План работы центра информатизации и оценки качества образования на 2012 год қостанай қаласы
Вид материала | Документы |
- План работы гоу цо №1446 на 2011-2012 учебный год, 2407.15kb.
- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 4542.78kb.
- План работы творческой группы на 2011-2012 г п. Колбинский план работы творческой группы, 134.58kb.
- План работы гоу сош №215 2011-2012 учебный год Цель: создать условия для формирования, 484.85kb.
- Муниципальная программа мониторинга качества образования на территории Тавдинского, 94.13kb.
- Приказ от 20. 03. 2012 №154/01-03 г. Ярославль Опроведении в 2012/2013 учебном году, 20.53kb.
- Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мм гу «отдел образования акимата города костаная», 1765.39kb.
- Положение о внутришкольной системе оценки качества образования, 183.3kb.
- Характеристика внутришкольной системы оценки качества образования, 41.64kb.
- Анализ работы заместителя директора по информатизации за 2009-2010 учебный год, 184.51kb.
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН
БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
2012 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
ПЛАН РАБОТЫ
ЦЕНТРА ИНФОРМАТИЗАЦИИ И
ОЦЕНКИ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ
НА 2012 ГОД
Қостанай қаласы
… 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс...
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН)
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды меңгеру қазіргі әлемде оқу мен жазуды білу сияқты сапалардың қатарында, және әрбір жеке тұлға үшін қажетті жағдай болып табылады. Алған білім мен дағдылар алдағы уақытта қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандыруды енгізу барлық білім беру жүйесін реформалаудың ең бір күрделі құралы ретінде қарастыруға болады.
("ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ")
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы
қызметінің мақсаты мен міндеттері:
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы қызметінің мақсаты:
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Ақпараттық және компьютерлік технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыру, оның ішінде білім беру сапасын бағалау жүйесінің жұмысы арқылы Қостанай облысында білім беру сапасын арттыру үшін жағдайды қамтамасыз ету.
Қызметтің міндеттері:
- Компьютерлендіру және жаңа ақпараттық технологиялардың проблемалары бойынша, білім беру саласындағы білімді тексерудің тестілік әдістері мен оқытудың техникалық құралдары, дамыта оқыту мәселелері бойынша ғылыми-зерттеушілік, әдістемелік, жобалық, енгізушілік, іске асырып-реттейтін, өндірістік жұмыстарды үйлестіру;
- Білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы деңгейінде оқу үдерісін басқару және бақылаудың ақпараттық жүйелерін әзірлеу және енгізу;
- Қостанай облысы білім беру жүйесінің және мамандарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін республикалық және халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығында білім беру сапасын бағалау.
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ресурстарды тиімді пайдалану арқылы сапалы білім беруге қолжетімділікті арттыру міндетін қояды.
Білім беруді ақпараттандыру - білім беру жүйесін жаңартудың барлық негізгі бағыттарын қозғайтын маңызды механизмдердің бірі. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техниканың және технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен алатын орныны өзгерді. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі әлемде оқу, жазу дағдыларымен қатар тұрады, жеке тұлға үшін қажетті шарт болып табылады.
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызметінің негізгі мақсаты Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Ақпараттық және компьютерлік технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыру, оның ішінде білім беру сапасын бағалау жүйесінің жұмысы арқылы Қостанай облысында білім беру сапасын арттыру үшін жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу үрдісіне жаңа ұрпақтың техникалық құралдарын қолдану, интернет ресурстарын пайдалану білім беруді жаңартудың ең маңызды факторының бірі болып табылады.
Қостанай облысында 582 орта білім беру ұйымы бар, оның ішінде 501 ауылдық. Облыста мектептерді компьютерлендіру бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша білім беру ұйымдарында барлығы 14118 компьютер, оның 8788 ауылдық мектептерде. Жалпы білім беретін мекемелерде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа есеппен 1 компьютерге 7,2 оқушыдан келеді. Орта білім беру ұйымдарын компьютерленмен жабдықтау 100% құрайды. Облыстың барлық мектептері Интернет желісіне қосылған. Оның ішінде: ADSL технологиясы бойынша – 204 (35,1%, кепілдікпен берілім жылдамдығы 256 кб/с), Dial-up – 374 (64,3%), спутниктік – 4 (0,7%).
ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылымы бар орта білім беру ұйымдары «Мектеп» тарифтік жоспары бойынша қосылған (трафикті есептемегенде, ішкі ресурстарға жылдамдық 1 Мбит/с дейін, сыртқы ресурстарға 256 кбит/с дейін). Облыстың мектептерінде Интернетке қосылудың қосымша нүктелері орнатылған: мультимедиалық кабинеттер, кітапханалар.
Қалалар арасында 1 компьютерге ең көп оқушылар саны: Рудный қаласы – 9,1, Қостанай қаласы – 8,2, Лисаков қаласы – 7,7. Аудандарда 1 компьютерге ең көп оқушылар саны: Қостанай ауданы- 8,6, Жітіқара ауданы - 8,0, Әулиекөл ауданы- 7,3.
Облыс мектептерінде 552 информатика мұғалімі жұмыс істейді (155 қосымша істеушілер), олардың 444 жоғары білімі бар, 27- жоғары санатты.
Мектепте пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды енгізу жаңа буынның лингафондық кабинеттерінің, физика, химия, биология кабинеттерінің, қазіргі қазақстандық электрондық оқулықтармен, оқыту және бақылау бағдарламалармен, оқу фильмдерімен жабдықталған интерактивтік жабдықтардың пайда болуымен мүмкін болды.
Интерактивті сабақтарға техникалық қолдау көрсету Орталық қызметінің бір бағыты болып табылады. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары республикалық интерактивті сабақтарға белсенді қатысады, сонымен қатар өз мектептерінің базасында өткізеді.
Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі дарынды оқушылармен компьютерлік технологиялар кеңістігіндегі жұмыс болып табылады.
Оқу жылы бойы дәстүрлі Қостанай және Лисаков қалаларында «Эрудит» облыстық қашықтықтан зияткерлік ойыны және «Эрудит» өңірлік зияткерлік ойыны өткізіледі. Бұл байқауларға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 700 оқушысы қатысты. Келесі өңірлер үш жыл ішінде ең белсенді қатысты: Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Қостанай, Меңдіқара Федоров аудандары, Жітіқара, Рудный, Қостанай қалалары. Екі жыл ішінде жетекшілер командасы белсенді қатысты (№19, №3, №115 ОМ, Қостанай қ. «Озат» ДБМ мұғалімдері). Жалпы жеткен нәтижелер негізінде білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын біріктіретін жалпы білім беретін мекемелерде жүйе құрылғандығы жөнінде қорытынды шығаруға болады.
2011 жылдың желтоқсан айының басында облыстың 5-11 сынып оқушылары үшін мультимедиалық жобалар фестивалі өтті. Жобалар мазмұны оқушылардың жан-жақты қызығушылықтарын қамтиды, сонымен қатар мектеп практикасында және ғылыми-зерттеу жұмыстарда көмегін тигізеді. Бұл жобаға 87 облыс оқушылары қатысты.
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, электрондық оқытуға дайындық шеңберінде 2010-2011 оқу жылында математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен информатика пәндерінен оқушылар үшін облыстық қашықтықтан «Интернет-мектеп» жобасы жүргізілуде. Қашықтықтан оқыту үдерісінде әр пән бойынша он-лайн сабақ өткізілді. Барлығы облыстың 150 оқушысы қатысты. Жаңа оқу жылында пәндер аясы кеңейтілді, оқыту орыс тілінде жүргізілетін Қазақстан тарихы, физика, қазақ тілі пәндері және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін ағылшын тілі.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі жоспарға сәйкес оқушылары үшін «Менің Қазақстаным!», «Астана – болашақ қаласы» қашықтықтан байқаулары өтті. Орталық сайтына үздік жұмыстар орналастырылды және жүлделі орындар он-лайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.
Оқу үрдісінде АҚТ қолдануда облыс мұғалімдеріне заманауи әдістемелік қолдау көрсету үшін пән мұғалімдеріне «Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік пән мұғалімі» байқауы өткізіледі. Байқау ІІ кезеңде өтті (қашықтықтанжәне күндізгі). Байқаудың екінші кезеңіне Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан, Алтынсарин, Әулиекөл, Жангелдин, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарынан 50 мұғалім қатысты. Осындай жобалар пән мұғалімдеріне мұндай байқаулардың қажет екенін көрсетті, өйткені мұғалімдердің ақпараттық ресурстар мен технологияларды қолдану арқылы оқыту әдістемесіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туғызады.
2011 жылдың 27 қыркүйегінен 30 қарашасы аралығында аудандық және қалалық білім бөлімдері, Білім басқармасының құрылымдық бөлімшелері, кәсіптік лицейлер, колледждер, облыстық мекемелері мен облыстың жалпы білім беретін мекемелері арасында «Жыл сайты» Интернет-марафонын өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты Интернет-ресурстарды дамытуға, ақпараттық-техникалық сауаттылықты арттыруға, қатысушылардың шығармашылық іс-әрекетіне бейімделген. Бұл байқауға Қостанай облысының 17 өңірінен 102 сайт қатысты.
Облыстың жалпы білім беретін мектептері үшін Интернет-ресурстар (сайттар) құрылуда. Ұйымдармен сайттардың әрлендірмесі мен жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы кезеңде облыстың 3 өңірі: Алтынсарин, Науырзым, Сарыкөл аудандары үшін 64 сайт әзірленді. Орталық 2012 жылдың аяғына дейін облыстың барлық жалпы білім беретін мектептеріне сайттар әзірлеу жоспарлануда.
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарында ақпараттандыру үрдісі компьютерлік техниканың жаңаруына бағытталған, білім беру үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу, оқу-тәрбие үрдісін сапалы деңгейге көтерудің бір жолы болып табылады.
Қазіргі уақытта колледждерде - 2456, лицейлерде - 685 компьютер. 2011-2012 оқу жылының басына бір компьютерге оқушы саны: колледждерде - 7,8 (2010 жылы - 10,2), лицейлерде – 8,3 (2010 жылы - 9,1) құрайды. Интерактивтік тақталар саны: колледждерде – 109. Барлық колледждер мен лицейлер компьютерлендірілген, телефондалған және Интернет ақпараттық желісіне қосылған.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында көптеген компьютерлік техника ауыстыруды қажет етеді: колледждерде - 376 компьютер, лицейлерде - 129 компьютер, өйткені олар табиғи ескірген.
Облыстың колледждері мен лицейлерінде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Колледж және лицей оқытушылары үнемі ақпараттық-қатынастық технологияларды меңгеру бойынша курстардан, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Компьютерлік техникаға инженер-бағдарламашылар, лаборанттар, өндірістік оқыту шеберлері немесе информатика мұғалімдері қызмет көрсетеді.
Облыстың әрбір колледж және лицейінде түрлі жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша электрондық оқулықтардың банкі бар. Колледждерде 2500 бірлік, лицейлерде - 450 бірлік. Көптеген электрондық оқулықтар, оқу құралдары колледж және лицей оқытушылары мен оқушыларының күшімен құрастырылған.
Оқу үрдісінде оқытушылар мен оқушылар Интернет-технологияларды қолданады. Барлық колледждер мен лицейлер Интернетке қосылған. ADSL технологиясы бойынша (Интернетке кең жолақты қосылым, әрі қарай КЖҚ) 31 колледж және 15 лицей қосылған. Басқалары Dial-Up аналогтық каналының көмегімен қосылған. КЖҚ бар колледждер мен лицейлер облыстық және республикалық интерактивті сабақтарды өткізеді және оларға қатысады. Барлық колледждер мен лицейлердің өз сайты және электрондық поштасы бар.
Төрт колледжде (Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай медициналық колледжі, Қазтұтынушыодағының Қостанай экономикалық колледжі) жаңа буынның лингафонды-мультимедиалық кабинеттері бар. Сонымен қатар колледждерде физика, химия, биология, әмбебап кабинеттер үшін интерактивтік жабдық орнатылған.
Колледждер мен лицейлерде қашықтықтан оқыту технологиясы біртіндеп енгізілуде.
Осы уақытта Қостанай облысында білім беру жүйесін жаңартудың белсенді үрдісі жүріп жатыр. Болып жатқан үрдістер мониторинг жүйесін, білім беру статистикасын жаңартуға, білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуын бағалау үшін индикаторлар жүйесін әзірлеу және апробациялауға, білім беру саласында бақылау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру сапасын бағалау бөлімінің негізгі мақсаттары Қостанай облысы білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін білім беру сапасын бағалауды іске асыру, облыста білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін білім беру сапасын бағалаудың нәтижелерін қолдану болып табылады.
Білім беру сапасын бағалау бөлімімен облыстық баяндама мақсатты ұйымдастырылған облыстық ақпараттық кеңістігінің бір бөлігі болып табылады.
2011 жылдың сәуірінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша сараптамалық қорытынды, «Дүниетану» пәні бойынша 4-сынып, «Математика», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша 6-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау бойынша облыстық зерттеу жүргізілді.
PISA және TIMSS халықаралық зерттеулерін өткізуге қатысты, бұл мониторингтік зерттеулер өткізу үшін бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеу заманауи халықаралық тәсілдермен танысу.
Облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ата-аналарының білім беру жүйесі туралы ақпараттың қажеттілігін бағалау бойынша сараптамалық қорытынды жасалды, Қостанай облысының білім беру жүйесі туралы ақпараттың қажеттілігін бағалау бойынша облыстық зерттеу өткізілді.
«Білім беру сапасын басқару», «Білім беру ұйымдарында ОТҮ жағдайын бағалау технологиясы», «Білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктері деңгейін бағалау технологиясы», «Білім беру жүйесінде әлеуметтік зерттеу жүргізудің бағалау технологиясы» тақырыптары бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
Қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығындағы кезеңде «Аудан мен қалалардың білім беру статистикасының деректер базасы» автоматты ақпараттық жүйесі табысты апробациядан өтті және енгізілді.
Облыстық білім қызметкерлері біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты арқылы педагогтарды мониторингтік зерттеулер технологиларына оқыту өткізілді.
Алдағы жылы Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы
қызметінің негізгі бағыттары:
- Облыстың білім беру үрдісіне қатысушыларды ақпараттық технологияларға оқыту.
- Облыстың білім мекемелерінің мұғалімдері мен оқушыларын компьютерлік және Интернет-технологияларға оқыту.
- Компьютерлік технологиялардың кеңістігінде дарынды оқушылармен жұмыс.
- Компьютерлік технологияларды пайдаланудағы озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
- Оқыту үдерісінде компьютерлік және Интернет-технологияларды пайдалану мен ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету бойынша мұғалімдер үшін білімдік семинарлар, шеберлік сыныптар, тренингтер өткізу.
- Интернет-фестиваль, марафондар, конференциялар, қашықтықтан байқаулар өткізу.
- Жаңа буынның білімдік және Интернет-ресурстарын әзірлеу, оларды бағалау және сараптау.
- Облыс педагогтарын білім беру тақырыбы бойынша талдамалық ақпараттармен және жаңалықтармен қамтамасыз ету.
- Облыстық білімдік компьютерлік желіге техникалық және ақпараттық көмек .
- Білімді басқару ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу.
- Компьютерлік технологияларды қолданудағы озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
- Интернет-қызмет көрсету.
- Оқу мекемелерінің Интернет-ресурстарын әзірлеу.
- Интерактивті сабақ.
- Интерактивті сабақты өткізу бойынша модераторларға әдістемелік (қашықтықтан) көмек көрсету.
- Білім басқармасының интерактивті сабақтарын өткізуге техникалық көмек.
- Облыстың білім беру жүйесінің жағдайы туралы біртұтас түсінік беретін статистикалық деректердің негізінде ақпараттық-сараптамалық материалды қалыптастыру.
- Облыстың білім беру жүйесінің жағдайы мен даму динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесін әзірлеу.
- Мәліметтерді жинауды жүзеге асыру, ақпаратты деректер базасына өңдеу, түзету және енгізу.
- Ақпаратқа алғашқы талдау жүргізу.
- Мониторингтік және статистикалық зерттеулерге ақпараттық деректер банкін құруға қамтамасыз ету.
- Облыстық білім беру жүйесін дамуының негізгі үдерістерін айқындау.
- Сараптамалық және анықтамалық материалдарды дайындау.
- Білім беру жүйесінің жағдайы жөніндегі жыл сайынғы облыстық баяндаманы дайындау.
- Әртүрлі пайдаланушы топтарға облыстың білім беруі туралы ақпаратты ұсыну.
ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ОҚЫТУ
Жобалау | Қайта даярлау | Диагностика | |
Міндеттері:
| |||
Анықтау | Қызметін ұйымдастыру | Қадағалау | |
-2012 жылға арналған жұмыс жоспарын жыл бойы | -облыстың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттердің және интерактивтік жабдықтардың жұмыс істеуі мен қолдану жағдайы туралы сұрақты зерделеу жыл бойы Қонқабаев Н.Н. Шаяхметов Б.Қ. Жадько А.А. | -жаңа үлгідегі кабинет жұмыстарының тиімділігін Сараптамалық анықтама | |
-интерактивті сабақтардың техникалық мазмұнын және бағдарламалық жасақтамасын жыл бойы | -интерактивті сабақтарды ұймдастыру жыл бойы Шаяхметов Б.Қ. Дейнега К.В. | -қатысу рейтингін, ресурстардың қажеттілігін талдау арқылы желі жұмысының тиімділігін қараша Шаяхметов Б.Қ. | |
-интерактивтік жабдықтардың техникалық мазмұнын және бағдарламалық жасақтамасын қаңтар | -облыстың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде интерактивтік жабдықтарды қолдануға өзара көмек көрсету жыл бойы орталық қызметкерлері | мұғалімдерге техникалық қолдаудың тиімділігін және сұранысын | |
-семинар бағдарламасын, семинарға қатысушылар құрамын | - «Қостанай облысының білім беру ұйымдарына электронды оқыту жүйесін енгізу» семинары Шаяхметов Б.Қ. ақпан-наурыз Қасқырбаева К.Б. | білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану сапасын наурыз сараптамалық анықтама | |
-компьютерлік жабдықтың техникалық сипаттамасын | - компьютерлік және аудиовизуалдық жүйелерді жеткізу бойынша жұмыстарды, іске асырып-реттейтін жұмыстарды ұйымдастыру жыл бойы Қонқабаев Н.Н. Шаяхметов Б.Қ. | - компьютерлік парк жағдайының мониторингін ай сайын Шаяхметов Б.Қ. Курочкина М.В. | |
-информатиканың мектеп курсының жалпы негізгі тақырыптары бойынша консультациялардың тақырыптары мен мазмұнын, (интерактивтік жабдық) | -компьютерлік техника мен бағдарламалық жасақтама бойынша мұғалімдерге кеңес беру және практикалық көмек көрсету жыл бойы Жадько А.А. | -информатика мұғалімдеріне әдістемелік көмектің тиімділігі мен қажеттілігін | |
- марафон туралы ережені, байқау қатысушылар шеңберін, қазылар алқасын, байқау жеңімпаздарын мадақтау тәсілдерін қаңтар | -«Жыл сайты» облыстық қашықтықтан Интернет – марафон наурыз, мамыр, қыркүйек, қазан Шаяхметов Б.Қ. |
желтоқсан анықтама | |
-фестиваль туралы ереже қаңтар | -оқушылар жобаларының облыстық мультимедиалық фестиваль ақпан-сәуір Қасқырбаева К.Б. | -қатысушылардың зерттеушілік дағдыларының деңгейін, коммуникативтік қасиеттерінің деңгейін, жобалардың сапасын | |
-бағдарламаларды, семинарлардың мазмұнын, қатысушылар құрамын (модераторлар) | -күндізгі оқыту семинарлар, Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерімен жұмыс бойынша жеке және топтық кеңес беру мамыр Шаяхметов Б.Қ. Сақтағанов М.Ж. | | |
ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ | |||
Жобалау | Қайта даярлау | Диагностика | |
Міндеттері:
| |||
Анықтау | Қызметін ұйымдастыру | Қадағалау | |
- ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмді құруды -жұмыстың жаңа түрлерін, байқау қатысушылар шеңберін, қазылар алқасын, байқау жеңімпаздарын мадақтау тәсілдерін қаңтар | - ақпараттық қауіпсіздік саясаты жыл бойы Шаяхметов Б.Қ. Водкин В.Ю. -«Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік пән мұғалімі» өңірлік қашықтықтан және күндізгі байқауының ережесі. Байқау жеңімпаздарының жұмыстарын басып шығару мен тарату қазан-қараша Жадько А.А. | -ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді -білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану сапасын мамыр анықтама Шаяхметов Б.Қ. Қонқабаев Н.Н. | |
-Интернет–мектепте жұмыс істеу үшін пәндер мен педагогтардың құрамын наурыз-мамыр | -мемлекеттік және орыс тілінде оқитын оқушылар үшін облыстық Интернет–мектеп қаңтар-желтоқсан Қасқырбаева К.Б. Әліппаева Г.С. |
жыл бойы Қасқырбаева К.Б | |
-сұрақ-жауап ойыны туралы ережені, сұрақтарын әзірлеу, сайтты қолдау жыл бойы | -«ЭРУДИТ» облыстық қашықтықтан зияткерлік ойыны (ЭОҚЗО) жыл бойы Олейник Г.Н. | -нәтижелер талдауын (сайтта) маусым анықтама | |
- ойын туралы ережені, сұрақтарын әзірлеу, сайтты қолдау | - «ЭРУДИТ» өңірлік зияткерлік ойыны (ЭӨЗО) жыл бойы Олейник Г.Н. |
маусым анықтама | |
-информатиканың мектеп курсы жалпы негізгі тақырыптары бойынша кеңес беру сабақтардың тақырыптарын және мазмұнын -тақырыбын және мазмұнын -ақпаратты қорғау бойынша бағдарламалық құралдарды енгізуді және қолдауды | -облыстың информатика мұғалімдеріне информатика сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемелік сұрақтары бойынша қашықтықтан және күндізгі кеңес беру жыл бойы Олейник Г.Н. Жадько А.А. -Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне көзкөрімдік және техникалық қолдау көрсету тамыз орталық қызметкерлері - серверлерге басшылық ету жыл бойы Водкин В.Ю. | -информатика мұғалімдеріне әдістемелік көмектің тиімділігі мен қажеттілігін нәтижелердің талдауын | |
-өңірдің информатика мұғалімдері үшін өткізілетін курстардың әдістемелік тақырыбын | -информатика мұғалімдері үшін әдістемелік курстар жыл бойы Шаяхметов Б.Қ. Қасқырбаева К.Б. | -курстардың тиімділігін және қажеттілігін (сынақ) | |
-«Эрудит» сайттарының құрылымын және мазмұнын | -«Эрудит» жобаларының сайттарын әзірлеу мен қолдау көрсету жыл бойы Олейник Г.Н. | -сайттардың тиімділігін және қажеттілігін | |
-Білім басқармасы және құрылымдық бөлімшелер сайтының қажетті әрлендірме түрленуін, құрылымын және мазмұнын | -Білім басқармасы және құрылымдық бөлімшелердің сайттарына қолдау көрсету ай сайын Шаяхметов Б.Қ. Дейнега К.В. | -сайттар мониторингін | |
-бағдарламаларды, семинарлардың мазмұнын, қатысушылар құрамын (информатикаға жетекшілік ететін ББ әдіскерлері) -облыс педагогтарының жұмысына озық педагогикалық тәжірибені енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды | -күндізгі оқыту семинарлар, Интернет-ресустармен жұмыс бойынша жеке және топтық кеңес беру: -қашықтықтан оқыту; -мектеп информатикасының тәжірибесі, мәселелері мен даму келешегі; тамыз-қыркүйек Қасқырбаева К.Б. Абдрахманова А.О. Жадько А.А. Әліппаева Г.С. | -семинар мәселесі бойынша педагогтар мен әдіскерлердің жағымды тәжірибелерін және кәсіби қиыншылықтарын | |
-сайттарды түрлендіру, әзірлеу және жасау үшін білім беру мекемелерін | -Қостанай облысының облыстық, жалпы білім беретін мекемелерінің модераторларына сайттарды іске қосу, әрлендірме және толтыру бойынша кеңес беру жыл бойы Сақтағанов М.Ж. Дейнега К.В. | -сайтты қолдауды | |
-білім беру үрдісінде интерактивтік жабдықты қолдану бойынша мұғалімдер қызметі мониторингінің бағытын -тақырыбын және мазмұнын -тақырыбын және мазмұнын -тақырыбын және мазмұнын | -білім беру үрдісінде интерактивтік жабдықты қолдану бойынша мұғалімдер қызметінің мониторингін жыл бойы Жадько А.А. -жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға көзкөрімдік және техникалық қолдау көрсету қаңтар орталық қызметкерлері -«Триумф» жеңімпаздар балына көзкөрімдік және техникалық қолдау көрсету қараша орталық қызметкерлері -жаңа жылдық шыршаға көзкөрімдік және техникалық қолдау көрсету желтоқсан орталық қызметкерлері | -білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың сапасын |