Режим нераспространения и 20-летие прекращения ядерных испытаний 7
Вид материала | Документы |
- Задачи дисциплины, 66.04kb.
- Меры социальной поддержки граждан, подвергшихся радиационному воздействию вследствие, 36.7kb.
- Социальная защита граждан, подвергшихся радиационному воздействию вследствие аварии, 200.8kb.
- Международно-правовой режим нераспространения оружия массового уничтожения в свете, 363.66kb.
- Статья 42 Конституции, 132.64kb.
- Планмероприяти й, 113.2kb.
- Положение о проведении окружного конкурса декоративно-прикладного творчества, 65.75kb.
- Горбачев М. С, 2142.94kb.
- Схема независимых испытаний, 37.18kb.
- Впервые стартовал чемпионат «CanSat в России», 130.26kb.
Кишкунлацхаза қаласының ресми веб-сайты ссылка скрыта (Венгрия), 10.06.2009, «ЕУРОПАМЕН БІРГЕ»
Қазақстандық бұқаралық құралдарынан алынған мәліметтерге сәйкес, ЕҚЫҰ ПА-ның төрағасы Ж.Соареш елдің ЕҚЫҰ төрағалығы алдындағы дайындығымен танысу мақсатында Қазақстанда сапарда болды. Сапары барысында Ж.Соареш ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары Қ.Тоқаевпен кездесіп, өзекті әлемдік саясат мәселелері, сондай-ақ Парламентік ассамблеядағы қазақстандық депутаттардың жұмыстары жөнінде кеңессөз өткізді.
Аталмыш ұйым басшысы Қазақстан Парламенті депутаттарының Парламенттік ассамблея жұмысына қосқан үлестерін оңды бағалай келе, Қазақстанға сапары өзінің Орталық Азия аймағына сапарының бір бөлігі ретінде өтіп жатқанын хабарлады. Қазақстаннан кейін, ЕҚЫҰ ПА төрағасы Қырғызстан мен Тәжікстанға жол тартады.
Қазақстан БАҚ-тарына берген сұхбатында Ж.Соареш «Бішкек пен Душанбеге бармастан бұрын Астанаға ат басын бұрған себебім, біз Қазақстанды етене жақын ел деп білеміз» - деді.
Сапардың саяси тарапына тоқталсақ, Қ.Тоқаев пен Ж.Соареш келіссөздер барысында Орталық Азия аймағынан ЕҚЫҰ-ға мүше саналатын елдердің ұйым алдындағы міндеттерінің барынша орындалу мәселелерін талқылады. Еуропалық дипломаттың пікірінше аталмыш міндеттемелер, елдің рейтингін белгілейтін шартты үш «себеттен» тұрады.
Бірінші «себет» - саяси еркіндік. ҚР Парламенті Сенаты Қ.Тоқаев пен ЕҚЫҰ ПА-ның төрағасы Ж.Соарештің пікірлерінше, Орталық Азия өңірінде адам құқықтары, демократиялық қағидаттардың бекемденуі, сондай-ақ оппозициямен арадағы саяси сұхбатты дамыту бағыттарында көп жұмыс атқарылуы тиіс.
Екеуара сұхбат барысында, ЕҚЫҰ-ға демократияландырудың негізі саналатын – электоралды үдерістердің тазалығын қамтамасыз ететін, сайлау барысын бақылайтын миссиялардың рөліне үлкен мән берілді. Қ.Тоқаев пен Ж.Соареш осы шаралар аясында, Ассамблея өкілдерінің ЕҚЫҰ аясындағы сайлауларда бақылаушылар ретінде қатысу мәселелеріне тоқтала отырып, 28 маусымда Албанияда өтетін парламенттік сайлаулар мен 22 шілдеде Қырғыстанда өтетін президенттік сайлауларға бақылаушылар жолдау мүмкіндігін талқылады.
Ж.Соарес өз кезегінде, қазақстан тарапын Президент Н.Назарбаевтың көппартиялық және плюралистік парламент қалыптастыру туралы нұсқауын тезірек іске асыруға шақырды.
ПА төрағасының пікірінше «екінші себет» - бұл, елдің экономикалық көрсеткіштері. «ЕҚЫҰ-ға мүше елдің экономикасы тұрақтылық негізінде дамуы қажет. Қазір қаржылық дағдарысы кезеңінде куә болғанымыздай – экономикалық саясат драмалық жағдайға сүріндіретін казинодағы ойын сияқты».
Ал үшіншісі, «қауіпсіздік себеті». Бұл, кикілжіңдерді болдырмайтын, ескертпелі (превентивный) шаралардың қабылдануы. Қазақстан тарапына бағыштаған сөзінде Ж.Соарес «Өткен жылғы грузин-осетин шиеленісінен кейінгі ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бейбітшілік кепілі ретіндегі ұйымның рөлінен мұны байқауларыңызға болады» - деді.
ЕҚЫҰ тарихында, пост-кеңестік, Орталық Азия елі саналатын, ішкі жалпы өнімінің адам басына шаққандағы көрсеткіштері кейбір Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің деңгейінен асып түсетін Қазақстанның, осы еуропалық саналатын ұйымды келесі жылы басқаруы айтарлықтай жағдай.
Осы ретте, халықаралық сахнада Қазақстан ЕҚЫҰ алдында алған демократиялық міндеттерін іске асырады деген үміттеміз.
Интернет портал «Карцаг» (Венгрия), 02.06.2009, ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ РЕТІНДЕ БҰҰ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИСТІК ҰЙЫМНЫҢ (БҰҰ ДТҰ) БАС ХАТШЫСЫ Ф.ФРАНДЖИАЛЛИ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қ.Өскенбаев ағымдағы жылы 2-9 қазан аралығында Астанада өтетін БҰҰ ДТҰ Бас ассамблеясының 18-ші сессиясының дайындық жұмыстары мен оны өткізу мәселесінде Ф.Франджиаллидің ҚР Премьер-министрінің сарапшы-кеңесшісі болып тағайындалғанын мәлімдеді.
Ұйымның бас хатшысы БҰҰ ДТҰ Бас ассамблеясының 18-ші сессиясының дайындық жұмыстары мен оны өткізу мәселесінде, сондай-ақ туризмді дамытуда Қазақстанға консультативті көмек көрсететін болады.
Ф.Франджиалли Қазақстанға елдің Премьер-министрі К.Мәсімов пен Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтің шақыруымен келіп отыр.
Бас ассамблеяның 18-шы сессиясында ұйымның жаңа бас хатшысы тағайындалып, БҰҰ ДТҰ-ны 19 жыл басқарған Ф.Франджиалли ұйымның құрметті төрағасы лауазымына ұсынылады деп күтілуде.
Бас хатшы өз кезегінде, өзінің хатшылығы жылдарында Қазақстан мен ұйымның арасындағы байланыстар айтулы дамығанын мәлімдеді.
Халықаралық кездесулер мен конференциялар қорытындысында, 31 елден тұратын Дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы комитетіне Қазақстан да мүше болып отыр.
«Алдағы отырыс халықаралық сахнада елдің имиджін арттыруға септігін тигізеді. К.Мәсімовпен кездесуім барысында атап өткенімдей, Қазақстанның халықаралық сахнада теріс имиджі қалыптаспаған, бірақ туризм саласында оңды имиджі де жоқ. Осы ретте, Қазақстанның оңды имиджін қалыптастыруға атсалыспақ ниеттемін» - деді, Ф.Франджиалли.
Әлемдік беделге ие ұйымның Астанада өтетін алдағы отырысы, осы Орталық Азиялық елдің халықаралық сахнада туристикалық әлеуетін таныстыруға мүмкіндік туғызатыны анық.
«Кунсентмиклош» облыстық газет (Венгрия), 01.06.2009, ЕҚЫҰ-НЫҢ АЗ ҰЛТТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫ КНУТ ВОЛЛЕБЕК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТ СҰХБАТЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары К.Воллебек, Қазақстанға сапары барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қ.Саудабаев «Астананың жүргізіп отырған саясатының негізі әрқашан да, ұлттар татулығын сақтап қалу» - деді. Сондай-ақ тараптар, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде де келіссөздер жүргізді.
К.Воллебек өз кезегінде, осымен Қазақстанға үшінші мәрте келіп отырған мәлімдей келе, осында өзін «үйдегідей» сезінетінін жария етті.
Жоғарғы комиссар «ЕҚЫҰ төрағасы болу тек сіздерге ғана маңызды емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне де маңызды. ЕҚЫҰ-ның төрағалығын Еуропада бірінші рет пост-кеңестік республика алып отыр. Менің ойымша бұл маңызды шара, себебі қазір жаңа әлемде өмір сүрудеміз» - деді.
«Бұдан басқа, Қазақстан Еуропаның ортасында орналаспаған. Осы себептен, ұйымның жүйесі мен оның мүшелерімен жақын танысуға елдеріңіз үшін, бұл өте пайдалы мүмкіндік. Қазақстанның көпұлтты қоғамдық құрылымы ЕҚЫҰ үшін келешекте пайдалы болады» - деп мәлімдеді К.Воллебек.
Сөз соңында, ЕҚЫҰ өкілі, 2010 жылы Қазақстанмен ұйым төрағасы ретінде жұмыс істесуді асыға күтетінін білдірді.
Айта кетері, ЕҚЫҰ Ақ ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссариаты, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдары арасындағы өте жақсы ынтымақтастық орнатылған. Қазақстан басшылығы, 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығы дайындық жұмыстарына белсене қатысып отыр. Бұл мүмкіндікті, Қазақстан өзінің әлемдік сахнадағы дәрежесін арттыруға барынша қолданғалы отыр.