Осведомленность – Ваше конкурентное преимущество

Вид материалаОбзор

Содержание


Деятельность региональных исполнительных органов
Орақ Сарбөпеев, Жаңаөзен қаласының әкімі: Біздегі бағалар Алматыдан қымбат емес, ал орташа жалақымыз олардан жоғары
Аким, обещания не греют!
Тепло - по расписанию
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Деятельность региональных исполнительных органов

Мұнар ішіндегі мұнаралар


Түркiстан: 13.10.2011

Автор: ЖӘНIБЕК ӘШIМ

Маңғыстау – майлы қиян
Ел аузында Маңғыстау бойында ертеде 360 әулие тақуалық өмiр сүрiп, өздерi тiрлiк кешкен ортасында адам айтса сенгiсiз түрлi кереметтер жасап, ел-жұртына қалтқысыз қызмет еткендiгi ежелден шынайы сенiммен айтылады. Кiм бiлсiн, солай да болған шығар, әйткенмен, қазақта майлы түбек – Маңғыстауды шын жүрегiмен сүйген, қалтқысыз жырлаған бiр ақын болса, ол – Төлеген Айбергенов болғандығына ешкiм шәк келтiре қоймасы хақ. Төлеген ақын мәңгi өлмес өлең-жырларымен әрбiр оқырман, әр қазақтың жүрегiнде киелi Маңғыстауға деген мәңгiлiк сағыныштың нәрiн құйды, шамын жақты. Әр қазақ Маңғыстауды Төлегенше сүюдi мақсат тұтты. Сондықтан да қазақтың көрнектi ақындарының бiрi Қуандық Шаңғытбаев ағамыз: «Менiңше, Төлегеннiң нағыз ақындық дарынын танытқан кезi «Маңғыстау саздары» деп аталатын жырларын жазған тұсы тәрiздi. «Сырласу», «Шевченко – мұнай ордасы», «Мұнаралар», «Төстегi жаңғырықтар», «Күйлер», «Ей, менiң ақын бауырым» деген романтикалық пафосқа толы өлеңдердiң әрқайсысы қазiргi қазақ поэзиясының ең таңдаулы нұсқалары десек, асырып айтқан болмас едi», – деп ақ жүрегiмен ақтарыла жазған болатын. Ал мәңгiлiк жас ақын Төлеген Айбергенов Маңғыстауға ынтызарлығын:
Көрсең ғой, шiркiн, бәрiн де көзбен көрсең ғой,
Жатыр-ау менiң жазира далам өлшенбей.
Осынша сазбен ынтызар қылған аймаққа
Бiр әсем дария керек-ақ екен дәл сендей…
Өр ағыс керек теңiздi тентек тербеген,
Құс Жолы керек омырауы толған зерменен.
Бәрiн де тастап осылай қарай ағар едiм-ау, әттең-ай,
Дария болып жаралған болсам Жерге мен», – деп елден ерек ойлы жыр жолдарымен жеткiзген болатын.
Апыр-ау, ақынды соншалық ынтызар еткен Маңғыстаудың қандай қасиетi? Сырт қарағанда сұрықсыз, қатал көрiнетiн маң дала, сұрқай өңiрге жаны нәзiк ақын неге соншалықты құмар болды?
«Сарыарқа» – қазақ рухының салтанаты
Ақтау қаласындағы халық көп шоғырланатын «Ынтымақ» орталық алаңы нағыз ұлын, елiн, жерiн сүйетiн өрендердiң мекенiне айналмақ. Дәл осы алаңда Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткiш орнатылып, барша жұртқа қуаныш сыйлады. Ат мiнген айбозым күйшiнiң мүсiнi таза қоладан жасалған. Ал тiреуiмен қоса есептегенде, ескерткiштiң жалпы биiктiгi – 11,7 метрдi құрайды. Ескерткiштiң авторы – танымал мүсiншi Көшер Байғазиев. Оған шамамен 146 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Шын мәнiнде, Маңғыстау өңiрiнде күй атасы – Құрманғазыға ескерткiш қою нағыз қазақылықтың көрiнiсi. Себебi, Құрманғазының күйлерi қазақ елi өмiрiнiң әлеуметтiк жыр-сыры, азаткерлiк рух ұраншысы iспеттi. Оның «Ақбай», «Ақсақ киiк», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерiнде халықтың бостандықты көксеген арманы, әдiлетсiздiкке қарсылығы, қоғамдық мүдделердiң өзара қақтығысы тұнып жатыр. Қазақтың қара домбырасының күй пернелерiн қалқытып, қазақ даласын әуездi жырға бөлеген Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткiш ашып, атын асқақтату – келер ұрпақтың алдындағы абыройлы мiндет екенi белгiлi. Мiне, осы үдеден шығып жүрген Маңғыстау облысы әкiмдiгi қашан да рухани, мәдени мұрамызды түгендеп, үлгi болып жүр.
Ескерткiштiң ашылу рәсiмiне Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Көшербаев, Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Кекiлбаев, Ақтау қаласының әкiмi О.Қазақбаев қатысты. Салтанатты шарада сөйлеген облыс әкiмi Қ.Көшербаев әр ұлттың ерекшелiгi оның тiлi мен дiнiнде, салт-дәстүрi мен саз өнерiнде екенiн айта келiп, Құрманғазының тарихтағы орнына қысқаша тоқталып өттi.
–?Мынау ашылғалы тұрған ескерткiш – ұрпағының Құрманғазыға деген құрметi, – деген облыс әкiмi жиналған жұртты үлкен қуанышымен құттықтады. Одан соң сөз алған Халық жазушысы Әбiш Кекiлбаев: «Құрманғазы – бүгiнгi бар сахнаның ажары, бар салтанаттың базары. Қазақ тойларының оның күйiнсiз мәнi жоқ», – дей келiп, әйгiлi күй атасының қазақ өнерiндегi орнын жоғары баға бердi.
Расында да, қазақ мәдениетiн Құрманғазысыз елестету әсте мүмкiн емес. Қазақ бар да, Құрманғазының қара домбырасынан туған өлмес күйлерi ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келедi. Тiптi, аттың үстiнде қасиеттi домбырасын ұстап тұрған күй атасы қазақ даласын ерекше бiр рухқа бөлеп тұрғандай. Ақтау қаласының қақ ортасындағы гүлзарға оранып, халыққа қызмет етiп тұрған облыстық Бекет ата мешiтiнiң құрылысы басталғанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны өзiнiң назарында ұстап, мешiт пайдалануға берiлгеннен кейiн арнайы келiп, дұға оқып, қасиеттi Құран кiтабын сыйға тартқаны жұрт есiнде.
Мұнайлы өлкенiң тасы өрге домалауда
Маңғыстау – елiмiздiң өндiрiске толы киелi өңiрi. Елбасының Үкiмет пен облыстар алдына қойған экономиканың жыл сайынғы жетi пайыздық өсiмiн қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасын орындау Маңғыстау облысында да басты мiндет болып табылады. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағытын айқындайтын – «Индустриалды-инновация», «Инвестор. Өнiмдiлiк», «Жұмыспен қамту», «Бизнестiң жол картасы», «Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығын жаңғырту», «Ақбұлақ» ауыз-су бағдарламалары жүзеге асуда. Бұл бағдарламалар өңiрдегi экономиканың жалпы тұрақтылығын, дағдарыстан кейiнгi өсу деңгейiнiң көрсеткiштерiн айғақтайды. Оның айқын дәлелi – 2010 жылғы республикалық рейтинг қорытындысымен Маңғыстау облысы елiмiздегi 16 өңiрдiң iшiнде әлеуметтiк-экономикалық даму қарқыны бойынша бiрiншi орынға шықты. Қазiргi таңда облыс өнеркәсiпшiлерi бұл межеден түсiп қалмау үшiн тер төгуде. 2011 жылдың 8 айында-ақ осы секторда өнiм көлемi өткен жылмен салыстырғанда артып отыр.
Бүгiнде аймақта iрiлi-ұсақты мұнай-газ кен орындарымен қатар көмiрдiң, барит рудасының, битум құмдағының, фосфориттiң, минералды тұздың, құрылыстық тастың тағы да басқа пайдалы қазбаның қомақты қорлары көп. Биыл Маңғыстау мұнайына 50 жыл толып отыр. Маңғыстаулықтардың көптен күткен қуанышы жергiлiктi билiктiң ұйымдастыруымен үлкен мерекеге ұласқан.
Облыста «Жер-Теңiз-Аспан» мегажобасы қолға алынып, аймақтың оңтайландырылған жоғары технологиялық экономикасын және әлемдiк қатынастарға негiзделген үйлесiмдi интеграциясын қамтамасыз етедi. Бұл жоба экономиканың барлық негiзгi бағыттарын жедел өркендетудi қамтамасыз етедi. Сондай-ақ Каспий теңiзiндегi теңiз-мұнай операцияларының жағалау инфрақұрылымдарын жабдықтауды қолға алуда. Осы орайда облыстық әкiмдiктiң мұрындық болуымен Мұнай және газ министрлiгiнде жағалау инфрақұрылымын дамытудың кешендi жоспарын жаңартуда басымдық танытатын нысандар құрылысын жүргiзудi анықтайтын арнайы жұмысшы тобы құрылған.
Өңiрдегi екiншi арнайы экономикалық аймақ – «Каспий» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша да жұмыстарға жан бiттi. «Өзен – Түркiменстан» темiржол желiсiнiң «Болашақ» стансасы, ондағы Шекара маңайлық ынтымақтастық орталығы, сондай-ақ «Кендiрлi» курорттық демалыс орны да аталмыш экономикалық аймақтың құрамдас бөлiктерi болмақ.
Индустрияландыру жобасының ошағы
Елiмiзде соңғы кезде қолға алынған Индустрияландыру картасына өңiрден 21 жоба енгiзiлген. Олар кезең-кезеңiмен жүзеге асуда. Айталық, 2010 жылы оның тоғызы пайдалануға берiлдi. Ағымдағы жылы Елбасы жобаларының тұсаукесерiнде Түпқараған ауданында «Қазахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС «Теңiз металл» құрылғыларын шығаратын өнеркәсiп кешенi құрылысы» жобасының бiрiншi кезеңi iске қосылды. Ал ағымдағы жылдың соңына таман жалпы сметалық құны 75 млрд. теңге болатын, ең бастысы, 2 мың адамдық жұмыс орнын қамтитын тағы да 9 өндiрiстiң тамырына қан жүрмекшi. Өңiрде бес жылдың iшiнде бiрнеше зауыт iске қосылды.
Бүгiнде аймақ экономикасына 178 млрд. теңге инвестиция тартылыпты. Бұл Каспий теңiзiнiң әлеуетiнiң артқандығын айғақтайды. Каспий қайраңын барлап, одан мұнай-газ өндiру жөнiндегi ауқымды жоба басталып кеттi. Маңғыстау облысының акваториалдық бөлiгiнiң геологиялық ресурсы iздестiру барлау, оның iшiнде сейсмикалық жүргiзiлген жұмыстардың бағалау қорытындылары бойынша: Бозашы аймағы мезозой кешенiнiң теңiз бөлiгiнде 3 тен 5 млрд. тоннаға дейiн; Оңтүстiк Маңғыстау аймағы мезозой кешенiнiң теңiз бөлiгiнде 1–2 млрд. тоннаға дейiн көмiрсутек қоры бар. Сондай-ақ облыста энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн минералды шикiзатын кешендi дамытудың тұжырымдамасы да жасалды. Соған байланысты энергияға деген қажеттiлiктi қамтамасыз ету мәселесi «МАЭК-Казатомпром» ЖШС базасында қуаты 200–250 мВТ болып, 2012 жылы пайдалануға берiлетiн булы газ қондырғысы құрылысын салу арқылы шешiлмек. Облыста газдың пайдалануға болатын жалпы ресурсы 210 млрд. текше метрдi құрайды. Жыл сайын 3–3,5 млрд. текше метр газ пайдаланғанның өзiнде бұл қор 60 жылдан астам мезгiлге жетедi екен.
Мұнайшылар елi болып табылатын Маңғыстау өңiрi соңғы кездерi адам танымастай болып өзгердi. Өрлеу мен өркендеу жоында қарыштап дамып жатқан Ақтау қаласы Каспий теңiзiнiң жағалауындағы аса көрiктi қаланың бiрiне айналды. Қазiргi таңда облыстағы халықтың саны да өсiп келедi. Осыдан бес жыл бұрын облыста 375 мың адам тұрса, бүгiн оның саны 521 мыңға жеттi. Бұл өндiрiстi өңiр халқының жылдан-жылға өсiп, өркендеп жатқандығын дәлелдейдi.

Орақ Сарбөпеев, Жаңаөзен қаласының әкімі: Біздегі бағалар Алматыдан қымбат емес, ал орташа жалақымыз олардан жоғары


Алаш Айнасы: 14.10.2011

Егер «биыл мектепке бармай қалды» деген балалардың жайынан бастасақ, бүгінгі таңда мұнайшылардың балалары түгелдей мектепке барады. Жыл сайын «Мектепке жол» бағ­дарламасы бойынша жергілікті әкімшілік, кәсіпкерлер, мұнайшылар бар, бірлесе отырып 500-дей баланы киіндіріп, оқулықтар мен оқу құралдарын алып беріп, көмек көрсетеді. Биыл 797 баланы қамтыдық. Мұнайшыларға да «жағдайларыңыз қиын болып жатса, қалалық білім басқармасына келіңіздер, қолдан келген көмекті аямаймыз» деп хабарладық. Осы жылы ӨМГ кәсіпкерлері 2 млн теңгедей қаржы берді, «Нұр Отан» 3 млн теңге бөлді, осы қаражаттың бәрінің басын қосып, тізім бойынша оқу құрал-жабдықтарын алып беріп жатырмыз (кей ата-аналар «қаржыны қолымызға беріңдер» деді, біз олай етпедік).
Оқу жылы басталған кезде ереуілшілер тарапынан «балаларды мектепке жібермейміз» деген сөз шықты. Содан мен қалалық ата-аналар жиналысын өткізіп, мұнайшыларға ренжідім: «Бұларың не, баяғы аш-жалаңаш соғыс жылдарының өзінде балалар сабақтан қалмаған. Мына шегіп отырған темекілерің дәптерден қымбат, ана қымбат көліктеріңнің бір күндік бензині оқулықтан қымбат, айдың-күннің аманында бұл не масқара? Егер балалардың сабаққа баруына кедергі жасайтын болсаңдар, бала құқын аяққа бассаңдар, ата-аналық құқықтан айырыласыңдар» деп. Мәселені осылай қоюға тура келді.
Ал көктемнен бері жалғасып келе жатқан ереуіл мәселесіне келсек, әрине, қала одан қалыс қала алмайды, қайткен күнде де араласуға тура келеді. Мен осында келген, ереуілге қатысқан жігіттерге айттым: «егер еңбек құқығы сақталмайды десеңдер, комиссия құрайық, он шақтымыз соны реттеудің соңына түсейік, бәрің бірдей алаңда жүру қажет емес, жұмысқа шығыңдар, мыңдаған адам шетінен жұмыссыз қалмасын» деп. Оған келіспеді. Енді келіп олардың басым бөлігі жұмыссыз қалды. Онда да «ереуілге қатысты, митингіге шықты» деп емес, еңбек келісіміндегі баптарға байланысты. Ол бойынша жұмысты себепсіз 3 сағатқа тастаған адам жұмыстан шығарылады, өйткені өндірістің ерекшелігі сондай.
Енді бұл мәселеде қала да қарап отырған жоқ. Жұмыссыз қалғандар да қала тұрғындары ғой, бірі танысымыз, бірі бауырларымыз дегендей, олар үшін 279 жұмыс орнын осы жерден тауып отырмын. Облыс көлемінде 370 орын тағы таптық, оның сыртында қала ішіндегі әлеуметтік жұмыстар да бар. Әйтсе де тіпті 150 мың теңге алатын жұмысқа ешкім барғысы келмейді. Енді келіп бәрін саясиландыруға тырысады.
Қала өмірінде ереуілшілерден басқа шешілмей жатқан мәселелер де жетерлік. Қиын жағдай - су мәселесі, әсіресе жаз бойы графикте тұрдық, үш мезгіл ғана су берілді. Келесі жылы да солай болмақ. Бірақ алдағы уақытта 40 жылда тозып біткен Қиғаш - Маңғыстау су құбыры жаңартылмақ, оны «ҚазТрансОйл» дайындап жатыр, онымен су Түрікменстан шекарасына дейін жететін болады. Қазір аталған компания су сақтайтын қойма дайындап жатыр, су тазалайтын қондырғы жаңартылады.
Электр қуаты жетіспесе, ол да - кезектегі мәселе, өйткені бізде тұтыну артып келеді. Бұл жақсы көрсеткіш емес пе?! Қазір бізде қуат тасымалдау жүйелерін жаңартудың, кернеуін 6 киловольтқа жеткізуді көздейтін, жалпы құны 800 млн теңге тұратын жоба дайын. Жылу тарату жүйелерін кеңейтуге бағытталған 200 миллиондық жоба және бар. Өзге де жұмыстар қолға алынып жатыр. Жақында телеарналардың бірінен бір аудан орталығында балалар алаңы салынғанын көрсетіп жатыр. Біз болсақ ондай 64 алаң салдық. Қарасаңыз, бүкіл қалада арық-траншеялар қазылып жатыр, бірақ ыңғайсыздық туғызып отыр деп ешкім ереуілге шығып жатқан жоқ қой, бәрі түсіністікпен қарайды.
Ал енді азық-түліктің қымбаттылығына келетін болсақ, біздің базардағылар мұнайшылардың табысына қарай бағаларын реттейді. Бұл барлық жерде бар, Қарағандыда шахтерлердің табысын есептейтін болса, өзге өңірде өзге саланы ескереді дегендей, бюджеттегілердің жалақысын ешкім есепке алмайды ғой. Әділін айтсақ, біздегі бағалар Алматыдан қымбат емес, ал орташа жалақымыз олардан жоғары.
Бюджеттік тұрғын үйлер салынып жатыр, былтыр 1700 млн теңгеге 200 пәтерлік үй салдық, биыл және алдағы жылы да осындай көлемдегі тұрғын үйді қолданысқа береміз. Білсеңіз, бізде 1989 жылдан бері кезекте тұрғандар бар. Сондықтан да бұл салада көп жұмыстар атқарылуы керек.
Мектеп мәселесі шешілді, бұрын үш ауысымда оқитын мектептер болса, қазір олай емес, биыл ғана 2100 орындық жаңа мектепті салып бітірдік. Балбақшаларда қазір 3400 орын бар, 6000-нан астам бала кезекте тұр. Оны да шешуге тырысудамыз. ҚТЖ екі балабақша салып жатыр, «Қазатомпром» 400 млн теңге қаржы бөліп отыр.
Қылмыс көрсеткіштеріне келсек, бір сан есіме түсіп отыр: былтыр республика бойынша осы біздің Өзен тәрізді облыс деңгейіндегі 23 қаланың қылмыстық деңгейінің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіші 22,3 болса, бізде ол - 4,1. Бұл «рейтингіде» біз 18-інші орында тұрмыз. Ал бізде бәрін саясиландыруға тырысады. Жақында бір еңбеккердің баласы қайтыс болды. Өзін жақсы танимыз, Ауған соғысының ардагері, өзім де кіріп шықтым. Немесе ӨМГ-де жұмыс істейтін тағы бір мұнайшының қыз баласы қайтыс болды. Мұның бәрі саяси мәселелер емес қой, қылмыс деген, басбұзарлар деген қай жерде болмасын бар.
Негізі, қаламыз 60 мың адамға арналғанымен, қазір мұнда 120 мың адам тұрады. Мұндай миграциялық ағын қандай облысқа болса да оңай емес. Қалай десек те, мұндағы қордаланған проблемаларды саясиландырмай, мәселеге объективті қарау керек.

Аким, обещания не греют!


Караван: 14.10.2011

12 октября, Алматы. Пока не закончатся работы на тепломагистрали на проспектах Сейфуллина – Райымбека, жителям этого района сидеть без тепла
Чиновники рапортуют о почти стопроцентной готовности к отопительному сезону, однако на деле все не так! Жильцы сотен (!) многоэтажек по всей стране будут замерзать по разным причинам: одни – за долги, другие – из-за халатности КСК или ремонтных работ на трассах теплоснабжения.
В Усть-Каменогорске отопительный сезон начнется с 17 октября. Как заверили в местном акимате, готовность социальных объектов к зиме – 99 процентов, жилого сектора – 96. Однако в списке проблемных полтора десятка многоэтажек. Причина – долги жильцов перед КСК, из-за чего у кооперативов не хватило денег на ремонт и опрессовку труб. Значит, батареи там будут холодными!
В Западно-Казахстанской области в начале октября дали тепло в детсады и школы. С середины месяца должны подключить к теплу весь жилой сектор и другие объекты. Однако в компании “Жаиктеплоэнерго” заявляют: в те дома, которые не имеют паспорта готовности к зиме, тепло подаваться не будет. А таких – более 100!
Чиновники Жамбылской области уверяют: все объекты приведены в порядок. Правда, на днях первый заместитель акима области лично проверил несколько школ. И обнаружил: во многих котельных царит хаос – здания напоминают сараи, внутри беспорядок. По некоторым данным, в районах области есть проблемы с объектами здравоохранения, и говорить об их стопроцентной готовности еще рано.
В Кызылорде отопительный сезон планируется начать 25 октября, но в зависимости от погоды он может быть перенесен на более поздний срок. По словам начальника областного управления энергетики и коммунального хозяйства Талгата АРЫСТАНОВА, пока имеется одна проблема: с обеспечением населения сжиженным газом.
За долги – замерзайте
В Семее тема отопления – самая больная. Руководство города и отдела ЖКХ предупреждает: если в домах тепла не будет, то виноваты в этом сами горожане. Одна из причин – задолженность за тепло – 300 миллионов тенге. Впрочем, одну и ту же песню руководство города “поет” каждый год, а Семей между тем замерзает. Но тепловики все равно пообещали повысить тариф за свои услуги.
В Шымкенте коммунальные службы взялись выбивать долги с потребителей. Общая сумма долга за прошлые сезоны – более 600 миллионов тенге. Еще в августе чиновники заявляли, что работы по подготовке к зиме практически завершены. Между тем в первых числах октября в Шымкенте начался… капитальный ремонт теплотрассы, по которой идет снабжение двух городских микрорайонов – “Север” и “Сайрам”. А все потому, что деньги на ремонт выделили лишь в конце августа.
В Атырау внушительные долги по коммунальным платежам – более 300 миллионов тенге, и жители не спешат их погашать. Не удается решить этот вопрос и в поселке Балыкши, находящемся в черте города, где особенно удручающая ситуация. Большая задолженность за Жылыойским и Макатским районами. Как пояснили чиновники, именно это не дает предприятиям-монополистам подготовиться к зиме по полной программе.
Заложники ремонта
В Алматы около 120 КСК – а это 585 жилых домов – подготовили свои внутридомовые системы к зиме на “тройку”. А значит, зимой в квартирах могут быть проблемы.
В ближайшие дни синоптики обещают похолодание в Алматы и Алматинской области. В связи с чем алматинцы беспокоятся, когда же начнется отопительный сезон.
Как нам сообщил генеральный директор ТОО “Алматинские тепловые сети” Даурен АЛИМБЕКОВ, поэтапное подключение потребителей начнется со следующей недели, в течение 10 дней весь город подключат к теплу.
Что касается ремонтных работ, в районе микрорайонов “Таугуль”, “Дубок”, “Школьник”, в квадрате улиц Джандосова – Яссауи – Шаляпина – Алтынсарина, на Сейфуллина – Райымбека продолжается реконструкция тепломагистралей. Со слов гендиректора, работы там начались еще в мае. Объем большой, и завершатся работы не раньше чем через одну-две недели. Заложниками ремонтных работ на теплосетях стали 7 школ, 4 детсада, одна поликлиника и 217 многоэтажных домов. В этих зданиях батареи потеплеют позже, чем в других районах.
По сообщениям наших собственных корреспондентов подготовила Елена КОЭМЕЦ

Тепло - по расписанию


Я покупатель и собственник (Алматы): 14.10.2011

Отопительный сезон в Алматинской области начнется 15 октября, сообщает КазТАГ со ссылкой на начальника Областного управления энергетики и коммунального хо­зяйства Ызгарбека Бектурсынова.
По словам главы ведомства, об­ласть полностью готова к холодам. К централизованному теплоснабже­нию в границах областного центра подключено более 26 тысяч квартир и около 700 частных домостроений. «В Талдыкоргане созданы необхо­димые запасы твердого и жидкого топлива, только угля в хранилищах ГГКП «Талдыкоргантеплосервис» имеется 45 тысяч тонн. Выделены средства на приобретение 200 тысяч тонн твердого и жидкого топлива. Для нужд жителей частного сектора из необходимого количества в 1,2 миллиона тонн угля уже завезено около миллиона», - сообщил Бек-турсынов.
«Под особым контролем находится теплотворный комплекс об­ластного центра, где на обновление инженерных сетей в этом году было выделено более двух миллиардов тенге. В целях минимизации нагруз­ки на головную котельную «Баскуат» готовится к пуску законсервирован­ная и простаивавшая ранее котель­ная №3», - сказал начальник управ­ления. Он также отметил, что «в связи с резким увеличением числа пользо­вателей тепловой энергией в городе все большую актуальность приобре­тает вопрос строительства ТЭЦ или, как альтернатива, - расширение котельной «Баскуат» с увеличением ее мощности». По предварительным подсчетам, стоимость проекта может превысить 4 млрд тенге.