Қаржы нарығы және делдалдары
Вид материала | Документы |
- Мiнбер парламент заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi, 237.76kb.
- Әл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер, 293.78kb.
- ТынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті, 770.51kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2688.62kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті экономикалық теория және хэ кафедрасы, 750.59kb.
- ТынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті, 250.3kb.
- Бағдарлама “Microsoft Word. Бастапқы курс”, 30.08kb.
- Қазақстан тарихы кафедрасы, 3205.92kb.
- ашық - пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
- жабық - жарнашының (пайшы) пайда (үлесті) сатып алуға қүқығы болмайды;
- интервалды - пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.
Оның жарғылық капиталы қүрылтайшылардың (үлескер-лердің) салым қаражатының үлестерінен қүралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға қүқығы болмайды, бағалы қағаздар үйымдастырылған нарыққа түспейді.
Сонымен қатар акционерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды қалыптастырад
Инвесторлық қордың акционерлік формасының артықшы-лығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете шіадьқ Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асыр-майды және жай акциядан езге қаржылық қүраладарды шығар-майды. Қордың бағалы қағаздары үйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акциялардан қүралады.
Инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шарт-ты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:
1. Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капн-талды инвестициялаушы.
2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.
4. Ақша нарығының пайыздық молшерлеіуіесін капиталдандыруға маманданушы.
Бірінші санатқа кебінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын жөне тәуекелі төмен багалы қағаз-дарға жатқызылган мемлекеттік емес облигацшіларды сатып алатын үжымдық инвестиция мекемесі жатады.
Екінші топқа үзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыра-тын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мүндай компанияның клиенттеріне қауіпі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген түлғалар жатады.
Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға үзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, ейткені бүл капиталдан айырылып қалудың қауіпін азайтатын сенімді әдіс болып табылады. Мүндай инвестициялық стратегияны жүргізу үшін үлкен капиталға ие болу керек.
Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті бір күн-дік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айы7 рылыи қалудың қауігіі аз болады. Портфельдік инвестицияның қүрылымы мен мүндай инвестициялық қорлардың клиентурасы әр түрлі - банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеқе түлғалар мен фирмалар.
Әрбір елдегі инвестициялық қорлардың қызметі қор нары-ғының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген елдердің портфельдік инвестициясының қүрамында акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді бағалы қагаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестиці-шлық қорлар көптеп кездеседі. Мысалы,
Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акция-ларды айналымға шығару арқылы ақша қаражатгарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатьш алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қор өз қызметіиде нақты қагидаларды басшылыққа алады:
- инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
- бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
- бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болуД) Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен
айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық қүралдардан езге), кез келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және бірлес-кен түлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акция-ларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банк-терден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген төсілмен береді, сонымен бірге опциондықжәне фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.
Инвестициялық қордың үйымдық қүрылымын былайша корхетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы -» басқарма —> инвестициялық қордың басқарушысы.
Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қүзы-ретгілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:
- инвестициялық қордың типін қайта қүру (өзгерту) туралы;
- инвестициялық деюіарацияға өзгертулер меи толық-тыруларды енгізу туралы;
бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатадьіі Басқар-маның заңца қарастырылған қүзыреттілігінен озге де өз қүзыреттілігі болады, мысалы, ол бүқаралық ақпарат қүралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен. қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді үдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды түлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).
Инвестицгылық қордың басқарушысы - бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілгеи келісімшарітың негізінде әрекет ететін занды түлғаі Мүндағы міндетті шарт - тиісті лицензі-шның болуы. Басідрушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшарзты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады," алайда бүл арада инвестициялық декларацияның мазмүны әр түрлі болуы керек.
Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасы-ның қолданысындағы зандар жиі бүрмаланған жағдайда, басқа-рушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар озіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқгатылады
&&&
$$$002-011-002$3.2.11.2 Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері
Казақстан Ресітубликасының заңдары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді.
Екі негізгі тииі: өзара қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіеді.
Өзара бар барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаража-тын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық ин-вестициялық қор болып табыладьг/Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болғаи жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мәлшерде шығара і алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайггын. Сонымен қатар өзара қор былайша сипатталады: оның акцияТтЖ үйымдастырылмаған нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) инвестициялық декларациясы "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағыттарын, тәуекелдердi басқару саясатын, бағалы қағаздардың әр түрi бойынша бағалы қағаздар портфелiн әртараптандыру нормаларын және Қордың инвестициялық жобаларға қатысуын тоқтату шарттарын айқындайды.
Қор жүзеге асыратын инвестициялаудың мақсаты жаңадан құрылатын және жұмыс iстеп ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бәсекеге қабiлеттi өндірiстердi құру жөнiндегi жеке ceктордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
Қор жұмыс iстеп тұрған өндірістерді кеңейтуге, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ тауарлар шығару және қызметтер көрсету жөнiндегi перспективалы жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған ақталатын және тиiмдi инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысады.
Қор, егер инвестициялық жоба:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келсе;
2) экономикалық және қаржылық параметрлерi бойынша тартымды болып табылса;
3) ұйымдардың технологиялық әлеуетiн ұлғайтуға, өнiм өндiрудiң және қызметтер көрсетудiң сапасы мен көлемiнiң өсуiн арттыруға, шикiзат пен материалдарды қайта өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталса ұйымдарды инвестициялауға қатысады.
4. Инвестициялық жобаларды қарау мен iрiктеу тәртiбi Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
5. Қордың инвестицияларын ұйымның жарғылық капиталына жүзеге асыру үшiн:
iрi акционер ретiнде жобаны орындауды ұйымдастырудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн, жобаның техникалық-технологиялық жағын жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi тәжiрибесi бар стратегиялық инвестордың қатысуы. Стратегиялық инвестор ретiнде бiр инвестор да, сол сияқты инвесторлар тобы да қатыса алады;
инвестициялық жобаны iске асыратын ұйым қызметiнiң аясына немесе саласына салым салу тәжiрибесi бар институциональды инвесторлардың қатысуы орынды болып табылады.
6. Қор:
бәсекеге қабiлеттi салалар мен кластерлердi қалыптастыратын өзара байланысты кәсiпорындардың;
экспорттық бағыттылығы басым қосылған құны жоғары өнiмдер өндiрiсiне және халықаралық еңбек бөлiнiсiнде қазақстандық ұйымдардың қатысуын ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобаларға бағдарланады.
7. Қордың қаражаты салынған акциялар құнының өсiмi мен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу үлесi Қордың табыс табуының негiзгi нысаны болып табылады. Дивиденд нысанындағы ағымдық кiрiстердiң өсуiн Қор өз қызметiнiң басымдығы ретiнде қарастырмайды.
8. Қор уақытша бос ақшаны iшкi және сыртқы рыноктардағы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды қоса алғанда, Қордың осы инвестициялық декларациясы айқындайтын шекте және тәртiппен өтiмдi активтерге орналастыруды жүзеге асырады.
Қор уақытша бос ақшаны дербес не сенiмдi басқарушы арқылы басқаруға құқылы.
Уақытша бос ақшаны сенiмдi басқарушы арқылы басқару шарттары Қор мен сенiмдi басқарушы арасында жасалатын шартпен айқындалады. Қордың уақытша бос ақшасын орналастыру уақытша бос ақшаның жалпы көлемiнiң мынадай мөлшерлерi шегiнде Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 10 пайызға дейiн;
2) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар - 100 пайызға дейiн:
Халықаралық Қайта құру және Даму банкi;
Еуропа Қайта құру және Даму банкi;
Азия Даму Банкi;
Ислам Даму Банкi;
Еуропа Инвестициялық Банкi;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Америкааралық Даму Банкi;
Халықаралық Есеп айырысу Банкi;
Африка Даму Банкi;
3) Standard & Poor's шәкілi бойынша ВВВ-дан немесе Moody's шәкiлi бойынша Ваа3-тен төмен емес немесе Fitch Ratings шәкiлi бойынша BBB-дан төмен емес кредит рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары - 70 пайыздан аспайды;
4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санатының тiзiмiне енгізiлген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздары - 25 пайыздан аспайды, қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын қоспағанда - 50 пайыздан аспайды;
5) Қазақстан Республикасының егемендiк рейтингінiң бiр деңгейiнен төмен емес кредит рейтингi бар қазақстандық эмитенттердiң шетел мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 25 пайыздан аспайды;
6) Standard & Poor's шәкiлi бойынша ВВВ-дан, Moody's шәкiлi бойынша Ваа3-тен төмен емес немесе Fitch Ratings шәкiлi бойынша ВВВ-дан төмен емес кредит рейтингі бар шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздары - 20 пайыздан аспайды;
7) осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген қаржы құралдары базалық активтер болып табылатын туынды құнды қағаздар - 20 пайыздан аспайды;
8) шетел банктерiндегi (Standard & Poor's шәкiлi бойынша ВВВ-дан немесе Moody's шәкiлi бойынша Ваа3-тен төмен емес немесе Fitch Ratings шәкiлi бойынша BBB-дан төмен емес кредит рейтингi бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдiк банктер шығарған депозиттiк сертификаттарға - 50 пайыздан аспайды;
9) тазартылған қымбат бағалы металдар уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы болған кезде - 20 пайыздан аспайды;
10) екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерi. Қор заңнамада белгiленген тәртiппен депозиттерге уақытша бос ақшаны кемiнде 3 (Үш) екiншi деңгейдегі банктерге орналастырады. Олардың әрқайсысының депозит сомасы уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауы тиiс.
5000 (бec мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегі уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі бiр банктiң депозитiнде орналастырылуы мүмкiн.
9. Қор Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатына сәйкес экономиканың шикiзаттық емес секторындағы отандық және шетелдiк ұйымдар арасындағы өзара тиiмдi өндiрiстік кооперацияны дамыту үшiн шетелде инвестициялауды жүзеге асырады.
10. Шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде Қор өздiгiнен немесе қазақстандық инвестормен бiрлесiп, инвестиция жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына сәйкес олар қабылдаған шешiмдi және/немесе тосқауыл болатын акциялар пакетiн айқындауға мүмкiндiк беретiн шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлестi сатып алады.
Тәуекелдердi басқару саясаты
11. Қор ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын және олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға ықпал ететiн инвестицияларды салалық және аумақтық әртараптандыру негiзiнде инвестициялық тәуекелдердi басқарудың ұтымды саясатын жүргiзедi. Қордың Директорлар кеңесi тәуекелдердi басқару саясатының өзекті мәселелерiн ашатын құжатты бекiтедi.
12. Қор өзiнiң инвестициялық қызметiнде инвестициялық жобаларды дамытуға (қаржыландыруға) мынадай кезеңдiк әдiстi ұстанады: инвестициялық жобалар бойынша ақпараттарды алдын ала талдау, жинау және өңдеу, техникалық-экономикалық негiздеменi (бизнес-жоспарды) дайындау, жоспарлы-болжамдық құжаттаманы әзiрлеу, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулер жүргiзу, жарғылық капиталға қатысу, инвестицияларға бақылауды ұйымдастыру және жоспарлы кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ете отырып, Қордың жобаға қатысуын тоқтату.
13. Ұйымның жарғылық капиталына Қордың бақылаусыз қатысуы кемiнде 49 пайызды құрауы тиiс.
Бұл ретте ұйымның жарғылық капиталына Қордың 700 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қатысуы туралы шешiмдi Қордың Директорлар кеңесi қабылдайды. Қор басқармасы ұйымның жарғылық капиталына 700 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қатысуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Қор ұйымдардың жарғылық капиталдарына өзiнiң қатысу үлесiн 49 пайыз шегiнде ұтымды етуге құқылы, бұл үшiн Қор басқа акционерлермен жасалған келiсiмдердiң және инвестициялық жобаларды iске асырудың шарттары негiзiнде ұйымның акцияларын портфелдi инвесторларға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да сатып алушыларға сатуға құқылы.
14. Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшiн стратегиялық маңызы бар iрi инвестициялық жобалар үшiн жобаның бастапқы кезеңiн қаржыландыру үшiн жоба бастамашысының қаражаты жеткiлiксiз болған кезде техникалық экономикалық негiздеменi (ТЭН) әзiрлеу, Қор стратегиялық инвестордың жобаға қатысуы басталғанға дейiн Қордың Жарғысына сәйкес Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмi бойынша бастапқы кезеңдердiң жұмыстарын орындау үшiн жобаның бастапқы кезеңдерiн қаржыландырудың негізгi бөлiгін уақытша өзiне қабылдай алады. Қор iрi инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жарғылық капиталды одан әрi қалыптастыру кезiнде осы Декларацияның 13-тармағының ережелерiн басшылыққа алады. Қордың TЭH-дi әзiрлеуге байланысты шығыстары инвестициялық жоба бойынша шығындарға күрделендiруге жатады және орналастырылатын акцияларға ақы төлеу және жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестер ретiнде ескерiледi.
15. Ұйымдардың акцияларына Қордың ақы төлеу мерзiмдерi мен мөлшерi ұйымдардың жасалған келiсiм-шарттар (жеткiзiлiмдер, мердiгерлiк және басқалары) жөнiндегi төлемдер кестелерiн ескере отырып, ұйымдармен жасалған Инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру туралы шарттарға сәйкес айқындалады.
16. Қор ол жарғылық капиталына қатысатын ұйымдарды басқарудың мониторингiн, сондай-aқ электрондық түрде ұсынылатын есеп беру негiзiнде жүйелi және жоспарлы байқау арқылы инвестициялық жобалардың мониторингiн жүзеге асырады. Мониторинг мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық жобаны іске асыру және инвестициялық ресурстарды тиiмдi пайдалану туралы ақпаратты жинау және жүйелі таңдау;
2) ұйымдардың қаржы-экономикалық және өндiрiстiк-техникалық жай-күйiн және олардың қызметiнiң саланы, өңiрдi және республиканы тұтастай дамытуға әсерiн талдау;
3) ұйымдардың басқару сапасын бағалау және олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлеу.
Қор ұйымдардың ашықтығын қолдауға ықпал етедi және олардың қызметiнiң аудитiне қатысады.
Портфельдi әртараптандыру нормалары
Инвестициялардың салалық және аумақтық құрылымдары ұйымдардың бағалы қағаздар портфелiн әртараптандыру нормаларының негізiнде инвестициялық портфельдiң сапасына қойылатын мынадай талаптарды ескере отырып айқындалады:
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына инвестициялар үлесi Қордың меншiктi капиталының кемiнде 70 пайызын құрауы тиіс;
ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi) номенклатурасы бойынша салалардың бiрiне инвестициялардың үлесi Қордың меншiктi капиталының 25 пайызынан аспауы тиiс.
Қорды 50 млрд. теңгеге дейін күрделендiру кезiнде бір ұйымға және онымен тiркелген құрылымға инвестициялар үлесi меншіктi капиталдың 20 пайызынан, 100 млрд. теңгеге дейiн меншiктi капиталдың 15 пайызынан аспауы тиіс.
Қордың инвестициялық жобаға қатысуын
тоқтату шарттары
Ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен қатысу үлестерi құнының жоспарланатын өсімiн қамтамасыз ету шамасына қарай Қор оларды басқа ұйымдарға сатудан алынған капиталды кейіннен қайта инвестициялау үшiн ұйымдардың акционерлерiне де, сол сияқты бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногына да оның иелiгіндегi акциялар мен қатысу үлестерiн сатуды жүзеге асыратын болады.
19. Қордың инвестициялық жобаға қатысуын тоқтату шарттары әрбiр жекелеген жағдайда ұйымдармен жасалатын Инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру туралы шарттармен айқындалады.
20. Қордың инвестициялық жобаға қатысу мерзiмі жобаның бизнес жоспарына сәйкес айқындалады.
21. Қор акционерлердi және инвестициялық жобалардың өзге де мүдделi қатысушыларын Қорға тиесiлi акцияларды сату ниетi туралы алдын ала хабардар етедi.
22. Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қорға тиесiлi қаржы құралдарын сатудың мерзiмдерi мен тәртiбiн айқындайды.
&&&
$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Инвестициялық қор дегеніміз не?
2.Инвестициялық компанияның негізгі мақсаты?
3. Ашық және жабық инвестициялық қордың айырмашылығы неде?
4.Инвестициялық қорлардың типтері?
&&&
$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Арнайы мамандырылған қаржылық несиелік институттар
1. Несиелік серіктестіктер
2. Қаржылық компаниялар
&&&
$$$002-012-001$3.2.12. 1. Несиелік серіктестіктер
Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар қз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізеді елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзіге асырады.
Құрылтайшылық келісімшарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3 – тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізілгенміндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зиянды тәукелән көтереді.
Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап береді.
Ол коммерциялық ұйым бола отырып, Қазақстан Республликасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің
лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды.
Несилік серіктекстіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзіге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісімшарт және жарғы болып табылады.
Құрылтайшылық келісімшартта ҚР заң актілерімен қарастырылған мәліметтерді басқа мыналар болуы керек:
- серіктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз шамадағы
көлемі;
- қатысушылардың міндетті тқлемдерді төлеу шарттары және тәртіптері;
- таза табыста бөлу тәртіптері;
Жарғыда ҚР заі актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар
болуы керек:
- фирманың атауы және орналысқан жері;
- қатысушылардың міндеттері және құқықтары;
- қатысудың шарты және тәртібі;
- жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;
- қатысушылардың қосымша жарналарын төлеу шарты және тәртіпбі;
- несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім қабылдау тәртібі, соның ішінде, қатысушылардың жалпы жиналысында бар және ұсынылған қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет сұрақтар бойынша ережелер;
- несиелік серіктестіктің органдары арасында өкілеттіңтерді бөлу;
- ақша орналастыру тәртібі;
- жарғыға өзгертулер және толықтыруларды еңгізу тәртібі;
- резервтік капиталды қолдану және қалыптастыру тәртібі.
Несиелік серіктестік Агенттікке өзінің жарғысына енгізген толықтырулар мен өзгертулер туралы оны қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде хабарлауы қажет.
Несиелік серіктестіктің қатысушылар мынандай әрекеттерге құқылы:
- оның қызметтерін пайдалануға;
- басқа ісіне қатысуға;
- несиелік серіктестіктердің органдарын сайлау және сайланбалы болуға;
- серіктестіктің қызметінен табыс алуға;
- құрылтайшылық құжаттар және қолданыстағы заңға сәйкес несиелік серіктестіктерден табыс алуға;
- қолданыстағы заңмен және несиелік қатынастың жарғысымен қарастырылған тәртіпке қатысуға тиым салуға;
- несиелік серіктестіктің жарғысымен қарастырылған тәртіпте оның бухгалтерлік және басқа да құжаттарынан оның қызметі туралы ақпарат алуға.
Қатысушылардың ҚР заң актілеріне және жарғылық құжаттарында қарастырылған басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Несиелік серіктестіктеге қатысушылық мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- өз еркімен шығу;
- өз үлесін несиелік серіктестіктердің талабы бойынша қатысушылар қатарынан шығару;
- несиелік серіктестіктің қызметінің тоқтатуы;
- ҚР заңдарымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Несиелік серіктестіктен ерікті түрде шығу туралы өтініш басқармаға берілуі керек, ол өтінішті берілген күннен бастап 1 ай ішінде қарастыруы керек және серіктестіктің жалпы жиналысында қорытынды шығаруы тиіс.
Несиелік серіктестікке қатысуы несиелік серіктестік алдындағы алынған мүліктің міндеттемелері орындалғаннан кейін, қатысушының ерікті шығужолымен тоқтауы мүмкін.
Серіктестіктің қатысушысы өз міндеттерін бұзғанда, орындамағанда, сонымен қатар серіктестікке зиян келтіргенде, серіктестік жалпы жиналыс шешіммен сот арқылы қатысушыны еріксіз түрде қатысушылар қатарынан шығаруға және мұндай қатысушы үлесін қайта сатып алуға құқығы бар.
Қандай да бір несие серіктестігі қатысушысының өзін несие серіктестігінен мәжбүрлеп шығарғаны және өзінің үлесін мәжбүрлеп сатып алғаны туралы шағымы сот тәртібіменшешіледі.
Несиелік серіктестіктің қатысушысына үлесін еріксіз сатып алғандығы және несиелік серіктестіктен шығарылып тасталғандығы туралы шешімімен соттық тәртіпте шағымдануына болады.
Несиелік серіктестіктердің ұйымдастырушылық құрылымын мынадай түрде ұсынуға болады
Несиелік серіктестіктің органдарына мыналар жатады:
- жоғарғы орган – несиелік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы;
- ақтарушы орган – басқарма;
- бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.
Қадағалау кеңесін құруды несиелік серіктестіктің жарғысы қарастыруы мүмкін.
Несиелік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын жүргузу тәртібі оның жарлығымен қарастырылады.Дәл осы жалпы жиналыс жарғының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес шешім қабылдайды, басқарманың шешімін бекітеді немесе қабылдаудан бас тартады.
Несиелік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше компетенциясына мынадай ішкі ережелерді және басқа да құжаттарды бекіту жатады:
- қызметтің бағыты;
- несиелік және инвестициялық саясат;
- басқарма мүшелерінің, ревизиялық комиссияның және басқа да қызметкерлердің еңбекақылары көлемін анықтау;
- қатысушылардың қосымша жарналарды беру тәртібін бекіту;
- активтерді есептен шығару тәртібі;
- несиелік серіктестікке қатысушыларды қабылдау және шығарып тастау;
- жылдық шығындар жіне кірістер сметасын және оның орындалуының есебін бекіту және т.б.
Егер жалпы жиналыста қатысушылар саны 50%дан кем болмамаса, одан жалпы жиналыс заңды болады.Егер күн тәртібіне енгізілген сұрақтардың шешімі білікті қатысушыларддың көптігімен немесе бірауыздан шығу керек болса, оған барлық қатысушылардың жарты бөлігі қатысса, онда жиналыс өкілетті шешім қабылдайды.
Несиелік серіктестіктің басқармасы жалпы жиналыспен тағайындалады, ол ағымдағы қызыметті басқаруды жүзеге асырады және жалпы жиналыста өз қызметі туралы есеп береді.
Басқарманың өкілеттіктері:
- несиелік серіктестіктің қызыметіндегі ішкі ережелерді қабылдау және келешекте олардың өзгерістері туралы есеп беру;
- неиелік инвистициялық саясат жөніндегі ұсыныстарды дайындау және оларды жалпы жиналыстың қарастыруына беру, ішкі несиелік саясат және несиелік комитет туралы ережелерді дайындау;
- жылдық табыстар және шығыстар сметасын беру және оның орындалуына есеп беру;
- жылдық қаржылық есеп беруді ұсыну және дайындау;
- несиелік серіктестікке қатысушылардың кіру және шығу сұрақтары бойынша құжттарды дайындау және оларды қатысушылардың жалпы жиналысына шығару;
- несиелік серіктестіктің ағымдағы қызметімен байланысты баасқа да өкілетттерді жүзеге асыру.
Басқарма бірыңғай бола алмайды және оның мүшелерінің саны тақ болуы қажет, бірақ үштен кем болмауы қажет.Басқарманы төраға басқарады, ол несиелік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында тағайындалады.
Жалпы жиналыстың шешім і бойынша басқарманың төрағасы мен мүшелері
несиелік серіктестіктің қатысушылары болмайтын тұлғалардан тағайындалуы мүмкін.Бірақ басқарманың құрамында бір немесе бірнеше несиелік серіктестікке қатысушылар болуы керек.
Егер жиналысқа оның 2-3 мүшесі қатыссса,басқарма оның қарамағындағы сұрақтарды шешуге құқылы.Шешім басқарма мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Несиелік серіктестіктің ревизиялық комиссия болуы қажет.
Ревизиялық комиссияға несиелік серіктестіктің, несиелік комитет басқармаларының төрағасы және мүшелері, олардың жанұялары мен жақын туған-туыстары кіре алмайды.
Ревизиялық комиссияның өкілеттері:
- жоспарлы және жоспарсыз тексеріс өткізу жолымен несиелік серіктестіктің, оның органдары тұлғаларының жасаған операциялары және қызметтерін несиелік серіктестіктің ішкі құжатттарының ҚР заңнамасына сәйкестігін анықтау;
- жалпы жиналысқа және басқармаға несиелік серіктестіктің қызметін жақсартуға ұсыныстар беру.
Несиелік серіктестік лицензия негізінде жекелеген банктік және басқа да операция түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
- кассалық операциялары: қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, іріктеу, банкноттар мен тиындар орау және сақтау;
- аудару операциялары: ақшаны аудару бойынша тапсырыстарды орындау;
- қарыздық операциялар: қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарында несиелерді ақша формасында беру;
- несиелік серіктестікке қатысушылардың тапсырыстары және олардың банктік шоттары бойынша есептеулер;
- сейфтік операциялар; құжаттық формада шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер;
- лизингтік қызметтер;
- несиелік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- серіктестікке қатысушылар үшін олардыңміндетті салымдары және қосымша жарналар сомасы шегінде ақша формасында орындалуын қарастыратын банктік кепілдемелерді, банктік тапсырыстарды және басқа да міндеттемелерді беру;
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.
Несиелік серіктестіктер өз қызметтерін үйлестіру, қорғау және жалпы қызығушылық ұсынуы, біріккен жобаларды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді шешу үшін ҚР заңнамасына сәйкес несиелік серіктестікассоциациясы (одақтар) формасында құрылуы мүмкін.
&&&
$$$002-012-002$3.2.12.2