Қаржы нарығы және делдалдары

Вид материалаДокументы

Содержание


Лизингтік компания
Инвестициялық компаниялар –
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қаржылық компаниялар

Қаржы нарығында үлкен бөлікті әр түрлі қаржылық компаниялар алады. Олар комерциялық банктерден қол жетерлік және арзан несие ала алмайтын жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сонымен қатар лизингтік несиелерді беруге негізделеді.

Көбіне қаржылық компаниялар несиелерді жоғары деңгейлі тәукелмен береді. Бұл ұйымдардың қаражаттары банктік несиелер есебінен, коммерциялық қағаздарды сатудан, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерді эмиссиялау есебінен қалыптастырылады. Олардың капиталының негізі бөлігі – қарыз қаражаттары.

Қаржылық компанияларды былайша бөлуге болады:
  • тұтынушылық несиелеумен айналысатын, мысалы шағын ссудалар;
  • кәсіпорынды несиелеумен айналысатын;
  • факторигтік;
  • лизингтік;
  • ипотекалық;
  • инвестициялық компаниялар;
  • алғашқы ұйымның өнімдерін сатып алуды қаржыландырумен айналысатын;
  • «кэптивтік» компаниялар;
  • форфейтингті және т.б.

Факторингтік компаниялар комерциялық банктердің холдинктік компанияларының еншілес кәсіпорындарын білдіреді және фактура - шоттарынды сатып алу мен дебиторлық қарыздар бойынша төлемдерді жинау арқылы өз клиенттеріне «несие береді».

Лизингтік компания машиналарды, жабдықтарды әрі қарай сатып алу мүмкіндігі арқылы жалға берумен айналысады. Яғни, қымбат тұратын жабдықты сатып алуға жеткілікті ақшасы жоқ , шаруашылық жүргізуші субъекті сол жабдықтың меншік иесі болмаса да , оны өз мақсаттарына пайдалана алады жіне оның құнын амортизация есептей отырып, біртіндеп төлей алады.

Ипотеалықтар жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы кішігірім көлемдегі несиелер береді. Олардың клиенттері тиісті несиелерді банктерден алуға мүмкіндіктері жоқ жеке тұлғалар болып табылады.

«Кэптивтік» деп бөлшек сауданың басты қатысушылары мен автокөлік өндірушілерінің бақылауындағы және өздерінің туған фирмаларының өнімдерін сатуды қаржыландыруға көмектесетін қаржылық сауда компаниялары аталады.

Инвестициялық компаниялар – бұл қаржылық ресурстарға мұқтаж үкіметтік органдар мен жеке фирмалардың нарыққа қарыздық міндеттерімен және акцияларының жаңа шығарылымдарын шығарумен айналысатын фирмалар.

Ломбард дегеніміз қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның және ҚР Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болған кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды тұлғаны, коммерциялық ұйымды білдіреді. Ломбард мынадай операциялармен айналыса алады:
  • ломбардтық операциялар: депозитке салынған, жеңіл сатылатын бағалы қағаздарды және басқа да жылжитын мүлікті кепілге алу арқылы қысқы мерзімді несие беру;
  • лизингтік қызмет;
  • бағалы металдарды мен тастарды бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлиелерді кепілге қоюмен қоса, құжаттық түрде шығарылатын бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Ломбардтық ,лизингтік операцияларды ,бағалы металдары мен асыл тастар бар әшекей бұйымдарды сатып алу ,кепілге қабылдау ,есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды жүргізуге арналған лицензия ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігімен береді\

Сейфтік операцияларды жүргізуге арналған лицензияны берілген формада және тек Агенткттіктің лиццензиясы болған кезде ғана ҚР Ұлттық банкі береді.

Ломбартар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құрып атқара алады. Ломбартың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар – ҚР резиденттері және резидент еместері бола алады.

Ломбардты ашуға рұқсатты алу үшін Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  • ашуға рұқсат беру туралы өтініш;
  • құрылатын ломбардтың құрылтай құжаттарының нотариалдық түрде куәландырылған үш данасы: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай шарты (бар болса) және жарғысы.

Өтініш соңғы қосымша ақпаратты немесе қосымша түрде сұралған құжатты ұсынған күннен бастап бір ай ішінде құрылады.

Құрылтайшылар ломбардты ашуға рұқсат алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органдарымен хабарласады.

Егер де құрылтай құжаттарында өзгертулер мен толықтылрулар туындаса,онда олар алдын ала Агенттікпен келісулері керек.

Құрылтай құжаттары ҚР қолданысындағы заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда ломбардты ашуға рұқсат берілмейді.

Агенттік төмендегі негіздердің кез келгені болған жағдайда ломбардты ашуға рұқсат беруден бас тарта алады:
  • заңды тулғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап негізгі алынуы мүмкін мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
  • заңды тұлғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап алты ай ішінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алмаған жағдайда.

Ломбардтың кейбір басқарушы қызметкерлерін тағайындау алдын ала Агенттікпен келісуді талап етеді. Атап айтқанда, бірінші басшы мен бас бухгалтердің кандидатуралары келісілуге тиіс. Бірінші басшыны лауазымға тағайындаудың шартты талабы жоғарғы білімнің болуы тиісті бағыты бойынша орта арнайы білімнің болуы қажет болып табылады.

Агенттікке келісім алу рәсімі үшін мына құжаттар ұсынылады:
  • басшы қызметкердің лауазымына сайлау үшін ұсынылатын кандидатураны тағайындау туралы ломбардтың өкілетті органының шешімі;
  • Басқарушы қызметкер немесе кандидат туралы мәліметтер.

Кандидатқа келісім алу құжаттары ломбардтың өкілетті органының оны лауазымға тағайындау туралы шешім шығарған күнінен бастап отыз күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Ломбардтың басқарушы қызметкерлері үш айдан артық Агенттіктің келісімін алған дейін өз міндеттерін атқара алмайды.

Ломбардтар операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже болған кезде ғана өз қызметін атқара алады, оны ломбардтың жоғарғы органы бекітеді және онда мынадай ақпараттар кқрсетілуі тиіс:
  • берілетің несиелердің шекті соммасы мен мерзімдері;
  • берілетің несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемі;
  • операцияларды жүргізудің мөлшерлемелері мен тарифтері;
  • ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
  • кепіл билеті жоғалған кезде келіп берушіге дубликаттарды беру тәртібі.

Операцияны жүргізу туралы ереже ломбард клиентінің көзіне тез түсетін жерде бірге орналасады.

Егер ломбард ҚР заңнамасын бұзған жағдайда оған мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:
  • банктер тұралы заңға сәйкес шектеулі әсер ету шаралары;
  • бекітілген ҚР заң актілері негізінде айыппұлдар салынады;
  • негіздеие бойынша лицензияны уақытша тоқтата тұру немесе қайтарып алу.

Агенттік ломбардтар қызметін тексеруді ҚР заңнамасының талаптары сәйкес жүргізеді. Ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер аша алады. Егер олар филиалды әділет органдарына тіркегеннен кейін он төрт күн ішінде ашса, онда ломбард Агенттікке филиалдың ашылғандығы жайлы таныстыру хатын әділет органдарының куәлігімен бірге ұсынады.

Ломбард мынадай жағдайларда жабылуы мүмкін:
  • ерікті жабылуы кезіндегі қатысушылар шешімі бойынша;
  • еріксіз жабылу кезіндегі, яғни ҚР заң актілеріне сәйкес сот шешімі бойынша.

Ломбардтың ерікті жабылуы үшін Агенттіктен рұқсат алудың міндетті шарты - өз міндеттемелерін өтуге ақша қаражаттарының жеткілікті болуы.


&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Несиелік серіктестік дегеніміз не?

2.Оны құру тәртібі қандай?

3.Несиелік серіктестіктің қызметі қандай?

4.Қаржылық компания дегеніміз не?

5. Қаржылық компаниялардың қызметі қандай?

6. Қаржылық компаниялардың қандай түрлері бар?

&&&

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Қор биржасы, оның құрамы мен қызмепттері

1.Биржаның функциясы мен мәні

2.Қазақстандық қор биржасы

&&&

$002-013-001$3.2.13.1.Биржаның функциясы мен мәні

Қор биржасы нарықтың ауыстырмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негіздері үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.

ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы – акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін - өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерді де аша алады.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналаса алады:

-бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсынуы;

-бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;

-бағалы қағаздарға баға белгілеу;

-өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;

-жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;

-құқықтық қатынастар субъектілеріне арасында клиринг жүргізу.

Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:

-баға белгілеуші – биржа экономикалық тұрғыда негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;

-бағаны болжау және ақпараттық – талдаулық – биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдесін анықтау бойынша ғылыми – зерттеу орталығы болып табылады;

-тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән);

-бағаны тұрақтандырушы функциясы – биржада бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынантыс әрекет ету мүмкін емес;

-қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.


&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 Қазақстандық қор биржасы.

Экономикадағы өзгерістер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үйлестірудің формаларын қолдануды қажет етеді.

Қор биржасы-бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының мәні және атқаратын қызметтері келесілерден көрінеді:

-қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уаұытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;

-өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;

-бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныспен ұсыныстың деңгейін көрсеттетін бағаларды белгілеу және жасалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология мен ақпараттық база) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.

ҚҚБ алғаш рет банкаралық валюталық биржа ретінде 1993 жылы құрылды. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша бірінші сауда 1997 жылдың 19 қыркүйегінде болды.

Акционерлердің жалпы жиналысының негізгі қызметі биржалық сауданың ережелерін қабылдау болып табылады:
  1. бағалы қағаздарды шығару шарттары;
  2. листинг процедурасы;
  3. бағалы қағаздардың негізгі параметрлері;
  4. сауда қатысушыларына қойылатын талаптар;
  5. қатысушылардың құқықтары;
  6. есептеу тәртібі мен мерзімі



&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қор биржаның экономикалық мәні?

2.Қор биржаның функциялары?

3.Қазақстандық қор биржасы қай жылы құрылды?

4.Қор биржаның баға белгілеуші функциясы нені білдіреді?


&&&

$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және бақылау

1.Қазақстандағы мемлекеттік реттеуші органдар

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкінің құрылымы және олардың қызметтері


&&&

$$$002-014-001$3.2.14.1 Қазақстандағы мемлекеттік реттеуші органдар

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзіге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі болып табылады.

Оның міндеттері:
  1. қаржылық қызметті тұтынушылардың заңды және құқықтық мүдделері бұзуға жол бермеу шараларын жүргізу;
  2. қаржы ұйымдарының түрлеріне сәйкес қызмет жүргізудің бірдей талаптарын құру;
  3. қаржы ұйымдарыныңтүрлеріне сәйкес қызмет жүргізудің бірдей талаптааарын құру;

Агенттіктің негізгі функцилары:
  1. қаржы ұйымдарының ашулуына рұқсат берілуі мен қайтарып алынуын, олардың өз еркімен қайта ұйымдастырылуы және жойылуын, қаржы ұйымдарының бөлімшелерін ашуға келісімін, сонымен қатар көрсетілген рұөсаттарды тіртібін анықтау;
  2. белгіленген тәртіпте қаржылық ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін бекітуге келісу немесе бас тарту;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларға сәйкес қаржы нарығында кәсіби қызметті жүргізуге лицензияны қайтарып алу, тоқтату және беру тәртібін, қаржылық ұйымдардың аудитін реттеу;
  4. Қазақстан Республикасының аумағында қаржы ұйымдары, қаржылық қызметті тұтынушылар, басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін орындалуы міндетті нормативтік – құқықтық актілерді шығару;
  5. қаржылық ұйымдар үшін пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді бекіту;
  6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірігіп, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық және басқа да есеп берудің формаларын, сонымен қатар қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген (үлестес) тұлғаларымен берілу тізімін және мерзімін анықтау;
  7. қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңдарының орындалуына бақылау жасау;
  8. Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайларда және шегінде қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген (үлестес) тұлғаларының қызметін бақылау;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған санкциялар және шектеу шараларының әсерін қолдану тәртібін анықтау;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақылдасу бойынша қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім қабылдау;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда қаржылық ұйымдарды тарату комиссиялары қызметін бақылау;
  12. қаржылық ұйымдар туралы мәліметтерді жарыққа шығару.



&&&

$$$002-014-002$3.2.14.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкінің құрылымы және олардың қызметтері

Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі қаржы нарығында бір жағынан мемлекеттік бағалы қағаздарын эмиссиясын жүзеге асырушы орган, ал екінші жағынан мемлекеттік реттеуші орган ретінде қызмет етеді.

Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу процесіне қатысатын негізгі ішкі министірліктің бөлімшелері мыналар:
  1. Қаржылық – валюталық бақылау комитеті.
  2. Қазынашылық.
  3. Бас салық инспекциясы.
  4. Қаржы министрлігінің Мемлекет мүлік және активтерін басқару департаменті.
  5. Жекешелендіру жөніндегі депортамент.
  6. Кедендік бақылау комитеті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы нарығын реттеу саласындағы маңызды функциясы – Қаржылық – валюталық бақылау комитеті тарапынан қаржылық бақылауды жүргізу болып табылады. Ол өз бетімен ревизиялар мен тексерулерді ұйымдастырып жүргізеді, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, валюталық және несиелік ресурстардың қолданылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарының, мемлекеттік резервтердің жағдайын және тағы сол сияқтыларды бақылайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қаражаттарды мақсатты және үнемді қолданылуын жүзеге асырратын басқа да бір бөлімшесі Қазынашылық және оның аумақтық органдары болып табылады. Қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында оған мынадай құқықтар берілген:
  • министрліктерде, ведомстволарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда ақша құжаттарын, бухгалтерлік есеп тіркеулерін, есеп берулердің, жобаларың, сметалардың және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттары пайдалану және есептеумен байланысты басқа да құжаттарын пайдалану және тексерумен байланысты басқа да құжаттардың тексеруін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттары пайдаланатын кәсіпорындардың, мекемелердәі, ұйымдардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату;
  • кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттарды мақсатсыз пайдалануы жағдайында айыппулдың салынуы мен төленуі;
  • өазынашылық органның лауазымды тұлғасының жазбаша нұсғауы негізінде қаржылық тәртіпті бұзғанын растайтын құжаттарды алып тастау;
  • тексеріліп жатқан органдардың басқарушыларыныан және басқа да лауазымды тұлғаларынан бюджеттің орындалу тәртібінде көрсетілген бұзушылықтарды және жетіспеушіліктерді жоюын талап ету.

Бас салық инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына кіретін функционалдық және аумақтық белгілері бойынша ұйымдастырылған біріңғай инспекциялау жүесі болып табылады. Бұл бөлімше мынадай міндеттері орындайды: салық заңнамасының орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітелген бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдердің дұрыс есептелгенін, толықтылығын және өз уқытында төлегендігін Қазақстан Республикасы субъектілерінің, жергілікті өзін - өзібасқару органдарының тексеруі.

7. Басқа міндеттермен қатар, Қаржы министрлігінің Мемлекет мүлкін және активтерін басқару департаментінің негізгі міндеттеріне мемлекеттің пайларын, акционерлік қоғамдар және компаниялардың акция пакеттерін басқаруды қамтамасыз ету жатады. Аталған департаменттің қарамағында 1995 жылға дейын Орталық тіркеуші және Орталық депозитарий қызметін атқарған Ақпараттық – есептер орталық қалып отыр.

Қаржы нарығын реттеу мақсатында жекешелендіру жөніндегі департамент мынадай қызметтерді орындайды:
  • мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • мемлекеттік пайларды, акционерлік қоғамдарғың акция пакеттерін басқару;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіндегі объектілерді сақтауды ұйымдастыру;
  • Бекітелген тәртіп бойынша инвестициялық – жекешелендіру қорын лицензиялау және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру.

2004 жылдан бері Кеден комитеті Қазақстан Республикасы Өаржы министрлігінің құрамына енді. Кеден комитеті – атқарушы биліктің мемлекеттік құқықтық қорғау органы және кеден ісі саласында, сонымен қатар салық және т.б. байланысты салаларды өзінің міндеттерін, тапсырмаларын орындауға арнаулы өкілеттілік берілген орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттің негізгі банкі ретінде қаржы нарығында өзіндік, сонымен бірге оның қаржы құралдары арқылы белсенді операция жүргізетін мамнданған делдал және мемлекеттік реттеу органы ретінде рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлтық банкі мемлекеттік өарыздары орналыстыру бойынша мемлекеттік агент бола отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мемлекеттік өарыздарды реттеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған бағалы қағаздарды сатады және сатып алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлермен операция жүргізу бойынша клирингтік және есеп айырысу орталығының депозитарий функциясын атқарады.

Қазақстан Республикасының Өаржы нарығы мен өаржылық ұйымдар реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік те акционерлік банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі реттеу саласында мыналарды жүзіге асырады:
  • Қазақстанның экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға шоғырлануына мүмкіндік беретін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жасау және жүргізу;
  • Тұрақты ақша несие және жүесімен қамтамасыз етуге үлес қосу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің қызметін жүргізу барысында басқармаға, директоратқа, негізгі аймақтық және областық басқармаға бөлінеді.

Басқарма жоғары басқарушы орган болып табылады және оны төраға басқарады. Басқарма 9 адамнан: төрағадан, оның 4 орынбасары, Парламенттің 1 өкілі, Президенттің 1 өкілі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кабинетінің 2 өкілінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңес «директорат). Ол Үкіметке және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасына қатысты мәсілелерді қоспағанда, өзінің қарамағындағы барлықмәселелерді шешеді. Директораттың құрамына төраға, оның орынбасарлары және департаменттік директорлары: ақша – несиелік операциялардың, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық – кассалық операциялар, бухгалтерлік есеп және бюджеттің, төлем жүесінің тағы басқалардың орынбасарлары кіреді.

Жүенің үйлестірушілік және реттеушілік рөлін атқара отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өздерінің барлық функцияларын аумақтық бөлімшелер арқылы атқарады.

Оның негізгі функцияларына мыналар жатады:
  • ақша –несиелік реттеу;
  • несие ақшасын эмиссиялау;
  • несие мекемелерінің қызметін бақылау;
  • басқа да несие мекемелерінің кассалық резервтерін сақтау және жинақтау;
  • комерциялық банктерді қайта қаржыландыру;
  • Үкіметтің несие – есеп айырысудағы қызмет көрсетуі;
  • Алтын – валюталық резервтерді сақтау.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің негізгі мақсыттарының бірі – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, елдің несие нарығында функцияларын жүзеге асыруға жағдай жасау, есеп айырысу жүесін жақсарту, банктік қызметті реттеу.

Ұлттық банктің маңызды функциясы – банктердің, жинақтаушы және басқа да қаржылық мекемелердің салымдарын сақтау. Олар резервтер деп аталады. Олар ақша айналымын басқару, өтімділікті қамтамасыз ету және коммерциялық банктердің несиелік қызметін басқару үшін қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының басты міндеті – ақша бірлігінің тұрақты сатылу күшін сақтау және ақша қаражаттарымен есеп айырысулардың икемді жүесін қамтамасыз ету. Бұл саясат мемлекеттік жалпы экономикалық реттеудің негізгі бөліктерінің бірі, ол жоғарғы нарықтық коньюнктураның сақталуына, өндірісте дағдарыстық жағдайлардың және жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады.

Ақша – несиелік реттеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мынадай негіздгі құралдарды қолданады:
  • есептік пайыздың өзгертуі;
  • банктің міндеттері резервтер нормаларының өзгертуі;
  • ақша нарықтағы операциялар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша аналымын және несиені реттейді, ұлттық валютаның айырбастау бағамының қозғалысын тұрақтандырады және бақылайды, іскер белсенділік, баға, жұмыспен қамту деңгейіндегі ауытқуларды теңестіреді.

Сонымен қатар ол ұлттық қарыздарды басқару, валюталық реттеу, үкіметтің қаржылық операциялары сияқты салаларда үкіметтің агенті бола алады. Ол үкіметтік депозиттерді басқарады. Үкіметтің кірістері мен шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттары бойынша өтеді. Осыдан басқа банк үкіметке облигацияларды шығарудың ең қолайлы кезеңін, олардың бағасын, табыстылығын анықтауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қарызды басқару, демек айналымдағы тікелей және кепілденген облигациялардың орналасқан бөлігінің мақсатты өзгеруі. Мемлекеттік қарызды басқару үкіметтің мақсаттарымен байланысты болуы қажет. Мысалы, қазыналық саясатқа қарсы болмау қажет. Бұл кезде мынадай мәселе туындауы мүмкін: бір жағынан үкіметті қолма –қол ақшасыз қалдыруға болмайды, екінші жағынан – ақшаны алу бюджет тапшылығымен күресті әлсірету қажеттілігімен байланысты болуы


&&&

$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қаржы нарығы реттеу дегеніміз не?

2.Қаржы нарығын реттеудің негізгі түрлері қандай?

3.Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу дегеніміз не?

4. Қаржы нарығын қоғамдық реттеу дегеніміз не?

5. Қаржы нарығын өзін-өзі реттеу дегеніміз не?

&&&

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №15. Өзін-өзі реттейтін ұйым

1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру негіздері

2 Қазақстандағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар. Олардың рөлі мен міндеттері


&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру негіздері

Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨӨРҰ) — бұл бағалы қағаздар нарыгының кәсіби қатысушыларының қауымдастық формасында, epіктi түрде, олардың кәсіби мұдделерін қорғау мақсатында құралатын коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ол бағалы кағаздар нарығының инфрақұрылымынын тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

Мемлекеттік реттеу жеткіліксіз болған жағдайда қаржы нарығының күрделенуі мен кеңеюіне байланысты инвестициялық бизнес қатысушыларының кәсіби қауымдастықтары пайда болады. Олар қауымдастық мүшелеріне ғана емес, биржалық сауда қатысушыларының кең шеңберде залал әкелетін жеке тұлғалардың әділетсіздігін іздеп табады. Өйткені, кәсіби адамдарға деген қоғамдық сенімділіктің төмендеуі олардың бизнестерінің негізін бұзады және пайданың азаюына әкеледі. Қаржы нарығының ішкі реттеуінде кәсіби қауымдастықтардың мүдделері көбіне мемлекеттің мүдделерімен сәйкес келеді.

Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр турлі турлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгіеуші ұйым, Орталық депозитарий өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндегі белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының негізгі міндеттері:
  • бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларын тиімді қызмет ету үшін тиісті жығдайлармен қамтамысыз ету;
  • бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары клиентерінің және бағалы қағаздар иелерінің мүдделерін қорғау;
  • бағалы қағаздармен оперцияларды жүргізудің ережелері мен стандарттарын жасау.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіби қызмет етуінде міндетті ережелерді жасап шығаруға, кадрлардың кәсіби дайындалуын жүзеге асыруға, қаржы нарығында жұмыс істеу үшін талаптарды бекітуге құқығы бар; мемлетекеттік басқару органдарында, қаржы нарығы қатысушыларының байланысын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Кәсіби қатысушылардың ӨӨРҰ-ның құрылтайшылық құжаттары және қызмет ету ережелерінде мынадай талаптар қойылуы қажет:
  • ұйым мүшелерінің кәсіби біліктілігі (техникалық қызметкерден басқа);
  • бағалы қағаздар нарығында кәсіби кызметті жүзеге асыру стандарттары;
  • бағалармен айлалы әрекеттерді шектейтін ережелер;
  • есеп жыне есеп беруді жүргізу құжаттары;
  • ұйымға кіру, шығу немесе одан шығарып тастау тәртібі;
  • ұйымның басқару органдарына сайлануында және ұйымды басқаруға қатысуға ӨӨРҰ мүшелерінің тең құқықтарының болуы;
  • ұйым мүшелерінің арасында жинақтарды, төлемдерді, ұстап қалуларды тарату;
  • ұйым мүшелеріне қатысты клиенттердің талаптары мен шағымдарын қарастыру;
  • ұйым мүшелерінің бекітілген ережелер мен стандарттарды орындауын тексеру рәсімдерін жүргізу;
  • ұйым мүшелерінің клиенттер және басқа да тұлғалардың алдында зиянды өтеу бойынша міндеттерді орындау тәртібі;
  • ұйым мүшелерінің қолданылатын санкцияларынан басқа да шаралар және оларды қолдану тәртібі;
  • ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету.

Қазақстанда өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік бекітуі қажет.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӨӨРҰ-ның мүшелері өз қызметтерінің бір түрін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын кәсіби қатысушылары болып табылады. Ұйым мүшелерінің кіруі, шығуы және шығарылып тасталуы ұйымның ішкі құжаттары негізінде жүргізіледі.

Кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелекке қабылдамауға құқығы бар.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдыстырушылық құрылымын былайша көрсетуге болады. ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысы --> Директорлар кеңесі --> Басқару --> ревизиялық коммисия.

ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысында мынадай мәселелер қарастырылады:
  • жарғыны өзгерту;
  • Директорлар кеңесін, атқарушы органдарды, ревизиялық коммисия мүшелерін тағайындау, сонымен қатар олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • қызмет етудің нәтижелерін, атқарушы органдардың есеп берулерін және ревизиялық коммисияның қорытындыларын бекіту;
  • ұйымның ережелерін, оларға толықтырулар мен өзгертулерді бекіту;
  • ӨӨРҰ-ны қайта ұйымдастыру және жою, тарату коммисиясы мен таратушы балансты бекіту;
  • ӨӨРҰ-ға мүшелерді қабылдау және шығарып тастау.


Бұл сұрақтар бойынша шешімдер ӨӨРҰ-ның жалпы мүшелерінің ұштен екі бөлігінен кем емес дауыстарымен қабылданады. Жарғымен жалпы жиналыстың құзіретіне қызмет етудің басқа да мәселелері жатқызылуы мүмкін.

Кеңес өзін-өзі ретейтін ұйым мүшелерінің өкілдерінен құрылады және өз қызметін оның жарғысы мен ережелеріне сәйкес жүзеге асады.

ӨӨРҰ-ның мүшелері мен аффирлиирленген (үлестес) тұлға атқарушы органдарды басқара алмайды. Ұйымның қызметі өзін-өзі өтеу қағидаларына негізделеді.Оның табысы алымдары мен жарналар, ӨӨРҰ-ның мүлкін қолданғаны үшін төлемдер, сонымен қатар ұйымның жарғысымен қарастырылған ақпараттық, кеңес берушілік және басқа дақызметтерді көрсетуден түсетін қаражаттар есебінен қалыптасады.

Ревизиялық комиссия кеңестің қаржылық-шаруашылық қызметіне және қауымдастық бюджетінің қолдауына бақлауды жүзеге асырады.

Өзін-өзі реттейтін ұйым арбитраждық комиссияны құрай алады, ол нарықтағы мүшелер арасында пайда болатын жанжалдарды қарастыратын бірінші орган болып табылады. Ол өз қызметін жалпы акционерлер жиналысымен бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі. Бір тараптың екіншісі арбитраждық комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда ол сотта қаралуы мүмкін.

Бағалы қағаздар нарғының қатысушыларын алдауға бағытталған немесе қызметпен айналысытын қатысушылардың басқа да кемшіліктерін көрсететін жалған ақпараттар жарияланғанда ӨӨРҰ мәліметтерді жариялауды тоқтату және оны ақпарат құралдары арқылы жоққа шығару шараларын қабылдайды.

ӨӨРҰ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жқніндегі агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған немесе болжанған заң бұзушылықтары туралы толық ақпарат береді. Бұл жерде қор биржаларына ерекше орын беріледі. Қор биржаларында қадағалауды ұйымдастыру формасы және бағалы қағаздар нарығын бір қалыпты реттеп отыру формалары жоғары дамығын.

...

&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 .Қазақстандағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар. Олардың рөлі мен міндеттері

Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққынды заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазаөстандық тізімді ұстаушылардың қауымдыстықтары (ҚРҚҰ) 1999 жылдың ІV тоқсанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.

1999 жылдың 13 қарашасында Ұлтық дироктараттың қаулысымен Активтерді басқару қауымдастығына зейнетақы активтерін басқаратын компанияның қызметін тиімді қамтамасыз етіп және қызмет көрсету нарығында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар еркін бәсекелестікті дамыту мақсатында №482 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүргізетін лецензия берілді сонемен қатар, қауымдастығының мүшесі болып табылатын зейнетақы активтерін басқаратын компанияның стандарты қызметімен және кәсіби этикасымен заң жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қалыптастыру керек болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Активтерді басқару қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақстатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдасты өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен жайы және фирманың аты, қауымдастықтың өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.

Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ қауымдастық мүше-клиенттерінің көзқарасын бұрмалау мақсатында өзара сөз байласу, т.б. мүмкін шараларды жүргізуге және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құралдарына жариялану мерзімі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-ға мыналарды беруі қажет:
  • жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;
  • бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтитжелері туралы есеп берулер;
  • ақша қаражатының қозғалысы туралы;
  • таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерістер туралы.

Қаржылық жыл аяқталғанда қауымдастық мүшелері қаржылық есеп беруді тексергендігі туралы аудиторлық қорытынды мен жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.

1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық комиссияның директораты қаулысымен Қазақстандық тізілім ұстаушылар қауымдастығына №483 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүзеге асыру лицензиясы берілді. Ол 1998 жылдың ІІ тоқсанында тіркеушілермен құрылған. Оның мақсаты:
  • қызметтерді үйлестіру және тізілім ұстаушылардың жалпы қызығушылықтарын білдіру;
  • қауымдастық мүшелерінің жалпы қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімін жүргізу бойыншп қызметін жүзеге асыратын ұйымның кәсіби этикасы және қызметі стандарттарын жасау;
  • Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуына мемлекеттік органдардың қатысуы;
  • Бағалы қағаздар нарығында айлакерлік әрекеттерді болдырмауға бағытталғанәділтетті тәжірибенің ережелерін жасау.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы ҚТҰҚ жарлығына сәйкес ӨӨРҰ-да мыналар қалыптасты:
  • қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы;
  • қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен құралған және оның қызметін басқару органы болып табылатын қауымдастық кеңесі;
  • ревизиялық комиссия.

ҚТҰҚ атқарушы органының қызметтері жалпы жиналыспен 1 жыл мерзімге сайланатын қауымдастық президентіне жүктелген.

ҚТҰҚ-ның ӨӨРҰ мәртебесін алуы, көбіне 1998-1999 ж.ж. жүргізілген осы қауымдастықтың әлеуетті ӨӨРҰ ретінде қолдау бойынша саясаттың нәтижесінде жүзеге асты, оған олардың нақты қосылуына кедергі болған тіркеушілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою негіз болды. Мысалы, бағалы қағаз ұстаушылар тізілімін жүргізу технологиясының барлық тіркеушілері Ұлттық комиссияның 1999 жылдың 1 сәвуірінен бастап бағалы қағаз ұстаушылардың барлық тізіліміндегі бағалы қағазды жалғыз ұстаушыға ғана бірыңғай жеке шот ашуға көшті. Бұ

Рында тіркеушілер әр түрлі екі әдістемені қолданған, біріншісі бір ұстаушы үшін бірыңғай жеке шот ашуды, ал екіншісі тізілімнің әрбіреуінде бағалы қағаз ұстаушылары үшін бөлек жеке шот ашуды қарастырған. Екі түрлі тіркеушілер топтарының әрқайсысы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізудің бірыңғай технологиясы өздерінің әдістемесіне негізделуін талап етті. Сол кезде қызмет еткен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссяисы арбитр ретінде осы қарама-қайшылықтарды жойды.

Жоғарыда айтылғандай, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңғы сәйкес үшінші ӨӨРҮ - KASE қор биржасы болып табылады. Өзінің экономикалық және құқықтық мәртебесі бойынша өзін-өзі өтеу қағидасына негізделген, акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен құрылатын коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым.


&&&

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мағынасы?

2.ӨӨРҰ негізгі мақсаты мен міндеттірі?

3. Қазақстандағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың рөлі мен міндеттері?

4.ӨӨРҰ қай жылы құрылған?


&&&