Ылым министрлігі «ТҰран» университеті

Вид материалаДокументы

Содержание


Курс мазмұны
Курс мазмұны
IT – менеджмент
Курс мазмұны
Бағдарламалық жобалар менеджменті негіздері
Курс мазмұны
Ақпараттық жүйелерді басқару
Курс мазмұны
Клиент – серверлік қосымшалар
Курс мазмұны
Бөлінген жүйелер технологиясы
Курс мазмұны
Ақиқат уақыт жүйелері
Подобный материал:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Курс мазмұны


Жазба жанрлардың өзіндік ерекшеліктері. Қарым-қатынас тәсілі ретіндегі іскери құжаттар. Әкімшілік тілдің стильдік белгілері. Құжаттар классификациясы. Деректемелер (реквизит) және формуляр. Коммерциялық құпиясы бар құжаттар. Құрылтайшылық құжаттары. Ұйымдастыру формасын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтайшылық келісімшарты. Ұйымдастыру құжаттары. Басқару құрылымы және құжаттама. Құрылымдық бөлімшелер жөніндегі ережелер. Лауазымдық нұсқаулықтар, қаулылар, шешімдер, хаттамалар. Ақпараттық-анықтамалық құжаттама. Персонал жөніндегі ереже. Штаттық кесте. Өкімдік құжаттар. Нұсқаулар мен өкімдер. Қызметтік хаттар.

Телеграммалар. Баянхаттар. Анықтама және акт. Еңбек қатынастарын құжаттау. Еңбек қатынастарын ресімдеу. Өтініштер, келісімшарттар, түйіндеме. Коммерциялық жазбалар. Жазба жанрлары. Мінездемелер, өмірбаяндар. Коммерциялық хатты құрастыру. құжаттауда компьютерді қолдану.


Құқықтық информатикаға кіріспе

2 курс, 4 семестр


Пән коды

БД VPI20411

Жалпы сыйымдылығы

1 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

15 с.

Мақсаты

Құқықтық информатиканың, жүйелік талдаудың, құқықтық жүйелерді ақпараттандырудың, құқықтық ақпараттық-анықтамалық жүйенің, ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын, жаһандану мен ақпараттандыру, ақпараттық қоғам құру, "электронды үкімет" қалыптастыру проблемаларын, электронды бизнес, интернет және мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі ұғымдары мен фактілерін меңгеру.


Алдыңғы деректемелер


Информатика

Кейінгі деректемелер


Бағдарламамен қамтамасыз ету технологиялары

Тьюторлар

т. ғ. к., доц. Ожикенов К.А.

аға оқытушы. Утегенова А.У.

Кафедра

«Бағдарламалық инженерия және радиотехника, электроника, телекоммуникациялар»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (р1), емтихан (тестілеу)

Күтілетін нәтижелер

Құқықтық информатика саласы бойынша алынған білімдерін кәсіби қызметтің түрлі IT-салаларында іс жүзінде қолдана білу дағдылары.



Курс мазмұны


Құқықтық информатика пәні мен тарихы. Құқықтық информатиканың негізгі қасиеттері. Ақпараттық құқық. Жүйе және ақпарат. Жүйе және басқару. Қоғамды және құқықтық жүйелерді ақпараттандыру. Ақпараттық қауіпсіздік. Компьютерлік қауіпсіздік. Құқықтық жүйелердегі базалық ақпараттық технологиялар. Ақпараттық қоғам және ақпараттық нарық. Жаһандану мен ақпараттандыру. Компьютерлік желілер мен Интернеттегі құқықтық аспектілер. Құқықтық жүйелердегі модельдеумен шешімдер қабылдау.


IT – менеджмент

3 курс, 5 семестр


Пән коды

ПД ITM30501

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін қолдану, жобалау және зерттеу барысында жобалау менеджменті теориясы мен әдістерін меңгеру.

Алдыңғы деректемелер

Ақпараттық жүйелерді басқару,

Бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиясы

Кейінгі деректемелер

Кәсіби бағдарламалау

Тьюторлар

т.ғ.к., доц. Савельева Е.А.,

т.ғ.к., доц. Ожикенов К.А.


Кафедра

«Электроника және телекоммуникация, радиотехника және бағдарламалық инженерия»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңес

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1,б2), емтихан (тестілеу түрінде)

Күтілетін нәтижелер

Жобалау менеджментінің негізгі міндеттерін орындауға қатысты заманауи ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану біліктері мен дағдылары; жоба мақсатын анықтау және оны жүргізуді негіздеу; жоба құрылымын айқындау; қаржыландыру көлемі мен қажетті көздерін анықтау;

Орындаушыларды іріктеу; келісімшарт дайындау және жасасу; жобаны орындау мерзімін анықтау және оны жүзеге асыру кестесін құру; қажетті ресурстарды есептеу; жоба бюджеті мен сметасын есептеу; ықтимал қауіптерді жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысын қадағалауды қамтамасыз ету т.б.


Курс мазмұны

Жобалау және зерттеу кезіндегі жоба менеджментінің әдістері мен теориясы, ақпаратты өңдеу компьютерлік жүйелерін қолдану және қазіргі заман бағдарламалық қамтамасын қолдана отырып басқару. Жоба менеджментіне кіріспе. Жоба классификациясы. Жобаның өмірлік циклі. Жоба үрдістері. Жобаға қатысушылар. Жобаны жоспарлау кезеңдері. Автоматтандырылған жобаны басқару жүйелері. Құрылымдық жұмыс декомпозициясы. Желілік басқару және жоспарлау әдістері. Жобаның желілік моделі және оны құру ережелері. Қауіпті жол әдісінің көмегімен жобаны басқару. Күнтізбелік ресурстарды жоспарлау. Күнтізбелік ресурстарды жоспарлау кезінде бағалық факторларды және анықталмағандықты есептеу. Жоба тәуекелін басқару. Жобаның таратылуын басқару.


Бағдарламалық жобалар менеджменті негіздері

3 курс, 5 семестр


Пән коды

ПД OMPP30501

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Үйренушіге бағдарламалық жобалар менеджменті негіздерін меңгерту, бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы саласында бағдар беру.

Алдыңғы деректемелер


Ақпараттық жүйелерді басқару

Бағдарламамен қамтамасыз ету технологиялары

Кейінгі деректемелер

Кәсіби бағдарламалау

Тьюторлар

т. ғ. к., доц. Савельева Е.А.,

т. ғ. к., доц. Ожикенов К.А.

Кафедра

«Бағдарламалық инженерия және радиотехника, электроника, телекоммуникациялар»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1, б2), емтихан (тестілеу)

Күтілетін нәтижелер

Жобалау менеджментінің негізгі міндеттерін орындауға қатысты заманауи ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану біліктері мен дағдылары; жоба мақсатын анықтау және оны жүргізуді негіздеу; жоба құрылымын айқындау; қаржыландыру көлемі мен қажетті көздерін анықтау;

Орындаушыларды іріктеу; келісімшарт дайындау және жасасу; жобаны орындау мерзімін анықтау және оны жүзеге асыру кестесін құру; қажетті ресурстарды есептеу; жоба бюджеті мен сметасын есептеу; ықтимал қауіптерді жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысын қадағалауды қамтамасыз ету т.б.


Курс мазмұны


Бағдарламалық өнімдерді дайындаудағы менеджмент. Дайындаушылар ұжымындағы функционалды рольдер. Бағдарламалық жоба қызметі жүйелерін құру принциптері. Әдіснамалық стратегиялар. Жобаның концептуалды базасы оны дамытудың негізі ретінде. Жобаны орындау мерзімін анықтау және оны жүзеге асыру кестесін құру. Қажетті ресурстарды есептеу; жоба бюджеті мен сметасын есептеу; ықтимал қауіптерді жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысын қадағалауды қамтамасыз ету. Жобаның концептуалды базасы: тәуекел мен сапаны басқару, байланыстарды қадағалау. Жоба дамуын жоспарлау және бақылау. Жобаны басқару мақсаты. Бағдарламашының жобалық қызметінің нәтижелілігі.

Ақпараттық жүйелерді басқару

3 курс, 5 семестр


Пән коды

ПД UIS30501

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Ақпараттық сервис ұғымына негізделетін кәсіпорынның ИТ-инфрақұрылымын басқару негіздерін, ақпараттық жүйелерді басқару теориясы мен әдістерін меңгеру.



Алдыңғы деректемелер


Ақпараттық жүйелерді басқару;

Бағдарламамен қамтамасыз ету технологиялары

Кейінгі деректемелер


Кәсіби бағдарламалау

Тьюторлар

т. ғ. к., доц. Савельева Е.А.,

т. ғ. к., доц. Ожикенов К.А.

Кафедра

«Бағдарламалық инженерия және радиотехника, электроника, телекоммуникациялар»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1, б2), емтихан (тестілеу)

Күтілетін нәтижелер

Ақпараттық жүйелерді басқару модельдері, ITIL кітапханасы, Hewlett-Packard компаниясының ITSM RM модельді процессорлары, Microsoft компаниясының MOF моделі жөніндегі білімдерін іс жүзінде қолдану дағдылары; Ақпараттық жүйелерді жобалау мен пайдалану әдіснамасын, Microsoft-тың тиімді де оңтайлы ИТ-инфрақұрылымдар құру жөніндегі шешімдерін меңгеру.




Курс мазмұны


Ақпараттық сервис ұғымына негізделетін кәсіпорынның ИТ-инфрақұрылымын басқару негіздері. Ақпараттық жүйелерді басқару моделі (ITSM). ITIL кітапханасы. Процестер моделі. Кәсіпорын IT–инфрақұрылымының жетілу деңгейі. Ақпараттық жүйелерді жобалау мен пайдаланудағы Microsoft әдіснамасы.

Microsoft-тың тиімді де оңтайлы ИТ-инфрақұрылымдар құру жөніндегі шешімдері. IT – инфрақұрылымды басқарудың базалық платформалары нарығын талдау (OpenView, Tivoli Enterprise, System Center, System management Server 2003 өнімдері т.б.) .


Клиент – серверлік қосымшалар

3 курс, 6 семестр


Пән коды

ПД KSP30602

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

MS SQL Server ортасында деректер қорын дайындау технологияларын меңгеру, клиенттік қосымшаларды жасау, C++Builder ортасында деректер қорымен жұмыс істеудің тәсілдері мен негізгі компоненттерін меңгеру.

Алдыңғы деректемелер


Офистік бағдарламалау,

компоненттік технологиялар негізі,

деректер қорының технологиясы.

Кейінгі деректемелер

Бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиясы, жасанды интеллектілік жүйелер.

Тьюторлар

т.ғ.д., проф. Шмыгалева Т.А.,

аға оқытушы Тойбаева Ш.Д.

Кафедра

«Электроника және телекоммуникация, радиотехника және бағдарламалық инженерия»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңес

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1,б2), емтихан (тестілеу түрінде)

Күтілетін нәтижелер

Бұрын алынған білімдерін MS SQL Server ортасында деректер қорын дайындау барысында қолдану біліктері мен дағдылары; клиенттік қосымшаларды жасау, деректер қорына қол жеткізу технологияларын, C++Builder ортасында деректер қорымен жұмыс істеудің тәсілдерін – деректер қоры нысандарын жасаудан бастап күрделі сұрауларды құрастыруға дейін – меңгеру, түсініктерді, сақталушы процедураларды, триггерлерді, сценарийлер мен пакеттерді жасау.


Курс мазмұны


Таратылған және параллель жүйелер. Таратылған деректердің құрылымдық және құрылымдық емес ресурстары. Біріккен моделдер шеңберінде жеке моделдердің әрекеттесуі. Ақпараттық іздеу және іздеу мәшинелері үшін индекстеу механизмдерін құру. Мобильді мультимедиамен қамтамасыздандыру. Мультиагенттік интеллектуалды жүйелерді құру. Grid computing – супержеліде ақпаратты өңдеу (Грид архитектурасы). Қолданбалы бағдарламалық қамтамадағы мобильдікті жоғарылату есептері. Қосымша ортасының стандартизациясы: берілген бағдарламалық интерфейстер, утилиттер және т.б. нақты уақыт жүйесінің классификациясы және кірістірілген жүйелер. Минималды, басқарылған және арнайы нақты уақыт жүйелеріне арналған профиль. Құрылғыны басқару интерфейсіне арналған стандарт.


Бөлінген жүйелер технологиясы

3 курс, 6 семестр


Пән коды

ПД TRS30602

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерге бөлінген міндеттерді қою, ұйымдық ақпараттық жүйе саласындағы, имитациялық модель, деректер қоры саласындағы, бөлінген есептерді шығаруға қатысты бөлінген алгоритмдерді қолдану дағдыларын меңгерту.


Алдыңғы деректемелер


Офистік бағдарламалау

Компоненттік технологиялар негіздері

Деректер қоры технологиясы

Кейінгі деректемелер


Бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау технологиясы

Жасанды интеллектілік жүйелер

Тьюторлар

т.ғ.д. проф. Шмыгалева Т.А.,

аға оқытушы. Тойбаева Ш.Д.

Кафедра

«Бағдарламалық инженерия және радиотехника, электроника, телекоммуникациялар»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер. Зертханалық жұмыстар. Кеңестер. СӨЖ. СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1, б2), емтихан (тестілеу)

Күтілетін нәтижелер

Бұрын алынған білімдерін таратылған және параллель жүйелерді жобалау барысында қолдана білу дағдысы. Грид инфрақұрылымының перспективті технологияларының бірі ретінде компоненттік технологияны қолдану.



Курс мазмұны


Таратылған және параллель жүйелер. Бөлінген деректердің құрылымданған және құрылымданбаған ресурстары. Біріккен модельдер шеңберінде жеке моделдердің өзара әрекеттесуі. Ақпараттық іздестіру және іздестіру машиналарына арналған индекстеу тетіктерін жасау. Мобильді мультимедианы қамтамасыз ету.

Мультиагенттік интеллектуалды жүйелерді құру. Деректердің терабайттық және пентабайттық массивтерін сақтау. Grid computing –ақпаратты супержелілерде өңдеу (Грид архитектурасы). Қолданушылар профильдеріндегі Грид қосымшалар типтері. Грид инфрақұрылымының перспективті технологияларының бірі ретіндегі компоненттік технология. Компоненттерді статикалық интеграциялау теориясы мен практикасы, оларды қайта қолдану, компоненттер композицияларын динамикалық құру, компоненттердің өзара әрекеттестігі кезіндегі үйлестіру.

Конфигурациялау және динамикалық реконфигурация құралдары. Заманауи есептеуіш кешендердің кластерлік сызбасы. Мобильді компьютинг. Р2Р технологиясы ( peer – to - peer).

Ақиқат уақыт жүйелері

3 курс, 6 семестр


Пән коды

ПД SRV30602

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде аудиториялық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Ақиқат уақыт жүйелері, ақиқат уақыт жүйелерін жасау, ақиқат уақыт жүйелерінің өзге клиент–серверлік қосымшалармен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері.



Алдыңғы деректемелер


Офистік бағдарламалау

Компоненттік технологиялар негіздері

Деректер қоры технологиялары

Кейінгі деректемелер


Бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау технологиялары

Жасанды интеллект жүйелері

Тьюторлар

т.ғ.д. проф. Шмыгалева Т.А.,

аға оқытушы Тойбаева Ш.Д.

Кафедра

«Бағдарламалық инженерия және радиотехника, электроника, телекоммуникациялар»

Байланыстар

Тел. 2646395, act_piret@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


Оқу материалдарын қайталау, өзін-өзі тестілеу, бақылау жұмысына дайындық, реферат жазу

Бақылау түрлері

Аралық бақылау (б1, б2), емтихан (тестілеу)

Күтілетін нәтижелер

Алынған білімдерін ақиқат уақыттың мамандандырылған жүйелерін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету мобильділігін арттыру үшін іс жүзінде қолдана білу.