Мониторинг печатных сми за период июль 2009г
Вид материала | Документы |
- Исследование требований работодателей к специалистам-менеджерам на рынке труда г. Челябинска, 187.97kb.
- Вопросы к зачету по итогам 1 семестра по учебному курсу «Подготовка, моделирование, 405.57kb.
- Мониторинг сми июль 2009 года, 1897.31kb.
- Мониторинг сообщений сми об Общественной палате РФ за июль 2011 года, 5260.64kb.
- Российские сми о мчс мониторинг за 11 Июль 2012, 2309.37kb.
- Российские сми о мчс мониторинг за 9 Июль 2012, 1329.77kb.
- Готовит мониторинг новостей, публикуемых в Интернет-сми, сообщений в блогосфере, 168.85kb.
- Название услуги, 49.73kb.
- Еженедельный мониторинг сми иркутская область 14 18 декабря 2009г, 1010.99kb.
- Отчёт о научно-исследовательской работе проведение международного мониторинга отраслевых, 844.65kb.
«Заң жобасы жемқорларды қолдай ма?!.». «Шымкенттегі қоғамдық ұйым басшылары қала әкіміне сын айтқаны үшін сотқа шақырылды». «Арман қалаға” шақырамыз тағы бiр телехикаяның тұсауы кесiлдi»ALASHAINASY.KZ. “ссылка скрыта”. “Дәл осы сұрақ менің көкейімде биыл жазда Сарыағашқа демалуға барғанда туды. Өзбекстанмен шекаралас орналасқан осы бір қалада теледидарды қоса қалсаңыз, Қазақстан арналарынан гөрі, Өзбекстан арналарын көбірек көрсетеді. Өзіңді құдды бір Ташкентте, болмаса Самарқандта отырғандай сезінесің. Ал біздің еліміздің “Хабар”, “Қазақстан”, “Еларна” арналары бір үйде көрсетсе, келесі үйден таппай әуре боласыз. “КТК”, “31- арна” секілді жекеменшік арналарды тіпті де көрмейсіз. Теледидардан бұл арналарды тапқан күнде де быжырлап жөнді көрсетпейтінін қайтерсің?! Ал Uzbekiston, Toshkent деп аталатын өзбек ағайындардың бірнеше арналары анық, таза көрсеткені былай тұрсын, күні бойы өзбекше сайрағанда, құлағыңның өзбекшеге қалай үйренгенін байқамай да қаласың. Оған қоса бір таңғаларлығы, Өзбекстанның музыкалық телеарналарында өзге елдің бейнебаяндары мен әуендерін емге де таппайсыз. Тек өзбекше әндер, өзбекше мультфильмдер, өзбекше телехикаялар… Осылайша, өзбек ағайындар өз ұлтының рухани сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Сарыағаштағы туысқандарым да отандық арналардан гөрі, өзбек арналарын жиі қояды. “Неге өзбектердің арнасын жиі қоясыздар?” – дегеніме: “Өзбектердің фильмдері қызық”, – деп жауап берді. Иә, еліміздің өзге өңірлеріндегі қандастарымыз теледидардан күндіз орысша, ал түнде қазақша көріп, қалайша орыстанып бара жатқанын білмей жатса, сарыағаштықтар өздерінің тілі мен психологиясының өзбекшеленіп бара жатқанын ішінара мойындайды да”. “Ал бұл дегеніңіз түптің-түбінде ұлттық қауіпсіздікке селкеу түсіретін құбылыс болуы да ғажап емес”, - деп қорытты Айдос СӘДУАҚАСОВ. (Мақаланың толық нұсқасын газеттен оқуыңызға болады). “ссылка скрыта”. “Кеңес заманында қазақтың тағдырлы да тамырлы тарихы тұмшаланып, ұлтымызға қатысты көптеген құндылықтар көмескіленіп кетті. ...Елді ояту үшін еңсе көтеріп, не болса да қазаққа болсын деп, ағартушылық салаға ден қойған Алаш арыстарының да басты мақсаты ұлтты көтеру болды. Ол үшін ең алдымен қазақ өзін тануы қажет болды. ...Соңғы уақыттарда ғылыми ортада “ұлттық университеттерде “қазақтану” факультетін, я болмаса кафедра, курстар ашу керек” деген пікірлер айтылуда. Бұған кім не дейді?”. Айгүл ІСМАҚОВА, алаштанушы, филология ғылымының докторы, профессор: “- Иә. Әрине, өзгені білу үшін ең алдымен өзіңді танып-білуің қажет. Бірақ бізде бұл жағы дұрыс жолға қойылмаған. “Қазақ” деген сөздің өзін айтқызбауға тырысқан кеңес өкіметі келмеске кетті. ...“Алаш” деген – “қазақ” деген сөздің көне атауы, бұл екі сөздің мағынасы да бір. Сондықтан да қазақтану бола ма, алаштану бола ма, әйтеуір, ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихы мен тілін тереңдетіп оқытатын өз алдына жеке-дара бір факультет ашатын кезең әлдеқашан жеткен. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де “қытайтану”, “жапонтану” немесе жалпы “шығыстану” деген факультеттер бар. Осылайша, біз өзгелерді тану кеңістігін ұлғайтып, өзімізге келгенде, тосылып қала береміз. Мысалы, Литваның ұлттық университеттеріндегі “литванистика” деген факультеттерде өздерінің ұлттық құндылықтары, тарихы мен мәдениеті оқытылады”. Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,> ҚазҰУ-дың филология факультетінің деканы, профессор: “- Жоқ. Біз, бірінші, ұлттық университеттерде қазақтану факультетін ашуға зәруміз бе – алдымен осыны таразыға салу қажет. Қазақтанушы немесе алаштанушы деген ресми мамандық жоқ. Мамандық жоқ жерде пән де болмайды. Мұндай арнайы пән енгізіп, факультет ашпас бұрын алдымен осы төңіректің бәрін қамтитын үлкен кешенді жоба, жоспар, бағдарлама дайындалуы керек. Бұған әсіресе тарихшы ғалымдар атсалысып, жұмылуға тиіс болады. “Мемлекеттік білім беру стандарты” деген бар. Осыған да сай болуы міндет. Қазақтануға өзінше факультет ашу арқылы біз ұлттық тарихымыз бен рухани мұрамыздың насихатталып, оқытылу аясын тарылтып аламыз. Біздің бұдан ұтарымыз шамалы. Қазақты жалған патриотизм жарға жығады. Одан да қазаққа қатысты қолда бар құнды дүниелердің бәрін барынша әр жерде, әр факультетте, әрбір оқу орнында тереңдетіп, бүгінгі ұрпаққа төкпей-шашпай жеткізуіміз міндетті”. Әзірлеген Алмат ИСӘДІЛ. (Мақаланың толық нұсқасын газеттен оқуыңызға болады). TURKYSTAN.KZ. “ссылка скрыта”. “Тексеруден көз ашпайтын отандық шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерi алдағы бiр жарым жыл iшiнде қабылдануы тиiс заң жобасына да күдiкпен қарайды. Өйткенi, аталған құжатта тексерушi органдардың жемқорлыққа жол беруiне жағдай жасайтын баптар бар көрiнедi”... “Шағын және орта кәсiпкерлiктi тексеруге қатысты туындаған пiкiрталастар мен дау толас табар емес. Бұған дейiн дөңгелек үстелдер басында кеңесiп, билiкке бiрнеше ұсыныс жолдаған отандық, шетелдiк iрi, шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерi бизнестi тексеру мәселесiнде тиiстi органдар тарапынан жеке бастың қамын күйттейтiн заң бұзушылықтар мен тiптi, кейде қоқан-лоққы жасауға дейiн баратынын айтып, шағымданған... Алматылық кәсiпкерлер ассоциациясының жетекшiсi Виктор ЯМБАЕВ дайындалып жатқан жаңа заң жобасында тексеруге қатысты жемқорлыққа жол беретiн екi тармақ барын көлденең тартты: “Тәуекелдiктi басқару жүйесi мен тексеру қағаздары жемқорлыққа жол беретiн екi саңылау болып табылады”. Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық станса бастапқыда кәсiпкерлiктiң барлық түрiн қауiп-қатер деңгейi өте жоғары топқа жатқызып, кейiнiрек көңiлден шыққандарын қатерi төмен топтағылар тiзiмiне қосуға ұсыныс бiлдiрiп отыр. ....Ал тексеру қағаздарына келсек, бұл тексеру органдары тарапынан жекелеген кәсiпкерлерге қойылатын талаптар тiзiмi. Отандық кәсiпкерлер қойылатын талаптар арасында орындалуы қиын немесе мүлде орындалмайтын ережелер қарастырылуы мүмкiн деп күдiктенедi. Тағы бiр мәселе, сертификат алуға қатысты талаптар мен рұхсатнамалардың көптiгi де қазақстандық кәсiпкерлерге келетiн кедергi болмақ. Кезек күтiп, есiк тоздыратын шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерiнiң қазiр де шекелерi шылқып жүргенi шамалы ғой. Осы орайда, кәсiпкерлiк туралы заңды жетiлдiруге, кедергi мен кесiр тигiзетiн кейбiр баптардан мүлде арылуға мүдделi кәсiпкерлер қауымы билiкке айтар ұсыныстарын тынымсыз жолдауға бел буып отыр. Президент Н.НАЗАРБАЕВ 3 жыл бұрын (тексеруге мораторий жарияланбай тұрып) шағын және орта кәсiпкерлiктi тексеретiн мемлекеттiк органдар санын шектеуге бұйрық берген едi. Арада айлар өткенде тексеру органдарының саны кемудiң орнына артқан болатын. Сонда дабыл қаққан халық қалаулылары тексеру органдарының атына бiраз сын айтумен шектелдi. Ал “баяғы жартас — сол жартас”...Кәсiпкер ағайындардың қазiр үмiт артып отырағаны: алдағы 1,5 жыл iшiнде барлық бiрiн бiрi қайталайтын ескiрген заңнамалық құжаттардан арылу жұмыстары жүргiзiледi. ҚР “Заңдар туралы” заңның 5-бабына сәйкес, мемлекеттегi кез келген iшкi ведомстволық бұйрық заң шеңберiнде жүзеге асырылуы тиiс. ... “Жығылғанға жұдырық” бiр жарым жылдық мораторийдi пайдаланған кейбiр кәсiпкер салықтан жалтарып келiптi. Тексерушi мекемелер мұны да ұсыныс айтушылардың бетiне салық қылуда. Бiрақ салықты уақытылы төлеуге уәде берген бизнесмендер мораторий мерзiмiн ұзарту мәселесiн бәрiбiр көтеруде”. “Атамекен” Одағы” Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев ҚР Президентi Н.Назарбаевтың Үкiметке арнайы нұсқау бергенiне қарамастан, қазақстандық жекеменшiк бизнестi тексеруге қатысты баптарды жүйелейтiн жаңа заңда жемқорлыққа балта шабатын баптарды қарастыру назардан тыс қалып отырғанын көлденең тартады. Ал он жыл бойы кәсiпкер ағайынның шашын ағартумен келе жатқан бизнестi тексеру проблемасы шешiмiн табар емес. Бұл – шағын және орта кәсiпкерлiкке ғана емес, мемлекеттiк тұтастыққа, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатер. Өйткенi, қоғамның тiрегi шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерiнен құралатын орташа топ екендiгi айтпаса да түсiнiктi”-, деп тұжырымдайды Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ. Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ “ссылка скрыта” деген мақаласында қазақ кинотуындыларына назар аударады: “Қазақ көрермендерi тағы да бiр әдемi, көркем дүниемен кездесетiн секiлдi. Тағы да дейтiнiмiздiң өзiндiк себебi бар. Соңғы жылдары, жеке шығармашылық одақтар болса да, көрермендер сүйсiне әңгiме ететiндей, елдi селт еткiзер кинотуындылар санаулы болса да жаңа қырымен, жаңашылдығымен елең еткiзгенi анық”. “Әсiресе, қала көрермендерiн апта бойы көгiлдiр жәшiкке телмiртiп, жан дүниесiн қозғаған дүниенiң бiрi – “Ағайындылар” болды. Ондағы сайдың тасындай iрiктелген актерлердi былай қойғанда, кейiпкерлердiң бiр-бiрiне бауырмалдығы, мейiрiмдiлiгi соншалықты шынайы берiлгенi сондай, шын мәнiндегi ағайындылар екен деп қаласың. Ата-анаға деген перзенттiк махаббат үш ұлдың бойына бiр тазалықты үйiрiп, ал сол ата-анадан көрген тәлiм-тәрбие төңiрегiндегiлерге де оттай ыстық көңiл-пейiлдерiнен көрiнiп тұратын ағайынды үш жiгiттiң көршi, дос-жолдасқа деген ұлы махаббаттарына сүйсiнесiң. Кинолентаның өз басыма әсерi тiптi ерекше болды. Бұл фильм жайлы үлкен әңгiме алдағы күндердiң еншiсiнде. Олай болса, тағы да деуiмiздiң жөнiне көшейiк. Қалалықтарды “Арман қалаға” шақырамыз дегендi естiгенде елең еткенiмiз де сондықтан. Кеше “АLDONGAR Productions/Kazakstan/” кинокомпаниясы “Нұр-Медиа” және “Қазақфильммен” бiрiгiп түсiрiлiп жатқан кинолентаның тұсауын кестi. 12 сериядан тұратын бұл фильм 37-40 минут көрсетiлiммен алдағы қараша айында толық аяқталады екен. Жобаның жетекшiлерi Ермек АМАНШАЕВ, Арманжан БАЙТАСОВ, Алия УВАЛЖАНОВА, Борис ЧЕРДАБАЕВтармен бiрге Ресей мен Украина елдерiнiң телесериалдарын өндiру технологияcының тәжiрибесi зерттелiп, Оңтүстiк Корея, Қытай және Қазақстан продюсер-кеңесшiлердiң пiкiрлерi басшылыққа алынған телесериалға елiмiздiң белгiлi-танымал актерлерi қатысады екен. Сондай-ақ, жобаның кеңесшiлерi – ҚР Денсаулық министрлiгi, Астана мен Алматы қалаларының учаскелiк дәрiгерлерi, заңгерлер, қаржыгерлер мен бизнесмендер, “Даму” қорымен бiрге шығармашылық топтар, жалпы айтқанда түсiрiлiмге қатысқандардың пiкiрлерi назарда ұсталынған. Негiзгi мақсат – қазақ халқының болмысын, мәдениетiн, әдет-ғұрпын сақтау арқылы отандық киносериал жанрын жандандыру.“АLDONGAR Productions/Kazakstan/” “ бұдан бұрын да “Сталинге сыйлық”, “Александр-Невская битва”, “Лики Евразии” киножобаларымен жақсы танымал.Сценарий авторлары – Алия Увалжанова, Газиз НАСЫРОВ, Александр КАН, Люция ИРЖАНОВАлар, қоюшы режиссер Эрнест АБДЫЖАПАРОВ, режиссерлер Галина ЕФИМОВА, Айбек ДАИРБЕКОВ, қоюшы суретшi Шарип ЖАЙЛОБАЕВ, операторлары Талғат ТАЙШАНОВ, Әубәкiр СУЛЕЕВтер, ал атқарушы продюсер Гүлмира АПРЫМОВА болса, сериалдағы әуездi әуендi халыққа жеткiзушi сүйкiмдi әншiмiз Батырхан ШҮКЕНОВ. Мелодрама жанрындағы түсiрiлiмде оқиға керемет әрi дәрiгер келiншектiң (Венера НИГМАТУЛЛИНА) төңiрегiнде өрбидi де, әр серия сайын сюжетте жаңа проблемалар туындап, сол арқылы келесi серияның тақырыпшалары шығып отырады”. “– Қазақстандықтар бұдан бұрын “Тоғысқан тағдырлар”, “Шегiртке” сериалдарымен жақсы таныс. Теледидардан көргенiмде, шын мәнiнде, қатты қызығып көрдiм. Ұнады. Сол кезде iштей “келесi бiр түсiрiлiмге қатыссам” деген үмiт те оянған-ды. Сондықтан қуана келiстiм, оның үстiне өз кейiпкерiм қатты әсер еттi. Халыққа өте жақындығымен, әрбiр отбасындағы қилы тағдырлар, адамдардың әңгiмелесу мәдениетi, тiптi диалогтары жаныңа жақын. Тәрбиелiк мәнi өте жоғары”,– дейдi Қазақстанның Халық артiсi Меруерт ӨТЕКЕШОВА. “– Оның үстiне талғамы, танымы бөлек Асанәлi аға ӘШIМОВ,Венера НИГМАТУЛЛИНА, Владимир ТОЛОКОННИКОВ, Лидия КАДЕНОВА секiлдi актерлермен қоса, театрдың жас актерлерi бар, жалпы шығармашылық топ өте жақсы iрiктелген. Елдiң көңiлiнен шығады ғой деп ойлаймын.“Отандық телесериалдардың болашағы бар ма” деген сұрақ әлемкино өнерiнiң саңлағы, атақты Асанәлi аға Әшiмовтың жанды жерiне тиiп кетсе керек, жан-жағына таңырқай қарады”. “– Айналайын-ау, қазақ өнерiнiң, қазақ мәдениетiнiң болашағы болмаса, елiмiздiң де болашағы жоқ деген сөз емес пе? Әрине, сол үшiн еңбектенiп жүргенiмiз жоқ па? – деп журналистерге бiр түрлi қараған актерден “Арман қала” туралы пiкiрiн сұрадық.– Фильм туралы пәлендей ештеңе айта алмаймын. “Арман қала” дегеннен кейiн Астана туралы бiр-екi ауыз сөз айту мiндетiмiз, жақсы қалаға жақсы қаланың жақсы адамдары туралы болып жатқаннан кейiн, үндемей қала алмаймыз ғой. Ең бастысы, шығармашылық топ ұнады. Өте жоғары дәрежелi бiлiктi топ, содан кейiн келiстiм. Халықаралық кинофестивальдарға қатысып, жүлделi орындар алып жүрген, шығармашылығын өз басым қатты бағалайтын Эрнест деген азамат, соған сенгендiктен ғана келiстiм. Түсiп жатырмыз. Көркемфильмдерге үйренген көрермендерге қысқа мелодрамалық осындай телесериялдар да қажет. ...Республика көрермендерi “Арман қаламен” осы жылдың қараша айында жүздесетiн болады”. AZATTYQ.ORG. “ссылка скрыта”. “Қала басшысы Арман ЖЕТПІСБАЕВ жергілікті газеттерде ОҚО әкіміне үндеу жариялаған қоғамдық ұйым жетекшілерін сотқа берді. Әкім оларды өзіне "жала жауып, күйе жақты" дейді, ал үндеу ауторлары шындыққа сәйкес келетін деректерді ғана жазғандарын айтады”. “... Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев өзінің ар-намысын қорғау мақсатында тамыздың 11-і күні Әл-Фараби аудандық сотына шағымданған. Шенеунік Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер Кодексінің 129-бабының 2, 3-тармақтарына (БАҚ арқылы жала жабу және ауыр және аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмысқа қатысы бар делінген тұлға ретінде жала жабу) сүйене отырып, қоғамдық ұйым өкілдерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде. Заң бойынша мұндай қылмысы үшін айыпталушы 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айыпталушылар, яғни, үндеу ауторлары “Қазақ хандығы” қоғамдық бірлестігінің президенті Камалидин ДУЛАТОВ, “Қарулас-Ауғанстан” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есебалы ӘЛИЕВ және Республикалық “Халық дабылы” қоғамдық қозғалысының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қуат САДРИДДИН. Үндеуде “Қала әкімі Адырбеков көшесі дайын деп алдап, елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ іс-сапармен келгенде оған осы көшенің лентасын қидырды. Расында бітпеген көше бүгінде жанталасып асығыстықпен жасалуда. Былтырғы салынған жолға биыл да ысырап боп жатқан ақшаның сұрауы кімде? Абай атындағы саябақта әлемдік стандартқа сай теннис кортын саламыз дедік. Тендер әлі өткен жоқ. Ал әлдекімнің туысы ондаған техника, жүздеген жұмысшысын әкеп, саябақтың талдарын тамырымен қопарып жатты. Әлі өтпеген тендерде өзінің жеңіп шығатынын ол қайдан біліпті? Бұл не деген тас сенім, әлде сыбайластардың құпия келісімі ме? Бүгінгі күні онда тал да жоқ, корт та жоқ. Ақша да жоқ” делінген. Осыған орай сотқа жолдаған арызында қала әкімі Арман Жетпісбаев бұл мәліметтер шындыққа сай емес деген. Ол “Рейтинг” және “Замана” газеттерінде жарық көрген үндеудер ел арасында өзі туралы теріс пікір тудырады деп күдіктенеді”. - Менің өтетін тендерге қатысым жоқ. Адырбеков көшесінің құрылысы 2007 жылы басталған. Ол кезде мен әлі әкім болып тағайындалмағанмын. Аталған көшенің құрылысына менің қатысым жоқ. Мен тендер комиссиясына арласпаймын,- дейді Шымкент қаласнының әкімі, арызданушы Арман Жетпісбаев. “- Менің екі жоғары білімім бар. Мен бірнеше лауазымды қызметтерді атқарғанмын. Бірнеше сертификаттарым бар. Өтетін тендерге менің еш қатысым жоқ және менің туыстарым тендерге қатыспаған. Үндеу ауторлары мен туралы ар-намысыма, қадір-қасиетіме нұқсан келтіретін, беделімді түсіретін, көпшілік алдында БАҚ-да сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптаумен ұштасқан жалған мәлімет таратқан. Мен бір қаланың басшысымын. ...Менің жора-жолдастарым, туыстарым бар. Олардың арасында мен туралы теріс, жаман пікір тузығады”,- деп түсіндіреді өз арызында қала әкімі Арман Жетпісбаев. Мақаланың авторы Мира МҮСІЛІМ. ABAI.KZ. “ссылка скрыта”. Сауалнаманы жүргізген Сәкен КӨКЕНОВ. Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты: “- Меніңше, Парламентті қайта сайлауға ешқандай да қажеттілік жоқ. Қазір біздің елімізге ғана емес, барлық мемлекеттерге сын сағаты туып отыр. Әлем экономикасы шайқалып жатыр. Соның ішінде біздің де еліміз осы экономикалық шиеленістен шығудың жолдарын қарастыруда. Осындай қиын сәттерде сайлау өткіземіз деп, жөні жоқ шабылудың ешбір қажеттілігі жоқ. ...Ендеше, заңды жолмен сайланған Парламентті себепсіз қайта сайлап жатудың қажеттілігі жоқ. Бұл депутаттардың артында қаншама халық тұр. Сол халықты тағы бір алаңдатып, саяси науқан жүргізгеннен елімізде бәлендей бір артықшылыққа кенелер болса бір сәрі. VI сайланымның депутаттары осы уақытқа дейін өте күрделі заңдарды қабылдады. Қысқасы, өз қызметін тиісінше атқаруда. Оның үстіне, қаржы дағдарысы туындап жатқанда бекерден-бекер қаржы шығындап жатудың да қажеттілігін көріп отырған жоқпын”. Андрей ЧЕБОТАРЕВ, “Альтернатива” саяси зерттеу орталығының директоры: “- Бұл тақырыпқа болжам айту өте қиын. “Сайлау туралы” Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін биыл да күзде Парламент қайта сайланады деген пікір жиі айтылып жүрді. Оның үстіне, ЕҚЫҰ тарапынан да біздің қазіргі жағдайымыздың демократиялық стандарттарға сай келмейтін тұстары көп сыналды. Расында да, Парламент өкілдерінің бір ғана партиядан құралғаны дұрыс емес. Сондықтан да мен парламент сайлауын қайта өткізуге толықтай қажеттілік бар деп ойлаймын. Бірақ оған біздің дәл қазіргі саяси ахуалымыз рұқсат бермей отыр. Күні ертең Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелі отыр. Осындай маңызды әрі қарбалас сәтте билік өкілдері Парламентті қайта сайлау туралы шешім қабылдайды деп ойламаймын. Қазір Ақорданың көңілі ұйымға төрағалық ету барысында атқарылатын істерге қарай ауып отыр. Сондықтан, меніңше, бұл күзде Парламент сайлауы өтпейді”. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: “- Осы уақытқа дейін сарапшылардың көпшілігі күзде парламент сайлауы өтеді деген пікірді кеңінен таратқан болатын. Себебі ЕҚЫҰ-ның қоятын талабы сондай. Бірақ, меніңше, биыл күзде парламент сайлауы болмайды. Еуропалық ұйым талабын айналып өтудің тағы бір жолы бар. “Нұр Отанның” жанынан екі фракция шығарып, оларды оң қанат пен сол қанат деп қарастыру. Олардың біреуі социал-демократтарға жақын болса, екіншісі оңшыл бағытта болады. Оған қоса, ұсақ партиялардың өкілдері тағы бар. ЕҚЫҰ талабы бойынша бір ғана ұстанымдағы партияның үстемдік құруы дұрыс емес. Ендеше, парламент сайлауын өткізіп, шығындалудан айналып өтудің оңай жолы - осы фракцияға бөліп тастау”. (“Алаш айнасы” газеті, 21.08.2009). KAZ.GAZETA.KZ. Қазақстанда бес жылда сумен қамтамасыз ету саласын дамытуға 132,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ссылка скрыта агенттігіне берген сұхбатында ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік НОКИН мәлім етті. "Бес жылда сумен қамтамасыз ету саласын дамытуға 132,9 млрд теңге, кәріз жүйесіне 42,9 млрд теңге, жылу қамтамасыздығына 67,9 млрд теңге, электр қамтамасыздығына 25 млрд теңге, газ қамтамасыздығына 7 млрд теңге және абаттандыруға - 17,5 млрд теңге қарастырылған", - деді С. Нокин. Оның айтуынша, "аталған қаражат осы салада қордаланып қалған тауқыметтерді шешуге жетпейтіні анық". USHKIYAN.KZ. ссылка скрыта”. “Шынында да, өлшеусіз, таусылмайтындай болып көрінетін мұнайдың да шегі бар.Мамандар жер қойнауындағы мұнай қорының сарқыла бастағанын айтып жүр. Ендеше, – деп тұжырымдайды Lenta.ru агенттігі, – ендігі дағдарыс осы қуат көзінің кемшіндігіне байланысты туындайды. Мамандар, сонымен қатар, қазіргі қаржы дағдарысы сабасына түскеннен соң “қара алтынның” бағасы шарықтап кетуі мүмкін деп болжайды. ...Ғаламдық қаржы дағдарысы-нан кейін адамзатты жаңа бір зауал күтіп тұр. Ол – мұнай дағдарысы...Осыған ұқсас пікірді Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) бас экономисі Фатих Бирол да айтып отыр. Оның айтуынша, заманауи өркениеттің тұтқасы саналатын мұнай қорының ойлағаннан да жылдам азайып бара жатқанына әлем жұртшылығы жеткілікті түрде көңіл бөлмей отыр. “Мұнайды игеру көлемі он жылдан кейін өзінің шарықтау шегіне жетеді. Дүниежүзіндегі ірі мұнай қоры өте тез игерілгендіктен жыл өткен сайын сарқылып, ал кейбір кен орындарда мұнай игеру максималдық шамадан әлдеқашан артып кетті. Ал, 2010 жылдан бастап-ақ дамыған елдер мұнайға деген сұранысты қамтамасыз ете алмауы мүмкін”, – деді. Халықаралық энергетика агенттігінің осы тұжырымы әлемдегі мұнай қорының 75 пайызын құрайтын 800 кен орынға жүргізген кешенді зерттеу негізінде айтылған. ...Былтыр мұнай бағасының баррелі 147 АҚШ долларына дейін көтеріліп, шарықтау шегіне шыққан себебі біреу-ақ: ол – алыпсатарлық болатын. ...Қалай дегенде де, мұнай бағасының көтерілуі ғаламдық дағдарысқа тікелей әсер еткен жоқ... Алайда, мұндай жөнсіз пайымдау агенттіктің жұмыс тәртібіне келіңкіремейді, тіпті оның атына кір келтіреді. Агенттік сарапшылары әлем елдерінің қаржы дағдарысынан мұнай баррелі 60-70 АҚШ долларлық деңгейде де шығып кетуге мұршасы жетеді деп топшылап отыр. Егер дағдарыс аяқталған кезде мұнай бағасының шарықтап көтерілетінін бұған дейінгі тәжірибеден білеміз. Бұл – ешкім тоқтата алмайтын құбылыс. Осыны өте жақсы түсінген кейбір мұнай трейдерлері игерілген мұнай қорының көлемін көбейтуге әрекет етіп отыр. Бұл әлемдік мұнай дағдарысына әкеліп соға ма, оны қазір нақты айту мүмкін емес, бірақ дүниежүзінде “қара алтынға” деген сұраныстың біртіндеп артып келе жатқаны сөзсіз. Жағдай тек сұраныс өз қалпына келгенде ғана айқындалатынын баса айту керек”. “Егер сұраныс артса, игерілген мұнай қоры тез азаяды да, оның бағасы қайтадан көтеріледі. Әлем экономикасы келер жылы дағдарыстан шығуға бет бұра бастаса, мұнай бағасының біркелкі дәрежеде көтерілмей, бірден шарықтап кету қаупі бар. Бұл алыпсатарлыққа емес, сұранысқа байланысты”, - деп өз пікірін білдіреді Жақан ТӨЛЕГЕН. Дайындаған Талғат ЕСМАҒАНБЕТОВ | |
Республика 03 сентября 2009 | Быть ли нам страной потребителя? Казахстанская экономика уже не сырьевая, как до сих пор принято считать, а потребительская. 76% экономически активного населения, не считая самозанятых, работает в отраслях, ориентированных на потребительские рынки, говорится в исследовании компании Zertteu DC Group. Между тем, большинство опрошенных "Республикой" экспертов с такими выводами не согласны. Логика исследователей такова. Между доходами казахстанцев и их потребительским спросом существует значительный разрыв. - Доходы за январь-июнь 2009 года по сравнению с соответствующим периодом прошлого года выросли на 12%, а розничный товарооборот за тот же период упал на 8,6%, рассказал на "круглом столе" в Алматы руководитель исследовательского проекта компании Марат Каирленов. При этом, по его данным, в январе этого года этот разрыв составлял 15,1%, а в июне уже 24%. Товарооборот у торгующих предприятий уменьшился, заметил эксперт, в январе 2009 падение составило 14,7%, а в июне уже до 24,7%. Зато на базарах ничего не изменилось, из чего г-н Каирленов сделал вывод, что они "как показывали минимально возможные объемы, так и показывают их". Шопинг у нас работа Нескоро еще казахстанская экономика перевоплотится в потребительскую, заверил нас генеральный директор ТОО "Оптовый клуб" Берик Тапишев. - Если у американцев шопинг это отдых, способ снять стресс, то у нас это труд, объяснил он свою позицию. То есть для этого нужно найти время, определиться, куда пойти и что конкретно купить. Емкость казахстанского потребительского рынка в денежном выражении составляет всего $2,5 млрд, привел данные г-н Тапишев, при 5-миллионном населении. А в Израиле, например, при количестве 5 6 млн человек объем рынка $15 млрд. К тому же следует понимать, что существует несколько потребительских рынков. Если наши граждане могут отказать себе в услугах, то реже отказывают в привычных продуктах, подметил собеседник. - Поэтому паниковать из-за того, что вроде бы рухнут все потребительские рынки, неправильно, заверил он. А учитывая, что они у нас как цивилизованные пока не сложились, то вряд ли смогут родить очередную кризисную волну. Данные Zertteu Group по товарообороту Берик Тапишев поставил под сомнение, сославшись на то, что, скорее всего, они взяты у крупных легальных производителей. - Однако доля продаж на рынках не учитывается, то есть товарооборот на них идет, но в статистку не попадает, сказал глава "Оптового клуба". А между тем 90% продаж товаров происходит на рынках и в магазинах, где нет официальных кассовых аппаратов. И только 10% рынка приходится на организованные центры торговли. "Страна экспортеров" По мнению члена совета Форума предпринимателей Евгения Бессонова, размышления о Казахстане как о стране с потребительской экономикой "полная глупость". К понятию "казахстанская экономика" до сих пор лучше всего подходит прилагательное "нефтегазовая", считает эксперт. - Наша страна страна экспортеров металлов, нефти и зерна и импортеров-контрабандистов, завозящих к нам продовольственные и непродовольственные товары, посетовал он. И вот 30% народа завозят товары в страну, а 70% не имеют денег, чтобы их купить. А потребительского сектора, точнее, предприятий потребительского сектора, у нас нет, заверил г-н Бессонов, а все потому, что у народа просто нет доходов. Угроза внутри и извне Если смотреть с точки зрения занятости, то большая часть казахстанцев действительно работает в сферах, связанных с потребительскими рынками, прокомментировал нам руководитель Группы проведения макроэкономических исследований Олжас Худайбергенов. - Но нужно смотреть с точки зрения притока денег в экономику. В этом случае ее сырьевая направленность налицо, сказал экономист и признал, что на потребительских рынках действительно сложилось тяжелое положение. Третья волна кризиса, по его мнению, будет спровоцирована в большей степени внешними факторами: ценами нефти, металлов и зерна на мировых рынках. Но внутренние причины уровень безработицы, розничный товарооборот и т.д. тоже немаловажны, подвел итог г-н Худайбергенов. Есть кризис управления экономикой В выводах Zertteu Group есть рациональное зерно, считает президент Института развития Казахстана Магбат Спанов, ведь от продажи сырья мы получаем средства, которые потом тратим на своих же потребительских рынках. - Но мне интересно, откуда взялась теория якобы надвигающейся очередной, третьей волны экономического кризиса? недоумевал эксперт. Сначала наше правительство обещало, что ее не будет, теперь уже не отрицает этого. Я считаю, это просто способ обезопасить себя от обвинений в неумении управлять экономикой. А ведь мы в Казахстане имеем дело как раз таки с кризисом управления экономикой, подчеркнул г-н Спанов. - Немудрено влить в нее $20 млрд, другой вопрос как сделать, чтобы они "заработали", сказал он. Соответственно, неправильно ждать кризиса из какой-то отрасли, когда его причины находятся глубже. Ксения БОНДАЛ |
Бизнес и власть 4 Сентября 2009 Выпуск №276 | Разгрузочные дни Нужен ли Казахстану отдельный закон, регулирующий проверки МСБ? «&» обратился с этим вопросом к самим предпринимателям. 1 сентября на открытии третьей сессии парламента Нурсултан Назарбаев в очередной раз заявил о необходимости оптимизировать систему проверок МСБ. Напомним, что не далее как 17 июля Президент уже подписал поправки в некоторые законодательные акты по вопросам частного предпринимательства, направленные на усовершенствование процедур проверок. Чтобы эти поправки заработали, предстоит внести изменения в 67 нормативно-правовых актов и 8 кодексов. Теперь же г-н Назарбаев предложил депутатам рассмотреть законопроект «О контрольно-надзорной деятельности» и свести все проверки к единому канону, чтобы уменьшить давление проверяющих на бизнес. 1 июля, после окончания моратория на проверки МСБ, бизнес-общественность с ужасом ожидала повального потока контролеров. Однако по словам консультанта проекта USAID по улучшению бизнес-среды в Казахстане Алмы Турлыбаевой, факты нарушений и превышения полномочий со стороны контрольно-надзорных органов оказались единичны. «При проведении опросов в Алматы и регионах мы не выявили повсеместных нарушений, – сообщила она «&». – Все контролирующие органы подписали соглашения, жестко регулирующие их деятельность, а поскольку за ситуацией вокруг проверок следят и глава государства, и премьер-министр, нарушать эти соглашения никто не торопится». Вице-президент Независимой ассоциации предпринимателей (НАП) Тимур Назханов рекомендует бизнесменам вывешивать в офисах, бутиках и кабинетах официальное свидетельство о членстве в НАП. «Это часто помогает избежать беспредела со стороны контролеров, – говорит он «&». – Если проверяющие все-таки допускают нарушения или превышают полномочия, предпринимателю надо обратиться в нашу ассоциацию, и мы подготовим официальную жалобу в госорганы». К слову, руку помощи предпринимателям протянула и Генпрокуратура, выступив с акцией создания мобильных групп и телефонов доверия, но, как отмечает г-н Назханов, пока такие методы популярностью у бизнесменов не пользуются. «За годы существования казахстанского бизнеса предприниматели научились не доверять власти, – говорит он. – А телефоны доверия, по которым нужно звонить в один госорган с жалобой на другой, вряд ли будут эффективными». А вот по мнению исполнительного директора Форума предпринимателей Мунавары Палташевой, инициатива прокуроров – первый шаг навстречу бизнесу. «Теперь, для того чтобы предприниматели могли верить в государственную защиту, нужно воспитывать общество, выстраивать между бизнесом и госорганами более прозрачные отношения», – сказала она «&». Июльские поправки в законодательство о частном предпринимательстве уже предусматривают значительные изменения в системе проверок, утверждает г-жа Турлыбаева. «USAID в рамках проекта по улучшению бизнес-среды в Казахстане совместно с Минэкономики и бюджетного планирования провели большую работу по оптимизации контрольных органов и видов лицензионной деятельности, – рассказывает она. – Подписан закон, предполагающий упорядочение видов проверок, введение проверок предупредительного характера, проведение проверок в соответствии с системой оценки рисков, определение сроков проведения проверок и, более того, предварительные письменные уведомления об их начале». Г-н Назханов тоже обращает внимание на новые правила, ужесточающие требования к проверяющим органам. В качестве примеров положительных изменений в законодательстве он выделил ежегодные графики плановых проверок и предварительное уведомление предпринимателей о визите ревизоров не менее чем за 10 дней. «Для всех без исключения контрольно-надзорных органов введена обязательная регистрация в управлении по правовой статистике и специальным учетам Генпрокуратуры, – продолжает г-н Назханов, – в то время как в предыдущем варианте закона из этого списка были исключены финполиция, Налоговый комитет, таможня, СЭС, фитосанитарный и ветеринарный надзоры». Принятие же закона о контрольно-надзорной деятельности, по его мнению, позволит упорядочить всю систему проверок. «Это сократит как расходы бюджета, так и траты предпринимателей, – считает г-н Назханов. – Государство расходует свыше 2,6 млрд тенге в год на проведение контрольно-надзорных процедур, а МСБ, по минимальным расчетам, проверки обходятся примерно в $20 млн в год». Одним из самых щекотливых вопросов в плане коррумпированности г-н Назханов называет систему штрафных санкций. «Сумма штрафов варьируется от 20 до 200 МРП, – говорит он, – и, естественно, проверяющий сначала назначает максимальную ставку, а потом снижает ее в процессе торга», – добавляет он. Что касается количества существующих в Казахстане контрольно-надзорных органов, то все опрошенные «&» участники рынка едины во мнении – список надо сокращать. В качестве обязательных проверяющих органов собеседники «&» назвали налоговую и противопожарную службы, СЭС, ветеринарный контроль. «У нас 28 контрольных органов, по закону наделенных правом проверять объекты частного предпринимательства, – говорит г-н Назханов. – Каждый из них имеет территориальные подразделения и устанавливает собственные правила проверочных процедур». Между тем многие развитые страны, по его словам, ограничиваются тремя-шестью проверяющими органами. «Раз во время моратория не случилось каких-то массовых отравлений, пожаров и прочих ЧП, значит, мы вполне можем обходиться без этой огромной армии контролеров», – уверен г-н Назханов. «Надо пересмотреть весь список проверяющих и в первую очередь выявить дублирование функций, определить эффективность каждого органа. Ревизоры нужны для того, чтобы помогать предпринимателям в соблюдении законов, поэтому предъявляемые ими требования должны быть минимальны», – считает г-жа Палташева. В то же время к созданию единого закона о контрольно-надзорной деятельности она относится скептически. «Прежде чем писать какой-то закон, нужно видеть его четкую концепцию. В мире нет отдельного закона о проверках. И если мир жил и живет без такого закона, нужен ли он нам и будет ли он эффективен? Впрочем, если госорганам необходим отдельный закон для проверки самих себя – пусть пишут», – резюмировала г-жа Палташева. Яна Задорожная |
Караван №36 4 сентября 2009 | Индивидуальный предприниматель Урок бизнеса для наших читателей ведет генеральный директор Центра обслуживания предпринимателей и Алматинской ассоциации предпринимателей Владимир ЕРМАКОВ. Мы начинаем курс, посвященный теме индивидуального предпринимательства. И первый урок поможет найти ответ на основополагающий вопрос: кто же он – индивидуальный предприниматель? Тема масштабная. Судите сами, в Казахстане сегодня занимаются индивидуальным предпринимательством более 700 тысяч человек. Хотите пополнить ряды “ИП-шек”? Для этого достаточно быть просто гражданином Казахстана или другого государства. При этом иностранцы должны получать разрешение на осуществление коммерческой деятельности в Казахстане. Чтобы не попасть впросак, необходимо знать, что предпринимательская деятельность физических лиц регулируется сразу несколькими законами. Пусть они станут вашими настольными книгами. А где сделать закладки, я вам подскажу. Итак, в Гражданском кодексе нас интересует глава вторая. Налоговый и Трудовой кодексы стоит прочитать полностью. Также ознакомьтесь с Законом “О частном предпринимательстве” и Законом “О лицензировании”. Индивидуальное предпринимательство является одним из видов малого или среднего бизнеса. Если у вас среднегодовая численность работников не более двадцати пяти человек, то вы относитесь к субъектам малого предпринимательства. Если число работников – до пятидесяти человек, то субъектом среднего бизнеса. Растете больше? Тогда стоит уже задуматься о создании юридического лица, впрочем, об этом мы поговорим на других уроках. Очень важный момент, который должен понимать каждый, кто решил стать индивидуальным предпринимателем, это то, что его бизнес будет основан на частной собственности. При регистрации индивидуального предпринимателя не создается юридическое лицо. Следовательно, юридически значимого обособления личного имущества от имущества, участвующего в обороте, не происходит. В связи с этим при предъявлении кредиторами своих требований к такому предпринимателю под возможное взыскание подпадает все его имущество. Значит, данная форма предпринимательства может быть рекомендована лишь в тех сферах бизнеса, которые не сопряжены с большим риском. Поэтому создание ИП – это не просто дело одного человека, но и всей семьи. Так что будьте очень внимательны при выборе партнеров! Существуют два вида индивидуального предпринимательства: личное и совместное. Последнее осуществляется группой физических лиц на базе имущества, принадлежащего им на праве общей собственности. Есть такие понятия, как “предпринимательство супругов”, “семейное предпринимательство”. Расшифровывать их не будем, они понятны. Также есть такая форма работы, как “простое товарищество”. Оно осуществляется на базе общей долевой собственности, в этом случае заключается договор. Индивидуальный предприниматель осуществляет деятельность под своим именем или от имени всех участников. Индивидуальный предприниматель может работать один, а может иметь сотрудников. Поэтому вам необходимо уделить особое внимание трудовым отношениям. Помните, что вы обязаны по закону заключать трудовые договоры со всеми сотрудниками, производить ежемесячные отчисления в пенсионный фонд. Это азы, которые необходимо вам знать, прежде чем принять решение о создании ИП. Если вы утвердились в своих намерениях заняться бизнесом как физическое лицо, следующим шагом станет регистрация индивидуального предпринимателя и получение лицензии на отдельный вид деятельности. Что это такое и как все это получить, мы расскажем на следующем уроке. |