Несие нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi

Вид материалаДокументы

Содержание


1.1 Несие формалары мен түрлері.
Жаңартпалы несие
1.2 Несие заңдары.
Несие заңының пайда болуы
Несие жүйесі
Банк жүйесі
Парабанк жүйесі
2.1 Несиенің экономикадағы ролі.
2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы.
2.3 Банктердің экономикадағы ролі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Подобный материал:
Кіріспе

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.

Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде көштi.

Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.

Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.

Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.

Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.

Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.


І.Несиенің мәні, қызметі. Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:

- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.

- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.

Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.

Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады.Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызга алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жагдайга несие берушi болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.


Қарызга алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызга алушы карызға алынган қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жагдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланганы ушiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.

Несиелiк мәмiледе қарызга алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде қатысуы керек және бұл жагдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi —қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызга алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғурлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.





Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:

- қайта бөлу;

- айналыс шығындарын үнемдеу;

- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

- капиталдың шоғырлануын жеделдету;

- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.

Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.

Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.

Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.

Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.

1.1 Несие формалары мен түрлері. Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.

Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады (9.1. сурет)

- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;

- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер.




9.1.сурет. Несиенің негізгі формалары.


Жорғарыда қарастырылган несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi: несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:

— айналым қаражатын қалыптастыруга берiлетiн несие;

— негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга берiлетi несие;

— ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттлiкке берiлетiн несие;

— өндiрiстiң маусымдық шыгыны аясында берiлетiн несие;

— жол үстiндегi (жолдагы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетн несие, аккредитивтер;

— төлем несиелерi.

ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:

— жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен, сактандыру келiсiмшарттымен толық қамтамсыз етiлген;

— iшiнара қамтамасыз етiлген;

— қамтамасыз етiлуi болмайтын банкiлiк (сенiмдiлiк).

б) қайтарылу мерзiмi бойынша:

— қысқа мерзiмдi;

— орта мерзiмдi;

— ұзақ мерзiмдi.

в) өтелу тәртiбi бойынша:

— бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту);

— бір жолғы өтеу;

кезең сайын (бір қалыпты емес) өтеу.

г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:

— субстандартты;

— стандартты

— күмәндi;

— сенiмдi;

— сенiмсiз;

— ұзартпалы.

ғ) арқылылығы бойынша:

— қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;

жоғары пайыздың мөлшерлемесi;

төмен пайыздың мөлшерлемесi;

— пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

— сауда-саттық несиесi;

— өнеркәсiп несиесi;

— ауылшаруашылық несиесi;

—құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот турлерi бойынша:

— жай ссудалық шот бойынша несие;

— арнайы ссуда шоты бойынша несие;

— контокорренттiк шот бойынша несие;

— овердрафт бойынша несие;

— несие желiсi бойынша несие.

Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиен өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңгыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.

Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несие уйымының оған несие келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

1.2 НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ. Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.

Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.

Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.

Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.

Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр суруiнiң заңы.

Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.

Тарылған құчдылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу ушін белгiлi бiр жумыс iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру ушiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендiгiмен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.

Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың ерекшелiктерiн танып бiлудiң тәжiрибелiк маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемiтедi, инфляпияға келіп соқтырады және т.б.


ІІ. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі. Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.

Несие жуйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.



Келтірілген сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, ның ирархиялық құрылымы кестеде берілген.



Несие жүйесі




Иерархия деңгейі

Мекеме аты

Бөлімшелер аттары

Мекеменің қызметі


Банк жүйесі


І


Ұлттық банк

Орталық аппарат.

Ұлттық банктің басқармасы

1.Ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру.

2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3.Алтын-валюта резервін басқару.

4.Ақша-несиелік реттеу.


ІІ

1.Екінші деңгейлі банктер


2.Мамандан-ған банктер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.


Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған


Парабанк жүйесі


ІІІ

Банктік емес мекемелер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Манманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету


IV

Пошта-жинақ мекемелер

Орталық аппарат

(АҚ Қазпошта)

Бөлімшелері

Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту.



Банктердiң саны жыглдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтiп банк жуйесiн реформалау натижесiнде олардың саны 35-ке дейiн (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.

2.1 Несиенің экономикадағы ролі. Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн мiндеттер қогамдық дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.

Жаңа өндiрiс ашумен оларды кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын рөлі зор. Несиенiң көмегiмен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық ендiруге, жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтiн КР-ның 2003—2015 жылдарға арналган индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.

Несиенiң ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуiнен көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi — айналысының құралын құруға байланысты:
  • бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен сақтаушыгындарын қысқартады;
  • екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
  • үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық қажеттiлiктерді қосымша қаржылар есебiнен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993—1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.

Несиелiк (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.

Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.

Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектiлердiң өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.

Несие саласын мейлiнше тарылтудың да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.

Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.

Несиенiң сандық шегi несиелiк қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура әдiс — Ұлттық банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс — пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi — бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.

Несиенiң экономика циклiнің тиiстi кезеңiне байланысты кең көлемдi деңгейде оң немесе терiс түрде қалай әсср ететiндiгi жогарыда атап көрсетiлдi.

Несиенiң пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейiнде әсер етуi көп факторларга, ең бiріншi несиелiк қатымастарға қатысушы жақтардың ықыластарғы мен мүмкiндiктерiне байланысты, атап айтқанда:

— қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие және пайыздыық мөлшерлемелердi қайтаруга байланысты щығындарды азайтуға олардың ықыласты болуы;

— банкiлердiң өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын кеңейтуге ықыластылығы.

Екi жақтың несиелiк тынымдарға ықыластары жасалған несиелiк келiсiмдерде көрсетiледi.

2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы. Ғалымдардың пiкiрiнше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында — ХIV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болган. Кейбiр галымдар банктердiң бұдан да ертерек феодализм кезiнде төлем делдалдары ретiнде пайда болды деп есептейдi.

«Банк» сөзi «үстел» мағынасын беретiн италияндық «Ьапсо» сөзiнен шыққан. Банко — үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретiн алаңдарга қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлi монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлi айналасынанi хабары бар, айырбас багамы бойынша кеңестер берiп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерiмен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдiк сауданың орталыгына айналды, сол себептi де өздерiнiң ерекше банко-үстелдерi бар айырбастаушы банкирлер әйгiлi болады әрі олар Ежелгi Грецияда (трапезиттер деп аталган «трапеза» — үстел), Ежелгi Вавилонда және басқа да елдерде кеңiнен тарайды.

Бiздiң эрамызга дейiнгi VI ғасырларда Ежелгi Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжiрибеде кездескен. Мұдай Валюталық және несиелiк операциялар бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда Грецияда да тәжiрибеде кездескен.

VII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегi эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және ХIХ гасырдың басында оған елдiң эмиссиялық банкiсi деген атақ (статус, мәртебе) берiлдi. Оның банкноттары төлемнiң әмбебеп, заңды құралына айналды.

1846 жытлы Германияда жергiлiктi 33 эмиссиялық банктердi бiрiктiрген елдiң орталық банкiсi ретiнде Пруссиялық банк құрылды.

Ресейде банк iсi мемлекеттiк тұргыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХIХ гасырдың соңында гана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретiнде Мемлекеттiк банк пайда болды.

ХХ гасырдагы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктерi болған емес.

Кеңес үкiметi тұсында Қазақстанның өз банк жүйесi болмады, өйткенi республика аумагында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi жұмыс iстедi. Сол себептi де банк жүйесiнiң тарихы КСРО тарихымен және революцияга дейiнгi Ресейдiң тарихымен ажырагысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдiң банк жүйесiне мыналар кiрдi: Мемлекеттiк банк, акционерлiк банктер, өзара несие қогамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкiсi және басқа несие мекемелер.

КСРО-ның банк жүйесiнде, оның iшiнде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шогырландыру саясаты үстемдiк еттi, несие-банктiк ықпал ету әдiстерiнде әкiмшiлiк және ұсақ реттемелеу сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметiнде де осындай жагымсыз жагдайлар басым болды.

Ақша-несие катынасының қалыптасқан iс-тәжiрибесi нарық қатынасы тудырган шарттармен сәйкес келмейдi.

Социалистiк жүйе гасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарыгының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрi идеологиялық тұжымдаманың негiзiнде КСРО Мемлекеттiк банк түрiнде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұргызылды. Ол барлық несие жүйесiн өз уысынан шыгармады, шынайы бәсекелестiктi тәуекелдiктiң бүкiл элементтерiн жойды.

1990 жылдыiң желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендiкке қол жеткiзгеннен кейiн бiрден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзiнiң банк жүйесін құруға кiрiстi. 1991 жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-iнiң банктерi мен банк қызметi туралы» заң қабылданды. Мәнi бойынша бұл заң елдегi банк реформасының бастамасы болды.

Республикалық Мемлекеттiк банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктiң бөлiмшелерi ашылды. Республикалық өнеркәсiп құрылыс банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсiп банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсiп банкiсiне, Сыртқы сауда банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiне айналды. 1993 жылы бұл банкiстер акционерлiк банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкiсi Қазақстан Республикасының Халық банкiсi атауына ие болды.

1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтiк, жәке меншiк банктерi пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер — Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.

2.3 Банктердің экономикадағы ролі. Банк жүйесi — нарықтық экономиканың ең маңызды әрi ажырагысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұргыда қатар (параллель) дамып, бiр-бiрiмен тыгыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейiндегi халық шаруашылыгымен күн сайын тiкелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндiрiс процесiне қатысушылардың экономикалық мүдделерi қанагаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретiнде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесiнен босаган еркiн ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларга уақытша пайдалануы үшiн бердi, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикага басқа да көптеген қызмет түрлерiн көрсеттi. Банктерге шогырландырылган қаражат өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруга және қогамдық өнімдердiң айналысқа түсуiне тiкелей ықпалын тигiздi.

Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң процесiнде олар ақша нарыгында тауарга айналатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, банктер клиенттердiң салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа мiндеттеменi — депозиттi құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыга бередi.

Жаңа мiндеттеменi және жаңа талапты тудыратын бұл процесс қаржылық делдалдың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушiден қарыз алушыга қозгалысы, орналасуы, агылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарынның қызметi қаржылық делдал деп аталады.

Банктер ақшалай капиталды әр түрлi көздерден шоғырландыра отырып, ақшалай қаражаттың жалпылама «пұлын» қалыптастырады әрi оларды қолданысқа түсетiн капиталга айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын қанагаттандырады.

Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарга ие болады. Олар делдалдық қызметтiң негiзiнен шыгып, ұдайы өндiрiстің барлық фазасының салаларына дендей енедi. Несие жүйесi «сыйқырлы күшке» ие және ең қатерлi жолмен нақты өндiрiске араласуы ықтимал. Басқа тұста К.Маркс «Сауда мен өнеркәсiпке үстемдiгiн жүргiзетiн агылшын банкiсi секiлдi мекеменiң орасан зор билiгiне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталыгына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.

Банк жүйесінің мақсаттары мен мiндеттерi негiзiнен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен мiндеттерiне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесi ретiнде экономиканы баскарудың жалпы мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн өзiндiк ерекшелiгі бар жеке мiндеттердi орындайды. Банктердiң рөлi экономиканы басқарудың органы ретiнде өздерiнiң қызметтерiн орындау процесiнде және банк iсiн ұйымдастырудың жалпы принциптерi сақталғанда анықталады.

Банктер экономиканы басқару процесiнде экономикалық қатынасты бiлдiретiн басқарудың экономикалық әдiстерiн пайдалнады, ал, әрбiр когамiның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретiнде алга шыгады, ал, экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, оның қозгаушы факторы болып табылады. Осыган қарай экономикалық әдістсрдiң көмегiмен басқару экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденiң осындай ұгымына қарай былайша тұжырым жасауга болады: оларга кажеттiлiктердi канагаттандыру арқылы әсер етуге болады және басқарудың, экономикалық әдiстерiне жүгiну арқылы банктермен, мысалы, әр түрлi несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика буындарының қажеттiлiктерiн канагаттандыратын несиелеу жолымен немесе қогамдық өнімнің ұдайы қозгалысын қамтамасыз ететiн, экономиканың тоқтаусыз (үзiлiссiз) жұмыс істеуi үшiн экономиканың қажеттiлiктерiн қанагаттандыруга арналган қолма-кол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақытша қайтарылмаган несие үшiн жогары пайызды, мерзiмi кешiктiрiлген төлем үшiн өтемақыны, есеп айырысу операциясы барысында бұрмаланган ереже үшiн айыппұлды өндiрiп алу арқылы өз мүдделерiн гана емес, сонымен қатар, осы операцияларга қатысушы басқалардың да мүдделерiн қоргайды.

Банктер өз қызметтерiн орындау процесiнде қызметтiк (экономикалық) салалық (министрлiктер, ведомоствалар, компаниялар, фирмалар) және аумақтық (жергiлiктi органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты болады, ягни әрекеттеседі.

Банктер экономикалық басқарудың органдары болып табылгандықтан, өз клиенттерiнiң алдындагы олардың жауапкершiлiгi экономикалық сипатта болады.

Банктердiң экономикалық жауапкершлiгi ең алдымен өздерi қызмет көрсететiн шаруашылық органдардың қай ведомствоға жататынына және қандай меншiк түрiнде кiретiнiне қарамастан олардың шаруашылық және қаржылық қызметiнiң нәтижелерiмен байланысты. Банктердiң айналысына оларга (банктерге) тәуелсiздiк болатын немесе банктердi өздерi дербес тыңдайтын құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бiрдей жагдайда пайданы қамтамасыз ететiн несие саясатын жүргiзеді, өзiне клиенттерiне тиiмдi операцияларды ұйымдастырады.

Банк жүйесiне когамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттiң қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы және т.б. жиынтықталган. Банктер осы қорларды қалыптастыруга белсендi қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейдi әрі осылайша ұдайы өндiрiс процесiнiң барысына әсерiн тигiзеді.


Қорытынды.

Қорыта айтқанда, халық пеп шаруашылық органдарына қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды дамытуда айрықша роль ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнің қаражатты уақтылы алып тұруы гана емес, сонымен бiрге тұтас ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.

Несиенiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету қызметi гылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген гылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске гылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады

Бiз дамыган нарықтық экокомикасы бар елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолга қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызыгушылық –туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн құруды талап етедi. Республикамыз үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен меңгерген тиiмдi болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң ең басында тур, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жагымды жайттардың алган дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезек жагдайында өз қолданысын табары сөзсiз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.


2) Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»: -Алматы: «ИздатМаркет», 2004.


3) Баймұханова С.Б.; Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». – Алматы; Қазақ университеті, 2002.

4) Ержанов М.С; Ержанова А.М.; «Основы бухгалиерского учета и новая корреспонденция счетов» (с 1 января 2003 г.). – А.; Ержанов и К, 2003 г.

5) Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/ Пер.И.Тарусина/ Ред. коллегия:А.С.Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М.; 1998 г.

6) Радостовец И.К. ; Радостовец В.В.; Шмидт.О.И. Центраудит-Казахстан, 2002 г.

7) Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по типовому плану счетов бухгалтерского учета финансовой – хозяйственной деятельности субьектов. – А.; БИКО, 2003 г.

8) Бункина М.К. Национальная экономика. М: 2006 г.

9) Гальперин В.М. и д.р. Макроэкономика: учебник СПБ.:экономическая школа, 1994 г.

10) Саяси экономия. Оқулық-Алматы, Ана тілі, 1992.