Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88
№ 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 313-бап өзгертілді

313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу

Техни­калық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда

314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау

1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді

315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу

Уәкілетті мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың бiлiктiлiгiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді

316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу

Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  317-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу

1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:

1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу;

2) стандарттау жөніндегі мәлімделген норма­тивтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;

3) тауарларды буып-түю және буып-түйілген тауарларды кез келген орама түрінде өткізу кезінде ережелерді сақтамау, егер бұл өнім сапасының төмен­деуіне, бұзылуына немесе өнімнің норма­тивтен артық ысырап болуына әкеп соқса;

4) сәйкестігі міндетті растауға жататын, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзімі өткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда өнімді әкелу және (немесе) өткізу;

5) тиісті нормативтік құжаттарсыз өнімді (соның ішінде жөндеуден) шығару, жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызметтерді орындау;

6) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін конструкторлық, технологиялық және жобалау құжат­тамаларын тапсырыс берушіге не өндіріске беру;

7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін бұзу;

8) сәйкестік сертификатын негізсіз беру немесе қолданылу күшін растау, сол сияқты сәйкестік туралы декларацияны, декларацияны мәлімдеуді негізсіз қабылдау немесе тіркеу;

9) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сәйкестікті растау саласында аккредиттелмеген жұмыстарды жүзеге асыру;

10) мемлекеттік сынақтан немесе метроло­гиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексеріл­меген немесе жөнделмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару;

11) тиісті рұқсатсыз өлшем құралдарын дайын­дау, тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді шығару және метрологиялық аттес­таттау;

12) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жа­та­тын және метрологиялық аттестаттаудан өт­пеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;

2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) тексеруден немесе өлшем құралдарын калибрлеуден өтпеген және (немесе) өлшем бір­лігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізі­ліміне енгізілмеген өлшем құралдарын пайдалану түрінде жасалған бұзушылық,–

14) 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

аккредиттеу аттестатын, сарапшы-аудитор аттес­татын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлға­ларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заң­наманың талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды және қада­ғалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқау­ларын орындамау не тиісінше орындамау, —

аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), —

аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  317-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

317-1-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу

Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгі­ленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмей­тіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмір­лік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындамауы, —

қызметі тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұл­ғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден үш жүз онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден бір мың алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, хи­миялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтар­дың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңна­малық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.

 

2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен 317-2-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру тәртібін бұзу

1. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сараптаманың актісін жасауы және оны сараптама ұйымының беруі, –

тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарап­шы-аудиторларға – тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, сараптама ұйымдарына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауардың шығарылуы туралы тиісті түрде ресімделген сараптама актісі және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тарту, –

аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруі, –

аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді берудің мерзімін бұзуы, –

аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын, бұрмаланған және (немесе) дәйексіз құжаттарды беру, –

дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, –

тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға – тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестатынан айыра отырып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына – қызметін тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, сараптама ұйымдарына айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау

Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01.