Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Вид материала | Лекция |
СодержаниеЖаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия |
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
- Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.), 406.09kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2889.34kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1990.59kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, 2670.73kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2199.79kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Диссертация 2007 жылы, 2204.72kb.
9-лекция
Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Жаңа Уакыт бас кезіндегі мәдени-әлеумеггік ахуал. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эксперименталдық жаратылыстанудың пайда болуы. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі» ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».
Метафизикалық сауалдардың болмай қоймайтындыгы. Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.
Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.
Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау.
Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.
Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.
Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:
- Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.
- Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.
- Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Таным теориясы жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынның көрнекті философы және мемлекет қайраткері. Англиядағы жоғары мемлекеттік лауазым лорд-канцлер болған. Философияда оның ғылым және оның әдісі туралы ілімі ықпалды, атақты болды. Бэкон өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын «ғылымдарды түбегейлі қалпына келтіру» деп анықтап, сол уақыттағы ғылыми білімдерді жан – жақты өзгертуге бет бұрды. Бэкон білімді қайта құрудың, қажеттілігін екі себеппен түсіндіреді.
Біріншіден, адам танымының тарихын талдау ғылымның қоғамдағы орнының маңыздылығын және қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми білімдердің көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуге мүмкіндік алады. Бұдан былайда ғылым адамға пайда келтіруі қажет, өйткені оның ең басты міндеті – адамзатты аштықтан, кедейліктен, аурулардан азат ету.
Екіншіден, ғылым осы уақытқа дейін негізгі міндеттерін анда-санда, аракідік, кездейсоқ орындап келді. Ғалымдар көп уақыттарын практикалық іс - әрекеттен тым алыс, жалаң пікір таластарға жұмсады. Мұндай жағдайдың бірнеше себептері бар. Ең бастысы, ғалымдар адамның танымдық қабілеттерін зерттемеді. Сондықтан олар таным процесінің іс жүзінде қалай іске асатынын білмеді, бақыламады.
Танымдық іс - әрекеттің тетіктерін білмегендіктен, оны жақсартатын оңтайлы құралдарды да таба алмады.
Үшінші себеп, ғалымдар өз білімдерін дамытудың бағыттарын білмеді.
Бэкон өзі көрсеткен кемшіліктерді жеңудің жолын ұсынды. Оның ойынша, таным процесі екі кезеңнен тұрады: 1) сезімнің тануы; 2) ақылдың пікірі. Сезіммен табиғатты тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады. Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең береді. Осы өзіндік реңді Бэкон «идол», елес деп атаған.
Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның табиғи мүмкіндіктерінен, жеке адамның кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.
Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы – табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.
Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін қалады.
Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.
Бэкон ақылдың негізгі құралы ретінде индукцияны пайдаланды, яғни көптеген жеке құбылыстарды анықтап, жинақтап, қорытындылады. Танымның негізгі әдісі индукция дей отырып, Ф.Бэкон танымдық іс - әрекеттің нақты жолдарын анықтады. Бұлар – «өрмекшінің жолы», «құмырсқаның жолы», «араның жолы».
«Өрмекшінің жолы» білімді таза ақылдың күшімен, рационалдық жолмен алу. Бұл әдіс нақты фактілер мен практикалық тәжірибенің ролін төмендетеді.
«Құмырсқа жолы» - білімді барлық мәліметтерді пайдалану арқылы алу. Бұл жағдайда зерттеу нысаны туралы барлық мәліметтер жинақталады, оның ішінде керектісі, керексізі де, маңыздысы, маңызды емесі де болады. Ғалым көптеген нақтылықтардың арғы жағында не жатқанын көрмей қалуы да мүмкін.
Бэконның пікірінше, оңтайлы таным әдісі «араның жолы». Бұл жағдайда «зерттеуші» өрмекші, құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын қабылдап, кемшіліктерінен арылуға тырысады. Яғни нақтылы мәліметтерді жинастырумен қатар оның артында не тұрғанын да білуге ұмтылады. Сөйтіп, танымның негізгі жолы құбылыс пен заттардың мәніне рационалдық әдіспен үңілетін индукцияға негізделген эмпиризм болып табылады. Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.
Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:
- Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.
- Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.
- Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.
Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.
Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:
- күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;
- күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;
- қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;
- осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.
Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.
Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).
Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.
Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.
Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.
Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.
Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты.
Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.
Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».
Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».
3. Жаңа дәуір философиясында ғылыми танымның әдістері туралы ізденістерде бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты: эмпириялық және рационалистік.
Эмпириктер (Ф.Бэкон, Т.Гоббс, ДжЛокк) танымның негізі, қайнар көзі – тәжірибе. Тәжірибе сезімдік таныммен, түйсікпен, қабылдаумен, елестермен тығыз байланысты. Адамның жаны ақ қағаздай тап – таза. Оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние, ал сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр.
Рационалистер Р.Декарт, Б.Спиноза, Т.Лейбництнің пікірінше, адамның сезіміне негізделген тәжірибе барлық ғылымдарға ортақ әдістің негізі бола алмайды. Қабылдаулар мен түйсіктер алдамшы. Пәрменді әдістің негізі – адамның ақыл – ойы, парасаты.
Рационалистік бағыт адамның ақыл – ойын әдістің негізі етіп алады.
Эмпиризм мен рационализм арасындағы осындай пікір таласы жалпы таным теориясына оң әсер етті. Өйткені олардың әрқайсысы өз пікірін дәлелдеу мақсатымен таным процесіне терең үңіліп, оның мүмкіндіктерін, шегін, әртүрлі деңгейін жан – жақты талқылауға, талдауға кірісті. Мұндай аналитикалық талдау адамның танымдық қабілетінің бұрын онша айтыла бермейтін жаңа қырлары мен қасиеттерін анықтауға жол ашты.
Эмпиризм де, рационализм де бір жақтылыққа ұрынды. Шын мәнінде таным процесінде сезімдік мүмкіндіктердің және ақыл – ой, парасаттың өзіндік орны бар, оларды бір – біріне қарама – қарсы қоймай, бір тұтастықта қарастыру ақиқатқа әлдеқайда жақын еді.
Бұл дәуірдің бастапқы жетістігі – танымның құрылымының күрделі табиғатына назар аударып, оны әртүрлі жағынан анықтау.
Жаңа дәуірдегі Голландия философиясының өкілі Бенедикт Спиноза (1632-1677) Р.Декарт идеяларын жалғастырды. Субстанция, таным теориясы, этика, еркіндік пен қажеттілік мәселесін зерттеді. Спиноза философияның негізі ретінде біртұтас субстанция туралы идеяны қабылдады. Оның - атрибуттары ойлау мен табиғат. Табиғат өзін - өзі жаратушы, яғни субстанция өзінің сансыз көп модустары (түрлі күйлері, қасиеттері) арқылы көрінеді. Осындай модустардың бірі - қозғалыс. Дүниенің өз себебі деп жариялай отырып, Спиноза сол арқылы әлемді жаратушы Құдайдың жоқ екенін негіздейді. Пантеизмді жақтай отырып, ол Құдай табиғаттың өзі деп жариялайды. Спиноза еркіндік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, еркіндік ұғымы қажеттілік ұғымына қайшы емес.
Еркіндік дегеніміз – танылған қажеттілік, яғни саналы түрде және нақты не нәрсе қажет екендігін түсіну деп ойлады.
Томас Гоббс (1588-1679) – таным және мемлекет мәселесімен айналысты. Таным дегеніміз, Гоббстың ойынша, ойларды бір – бірімен қосу және бір – бірінен алу. Осыдан келіп, ол таным процесінің бірден – бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алады деген тұжырым жасады.
Т.Гоббс – мемлекеттің пайда болуында қоғамдық келісім жатыр деген идеяны бірінші ұсынған философ. Оның атақты еңбегі – Левиафан.
Джон Локк (1632-1704) – ағылшын материализмнің ірі өкілі, іштен туатын иделарды (Декарт) жоққа шығара отырып, біз барлық білімдерімізді тәжірибе, түйсік арқылы аламыз, жаңа туған баланың миы – таза тақта, өмір өз шимақтарын салады, білім осыдан құралады деп есептеді. Локктің басты тезисі: алдын ала түйсікте болмаған нәрсе ақыл – ойды да болмайды. Түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туындайды. Сөйтіп материалистік, сенсуализмнің негізін қалады.
Готфрид Лейбниц (1646-1716) – неміс ғалымы, математик, юрист, философ, рационализмді дамытушы. Негізгі ұғымы – монада туралы ілім. Монада қарапайым, бөлінбейді, материалдық заттық құрылым емес.
Монада – бұл ұдайы өз күйін өзгертіп тұратын – іс - әрекет. Оған тырысу, қызығу, қабылдау елес тән.
Дж. Беркли (1685-1753) – субъективтік идеализмнің өкілі. Оның пікірінше, өмір сүру дегеніміз – қабылдану. Жеке заттар түйсіктердің жиынтығы түрінде ғана адам сапасына енеді, өмір сүреді.
Дж.Юм (1711-1776) Берклидің ілімін агностицизм бағытында дамытты. Оның пікірінше, адам өз түйсігінен тыс шыға алмайды, өзінен тыс ешнәрсені біле алмайды. Ол объективті себептілікті жоққа шығарды.
10-лекция
Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.
Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы. Батыс адамының белсенді іс-әрекетінің қалыптасуына неміс фнлософиясының әсері. Мәдениет әлемін жасаудағы адам мүмкіндіктерін іске асырудың потенциалын философиялық негіздеу. Мәдениет әлемі Адам Зердесімен құрастырылатын реалдылық ретінде. Неміс идеализмі философиясының неміс халқының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен ұлттық топтасуының қалыптасуына, қуатты орталықтандырылган мемлекет құруына, ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына әсері.
Ағартушылық философия европаның классикалық философиясының дамуының жаңа кезеңі болып табылады.
Ағартушылық идеяларының отаны Англия болды. XVII ғасырдың аяғында прогрессивті ағылшын буржуазиясының нығаюы мен ғылыми білімнің даму үрдістері ағартушылық идеяларының кеңінен қанат жаюына негіз болды. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тығыз байланыста болған ағылшын ағартушылары адамның еркіндігі мен ақыл ойының күшіне сенім артты.
Осы сарындағы философиялық идеялар Францияға тез жетіп, жан – жақты дамыған концепциялар пайда болды. Ағартушы – философтар қоғам мен адамның ғылым мен прогреске сүйене отырып жетілуін көкседі. Білімді кең көлемде таратып, адамдарды тәрбиелеу қажеттілігіне көңіл аударды. Адам табиғатынан ізгілікті, оның кемшіліктері қоғамның қайшылықтарынан туындайды. Сондықтан оны әрдайым тәрбиелеп, бағыттап отыру қажет.
Ағартушылық таза философиялық ілім емес, оның құрамында қалыптасып келе жатқан буржуазияның идеялық және саяси өзіндік санасының мұраттары да көрініс тапты.
Англияда, Францияда ағартушылық қайраткерлері ақыл – ойлы негізгі культке айналдырды. Феодалдық қоғамның қалдықтарын сынға алды, ғылыми – философиялық ойлаудың, көркемөнер шығармашылықтың адамдардың пікірі айту қабілетінің еркіндігін жақтады.
Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Жан Батист Д`Аламбер (1717-1783), Жюльен Ламетри (1709-1751), Клод Гельвеций (1715-1771), Поль Гольбах (1712-1789).
Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады.
Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты.
Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген.
Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған.
Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған.
Вольтердің замандасы және оған рухани жақын ойшыл Ш.Л.Монтескье (1689-1755). Деизмді жақтады. Тарихты адамдар жасайды деген қорытындыға келді. Қоғамның дамуына климат пен географиялық фактор әсер ететіндігін мойындады.
Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.
Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.
Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.
Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды.
Жеке меншік - теңсіздіктің бірінші себебі. Ал жеке меншіктің өзі адамдар қажеттілігінің қайшылығынан, бәсекелестік пен бақталастықтан туындайды. Қоғамның табиғи жағдайы бір – бірімен жауласқан топтар қатынасымен алмастырылады.
Меншіктік жіктелу – теңсіздіктің бірінші сатысы. Теңсіздіктің екінші сатысы – мемлекеттің қалыптасуы, билік иелері мен оған бағынушылар арасындағы теңсіздік.
Үшінші сатыдағы теңсіздік заңы үкіметтің деспотияға айналған уақытында пайда болады. Соңғы жағдайда, Руссоның пікірінше, барлық адамдар өзінің теңсіздігінде бірдей болады да, тиранға қарсы бас көтеруге құқық алады. 1789 жылғы Франциядағы революциялық қозғалыстың заңдылығын Руссо осындай ойлармен негіздейді.
Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды.
«Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады.
Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды.
Дени Дидро (1713-1784) ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясын жасауды ұсынды.
11-лекция
ХІХ ғ. мәдениетіндегібатысеуропалық философия
XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия. XIX ғ. екінші жартысының мәденитіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық коғам және оның негізгі доминанттары. Техникалық прогрессі иидустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім. Қосымша құн және қанау. Қанаудың себептері. Айналма форма ұғымы. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларының әсері. Маркс теориясы идеяларының батыстық адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, әлеуметтік оптимизмінің артуына, әлеуметтікі әділдік пен әлеуметтік теңдік стратегиясының нығаюына әсері.
Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтікі социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириокритицизм мен махизм позитивизмнін жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми-зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретінде».
А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.
Жаңа дәуірден бастау алған рационалдық сарын классикалық неміс философиясында одан әрі тереңдей түседі.
Немістің классикалық философиясы, бір жағынан, романтикалық көңіл – күйді философиялық жағынан негіздеді, екінші жағынан, жаңа европалық классикада басталған ақыл – ойдың күшіне деген сенімді жаңа қоғамдық қатынастар тұрғысынан дәлелдеуге кірісті.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И.Кант өз іліміне алғашқы романтизмнің ықпалының нәтижесінде пайда болған Ж.Ж.Руссоның адамгершілік пен білімділіктің, өркениет пен мәдениеттің өзара байланыс туралы идеяяларын кіргізеді.
Тіршілік иелерінің гносеологиялық әртүрлілігі, сенімге жол ашу үшін ақылды шектеу, эстетикалық құндылықтардың табиғаты мен көркемөнер шығармашылығының мәні туралы идеялары неміс романтизмнің өкілдері игеріп, ақылды өмірге сенімге қарсы қойып, көркемөнер шығармашылықты жоғары бағалайтын концепциялар жасады.
Романтизм дегеніміз – XVIII – XIX ғасырларда қалыптасқан философиялық – эстетикалық ілім.
Классикалық неміс философиясының бастапқы жетістігі – адам, табиғат әлеміне тарихи тұрғыдан қарауы, философияның логикалық – танымдық мүмкіндігін тереңдетуі, тарихтың біртұтастығын көрсете алуы.
Иммануил Кант (1724-1804) философия тарихында екінші рет антропологияға, яғни адам мәселесіне бет бұрыс жасады. Антропологияға алғаш рет көңіл бөлген Сократ еді.
Кант жүйелі түрде адам туралы ілім жасауға кірісті.
Философ антропологияны физиологиялық және прагматикалық деп екіге бөлді. Физиологиялық антропология адамның қалай пайда болып, дамитынын, яғни табиғи алғышарттарын зерттейді. Ал прагматикалық антропология, яғни адамтану адамды еркін әрекет ететін жан ретінде қарастырып, өзіндік күштерінің көмегімен адам кімге айналатынын жан – жақты талдады.
Кант өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде жаратылыстану мен табиғат философиясына ерекше көңіл бөледі. «Менің төбемде жұлдызды аспан, жүрегімде мораль заңы» деп жазған Кант өзінің ізденістерінің екі бағыты мен өз философиясының екі тарихи бастауын көрсетеді.
«Менің төбемде жұлдызды аспан» деуі Канттың теориялық философиясына негіз болған Ньютон механикасына меңзейді. Ал «жүрегімде моральдық заң» дегені мораль философиясына мән беретіндігін көрсетуі. Осы екі бағыт Кант философиясының негізгі міндеттері - бір жағынан, табиғи процестің заңдарын қорғап, философиялық негіздеу, екінші жағынан, адамның қадір – қасиеті мен өзара бірлігінің, теңдігінің алғышарттарын дәлелдеу.
Кант өзінің төл еңбектерінде
- не білуім керек?
- не істеуім керек?
- не нәрсеге сенімді болуым керек?
- адам дегеніміз не нәрсе? сияқты сұрақтарды қойып, адамның танымдық қабілетінің мүмкіндіктеріне көңіл бөледі. Яғни, Кант таным процесіне біртұтастық жүйелеу тұрғысынан қарап, оның әрбір қырының қасиеттері мен ерекшеліктерін талдады.
Таным – процесс, оның әртүрлі сатылары, кезеңдері бар. Осыған ерекше көңіл бөліп, танымдық қабілетті оның ішкі мүмкіндіктері тұрғысынан бағалау – Кант жасаған коперниктік төңкеріс еді. Кант таным процесіндегі субъектінің белсенді ролін негіздеді.
Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезімділік, пайымдаушылық, парасаттылық. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді.
Таным қабілетін бұлай талдау оның біртұтас бола отырып, ішкі қайшылықты екенін көрсетеді.
Басқа сұрақтарды анықтаудан бұрын ең алдымен, білім қалай пайда болатыны, ғылым қалай қалыптасатынын біліп алу қажет. Канттың пікірінше, ғылым, өнер, мораль адам санасының керемет қабілеттері сезімділік, пайымдаушылық, парасаттылықтың көмегімен қалыптасады.
Кез келген білім тәжірибеден басталады, бірақ онымен аяқталмайды. Өйткені кейбір білімдер адамның танымдық қабілетінен туындайды, сондықтан олар априорлы, яғни тәжірибеден бұрын пайда болады. Тәжірибелі білім жеке, кездейсоқ, ал априорлы білім – жалпы және қажетті. Жаңа философияның қалыптасуын Кант теориялық танымның күрделігімен, қайшылығымен түсіндірген. Теориялық танымның шектілігі әлемнің бірден танылатын құбылыстарға және танылуы қиын «өзіндік затқа» бөлінуімен байланысты. Танымның антиномиялық, қайшылықты табиғаты ойлаудың сезімнің көмегінсіз әлемді біртұтас түсіндіре алмауында.
Мұндай қиыншылықтардың болуы философияға зиянын тигізбейді, бірақ философия танымның ақиқаттығының сыны, оның шегін анықтаушы ретінде дамуы керек.
Априори, апостериори, антиномия, аналитика ұғымдарын кеңінен пайдаланып, Кант диалектика теориясын дамытқан.
Адамның дүниетанымдық мүмкіндігі шектеулі. Ол өзінің танымдық аясынан шыға салысымен шешуі табылмайтын күрделі қайшылықтарға жолығады. Шешімі жоқ осындай қайшылықтарды Кант антиномия деп атады.
Бірінші антиномия – кеңістіктің шектеулігі.
Әлемнің уақыт пен Әлемнің уақытта бастауы
кеңістікте бастауы бар жоқ, шексіз
Екінші антиномия – қарапайым және күрделі
Қарапайым ғана Әлемде қарапайым элемент
элементтер бар. те, одан тұратын зат та жоқ.
Үшінші антиномия – еркіндік пен себептілік.
Табиғи заңдарға бағынатын Еркіндік жоқ. Әлемде бәрі
себеп – салдарлық қатынас табиғат заңдарына сүйенетін
қана емес, еркінлдік те бар себеп – салдарлық қатынасқа
бағынады.
Төртінші антиномия – Құдайдың болуы Құдай жоқ. Бүкіл әлемнің
Барлық болмыстың себебі – себебі болатын абсалютті
Құдай қажетті бастау. бастау жоқ.
Кант «Таза ақылға сын» еңбегінде білімді танымдық – іс - әрекеттің нәтижесі деп, оны сипаттай үш ұғымға анықтама береді.
Апостериорлық білім – тәжірибе негізінде алынатын білім, оны әруақытта пратикада тексеріп отыру қажет, өйткені ол болжамды білім, кей уақытта шындықта ол болмауы да мүмкін.
Априорлық білім – тәжірибеге дейін ақылда о бастан бар білім, оны дәлелдеудің қажеті жоқ.
«Өзіндік зат» немесе «Өзімен өзі зат» - Кант философиясындағы өзекті ұғым. Ол – зат пен құбылыстың ешуақытта ақылмен танылмайтын ішкі мәнін білдіреді.
Адам ақылы көптеген құбылыстар мен заттардың тек бейнесін, сұлбасын ғана тани алады, ал олардың шын мәні белгісіз, танылмайды.
Кант этика мәселелерімен де кеңінен айналысқан. Өзінің адамгершілік жүйесін негіздеуде Кант адамгершіліктің мәні ретінде игілікті ерік болатындығына сүйенген. Ерік моральдық заңмен анықталады. Философ көңіл аударған игілікті ерік пен моральдық заңнан басқа тағы бір маңызды ұғым – борыш ұғымы. И.Кант категориялық императив заңын ұсынды, оның мәні «әрқашан адамды және адамзатты мақсат деп тұтатын қадамдар жаса, адамды құрал ретінде пайдаланба» деген ережеде ашылған. Оған адалдықты, ақкөңілдікті, табандылықты жатқызған.
Кант әлеуметтік философияға да әдеуір үлес қосқан. Ғалым ағартушылар ұсынған адамзаттың тарихи дамуындағы прогресс ұғымын жақтаған.
Канттың пікірінше, адамзаттың іргелі мәселесі – құқықтық, азаматтық қоғамға жету.
Фихте философиясы онтологиялық алғашқы сипаттағы іс - әрекет ілімімен тығыз байланыста. Бұндағы жалғыз субстанция – субъект, мен, таза іс - әрекет. Іс - әрекеттің жоғары принципі – адамгершілік заңы. Маңызды мәселе – еркіндік мәселесі. Еркіндік дегеніміз - жалпы қажеттілікке өз еркіңмен бағыну. Жалпы еркіндіктің негізі – барлық адамдарды жеке меншікпен қамтамасыз ету. Фихте бейсаналық мәселесін де шешуге тырысады.
Ф.Шеллинг шығармашылығында еркіндік философиясы мен өнер философиясы маңызды орын алады. Шеллинг үшін ең маңызды гносеологиялық мәселе – теориялық сана мен практикалық сананың арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық шығармашылықтың жоғары түрі өнерде өз шешімін табады.
Гегель (1770-1831) – классикалық неміс философиясының шыңы. Оның философиясының негізгі ұстанымы – болмыс пен ойлаудың тепе – теңдігі. Философия дегеніміз - әлемді идеяда игеру. Гегельдің пікірінше, идеялар үш деңгейде өмір сүреді.
Гегель өз ізденістерінде табиғат философиясын, рух философиясын, тарих философиясын анықтауға мән берді.
Табиғат Гегельдің пікірінше, идеяның антитезисі, яғни идеяның өмір сүру формасы. Рух субъективті, объективті, абсолютті болып үшке бөлінеді. Субъективті рух – жан, жеке адамның рухы. Объективті рух – бүкіл қоғамның рухы. Оның көрінісі – құқық. Абсолютті рух – рухтың ең жоғарғы көрінісі. Оның көрінісі - өнер, дін, философия.
Гегель тарих философиясында да өзіне тән үштік принципін қолданады.
Өз - өзімен өмір сүретін идея – тіршілік ету, сапа, сан, мән, қайшылық, ұғымдар идеясы. Табиғаттағы идеялар – кеңістік, уақыт, материя, қозғалыс, геологиялық, өсімдік, жануарлар табиғаты, тіршілік, өлім идеялары, рухтағы идеялар – жан, сана, рух, құқық, мораль, адамгершілік, мемлекет, өнер, дін, философия идеялары.
Гегель идеялар жүйесін жасайды, бір идеядан басқа идеяларды тудыруға тырысады. Оның пікірінше, философия идеялары ғылыми, әмбебап логика, яғни идеялар қозғалысының логикасы, диалектикалық логика.
Гегельдің пікірінше, адамзаттың рухани мәдениеті өзінің заңды дамуында әлемдік рухтың шығармашылық күшінің бірте – бірте көріне бастауы ретінде өркендейді. Жеке адамның рухани дамуы әлемдік рухтың өзін - өзі тануының кезеңдерін қайталайды.
Гегельдің таным теориясы абсолютті идеяның өзін - өзі тану процесі болып табылады.
Гегельдің маңызды жетістігі – логика, таным теориясын, әлем туралы ілімді, философия категорияларын біріктіріп, жүйелеуі, оны «Логика ғылымы» атты үш томдық еңбегінде баяндауы.
Гегельдің тағы да бір жетістігі – даму идеясын жан – жақты, біртұтас, тиянақты негіздеген диалектика теориясы. Гегель дамудың тетіктерін, қайнар көзін, бағытын анықтады.
XIX ғасырда тұрпайы материализм кеңінен дамыды. Сананың идеалдылығын мойындамай оны химиялық процесс деп қарастырды, географиялық детерминизмді жақтады. Көрнекті өкілдері. Л.Бюхнер (1821-1899), Я.Мопешотт (1822-1893), К.Фохт (1817-1895). Ойлау мен сана физиологиялық – химиялық процесс деп есептеп, «ми ойды бауыр өтті бөлетін сияқты бөліп шығарады» деп пікір қорытқан.
Неміс классикалық философиясының соңғы өкілі Л.Фейербах болды. Оның басқа неміс философтарынан ерекшелігі – ол материалист болды. Фейербахтың пікірінше, табиғат – барлық білімдердің қайнар көзі. Адам – табиғаттың бөлігі, психикалық – физиологиялық табиғаты бар тірі жан. Оның дамуында әлеуметтік ортаның маңызы орташа.
Фейербах діни сананы сынға алады. Бірақ дінді ығыстыруға мүлдем қарсы, ескі дінді жаңа дінмен ауыстыруды қарастырады, оны сүйіспеншілік діні деп атайды. Өйткені, Құдайға сүйіспеншіліктің орнына адамға сүйіспеншілікті уағыздау тиіс.
Классикалық неміс философиясы жаңа дәуір кезеңін аяқтайды, ол математика мен механиканың ықпалымен дамыды. Бұл уақытта өмір сүрген философтардың көбі ақыл – ойды культке айналдырады, прогреске және адамның шексіз мүмкіндігіне сенім артты.
2. Диалектикалық материализмнің негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс қалады. Сондықтан оны маркстік философия деп атайды.
Диалектикалық материализм XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Оның пайда болуының негізгі алғышарттары мыналар:
- XVIII-XIX ғасырда Европада қол еңбегін машина еңбегі алмастырған. өндірістік революция;
- Тарих сахнасында дербес саяси талаптары бар пролетариаттың пісіп – жетілуі;
- Неміс классикалық философиясының жаңа идеялары;
- Жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктер. Дарвиннің эволюция теориясы: организмнің клеткалық құрылымы туралы ілім;
Маркстік философиясының негізгі сипаттары:
- Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады.
- Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі.
- Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады.
- Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады.
К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.
Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына ерекше назар аударады.
К.Маркс, Ф.Энгельс идеяларын онан әрі В.И.Ленин, Г.В.Плеханов дамытты.
3. Позитивизм XIX ғасырда қалыптасты. Оның негізін француз ойшылы О.Конт қалаған. Оның пікірінше, ғылым өзінен жоғары тұратын философияны қажет етпейді, өйткені ол өз заңдылықтарына сүйене отырып дамиды. Сондықтан Конттың пікірінше, жаңа философияның міндеті – ғылымдар методологиясын жасау және олардың арасындағы байланысты анықтау.
Конт өзара тығыз байланыстағы екі заңды тұжырымдады: ақыл – ойдың дамуының үш кезеңі және ғылымдар классификациясының заңы. Бірінші жанның талабы бойынша, адамның ақыл – ойы өзінің дамуында үш сатыдан өтеді; біріншісінде адамдармен салыстыратын күшті анықтай отырып, құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде, абстрактілі мәндерге көңіл бөледі; үшіншісінде, құбылыстарды байқайды, олардың арасында тұрақты байланыс орнатады.
Классификация туралы заң ғылымдарды күрделігіне байланысты болу қажеттігін ұсынады: неорганикалық табиғаттағы жеке құбылыстарды зерттейтін талдау ғылымдары – физика, неорганикалық химия, жекелеген заттарды бүтіндік тұрғысынан зерттейтін синтетикалық ғылымдар – биология: әлеуметтік ғылымдар, олар әлеуметтік заңдарды ашуы тиіс.