Ежелгi қазбалы пластардың палеонтологиялық мәлiметтерi эволюцияның организмге дейiнгi кезеңi Жердiң планета ретiнде қалыптасуынан кейiнгi 1,5-1,6 млрд

Вид материалаДокументы
Подобный материал:
АРХЕЙ

Ежелгi қазбалы пластардың палеонтологиялық мәлiметтерi эволюцияның организмге дейiнгi кезеңi Жердiң планета ретiнде қалыптасуынан кейiнгi 1,5-1,6 млрд. жылға созылды. Катархей “көрерменсiз спектакль түрiнде” болды. Тiршiлiк катархей және архей шектерiнде пайда болды. Мұны жасы 3,5-3,8 млр. жыл болатын ежелгi архей жыныстарында микроорганизмдер қалдықтарының табылуы дәлелдейдi. Архейдегi тiршiлiк туралы өте аз белгiлi. Архейдiң тау жыныстарында графит көп мөлшерде болған. Графит тiрi организмдер құрамына кiрген органикалық қосылыстар қалдықтарынан түзiледi деп есептеледi. Бұл клеткалы прокариоттар – бактериялар мен көк- жасыл балдырлар едi. Бұл қарапайым микроорганизмдер тiршiлiгiнiң өнiмдерi ежелгi қазба жыныстары болып табылады (строматолиттер) – Канадада, Австралияда, Африкада, Оралда және Сiбiрде табылған ағаш тәрiздi әктi түзiлiстер.

Бактериальдi негiз темiр, никель, марганецтiң қазба жыныстарында да бар. Күкiрттiң дүниежүзiлiк қорының 90%-iне дейiнi күкiртбактерияның тiршiлiгi нәтижесiнде түзiлдi. Көптеген микроорганизмдер дүниежүзiлiк мұхиттың түбiндегi пайдалы қазбалардың түзiлуiнiң белсендi қатысушылары. Ол жерде темiр, марганец, мыс, никель, кобальт қоры табылған. Микроорганизмдер жанғыш гланц, мұнай және газдың түзiлуiне де қатысады.

     Көк-жасыл бактериялар архейде тез таралады және планетаға иеленедi. Бұл организмдердiң ядросы болған жоқ, бiрақ зат алмасу жүйесi жақсы дамыды, көбеюге қабiлеттiлiгi болды. Көк-жасыл балдырларда фотосинтез аппараты болды. Оның пайда болуы тiрi табиғат Эволюциясында үлкен ароморфоз болып, бос оттегiнiң түзiлуiнiң жолдарының бiрi болды (жердегi оттегiнiң де).

Архей соңына қарай (2,8-3 млрд. жыл бұрын) қалдықтары Австралияда, Африкада, бұрынғы Кеңес Одағында табылған алғашқы колониальдi балдырлар пайда болды.

Палеонтологиялық зерттеулер оның эволюциясындағы бастапқы кезеңдерiнiң тiршiлiк көрiнiсiн бiртiндеп толықтырады. Бұрынғы уақыттың хронологиясы тек кесте түрiнде сызылған. Тасты жылнама басталды, бiрақ «жазудың» iздерi өте сирек.

Озонды экран гипотезасы.   Жердегi тiршiлiктiң дамуының негiзгi кезеңдерi атмосферадағы оттегi концентрациясының өзгеруiмен, озонды экранның түзiлуiмен байланысты. Бұл тұжырымдарды американдық ғалымдар Г. Беркнер және Л. Маршалл бiздiң ғасырдың 60-шы жылдары айтты. Кейiнiрек ол биогеохимия және палеонтология мәлiметтерiмен дәлелдендi. Көк-жасыл балдырлардың тiршiлiк қызметiне байланысты атмосферадағы бос оттегi мөлшерi артты. ”Пастерлiк нүкте ” деп аталатын оттегiнiң концентрациясынан –қазiргi атмосферадағы оның 1 % концентрациясына жету –диссимиляцияның аэробты механизмнiң көрiнiсiне- тыныс алуға алғашқы шарт түздi. Осыған дейiн анаэробты процестер (оттексiз) жүрген. Тыныс алудың пайда болуы үлкен ароморфоз болды, нәтижесiнде тiршiлiк қызметiнiң процестерiне қажеттi көп энерегия бөлiндi.

Оттегiнiң жиналуы биосфераның жоғарғы қабатында алғашқы озон экранының түзiлуiне әкеп соқтырды, ол Жер бетiне қауiптi ультракүлгiн сәулелерiнiң өтуiне кедергi жасап, тiршiлiктiң жандануына жаңа мүмкiншiлiктер ашты. Озонды экранның түзiлуi мен анаэробты процестерден тыныс алуға өту вендте жүредi - ол протерозой кезеңiнiң соңы және фотосинтездейтiн организмдер - автотрофтардың мұхиттың жоғарғы күн энергиясына бай қабаттарында пайда болып, дамуына әкеп соқтырды. Өз кезегiнде, автотрофты организмдердiң фотосинтез нәтижесiнде органикалық қосылыстардың жинауы эволюция үшiн оны пайдаланушыларға - гетеротрофты организмдерге жағдай жасады.

Силур мен девонның шегi, палеозойда, атмосферада оттегi мөлшерi қазiргi концентрациясынан 10% -ке жеттi . Осы уақытта қарай озонды экранның күшiнiң өскенi соншалық, тiрi организмдерге құрлыққа шығу мүмкiншiлiгiн тудырды.

Палеозой соңы, Пермьде, атмосферадағы оттегi концентрациясы қазiргi деңгейге жеттi.