Сми о Казахстане (9– 16 февраля 2009 года) оглавление

Вид материалаДокументы
Газета «Франкфуртер Альгемайне Цайтунг», 4 ақпан 2009, Андреас МИМ , ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫ
Подобный материал:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

Газета «Франкфуртер Альгемайне Цайтунг», 4 ақпан 2009, Андреас МИМ , ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫ



Назарбаевты Берлинде жылы шыраймен қарсы алды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Украина арасындағы газ дауы өткесін үш аптадан кейін Германияға келуі, кенет болған нәрсе емес, бұл шара көптен бері жоспарланған болатын. Бірақ соңғы оқиға Федералдық үкіметтің мұнай мен газ алудың жаңа жолдарын іздеу барысындағы әрекеттерімен уақыт жағынан ұласа кетті. Каспий жағасындағы мол мұнай мен газға бай басқалармен салысырғанда ең ірі ел Қазақстан осы тұрғыдан бірінші таңдауға ие.

Осыған орай Назарбаевты жоғары деңгейде қарсы алды: алдымен ол таңереңгісін Федералдық экономика министрі Глостың (ХДО) қатысуымен өткен экономикалық форумда болды, түс кезінде Канцлермен кездесті , ал түстен кейін Федералдық президент Х.Келермен бірге бір жол бойы өткізілетін «Қазақстанның Германиядағы жылын» ашты. Екіжақты тығыз дипломатиялық байланыстар орнатылған, Президент оны жоғары деңгейде деп атап өтті. 1991 жылы Кеңес Одағынан тәуелсіздігін алғаннан бері Республиканы қатты қолмен басқарып келе жатқан Назарбаев осыдан бір жарым жыл бұрын да Берлинде болған. Қыркүйек айында Келер Қазақстанның бас қаласы Астанада сапармен болып қайтты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қол жетуіне Германияның қолдауының көп көмегі тигенін айтып, Назарбаев сол үшін сыпайы түрде бірнеше рет алғысын білдірді.

Баршаның көңілін аударған достық қатынастармен қатар кең далалы ел мен Германияның айырмашылығы да аз емес. Жер алыстығына қарамастан Меркель ЕО-мен Қазақстанның көршілік қатынастарда деп атап өтті. Дині ұстам еркіндігі, құқылық мемлекетік пен демократия туралы ұстанымдарында Берлин мен Астана көзқарастарында алшақтық бар. Өзінің алдындағы Шредермен (ГСДП) салыстырғанда Қазақстанда әлі болмаған А.Меркель осыларды атап отырып, Қазақстанның ашықтығының өсіп келе жатқандығына тоқталды. Қазақстандық менеджерлерді практикалық бағдарламалар арқылы дайындай отырып, Федералдық үкімен осыған өз үлесін қосуда. Екі елді байланыстырып тұрған бір буынға Назарбаев та Меркель де тоқтала кетті, олар- Қазақстанда тұрып жатқан неміс диаспорасы. СІМ есебінше Қазақстанда тұрып жатқан 16 миллион тұрғындардың арасында олардың саны 200 000 жуық. Автократты билікті мемлекет басшылары канцлерді ылғы да шпагатқа тұруға мәжбүр етеді: ол-қонақтардың көңіліне келтірмей, кемшіліктерін айту. Бұл жоспарланған немесе қалыпты экономикалық қатынастарға қиындық туғызуы мүмкін. Қараша айының ортасында ғана Меркель көп ойланып-толғанып барып қана газы мол, бірақ елдегі адам құқығы бұзылуына байланысты сынға ұшырап жүрген Түркменстанның президенті Бекмұхаммедовты қабылдаған болатын.

Картаға бір қараса-ақ энергия қуатына мұқтаж еуропалықтар үшін осы аймақтың стратегиялық маңызы түсінікті болады. Қазақстан мен Түркменстан, сондай-ақ Өзбекстанда да газ бен мұнай беру мүмкіндіктері мол. Ал теориялық тұрғыдан Ресейді айналып өтіп, шикізатты Еуропаға тікелей жеткізу мүмкіндігі осы аймақты тіптен де қызықты қыла түседі. Қазақстан азірбайжандық Бакуге одан Грузия арқылы Жерорта теңізіндегі түркиялық Джейханға жеткізетін құбыр салуға қатысады. Еуропалық консерциум газды жоспарланып жатқан Набукко құбыры арқылы Каспий теңізінен Австияға және одан әрі жеткізбекші. ЕО комиссиясы мұны стратегиялық маңызы бар деп есептейді. Канцлер берген түскі астан кейінгі сөзінде Назарбаев өздерінің құбырлар туралы да пікір алысқанын айтты. Осыған дейін Ресей шикізат қорларына экономикалық бақылау жасауға тырысып отыр, осы ойынға Қытай да араласуда.

Осында жағдайда шикізатқа ие елдердің оны кімге сатарын таңдау мүмкіндігі бар. Осы мәселеге байланысты экономика саласының өкілдері Назарбаевтың «2018 жылға дейін еліміз газ бен мұнай өндіретін әлемдегі бестік қатарына енеді» деген сөзін аса ризашылықтпен қабыл алды. Қазірдің өзінде Қазақстан Германияға мұнай беру жағынан бесінші орында. Назарбаев «екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері әлі орасан мол», деп атап өтті.

Бұл тек шикізат экспортына ғана байланысты емес, басқа да байлықтар мол. Ол негізінен аграрлы елдің экономикасын кеңейту және жаңашаландыру барысында көмек қажет. Сол үшін көлемі жағынан Германиядан сегіз есе үлкен елге осы саладағы инфрақұрылымдар мен ауыл шаруашылығын жаңартуда кәсіби білгерлік қажет.

Германия Қазақстан үшін ең маңызды сауда серіктесі. Мұнайға деген жоғары бағаның арқасында екі ел арасындағы сауда көлемі 2008 жылы алты миллиард евроға дейін өсті. Бұл Қазақстанның Германиямен сауда жасаушы аса ірі 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік берді. Қазақстанда 540 неміс кәсіпорындары табысты жұмыс істеуде, барлығын алғанда ел экономикасына Германия осыған дейін төрт миллиард евро инвестиция салғанын айта келіп, Назарбаев Метро, РВЕ, ТиссенКрупп, Сименс және ауыл шаруашылығы техникасын шығарушы Клаас фирмасын Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдете түсуге шақырды. Сейсенбі күні көлемі 250 миллион болатын келісімдерге де қол қойылды. Бұл біржақты жол емес, Қазақстандық инвесторлар да Германияға 35 миллион евро инвестиция салмақшы, деді Федералдық экономика министрі Глос.

Веб-сайт Федерального правительства Германии «www.bundesregierung.de», 03.02.2009, ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ФЕДЕРАЛЬНОГО КАНЦЛЕРА А.МЕРКЕЛЬ И ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА Н.НАЗАРБАЕВА



Германия и Казахстан дальше хотят развивать свои экономические отношения. Основной вопрос сотрудничества лежит в энергетическом секторе: Германия может извлекать пользу из многих видов сырья страны, а Казахстан из немецких технологий для возобновляемых энергий.

"Мы хотим непрерывно интенсифицировать наши отношения", заявила Меркель после встречи с Президентом Нурсултаном Назарбаевым. Разумеется, страна должна продолжить свое начатое развитие: "Я полагаю, что обширная программа реформирования непременно должна быть реализована."