1. 4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 540-482 1

Вид материалаДокументы

Содержание


1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.6 Кредит саны
Пәннің қысқаша мазмұны
2.2 Пәннің міндеттері
2.3 Пән мазмұны
Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер
3 Тапсырманың түрлері мен тізімі және оларды орындау кестесі
3.6. Әдебиеттер тізімі
3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалаудың критериилері мен шкаласы
20 балл Ауызша жауап – 10 балл; Сұраққа жауап –5 балл; Тестік жұмыс – 5 балл; СОӨЖ – 30 балл
4. Курстың саясаты
2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химия ғылымының даму кезеңдері.
Негізгі әдебиеттер
5. Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.
Негізгі әдебиеттер
7. Дәріс тезистері
1. Сабақ тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохими
2. Сабақ тақырыбы: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.
3. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.
...
Полное содержание
Подобный материал:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Педагогика және психология факультеті

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы


050112- «Химия» мамандығына арналған «Химия тарихы» пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Өскемен, 2006

Құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Кафедра отырысында талқыланды

2006 ж. «____»______№__хаттамасы


Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде талқыланып бекітілген

2006 ж. «____»______№___хаттамасы


Түйіндеме. «Химия тарихы» химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені химия мамандығының студенттеріне арналады. Онда дәріс пен семинар сабақтарының негізгі мәселелері көрсетілген. Студенттер пәнге байланысты материалды толық және тереңірек игеру үшін оларға дәрістік сабақ конспектілері, тестілер, бақылау мен өздік бақылау сұрақтары, реферат тақырыптары, өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар беріліп отыр.


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ химия мамандығының студенттеріне арналған «Химия тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006.


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2006 жыл

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS


1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

1.1 Пән атауы: Химия тарихы

1.2 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы

1.3 Оқытушы: Қабдрахманова Сана Қанатбековна

1.4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 540-482

1.5 Өткізу орны: №1 оқу ғимарат, ______аудиториялар

1.6 Кредит саны: 1

1.7 Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семе­стр

Кре­дит

Дәріс

семинар


СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Химия тарихы

1

2

1

10

5

15

15

45

Емтихан


1.8 Пререквизиттері: Оқылатын пәнді игеру үшін студент жаратылыстану заңдары және жалпы химияның негізгі бөлімдерінің теориясымен таныс болуы шарт.

1.9 Постреквизиттері: пәнді игергеннен кейін алынған білімдерін бейорганикалық химияның теориялық негіздері, аналитикалық, органикалық, физикалық биологиялық химия және химиялық технология пәндерін оқу барысында қолдану.


ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

2.1 Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуымен, химиялық білімнің жинақталу процесімен таныстыру. Сонымен қатар, студенттерге ғылымды - материалдық дүниені зерттеуде логикалық бірлікте, үздіксіз және белгілі бір заңдылықта дамитын білім жүйесі ретінде қалыптасатын процесс екенін ашып көрсету.

2.2 Пәннің міндеттері:

Химияның даму барысындағы тарихи құбылыстар мен процестерді белгілі бір ретте және өзара байланыста ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен өндірістің сұранысына, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, математика, жаратылыстану, философия ғылымдарының дамуымен жән басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстыра оқыту. Әрбір тарихи кезеңдегі химияның даму заңдылығын ашып, болашақтағы химия ғылымының даму жолын анықтауға мүмкіндік беретін жаратылыстану мен химия прогресінің қалыптасуының жалпы заңын қарастыру.


2.3 Пән мазмұны: Химия тарихы – жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуын, химиялық білімнің жинақталу процесін сипаттайтын және зерттейтін ғылым.


Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:
  1. Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері: Алхимияға дейінгі кезең ( б.э.д. III ғ.), Алхимиялық кезең (III-XVIғ.), Қалыптасу кезеңі (XVII-XVIII ғ.), Сандық заң кезеңі (Атом-молекулалық теория; 1789-1860 ж.), Классикалық химия кезеңі (1860 ж. – XIX ғ-ң соңы), Қазіргі заман кезеңі (XX ғ. басынан қазіргі кезге дейін);
  2. Химия тарихының мазмұнын және қоғамда алатын орнын, маңыздылығын түсіну, соынмен қатар тарихты сараптап, қорытындылай білу.


3 ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ





Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Ұсыны-латын әдеб.

Орындау

мерзімі

Балл (рейт. шкалаға сәйкес)

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

семинар сабағы

сабақ жоспары бойынша: сұрақтарға алдын-ала дайындық

Ұсыныл­ған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

әр тақырып бойынша 10 балға дейін

Ағымдық бақылау

сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

2

Ауызша жазбаша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес

СОӨЖ-де ұсыныл-ған әдебиет тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

20 баллға дейін әр жұмыс түрі бойынша

Ағымдық бақылау СОӨЖ


сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай


4

Ауызша жазба­ша жауап

СӨЖ жоспарына сәйкес

ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес (СӨЖ)

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

әр жеке үй жұмысы үшін 10 баллға дейін

Үй жұмысын бақылау

СӨЖ оқу жоспа­рына сай

5

Емти­хан тапсыру

1- тақырып бойынша ауызша тапсыру

ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес

Семестр соңы

40 баллға дейін

Қорытын­ды бақы­лау

Оқу жоспа­рына сәйкес



3.6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Негізгі
  1. Н.А. Фигуровский Очерк общей истории химии от древнейших времен до начала XIX в. – Москва. – «Наука», 1969. – 455 с.
  2. Г.В.Быков, Ю.А.Жданов, Б.М.Кедров и др. Становление химии как науки. – Москва. – «Наука», 1983. – 464 с.
  3. В.Штрубе Пути развития химии. – Москва. – «Мир», 1984 том 1. – 239 с.
  4. В.Штрубе Пути развития химии. – Москва. – «Мир», 1984 том 2. – 278 с.
  5. Ю.И.Соловьев История химии. – Москва. – «Просвещение», 1976. – 367 с.
  6. М.Джуа История химии. – Москва. – «Мир», 1966. – 432 с.
  7. В.А. Волков, Е.В. Вонский, Г.И. Кузнецова Выдающиеся химики мира. – Москва. - Высшая школа, 1991. - 656 с.
  8. А.Азимов Краткая история химии. Развитие идей и представлений в химии. - Москва. – «Мир». – 1983, 187с.
  9. Н.А. Фигуровский Очерк общей истории химии. Развитие классической химии в XIX столетии. - Москва. – «Наука», 1979. – 477 с.
  10. Ю.И. Соловьев История химии (Развитие химии с древнейших времен до конца XIX в.). - Москва. – «Просвещение», 1983.
  11. Соловьев Ю.И., Трифонов Д.Н., Шамин А.Н. История химии (Развитие основных направлений современной химии). - Москва. – «Просвещение», 1984. - 335 с.


Қосымша
  1. А.Н.Шамин История биологической химии. Формирование биохимии. - Москва. – «Наука», 1983. - 262с.
  2. П.М. Зоркий // Российский химический журнал, Критический взгляд на основные понятия химии. - 1996, том 40, №3, с. 5-25.
  3. П.М. Зоркий //Структурные аспекты современной химии. Координационная химия. - 1995, том 21, № 4, с. 281-289.
  4. В.В. Лунин, Б.В. Романовский Катализ: опыт историко-методологического анализа. - //Вестник Московского университета, серия 2, Химия, 1999, том 40, №5, с. 293 – 299.
  5. П.М. Зоркий, И.Е. Лубнина Супрамолекулярная химия: возникновение, развитие, перспективы. - //Вестник Московского университета, серия 2, Химия, 1999, том 40, №5, с. 300 – 307.
  6. П.М. Зоркий //Структурная химия на рубеже веков. Российский химический журнал, 2001, том 45, №2, с. 3 – 10.


3.7 Рейтинг-шкала




Бақылау түрі

Балл

Ағымдық бақылау

50

Аралық бақылау

10

Қорытынды

40

Барлығы

100


3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалаудың критериилері мен шкаласы:

Ағымдық бақылау: 50 балл, (семинар сабағы, СОӨЖ, ауызша, жазбаша жауап, әр тақырып бойынша өздік жұмыс) –оның ішінде:

Лекция сабағы;

Семинар сабағында берілген жауап – 20 балл

Ауызша жауап – 10 балл;

Сұраққа жауап –5 балл;

Тестік жұмыс – 5 балл;

СОӨЖ – 30 балл

Реферат 10 балл;

Конспект 3 балл;

Қызықты материалдар дайындау – 7 балл;

Тестік және жазбаша бақылау жұмысы – 10 балл;

2. Аралық бақылау – 10 балл

коллоквиум – 10 балл

3. Қорытынды бақылау – 40 балл

- емтихан – 40 б

Барлығы: 100 балл


4. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
  • студент барлық сабаққа міндетті түрде қатысуы қажет;
  • лекцияны дәптерге міндетті түрде конспектілеу;
  • семинар сабағы тапсырмасын дер кезінде орындау;
  • тапсырма берілген уақытында орындалмаса қабылданбайды;
  • сабаққа қатыспаған күндері өтілген тақырыпты дер кезінде өтеу;
  • бақылау түрлерін тапсыру барысында оқылатын пәннің тақырыптарының бірізділігін сақтау;
  • сабаққа кешікпеу;
  • сабақ үстінде тақырыптан тыс әңгімелеспеу және біреуге кедергі жасамау;
  • байланыс құралдарын сөндіріп тастау;
  • коллоквиумды, емтиханды уақытында тапсыру.

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
    1. . ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ







Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Семинар

соөж

сөж

1

Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері.

1

-

1

1

2

Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия.

2

1

2

2

3

Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.

2

1

4

4

4

Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.

22


1



2


2

5

Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.


1

11


2


2

6

Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.

1

1

2

2

7

XX ғасыр химиясы. Ресейдегі және Қазақстандағы химия ғылымының дамуы.

1

-

2

2




Барлығы

10

5

15

15



2.2 ДӘРІСТІК САБАҚ ТЕЗИСТЕРІ
1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химия ғылымының даму кезеңдері.

Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері;

Химия тарихының маңызы;

Химияның негізгі даму кезеңдері.

1. Дәріс тезистері:

Химия тарихы жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуын, химиялық білімнің жинақталу процесін сипаттайтын және зерттейтін ғылым. Химия прогресінің ғылым ретіндегі негізгі факторы - әрбір тарихи дәуірдегі қоғамның техника мен өндірістік күштерінің даму деңгейіне байланысты өнеркәсіп пен қоғам қажеттілігі болып табылады. Химия тарихының негізгі міндеті: химияның даму барысындағы тарихи құбылыстар мен процестерді белгілі бір ретте және өзара байланыста ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен өндірістің сұранысына, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, математика, жаратылыстану, философия ғылымдарының дамуымен жән басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстыра зерттеу.

Химия тарихының негізгі кезеңдері мыналар: Алхимияға дейінгі кезең, Алхимия кезеңі (III-XVI ғасыр), Қалыптасу кезеңі (XVII-XVIII ғ.), Сандық заңдар кезеңі (Атом-молекулалық теория) 1789-1860 ж., Классикалық химия кезеңі (1860-XIX ғ. аяғы), Қазіргі кезең (XX ғ. бастап бүгінгі таңға дейін).


Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 8, 9, 10.

Қосымша әдебиеттер: 12, 13.


2. Дәріс тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Алхимияға дейінгі және Алхимия кезеңі. Иатрохимия және техникалық химия.

Антикаға дейінгі және Антикалық кезеңдегі қолөнер химиясы;

Антикалық натурфилософия;

Алхимия кезеңі;

Иатрохимия және техникалық химия.

2. Дәріс тезистері:

Адамзаттың табиғат берген байлықтарын пайдалануда үлкен роль атқаратын процесс заттардың қасиетін химиялық жолмен өзгерту болып табылады. Жалпы қолөнер химиясының қалыптасуы металлургияның пайда болып, ары қарай дамуымен тығыз байланысты. Ежелгі дәуір тарихы бойынша еңбек ету бұйымдарының қандай заттан жасалғандығына байланысты Мыс, Қола және Темір дәуірлеріне бөлінеді. Осы дәуірлерде таза күйінде жеті металл белгілі болған. Антикалыққа дейінгі және ерте Антикалық дәуірде химиялық технология саласынан ең алдыда болған мемлекет Египет болып табылады. Зат қасиетінің шығу тегін анықтау мәселесі ең алғаш антикалық философияда қарастырылады.

Зат табиғаты оның қасиеті жайындағы философиялық ұғым бір уақытта б.э.б. VII ғ. Қытай, Үнді, Парсы Греция цивилизацияларында пайда бола бастады. Бұл натурфилософиялық ілімге тән сипат: эмпирикалық негізі жоқ абстракциялы концепция. Антикалық натурфилософия концепциясы жаратылыстың құрылымымен түсіндіріледі.

Алхимия кезеңін Александриялық алхимия, Араб және Еуропа алхимиясы құрайды. Жаратылыстану мен антикалық философияның біріге дамуы Александрия академиясынан басталады. Араб алхимиясы кезеңінде алхашқы алхимия теориялары қалыптасып, зертханалық техника мен тәжірибе әдістемелері дамиды. Жалпы алхимия кезеңінің нәтижесі зат жайлы білімнің толығуымен қатар, оның қасиетін зерттеуде тәжірибелік ізденістің қалыптасуы болды. Иатрохимия мен техникалық химия - классикалық алхимиядан жаңа ғылыми химияға өтудегі ауыспалы кезеңде дамыды. Бұл дәуірде ғылыми химияның негізі қаланып, химиядан көптеген тәжірибелік жетістіктерге жетті.

Негізгі әдебиеттер: 1 – 12;

Қосымша әдебиеттер: 13 - 17.


3. Дәріс тақырыбы: Қалыптасу кезеңі:

XVII ғасырдағы эксперименталды жаратылыстану; Химиялық элементтер жайлы ілімнің қалыптасуы;

Роберт Бойль және ғылыми химияның пайда болуы; Флогистон теориясы;

Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия; Стехиометриялық заңдардың ашылуы;

3. Дәріс тезистері:

XV-XVI ғасырларда Еуропада сауда мен материалдық өндіріс қатты қарқынмен дами бастады. XVI ғ. Еуропа техникасының даму деңгейі Антикалық дәуірдің гүлденген кезеңінен де асып түсті. Техникадағы өзгеріс теорияның алдында жүрді. XVII ғ. жаратылыстанудың дамуына үлкен үлес қосқан ірі философиялық еңюектер жарық көрді. Френсис Бэкон лорд Веруламский ғылыми дискуссияның негізгі шешімі тәжірибеге сүйенуі керек деген ой тастайды («Новый органон» және «Новая Атлантида» шығармалары).

Он жетінші ғасырда философияда атомистік ұғым пайда болды (Рене Декарт) және физика, механика, математика және астрономия салаларында үлкен жетістіктерге жнтті. Галилео Галилей классикалық механиканың негізін қалап, физикаға ойлаудың тәжірибелік әдісін енгізді. Нәтижесінде тәжірибелік көрсеткіштерге сүйенетін жаңа жаратылыстану дүниеге келді. Ол ұйымдастырудың жаңа формаларын дүниеге әкелді. Ғылыми қоғам мен ғылым академиясы пайда бола бастады.

XVII ғ. екінші жартысында болған ғылыми төңкеріс нәтижесінде ғылыми химия қалыптасты. Оның негізін қалаушы ретінде Роберт Бойль саналады. Р.Бойль «Химик-скептик» атты еңбегінде химияның жаңа мақсатын айқындап, химиялық элементтерді іздестіріп, зерттеудің бағдарламасын ұсынып, химияға индуктивті әдісті енгізді.

Ғылыми химияның алғашқы теориясы – флогистон теориясы болып табылады. Ол заттың құрамы жайлы ілімді зерттеп, элементті белгілі бір қасиетті бойында ұстаушы ретінде қарастырды.

Негізгі әдебиеттер: 1 -12.

Қосымша әдебиеттер: 13-14.


4. Дәріс тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.

Дальтонның, Бойль-Лемеридің Ньютонның, Ломоносовтыңт.б. ғалымдардың атомистік ұғымдары мен теориялары;

Авогадроның молекулалық теориясы.

4. Дәріс тезистері:

Атом-молекулалық ілімнің алғаш пайда болып, қалыптасуымен химияның дамуында жаңа кезең басталды. Дальтонның Атомистикалық және Авогадроның молекулалық теориялары қазіргі кездегі химияның түпкілікті негізін құрады. Атом-молекулалық ілім химияда жинақталып қалған көптеген фактілерге түсініктеме беріп, атомдық теорияның маңызын көрсететін жаңалықтарды ашуға негіз болды. Дальтон мене Авогадроның теорияларынан атом мен молекуланы қатар қарастыратын маңызды заңдылықтар туындады. Міне осыдан бастап, молекуладағы атомдардың орналасу ретін және химиялық байланыс түрін анықтауға мүмкіндік беретін қосылыстардың құрылысын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады.

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.

5. Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.

Органикалық химияның даму тарихы;

Структуралық химия (химиялық құрылыс теориясы);

Стереохимия.

5. Дәріс тезистері:

XIX ғ. алғашқы онжылдығында текстиль және бояу өнеркәсібінің сұранысы табиғаты осы кезге дейін белгісіз болып келген органикалық заттардың қасиетін зерттеу жұмысын дамытуға негіз болды. Бұл салады А.Лавуазье ұсынған органикалық заттардың элементтік анализінің маңызы зор болды. Ол алғаш рет заттардың сандық құрамын анықтады. А.Лавуазье – органикалық заттар күрделі радикалдардың оттегімен қосылуынан пайда болатынын айтып, органикалық қышқылдардың жіктелуінің негізін қалағанын жариялады. Кейіннен Ж.Гей-Люссак, Л.Тенар, Я.Берцелиус және Ю.Либих жүргізген аналитикалық зерттеулер органикалық қоспаның сандық құрамын анықтап, ондағы элементтердің қатынасын белгілеуге мүмкіндік берді. Я.Берцелиус еселік қатынас заңының дұрыстығын дәлелдеп, органикалық қосылыстырдың радикалы туралы ілімді қалыптастырды.

1860 жылға дейін химиктер заттың құрамын зерттеп, классификациялап, көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстырадың эмпирикалық және рационалды формулаларын анықтаумен айналысты. Заттың қаситеі туралы мәліметтің жинақталуы, химиялық қосылыстардың қасиеті мен құрамын анықтау химиялық білімнің шегі емес, бұл ғылымның негізгі мақсаты – заттың қасиетінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігін зерттеу екендігі байқала бастады. 1860 жылдың басында химияда: қосылыстардың химиялық формуласы оның құрылысын және қасиетін анықтайды деген жаңа ұғым қалыптасты. Бұл салада А.М.Бутлеров, А.Кекуле, В.В.Марковников т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.

XIX ғ 70-жылдары химиялық құрылыс теориясы толық бекігеннен кейін химиялық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы туралы ілім қалыптаса бастады.

Негізгі әдебиеттер: 1 –12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17 .


6. Дәріс тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.

Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы;

Физикалық химияның даму тарихы;

6. Дәріс тезистері:

XIX ғ-ң бірінші жартысында ғалымдар қасиетінде ұқсастық байқалатын элементтердің бірнеше классификациясын ұсынды. Орыс ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы элементтерді атомдық массасына қарай таблицаға орналастырып, оны периодтық жүйе деп атады. XIX ғ-ң 50-жылдарында химия мен физиканың арасындағы жақындық айқын байқала бастады. Оған атомистикалық ілім және кейіннен физикалық химияның дамуына үлкен үлесін тигізген газдардың кинетикалық теориясы негіз болды. Жаңа туындаған ғылым – химиялық процестің жылдамдығын, жылуға байланысты жүретін құбылыстарды зерттеуге ден қойды. Физикалық химияның дамуына адамзат, өсімдік және жануарлардың өмірінде маңызы зор болатын ертінділер табиғатын зерттеу үлкен үлес қосты.

Негізгі әдебиеттер: 1 - 12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


7. Дәріс тақырыбы: XX ғасыр химиясы. Ресейдегі және Қазақстандағы химия ғылымының дамуы.

XX ғасыр химиясы;

Ресей және Қазақстандағы химияның даму тарихы

7. Дәріс тезистері:

Радиохимияның қалыптасуы (Кюри-Склодовская). Атомның планетарлық моделінің құрылуы (Резерфорд, Бор). Химиялық байланыс теориясы (Льюис, Коссель, Полинг, Малликен). ХХ ғ. екінші жартысындағы квант химиясының дамуы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) химиясының дамуы. ХХ ғ. биоорганикалық химияның даму бағыттары. ХХ ғ. термодинамиканың дамуы. (Нернст, Планк, Онсагер, Пригожин).
Коллоидтық химияның қалыптасуы мен дамуы.
Физикалық зерттеу әдістерінің прогресі (спектроскопия ЯМР и ЭПР, инфрақызыл спектроскопиясы, рентгенқұрылымдық анализ, масс-спектрометрия, лазерлік химия және т.б. әдістер).
Қазақстан мен Ресейдегі химияның дамуына шолу.

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17


2.3. семинарлық САБАҚ ЖОСПАРЫ

1. Сабақ тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия.
  1. Антикаға дейінгі және Антикалық дәуірдегі қолөнер химиясы;
  2. Антикалық натурфилософия;
  3. Натурфилософияның Милет мектебі мен оның ізбасарлары;
  4. Аристотель ілімі;
  5. Антикалық атомизм;
  6. Алхимия кезеңі: Александрия алхимиясы;
  7. Араб алхимиясы;
  8. Еуропа алхимиясы;
  9. Иатрохимия және техникалық химия.

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


2. Сабақ тақырыбы: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.
  1. XVII ғ. эксперименталды жаратылыстану;
  2. Р.Бойль және ғылыми химияның қалыптасуы;
  3. Флогистон теориясы;
  4. Аналитикалық химияның дамуы;
  5. Судың құрамын зерттеу;
  6. Жанудың оттектік теориясы;
  7. Антифлогистонды химия.

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


3. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.
  1. Дальтонның атомистикалық теориясы;
  2. Бойль-Лемеридің корпускулярлық теориясы;
  3. Ньютонның атомистикасы;
  4. Ломоносовтың атом және молекула жайлы ілімі;
  5. Авогадроның молекулалық теориясы;

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.

4. Сабақ тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.
  1. Күрделі радикалдар теориясы;
  2. Гомолог жайлы ілім;
  3. Валенттілік жайлы ұғымның қалыптасуы;
  4. Химиялық құрылыс теориясы;
  5. Изомерия мен таутомерия ұғымының қалыптасуы;
  6. Стереохимияның дамуы;

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


5. Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.
  1. Химия элементтерінің периодтық заңының ашылуы;
  2. Менделеев болжаған элементтердің ашылуы;
  3. Инертті газдар мен Аргон, Гелий элементтерінің ашылуы;
  4. Ерітінділер жайлы ілімнің дамуы. Д.И.Менделеевтің ертінділер теориясы;
  5. Вант-Гоффтың осмос теориясы;
  6. Электролиттік диссециация теориясы;
  7. Химиялық тепе-теңдік және оны дәлелдейтін заңдардың ашылу тарихы;
  8. Химиялық термодинамика;
  9. Катализ.

Негізгі әдебиеттер: 1-12.

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


Семинарлық сабақка дайындалуға қажетті әдістемелік ұсыныстар:

1. ұсынылған әдебиеттерді оқып талдау және оған сараптама жасау;

2. негізгі терминдер және түсініктермен жұмыс істеп, сөздік құру;

3. көрсетілген сұрақтарға жауап жазу.


2.4 ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛА­ТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫН­ША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ (СОӨЖ)

СОӨЖ өткізу формасы:


1-тақырып. Ежелгі дүние және орта ғасыр химиясы

Тапсырма

Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар:
  1. Алғашқы қауымдық құрылыс пен ежелгі дәуірдегі химиялық білім мен қолөнердің дамуы;
  2. Ежелгі дүниедегі натурфилософтар;
  3. Антикалық натурфилософияға тән сипат.
  4. Химия тарихындағы алхимия кезеңінің ерекшеліктері;


СОӨЖ өткізу түрі. 1) Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес сағат көлемінде студенттермен әңгімелесу, консультация түрінде өткізіледі; 2) берілген сұрақтар семинар сұрақтарын толықтырады және оны студенттер өз бетімен орнындай отырып осы кезеңге жалпылама анализ жасайды.

Әдістемелік нұсқаулар: 1) тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерден басқа, лекция материалдарын алдын-ала пысықтау, семинар сұрақтарын толықтырып, сараптау.

Негізгі әдебиеттер: 1-12;

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


2-тақырып Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.
  1. ХVI ғасырдағы иатрохимия мен техникалық химияның дамуы;
  2. Атомистикалық көзқарастың туындауы;
  3. Металлургия мен химия өнеркәсіптерінің дамуы;
  4. Роберт Бойль және оның «Химик-скептик» атты еңбегі;
  5. Флогистон ілімінің пайда болуы. Оны дамытуға атсалысқан ғалымдар;
  6. Аналитакалық химия әдістерінің дамуы;
  7. Азот, оттегі, хлор және тағы басқа элементтердің ашылу тарихы (Шееле, Пристли, Кавендиш);
  8. Ломоносов еңбектері мен оның Ресей ғылымын дамытуға қосқан үлесі;
  9. Химиялық революция;
  10. Лавуазье еңбектерінің маңызы.

Негізгі әдебиеттер: 1-12

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


3-тақырып: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:
  1. XIX ғ. химияның жетістіктері (жалпы сипаттама);
  2. Құрам тұрақтылық заңының шығу тарихы;
  3. Бертоле мен Пруст еңбектері;
  4. Химиялық атомистиканың қалыптасуы. Дальтон, Берцелиус, Авогадроның еңбектері;
  5. Электрохимияның дамуы.и. Дэви и Фарадея еңбектері.

Негізгі әдебиеттер: 1-12

Қосымша әдебиеттер: 13-17.


4-Тақырып: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:
  1. XIX ғ. бірінші жартысындағы органикалық химияның дамуы;
  2. Витализмді теріске шығару;
  3. Либиха, Вёлера, Кольбе, Бертло еңбектері;
  4. XIX ғ. басындағы органикалық химиядағы теориялық ұғымдар (радикалдар және типтер теориясы);
  5. Классикалық химиялық құрылыс теориясы және оның дамуы. Кекуле, Купер және Бутлеров еңбектері;
  6. Стереохимияның қалыптасуы (Вант-Гофф, Ле Бель);
  7. Вернердің координациялық теориясы;

XIX ғ. ортасы (Дюма, Зинин, Вюрц) мен екінші жартысындағы (Гофман, Байер, Фишер)эксперименталды органикалық химияның жетістіктері.
Негізгі әдебиеттер: 1-12

Қосымша әдебиеттер: 13-17.

Әдістемелік ұсыныстар:

ұсынылған әдебиеттерді толығымен оқып, ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және талдау;

негізгі түсініктерді сөздікке жазу.


5-Тақырып: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:
  1. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі;
  2. Менделеевтің жақтастары мен қатарластары;
  3. Периодтық жүйенің ары қарай дамуы;
  4. Термохимия, химиялық термодинамика және кинетиканың қалыптасуы;
  5. Гиббс еңбектері;
  6. Ерітінділер теориясының негізі (Вант-Гофф, Аррениус);
  7. Нернстің электрохимиялық зерттеулері;
  8. XIX ғ. қолданбалы бей органиекалық химияның өркендеуі (фото, Бессемер конверторі, болатты легирлеу, алюминиді өндіру).

Әдістемелік ұсыныстар:

ұсынылып отырған әдебиеттерді оқып талдау;

жаңа терминдерді сөздікке тіркеу;

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 4, 10,11,12,15.


6-тақырып XX ғасыр химиясы.

Тақырып сұрақтары:
  1. Альфред Нобель және Нобель сыйлығы;
  2. Атомның құрылысы күрделі екендігінің дәлелдемесі;
  3. Радиохимияның даму тарихы;
  4. Қазақстан химиктер мектебі.


Негізгі әдебиеттер: 1-17.


1 – ші модуль бойынша коллоквиум өткізу.

Студенттерге қойылатын талаптар:
  1. 1-7 тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға өздігінен дайындалу;
  2. Көрсетілген әдебиеттерді оқып, талдау;
  3. Жаңа түсініктер мен терминдер жазуға арналған дәптерді тексерту;

4. Негізгі түсініктер мен анықтамаларды жаттау;

5. 1-7 тақырыбы бойынша ағымдық бақылаудан төмен баға алынса, оны жоғарылату керек;

6. Үйге берілген тапсырмалар толық орындалып тексеруден өтуі тиіс.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда студент коллоквиум тапсыруға жіберілмейді.


2.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ (СӨЖ)


1-тақырып: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері.

Тапсырма:

Оқуға: Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химияның негізгі даму кезеңдері. Конспект жазуға: Химияның дамуының әр кезеңдерінің сипаттамасы.

Тапсыру мерзімі: 2-аптаның соңы.

Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (12), (1), (15).


2-тақырып: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия.

Тапсырма: Төмендегі тақырыптарға реферат жазу:
  1. Жалпы ежелгі дәуірдегі адамдардың химиялық білімі;
  2. Жаңа эра басындағы Азия және Африка халықтарының химиялық және қолөнер техникалары;
  3. Ежелгі Үнді мен Қытай халықтарының заттың табиғаты жайлы ұғымдары;
  4. Гректердің антикалық натурфилософия жайлы ілімдері;
  5. «Химия» атауының шығу тегі;Рим империясындағы химия;
  6. Орта ғасырдағы ғылым мен техниканың даму жағдайы;
  7. Еуропадағы қайта өрлеу кезеңіндегі химияның дамуы;
  8. Иатрохимия;

Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).


3-тақырып: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.

Тапсырма:

● берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, «Флогистон теориясының тығырыққа тірелуі» тақырыбын ашып, конспектілеу;

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-12.

Тапсыру уақыты: 4-аптаның соңы


4-тақырып Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.

Тапсырма:

● Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың жаңалығын конспектілеу.

Тапсыру уақыты: 5-апта

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-17.


5-тақырып: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.

Тапсырма:
  • Тақырыптың негізгі ұғымларын конспектілеу;
  • Реферат жазу.

тапсыру уақыты: 6-апта

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-17


6-тақырып: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.

Тапсырма:

● Периодтық жүйенің өмірге келу тарихын анализдеп жазу;

● негізгі түсініктерді жазу;

● реферат

Тапсыру уақыты: 7-апта

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-17.


7-тақырып: XX ғасыр химиясы.

Тапсырма: XX ғасырда химия саласы бойынша ашылған жаңалықтарды конспектілеу.

● реферат жазу.

● тақырып бойынша негізгі терминдер мен анықтамаларды сөздікке тіркеу;



Тапсыру уақыты: 8-апта

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-17.


СӨЖ орындауға негізделген әдістемелік ұсыныстар:
  • берілген әдебиеттерді міндетті түрде оқып, талдау;
  • берілген тапсырманы орындау;
  • сөздікке жаңа терминдерді жазу;
  • берілген тақырыптар бойынша әр студент реферат жазып, оны қорғау керек.


2.7 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Реферат тақырыптары:
  1. Жалпы ежелгі дәуірдегі адамдардың химиялық білімі;
  2. Жаңа эра басындағы Азия және Африка халықтарының химиялық және қолөнер техникалары;
  3. Ежелгі Үнді мен Қытай халықтарының заттың табиғаты жайлы ұғымдары;
  4. Гректердің антикалық натурфилософия жайлы ілімдері;
  5. «Химия» атауының шығу тегі;Рим империясындағы химия;
  6. Орта ғасырдағы ғылым мен техниканың даму жағдайы;
  7. Еуропадағы қайта өрлеу кезеңіндегі химияның дамуы;
  8. Иатрохимия;
  9. Бойль заңы;
  10. Элементтерге жаңа көзқарас;
  11. Жану мен дем алу жайлы жаңа ұғымның қалыптасуы;
  12. Фосфордың ашылуы;
  13. Флогистон кезеңіндегі химик-ғалымдардың еңбегі;
  14. XVIII ғ. ортасындағы Ресейдегі химияның дамуы;
  15. М.В.Ломоносовтың химиядағы теориялық зерттеулері;
  16. М.В.Ломоносовтың эксперименталды зерттеулері және химияның міндетіне жаңа көзқарасы;
  17. Пневматикалық химия;
  18. Француздық буржуазия төңкерісі кезеңіндегі ғылым;
  19. Антуан Лоран Лавуазьенің химия ғылымына қосқан үлесі;
  20. Химиялық революция;
  21. Франциядағы Лавуазьенің жақтастары мен ізбасарлары;
  22. Құрам тұрақтылық заңының ашылуы мен стехиометрияның қалыптасуы;
  23. Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін негізгі тео­риялар;
  24. Стереохимияның қалыптасуы (Вант-Гофф, Ле Бель);
  25. ХХ ғ. термодинамиканың дамуы. (Нернст, Планк, Онсагер, Пригожин).
  26. Коллоидтық химияның қалыптасуы мен дамуы;
  27. Физикалық зерттеу әдістерінің прогресі (спектроскопия ЯМР и ЭПР, инфрақызыл спектроскопиясы, рентгенқұрылымдық анализ, масс-спектрометрия, лазерлік химия және т.б. әдістер);
  28. Қазақстан мен Ресейдегі химияның дамуына шолу.



Рефератты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

1. Реферат құрылымы:

бірінші беті

мазмұны

кіріспе бөлім

негізгі бөлім

қорытынды бөлім

қолданған әдебиеттер тізімі

2. Мазмұнына қойылатын талаптар:

мазмұнында беттері көрсетілуі керек

кіріспе бөлімі тақырып өзектілігінен, әдебиеттерге шолу жасаудан, мақсаты мен міндеттерінен тұрады (мөлшермен 1,5 – 2 бет)

негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық жақтары толық ашылуы тиіс (көлемі – 15 беттей)

қорытынды бөлімде тақырыптың тұжырымы жазылады (көлемі – 1-2 бет)

әдебиеттер тізімі қолданылу реті бойынша жазылады

3. Талаптары:

реферат А4 форматты бетте компьютерде терілуі немесе әдемілеп қолдан жазылуы қажет

рефераттың көлемі – қолдан жазылса 20 беттей болуы тиіс.


Модуль бойынша бақылау сұрақтары

1. Ежелгі дәуірден XIX ғасырдағы химияның даму тарихы сұрақтары
  1. "Химия" терминінің шығу тегі;
  2. Алғашқы қауым адамдарына қандай химиялық процесс белгілі болған;
  3. Ежелгі дәуірде қолөнершілер қандай химиялық процестерді қолданған;
  4. Алғашқы қауым адамдарына белгілі болған химиялық заттарға мысал келтіріңдер;
  5. Ежелгі дәуір адамдары қолданған химиялық заттарға мысал келтіріңіз;
  6. Эмпедокл және Аристотельдің элемент-стихия жайлы ұғымдары;
  7. Левкипп пен Демокриттің атомистикасы;
  8. «Трансмутация» мен «элемент-принциптер» деген не?
  9. 3-5 ірі алхимиктерді алып қысқаша қызметін сипаттаңыз;
  10. Химия тарихындағы алхимиялық кезеңнің маңызы;
  11. Күшті минералды қышқылдардың ашылу тарихы;
  12. XVII ғ. эксперименталды ғылыми химияның негізін қалаған ұлы химиктерді атаңыз;
  13. Флогистон теориясының екінші авторы кім. Бұл теорияның негізі мен маңызы неде?
  14. М.В.Ломоносовтың ірі ғылыми жетістіктері және Ресейдің ғылымын дамытуға қосқан үлесі;
  15. Кім және қалай ең алғаш рет оттегін алған?
  16. Жанудың оттектік теориясының шығуы мен негізі;
  17. Стехиометрия деген не? Бұл ұғымды ең алғаш кім енгізген?
  18. Құрам тұрақтылық заңы жайындағы тартыс тарихы;
  19. Еселік қатынас заңын алғаш кім және қалай шығарды және оның негізі неде?
  20. «Химиялық атомистиканы» енгізген кім және оның негізі неде?
  21. Атомдық салмақтың алғашқы таблицасы;
  22. Қазіргі кездегі химиялық символдардың шығу тегі;
  23. Химиядағы витализм концепциясы және оны теріске шығару;
  24. Ең алғаш рет калий мен натриді кім, қашан және қалай алған?
  25. Ең алғаш рет магний мен кальциді кім, қашан және қалай алған?
  26. Кім алғаш рет «ион», «катион», «анион» ұғымдарын енгізген? Бұл ұғымдардың қалыптасуына қандай зерттеу себепші болды?
  27. Менделеевтің периодтық жүйесі құрылғанға дейінгі химиялық элементтерді жүйелеу әрекетін айтыңыз;
  28. Д.И.Менделеевтің ғылыми жетістіктері;
  29. Инертті газдарды кім, қашан және қалай ашты?
  30. «валенттілік» ұғымын кім, қашан және қандай түрде енгізді?
  31. Қазіргі кезде қолданылатын органикалық қосылыстардың құрылымдық формуласын кім алғаш енгізді?
  32. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын қалыптастырған ғалымдарды атаңыз;
  33. Кім және қашан бензолды ашты? Бір және қос байланыспен кезектесіп орналасатын бензолдың қазіргі кезде қолданылатын циклдік құрылымдық формуласын кім ұсынды?
  34. Көміртегі атомының координациялық айналымының тетраэдрлік моделін кім және қашан ұсынды?
  35. Комплексті қосылыстардың координациялық теориясын кім және қашан ұсынды. Оның негізі неде?
  36. Изомерлер жайындағы ұғымның қалыптасуы;
  37. Органикалық химиядағы радикалдар жайындағы ұғымның қалыптасуы;
  38. Органикалық химиядағы типтер теориясының авторы кім? Бұл теорияның негізі неде?
  39. XIX ғ. органикалық синтез жетістіктері;
  40. XIX ғ. бірінші жартысында термохимияның негізін қалаған ғалымдарды және олардың еңбектерін ата;
  41. XIX ғ. екінші жартысындағы физикалық химияның даму кезеңдері;
  42. Химиялық термодинамиканың шығуы мен қалыптасуында үлес қосқан ғалымдарды атаңыз;
  43. XIX ғ. Каталитикалық эффекті сипаттаған ғалымдарды атаңыз;
  44. Электролиттік диссоциация теориясын тім алғаш ұсынған? Оның негізі неде?
  45. Активтелу энергиясы ұғымын алғаш енгізген кім? Оның негізі неде?
  46. XIX ғ. химиялық технологияның жетістіктеріне мысал келтіріңіз;
  47. XIX ғ. қолданбалы бейорганикалық химияның жетістіктері.



XX ғ. химия тарихы сұрақтары

  1. Радиохимияның негізін қалап, ары қарай дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз;
  2. Атомның планетарлық моделін кім және қашан құрған?
  3. Валенттіліктің электрондық интерпретациясын кім және қашан алғаш ұсынған?
  4. Квант химиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз?
  5. Химиялық байланыс теориясының дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз?
  6. ХХ ғ. бірінші жартысында химиялық термодинамиканы дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  7. ХХ ғ. бірінші жартысында химиялық кинетиканы дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  8. XX ғ. катализдің дамуына жағдай жасаған ғалымдарды атаңыз;
  9. Беттік құбылыстарды зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымдарды атаңыз;
  10. Коллоиды химияның негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  11. ЖМҚ химиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  12. Супермолекулярлы химияның пәні мен мақсаты;
  13. Супермолекулярлы химияның шығу тегі мен даму кезеңдері;
  14. Рентгенқұрылымдық анализдің негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  15. Электрондық парамагнитті резонанс спектроскопиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  16. Ядролық магнитті резонанс спектроскопиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  17. XX ғ. биоорганикалық химияның даму бағыттары;
  18. XX ғ. бірінші жартысында төменмолекулалы биологиялық активті қосылыстарды зерттеген ғалымдарды атаңыз;
  19. Витаминдер химиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдарды атаңыз;
  20. Фотосинтезді зерттеген ғалымдарды атаңыз;
  21. Молекулярлық биоэнергетиканың негізін қалаған ғалымдарды атаңыз;
  22. Ақуыздың құрылымын зерттеген ғалымдарды атаңыз;
  23. Молекулалық биология нені зерттеп, қандай міндетті орындайды?
  24. XX ғ. дәрі-дәрмек синтездеудің жетістіктері.

Әдебиеттер: 1-17


2.8 ӨЗДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1-тест.

Алхимияға дейінгі кезең қай уақытқа сай келеді?

А. XVII ғасыр;

В. III ғасыр;

С. III-V ғасыр;

Д. V-VII ғасыр;

Е. XVII-XVIII ғасыр;


2-тест

Алхимия дәуірі қайндай кезеңдерге бөлінеді?

А. Александрия, Араб, Еуропа;

В. Классика, Александрия, Араб;

С. Қайта өрлеу, Еуропа, Александрия;

Д. Александрия, Сандық заңдар кезеңі, Араб;

Е. Еуропа, Араб, Алғашқы қауымдық кезең.


3-тест

Химия тарихының қай кезеңінде ол натурфилософиялық және алхимиялық көзқарастан арылған?

А. Сандық заңдар кезеңі;

В. Классикалық химия кезеңінде;

С. Қазіргі кезең;

Д. Алхимия кезеңінде;

Е. Қалыптасу кезеңі.


4-тест

Атом молекулалық ілім қай кезеңде қалыптасып дамыған?

А. Сандық заңдар кезеңі;

В. Классикалық химия кезеңінде;

С. Қазіргі кезең;

Д. Алхимия кезеңінде;

Е. Қалыптасу кезеңі.


5-тест

Химиялық термодинамика мен кинетика қай кезеңде дамыды?

А. Сандық заңдар кезеңі;

В. Классикалық химия кезеңінде;

С. Қазіргі кезең;

Д. Алхимия кезеңінде;

Е. Қалыптасу кезеңі.


6-тест

Квант теориясы мен салыстырмалылық теориясы қай кезеңде дамыған?

А. Сандық заңдар кезеңі;

В. Классикалық химия кезеңінде;

С. Қазіргі кезең;

Д. Алхимия кезеңінде;

Е. Қалыптасу кезеңі.


7-тест

Химияның зерттеу нысаны (объект) 3 концептуальды жүйеден тұрады: құрам туралы ілім; структуралық химия; … Үшіншісін атаңыз

А. субатомды бөлшек;

В. химиялық элементтер атомы;

С. әрекеттесуші молекулалардың микро және макро жүйесі;

Д. химиялық процесс жайлы ілім;

Е. Мегасистема.


8-тест

Натурфилософияға 2 сипаттама тән: Космологиялық және … Екіншісін атаңыз:

А. Континуализм;

В. Атомизм;

С. Ғылыми химия;

Д. Дедукция;

Е. Дуализм.


9-тест

Милет мектебінің негізін қалаушы - Фалес Милетский қандай затты ең негізгі деп есептеген?

А. Су;

В. Металл;

С. Ауа;

Д. Жер;

Е. Шексіздік.


10-тест

Демокриттің көзқарасы бойынша атомға 3 сипаттама тән. Олар: өлшемі, формасы, … Үшіншісін атаңыз:

А. қозғалысы;

В. кеңістіктегі орны;

С. салмағы;

Д. радиусы;

Е. Құрылысы.


11-тест

Зат және оның қасиеті жайлы теориялық білім мен практикалық білімның бірігуі Алхимияның қай кезеңінде жүзеге асты?

А. Араб алхимиясы;

В. Александрия алхимиясы;

С. Еуропа алхимиясы;

Д. Иатрохимия;

Е. Техникалық химия.


12-тест

Араб алхимиясы кезеңінде металдардың шығу тегінің сынап-күкірт теориясының негізін кім қалады?

А. Айюб ал Рухави;

В. Абу Али ал-Хусейн ибн Абдаллах ибн ал-Хасан ибн Сина-Али (Авиценна);

С. Абу Бакр Мухаммед ибн Закария Ар-Рази (Разес);

Д. Абу Мұса Жабір ибн Хайан (Еуропа әдебиетінде – Гебер);

Е. Абу-ар-Райхан Мұхаммед ибн Ахмед Ал-Бируни.


13-тест

Алхимияның қай кезеңінде алхимияның теориялық негіздері, лабораториялық техника мен тәжірибе әдістемелері қалыптасты?

А. Араб алхимиясы;

В. Александрия алхимиясы;

С. Еуропа алхимиясы;

Д. Иатрохимия;

Е. Техникалық химия.


14-тест

Алғаш мүсәтірді ашқан кім?

А. Альберт фон Больштет (Ұлы Альберт);

В. Роджер Бэкон;

С. Джованни Фиданца (Бонавентура);

Д. Аристотель;

Е. Авиценна.


15-тест

Иатрохимияның негізін қалаған кім?

А. Ваноччо Бирингуччо;

В. Георг Бауэр (Агрикола);

С. Иоганн Рудольф Глаубер;

Д. Андреас Либавий;

Е. Филипп Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм (Парацельс).


16-тест

XVII ғасырда «Барлық дене әр түрлі пішіндегі және өлшемдегі корпускуладан тұрады; корпускуланың пішіні заттың қасиетін анықтайды. Корпускула бөлінеді және тұтас материядан тұрады» деген атомистикалық ілімді кім қалыптастырды?

А. Френсис Бэкон лорд Веруланда қандай мағынаны береді?

А. жанғыш;

В. оттегі;

С. су;

Д. жер

Е. металл


19-тест

«Химияның қарапайым курсы» («Элементарный курс химии») атты еңбек авторы кім?

А. Клод Луи Бертоле;

В. Луи Бернар Гитон де Морво;

С. Антуан Франсуа де Фуркруа;

Д. Антуан Лоран Лавуазье;

Е. Роберт Бойль.


20-тест

Химиялық құрылыс теориясының негізін кім қалады?

А. Д.И.Менделеев;

В. А.М.Бутлеров;

С. А.Кекуле

Д. А.Вюрц;

Е. О.Лоран.


Тест жауаптары:

1-тест

В

11-тест

В

2-тест

А

12-тест

Д

3-тест

Е

13-тест

А

4-тест

А

14-тест

С

5-тест

В

15-тест

Е

6-тест

С

16-тест

В

7-тест

Д

17-тест

Е

8-тест

Е

18-тест

А

9-тест

А

19-тест

Д

10-тест

С

20-тест

В

2.9. КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Химия тарихының пәні, мақсаты мен маңызы. Химияның даму кезеңдері.
  2. Алғашқы қауым адамдарының химиялық білімдері. Жаңа эраға дейінгі Азия және Африка халықтарының химиялық және қолөнер техникасы.
  3. Ежелгі Үнді және Қытайдағы заттың табиғаты жайындағы ұғымдар.
  4. Гректердің Антикалық натурфилософиялық ілімдері. Натурфилософияның Милет мектебі мен оның ізбасарлары.
  5. Аристотель ілімі.
  6. Антикалық атомизм сипаттамасы. Левкипп, Демокрит Парменид, Зенон Элейский, Эпикур ілімдері.
  7. Эллинистік кезеңдегі Египеттегі химия (Александриялық алхимия).
  8. «Химия» терминінің шығу тегі.
  9. Жаңа эраның алғашқы ғасырындағы Рим империясындағы химия..
  10. Жаңа эраның алғашқы ғасырындағы Үнді және Қытайдағы химия мен химиялық техника.
  11. Араб алхимиясы.
  12. Еуропа алхимиясы.
  13. Иатрохимия. Парацельс ілімдері.
  14. Техникалық химия. XIV-XVI ғасырдағы металлургияның дамуы.
  15. Атомистикалық ілімнің қалыптасуы. Д.Зеннерт, Эпикур, Гассенди ілімдері.
  16. Химиялық элементтер жайлы білімнің қалыптасуы.
  17. Роберт Бойль және оның «Химик-скептик» атты еңбегі. Ғылыми химияның қалыптасуы.
  18. Флогистон теориясы жайлы ілім. Зат массасының оны күйдірген кезде өзгеру себебінің зерттелу тарихы. Шталь ілімі.
  19. Аналитикалық және пневматикалық химияның дамуы. Сандық әдістің шығуы. И.Ньютон, Т.У.Бергман, К.В.Шееле еңбектері.
  20. Пневматикалық (газ) химияның дамуы.
  21. Су құрамын зерттеу. Г.Кавендиш, Дж. Пристли А.Лавуазье зерттеулері.
  22. Оттектік теорияның шығу тарихы. А.Лавуазье, Дж. Пристли. М.Ломоносов еңбектері.
  23. Стехиометриялық заңдардың шығу тарихы.
  24. Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Дальтонның атомистік теориясы.
  25. Бойль-лемери, Ньютонның атомистік теориялары. М.В.Ломоносовтың атом және молекула жайлы ілімі.
  26. Еселік қатынас заңының шығу тарихы.
  27. Электрохимиялық теорияның шығу тарихы.
  28. Химиялық белгілердің шығу тарихы.
  29. Авогадроның молекулалық теориясы. Көлемдік қатынас заңының шығуы. Молекулалық гипотезаның шығу тарихы.
  30. Органикалық химияның қалыптасуы. Күрделі радикалдар теориясы. Ю.Либих, Ф.Велер, Р.Бунзен, Ж.Дюма еңбектері.
  31. Көпнегізді қышқылдар құрылысы теориясы. Гомология туралы ілім.
  32. Валенттілік туралы білімнің қалыптасуы. АМІ-нің беку тарихы.
  33. Структуралық (құрылымдық) химия. Химиялық құрылыс теориясының шығу тарихы.
  34. Стереохимияның дамуы
  35. Л.Пастер.Вант-Гофф, А.Бутлеров, А.Байер, Э.Фишер, П.Вальден еңбектері.
  36. Органикалық синтездің даму тарихы.
  37. Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы. Атомдық массаның түзетілуі. Д.И.Менделеев болжаған элементтердің ашылуы.
  38. Инертті газдардың ашылу тарихы.
  39. Физикалық химияның даму тарихы. Ерітінділер жайлы теориялар (Менделеев, Вант-Гофф, Аррениус, иондық гидратация).
  40. Химиялық тепе-теңдік. Әсер етуші массалар заңының шығу тарихы.
  41. Химиялық термодинамиканың және кинетиканың дамуы.
  42. Радиохимияның дамуы. Оған үлес қосқан ғалымдардың зерттеулері.
  43. Атом құрылысының күрделілігінің дәлелемесі. Тарихы. Ғалымдардың еңбектері.
  44. Квант химиясының даму тарихы және оған үлес қосқан ғалымдар еңбектері.
  45. Химиялық байланыс теориясының дамуы тарихы.
  46. ХХ ғ. бірінші жартысындағы химиялық термодинамиканың дамуы.
  47. ХХ ғ. бірінші жартысында химиялық кинетиканың даму тарихы. Оған үлес қосқан ғалымдар.
  48. XX ғ. катализдің дамуы. Оған үлес қосқан ғалымдар еңбектері.
  49. Беттік құбылыстардың даму тарихы.
  50. Коллоиды химияның негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.
  51. ЖМҚ химиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.;
  52. Супермолекулярлы химияның пәні мен мақсаты;
  53. Супермолекулярлы химияның шығу тегі мен даму кезеңдері;
  54. Рентгенқұрылымдық анализдің негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.
  55. Электрондық парамагнитті резонанс спектроскопиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.
  56. Ядролық магнитті резонанс спектроскопиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.
  57. XX ғ. биоорганикалық химияның даму бағыттары;
  58. XX ғ. бірінші жартысында төменмолекулалы биологиялық активті қосылыстарды зерттеген ғалымдар.
  59. Витаминдер химиясының негізін қалаған және дамытқан ғалымдар.
  60. Фотосинтезді зерттеген ғалымдар.
  61. Молекулярлық биоэнергетиканың негізін қалаған ғалымдар.
  62. Ақуыздың құрылымын зерттеген ғалымдарды атаңыз;
  63. Молекулалық биологияның зертеу нысаны мен міндеті.
  64. XX ғ. дәрі-дәрмек синтездеудің жетістіктері.