Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Вид материала | Лекция |
СодержаниеИсламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі |
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
- Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.), 406.09kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2889.34kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1990.59kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, 2670.73kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2199.79kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Диссертация 2007 жылы, 2204.72kb.
7-лекция
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі
арабтық-мұсылмандық философия
Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.
«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.
Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі дүние, Құдай және адам туралы ілім. Рухани өрлеу мен жетілудің суфийлік практикасы. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтары. Суфизм символизмі мен мистикалық практикасы. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл-Газалидің үлесі. Суфизм және Омар Хайям, Ирандық суфизмнің символикасы мең мистицизмі.
Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.
Орта ғасырлардағы араб тілді философия мен мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше.
Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды.
Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды.
VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады.
Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады.
Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.
Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі.
Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі.
Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген.
Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).
Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.
Көп жақты және әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара ұшырасып, тоғысуы нәтижесінде жоғары шығармашылық сапаға көтерілді.
Араб орта ғасырлық ойлау мәдениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондықтан да жалпы орта ғасырларға тән теологиялық сипаттағы құдай және оған адамның қатысы туралы мәселе әл-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд еңбектерінде жалпы мен жекенің, қоғам мен адамның, мәндік күштері мен қабілеттерінің адамның өзіне қатынасы туралы мәселе айналды.
2. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.
Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.
Ислам VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығыс мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Оның негізін қалаушы Мұхаммед Алланың жалғыз екенін уағыздап, соған ғана құлшылық етуге шақырады.
Адамзат баласы «Алланың жалғыз екенін мойындап, оның елшісі Мұхаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қабылдады, яғни мұсылман болды – деп санайды. Бұл Алламен келісім – шартқа келді дегенді білдіреді. Қасиетті кітап араб тіінде жазылған. Сондықтан ислам дініне сенушілер араб тілін үйренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.
Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.
Калам әлемнің атомистік құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан құралады. Бірақ оның пайда болуы құдайдың еркіне тәуелді. Құдай қаласа, заттар атомдардан түзіледі, қаламаса түзілмейді.
Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.
Адамдардың себеп, салдар деп жүргені түк емес, шын мәнінде, құдай олардың санасында сондай дағдыны туғызады. Әлем заттармен бірге ұдайы өзгеріп отырады, бірақ жеке заттардың өзінде жеке немесе жалпы ұдайы байланыс болуы мұмкін емес. Ол Құдайдың шектелмеген еркіне байланысты. Адам ешуақытта еркін бола алмайды. Ол құдайдың әмірін орындап отырады.
3. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған.
Әл – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған.
Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған.
Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл – Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым – геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т.т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді.
Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл – Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол – материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім.
Әл – Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.
Аристотельден негізгі айырмашылығы әл – Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл – Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды.
Аристотельдікі сияқты әл – Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс – жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған.
Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі.
Әл – Фарабидің пікірі бойынша, бірінші болмыс – Құдай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қалыптасуы екінші болмысқа тәуелді. Дәрежесі бойынша ең жоғарғы екінші және ең төменгі сфераларда өмір сүретін екінші болмыстан жеке сфералар қалыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сәйкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді және тағы басқаларды айтамыз.
Әлемнің шыққан тегі, негізі бір – ол әлемдік нұр. Әлемдік нұр деген ұғым Плотиннің эманация теориясын бірден еске түсіреді. Әлемдік нұрдан бүкіл тіршілік дүниесін тудыратын әлемдік ақыл тарайды.
Фарабидің әлемдік ақылы өзін өзі бейнелеп қана қоймай, тануға да жетелейді. Оның өзіндік болмысын қамтамасыз ететін бірінші әрекеті, екінші ақылды тудырады. Екінші ақыл материя мен форманың бірлігі болып табылатын жанды тудырады.
Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады.
Сонымен қатар, ол аспан денелерінің көмегімен адамдар, жануарлар, өсімдіктер, минералдар құралатын төрт жер стихиясын қозғалысқа келтіреді.
Бұл әлемдік үлгіде адамға ерекше көңіл бөлінген.
Әл – Фараби адам жанының тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде, яғни әдемілік пен жетілгендікті қабылдауында.
Адамның таным функциялары сезімсіз іске аса алмайды. Қабылдау мен қиял – сезімдік білімнің негізгі құралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анықтамалары мәнді игере алмайды. Ол тек ақылға ғана тән.
Ақылда ғана адамның жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін игереді.
Ибн-Сина (980-1037) – ғалым – философ, дәрігер, Шығыс перипатепизмінің көрнекті өкілі. «Сауықтыру кітабы» және «Құтқару кітабы» деп аталатын екі атақты шығарманың авторы. Ойшылдың бұл кітаптарында осы дәуірдің көрнекті дәрігерінің этикалық ізденістері көрініс тапқан.
Ибн Сина барлық ғылымдарды теориялық және практикалық деп екіге бөлген. Этиканы жеке адамның тәртібі туралы ілім, экономиканы үй жұмыстарын басқару ғылымы, саясатты халықты, мемлекетті басқару және ұйымдастыру туралы ілім деп анықтаған. Бұл ғылымдардың бәрі практикалық сипатта, өйткені олар адамның іс - әрекетімен тығыз байланыста.
Теориялық ғылымдарға метафизика, математика, физика жатқызылған.
Авиценаның ғылым теориясы әлемнің танылатына негізделген. Ғалым өзінің күшімен адам дүниені тани алатынына сенген.
Авиценна логиканы жоғары бағалаған. Аристотель сияқты ол да логиканы теориялық ғылымдардың қатарына қоспаған, бірақ барлық негізгі философиялық еңбектерінде оны философияға кіріспе ретінде алған. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғылым - өлшемі» деп атаған. Өйткені кез келген білімнің нақтылығы, танымдық деңгейі логика арқылы белгілі болады.
Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анықталады.
Метафизика зерттейтін төрт түрлі болмыс бар. Біріншіден, ешқандай денелік белгісі жоқ, таза рухани құбылыстар, оның ішіндегі маңыздысы – Құдай. Екіншіден, материямен тығыз байланысты болмыс, мысалы, аспан денелері. Үшіншіден, кейде тәнмен бірге, кейде одан тыс өмір сүретін заттар, мысалы, субстанция, сана, қажеттілік, мүмкіндік. Төртіншіден, метафизика материалдық заттарды және олармен біте қайнасқан ұғымдарды зерттейді.
Ибн Синаның пікірінше, әлем құдайдың эманациясы арқылы қажеттілік негізінде қалыптасты. Құдай бейтарап, әлем материалды, құдай сияқты ол да мәңгі. Табиғи заттар бір – бірімен себеп салдарлы байланысқан, онда табиғи заңдылықтар үстемдік жасайды.
Араб перипатетизмнің шыңы – ибн Рушд немесе Аверроэс, мұсылмандық Испанияның орталығы Кордовада өмір сүрген. Аристотельдің ізімен ол да барлық адамдарға ортақ бейтарап әлемдік ақыл деп пайымдады, оның философиясы материалистік сипатта дамыды., ол алдыңғы қатарлы араб ойшылдарының және Аристотель ілімдерін синтездеу нәтижесінде схоластика мен католицимзге қарсы бағытталған ілімді жасады.
Осыған сәйкес жеке адамның жанының мәңгілік тегін теріске шығарды, бірақ бүкіл адамзат мәңгілік деп есептеді.
Ибн - Рушд «екі жақты ақиқат» ілімін жасады. Мұның көмегімен философия мен ғылымды діннің бақылауынан босатуға әрекет жасады. Ойшылдың бұл қадамы философияның кейінгі дамуына оң ықпал етті.
4. Сопылық – исламдағы мистикалық бағыт. Оның тану объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.
Құдай тану – ерекше сүйіспеншілік сезімін бастан кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю объектісі, ал оған шын көңілімен берілген сопылар шексіз сүюшілер.
Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.
Сопылық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың сүйіспеншілік жолы.
Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады:
- «шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау;
- «тарикат» - беделді қария сопының айтқанын тыңдайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұға оқу және сапалы байқау нәтижесінде жеке ерікті басып тастау;
- «марифат» - ақылмен емес жүрекпен құдайдағы әлемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалылығы.
- «хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі.
Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.
Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста әруақытта бағаланатын бейтарап ой – қиялмен емін – еркін айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді.
8-лекция
Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм. Ренессанстық скептицизм мен эпикуреизм.
Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Ренессанстық ойлау мен дүниеге қатынастың ерекшеліктері.
Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.
Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.
Батыс адамының дүниетанымдық бағдарлары мен құндылықтар жүйесінін трансформациялануына, әлеуметтік белсенді стратегиясы мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ренессанстық философияның, Реформацияның діни-философиялық және саяси ілімдерінің әсері. Ренессанс пен Реформация философиясының дүниетанымдық жаңалықтарының әсерімен батыстық адам мәдени қызметінің жаңа формаларының қалыптасуы.
Ренессанс немесе Қайта өркендеу – философия тарихындағы маңызды дәуір. Ол Европада, әсіресе Италияда XIV-XVI ғасырларды дамыды. Оның дамуының алғы шарттары:
- еңбек құралдары мен өндірістік қатынастардың жетілдіруі;
- қол өнер мен сауданың дамуы;
- қалалардың нығаюы, олардың ірі сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналуы;
- европалық мемлекеттердің орталықтануы;
- алғашқы парламенттердің пайда болуы;
- Европада жалпы білім деңгейінің өсуі;
- Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы (Колумб, Васко да Гама, Магеллан).
Қайта өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:
- гуманистік (XIV-XVғ.) – көрнекті өкілдері Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Лоренцо Валла, негізгі зерттеу нысаны – адам, оның қадір – қасиеті, құдіреті мен күші;
- жаңаплатоншылдар (XVғ. ортасы – XVIғ.) Николай Кузанский, Пико делла Мирандола, Парацелсс Платон иделарын дамытты; табиғатты, космосты, адамды идеализм тұрғысынан зерттеуге тырысты;
- натурфилософиялық (XVI-XVII ғ. басы) Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей астрономиялық және ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып, шіркеу іліміне соққы берді;
- реформациялық (XVI-XVIIғ.) Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Жат Кальвин, Эразм Роттердамский шіркеу идеологиясын өзгертіп, шіркеу мен құдайға сенушілердің арасында жаңа қарым – қатынас орнатуға тырысты;
- саяси (XV-XVI) Никколо Макиавелли мемлекетті басқару мәселесін, басқарушылардың тәртібін зерттеді;
- утопиялық – социалистік (XV-XVIIғ.) Томас Мор, Томмазо Кампанелла қоғамның жаңа түрлерін іздестірді.
Ренессанс философияның негізгі ерекшелігі – антропологиялық мәселенің алдыңғы қатарға шығуы. Зерттеу ізденістерінің нысаны Құдай емес, Адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның еркіндігі, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Никкола Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень сияқты ойшылдарды қызықтырды.
Құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасты. Бірінші орынға адам мен табиғаттың өзара қатынасы шықты, ал дін, оның мәселелері екінші қатарға ығыстырылды. Адам – табиғи жан. Бұдан Қайта өркендеу дәуірінің тағы да бір маңызды ерекшелігі туындайды, яғни мәдениет пен философия діннің ықпалынан босайды. Мемлекет, мораль, ғылым мәселелері дін тұрғысынан емес, ғылыми дүниетаным тұрғысынан зерттеле бастайды. Аталған мәселелер дербес сипат алып, зайырлы ғылымның негізгі нысанына айналады. Құдай, жамандық пен жақсылық төңірегіндегі діни ізденістер ұмытылмайды, бірақ олар бұрынғыдай шешуші орында бола алмайды. Бұл уақытта табиғат туралы жан – жақты мәлімет беретін ғылымдар қалыптасады.
Бұл – Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно сияқты ойшылдардың табиғат жөніндегі ізденістерінің дәуірі.
Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары схоластар сияқты ұғымдарды жан – жақты талдауға тырыспайды. Олар табиғат пен қоғамның құбылыстарын меңгеруге, түсінуге бет бұрады.
Олардың көпшілігі интуиция мен сәуегейлікке емес, тәжірибе мен ақылға иек артады.
Қайта өркендеу дәуіріндегі философияның тағы да бір маңызды ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі.
Гуманизм – осы кезеңде қалыптасады. Ол – адамды оның барлық қадір қасиетімен құрметтеу, сыйлау керек екендігін көрсететін көзқарастың бірі .
Гуманизм дәстүрлері антикалық, орта ғасырлық дәуірлерде де болды, бірақ кең көлемдегі саяси, әлеуметтік, адамгершілік сипаттағы қоғамдық қозғалыс ретінде Қайта өркендеу дәуірінде қалыптасты. Яғни жаңа типтегі дүниетанымдық, адамгершілік және саяси идея дүниеге келді. Өмірден тым алыс схоластика сынға ұшырады. Әділетті қоғамдық – мемлекеттік құрылым – парламенттік басқару Италияда енгізілді. Адамдардың қызығушылықтарының өзара үйлесімде болуының жолдары қаастырылды.
Гуманистер адамдардың қарым – қатынастарының негізінде сүйіспеншілік, достық, бірін – бірі сыйлау сияқты құндылықтар жатуы қажет деп жариялады. Адамдардың нағыз ізгілікті табиғатын Данте шығармашылығынан көруге болады.
Николай Кузанский (1401-1464) – католик шіркеуінің қайраткері, кардинал. Николай жаратылыстануды дамытуды, адамның іс - әрекетіне теология араласпауын жақтады. Әлемді Құдай жаратты, бірақ ол шексіз, материалды және қарама – қарсылықтардың күшімен қозғалады.
Бұл ойшыл адамды өте қастерлейді. Құдай адамның өзінде, онымен біте қайнасқан. Сонымен қатар, Құдай барлық жерде, ең алдымен, табиғаттың өзінде. Құдай – бұл Әлемнің орталығы және оның негі. Ол – бүтін, ал Әлем оның бөлігі. Әлем Құдайда жинақталған, шоғырланған Құдай әлем түріне енген сайын табиғи процестердің мәні ашыла береді. Осы көзқарасты пантеизм деп атаймыз.
Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне дейінгі барлық діни, философиялық ілімдерді біріктіріп, «900 тезис» деп аталатын эклектикалық шығарма жазды. Адам өзін өзі еркіне, өзіндік таңдауына сүйене отырып дамытады, ол өз бақытының қайнар көзі, өзін өзі жетілідіре алады, яғни өз тағдырын өзі жасайды.
Парацельс (1493-1541) – дәрігер, ғалым. Ол туралы көптеген аңыздар бар, доктор Фаустың прототипі болған. Оның пікірінше, әр нәрсенің өзіндік ережесі бар. Оны белсенді өмірлік күш деп атаймыз. Соған дұрыс әсер ету арқылы затты танимыз. Емдеу өнері осыған негізделген. Парацельс үшін жалғыз әмбебап ғылым - медицина, ол философияға, теологияға, астрономияға және ал-химияға негізделген.
Николай Коперник (1473 - 1543) теоцентрлік көзқарастарға негізделген жасанды жүйені бұзып, гелиоцентрлік теорияны жасады.
Коперниктің ілімі ғылым тарихындағы нағыз төңкеріс еді. Өйткені ол табиғат танудағы шіркеудің беделін түсірді.
Қайта өрлеу дәуірі ғылымының бұл жаңалығы туралы Энгельс былай деп жазған: «Н.Коперник табиғат мәселелерінде шіркеу беделіне соққы болған өшпес жаңалық ашты. Бұл революциялық акт табиғатты зерттеу ғылымдарының тәуелсіздігіне жол ашты. Осындан бастап жаратылыстанудың теологиядан босап шығуының жыл санауы басталады».
Галилео Галилей (1546-1642) эксперимент әдісімен біраз жаңалық ашады. Телескоптың көмегімен Айдың, Күннің беті тегіс емес екендігін, Юпитердің төрт серігін анықтайды.
Галилей философ емес, бірақ оның ғылыми көзқарастарының ықпалы зор болды. Оның негізгі идеясы мынада: табиғат біз үшін жабық, оны оқуымыз үшін математика керек, өйткені табиғаттың тілі – математика. Галилей математика мен экспериментке негізделген жаңа методологияны дамытады. Егер бұрын заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттеріне көңіл бөлінсе, Галилейдің негізгі идеясы сандық қатынастарға сүйенеді. Табиғи заттардың өлшемі бар, оларды дәл есептей отырып, заңдарын игеруге жол ашамыз.
Галилей әлемнің үйлесімін, қозғалыс динамикасын геометриялық, алгебралық әдістермен көрсетуге болатынын дәлелдеді, индукция мен дедукцияны біріктіре отырып механиканы негіздеген.
Джордано Бруно (1548-1600) осы дәуірдің көрнекті философтарының бірі. Пантеистік көзқарасты дамытты.
Пантеизм дегеніміз - әлем Құдаймен бара – бар, әлем, материя – бұл Құдайдың өзі деп пайымдайтын ілім. Материяға берілетін форма Құдайды сезім арқылы қабылдау үшін қажет.
Өзінің методологиясында қозғалыс пен материяны табиғат пен әлемдік рухты барабар деп есептейді. Оның пікірінше, әлем біртұтас, шексіз, бірақ көптеген дербес, жеке әлемдерден тұрады. Ғарыш шексіз және көп жақты.
Бруноның пікірінше, сезімдік таным дүниені тану үшін жеткіліксіз. Ақыл мен сезімнің өзіндік синтезі ғана әлемді жан – жақты тануға мүмкіндік береді. Таным шексіз процесс, өйткені оның нысаны да шексіз.
Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософияның негізгі мәселесі – табиғатты зерттеу.
«Адам Құдайдай құдіретті» деп есептеген Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары оның өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік теорияларды дүниеге келтірген. Мемлекет пен құқық туралы тың концепциялар туындай бастады. Біржақты және бір сарындағы діни бастаулардан гөрі, адамның табиғи сипатына, оның күнделікті қажеттіліктері мен мұхтаждықтарына көңіл аудару қажеттігі қызықтыра бастады.
Әлеуметтік теориялардың негізгі мәселесі – мемлекет. Европалық ұлттардың өрлеу дәуірінде католиктік әмбебаптық жағдайында күшті, бір орталыққа бағынатын мемлекет қана қоғамдағы әртүрлі топтарды біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыра алады деген сенім орнықты. Осы идея әлеуметтік теориялардың негізін қалады.
Никколо Макиавелли (1469-1527) өзінің еңбектерінде мемлекет және саясат туралы идеяларын дамытты.
Биліктің ең іргелі негізі – күш, содан кейінгі негізі – басшының беделі, үшінші негізі – күшті бюрократиялық аппарат. Бірақ әруақытта нақты жағдайлар мен оқиғалар есепке алынуы қажет. Бір өкініштісі, қолда билік күшейген сайын, оны жоғалтып алу қаупі де көбейеді. Абсолютті тиранды басқамен ауыстыра салу оңай. Ал парламентті ауыстыру әлдеқайда қиын.
Адамдардың бәрінің мүддесін есепке алатын саяси бітімгершілікке қол жеткізу әруақытта қиын, өйткені адамдардың қажеттіліктері әртүрлі. Дін мен мораль - саясаттың құралы. Дін мен моральдың қағидаларымен мемлекет өмір сүре алмайды. Саяси өмір мен саяси шешімдерді, саяси фактілердің өзін талдау өте маңызды. Саясаттың өз заңы бар, сондықтан онда өтірік, күш, қатыгездік әруақытта болып тұрады.
Қайта өркендеу дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті көксейтін алғашқы утопиялар да пайда болған.
Гуманистік идеяларға негізделген утопиялық құрылымдарды Томас Мор (1476 - 1555) және Томмазо Кампанелла (1568-1639) жасады.
Т.Мор ізденістері утопиялық социализмнің аясындағы социализм туралы маңызды зерттеу болып есептелінеді. Оның әлеуметтік ілімі ғылыми танымның сол кездегі деңгейіне сәйкес еді. Жаңа қоғам туралы өз ойларын ол фантазия деп есептеген жоқ, бірақ іске асыруда көптеген қиындықтар болады деп ойлады.
Т.Кампанелла «Күн қала» еңбегінде жаңа қоғамның мамыражай бейнесін жасаған. Экономикалық мәселелерге көңіл аудармаған. Жеке меншіктік қатынастарды христиан дінінің моральдық принциптеріне сүйеніп, жоюға болады деп ойлайды.
Күн қаланың мемлекеттік құрылымы - басшысы абыз болатын теократиялық жүйе. Күн нұрын бойына сіңірген абыздың көмекшілері – Билік, Даналық және Махаббат.
Кампанелла ғылымға көңіл бөледі, халықтың білімді болғанын қалайды, әділеттлікке негізделген рационалды басқаруды көздейді.
Жалпы, Қайта өркендеу дәуірінің маңызы өте зор. Өйткені ол қалыпты дәстүрді бұзып, дүниетанымдық принциптерді түбегейлі өзгертті, барлық күш пен қуатты, жаңа методологияны жер бетіндегі тіршілікке бағыттады. Жаңа дәуір философиясына тарихи, мәдени, рухани негіз болды.