Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс

Содержание


28-тарау. Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери
29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол
Подобный материал:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
497-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды

497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану

жөніндегі талаптарды бұзу

Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және

электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу

Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

498-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен   алып тасталды

499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу

Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру

1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

501-бап. Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік

белгілерін жасау немесе өткізу

Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілерін өткізу мақсатында жасау немесе өткізу, -

пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілері, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

502-бап 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен алып тасталды

 

28-тарау. Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери

қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік

құқық бұзушылықтар

503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне

тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына

бермеу немесе уақтылы бермеу

Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -

меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың

азаматтық қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -

азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

505-бап. Жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламау

Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының  жергілікті әскери басқару органының  шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ  жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты

азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы

бермеу

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -

ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы

мәлiметтердi хабарламау

1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы  жергілікті әскери басқару органына  белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерiн

орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың  жергілікті әскери басқару органының  шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару

1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -

әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту

Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

Шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының  жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру, оларды

шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру

Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

    

513-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру

1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуы­нан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеу­шілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік) , —

ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөл­шерінде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі  мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

айлық есептік көрсеткіштің жиыр­мадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға  алуға әкеп соғады.

 

514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға

қатысушылардың жауапкершiлiгi

Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

514-1-бап. Алқабидің міндеттерін атқару үшін сотқа

келмеу

Алқабидің міндеттерін атқару үшін азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеуі, -

азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

514-2-бап. Алқабилердің тізімдерін жасау үшін ақпаратты

табыс етпеу

Алқабилердің тізімдерін жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -

жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

514-3-бап. Азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі

келтіру

Лауазымды адамның азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіруі, -

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

514-4-бап. Алқабилердің сот талқылауында істі қарауға

байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулердi

сақтамау

1. Сот талқылауында істі қарауға байланысты алқабилердің іс-әрекеттеріндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау, -

азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер, -

азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не жалтаруы, -

екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

516-бап. Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары,

сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе қате

аударма жасау

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысында органға (лауазымды адамға) куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтар беруі, сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрінеу қате аударма жасауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргізу кезінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Егер куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ерікті түрде, уәкілетті орган (лауазымды адам) іс бойынша шешім шығарғанға дейін өздері берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлімдесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

 

516-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  дәлелдемелерді бұрмалау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға уәкілетті органның (лауазымды адамның), прокурордың, іс жүргізу іс-әрекетіне қатысатын маманның немесе қорғаушының бұрмалауы, егер бұл іс-әрекет адамның денсаулығына немесе айтарлықтай залал келтіруге себепші болмаса, —

айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе

тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас

тартуы немесе жалтаруы

Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -

жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi туралы жеке

кепiлгерлiктi бұзу

Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -

үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн

қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу

Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -

бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң

немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау

Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -

сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот

орындаушысына, сот приставына келуден жалтару

Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейінгі, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау

Мемлекеттiк органның заң актiлерiне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот

орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау

1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттiк органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.