Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Вид материалаДокументы

Содержание


Қазақстан республикасындағы парламентаризмнің алғы шарттары (1991-1995жж)
Современное состояние и перспективы развития информационной безопасности республики казахстан
Сайлау кампаниясының бұқаралық акциялар ұйымдастыру мәселелері
Подобный материал:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

  Таким образом, средства массовой информации в Соединенных Штатах Америки играют ключевую роль в избирательных кампаниях благодаря тому, что они распространяются повсеместно, присутствуют в каждом доме и офисе, постоянно выполняя информационную функцию и формируя общественное поведение. Именно за это свойство средства массовой информации представляют как четвертую власть в государстве, наряду с традиционными ветвями власти.



Литература:
  1. Mediated Elections // Politics in America. Edited by Thomas R.Dye. New Jersey, 2007, P.189-192.
  2. Сидорчук Аркадий. Президентские теледебаты по-американски, или «Телерентген» вместо политического плутовства

/3000/3050/68364/
  1. Политические теледебаты - родом из Америки //rld.de/dw/article/0,,1700334,00.html



Габдулина Б.А.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

саясаттану кафедрасының доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМНІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ (1991-1995ЖЖ)


Парламентаризм – белгілі бір билік жүйесі мен мемлекеттік құрылыстағы тиісті шешімдер қабылдауға құқы мен құзыреті бар сайлау арқылы құралатын халықтың өкілді органының жұмыс әдісі. Парламенттік демократия дегеніміз – осы өкілді билікті парламенттің өз қызметінде жүзеге асыруының реті мен тәртібін анықтайтын қатынастар жиынтығы.

Парламентаризм – парламенттің басқа мемлекеттік органдармен өзара қатынасының қалыптасқан, пәрменді жүйесі, мемлекеттік билік тетіктерінде оның орны мен рөлін, тиісті мәртебесін қамтамасыз етуші өкілді демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырылуының негізгі тәсілі.

Ғалым М. В. Баглайдың «Мемлекет органдары жүйесінде парламенттің үстемдігі негізделген мемлекеттік құрылысты парламентаризм деп атайды да, басқарудың басқа нысандарына бұл термин қолданылмайды. Белгілі бір елде парламенттің өмір сүруі – парламентаризмнің орнығуы емес. [1, 111 б.].

Парламентаризм мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі. Әр мемлекеттегі заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы байланыстардың негізінде парламент шешуші рөл атқаратын демократиялық режим. Парламентаризм қызметі ең алдымен, сол елдің тарихы, саяси, демократиялық дәстүріне байланысты. Сондықтан, бүгінде барлық елдерде европалық немесе ұлыбританиялық үлгідегі парламентаризмнің болуы немесе соларды талап ету негізсіз болар еді. Парламент және парламентаризм - өзара сабақтас және өзара байланысты түсініктер, алайда олар пара-пар емес, олардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды.

Парламентаризм – заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы еңбек бөлінісімен сипатталатын мемлекеттік басқару жүйесі. Парламентаризмге тән негізгі белгілер мыналар болып табылады: оның құзіреттері мен өкілдіктері; заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы еңбек бөлінісі; парламенттің алдында Үкіметтің есеп беруі мен жауапкершілігі. Мемлекеттік билік жүйесінде парламентаризм талаптарын түбегейлі орындау нәтижесінде парламент атқарушы билікке тежеме – тепе-теңдік болып табылады да, оның бұл негізгі функциясы әлемдік парламенттік тәжірибеде үш түрлі бағытта жүзеге асырылады:

а) мемлекеттік қаржының жұмсалуына жария бақылау жасау;

ә) Үкімет қызметінің заңнамалық негіздерін аңықтау және Конституция мен заңнамаларда анықталған өкілеттіктер негізінде жария бақылауды жүзеге асыру, реттеу;

б) Үкіметтің нақты құрамының қызметін заңнамаға сәйкес жария ағымдағы бақылауды жүзеге асыру [2,14б].

Парламентаризмді тек биліктердің ажыратылуымен шектеуге болмайды. Бұл жердегі ең маңызды және мәнді мәселе – заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасындағы мемлекеттік функциялардың аражігінің айқын да сындарлы анықталуы.

Әлемдік конституциялық және саясаттану теориясындағы парламент және парламентаризм туралы жоғарыдағы талдауларға сүйенсек, қай елдің де жоғары заң шығарушы органы «парламент» деген мәртебеге сай келіп, парламентаризмді нақты орнықтыруы үшін белгілі бір нақты өкілеттіктер мен құзіреттерге ие болуы тиіс. Олар негізінен мыналарды қамтиды: елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау; белгілі бір мемлекеттік органдарды құру немесе билік лауазымдарына тағайындауға келісімін беру; олар айрықша бюджеттік құқықтарға ие болып, елдің мемлекеттік табыстың кірісі мен шығысын анықтауы; өз құзіреттері шеңберінде үкіметтер мен министіліктердің қызметіне белгілі бір нысандарда бақылау жасауы; аса маңызды халықаралық шарттарды ратификациялауы; сот мәселелері, соттарды тағайындау немесе сайлау бойынша біршама өкілдіктерге ие болуы. Егер де парламенттер өкілеттігі мен құзіретінің жоғарыда жинақтап көрсетілген халықаралық тәжірибесі тұрғысынан келсек, Қазақстанның жас Парламенті де әлемнің көптеген елдерінде бар парламенттік құқықтардың негізгілеріне ие.

Парламентаризм идеясы еліміз Конституциясында қаланып, біріншіден, оның халық мүддесін қорғаушы өкілді орган ретіндегі мәртебесінде, екіншіден, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі функционалдық міндеті – заң шығарушылық процесі арқылы жүзеге асырылады. ҚР-ның Конституциясына талдау жасай отырып, ондағы Парламент құзіретінің аз емес екендігіне және оның өзіндік құрылым мен иерархиясы барлығына көз жеткізуге болады.

Еліміз Конституциясында Парламентке тұрақты қызмет істейтін орган ретінде мәртебе-сипаттама беріліп, соның арқасында заң шығару функциясы: заңдарды қабылдау; оларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу; заңдардың күшін жою немесе тоқтату; халықаралық шарттарды бекіту немесе олардың күшін жоюдың үнемі толассыз жүретіндігі атап көрсетілген. Парламент мемлекет басшысы, ел ішінде және халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік ететін еліміздегі ең жоғарғы лауазымды тұлға Президентпен конституциялық-процессуалдық өзара қимыл бірлікте болып, белгілі бір өкілеттік билікке де ие [3,19б].

Қазақстан парламентаризмі ерекшелігі неде және оның жоғарыда келтірілген сапалық белгілері мен талаптары оның қызметінде қалай көрінеді?
  • біздің еліміздегі парламентаризм – транзиттік қоғам жағдайындағы әлеуетті президенттік басқару нысанындағы мемлекеттегі шектеулі парламентаризм.
  • ол әзірге, әлі де болса толық бекітілмеген, кейбір буындары әлсіз, алайда бүтіндей бүкіл қоғаммен бірге қалыптасу, даму, жаңару үстіндегі өскелең жүйе.
  • оның қалыптасып, дамуына шешуші әсер етуші факторлар: қоғамның әлеуметтік және таптық құрылымындағы әлеуметтік жіктелу, сұрыпталу процестерінің тым ұзаққа созылуы, саяси партиялардың әлсіздігі, қоғамның саяси және құқықтық мәдениетінің деңгейі.
  • ол Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуын заңнамалық негізде қамтамасыз етуші және бұл процестің бүкіл сапасын әр түрлі парламенттік әдістермен үнемі саралап, бағыттап отырушы, соның төңірегінде үнемі мазасыз қоғамдық пікір тудырушы демократиялық институт.

Парламентаризмнің қалыптасып, нығайып, орнығу деңгейі, оның демократиялық режимдердегі өзінің бастапқы, тума табиғатына толық сай болуы әр елдің тарихи – ұлттық, рухани, саяси – демократиялық дәстүрлеріне, саяси-құқықтық мәдениеті деңгейіне байланысты болады.

Парламентаризм дамуындағы қазіргі сатысындығы біздің еліміздегі өзекті мәселе – қолда бар өкілеттіктер мен құзіреттерді толық, орынды және өз уақытында және ел мүддесі үшін тиімді пайдалана білуде де жатыр. Профессор А. Айталы « ... парламент белгілі бір өкілеттіктерге ие болуға тиіс, онсыз парламентаризм болмайды,... бізде парламентаризм әлі бекіген жоқ» деп түйіп, оған ең алдымен бақылау функциясының қажеттігін ерекше атап көрсетті [4,19б.]. Мемлекеттік билік жүйесінде Парламенттің, демократиялық басқарудың әдісі ретінде парламентаризмді нығайтып, оның деңгейін көтеру үшін белгілі бір тарихи уақыт, демократиялық тәжірибе, парламентшілердің кемелденуі, ең бастысы бүгінгі қолда бар өкілеттіктер мен құзіреттер арқылы халық алдында, қоғамдық пікірде өз орнын, беделін нығайтуы қажет. Эксперттік Институттың әлеуметтік сауалнамаларының қорытындысы бойынша Президентті еліміз азаматтарының төрттен үші немесе 73,7 пайызы республикадағы ең жоғарғы ықпалды билік институтына жатқызады. Бұл заңды. Ал одан кейінгі орынға еліміз азаматтары билік институтына Үкіметті, облыс әкімдерін, содан кейін барып Парламентті қояды. Елімізде Парламент өкілеттіктерін кеңейту мәселесін қоғамдық пікір де кеңінен қолдайды. Парламенттің Ақпараттық-талдау орталығының зерттеулеріне сәйкес еліміздің жоғарғы заң шығаушы органының қызметін жетілдірудің жолдары туралы сарапшылардың пікірі мынадай бағыттарда бөлінген:
  1. Парламенттің бақылау функцияларын жетілдіру қажет;
  2. Бюджет саясаты бойынша Парламенттің өкілеттігін молайту;
  3. Сайлау жүйесін демократияландыру;
  4. Парламент қызметін материалдық – техникалық қамтамасыз етуді атқарушы биліктен тәуелсіз ету;
  5. Бір палаталы Парламентке оралу;
  6. Парламентке Конституция мен заңдарды түсіндіру құқын беру;
  7. Депутаттар құрамының санын көбейту[5, 55б.].

Академик С.Зимановтың: «президенттік билік тиімді жұмыс істейтін парламентсіз ешуақытта да әлеуетті де беделді бола алмайды. ... Парламент өз орнында болуы үшін ... оның мәртебесін, депутаттардың мәртебесін көтеру керек. Ал, әзірше, атқарушы билік Парламентке, депутаттарға шектен тыс үстемдік көрсетуде» [6,16-17б.] деген пікірі елімізде парламентаризмді нығайту үшін кезінде өте қажетті еді.

Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән.  Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның –  алғаш рет  Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін  Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің  орнына келді.

Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау  жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.

Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын  және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді [7,39б].

1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті.  Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым  демократиялық  сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің  өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің XX ғасырдың 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Баглай М. В. Конституционное право РФ Учебник.-М.,1988.-с.111.

2. Ашимбаев Д. Политическая система Казахстана: реформы, выборы, кадры // Kazakhstan. - 2007 г. - № 3,- с.14

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1995.

4. Айталы А. Казахстанский парламентаризм//Саясат-Policy.-2001.-№4.-с.19

5. Телебаев Г., Коновалов С. Идейные и институциональные основы казахстанского общества: итоги десяти лет развития//Казахстан-Спектр,-№2-2002,-с.55

6. Зиманов С. Законы и критерии их эффективности.//Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары: Тәуелсіз Қазақстандағы парламентаризм: жай-күйі мен проблемалар.-Астана, 2002, 16-17б.

7. Курмангали А. Политическая институционализация государственной власти в теории и практике современного политического процесса // Саясат-Policy.-2008.-№2.- с.36


Габдыжамалов Н.М.

Академия государственного

управления при Президенте РК, соискатель


СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ИНФОРМАЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


Безопасное развитие любого общества, государства, человека напрямую связано с их информационной безопасностью, так как информа­ционная среда является системообразующим фактором этого развития. Информационная безопасность характеризуется способностью государ­ства, общества, социальной группы, личности обеспечить защищенность информационных ресурсов для поддержания своей жизнедеятельности и жизнеспособности, противостоять информационным опасностям и угрозам, негативным информационным воздействиям на индивиду­альное и общественное сознание и психику людей, а также на компью­терные сети и другие технические источники информации, осуществ­лять информационно-психологическое противоборство.

Под информационной безопасностью общества, государства подра­зумевается состояние отсутствия информационных опасностей и угроз, либо, при их наличии, состояние устойчивости основных сфер жизне­деятельности (политики, экономики, науки, техносферы, сферы государ­ственного управления, общественного сознания, военного дела и т.д.) по отношению к опасным информационным воздействиям (как внедрению, так и извлечению информации)[1, с.45].

Политика информационной безопасности Республики Казахстан определяет ин­формационную безопасность, как состояние за­щищенности ее национальных интересов в информационной сфере, оп­ределяющихся совокупностью сбалансированных интересов личности, общества и государства.

Стоить отметить, что информационная безопасность важное и очень сложное, многообразное направление в общей системе национальной безопасности государства. Информационная безопасность затрагивает про­блемы военной, экономической, политической, этнической, демографи­ческой, идеологической, продовольственной и др. безопасности государства.

Быстрые темпы развития и распространения информационных тех­нологий, полная автоматизация всех работ по сбору и формированию статистической информации, внедрение крупных баз с данными огра­ниченного распространения требуют создания целостной системы бе­зопасности информации.

В РК существует адекватное восприятие потенциальных угроз и проблем информатизации, за­висимости от зарубежного, как правило, западного программно­го и аппаратного обеспечения. Приняты основополагающие за­конодательные акты «О государ­ственных секретах»[2], «Об элект­ронном документе и электронной цифровой подписи»[3], отраслевые программы «Государственная программа формирования и раз­вития национальной информаци­онной инфраструктуры Республи­ки Казахстан на 2001-2003 го­ды»[4], «Разработка, создание и развитие радиоэлектронных при­боров и средств для информаци­онно-телекоммуникационных сис­тем на 2001-2005 годы»[5], «Про­грамма развития отрасли теле­коммуникаций Республики Казах­стан на 2003-2005 годы»[6]. Создан Институт проблем информатики и управления. Информатизация станет успешной, если она будет осуществляться в соответствии с единой государственной полити­кой всеми структурами власти и на всех уровнях.

Указом Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года №199 [7] была одобрена Концепция информационной безопасности Рес­публики Казахстан. Концепция служит основой при формировании и реализации единой государственной политики Республики Казахстан в области обеспечения информационной безопасности, ее положения должны учитываться при создании и развитии единого информацион­ного пространства Казахстана и дальнейшем совершенствовании го­сударственной политики в области информатизации.

Концепция информационной безопасности строится, с учетом как внешних угроз, исходящих извне и связанных с попытками поработить или подчинить государство, сознание его народа, так и внутренних угроз, связанных с состоянием самого общества (например, СМИ) и коренящихся в самом обществе. В этом смысле информационную безопасность можно разделить на внешний и внутренний аспекты, то есть зависящую от внешних условий и внутренних.

Принятые программы и документы реализуются государственными органами Республики Казахстан во взаимодействии с Комитетом национальной безопасности. Здесь важно подчеркнуть необходимость сочетания максимальной открытости гарантированного Конституцией Республики Казахстан доступа к информации со строгим соблюдением интересов национальной безопасности.

Со времени обретения Казахстаном независимости защита государственных секретов является одной из основных задач Комитета национальной безопасности. Так, по инициативе КНБ, в 1992 году была создана Государственная техническая комиссия по защите информации при Кабинете Министров РК с широкими полномочиями по координации работ в области защиты госсекретов.

Среди стран СНГ Казахстан первым принял в январе 1993 года Закон «О защите государственных секретов». В этом же году КНБ были разработаны новая Инструкция по обеспечению режима секретности в Республике Казахстан, регламентирующая порядок обращения с секретными сведениями и документами, и перечень сведений, составляющих государственную тайну.

Комитет национальной безопасности во взаимодействии с соответствующими госструктурами участвует в разработке ряда нормативных правовых актов по созданию и развитию единой информационной телекоммуникационной системы государственных органов.

Взаимодействие с органами исполнительной и законодательной власти осуществляется на основании действующего законодательства, исполнительных актов Президента, постановлений Правительства Республики Казахстан, а также двух- и многосторонних межведомственных соглашений в рамках компетенции госорганов.

Продолжается сотрудничество в этой области с иностранными государствами. Учитывая транснациональный характер, в этом вопросе наши усилия в первую очередь сосредотачивались на углублении контактов со специальными службами стран - участниц СНГ, поддерживаются регулярные контакты по ознакомлению и обмену опытом в указанной сфере.

В рамках Протокола о сотрудничестве в области борьбы с преступлениями в сфере компьютерной информации с участием спецслужб государств - участников СНГ имеем определенный практический опыт. В структуре КНБ создано подразделение по борьбе с компьютерными преступлениями, задачами которого являются выявление, предупреждение и пресечение преступлений, направленных на информационные ресурсы государственных органов.

Одним из приоритетных вопросов в данной области является развитие сотрудничества с европейскими и западными странами. Так, в настоящее время заинтересованными госорганами республики рассматривается вопрос о присоединении Казахстана к Конвенции о киберпреступности, принятой Советом Европы в 2001 году, что позволит расширить географию борьбы с компьютерными преступлениями, а также перенимать опыт зарубежных правоохранительных органов в данной сфере.

В качестве основных задач обеспечения информационной безопасности РК можно выделить следующие:
  • Развития научно-практических основ информационной безопасности, соответствующей современной геополитической ситуации и условиям политического и социально-экономического развития государства.
  • Формирования законодательной и нормативно-правовой базы обеспечения информационной безопасности, в том числе разработки реестра информационного ресурса, регламента информационного обмена, нормативного закрепления ответственности должностных лиц и граждан за соблюдение требований информационной безопасности.
  • Разработки механизмов реализации прав граждан на информацию.
  • Формирования системы информационной безопасности, являющейся составной частью общей системы национальной безопасности страны.
  • Разработки современных методов и технических средств, обеспечивающих комплексное решение задач защиты информации.
  • Разработки критериев и методов оценки эффективности систем и средств информационной безопасности и их сертификации.
  • Исследования форм и способов цивилизованного воздействия государства на формирование общественного сознания.
  • Комплексного исследования деятельности персонала информационных систем, в том числе методов повышения мотивации, морально-психологической устойчивости и социальной защищенности людей, работающих с секретной и конфиденциальной информацией.

Большое внимание следует уделять проблеме кибертерроризма как новой угрозы информационной безопасности РК. Традиционно под кибертерроризмом понимается одно из современных направлений терроризма, которое в качестве объектов деструктивного воздействия для достижения своих целей использует информационно-вычислительные комплексы и сетевые сегменты, поддерживающие системы, критически важные с точки зрения национальной безопасности.

Агентством по информатизации и связи, а ныне Министерством информации и связи РК, в рамках реализации Государственной программы формирования «электронного правительства», большое внимание уделяется вопросам информационной безопасности. За последние годы в Республике Казахстан реализован ряд мер по совершенствованию системы обеспечения информационной безопасности государства. В соответствии со стратегией национальной безопасности Республики Казахстан была разработана Концепция информационной безопасности, предусматривающая реализацию комплекса правовых, организационных и научно-технических мероприятий, направленных на прогнозирование, выявление, предупреждение и пресечение угроз в сфере информационной безопасности.

Представляет интерес исследование потенциальных угроз информационной безопасности казахстанского общества.

Во-первых, как известно, специфической особенностью Казахстана является многонациональность и многоконфессиональность: в республике проживает более 130 народностей, представляющих 40 различных конфессий. По словам Президента РК Н.А.Назарбаева, «своим практическим опытом, своей жизнью и своей работой мы опровергли все теории о фатальной неизбежности межэтнических и гражданских конфликтов в Казахстане» [8]. Такая полиэтническая среда предъявляет повышенные требования к обеспечению информационной безопасности, так как ложные информационные сведения могут создать очаги напряженности среди отдельных этнических групп и активизировать угрозы стабильности социальной среды.

Во-вторых, значительные негативные последствия для информационной безопасности могут иметь усиление экономической зависимости средств массовой информации от коммерческих структур и определенная асимметрия в сторону преобладания иностранной составляющей в информационной инфраструктуре казахстанского общества. Речь идет о том, что отдельные граждане не получают в достаточном объеме необходимую им правдивую информацию о деятельности государственной власти, ее планах и намерениях. Эта информация не всегда объективна, порой доходит до людей в различной, иногда даже искаженной трактовке. Разобраться в этой пестрой картине, отделить правду от вымысла порой бывает очень сложно.

В-третьих, существующее положение на информационном рынке Казахстана порождает угрозы, связанные с размыванием духовной базы казахстанского общества, экспансией со стороны других стран в области культуры. Информационная безопасность предполагает защиту культурного, духовно-нравственного наследия, исторических традиций и норм общественной жизни, введение запрета на использование эфирного времени в электронных средствах массовой информации для проката программ, пропагандирующих насилие, эксплуатирующих низменные человеческие проявления.

В-четвертых, существуют угрозы и в области индустрии информатизации, которые обусловлены, прежде всего, отсутствием отечественной электронной промышленности и недостаточно эффективной деятельностью государства по ее созданию. Это может привести к консервации существующего положения, превращению Казахстана в экспортера сырьевых и интеллектуальных ресурсов, невозможности достойного участия в мировом разделении труда в одной из наиболее интенсивно развивающихся отраслей мировой экономики и торговли. На наш взгляд, существенной мерой для предотвращения таких угроз может быть обеспечение необходимого финансирования для развития наукоемких, высокотехнологичных отечественных отраслей промышленности [9].

К причинам, препятствующим обеспечению информационной безопасности государства, на наш взгляд, следует отнести следующее:
  • реальная правовая, организационная и техническая необеспеченность закрепленных в Конституции Республики Казахстан прав граждан на неприкосновенность частной жизни, личную и семейную тайну, тайну переписки;
  • неудовлетворительная организация защиты органами государственной власти субъектов информационного общества, органами местного самоуправления данных о физических лицах, персональных данных.

Политика противодействия потенциальным угрозам должно осуществляться комплексно. В частности, государству необходимо:
  • с одной стороны, создать условия для развития отечественной индустрии современных информационных технологий, обеспечить возможность доведения до граждан полной и достоверной информации о тех или иных событиях, активизировать деятельность открытых и открываемых в республике парков информационных технологий;
  • с другой стороны, защитить общество от негативных информационно-психологических воздействий, обеспечить безопасность охраняемой законом информации и информационной инфраструктуры страны.

Современная парадигма информационной безопасности казахстанского общества должна базироваться на основополагающих принципах, важнейшие из которых, по мнению автора, могут быть выражены в следующем:

1. В сфере информационной безопасности, как ни в какой другой области, не следует ориентироваться только лишь на партнерские отношения с передовыми индустриально развитыми государствами, уже входящими в группу информационных обществ. Ведь в каждом конкретном случае у руководства этих государств имеется иерархия приоритетов, связанных с собственной концепцией национальной безопасности. Необходима экстренная подготовка национальных кадров, способных обеспечить прорывные работы в области новейших информационных технологий.

2. В целях обеспечения информационной безопасности общества требуется согласование личных, общественных и государственных, материальных, социальных и духовных интересов. В этой связи чрезвычайно важной информационной задачей является правильное формулирование и объяснение общенациональных интересов населению. Без ее решения нельзя рассчитывать на успех в преодолении проблем информированности населения. Необходима планомерная работа по консолидации всего многонационального населения Казахстана.

3. Трудность решения проблем информированности состоит и в том, что о деятельности органов власти население зачастую получает информацию от антигосударственных сил, которые используют проверенные временем и безотказно срабатывающие стратегию и тактику дезинформирования.

Убеждение людей ведется по правилам: привлечь внимание, вызвать интерес, стимулировать действия и повторять это до тех пор, пока идея не будет воспринята как своя; исходить из истинности тезиса и не обсуждать его; наступать, а не защищаться; не возбуждать надежд, которые не могут быть осуществлены; апеллировать к чувствам; повторять свой тезис чаще, и ему будут верить [10].

4. Для того чтобы увидеть дестабилизирующую роль информированности и четко сформулировать ее в виде проблем, необходимо хорошо знать, какой должна быть безопасная информированность. Если нет необходимой информированности населения о деятельности органов власти, то нет возможности распознать дезинформацию и увидеть ее опасность для общества. Только сопоставление реальной информированности позволит четко сформулировать ее проблемы.

Настоятельным требованием для Казахстана является выработка национальной доктрины информационной безопасности, которая должна стать базовым концептуальным документом, рассматривающим границы и условия обеспечения информационной свободы и безопасности, служащим задаче преодоления негативных тенденций в информационной сфере современного казахстанского общества. Этот документ будет развивать, и конкретизировать основные положения концепции националь­ной безопасности в области защиты жизненно важных интересов лично­сти, общества и государства в информационной сфере.

Необходимость разработки национальной доктрины информационной безопасности является ответом на новые вызовы наступающей глобализации. Этот важный документ должен быть разработан Советом безопасности Республики Казахстан с привлечением ведущих политологов, социологов и специалистов в области информационных технологий. При всей специфичности этого документа он явится реальным шагом к урегулированию отношений между государствами на основе политического взаимопонимания и справедливого сотрудничества в информационной сфере. Эта доктрина должна быть согласована с доктриной национальной безопасности государства, поскольку информационная безопасность является составляющей национальной и политической безопасности Казахстана [11].

Таким образом, на современном этапе, в рамках проблематики информационной безопасности Республики Казахстан, необходимо решение следующих проблемных аспектов:
  • несовершенство правовой базы естественно в период, когда общественные отношения опережают законодательную базу и граждане, общество, предприятия и организации вынуждены сами защищать свои права, нередко в нарушение продекларированных норм;
  • негативное влияние на организацию информационной безопасности в республике оказывает недостаточное количество профессиональных специалистов и области защиты информации;
  • актуальной проблемой является отсутствие отечественных информационных технологий, что вынуждает массового потребителя приобретать импортную технику, не имеющую подтверждения соответствия требованиям информационной безопасности. Это представляет угрозу информационной безопасности баз и банков данных, а также возможной зависимости страны от иностранных производителей компьютерной и телекоммуникационной техники и информационной продукции. Прежде всего это, влечет неоправданные расходы бюджетных средств, кроме того, затрудняет процесс обеспечения надежного их функционирования и защиты.

В дальнейшем работу по повышению эффективности политики по обеспечению информационной безопасности Республики Казахстан необходимо сконцентрировать в следующих направлениях:
  • провести дальнейшую проработку вопросов противодействия техническим разведкам, защиты от информационного оружия и совершенствования нормативной правовой базы в данной сфере;
  • разработать комплексную координацию мер по защите информации в общегосударственном масштабе и на ведомственном уровне для обеспечения целостности и конфиденциальности информации;
  • выработать универсальный международно-правовой документ, констатирующий наличие угроз международной информационной безопасности военно-политического, преступного, в том числе террористического, характера, и предусматривающего возможность осуществления совместных мер по минимизации ущерба национальным интересам отдельных государств и интересам международного сообщества в целом;
  • усилить активное участие Казахстана в международных организациях, действующих в области обеспечения информационной безопасности. Усилия в этой области можно было бы направить на разработку необходимых правовых механизмов, повышающих доверие к этой глобальной информационной инфраструктуре на основе интернационализации управления ею, а также обеспечивающих проведение расследования и уголовное преследование киберпреступности, включая киберпреступления, совершенные в рамках юрисдикции одной страны, но имеющих последствия в рамках другой страны.

Вывод информационной проблематики на уровень государственной внешней политики, с одной стороны, включает в их решение государственную власть, а с другой - привлекает внимание и ресурсы политических сил казахстанского общества. Такой подход будет отражать интересы политических элит, политических организаций, государства и, в конечном счете - граждан Республики Казахстан.


Литература
  1. Информационная безопасность // Информационно-аналитический бюллетень. -М., 1998.
  2. Закон Республики Казах­стан «О государ­ственных секретах»
  3. Закон Республики Казах­стан от 7 января 2003 года № 370-II «Об электронном доку­менте и электронной цифровой подписи».
  4. «Государственная программа формирования и раз­вития национальной информаци­онной инфраструктуры Республи­ки Казахстан на 2001-2003 го­ды»
  5. «Разработка, создание и развитие радиоэлектронных при­боров и средств для информаци­онно-телекоммуникационных сис­тем на 2001-2005 годы»
  6. «Про­грамма развития отрасли теле­коммуникаций Республики Казах­стан на 2003-2005 годы»
  7. Концепция информационной безопасности Рес­публики Казахстан от 10 октября 2006 года №199
  8. Выступление Главы государства Н.А.Назарбаева на XI сессии Ассамблеи народов Казахстана 22 ноября 2005 г. /a.kz/ page.php?page_id =33&lang=1&article_id=1112
  9. ссылка скрыта
  10. Панфилов А. Радио США в психологической войне. – М.: Международные отношения, 1987. – С.30-31.
  11. http: //www.akorda.kz



Жанпейісова Қ.Д.,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық Университетінің саясаттану

кафедрасының аға оқытушысы


САЙЛАУ КАМПАНИЯСЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АКЦИЯЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері қарай демократиялық даму жолына түсті. Осы бағытта жасалған реформалар қоғамның барлық салаларын жаңартып, өзгеріске әкелді. Тың өзгерістер негізінде еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы оның саяси жүйесі мен мемлекеттік-саяси қоғамдық институттарының қалыптасуы мен дамуын саяси ғылымдар тұрғысынан талдауға себеп болды. Осындай өзгерістің бастысы мемлекеттік биліктің қалыптасуының бірден-бір жолы болып табылатын сайлау арқылы халықтың қалауымен құрылатын өкілді билік органдарының құрылу мәселелері маңызды.

Яғни, билікке сайлау арқылы жету үшін сайлау кампаниясының бұқаралық ақпарат құралдары назарын аудару мақсатында өз округтеріндегі электораттың санасына әсер ету үшін бұқаралық акциялар ұйымдастыру арқылы оның күрделі құбылысын саралап, технологиялардың тиімдісін таңдау мүмкіндігіне ие болу демократияға бет бұрған қоғамымыздың саяси сипатын айқындай түсіп отыр.

Сонымен, ресейлік зерттеуші Д.В.Ольшанскийдің пікірі бойынша, саяси технологияларды сайлау кампаниялары іске асырады. Ол қазіргі заманның сайлау кампанияларындағы технологияларды зерттеп, команда құру негізінде ең алдымен оған жауаптыларды ұсыну арқылы жалпы тәсілдерін ұсынды:
  • Сайлау кампаниясында бұқаралық акцияларды ұйымдастырушы нақты жауапты адамы болуы шарт (жоспарды іске асыру, іс - шаралар өткізу, т.б);
  • Нақты бір адам бірнеше салаға жауап беріп, ұйымдастырады;
  • Команданың барлық мүшесі бұқаралық акцияларды ұйымдастыруда бір басшыға ғана жауап береді;
  • Алдын-ала команда мүшесін ауыстыруға немесе орнына адам қоюға дайын болуы шарт;
  • Команда құрылымының билігі жоғары болғаны дұрыс;
  • Кампанияны абсолютті және жылдам басқара алатындай құрлымда болуы шарт [1].

Жоғарыдағы аталған бұқаралық акцияларды ұйымдастыру технологияларын іске асыруда үйме-үй аралап жүріп сауалнамалар жүргізуге қарағанда бұқаралық акциялар электораттың көңілін аудару арқылы жеңіске жету мүмкіншілігі бойынша тиімді. Біріншіден, ауылды жерлерде көшеде сауалнама жүргізу мүмкін емес, екіншіден көшедегі жұмысты бақылау қиынға соғады. Бастысы, көшеде жүргізген сауалнамада адамдардың көп бөлігі сауалнамадан тыс қалады. Жоғарыдағы әдістерді игеруде еліміз бірнеше кезеңдерді басынан өткере отырып, сайлау технологияларын қолданып, өкілді билік органдарын қалыптастырды.

Еліміздегі сайлау технологиясы дамуының кезеңдерін қазақстандық зерттеуші А.Морозов былай ажыратқан еді:

1-кезең: Кеңестік әкімшілдік жүйе жағдайындағы сайлау. 1989 жылға дейін. Бұл кезең сайлау технологиясының формальды ғана қолданылуымен сипатталады. Осындай жағдайда партиялық аппараттың жұмысы кандидат бейнесін құруға емес, сайлаушылардың дауыс беруге толығымен қатысуына бағытталатын. Сол уақытта технологиялардың бір түріне сайлау учаскелерінде «дефициттік» тауарлардың жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Сонымен, бұл кезеңнің ерекшелігі процедуралардың және сайлау нәтижелерінің алдын ала белгілі болғаны туралы айтуымызға болады. Қайта құру және жариялықтың басталуымен сайлау технологиясы өз дамуының екінші кезеңіне өтті.

2-кезең: «Бақыланбайтын демократия» жағдайындағы сайлау, 1989 – 1994 жж. Бұл кезең жалпы саяси жағдайдың шиеленісуімен сипатталады. Осы кезеңде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ХII және XIII шақырылымдарының депутаттары және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары сайланды. Бұл кезеңнің өткен кезеңнен басты айырмашылығы-альтернативті кандидаттардың пайда болуы. Бірақ кандидаттардың баламалығы саяси-институционалдық сипаттан гөрі жеке тұлғалық сипатқа ие болғанын атап өткеніміз жөн.

Жалпы бұл уақыттағы болған өзгерістер - процедуралар мен нәтижелер белгісіз, электоралды кампания ережелері әлі де болса белгіленбеген, ал мемлекет электоралды үрдістерге деген өз бақылауын әлсіретті.

3-кезең: Мемлекеттік аппарат ресурстарын пайдалана отырып сайлау өткізу. 1995-1999 жж. Бұл кезеңнің басталуы елдің саяси жүйесінің өзгеруімен түсіндіріледі. Бұл кезеңнің ерекше сипаты - басқа технологиялармен салыстырғандағы әкімшілік ресурсты баса пайдалану.

1995 жылы Сайлау туралы кодекс орнына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы қабылданды.

4-кезең: Саяси технологиялардың белсенді түрде қолданылуы байқалатын сайлау. 1999 жылдан бастап осы кезге дейін сайлау науқаны «ережелері» бұрынғыға қарағанда нақтыланып, айқын байқала бастады. Бұл кезеңдер Қазақстанның өкілді билік органдарының қалыптасуындағы жаңа технологиялардың пайдаланылу жолдары болып табылады. Біздің ойымызша, сайлау технологияларын қолданылу кезеңдерін дәл осылай бөліп көрсету орынды оған тарихи негіз бар. Өйткені бұқаралық акцияларды елімізде жетілдіру де дәл осы аталған кезеңдерде дамыды.

Сондықтан, еліміздегі алғашқы сайлауларда қолданылған технология ретінде сайлау үдерісіндегі кандидаттың жеңісіне апаратын жол, сайлау технологиясының ішіндегі маңыздысының бірі – бұқаралық ақпараттық технология деп айтуға толық негіз бар. Өйткені ақпараттық технологиялардың бір түрі ретінде бұқаралық акцияларды айтуға болады. Оның ұйымдастырылуының қызметіне тоқталатын болсақ:
  • біріншіден – бұқаралық акциялар технология ретінде әрекет етуші билікті қолдау, оны ішкі және сыртқы оппозициядан қорғау арқылы билікті сақтап қалу болатын болса,

- екіншіден – сайлау алды үгіт-насихат жүргізу мақсатында билікке жетудің бір түрі болып табылады. Сайлаушыларға әсер ететін механизмдердің принциптеріне сәйкес, бұқаралық акцияларды ұйымдастыру технологияларын келесі түрде белгілеуге болады: көпшілік қоғамдық акциялар - митингілер, шерулер, конференциялар, жиналыстар, пикеттер. Бұл технологиялар көпшіліктік шарты орындалған кезде берілген ұстанымның кең әлеуметтік жәрдемінің әсерін тудыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар кімге дауыс берерін әлі шешпеген электорат бөлігін нақты үйлесімді әрекеттерге, одан әрі дауыс беруге шақырады.

Аталған бұқаралық акциялардың сипатына тоқталатын болсақ, митингіні ұйымдастырудың негізінде екі басты нәтижеге қол жеткізуге болады. Яғни, біріншіден - өз аймағында минтинг ұйымдастыру арқылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқа аймаққа әсер ете алса, екіншіден – қарсыластырдың электоратына БАҚ арқылы әсер етіп олардың көзқарастарын өзгерте алады.

Сайлау кампаниялары бұқаралық акцияларды ұйымдастыру барысында ең басты үш бағыт басшылыққа алынады:
  • Ұйымдастырушылық;
  • Идеологиялық;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс [2].

Ұйымдастырушылар митингтің өткізілетін орнын, оған қатысушыларды мейлінше көбірек тарту ісін, байланыс құралдарын даярлау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тегін «тез тағамдар», сусындар мәселелерін алдан-ала даярлаған дұрыс. Ал, идеологтар өз кезегінде митингтің саяси бағытын, негізгі лозунгін, митингтің сценариін, сөз алушылардың сөз мәтінін, дайындайды. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуші мамандар келесі мәселелерді шешеді: митингтің ұйымдастырылуына 3-5 күн қалғанда аймақтық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына негізгі тақырып бойынша пресс-релиз таратады. Және де теле, радио, мерзімді басылымдар ақпарат агенттіктерімен байланыс қатынастарын ұйымдастыру арқылы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін тарту қажет. Техникалық құралдармен жабдықтау мәселелерімен алдын ала айналысу да маңызды.

Демонстрацияның митингтен ұйымдастырылуындағы айырмашылығы алдын-ала шеру акциясының жүріп өтетін көшесі немесе алаңы анықталып, жергілікті әкімшіліктің рұқсаты алынады.

Егер митинг пен демонстратцияны ұйымдастыруға уақыт пен күш жетпеген жағдайда пикет ұйымдастырған тиімді. Өйткені пикет белгілі бір қоғамдық ғимараттың алдында тұрып пікірін сайлау кампаниясының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы электоратқа әсер ету мүмкіндігіне сәйкес тиімді. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің өкілді билігінің қалыптасу барысында өткізілген сайлау науқандарында бұқаралық акциялар тиімді және демократиялық талаптарға сәйкес өткізілді.

Бәсекеге қабілетті дамыған елу мемлекеттің қатарына қосыламыз десек, біздің мемлекетімізде өмір сүріп отырған әрбір азаматтың пікірін сыйлап үйренгеніміз жөн. Яғни, бұқаралық акциялар арқылы мемлекеттік билікке баламалы пікір айту еліміздің бәсекелес ой негізінде дамуына жол ашатынын шынайы қабылдағанымыз дұрыс.

Қорыта келгенде, демократиялық талаптар мүмкіншіліктеріне байланысты сайлаудың әділ, өткізілуі және сайлаулар жарысының саяси мәдени деңгейде өткізілуі үшін, қазақстандық сайлауларда сайлау технологияларының әділ, заң талаптарына сай өткізілуі қажет. Тек қана демократиялық саяси режим бұқаралық ақпарат құралдарының еркін қызметін қамтамасыз ете алады. Сондықтан, БАҚ-ң сайлау үдерісінде электорат пікірін қалыптастыруда рөлі зор. Біздің елімізде саяси партиялардың пропорционалдық жүйеде ашық додаға түсуі үшін әкімшілік технологияларды қысқартып, неғұрлым таза технологияларды оның ішінде бұқаралық акциялардың да өз пікірлерін немесе үміткерлерін қолдау мақсатын білдіруде қолдағанылғаны жөн. Себебі, олардың алдыға қойған мақсаттарына, бағдарламаларына, жүргізілген технологияларына сәйкес, халық таңдайды және сайланушы технологиялар арқылы жеңіске жетеді.

  1. 0льшанский Д. В. Политический ПР. - СПб.: Питер, 2003. - с. 150.
  2. Максимов А. А. «Чистые» и «грязные» технологии выборов: Российский опыт. - М.: Дело, 1999. – С. 47.