белгіленген нөмір тәртібімен сұрақтарды (тапсырманың тақырыбы мен түрі) таңдайды.

3.Ойын үстелдерінің нөмерлері топтардың алдыңғы ойында алған орындарына сәйкес болады.

4.Ауызша (мезгілінен бұрын) жауапты тапсырманың тақырыбы мен түрін таңдаған топ бере алады. Қалғандары фирмалық қағазда жазбаша беріледі.

5.Жазбаша жауапта–сауаттылық, ал ауызшада сөйлеуі бағаланады.

6.Жауапты сұрақты талқылауға уақыт жібергеннен кейін беруге болады.

7.Сұрақты талқылау уақыты – 1 минут, қалған 10 секунд дыбыс дабылымен қоса беріледі, ол аяқталғаннан кейін жауап қабылданбайды.

8.Фирмалық қағаздар ойыншыларға дұрыс жауап пен осы сұрақтың бағасы хабарлағаннан кейін қайтарылады.

9.Сұрақ құны ойынға қатысқан топ санына және сәйкесінше олардың жауаптарының дұрыстығына қарай бағаланады.

10.Сұрақты талқылаған уақытта өзінің терілген немесе қолдан жазған мәтінін қолдануға болады. Кітап, журнал және тағы басқа басылымдарды қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.

11.Жауап тапсырманың тақырыбы мен түріне, грамматикалық ережесіне сәйкес болуы керек.

12.Бұл ережелерді бұзған үшін жаза қолданылады. Жоғарыда көрсетілген бір ереже бұзылған уақытында сұрақ бағасына қарай айып салынады. Ережені қайта бұзғаны үшін маусымның соңына дейін дисквалификация жүргізіледі.

13.Аудиторияда әрқашан тәртіп пен тыныштық болуы керек.

  1. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Сұрақ тақырыбы жауап іздейтін жауап аясын белгілейді, ал тапсырма түрі жалғыз дұрыс жауапты айыруға көмектеседі. Жалпы сұрақ бірнеше сөйлемнен тұрады:

1 тапсырма тақырыбына негіз болған оқиға;

2 тапсырма түріне қарай қисынды операция туралы бір-екі сөз;

3 жауап беруді талап ететін нақты сұрақ.

Осының бәрін есепке алып, қатысушылар нақты дұрыс шешімді табады. Адамзаттың барлық білімі жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша 37 тақырыпқа бөлінеді. Қисынды ойлау немесе жақсы білім негізі болса жауап алуға болатын осы тақырыптар бойынша сұрақ дайындалады. Сұрақтың барлық 26 түрі болады: ауызша тапсырма, білім мен қисынға қатысты сұрақтар.

Тақырыптар:

Астрономия

Спорт

Табиғат

Экономика

География

Ән,

би

Өсімдіктану

Мемлекет

Информатика

Кино, TV

Зоология

Әскери іс

Тарих

өнер

Жыртқыштар

Дін

Әдебиет

Коллекция

Жәндіктер

Әдеп

Математика

Адам тұрмысы

Өрмекшілер

Жантану

Физика

Техника

Балықтар, амфибия

Экология

Химия

Ғарыш

Рептилия

Медицина

Тіл




Құстар

Адамтану







Бауырмен жорғалаушылар

Адам