Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»

Вид материалаДокументы

Содержание


Список используемых источников
«аударма ісі» бойынша маман дайындау
Подобный материал:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

СПИСОК ИСПОЛЬЗУЕМЫХ ИСТОЧНИКОВ
  1. «Обзор зарубежных кредит – систем», 2007, МГУ им. М. В. Ломоносова в рамках проекта ФПРО 2005 года.
  2. ссылка скрыта
  3. Абдибеков У. С., Каруна О. Л., Моисеева Е. С., 2010, «Анализ реализации послевузовских программ подготовки докторов PhD в ведущих университетах мира», Болонский процесс: практика внедрения в вузах Республики Казахстан, Редакционно–издательская служба НЦОКО, 131 – 136 стр.
  4. Назарбаев Н. А., Стратегия развития образования «Через новый менеджмент – к новому качеству подготовки специалистов», 2009 г.
  5. Омирбаев С. М., 2010, «О ходе внедрения принципов болонского процесса в Казахстане», Болонский процесс: практика внедрения в вузах Республики Казахстан, Редакционно–издательская служба НЦОКО, 13 – 19 стр.

РЕЗЮМЕ

Автор статьи рассматривает опыт организации послевузовских программ подготовки магистрант в Азиатско-Тихоокеанском Университете Информационных Технологий (APIIT), который считается одним из главных университетов высшего образования Малайзии в области технологий. Партнером университета является Staffordshire University (UK).


SUMMARY

The author considers the experience of postgraduate programs for graduate student in the Asia Pacific University of Information Technology (APIIT), which is considered as one of the major universities of Higher Education Malaysia's technology. Partner of university is the Staffordshire University (UK).


Ә.Х. Байдилдинова

Астана, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ


«АУДАРМА ІСІ» БОЙЫНША МАМАН ДАЙЫНДАУ:

ҰЛЫБРИТАНИЯ ТӘЖІРИБЕСІ


«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен құрылған болатын. 1994 – 2010 жылдар аралығында елдер бойынша тағайындалған стипендия санын көрсететін кестеге сүйенетін болсақ, 32 елдің ішінен «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің басым бөлігіне білім берген – Ұлыбритания ЖОО-лары. Бұл статистика Британ ЖОО-ларының өте жоғары беделінің көрсеткіші. Ұлыбритания университеттерінің бірқатарында «аударма ісі» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға болады. Кей университеттерде (мысалы, Астон университеті, Шеффилд университеті) «аударма теориясы», «дискурс анализ» сияқты жалпы теориялық пәндерге көбірек мән берілсе, кейбір жоғарғы оқу орындарында (мысалы, Бат университетінде) тек екі тіл арасында аударманың бір түрін практикалық жағынан жетілдіруге көңіл бөлінеді (мысалы, орыс және ағылшын тілдері арасындағы ілеспелі аударма немесе тек әдеби аударма). Әрине, орыс тіліне аудару Ұлыбританияда санаулы ЖОО-ларда ғана оқытылады, көбінесе «аударма ісі» мамандығында Еуропа тілдері қарастырылады: неміс, испан, француз («Еуропа контекстіндегі аударма ісі» мамандығы). Сонымен қатар, қытай және жапон тілдері сияқты шығыс тілдері де жиі кездеседі. Кей университеттерде бір оқу бағдарламасында екі мамандық біріккен, яғни «Аударма ісі» және «Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту» (MA in Translation Studies and TESOL).

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында орналасқан Астон университеті Англия университеттерінің арасында бірінші болып, «Аударма ісі» мамандығы бойынша арнайы оқу бағдарламасын әзірлеген. 1997 жылдан бастап, бұл ЖОО аударма саласының білікті мамандарын дайындап келе жатыр, және сонымен қатар Астон университеті Аудармашылар ұлттық желісінің (National Network for Translation) мүшесі. Осыны ескере отырып, осы университеттің аударма мамандарын дайындаудағы мол тәжірибесін толығырақ қарастырайық. Астонда аудармашы мамандарды дайындау үш сатыдан тұрады: бакалавриат, магистратура, және ең соңғысы – PhD докторантура. Осы үш кезеңнің ортасындағы магистратураға тоқтала кетейік.

Бұл оқу бағдарламасына 180 кредит бөлінген: оның 60 кредиті – диссертация, 30 кредиті ең негізгі теориялық аударма курсына, «Арнайы аударма жобасы», «Жазбаша және ауызша дискурсты талдау», «Аудармашы мамандығы» пәндеріне 20 кредиттен, «Аударылатын мәтінді талдау», «Зерттеу әдістері», «Аударма және мәдениет» пәндеріне 10 кредиттен бөлінген. Әрбір 10 кредит 100 оқу сағатына тең, бұл 100 сағатқа дәрістер, семинарлар, емтихан және студенттің өз бетімен істейтін жұмысы да кіреді. Мысалы, «Аударылатын мәтінді талдау» пәніне бөлінген 100 оқу сағаты 12 сағат сабақтан, 44 сағат оқытушы нұсқауымен жасалатын жұмыс/емтихан, және 44 сағат студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне бөлінеді. Жалпы оқу соңында, 60 кредит қана жинаған магистрант сертификат, ал 120 кредит жинаған магистрант диплом ала алады, бірақ мұндай студенттерге магистр атағы берілмейді.

Жалпы бұл мамандық бойынша магистратурада оқытылатын пәндер семестр соңында эссе (1500 – 5000 сөз көлеміндегі жазбаша жұмыс) немесе ауызша емтихан арқылы бағаланады. Тестілеу әдісі бұл мамандық пәндерінде қолданылмайды. Әрбір модуль бойынша оқу үдерісі аяқталғаннан кейін, әрбір студенттің бағасы 100 % емтихан нәтижесіне байланысты шығарылады, сабақ үстіндегі жұмыс үшін балл қосылмайды. Біздің еліміздегі ЖОО-лардағыдай, әрбір студент барлық модуль бойынша кем дегенде 50 % жинау керек. Дегенмен, бағалау жүйесінде өзгешеліктер бар: отандық ЖОО-ларда C бағасына 50 – 74 %, B бағасына 75 – 89 %, ал ең жоғары A бағасына 90-100 % сәйкес болса, Британия университеттерінде 50 – 59 % «орташа», 60 – 69 % «жақсы», 70 %-дан жоғары «үздік» деп саналады. Әрбір емтихан нәтижесін 3 оқытушы тексереді: екеуі ішкі, яғни сол университет оқытушылары, және біреуі сыртқы тексеруші, яғни өзге ЖОО өкілі. Емтихан ауызша жүргізілсе, оны екі оқытушы қабылдайды, сонымен қатар әрбір студенттің жауабы магнитофоға жазылып, сыртқы тексерушіге жіберіледі. Әрине, әрбір университетте, бағалау жүйесіне байланысты критерийлер қалыптасқан. Мысалы, Астон университетінде жазбаша жұмысты бағалау критерийлері мынадай:



Өте сапалы, беделді мерзімді басылымдарда шығаруға әбден лайық, немесе пәннің кәсіби стандарттарына сай, немесе пәннің қағидалары мен ерекшеліктерін сыни талдауға негізделген жұмыс,

70 – 80 %


Талдау және дәлелдеуге негізделген, студенттің өзіндік көзқарасын көрсететін жұмыс. Мазмұны бірізді, жүйелі, дәйекті. Пән бағдарламасы жан-жақты меңгерілгені байқалады, студенттің талдау және зерттеу жүргізу қабілеті өте жоғары, ой-өрісі кең.

70 – 77 %


Бірізді, жүйелі, дәйекті. Пән бойынша материал жақсы меңгерілген, студенттің талдау және зерттеу жүргізу қабілеті жоғары, өз ойын жақсы жеткізе біледі.

60 – 67 %


Сыни көзқарас қалыптасқан, дегенмен өз пікірін дәлелдей білу қабілеті нашар. Пән материалы меңгерілген. Дәлелдер келтірілген, бірақ олардың қолдану жолдары тиянақсыз.

50 – 57 %


Талапқа сай, бірақ тек сипаттау әдісі ғана қолданылған. Пән материалы жалпы меңгерілген, тек шектеулі көлемде.

40 – 47 %


Жұмыстың кей бөліктері дұрыс пікірді көрсеткенімен, жалпы негізгі элементтер дұрыс түсінілмеген. Пән бойынша қойылған талапқа сай емес.

30 – 37 %


Қысқа, тақырыпқа қатысы жоқ, жүйесіз, аяқталмаған. Пән бойынша қойылған талаптардан әлдеқайда төмен.

27 – және төмен