Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Вид материала | Документы |
- Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы, 9897.47kb.
- ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы, 326.34kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- 5B042300 «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша қабылдау талаптары, 29.33kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Программа дисциплины ф. 8 Общая физика Разделы «Механика», «Колебания и волны», «Молекулярная, 113.79kb.
- Ылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы, 1195.19kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- 6М010300- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша элективтік модульдер каталогы, 207.15kb.
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
5В060200 – «Информатика» мамандығы бойынша
оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В060200 – «Информатика» мамандығы бойынша Информатика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат
Бағдарламаларға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта білім. Бакалаврға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары оқу орнында білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады. Өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.
Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.
5В060200 - “Информатика” мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 10 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-225 кредит)
Пәннің коды, шифры | Пән атауы | Қазақстандық кредит саны | ECTS бойынша |
| Жалпы білім пәндері –кредит | 33 | 50 |
| Міндетті компонент | 33 | 50 |
КТ 1101 | Қазақстан тарихы | 3 | |
Inf1102 | Информатика | 3 | |
OTKN2103 | Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері | 2 | |
Ale1104 | Әлеуметтану | 2 | |
Etd1105 | Экология және тұрақты даму | 2 | |
K(O)t1106 | Орыс тілі | 6 | |
ETN2107 | Экономикалық теория негіздері | 2 | |
Sht2108 | Шетел тілі | 6 | |
KN2109 | Құқық негіздері | 2 | |
Saya1110 | Саясаттану | 2 | |
Fil2111 | Философия | 3 | |
| Базалық пәндер циклы пәндер | 64 | 96 |
| Міндетті компонент | 20 | 30 |
ITMS3201 | Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика | 3 | |
SA 3202 | Сандық әдістер | 3 | |
OAOZ 3203 | Оптимизациялық әдістер және операцияларды зерттеу | 3 | |
AGDT 1204 | Алгебра, геометрия және дифференциалдық теңдеулер | 4 | |
PTT 1205 | Программалау технологиясы және тілдер | 3 | |
KK (O)t 2206 | Кәсіби қазақ (орыс) тілі | 2 | |
K-bsht 2207 | Кәсіби бағытталған шетел тілі | 2 | |
| Таңдау компоненті | 44 | 66 |
ITN 1201 |
| 3 | |
AT 1201 |
| | |
Prog 1202 |
| 3 | |
ADS 1202 |
| ||
DM 1203 |
| 3 | |
GT 1203 |
| ||
EZhA 2204 |
| 3 | |
KPZh 2204 |
| ||
OBP 2205 |
| 3 | |
DKAZh 2205 |
| ||
PK 2206 |
| 3 | |
SM 2206 |
| ||
OIAT 2207 |
| 3 | |
EOT 2207 |
| ||
PZhT 2208 |
| 3 | |
PTTTA 2208 | 2. Программалау тілдерінің теориясы және трансляция әдістері | ||
BIKZh 2209 |
| 3 | |
KZh 3304 |
| ||
KM 2210 |
| 3 | |
DP 2210 |
| ||
KG 3211 |
| 3 | |
HT 3211 |
| | |
BKT 3212 |
| 3 | |
SN 3212 |
| | |
KZhAK 3213 |
| 4 | |
MBT 3213 |
| | |
MOP 3214 |
| 4 | |
KEA 3214 |
| | |
| Кәсіби пәндер | 32 | 48 |
| Міндетті компонент | 5 | 8 |
ZhP 3301 | Жүйелік программалау | 3 | |
ZhIZh 4302 | Жасанды интеллект жүйелері | 2 | |
| Таңдау компоненті | 27 | 41 |
WD 3301 |
| 3 | |
WAT 3301 |
| | |
ShKMIOE 3302 |
| 3 | |
IOTA 3302 |
| | |
ATN 3303 |
| 3 | |
OZh 3303 |
| | |
EZhZhT 3304 |
| 3 | |
BTK 3304 |
| | |
PE 4305 |
| 3 | |
ST 4305 |
| ||
OPZhAT 4306 |
| 3 | |
EORKT 4306 |
| ||
KN 4307 |
| 3 | |
PI 4307 |
| ||
VP 4308 |
| 3 | |
РTKOESh 4308 |
| ||
IM 4309 |
| 3 | |
SZhYN 4309 | 2.Сымсыз желілерді ұйымдастыру негіздері | ||
| Жалпы кредит саны | 129 | 194 |
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: КТ 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Тайман С. –тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.
Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.
2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.
3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992
5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992
6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993
7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.
9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992
10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990
11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.
12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж
13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г
14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж
15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г
16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1102
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Шамсиева Н.С. -педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; Студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; Студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.
Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Информатика” пәнінің курсы
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәнi ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Ақпаратты сипаттау және өңдеу, оның құрылымы мен түрлерiн талдау әдiстерiн бiлуi тиiс; Басқарушылық сипаттағы есептердi компьютер көмегiмен шешудiң алгоритмдерi мен программаларын жасау әдiстерiн меңгеруi тиiс; Дербес компьютермен, операциялық жүйелермен, түрлi редакторлармен, кестелiк процессорлармен, деректер қоймасын басқару жүйелерiмен, қолданбалы программалар пакетiмен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыруға және компьютерлiк желi қызметiн қолдана бiлуге тиiс; Деректер қоймаларын, ақпараттық жүйелерiн жобалау және жасауды үйрену; Арнайы есептердi щешуге арналған қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасай бiлу; Компьютерлiк жүйелер мен ақпараттық технологиялардың заман талабына сай жиi өзгерiске түсуiн қадағалай бiлу.
Ұсынылатын әдебиет:
- Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., А.Б. Дәулетқұлов Жаңа Ақпаратлық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ -Алматы, ЖТИ, 2004-408 б.
- Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс -СПб, Питер, 2003г.
- Мюллер С. Модернизация и ремонт персональных компьютеров. - М.: Бином, 1997.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).