ТынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті

Вид материалаДокументы

Содержание


Талқылауға берілген сұрақтар
Тестілік сұрақтар
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6

«Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасы




Өндіріс атауы

Қуаттың өлшем бірлігі

Қуаттылығы

Инвестиция, млн.тенге

1

2

3

4

5

1.

Өнім сапасын бақылау лабораториясын және инъекцияға арналған суды алу үшін монтаждық құрылымды инъекциялар өндірісін ашу.

Жылына млн. ампула

120

596,4

2

«boutlepack» қолданумен инфузионды ерітінді алу өндірісін ашу

Жылына млн. флакон

6-7

332,2

3

Стерилді емес спирттік ерітінді өндірісн ұйымдастыру

Жылына млн.флакон

10-12

22,6

4

Полиграфиялық және картонаждық бөлім ашу







133,7

5

Қоймаларды қайта конструкциялаудан өткізу







21,5




Барлық инвестиция:







1106,4


«Химфарм» АҚ жарғылық қоры 1527,3 млн.тенгеге ұлғаяды, оның ішінде қайта ұйымдастыру жұмыстарына -1106,4 млн.тенге жұмсалады. Қолда бар қорларды қайта бағалаумен шұғылданатын индексация қоры қосымша қаржы құралдарына эмитент бермейді. Қажетті қаражатты 1106,4 млн. тенгені құрайтын 3725252 дана көлемінде акция пакеттерін сатумен қана табуға болады. Акцияны ашық сату күткен нәтижені бермеуі мүмкін, біріншіден – меншіктің бөлінуі, екіншіден «Химфарм» АҚ акциясына сұраным жоқ. Сондықтан акционерлер акция пакетін инвесторлардың шектелген санына сатуға шешім қабылдады:
  • мемлекеттің уәкілді органдарына;
  • «Donnadel LTD» компаниясының басқарушысына.

Мемлекет 04.04.1994 жылы жасалған келісім міндеттері орындалса ғана, акция пакеттерін басқарушының сатып алуына рұқсат берді.

Акция пакеттері сатылғаннан кейін «Химфарм» АҚ жарғылық қоры төмендегіні құрады:

а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;

ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті -

23 %;

б) инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;

в) еңбек ұжымы – 3 %.


Талқылауға берілген сұрақтар:
  1. Акционерлік меншіктің экономикалық мәні.
  2. Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия – фармацевтік зауытын акционерлеуге талдау жасаңыз. Акционерлік капитал құрылымы қалай қалыптасты?
  3. Акционерлік қоғамның қызметі тиімді болу үшін қандай шарттар жасалды? Неге Қазақстанда жекешелендірудің акционерлік формасы инвестициялық жекешелендіру қорын қалыптастырудың негізі болды? Неге ИЖҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың басты жұмысшы құралы болмады?
  4. Неге 12 ИЖҚ акция иегері болғанмен, өндіріске инвестиция көзін тартпады?
  5. Неге ҚР Үкіметі мемлекеттің акция пакетін пайдалану құқын беретін басқару келісіміне тендер жариялауға шешім қабылдады?
  6. «Химфарм» АҚ «Donnadel LTD» ирландтық компаниясына берген дұрыс деп ойлайсыз ба?
  7. Тендерде басқа қуатты инвесторларды тарту мүмкіндігі болды ма?
  8. «Donnadel LTD» ирландтық компаниясы алғаннан кейінгі уақытта «Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаңыз. Неге кредиторлық және дебиторлық қарыз жоғары болды?
  9. «Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бар ма?
  10. Қосымша эмиссияға жекешелендіру моделін өңдеу дұрыс па (жекешелендірудің дара жобасы шегінде) ?
  11. «Химфарм» АҚ жарғылық қорының төмендегідей бөлінгені Сіздің ойыңызша дұрыс па?

а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;

ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті -

23 %;

б) Инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;

в) еңбек ұжымы – 3 %.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, меншіктің объектісін субъектіден айыра білу керек, меншік құқына түсінік беріңіз. Нарықтық экономикаға тән меншік формаларын анықтаңыз.


Тақырып 4. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

СӨЖ тапсырмалары:
  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
  3. Берілген тапсырмаларды орындау.
  4. Есептер шығару
  5. Тестілік сұрақтарға жауап беру.
  6. «Тұтынушы талғамының теориясы» және «Пайдалылықты тұтушы максимизациялауының кардиналисттік және ординалисттік пайымдаулары» сұрақтары презентация түрінде талқыланады
  7. «Кәсіпкерлік түсінігі және оның макроортасы», «Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары» тақырыьына реферат дайындау
  8. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
  1. Тұтынушының тауарға сұранымының негізі не?
  2. Сұранымға қандай факторлар және қалай әсер етеді?
  3. Сұраным қисығы нені көрсетеді? Баға мен сұраным көлемі арасындағы тәуелділік сипаты қандай?
  4. Сұраным заңының негізін қандай факторлар құрайды?
  5. Қандай факторлардың әсерімен график бойынша сұраным қисығы жылжуы мүмкін?
  6. Не себептен ұсыным көлемі тауарға баға көтерілгенде ұлғаяды және керісінше?
  7. Егер бензиннің бағасы көтерілсе, көліктің ұсыным қисығы өзгере ме?
  8. Ұсыным қисығының төмен жылжуының экономикалық мәні қандай?
  9. Нарық ұзақ мерзім бойы теңсіздік күйінде тұра ала ма?
  10. Кәсіпкерлік деген не? Бизнес және кәсіпкерлік бір түсінік пен, айырмашылықтар бар ма?
  11. Кәсіпкерлік рухы төртінші өндіріс факторы екенін негіздеңдер.
  12. Нарықтық экономикадағы белсенді кәсіпкерлік іс - әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды атаңдар.
  13. Кәсіпкерліктің сипатты белгілерін атаңдар
  14. Экономикадағы шағын бизнестің негізгі қызметтерін атаңдар


Тапсырмалар:
  1. Тауар- субституттың бағасы өзгерсе, тауарға сұраным өзгере ме?
  2. Келесі тауарлар өзара алмасушы және өзаратолықтырушы болып санала ма?




Тауар түрлері

Тауарға сұраным көлемі, Х

Тауар бағасы Y тенге

айран

Q1=15

Q2=25

Y – ряженка

P1=40

P2=55

Сүт

Q1=125

Q2=100

Y-кофе

P1=120

P2=180

Коньяк

Q1=32

Q2=28

Y- шарап

P1=500

P2=340

Балмұздақ

Q1=38

Q2=30

Y-сироп

P1=80

P2=100

Апельсин шырыны

Q1=100

Q2=100

Y- ірімшік

P1=60

P2=100


3. Айталық, тұтынушы А тауарының әр түрлі көлемін тұтынғаннан кейін онық жалпы пайдалылығын шартты белгіде бағалай алады. Бағалану келесі кестеде көрсетілген:


А тауарының саны

1

2

3

4

5

6

TU

15

29

42

53

62

70

MU




















Тұтынушының А тауарын тұтынғаннан шекті пайдалылығын анықтаңыз. Сіз есептеген шекті пайдалылық шекті пайдалылықтың азаю заңына сәйкес келе ме?


4. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін түсініктер мен анықтамаларды қойыңыз.

А. Арзан тауарлар..............

Ә. Гиффен тауары.............................

Б. Қымбат тауарлар..........................


1. .................... тұтыну сапасы төмен, жалпы тұтынушылық шығындарда алатын орны үлкен емес, бағаның төмендеуі ол тауарға сұранымды ұлғайтады немесе мүлдем рыноктан ығыстырады.

2. ................. сатып алушының әлеуметтік жоғары мәртебесін көрсететін айрықша сұранымға байланысты, бағаның төмендеуі «Веблен тиімділігі» тартымдылығын кемітуге алып келуі мүмкін.

3. ................. тұтыну құрылымында орын алады. Бағаның көтерілуі сұранымның өсуіне, бағаның төмендеуі сұранымның азаюына алып келеді.


Тестілік сұрақтар:

1. Сұраным заңы - бұл:

а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;

ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;

б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;

в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.

2. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?

а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;

ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;

б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;

в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.

3. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:

а) ұсынымның өсуі;

ә) ұсынымның азаюы;

б) ұсыным көлемінің өсуі;

в) ұсыным көлемінің азаюы.

4. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:

а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;

ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;

б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;

в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.

5. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:

а) аса керемет тауар;

ә) күнделікті қажет тауар;

б) сапасы төмен тауар;

в) сапасы жоғары тауар.

6. Кәсіпкерліктегі тәуекел – бұл:

а) болжаммен салыстырғанда шығынға ұшырау ықтималдылығы

б) капиталды тиімді пайдаланудың қозғаушы ынтасы

в) әріптестердің болжамсыз іс - әрекеті

г) шаруашылық іс - әрекет нәтижесі

д) ақпараттың жеткіліксіздігі

е) жауаптардың барлығы дұрыс

7.Бизнестің ұжымдық формалары алдындағы жеке кәсіпкерліктің басымдылығы мынада:

а) құрудағы және таратудағы қарапайымдылық;

б) салықтық басымдылықтар;

в) бизнестегі тәуелсіздік;

г) жоғарыдағы аталғандардың барлығы;

д) аталғандардың бірде – біреуі дұрыс емес.

8. Жеке кәсіпкерліктің басты кемшілігі:

а) қаржы ресурстарының шектелуі;

б) иегердің қарыз үшін шексіз жауапкершілігі;

в) кәсіпкердегі басқару қабілеттігінің болмауы;

г) салынған инвестиция өтімділігінің қиындығы

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес

9. Еншілес шаруашылық қоғамының сипатты белгісі:

а) шексіз жауапкершілік;

б) оның жарғылық капиталында негізгі шаруашылық қоғамы қаражаттарының басымды түрде қатысуы;

в) жоғарыда аталғанның барлығы;

г) барлығы дұрыс емес.

10. Бизнестегі табыссыздықтың негізгі себебі:

а) фирма иелерінің тарапынан қызығушылықтың болмауы;

б) жаман басқару;

в) бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі;

г) ешқайсысы дұрыс емес.

д) жауаптардың барлығы дұрыс

11. Табысты кәсіпкерліктің маңызды факторлары:

а) қажетті бастапқы капиаталдың болуы;

б) кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі;

в) мемлекеттік заңнама шегіндегі жұмыс;

г) жоғарыда аталғанның барлығы.

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес

12. Фирманың ұжымдық кәсіпкерлік формасы ретіндегі негізгі басымдылықтары:

а) капиатлдың айтарлықтай көлемін шоғырландыру мүмкіндігі;

б) акционерлерді қаржылық жауапкершіліктен қорғау;

в) салымшыларды олардың инвестициясының өтімділігімен қамтамасыз ету;

г) фирма өмірінің шексіз ұзақтығы;

д) жоғарыда аталғанның барлығы;

е) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

13. Акционерлердің құқықтары:

а) фирмаға капитал салу;

б) дауыс беру;

в) дивиденд алу;

г) компания құжатымен танысу;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, сұраным және ұсыным заңдарына түсінік беріп, сұраным және ұсыным қисығын салыңыз, сонымен бірге, «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктеріне ерекше назар аудару керек. Нарық тепе- теңдігін зерттеңіз. «Икемділік» оны баға және кіріс бойынша меңгеріңіз. «Тұтынушылық таңдау теориясы», «Тұтынушылық пайдалылықты ұлғайту туралы кардиналистік және ординалистік көзқарастар» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс. Кәсіпкерліктің формалары мен түрлерін атаңдар.


тақырып 5. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ АЙНАЛЫМЫ. КӘСІПОРЫН (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ

СӨЖ тапсырмалары:
  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындау.
  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
  3. Тақырыпта берілген тапсырманы орындау
  4. Тақырыптағы претензияға дайындалу. «Тозу түрлері» негізгі капиталдың амортизациясы, «Еңбек өндіріс факторы ретінде және еңбекақы еңбек бағасы ретінде», «Капитал өндіріс факторы ретінде және пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде, оның мәні, түрлері және функциялары»
  5. Тақырыптағы рефератты жазу «Инвестиция және оның түрлері», «ҚР инвестициялық саясат», «Жер және ҚР-ғы жер қатынастары».


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
  1. Өндіріс және ұдайы өндіріс деген не?
  2. Қандай ұдайы өндірісті білесіз?
  3. Маркстің «капитал» туралы түйіндісінің басқа теорияға қарағандағы түбегейлі айырмашылығы
  4. «Адам капиталын» қалай түсінесіз?
  5. Маркстік емес капитал анықтамасының жалпылығы неде?
  6. Капитал өзінің қозғалысында капиталдың негізгі функционалдық формалары қандай?
  7. «Капитал айналымы» дегеніміз не?
  8. Өндіруші капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналыс капиталы болып есептеледі?
  9. Моральдық тозудың І-түріне әсер ететін себептері қандай?
  10. Амортизацияны түзетуді қалай түсінесіз.
  11. Фирмаға орташа шығындарды не үшін есептеу керек?
  12. Экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылықтарын көрсету керек. Қандай шығындар көп? Неге?
  13. Сатудан түскен табыс пен шығындар арасындағы және шығындар мен пайда арасындағы өзара байланысты сипаттаңдар.
  14. Еңбекақының негізгі формаларын атаңдар. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша неғұрлым прогрессивті болып табылады?
  15. Өндіріс факторы ретіндегі жердің ерекше қасиеттерін анықтаңдар.


Тапсырма:
  1. Жіберілген элементтерді толтырыңдар:

..... Т - ӨҚ, ЖК ... Ө...Т' - ....
  1. Кестедегі жіберілген ұяларды толтырыңыз:

Негізгі және айналым капиталының негізгі айырмашылығы қандай?




Негізгі капитал

Айналыс капиталы

Нені қосады?

Еңбек құралдарын (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылыстар)




Қалай қатысады?

Бірнеше рет






  1. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны 40-тан 45 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ал осы уақыттағы өнім шығару 42-ден 50 млн. теңгеге дейін өсті. Қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері қалай өзгерді?
  2. Дұрыс формуланы жазыңыз: жалпы табыс, орта табыс, шектеулі табыс.
  3. формуланың дұрыс вариантын көрсетіңдер:

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім + бухгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім - бу хгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = экономикалық түсім + бухгалтерлік шығын

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты – ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім + (сырты + ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім - (сырты +ішкі шығын)

6. Шолпанның иелігіндегі кішкентай ательесі тері киімдер тігеді. Онымен бірге бұл ательеде Мақпал жұмыс істейді. Шолпан оған айына 8000 теңге төлейді, сонымен қатар жылына 200000 теңге үйді жалға алуға байланысты аренда төлейді. Сонымен бірге құрал-жабдықтар үшін 40000 төлейді. Егер өзінің ақшасын басқа жағдайға жұмсамаса 80000 мың теңге табыс алар еді. Шолпан бизнеспен шұғылдану үшін өзінің жақсы жұмыс орнынан бас тартқан жалақысы 12000 теңге. Анықтаңыздар: бухгалтерлік және экономикалық шығынның деңгейін, көрсетілген шығындардан басқа Шолпан әр түрлі салықтар төлейді, оның мөлшері 40% жылдық жиынтық шығынның.


Атауы

Бухгалтерлік шығындар

Экономикалық шығын

Мақпалдың жылдық жалақысы

96000

96000

Арендалық төлем

20000

20000

Құрал-жабдықтың құны

40000

40000

Альтернативтік табыс

-

80000

Жұмысты жоғалтуға байланысты табыс

-

144000

Салық

134400

134400

Барлығы

470400

694400


Есептер:
  1. Студент каникул кезінде 300 мың теңге табыс табуы мүмкін, не ағылшын тілі курсына баруға болады. Ағылшын тілі курсын таңдап барса, оның шығыны мына жүйені құрайды:

Оқу үшін төлем – 200 теңге

Курс үшін оқулық – 30 теңге

Жол шығыны – 40 теңге

Тамақ үшін шығын – 300 теңге

Альтернативтік шығын неге тең болады?
  1. Кәсіпорынның жиынтық табысы 600 мың ақша бірлігін құрайды. Сонымен бірге шикізат және материалдарға 150 мың ақша бірлігі. Кәсіпорынның бухгалтерлік және таза экономикалық пайдасын анықтаңдар?
  2. Жер учаскесінің бағасы қандай болады, егер жер иесі жыл сайын 50 мың ақша бірлігінде жер рентасын алады, банк салымшыға 10 % жылдығына төлейді.