Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»
Вид материала | Документы |
СодержаниеПайдаланылған әдебиеттер тізімі MA in Interpreting: British Sign Language-English |
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
- Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз орталығЫ, 38.13kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөЗ орталығЫ, 24.63kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті кафедра : Халықаралық қатынастыр, 133.64kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға, 217.87kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 212.98kb.
- Ылым министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті заң факультеті, 1996.9kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 426.6kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 74.63kb.
Бұл кесте жазбаша жұмыс талаптарының өте жоғары екенін көрсетеді. Жоғары баға алу үшін студент тек сабақ үстінде берілген материалды меңгерумен шектелмей, бір мәселені өз бетімен жан-жақты қарастыру керек. «Аударма ісі» сияқты гуманитарлық бағыттағы мамандықтарда, кей пәндерді жазбаша жұмыс арқылы бағалаудың бір артықшылығы, тестілеу әдісіндегідей тек дұрыс немесе бұрыс жауап жоқ. Эссе (жазбаша жұмыс) студенттің өз ойын анық жеткізе білу, әртүрлі теорияларды салыстыра отырып, олардың бір-біріне ұқсастықтары мен өзгешеліктерін анықтау, өз пікірін дәлелдеп, жүйелі түрде талдап зерттеу, бір қорытындыға келу қабілеттерінің мейлінше дамуына мүмкіндік береді. Тағы бір атай кететін мәселе – бұл университетте студенттердің емтихан бойынша алған бағасын өзгерту мақсатымен апелляцияға беру құқығы жоқ. Әрбір оқытушы әр модуль бойынша белгіленген критерийлер кестесіне сәйкес баға қояды, және қойылған баға өзгертілмейді. Эссенің бағасы және оған қосымша тексерушілердің түсіндірме ескертулері (жазбаша түрде), жұмыс өткізілгеннен кейін, 6 апта ішінде белгілі болады. Плагиатқа, яғни өзге автордың басылып шыққан туындысын немесе басқа студенттің жұмысын, оның авторын атамай, қолдануға жол бермеу үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы, белгілі бір эссе плагиат мәселесі бойынша күмән туғызса, оқытушы арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы оның қай жерден көшірілгенін анықтай алады. Басқа автордың туындысын иемдену дәлелденген жағдайда, студентке жазалау шаралары қолданылады. Бұл университет аясында зерттеу жүргізу және ғылыми жұмысты жазу этикасының қатаң сақталуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманның нарық талаптарына сай мамандар тәрбиелеу үшін, аударма саласында белгілі жетістікке жеткен университет түлектері және басқа да осы салада жұмыс істейтін кәсіпқой мамандар дәрістер өткізеді. Мысалы, Астон университетінде Еуропа Одағы аудармашылары, әртүрлі аударма агенттіктерінің директорлары сабақ үстінде магистранттармен өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл орайда, теориялық сабақтарда алған білімді практикалық біліммен ұштастыру студенттердің нарыққа бейімделе білетін білікті кадр ретінде қалыптасуына, оқуын бітіргеннен кейін, жұмыссыздардың қатарын көбейтпеуіне кепіл бола алады. Аударма саласында озық технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, қазіргі кезде Еуропада аудармашыға қойылатын талаптар өте жоғары: арнайы білім, компьютерлік сауаттылық, TRADOS, MEMOQ сияқты аударма сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін арнайы компьютерлік бағдарламалармен (Translation memory) таныс болу, аудармашылар ассоциациясының (Institute of Translation and Interpreting, Chartered Institute of Linguists) мүшесі болу және т.б. «Аудармашы мамандығы» атты сабақта, студенттер бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр топ жеке аударма агенттігі ретінде жұмыс істейді: ең алдымен, әр топ мүшесінің атқаратын қызметі, компанияның аты, логотипі, ұраны (слоган) және нақты көрсетілетін қызметтері анықталады, содан кейін әр компания өзіне клиент тауып, сол клиентпен жұмыс істейді. Соңында, әр компания өзінің презентациясын дайындап таныстырады, топ атынан бір қысқаша есеп, және әрбір топ мүшесінің атынан эссе дайындалады. Бұл компанияны құру симуляция болғанымен, жобаны жүзеге асыру барысында студенттер шынайы қиындықтарға тап болады: мысалы, клиентті іздеу кезінде, өз компаниясын жарнамалау, интернетте оның вебсайтын жасау, клиенттің де, компанияның да мүддесіне зиянын тигізбейтін жұмыс істеу шарттарын қалыптастыру сияқты проблемалар туындайды, сонда тек бірігіп ұжым болып жұмыс істеген топ қана, проблемалардың оң шешімін таба алады. Сөйтіп, студенттер тек жеке өз бетімен жұмыс істеп қана қоймай, командада яғни шағын топта бірігіп жұмыс істейді. Топтық жобаларды жасау, бірігіп топ атынан презентациялар, жазбаша жұмыстарды дайындау студенттердің жалпы жауапкершілігін арттырып, ұжымда қызмет ету қабілетінің дамуына зор ықпалын тигізеді. Қорытындылай келе, Ұлыбританияның «Аударма ісі» мамандығын дайындау тәжірибесі өте мол екенін айта кету керек. Дегенмен, жалпы алғанда, «Аударма ісі» пән ретінде кейінірек қалыптасқан ғылым саласы және ол әлі де қалыптасу үстінде деп айтса да артық болмас. Мысалы, «аударма» терминінің өзінің анықтамасы әлі де аудармашы ғалымдардың пікірталастарын тудыруда. Осы жайтты ескеретін болсақ, бұл салада қазіргі заман талаптарына сай білікті кадрларды дайындау үшін, оқу бағдарламасы аударма теориясындағы жаңашыл үрдістерге, сонымен қатар аударма практикасында қолданыла бастаған озық технологияларға бейімделіп өзгертіліп отыру керек. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АННОТАЦИЯ В данной статье рассматривается опыт подготовки студентов по специальности «Переводческое дело» в вузах Великобритании. Автор подробно рассматривает учебную программу магистратуры университета Астон (г.Бирмингем), опираясь на собственный опыт обучения в данном вузе. ANNOTATION This article deals with the experience of preparing students by the speciality “Translation Studies” in the UK universities. The author thoroughly examines programme specification of MA in Translation Studies in Aston University (Birmingham), relying on her own experience of studying in this university. Ұлыбританияда аудармашы мамандарды дайындайтын оқу орындары
|