Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
560-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган

1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары  жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктер карантині жөніндегі бac мемлекет­тік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға  — отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға  —  отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға  жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган

1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 309-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган

1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүзге дейінгі, ірі кәсіп­керлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсім­дік­терді қорғау жөніндегі бac мемлекеттік инс­пекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көр­сет­кіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көр­сет­кіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдар­ға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіп­керлік субъектілері болып табылатын заңды тұлға­ларға  —  жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъек­ті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы  уәкілетті  органдар

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласын­дағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 121, 124 (екінші бөлігінде), 276, 277, 278  (екінші бөлігінде), 279-281-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлары және олардың орынба­сарлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсет­кіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар  жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпыс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жө­ніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлға­ларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейін­гі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — алпысқа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

 562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы

саласындағы уәкiлеттi органдар

1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;

2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;

2-1) осы Кодекстің 121, 250, 252, 282, 283 (екін­ші бөлігінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;

3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 296-1, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.

 

563-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды

жүзеге асыратын органдар

1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

 

563-1-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

565-бап. Монополияға қарсы орган

1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 147, 147-2, 147-3, 147-4-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

565-1-бап. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды

және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган

1. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-5-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

565-2-бап. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған

қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын

уәкілетті орган

Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін

қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) , 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

 

567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

 

568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар

1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң  230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291,  357-2 (бірінші бөлігінде),  387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.

 

569-бап. Статистика органдары

1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381, 382-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөнiндегi басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

570-бап. Салық қызметi органдары

1. Салық қызметі органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi бөлiгiнде), 166, 205-212, 215-219, 357-2 (бірінші бөлігінде),  358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.